Мұхтар аға – Бауыржан
Баукең жазушылар, қайраткерлердің ішінен Мұхтар Əуезовті
жоғары бағалап, қатты сыйласа керек. Өзінің іс-əрекетімен, бол-
мысымен ұлттық шеңберден шығып, əлемдік деңгейге көтерілген,
ұлттық мүддеден интернационалдық құндылықтарға қол созған
адамдар болады. М. Əуезов өзінің қаламының ұшымен əлемдік
ізгіліктерді көтерсе, Б. Момышұлы қарумен əлемдік бейбітшілікті
қорғады. Екі тұлға əлемнің ең сүбелі екі тұтқасын баянды ету
үшін аянбай еңбек етті. Намысы, адамгершілігі, еңбекқорлықтары,
батылдық-батырлықтары бір бетке шыққан айтулы тұлғалар, маг-
ниттің екі полюсіндей бір-біріне тартылып, тізе түйістіре отырып
ұлтына, одан əрі əлемдік құндылықтарға қызмет етуді басты мақсат
етті. Мұхтар аға тылда, Бауыржан фронтта бір-бірімен сан рет хат
алысып, пікір жарастырып Жеңісті жақындату үшін, патриоттық
сезімдерді жанап, барынша талпынды. Бауыржан соғыстан боса-
нып бірер күнде елге келгенде, ең алдымен Мұхтар ағаға сəлем
беріп немесе ол Бауыржанға іздеп барып уақыты жеткенше пікір-
леседі, керек кезінде шынайы пікір таластырады екен.
Ұрпақтың рухына қызмет ету, ең алдымен əдебиеттен бастал-
са керек. Баукең бірде сөзін Мұхаңның «Намыс гвардиясы» кіта-
бына бағыттап былай дейді: «Современная война не является вой-
ной мушкетеров и пикатеров, и офицеры Отечественной войны,
я имею настоящего, а не всякую шваль в мундире – вам не рыцари
XVI века... В этой войне, скорее на поле боя, ум почитает, чемчер-
ная сила, горячий азарт гладиатора – люди стали умом» (т.е. техни-
кой – Т. Ж.), уменьем воевать.
Как же вы, могли допустить неосторожность с «Намыс гвар-
диясы» слишком наивную доверчивость – получилось неестествен-
ное, печальное несовместимое Вашему золотому таланту, полной
художественный силы, беспредельно богатого, гибкого, маневрен-
ного, сочного и насыщенного разумной логикой языка – с неве-
жеством, узким кругозором недалеким умом вашего соавтора.
Ведь богомазы никогда не считались художниками, хотя они
малевали (раскрашивать, рисовать красками) лучше, чем любой
художник, т. к. из под киста богомаза никогда не выходило полотно
реальной жизни.
Ах, как жаль, и становиться обидно, когда истинный худож-
ник, сотрудничаясь невеждой, неосторожно выглядит богомазом.
В пьесе совершенно отсутствует порядок, нормы военного и
гражданского поведения такта, доходящей до порнографический
вульгарности – то это дура Нина, с необузданными интимными
чувствами, подставляющая уста при каждом удобном и неудобном
случае для поцелуя.
К чему расхваливать Алентину, приписывая ей разную небыли-
цу? Где же сила приказа, ей безотлагательность, реальность расче-
та властного повелевающего командира?
102
103
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Что за рассуждения, разглагольствования выполнения боевой
задачи и что за торговля, добровольности «умаляющая просьба –
кому идти главным?».
Откуда вы взяли шапкоиздательские победы, без упорного соп-
ротивления, критической ситуации, иногда и временного пораже-
ния? Что за шум-гам без умолка, до тошноты Ура?
Куда вы дели полновластного офицера, навязывающего свою
волю не только подвластным ему воинам, но так же и противнику,
даже Панфилова показали как мастера рукопашного боя. Неужели,
вы, не понимаете, что такое тактика и стратегия?
Нельзя же рассматривать всех, как солдат с винтовкой со шты-
ком. Где же военная наука, оперативно-тактические замыслы, так-
тика-стратегические значения операции, боев и реальное положе-
ние сторон в обстановке.
Куда вы дели кроткого солдата, повинующегося, безукоризнен-
ного, честного, бравого, отважного, простого вояку,а ваш Толеген,
скорее клоун для сцены, чем солдат на поле боя.
Я часто резок и груб с друзьями – это мой недостаток. Очень со-
жалею, что могу помочь только наказаниями за ваши оплошности.
С глубоким уважением к Вам – ваш Бауыржан!»
Бұдан кейін Мұхаңнан хат кешігіп келді. Ол кезде соғыс, «Аузы
кисық болса да, бай баласы сөйлесін», демекшінің салдарынан
болуы да мүмкін. Мұхаң ол хатында: «Бəрін де мойындаймын...» –
депті. «Бізде өстіп тікелей айтатын ақылгөйлер жоқ. Сенің айтқан-
дарың маған көп ой салды», – деп басқа жақсы лебіз-тілектерін
білдіріп жазғанымен, қалам ұшының астарында көңіліне ауыр ал-
ғандығы сезіліп тұрды.
– Дидарласпай тұрып араздаспайық, – деп мен кешірім сұрап,
қысқаша хатпен жауап қайтардым.
– Əділ сыныңды, пайдалы пікірлеріңді көңіліме ауыр алғаным
жоқ..., – деген ойларын Мұхаң ұзарта жауап қайтарып, өз тарапы-
нан менен кешірім сұрапты. Бірінші шекісу мен бекісу арамызда
осылай басталды...
Байқасақ бұл жерден соғыста қан кешіп жүрген адаммен бей-
біт өмірдің өкілі, бірақ жазушымен арадағы шынайы диалогты
көреміз. Егер ұлы жазушы Мұхаң өзінің соғыс тақырыбына арнал-
ған «Намыс гвардиясы» кітабын гуманистік бағытқа арнаса, Баукең
соғыстың тілімен, жауапкершілігімен, дəлдігімен, объективтілігімен
сөйлеуді талап етеді. Өйткені соғыс жағдайында мəдениеттілік,
биязылық, аяушылық көп жағдайда болмаса керек. Солай десек те,
Баукең бұл жерде соғыстың инерциясы басылмаған қызу тілімен
қатқыл сөйлеп, сынайды. Кітап авторынан соны талап етеді. Бұл
жөнінен К. Маркстің мына сөзі тілге оралады: «Если характер че-
ловека зависит от обстоятельства, то стало быть, обстоятельство
надосделать человечными». Олай болса сын айтуды жұмсарту
сияқты деген идеяны сол кездегі соғыстың қан ортасында жүрген
геройдан талап ету ертеректеу сияқты. Яғни Баукең соғыстың
жалпы тілімен, жағдайымен қаруланып сөйлеп тұр. Сол кездегі
жүріп жатқан соғыстың қан қызуы жағдайынан қуаттанып өз ойын
жеткізді. Соғыс аяқталып, бейбіт өмірге араласқанда жатық, гар-
мониялық тілмен айту талабы орынды болар. Бұл жерде Маркстің
сөзінің екінші жартысы, былайша айтқанда, уақыт өзгерген жағ-
дайда сын мəселесін ғылыми – мəнерлі рельске бұру орынды бол-
мақ. Бейбіт өмірдің – ақыл-парасатына сай, салмақтылығы мен
төзімділігіне сай ғұмыр кешу кажеттілік.
Мұхаңның ұлылығы, ит көйлекті бұрын тоздырғандығы көрі-
ніп-ақ тұр. Өйткені, адамның өңменінен өтетін сынға сынмен жа-
уап қайтармай, жұмсартып барып мойындауы, шынайы мəдениет-
тілікті танытса керек. Дегенмен, от болып жанып тұрған Баукең-
нің шындықты, қара қылды қақ жарып айту əділеттілігін жоққа
шығарылмауы, тарих сөресінен орын алады. Мұхаң сияқты алып
тұлғалар ұсақ-түйектің пендесі емес. Екеуінің келер ұрпақ алдын-
да жауапты екенін терең сезінуі болса керек.
Əрі қарай, Баукең мəселені былай өрбітеді: «Сөздің қысқасы
екеуміз (Мұхаңды айтады) сырлас бола бастадық». Баукеңнің сөз
саптауына қарағанда, Мұхаң оны көп сынақтан өткізіп барып се-
неді. Мұхаңның Разия ханым деген сұлу, татар тоқалы бар еді...
Бір күні соны маған жіберіпті. Жаңағы əйел генеральный штаб-
тан, менің адресімді сұрап табады. Онда мен пəтерде тұрамын. Вера
Павлованың үйіндемін.
– Əйелім киінсін, – деп едім, ол қып-қызыл болып кетті. Үйге
кірді. «От Мұхтара Омархановича», – деп таныстырды.
– Мұхтар Омарханович очень с вами хочет увидеться. Он вас
ждет, – деді. Мен таңдана қарап ем:
– Если пойдете, объязательно приходите вместо со мной, – деп
айтты деді.
– Рұқсат етсеңіз, Вера Павловнамен бірге барайын, мұны Мұ-
хаң біледі, – дедім.
Бардық бізді көріп Мұхаң сасып қалды.
– Мұхаң, Разия ханым сіздің ... болса, Вера Павловна менің ... –
дедім.
– Сіз несіне сасасыз. Сіз маған ойнасыңызды жібердіңіз, ал мен
де ойнасыммен келдім, айып етпеңіз, екеуміздің күнəміз тепе-тең.
104
105
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Осыған көнсеңіз отырамын, – дедім. Мұхаң сасып тұрды, Разия
мəселені түсінді, Мұхаң орнынан тұрып:
– Вера Павловна, я очень рад видеть вас, хорошо что вы прие-
хали с Бауыржаном вместе, – деп сыпайылық танытты. Отырдық,
заказ бердік. Сондағы бір кедергі, Разия қазақша біледі, Вера Пав-
ловна білмейді. Орысша сөйлесе бастады. Мен ұшқалақтап кей-
де қазақша соға беремін. Сонда Вера Павловна көзі бақырайып
жалтақтай береді. Ондайда Мұхаң аударып отырды.
– Но, вы знаете я смущена, когда вы говорите по-казахски, я не
понимаю, – деді Вера Павловна.
– Əй, тыныш, отыр! – дедім. Разия қызарып, Мұхаң сұп-сұр бо-
лып кетті.
– Вера Павловна, не смущайтесь, он пришел не для вас, а для
меня, но вы знаете характер Бауыржана, – деп қойды. Біраздан соң
Мұхаң:
– Əй, Бауыржан қарағым, – деді. «Қарағым» деген сөзді бірін-
ші рет естідім. Мені аямасаң да, мына Разияны аяғын, – деді. Бұл
кісі қазақша түсінеді. Ал мақұл десең, тату отырамыз, – деді.
– Қазақша сөйлеуді қой, Вера Павловна түсінбейді. Бұл кісіні
қойға кірген ешкідей етпегін, – деді Мұхаң.
– Мұның дұрыс, Мұха, – дегеннен басқа ешнəрсе демедім. Ра-
зиясы қу екен, ол аударма жасай қойды. Аударма жаңағы сөз емес,
Вера Павловнаға:
– Говорит, что он к Вам относится с глубоким уважением. И
очень рад видеть Вас сегодня у себя, здесь. Я всегда Вас считал
одной из самых эрудированных женщин, я очень рад, что вы позна-
комились с Бауыржаном Момышулы, – деді. Мұхаң отырды да:
– За ваше здоровье, Вера Павловна! – деді. Оған Вера Павловна
сеніп отыр.
– Бауыржан, енді сөйле, бірақ «оттамай» отырғын, – деді. Вера
Павловна тағы да қарап қалды. Мен Разия ханымға:
– Переводите слова Мұхтара Омархановича, – дедім. Разия
маған қарады да:
– Бауыржан не могу перевести, потому что не знаю, что за слова
«оттама», – деді. Мен өзім аударайын деп ем, Мұхаң маған қарады.
– «Оттамау» на казахском языке имеет два смысла, – дедім. – Ко-
рень от слова «от» – это огонь, «оттамау» – это не подожги, оттамау-
дың екінші мағынасы в смысле «животные кушают траву» деген
сөз. Вот два смысла, в одном смысле жгут, во втором кормят. Вот
смысл, на казахском языке, – дедім. Мұхаң маған таңдана қарады.
– Я слушаюсь Вас, – деп орнымнан тұрдым да Вера Павловна-
ны сүйдім. Мұхаң сұрланып кетті де, Разия қуана күлді. Мұхаң
бұл əдепсіздік деп ойлады. Əр аурудың тілі болады. Ілияс Омаров
өлерінде «Где Бауыржан» деп құлап өлді.
Баукеңнің (1910-1982) пайымдауынша, Мұхаң (1897-1961) жан-
жақты, универсалды, білуге құмар адам болған. Ол да дұрыс шығар,
өйткені «Абай жолы» эпопеясын жазып, оны əлем мойындау үшін,
əлемдік классикалық элита тобына қосылу керек. Абай сияқты
алып философтың даналық келбетін толықтай беру үшін, М. Əуезов-
тің өзі кемелденген философ болу керек еді. Абайдың «Толық
адам» идеясын Абайдың образы арқылы М. Əуезов бере білді. Абай
романына Бауыржан Момышұлы бұрын-соңды ешкім айтып көр-
меген сын айтып, өзі əлемдік деңгейге көтеріле білді десек қате-
леспейміз.
Б. Момышұлы былай дейді: «Я очень не доволен...». М. Əуезов-
тің «Абайы» ұлы шығарма, бірақ кейбір жерлерімен келіспеймін.
Неге? Себебі не? Ол кісі Абайды көтеремін деп, Құнанбайды кемі-
теді. Бұл өте үлкен қате деп білемін. «Иттен ит туады, боқ жей-
тұғын, малдан мал туады, шөп жейтұғын», – дейді. Осы принципті
Мұхаң саясатқа бейімдеуге барды. Құнанбай – ол қазақтың Иван
Грозныйы. Иван Грозный мақсатына жетті, Құнанбай мақсатына
жете алмады. Мұхаң осыған түсінбеді. Мен бұл ойымды Мұхаңа
айтқанмын. Құнанбай қазақ мемлекетін жасауға ұмтылған адам.
Қытай шекарасында наймандар бар. Құнанбай найманға тілін ал-
дырта алмаған. «Ертеде ер екен қалың найман, Қалың найман қы-
тайға қанат жайған, Қазақтың бағаналы руында, Бағасы асқан жоқ,
Қойлыбайдан», – деді Мағжан. Мұхаң əкесі мен баласын қарсы
қойған».
Егер біз ой тəуелсіздігі кезіндегі өлшеммен келсек, Баукеңнің
Мұхтар ағасына айтқан сынының орны бар. Бірақ шығарманың
социалистік реализм, былайша айтқанда, тап күресінің мықты орын
алып тұрған кезінде жазылғанын естен шығармасақ керек. Бай мен
кедейдің арасындағы тап күресі, шығарманың желісіне салқынын
тигізбей қоймады. Автор жас Абайды халықтан шыққан жас-жаңа-
шыл өкіл деп көрсетсе, Құнанбайды бай-манаптардың мүддесін
қорғайтын шонжар мен күштің символы етіп көрсетуге тура келді.
Мұны Абай мен Құнанбайдың, бала мен əкенің арасындағы болған
мына диалогтан байқауға болады. Құнанбай баласына: «Сен жай-
дақ, таяз, шалшық сусың, сенің суыңды кім болса сол ішеді, мал
оңай лайлайды, кім болса соның қолы жетеді», – дейді. Абай,
əкесіне:«Қарапайым адамдардың қолы жетпейтін, кешіп өтуге қа-
уіпті, пайдасы шамалы, батып кететін терең су болғанша, халыққа
қол жетімді болған жақсы» – деген мағынада жауап береді. Бұдан
106
107
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Мұхтардың Құнанбайының бұқара халыққа дегендегі өзімшілдігін
байқау қиын емес.
Бұл жерде автор идеялық текетіресті көрсетпесе, орталық би-
ліктің (Москваның) пиғылы мен ойына қарсы келгендік болып
есептелінетін еді. Алайда, Мұхаң таптық қайшылықты айналып
өтемін деп, бай мен кедейдің арасындағы таптық жіктің тігісін
жатқызамын деп, бірнеше рет қудалауға түсіп, абақтыдан бірақ
шыққан жағдайлары да бар еді. Біз білетіндей аталмыш эпопея-
ның дүниенің есігін ашпай мəңгіге жоғалып кете жаздағанның
куəсі болар едік. Əрине бұл жерде, Мұхаң шындыққа қиянат жаса-
ғанын іштей білмей қойған жоқ, білді. Бірақ амал нешік. Тар за-
манда тайғақ кешуге тура келген сияқты. Абайдың мына фило-
софиялық мəні бар сөзі ойға оралады. «Адам заманды билейді, за-
ман адамды илейді». Сол кездегі тап күресінің нəтижесіндегі социа-
листік билік заманды билеп-төстеді, ал бірақ социалистік идея
адамның өзін биледі, езді, айтқанына көндірді, дегенін айтқызды.
Көнбегендерді күшпенен көндірді. Бұл жерде Əуезовтің ішкі дү-
ниесі замана талабына сай өзгерген сияқты.
Қолдан жасалынған замана кемшіліктеріне түсіністікпен қарап,
келер ұрпақ өзі түзетіп алар деген үмітін үзбеген. Солай болды да.
Дей тұрсақ та, М. Əуезов алыстан Лев Толстой, Ф. Достоевский
сияқты т.б. алыптардың қатарынан табылды.
Керісінше тап күресіне арналып жазылған, оны көп шығарма-
лардың өзегі етіп алған, пролетар жазушысы Сəбит Мұқановтың
еңбектері кедергісіз, оңай жарық көріп жатты. С. Мұқановтың
жалған, басқаларды айыптап жазған арыздарынан біраз авторлар
жапа шеккенін жоққа шығара алмаймыз. Б. Момышұлы осы жəне
басқа қылықтары үшін Сəбеңді сынға алғанын да білеміз. Сайып
келгенде М. Əуезовтің шындықтан ауытқып, Абай романында əке
мен баланың диалогының қарама-қарсы болуы мəжбүрлі жағдайдан
болған еді. Мұндай компромиске бармағанда автор да, оның эпо-
пеясы да жарық көрмей, тұншығып өліп қалған болар еді.
Екі дара тұлғаның (Мұхаң мен Бауыржанның) қарым-қатынасы
бірден сараланып, тегіс болмағанын Баукең ертеректе айтқан. Де-
генмен, халық мақтанышына айналған, беткеұстар азаматтары, қа-
зақ халқының рухани байлығын еселеу бағытында мүдделерін
тоғыстырды. Баукең былай дейді: Мен Мұхаңның атын бала кезім-
нен білетіндердің бірімін. Мен шетте өскен қазақтардың біреуімін.
Ол кісіні сыртынан ғана білетінмін. Ұлы Отан соғысының бас ке-
зінде менің атағым ел аузына ілінді. Содан бастап, орысша айтқан-
да «меня без меры хвалили и без вины терзали...». Менің даңқым
Мұхаңның да құлағын еліртіпті. Ол кісі майданда жүргенімде
маған сегіз хат жазды. Бірақ та ол хаттарын кейіннен «ұлтшыл
Бауыржанның» кəсапатынан қорқып, менің академиядағы архивім-
нен өзі ұрлап алып жойды. Мен ол кісіні ешуақытта кешірмеймін.
Қара жер айтып бара берсін. Кешірмеймін.
1943 жылдың декабрінде мен Алматыға келдім. Жол-жөнекей
мені құрметтеп елім қарсы алды.
– Ел абыройы, ел ағасы, халықтың адал перзенті... – деп, тағы
басқа шебер жаттама сөздерді шұбыртып сөйлеп Мұхаң мені құ-
шағын жая қарсы алғандардың бірі болды. Мен ол кісіні аға тұтып
тəжім еттім. Бір кеш көп отырып сөйлестік. Бір-бірімізді аңдып
сөйлестік. Мұхаңды мен жеңдім. Елдің пікіріне қарағанда Мəлік-
тен гөрі Бауыржан терең ойлы екен, – депті Мұхаң. Үш күннен
кейін Мұхаң менің үйіме келді.
– Сенің хаттарыңды алдым, Абай туралы дұрыс айтқан пікірле-
ріңе мың алғыс... «Намыс гвардиясы» туралы айтқан ескертулеріңе
толығынан мен қол қоямын... Біздің үйге келіп бүгін кеште дəм
тат, Қаныш, Сəбит, Қалыбек, Ғабит, Ғабиден... тағы сол сияқты
ардагерлерімізбен бас қосып отыралық. Танысқын солармен... –
деп шақырумен сөзін аяқтады Мұхаң.
Мен Дмитрий Снегинді жұбайымен ерте бардым. Ас алдында
Мұхаңның кең кабинетінде бір сағаттай жалпы пікір алысып отыр-
дық. Кең дастархан үстінде мен туралы көп жылы сөз, лебіздер
айтылды. Сəбит жұбайымен кешігіңкіреп келді. Қаныш қарсы ал-
дымда сіресіп мені сынап отыр. Оң жағымда Қалыбек пен Ғабит
те мені сынап отыр. Лəж жоқ, бірінші кездесуіміз ғой арбасу үс-
тіндеміз.
Сəбит Мариям екеуі кешіккендері үшін, себебін айтып, кешірім
сұрады... «Ал енді жолдастар, осы ел азаматы Бауыржанды бəріміз
де жақсы көреміз...», – деп тілі күрмеліп шұбырта сөйлеп, сөзін
зорға аяқтап, рюмканы қотара жұтып, палауды үшінші рет аса-
ғанда тұтылып, шашалып, аузындағысын стол үстіне бүркіп жібер-
ді. Мариям қызара бөртіп Сəбиттің жеңінен тартып қалды. Сəбит
болса жалтақтап ары-бері қарады да, монтиып отыра қалды.
Қалыбек арақты бастырмалатып ішіп отыр. Ғабит те одан қалы-
сар емес... Ол кезде менің бұзылмаған кезім, арақты өте аз ішемін.
Таң қалып отырмын. Қаныш қысылғанынан Мұхаң мен Вален-
тина Николаевнаға қос ұлдарын құттықтап, оларды «стаханов-
шылар» деп атап қалжың сөздерін айта бастайды.
– Иə, Бауыржан, – деп тілі күрмеле бөлді, Қаныштың сөзін
Сəбит. – Мұхтардың қос ұл перзенттері бар... Бірінің соңынан бірі
108
109
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
жарыққа шықты. Ернар ... тағы біреуінің аты жадымда жоқ ...
солардың денсаулығы үшін. Нəрестелер ер жетіп, ел азаматы бол-
сын. Құттықтаймын.
Қалыбек алжи бастады. Ол менің қолтығымнан түртіп ыржың-
дап күліп:
– Мен елді күлдіру үшін бір ауыз боғауыз əңгіме айтайын ба? –
деді.
– Қойыңыз, ақсақал. Мұнда келіндеріңіз отыр. Ол орынсыз болар.
– Жоқ, айтамын.
– Қойыңыз, басқа жерде айтарсыз, – деп зордан доғардым. Шу-
товские нравы Калыбека.
– Менің кешігіп келген себебім, бүгін Құрманғазының юбилейі
екен. Оперный театрда үлкен мəжілісте болып қайттым, – деп ке-
шірім сұрап Қаныш сөзін бастады.
– Əлгі Ахмет Жұбанов байғұс жалғыз өзі торғайдай болып, суық
залда фрак киіп, қалшылдап тұрып баяндама жасап, оркестрді бас-
қарып...
– Біз Құрманғазыдан үлкен емеспіз ғой. Бұл дастарханға сол
кештен кейін отырғанымыз дұрыс болған екен, – деп мен Қаныш-
тың сөзін бөлдім.
– Ол өзінше өтіп жатқан мəжіліс қой. Сен келген соң, əдейі
дайындалып едік... – деп Мұхаң күмілжіп сөйледі.
– Мен бір күлдіргіш боғауыз айтайыншы, – деп килікті Қалыбек.
– Келіндеріңізден ұят болар, қойыңыз, – дедім мен.
– Ей, Ғабит! Меніңше, мынау өзі төбет сырттан, көкжал болуы
керек.., – деді тілі күрмелген Қалыбек.
– Меніңше, бұл... Əскери бутафория (итал. 1. Предметы сцени-
ческой обстановки, специально подделанные под настоящее; 2. Не-
настоящие предметы, служащие только для показа или рекламы;
3. Мишура, поддельная роскошь. Т. Ж.), – деді оған сыбырлап Ғабит.
– Ал, Мұха, Валентина Николаевна. Сіздерге көп рахмет біздің
үйде ауылдан келген қонақтар бар еді. Рұқсат болса, біз қайтайық.
– Неге сондай асығыстық? Əлі үлкен ас алдымызға келген жоқ
қой. Əдемі қой сойып едік сен үшін. Сосын басын...
– Рахмет, Мұха. Дмитрий Федорович! Валентина Николаевна и
Мұхтар Омарханович нам разрешают покинуть эту компанию, – деп
Мұхаңның сөзін бөліп мен жұбайымның шынтағын сүйеп орным-
нан тұрдым. Снегин де жұбайымен орындарынан тұрды. Мұхаң
сұп-сұрланып, күйбелектеп бізді киіндіріп есігінен шығарып салды.
Көз жанарында: «Бұл қылығыңды еш уақытта кешірмеймін» деге-
нін сезіп, есік алдында:
– Қонақты таңдап шақыра білмеген өзіңіз кінəлісіз, Мұха. Мен
сізден кешірім сұраймын. Сау болыңыз, – дедім.
Баукең ары қарай былай еске алады:
«Мен бір ай қызмет істедім. Я привел в порядок свои фрон-
товые записи и графический написал в двух сменах боевой путь
панфиловской дивизии, в газетах, журналах, давно опубликовал
свои некоторые статьи, рассказы, стихотворения.
Я работал в кабинете отведенном для меня ЦК КПК. Күндіз
күтпеген жерден Мұхаң кіріп келді. Столда шашылып жатқан қа-
ғаздар... ол кісі таңдана қарады. Мен үстірт шолу жасап, жазған-
дарымның бəрін баяндадым.
– Бұның бəрі өте ғажап нəрсе екен.. Схемаларың қандай жақ-
сы... Бұларыңды қашан аяқтамақсың?
– Тағы бір жеті уақыт керек болар.
Келесі жетінің аяғында Мұхаң тағы да күтпеген жерден кіріп
келді.
– Мен Қанышқа көрген-білгенімді айттым. Кешір, сенің рұқ-
сатыңсыз айттым... Əр мұраның арнасы бар.. Сен бізге сырыңды
айтып кеткін. Ұстара жүзіндегі заман. Расшифруй нам, что ты напи-
сал, что ты начертил... Қаныш мені саған жұмсады..
– Жарайды Мұха. Екі күннен кейін».
Бұл жерде істің мəнін байқасақ, Мұхаң келер ұрпаққа рухани
азық болсын деп, кешегі сұрапыл соғыста қан кешкен адамның
басынан кешкен азаптары мен ерліктерін халықтың құлағына жет-
кізіп, санасына сіңірсін деп, Ғылым академиясының президенті
Қ. Сатпаевқа айтып, лекция ұйымдастырудың ұйтқысы болған кез.
Халқымыздың рухы биік болсын деп, Баукеңді халық алдына
шығарып сөйлетуді жөн көрген Мұхаңа – тарих бас иеді.
«Конференц-зал Академии Наук. Ограниченная аудитория. На
стене две мои схемы. Төрде сам президент Сатпаев.
– Сегодня мы собрались, избранный круг работников науки,
литературы и искусства для того, чтобы, пользуясь пребыванием а
Алма-Ате гвардии полковника Бауыржана Момышұлы, из его уст
услышать ряд эпизодов из истории Великой Отечественной Войны,
и в частности, 8-й гвардейской дивизии имени генерала Панфилова.
Совершенно бесспорно, что события, которые протекают на на-
ших глазах, станут достоянием всемирной истории, ими будут за-
ниматься и иследователи будущего поколения. В этих величайщих,
исторической значимости событиях, в ярких эпизодах, особенно
важное и принципиальное значение когда решалась судьба страны
и проходили бои за Москву. Наиболее ответсвенные рубежи защи-
110
111
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
ты Москвы, к чести и славе Казахстана, были поручены дивизии,
сформированный в Казахстане генералом Панфиловым. Эти события
для всех нас очень ценны и мы должны знать об этих величайших
битвах.
Полковник Бауыржан Момышұлы, является не только участни-
ком этих ярчайших военных событии, но он является ведущим
командиром, и тем ценнее для нас его беседа. Здесь присутсвуют
представители литературы, науки и искуства, которые могут отраз-
ить в своих творческих работах ценнейшие эпизоды, рассказанные
полковником Бауыржаном Момышұлы, мы услышим ценнейшую
беседу – лекцию гвардии полковника Бауыржана Момышұлы. Я
думаю, что это будет проходить не в виде одной беседы, а в виде
3-4 лекции, органически увязанных посвященных развитию и ана-
лизу деталей ярких эпизодов войны.
Разрешите предоставить слово гвардии полковнику Бауыржану
Момышұлы, – деп бітірді президент сөзін.
Мен Қанышпен таныс емеспін. Ол кісі менің не істеп жүрге-
німнен хабарсыз адам болуы керек. Бірақ та Қаныштың сөздерін
оқушылар өздері бағалар. Қаныш ақылды, терең ойлы кісі екені
даусыз. Бірақ та, маған да, Қанышқа да ой салған осы кездесуді
ұйымдастырған Мұхаңның зеректігі екенін мен мойындаймын. Сан-
сыз рахмет айтамын. Мұхаң болмаса, менің 36 сағат лекциям бол-
мас еді деп ойлаймын.
Я подозреваю, что текст вступительного слово президента Ка-
ныша, было подсказано Мухтаром Ауэзовым, ибо Каныш меня со-
всем не знал и мне очень лестно отзывался ибо мне после моего
демонстративного ухода из дома Ауэзовых недожидая бесбармака –
он считал этот мой поступок весьма бестакным».
Баукеңнің 36 сағаттық лекциясы аса қызықты болып өткенге
саяды. Соғыстың дүрсілін алыстан естіп жатқан халыққа болған
оқиғаларды, оның қан ортасында жүрген адамның аузынан есту
үлкен əсер қалдыратыны анық. Оның үстіне соғыста өзінің тəр-
тіптілігімен, жауапкершілігімен, батыл-батырлығымен, жоғары пат-
риоттылығымен атағы шыққан майдангер-офицердің шешендік
тəсілмен аудиторияны баурап алуы, үлкен азаматтық пен патрио-
тизмнің нышаны болды. Осындай керемет қасиеттерін байқаған
Мұхаңның қалмай жүріп Баукеңді кең аудиторияға əкелуі кездей-
соқ емес еді. Айтысына қарағанда, Баукең жай ғана болған істерді
баяндап қана қоймай, шешендік əдіспен, соғыстың тактикасы мен
стратегиясын, психологиясын ғылыми тұрғыдан түсінікті қарапа-
йым тілмен, орысша да, қазақша да айтып беруі тыңдармандарды
таң қалдырса керек. Өйткені соғыстың тілін, бəріне түсінікті
қарапайым тілмен оңай жеткізу екінің бірінің, əсіресе, əскери
адамның қолынан келе бермейтін күрделі тірлік. Соғыс туралы
қалам тартып жүрген М. Əуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. сияқты азамат-
тық авторлар бар болса көзімен көріп, қолымен ұстаған автордың
сезімі мен пікіріндей болмасы өзінен-өзі түсінікті. Баукеңнің уəж-
дерге, жауға дегендегі эмоция мен қол қимылдарына толы əңгіме
баяндамалар, бұрын-соңды мұндай форматта болмағандықтан, ау-
диторияда терең əсер қалдырды, сілтідей тынып тыңдады. Бұл
халықтың бір жағынан жауға деген өшпенділігін еселеп арттыр-
са, екіншіден олардың патриоттық сезімін ұштап, тылдағы қайрат-
қажырын арттырып бекем етті. Аудиториядағы жазушыларға, жур-
налистерге, ғылыми адамдарға, жастарға, былайша айтқанда твор-
чество жаңа реалистік бағытта от тастап, жаңа серпін берді. Жаңа
дəуірдегі соғыстың философиясы мен психологиясынан хабардар
етіп, халқын сақтыққа «Отан үшін отқа түссең күймейсің» деген
патриоттық психологиясын жандандырды. Баукеңнің пайымда-
уынша, соғыста неміс əскерлері мен совет жауынгерлерінің психо-
логиясы екі түрлі болды:
Гитлер агрессорлық саясатын философ Ф.Ницшенің расистік
концепциясымен негіздеді. Расизм – адам баласы нəсілдері туы-
сынан екі түрлі: біреулері – жоғары асыл, ақылдық, төзімді, біреу-
лері – төмен, əлжуас болып ажыратылады дейтін адамгершілік пен
прогреске қас, ғылым жолына қарсы реакциялық мəні бар концеп-
ция. Ницшенің пайымдауынша, жай адамдар маймылдарға қандай
көзқараспен қараса, немістер сол адамдарға сондай дүниетаным-
мен қарау керек деген ұғымды қалыптастырды. Мəдениет пен
өркениетті жасайтындар «Құдіретті адам» басқарған жоғарғы
адамдар деген антипрогрестік идеядан таймады. Гитлер былай деп
бөсті: немістердің алпыс екі тамырынан ерекше құрамы бар көгіл-
дір қан жүгіріп жылжиды, сондықтан олардың əлемдік үстемділік
орнатуы заңдылық. Сондықтан неміс халқының əлемді бағынды-
рып басқару агрессорлық ниеті жолындағы іс-əрекетін құдайдың
өзі қолдайды, деп даурықты. Мұндай саясаттың əлемдік пікір ал-
дында əділетсіз екеніне мəн бермеуге тырысты, соғыс қимылда-
рын бастамай жатып-ақ əлем жұртшылығы алдында өзін-өзі əш-
керелеп, агрессор ретінде танытты, прогресшіл адамзаттан теріс
бұрылды. Оның соғыста ұтылуының басты себептерінің бірі осы
болса керек.
Адамзат тарихында əділетсіз соғыстың халықтар қаһарына ілі-
гіп баянсыз аяқталуы, əділеттіліктің құдіреттілігінен болса керек.
112
113
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Оны қолдаған адамдардың ғұмырларының абыройсыз аяқталуы, та-
рих логикасымен сабақтасып жатады. Ницше жын қағып, бақилық
болса, расист Гитлер өзінің соратниктерін бензин отына орап өл-
тірді. Тарих логикасына қарсы жүру опатқа əкеп соғады.
Айта кетер болсақ, дүниедегі қандай болмасын, рухани өз-
герістердің, заңдылықтардың тұтқасын философия ұстаған, фило-
софтар жол көрсеткен, не шықса солардан шыққан. «Философия –
барлық ғылымдардың атасы», – деп Аристотель кездейсоқ айтпаған.
Өйткені олар барлық қоғамдық құбылыстардың ұйтқысы болған,
кез келген дəуірге анализ жасап бағыт-бағдар берген де философ-
тар еді. Дүниенің даму бағытының тамыршысы əрі бағыттаушысы,
түрлі дефинициялардың авторы философтар болып келеді. Былай-
ша айтқанда, адам санасындағы күре тамырлар өзгерістердің ар-
хитекторлары философтар болып келеді. Нендей құбылыс болса
да, солардың идеялық бастамаларымен іс жүзіне асады. Мысалы,
Александр Македонскийдің идеялық тірегі Аристотель болған. Та-
рихи, ғылыми тұрғыдан негізделмеген, антиғылымдық тұрпаты
бар – эгоцентризм. Ол əртүрлі центризмдердің зардаптарын шекті.
Кезінде тəуелді елдердің халықтарын құлға айналдырып қорлаған,
кейін ғылыми техникалық деңгейі бойынша адамзаттың өзге бөлігін
артта қалдырып, əлемдік өркениет сахнасына шыққан, соған орай
ғылымға ықпалын жүргізіп келген əртүрлі центризмдер тарихты
бұрмалауға тырысты. Солардың ішінде, XX ғ. тарихқа, ауқымды
жəне орасан зор қиянат жасауды алдына мақсат етіп қойған «евро-
центризм» болды. Еуропалықтар өздерінен басқаның барлығын
екінші сортты халықтар деп санап, олардың ішінен расистер
немістерді бөліп алып оларға ерекше статус берді, ал өздерін дə-
ріптеген көне қытайлықтар «Аспан асты» еліміз деп дараланғысы
келді. Жалғандығы мен жасандылығы басым əртүрлі центризм-
дер тарихты бұрмалап халықтардың рухани жəне материалдық
дамуына нұқсан келтірді. Бұл қиянат тым ерте заманнан, өркениет-
ке өзгелерден бұрын қол жеткізген адамзат баласының бір бөлігі-
нің менмендік астамшылдығымен ерекшеленіп, өздерін басқалар-
дан жоғары ұстап, аяусыз жаулап алып, халықтарды іштей жіктеп
«біз жəне басқалар» деп бөлектенуінен басталған. Мұны ғылым
тілінде «эгоцентризм» дейді.
Сталин əділетті саясат концепциясын ұстанды. Бейбітшілікті
Совет халқы баянды коммунистік қоғам құрудың алғы шарты деп
түсінді. Совет басшылығы, гитлершіл жолмен Германиямен қақты-
ғысудың реалды екенін білсе де, Германиямен барлық мəселелер-
ді бейбіт келіссөздер арқылы шешуден тұрақты түрде бас тартпа-
ды, шаршамай күресті. Əлем жұртшылығының алдында əділетті
бейбітшілікті талап етіп жақтаудан танбады.
Гитлер өзі дайын болғаннан кейін, соғысты 1938 ж. ашып жі-
беруді жоспарлаған-ды. Бірақ Сталиннің ұтқыр дипломатиясының
нəтижесінде, соғыстың басталуын үш жылға шегіндірді. Бұл Гер-
мания мен Совет Одағының арасындағы экономикалық жəне
əскери алшақтықты аздап болса да, еңсеруге мүмкіндік берді. Де-
генмен, Гитлер опасыз соғысты бəрібір бастап жібергенінің куəсі
болдық. 1941 ж. 22 июньде Совет шекарасында қарама-қарсы тұр-
ған екі əскери күштің қай жағы алғашқы болып атар екен деп,
əлем тынысын ішке тартып отырды. Сталин шекарада тұрған гене-
ралдарына провокацияға барып бірінші болып оқ атпауды, сөйтіп
агрессор атағын алмауды қатаң талап етіп отырды.
Айтқандай, Гитлер опасыздықпен шекараны бұзып бірінші бо-
лып оқ атып, шабуыл жасап, əлем жұртшылығы алдында «Агрес-
сор» басқаның жерін күшпен тартып алу үшін əскер күшімен
шабуыл жасаушы деген атаққа ие болып, саяси жағынан ұтылып,
əділетсіз соғыстың бастамашысы атанып, өзін-өзі əшкереледі.
Аяғында өзінің авантюралық антипрогрестік пиғыл, іс-əрекеттері-
нің құрбаны болды. Қоғамын орасан зор шығынға ұшыратып,
ауыртпалықтарын арқалап, лағнетқа ие боп кетті. Жалған идея-
ның зардаптарының шын бағасы осындай болмақ.
Оның дəлелін адамзаттың ұзын-қысқа тарихынан көруге бо-
лады. Тəуелсіздігі мен бейбітшілігін қорғаған халықты ешқандай
агрессор жеңе алмаған. Агрессия мен бейбітшілік тарих сынына
түсіп айқасқанда, бейбіт сүйгіш халықтың Отанын қорғауда мере-
йінің үстем болатындығы тарихи шындық. Агрессор қолбасшы-
лардың – парсы елінің патшасы Кир мен Жоңғарлардың қазақ
жеріне, Француз императоры Наполеон мен неміс Гитлердің орыс
жеріне, американдықтардың Вьетнам еліне, моңғол қағаны Құбы-
лайдың Қытай жеріне сұқтануы баянсыз аяқталып, абыройсыздық-
пен жеңіліс тапты. Арғы жағы айтпаса да түсінікті.
Баукең былай жалғастырады: елдің атын ер шығарады, Шоқан,
Абай, Ыбырай, Жамбыл бір-біріне ұқсамайды, əрқайсысының өз-
деріне жарастықта атақ шеңберлері бар. Тарихта орындары бар.
Мұхаңның орны ғылымда, əдебиетте, қоғамда, тарихта. Мұхаңның
көзінің тірісінде ол кісіні біз де, достарымыз да, дұшпандар да
«Қазақтың ұлы перзенті» деп таныған. Абзал аға, əлемге атышу-
лы жазушы, зерек ұстаз ғалым, белгілі қоғам қайраткері, халқының
ұлы перзенті Мұхаңның ұзақ сапарға аттанғанын естігенде, қабыр-
ғам қайысып, жүрек-бауырым құм болып, еңіреп жыладым.
114
115
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Мұхаң бізге сегіз қырлы, көп сырлы мұраларын қалдырды. Кең
мұраңыз жас ұрпақтың сансыз алғыс айтуына күмəн келтірмейді.
Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, ағатайым!
* * *
Достарыңызбен бөлісу: |