Құрметті тараздықтар!



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата17.02.2017
өлшемі8,17 Mb.
#4314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Арсен БАЙЗАҚ

Облыстық баспасөз орталығында өткен брифингте 

Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылық басқармасы 

жетекшісінің  орынбасары  Еркебұлан  Анарбеков 

ағымдағы жылдың он айында саладағы атқарылған 

жұмыстарды баяндап өтті. Оның айтуынша 2015 жылы 

өңірде ауыл шаруашылық саласына 7 817,5 млн.теңге 

бөлініп, есепті мерзімде 5 673,1 млн.теңге игеріліпті. 

Жыл басынан бері саладағы өнім көлемі 146,5 млрд.

теңгені құраса, оның ішінде егін шаруашылығы өнімінің 

көлемі 74,3 млрд.теңгені, мал шаруашылығының өнім 

көлемі 71,7 млрд.теңгені құраған.

-    Ағымдағы  жылы  Елбасының  мемлекеттік 

дамудың жаңа қазақстандық жолын айқындап берген 

қазіргі заманғы мемлекет құрудың 5 институционал-

ды  бағыттарын  айқындайтын  «100  нақты  қадамы» 

ел өміріндегі ерекше саяси оқиға болды. «100 нақты 

қадам» бағдарламасының 60-шы қадамында сүт және 

сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвес-

торлар тарту бойынша алдағы үш жылда атқарылатын 

міндеттер нақтыланса, 61-ші қадамында ет өндірісі мен 

өңдеуді дамыту міндеті қойылды, - дейді Еркебұлан 

Даниярбекұлы. Басқарма жетекшісі орынбасарының 

хабарламасынан соң, журналистердің сауалдарына жа-

уап берді. Ондағы сауалдардың негізгісі – шаруаларды 

субсидиялаудың келесі жылы тоқтатылуы және нан 

бағасының көтерілуі болды. «Жыл соңына дейін нан 

бағасы тұрақты түрде сақталады. Алайда, келесі жылы ас 

атасының бағасы көтеріледі. Әзірге оның қандай бағада 

болатыны белгісіз. Бұл мақсатта жергілікті билік нақты 

жұмыстар жүргізіп отыр» - деді Еркебұлан Анарбеков.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Басқарма жетекшісінің айтуынша, Жамбыл облысы әкімдігінің Қаулысы бойынша об-

лыс аумағында 374 елді мекеннің  бас жоспарын әзірлеу көзделген болса,   2010-2015 жылдар 

аралығында 264  елді мекеннің бас жоспарымен біріктірілген егжей-тегжейлі жоспарлау 

жобалары әзірленіп, аудандық мәслихаттардың шешімімен бекітілген. Аудандар бойынша 

14 елді мекен халқының саны 50-ге жуық болғандықтан бас жоспар әзірленбеген екен. 

Жалпы Тараз тұрғындарынан 64156 өтініш қабылданып, оның 7156-сы қамтамасыз 

етілген. Бүгінгі таңда, «Көлтоған» тұрғын алқабына 1104 жер телімі бойынша инфрақұрылым 

жүйелері жүргізіліпті. Сонымен қатар, Шалғай Қарасу және «Құмшағал» алқаптарынан 

– 1579 жер телімі, Асқаров көшесі алқабынан  - 1125 жер телімі, «Арай» алқабынан  200 

жер телімі инфрақұрылым жүйелерінің жұмыстары жүргізілгеннен кейін берілетін болады. 

Алдағы уақытта барлығы 4008 жанұяның өтініштері қанағаттандырылмақ. 

- Қалалық тұрғын алқаптарының жер телімдерін жеке шаруашылық меншігінен  

мемлекеттің меншігіне  қайтару және инфрақұрылымды жүргізу жұмыстары аяқталған 

соң, жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдері беріледі. Олар «Хамукат» алқабынан – 875,  

«Қарасай» алқабынан – 886, «Автобекет» алқабынан – 4473, Сүлейменов көшесінің аяқ 

жағындағы алқаптан  2184 жер телімі берілмек. Барлығы  10953 жер телімі халық игілігіне 

ұсынылады. 

- Жамбыл облысы төтенше жағдайлар комиссиясы 2013-2014 жұмыс жоспарына сәйкес,  

Елбасының «Қазақстандағы жер сілкіністерін  болжау және сейсмикалық қауіпсіздік 

мәселелері  жөніндегі тапсырмалары шеңберінде, өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар  

мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту бойынша қабылданған шаралар  туралы» 

жұмыстарына басқарма  тарапынан өзекті  мәселенің бірі  Жамбыл облысы  аумағының 

сейсмикалық аудандастыру картасын  жасау болып отыр,- дейді Ержан Ахметов.

Сондай-ақ бүгінгі күні Талас өзенінің  бойына жоспарлау жобасын әзірлеу үшін 

Комратов, Сүлейменов көшелеріне, Пушкин  көшесінің қала орталығындағы бөлігіне  

және «Казарма» тұрғын ауданына, қала аумағына  енгізілген 32 саяжай алқаптарына 

инженерлік жұмысын жүргізуге, және қала аумағын кеңейту мақсатындағы бас жоспарға 

қосымша түзету жобаларын дайындауға  облыстық бюджеттен 349 900 мың теңге қаражат 

қарастыруға өтінім беріліпті. 



Қоғам

7

//   «ЖАМБыл - ТАРАЗ»  //  №48 (1283), 25 ҚАРАшА 2015 Жыл  //



ҚолЖеТіМсіз 

еМ ҚоғаМға ҚаЖеТ пе?

 

„

 «нұр отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында партиялық бақылау 



комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Құрылыс жұмыстарымен танысты

 

„

«нұр отан» партиясы орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің 



инспекторы Марат акпаров облысымызға арнайы іссапармен келіп, «нұрлы жол» бағдарламасы 

аясында салынып жатқан нысандардың жұмысымен танысты.  

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Облыс бойынша  салынып жатқан нысандардың жұмыстарымен партия 

облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Масат Берік таныстырды. 

Алдымен аталмыш бағдарлама аясында Құмшағал бекетіндегі 300 орындық 

орта мектеп құрылысымен танысқан Марат Акпаров ондағы мердігер компания 

жетекшісімен кездесіп, жұмыстың атқарылу барысы жөнінде бірнеше сауалдар 

қойды. Мердігер, «Ник-Тараз» ЖШС директоры Сәбит Шоқатаев жұмыс бары-

сына тоқталып өтті.

- Ағымдағы жылдың 20 маусымында басталған бұл құрылыс бүгінде 80 

пайызға жуық жұмысын тәмамдады. Мұнда 120 жұмысшы жұмыс істеуде. 

Олардың уақытылы тамағы, арнайы жұмыстық киімі қамтылған. Республикалық 

бюджеттен 450 000 000 теңге, облыстық бюджеттен 50 000 000 теңге  бөлінген 

құрылысты келесі жылдың тамыз айында тәмамдайтын боламыз,-дейді ол. 

Компания басшысының айтуынша, салынып жатқан  мектеп үлкен мәжіліс 

залы, спорт залымен қоса, ауқымды асханасымен ерекшеленбек. 7 мыңға жуық 

тұрғыны бар Құмшағал  бекетіндегі орта мектеп  келесі жылы жаңа оқу мау-

сымында оқушыларға есігін айқара ашады деп жоспарлануда. Өз кезегінде сөз 

алған партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Масат 

Берік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облысымызда көптеген нысандардың 

бой көтеріп жатқандығын, барлығы бақылауда екендігін тілге тиек етті. Одан 

соң, Марат Акпаров бастаған топ  «Арай» тұрғын үй алқабындағы 65 пәтерлік 2 

тұрғын үйдің құрылысына бас сұқты. «Комстроймонтаж» ЖШС-і мен «Бином» 

ЖШС-і қолға алып жатқан құрылыс бітуге таяу. Былтырғы жылдың қарашасында 

басталған бұл құрылыс Тәуелсіздік күні қарсаңында пайдалануға беріледі  

екен. «Салтанат» мөлтек ауданындағы 280 орындық балабақша құрылысы да 

үстіміздегі жылдың мамыр айында басталған екен. №37 «а» мекен-жайындағы 

бұрыннан тұрған балабақша ғимаратын бұзып, жаңадан қайта тұрғызылғалы 

жатқан бұл нысанның мердігер компаниясы – «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС-і. 

Бүлдіршіндерге арналған жаңа балабақша келесі жылдың тамыз айында 

пайдалануға берілмек.  

Құрылыс орындарын аралап, ондағы жұмыстың атқарылу барысымен 

танысып шыққан «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ұйымдастыру-

бақылау жұмысы департаментінің инспекторы Марат Акпаров «Нұрлы жол» 

бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың көңілінен шығатындығын 

мәлімдеді. 

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Биыл елімізде 2011-2015 жылдарға арналған 

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 

аяқталады.  Бүгінде  осы  бағдарламаның  заңды 

жалғасы  болып  табылатын  денсаулық  сақтау 

саласын  дамытудың  жаңа  «Денсаулық-2020» 

мемлекеттік  бағдарламасы  барлық  медицина 

ұйымдарында  талқылану  үстінде.  Бұған  қоса 

әлемді дүрліктірген дағдарыс пен теңге бағамының 

тұрақсыздығы салдарынан еліміздегі, тіпті Тараз 

дәріханаларындағы дәрі-дәрмектің құны аспандап 

кетті. Жаңа жоба бойынша алдағы уақытта ме-

дицина саласының жағдайы мен қызмет көрсету 

сапасы  қандай  деңгейде  болмақ?  Осы  іспетті 

бірқатар өзекті мәселелер талқыланған отырысты  

Партиялық  бақылау  комиссиясының  төрағасы 

Асаубай Майлыбаев ашып, жүргізіп отырды. Күн 

тәртібінде партияның сайлауалды тұғырнамасын 

іске асыру жөніндегі 2012-2017 жылдарға арналған 

аймақтық  жоспардағы  медицина  қызметтеріне 

азаматтардың  тең  қолжетімділігін  қамтамасыз 

ету мәселесі қаралды. Аталған мәселе бойынша 

облыстық  денсаулық  сақтау  басқармасының 

жетекшісі Ерлан Масалимов мәлімдеме жасады.

Жалпы өлімді кем дегенде 14%-ға азайту 



және өмір сүрудің орташа ұзақтығын 70,5 жасқа дейін 

өсіру бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін 

жетілдіру барысында икемді профилді төсекті көп 

бейінді стационарларды, оның ішінде ауруханалық 

секторды қайта құрылымдаудың есебінен дамыту 

жоспарланған. Тәулік бойы стационарға емдеуге 

жатқызу деңгейін төмендетуді және стационарды ал-

мастыратын технологияларды дамытуды қамтамасыз 

ету барысында облыста жылдан-жылға тұрақты 

мекемелерде ем алып шыққандардың саны төмендеп 

келеді. Мәселен 2014 жылы  162210 адам емделсе, 

2015 жылы 135933 адам ем қабылдады. Ал күндізгі 

стационарда ем алып шыққандар саны ұлғаюда. Со-

нымен қатар,  тегін медициналық көмектің кепілдік 

берілген көлемі шеңберінде тегін дәрілік заттармен 

2014 жылы  297781 науқас қамтылса, 2015 жылы   

310000 науқас қамтамасыз етілді, - деді басқарма 

жетекшісі Ерлан Тоқтарұлы.

Дегенмен,  комиссия  мүшелері  медицина 

саласындағы  азаматтардың дәрігерлік қызметке 

қолжетімділігін  қамтамасыз  етуде  және  тегін 

медициналық көмек алуда кедергі болып отырған 

өрескел олқылықтарды анықтапты. 

- Тоғыз айда қоғамдық қабылдауға 172 шағым 

түскен. Олардың 85-і медицина қызметінің сапасы-

на, 37-сі портал қызметіне,14-і ақысыз дәрі-дәрмек 

алу мәселесіне және 33-і дәрігерлердің уақытылы 

қарамауы, ат үсті диагноз қоюына байланысты түскен 

шағымдар. Кейбір медицина мекемелерінде сала 

қызметкерлерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз, 

жүрдім-бардым  қарауының  салдарынан  адам 

денсаулығына ауыр зиян келген. Бұған қоса, науқас 

адамдардың  дәрігер  көмегіне  мұқтаж  болғанда 

заңмен белгіленген тең құқықтарының бұзылуы тағы 

бар. Мәселен, диагноздары, ауыртпалығы бірдей 

бола тұра, біреулеріне жатып емделуіне жағдай 

туғызып, екіншілерін шеттету фактілері кездесті. 

Тексеріс барысында тегін көрсетілген медициналық 

көмекті емхана басшыларының заңсыз ұйғаруымен 

ақылы негізде керсетілген деректер де анықталды. 

Мұндай жағдайлар Тараз қалалық №1,4,5,7 және 

Шу қалалық емханасында орын алып отыр,-деді 

комиссия  мүшесі,  облыстың  Құрметті  азаматы 

Жандар Кәрібайұлы. 

Сонымен  қатар  комиссия  мүшесінің  айту-

ынша, заң жүзінде 1 жасқа дейінгі нәрестелерге 

емдеуші дәрігерлердің ұйғарымымен «нейросоно-

графия» сараптамасы бюджет қаржысы есебінен 

тегін  жүргізілуі  тиіс  екен.  Алайда  бұл  заңдық 

норманың  сақталмауынан  75  нәресте  ақылы 

негізде  тексеруден  өткен.  Оның  14-і  тараздық 

емдеу  мекемелерінде  орын  алған.  Ал  ақылы 

қызметтің  бағасын  қызметін  асыра  пайдалану 

арқылы,  яғни  мекеме  басшыларының  қалауы 

бойынша  белгіленген  деректер  де  кездескен. 

Мәселен,  комиссия  мүшелерінің  дерегі  бойын-

ша, облыстық денсаулық сақтау басқармасының 

наркологиялық  диспансері  мен  психикалық 

аурулар  диспансерінің  ақылы  қызметтеріне 

жүргізілген  талдау  барысында  2014  жылдың 

қаңтары мен 2015 жылдың наурызы аралығында 

40 млн. 760 мың теңгеге мемлекеттік қызметтердің 

құндарын негізсіз көтеру фактілері анықталыпты.                                                                                                                  

Диспансерлік есепте тұратын науқастарды дәрі-

дәрмекпен тегін қамтамасыз ету заңдық талабы 

жыл  12  ай  бойы  бірде-бір  емханада  орындал-

майтын  көрінеді.  Жандар  Кәрібайұлының  ай-

туынша,  бізде  гипофиздің  гормоналдық  ауруы 

бойынша  «Бромокриптин»  дәрісіне  қажеттілік 

2700 дана бола тұра, оған 150 данаға ғана тап-

сырыс берілген екен. Ал комиссия мүшесі Бақыт 

Әлмұратовтың  айтуынша,  тұрғындар  арасында 

жүргізілген арнайы сауалнамада өңір халқының 

дені  медицина  қызметкерлерінің  қызмет  сапа-

сына қанағаттанбайтындығын жеткізіпті. Жиын 

соңында  денсаулық  сақтау  басқармасының 

жетекшісі  Ерлан Тоқтарұлы аталған кемшіліктерді 

бақылауға  алып,  жаңа  бағытта  жұмыстар 

атқарылатындығын айтты. 

мәселе өзекті.  

  Суретті түсірген В.Алсуфьев

Тұрғындар 

талабы 

зерделенеді

Сейділдә ТӨРЕН

Қоғамдық қабылдауда бірінші 

болып келген  Менделеев көшесі, 

15/21 үйдің тұрғыны Мадина Ай-

дарбекова  партия  төрағасынан 

«Тұрғын үй құрылысын дамыту» 

мемлекеттік бағдарламасы бой-

ынша  тұрғын  үйінің  шатырын 

жауып  беруді  сұрай  келіпті. 

Жаңбырлы  күндері    үйдің 

төбесінен  су  ағатын  көрінеді. 

Сондықтан  шатырдың  суға  то-

лып  қалатындығын айтып, оны 

мемлекеттік бюджетке кіргізуді 

өтінді.  Бұл  өтінішке  партия 

төрағасы  алдағы  уақытта  мән-

жайды  тұрғын  үй инспекциясы 

зерттейтінін, бірақ бұл жұмысты 

мемлекеттік бюджеттің есебінен 

жасай  алмайтындығын  ашық 

айтты.  Мелиораторов  көшесі, 

12/1  үйдің  тұрғыны  Базаркүл              

Чихибаева  Лукманов  көшесі 

бойындағы жер телімін алғысы 

келетіндігін  айтып,  өзі  де  жер 

алу  кезегінде  тұрғандығын 

мәлімдеді.  Нұржан  Сәбитұлы 

бұл мәселе тұрғысында биылғы 

жылы  2005  жылы  кезекке 

тұрғандарға  жер  берілгендігін 

айта  келе,  қала  бойынша  60 

мың  адам  жер  алу    бойынша 

кезекте тұрғандығынан хабардар 

етті.  Ал  тұрғынның  өтінішін 

Жер  қатынастары  бөлімінің 

жетекшісіне  жолдады.  Сала 

мамандары  өтінішті  зерде-

леп,  нақты  жауабын  беретін 

болады.  Сыздықов  көшесінің 

1 - б ұ р ы л ы с ы ,   3 7 - ү й д і ң 

тұрғыны  Марат  Жақсыбаев  өзі 

тұратын  Сыздықов  көшесінің 

1-бұрылысындағы  №37,33 

үйлерінің  ортасындағы  жер 

телімін  өзінің  атына  ауда-

ру  үшін  құжаттарды  жинап, 

жер  қатынастары  бөліміне 

өткізгенде,  нақты  иесі  бар  деп 

шығарып  салғанын  алға  тарт-

ты.  Алайда  көршісі  Деповский 

көшесі, №2 үйдің 9 сотық жері 

бар тұрғыны заңдастырып алған. 

Бұл өтінішті де Жер қатынастары 

бөліміне жолдап, нақты жауапты 

сол бөлім беретіндігін баяндады. 

3 мөлтек аудан, 1-үй, 20-пәтердің 

тұрғыны  Әйгерім  Аманбай 

кішкентай кезінде ата-анасынан 

айырылған. Содан туыстарының 

үйінде өсіп, өздерінің үйін сатып 

жіберіп,  ақшасын  туыстары-

на  берген.  Өсе  келе  туыстары 

көмек  көрсетуден  бас  тартып, 

жалғыз қалған. Ол қазіргі таңда 

Тараз  кәсіптік  колледжінде 

стоматология  мамандығының 

4-курс студенті. Ақылы негізде 

оқиды.  Оқуының  қаржысын  

сабақтан тыс уақытта жұмыс жа-

сап төлеп отырған. Ендігі жерде 

партия төрағасынан оқу ақысын 

төлеп беруін өтініп келіпті. Бұл 

жағдаймен  толықтай  қаныққан 

Нұржан  Сәбитұлы  көмек  бола-

тынын мәлімдеді.   

 

„

«нұр отан» 



партиясы Тараз 

қалалық филиалының 

төрағасы, қала әкімі 

нұржан Календеров 

тұрғындарды 

қабылдады.

8

//   «ЖАМБыл - ТАРАЗ»  //  №48 (1283), 25 ҚАРАшА   2015 Жыл  //

тұлға

МәңгіліК 

сӨнбес 

ЖҰлДыз

 

„

30 қараша - қазақ даласындағы  демократтық



ағартушылық мәдениеттің алғашқы және талантты 

өкілдерінің бірегейі,  ғылым көкжиегінде өшпес із 

қалдырған қазақ ұлтының абзал перзенті шоқан 

Уәлихановтың туылған күні. 

Құйрықты жұлдыз секілді,

Туды да, көп тұрмады.

Көрген, білген өкінді,

Мін  тағар  жан  болмады,  —  дейді 

хәкім  Абай.  Қалың  қазақтың  көгінде  

қ ұ й р ы қ т ы   ж ұ л д ы з   с е к і л д і   ж а р қ 

етіп,  мәңгілікке  сәуле  сыйлап,  лез-

де  көзден  ғайып  боп  кеткен  тұлға 

Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлиханов  (шын 

е сімі  Мұхаммед  Қанафия:  1835—

1865)  еді.  Қазақтың  маңдайына  біткен 

ұлы  тұлғаның  туғанына  биыл  табаны 

күректей  180  жыл  толды.  Көрнекті 

жазушы,  қазақ  қарасөзінің  хас  шебері 

Ғабит Мүсірепов «Шоқанның ұлылығы 

соншама,  біз  оны  енді  ғана  толық 

түсіне  бастағандаймыз.  Шоқаны  бар 

ел,  шоқтығы  биік  ел»  деп  бағалаған 

болатын.  Ұлы  ағартушы  –  демократ, 

қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы, 

тарихшы,  этнограф,  фольклорист 

Шоқан  Шыңғысұлы  қазақ  мәдениеті 

мен  әдебиетінің  тарихында  да  ойып 

тұрып  орын  алды.  Аса  дарынды  қазақ 

халқының ғалымы және ағартушысының 

өмірі  мен  қызметі  қай-қайсымызды  да 

қайран қалдырары сөзсіз. Өзінің қысқа 

өмірінің ішінде ғылым саласында ора-

сан  зор  табыстары  сол  кездегі  өзінің 

орыс  достары  мен  жолдастарын,  орыс 

ғалымдарын  да  таңдандырған  еді. 

ХІХ  ғасырда  біздің  отандық  ғылым 

үшін  Ш.Уәлихановтың  ерекшелігі 

туралы академик Н.И.Веселовский бы-

лай  деп  жазды:  «…Шоқан  Уәлиханов 

шығыстану әлемінің үстінен құйрықты 

жұлдыздай  жарқ  ете  қалды.  Орыстың 

Шығысты  зерттеуші  ғалымдарының 

бәрі де ерекше бір құбылыс деп танып, 

одан түркі халықтарының тағдыры ту-

ралы  ұлы  және  маңызды  жаңалықтар 

ашуды  күткен  еді.  Бірақ  Шоқанның 

мезгілсіз  өлімі  біздің  бұл  үмітімізді 

үзіп  кетті».  Бұл  -  Шоқанға  берілген 

баға  мен  сенімнің  жоғары  екендігінің 

айғағы.  Ал  белгілі  ғалым  және  сая-

хатшы  П.П.Семенов-Тян-Шанский 

Уәлихановты  «ұлттық  аймақтардың 

ішінде  ең  оқыған,  білімді  адамдардың 

бірі еді» деп бағалаған болатын. Шоқан 

алғашқы  білімді  ауыл  мектебінен 

алды,  онда  арабша  жазуға  және  оқи 

білуге  үйренді.  Аз  өмірінде  Шоқан 

Орталық  Азия  халықтарының  тарихы-

на,  географиясына,  фольклорына  және 

қоғамдық-саяси  құбылысына  арналған 

көптеген  құнды  еңбектер  қалдырған. 

Уәлихановтан  қалған  мұраның  бір 

бөлігін  бейнелеу  өнері  саласындағы 

еңбектері құрайды. Ол негізінен портрет, 

пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын 

бейнелеумен  айналысқан.  Одан  150-ге 

тарта сурет қалған. Оның Қашқарияға са-

яхаты қажырлы саяхатшы және көрнекті 

ғалым ретінде атын шығарды. Сол елдің 

саяси  құрылысы,  табиғаты,  халқының 

кәсібі,  әдет-ғұрпы  жайында  қыруар 

ғылыми  материалдар  жинады.  Сол 

саяхаты  үшін  арнайы  Омбыдан  Петер-

бургке  шақырылған  Шоқанға  берілген 

әскери  Бас  штабының  жолдамасында: 

«Бұл  мейлінше  қызықты,  мейлінше 

пайдалы  еңбек»  -  деп  көрсетілген. 

Шоқан қазақтар арасында орыс білімін, 

оның  ғылымы  мен  өнерін  таратудың 

тиімді  шаралары  үшін  күресті.  Ол 

Қазақстанда «нағыз шынайы білімнің» 

ұясы  болатындай  мектеп  түрлерін 

ұйымдастыруды  талап  етті.  «Тек 

ақиқат білім ғана күдіктерден құтылуға 

жәрдем  етіп,  өмір  мен  материалдық 

әл-ауқатты  бағалауға  үйретеді»  -  деді 

ол.  Халықтық  тәрбиенің  жаңа  жүйесін 

ойластыра отырып, Шоқан ең алдымен 

жасөспірімдерді ғылым мен техниканың 

табыстарымен, дүние жүзі мәдениетінің 

бай  қазынасымен  таныстыра  алатын-

дай  дүниежүзілік  білімдерді  енгізуді 

жақтады.  Қоғамдық  құбылыстарды  ол 

ағартушылық  тұрғыдан  түсіндірді.  Өз 

халқын Еуропа мәдениетінен үйренуге 

(прогреске)  шақырды.  Шоқан  арнайы 

педагогикалық  еңбектер  жазбаса  да, 

оның қоғамдық және ғылыми еңбектері 

ағартушылық сипатта болды. Ол білімі 

мен мәдениеті озық елдерден үлгі -өнеге 

алуға,  әсіресе,  орыстың  ғылымынан, 

мәдениетінен  үйренуді  үндеді.  Ол  өз 

елінің  оқу-ағарту  ісі  мен  ғылымын 

дамыту  үшін  күресті.  Қазақ  халқының 

мәдениет  пен  экономика  саласында 

артта қалуына қатты қынжыла да қинала 

тектіден текті туар қайталанбас...  

 

ой жіберіп, халық бұқарасын сол азап-



тан  арылту  жолында  талмастан  үлкен 

жұмыстар  жүргізді.  Ш.Уәлихановтың 

орыс-қазақ  мәдени-педагогикалық 

байланысының  тарихындағы  өшпес 

еңбегі сол  - ол орыстың озат білімі мен 

ғылымын таратушы, насихаттаушы бол-

ды,  артта  қалушылық  пен  надандыққа 

қарсы күресті.

Ш о қ а н   е ң б е г і н і ң   т а ғ ы   б і р 

өзіндік  өзгешелігі  -  өз  елін  орыс 

жұртшылығына  т аныстырып,  екі 

ха лықты  жақындастыруға  тыры-

сты.  Сол  халықтардың  достығының, 

бауырластығының  және  өзара  толық 

түсінушілігінің  дамуына  жағдай                      

жасауды ойлады.

Ш о қ а н   б а л а л ы қ   ш а ғ ы н   ә уе л і 

Қ ұ с м ұ р ы н д а ,   с о д а н   к е й і н   а т а -

бабаларының  мекені  болған  Сырым-

бетте  өткізді.  Бала  Шоқанның  рухани 

жағынан  өсуіне  әжесі  Айғаным  үлкен 

әсер  етті.  Тумысынан  сезімтал,  да-

рынды  балаға  әжесі  білім  мен  халық 

даналығының  сарқылмас  көзі  бол-

ды.  Ол  Шоқанға  қазақтың  ежелгі 

аңыздары  мен  хикаяларын  қызықты 

етіп әңгімелеп, күні кеше өзі қатысқан 

тарихи оқиғаларды еске алып отырды. 

Халықтың  озық  дәстүрлері  мен  әдет-

ғұрыптарын  бойына  сіңірген  әжесінің 

жарқын  бейнесін  Шоқан  өмірінің 

соңына дейін ұмытпай есте сақтады.

Шоқан  Уәлиханов  ерте  жастан 

қазақтың  халық  поэзиясына  қатты 

құмартып, оның классикалық үлгілерін 

жазып  алып,  ата-анасына  оқып  беріп 

жүрді. Бала кездің өзінде-ақ ол «Қозы 

Көрпеш - Баян сұлу» және «Ер Көкше» 

халық  поэмаларының  түрлі  үлгілерін 

жазып  алып,  кейін  оларды  ұстазы                                                                  

Н.  Ф.  Ко стылецкийге  табыс  етті. 

Оның  отбасында  жиі  қонақ  бола-

тын  қазақ  әншілері  мен  жыршылары 

Шоқанның  халық  поэзиясына  деген 

қызығушылығын оятуға көп әсер етті.

Ш о қ а н   ш ы ғ ы с т ы ң   б а с қ а   д а 

х а л ы қ т а р ы н ы ң   п о э з и я с ы м е н 

шұғылданды.  Шоқанның  ғылымға 

қызығушылығын  қалыптастыруда 

әкесінің алдыңғы қатарлы орыс зиялы 

қауым  өкілдерімен  байланыста  болуы 

да мол ықпал етті.

Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-

жақты зерттеушілік қызметі, философия, 

этнография,  тарих,  экономика,  құқық, 

география, ауыз әдебиеті, әдебиет тео-

риясы жайындағы ғылыми зерттеулері, 

пікірлері  қай  кезде  болмасын  өзінің 

құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. 

Қазақ  халқының  рухани  ізденістерінің 

жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық 

о й - с а н а ,   п і к і р - т ұ ж ы р ы м д а р д ы ң 

биіктей  өркендеуіне  ерекше  ықпал 

етті.  Ш.Уәлихановтың  көп  салалы  әр 

қырлы бай мұрасы оның дүниетанымы, 

қоғамдық-философиялық, ағартушылық, 

демократтық көзқарастары өз заманының 

биік деңгейінде болғанын айқындайды. 

Шоқан  Уәлихановтың  ағартушылық 

и д е я л а р ы   м е н   д е м о к р а т и я л ы қ 

көзқарастары  Кадет  корпусында  оқып 

жүрген  кезінде-ақ  қалыптаса  бастады. 

Шоқан  корпустан  жан-жақты  терең 

білім  алып,  замандастарынан  өресі 

анағұрлым  биік  адам  болып  шықты. 

Оның  қоғамдық  және  әдеби  қызметі 

оқуды  бітіріп  шығысымен-ақ  бірден 

басталды.  Өзінің  пікірінше,  халықтың 

психологиясын  көрсететін  белгілердің 

бірі  —  сол  халықтың  тіл  байлығы, 

сөз  өнері,  шешендік  қасиеттері.  Ол 

сөз  өнерін  халық  бойына  біткен  зор 

таланттың, керемет қабілеттің, ақындық 

қуаттың белгісі деп санады. «Халықтың 

тұрмысы  мен  әдет-ғұрпы,  өткенді 

қастерлеу  мен  аңыздардың  молдығы- 

терістік  және  Орта  Азия  көшпелі 

халықтарының  ерекше  қасиеті.  Қазақ 

тілінде  араб  тіліндегідей  жасама  бояу 

сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл» деп жазды 

ол.  Ғұлама  ғалымның  осы  пікірлерін 

кең-байтақ  өлкемізде  болған  орыс, 

украин, поляк зиялылары да қостайды. 

Шоқанның психологиялық пікірлерінің 

екінші  бір  арнасы  оның  дін  жөніндегі 

толғаныстарымен  астарласып  жатады. 

Ғұлама ғалым алғашқы адамның қиялы 

мен  діни  сенімдері  оның  табиғатқа 

тікелей  қатынаст арының  бейне сі 

ретінде  пайда  болғандығын  айтады. 

Шоқан  қазақ  халқындағы  шамандық 

ұғымдардың  шығу  тегін  түсіндіргенде 

де,  оның  психологиялық  жақтарын 

ашқанда  да  материалистік  позицияны 

берік  ұстады.  Шоқан  туған  халқының 

ә д е т - ғ ұ р п ы н ы ң   т ү р л і   ж а қ т а р ы н 

таңдай келіп, қазақ арасындағы кейбір 

жағымсыз  әдеттерді  де  мейлінше  сы-

нап,  олардың  психологиялық  астар-

ларына  үңіліп,  осы  айтылғандарды                        

қазақ  қауымын  ілгері  бастырмай  келе 

жатқан мерездер деп қарады. Мәселен, 

осындай  кінәраттың  бірі  барымта 

екендігін,  оны  жұрттың  көпшілігі 

баюдың,  мал  жинаудың  ең  жеңіл  әдісі 

деп  қате  түсініп  жүргенін  баса  айт-

ты.  Ол  «мұндай  кәсіппен  айналысқан 

адамның  еңбекке  ынтасы  болмайды, 

жан-жүйесі жұғымсыз, ұсқынсыз келеді. 

Белгілі бір кәсіппен айналысу уақытты, 

зор  ынтаны  керек  етеді»  деп  дұрыс 

тұжырымдады.    Осылайша  ол  жастар-

ды сұрқия кәсіптен бойын аулақ салуға 

шақырып,  осынау  жексұрын  қасиеттің 

адамды  арамтамақтыққа,  еріншектікке 

итермелейтінін  айта  келіп,  осы  жаман 

әдеттің  сайып  келгенде,  қазақ  дала-

сында  түрлі  кәсіптің  дамуына  кедергі 

келтіретініне  де  тоқталды.  Бір  сөзбен 

айтқанда,  қамшының  сабындай  ғана 

қысқа  ғұмырында  Шоқан  Уәлиханов 

елінің болашағы мен бабалар аманатына 

адалдық танытып кетті. Кем-кетігін жа-

мап, келешегіне үміт артып кетті. 

Т а р а з   ш а һ а р ы н ы ң   т ө р і н д е г і 

облыстық бас кітапханаға  1965 жылы 

қазақтың  тұңғыш  ағартушы  ғалымы 

Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлихановтың 

есімі  берілген  болатын.  Содан  бері 

де  тура  жарты  ғасыр  уақыт  өтіпті.  

Бүгінгі  таңда  жаңа  ғасыр  талапта-

рына  сәйкес  оқырмандарға  қызмет 

көрсету  аясын  кеңейту  мақсатымен 

маңызды  ақпараттық,  мәдениеттік, 

өлкелік білім алатын ғылыми-әдіскерлік 

орталыққа  айналған  Ш.Уәлиханов 

атындағы  Жамбыл  облыстық  әмбебап 

ғылыми кітапханасының кітап қоры 231 

мыңнан аса  дананы құрайды. Сонымен 

қатар  кітапхана  арнайы  кітапханалық 

жобалар  мен  мақсатты-кітапханалық 

бағдарламалары  бойынша өз пайдала-

нушыларына қызмет көрсетіп отыр. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет