|
Орфографиялық СӨздік
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ
МИНИСТРЛІГІНІҢ ТІЛ КОМИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ
ОРФОГРАФИЯЛЫҚ
СӨЗДІК
Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық
терминология комиссиясы мақұлдаған
Алматы
2013
ӘОЖ 81135(038)
КБЖ 81(5 Каз)-4
О-65
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл
комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді
дамыту мен қолданудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы» аясында шығарылды
ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясы мақұлдаған
Орфографиялық сөздіктің Бас редакция алқасы
:
М. Құл-Мұхаммед - з.ғ.д., проф., төраға, Ш.Құрманбайұлы - ф.ғ.д., проф.,
төраға орынбасары, Ә.Қайдар - ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., проф., Р.Сыздық - ҚР
ҰҒА академигі, ф.ғ.д., проф., М.Малбақов - ф.ғ.д., проф., Т.Жанұзақ - ф.ғ.д.,
проф., Н.Уәли - ф.ғ.д., проф., Р.Шойбеков - ф.ғ.д., проф., А.Фазылжанова -
ф.ғ.к
Сөздікті құрастырушылар:
Н.Уәли, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова, Ж.Исаева, Н.Әміржанова,
А.Әмірбекова
Жауапты редакторы
филология ғылымдарының докторы, профессор Нұргелді УӘЛИ
Жауапты шығарушылар:
Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова
Сөздіктің бесінші басылымының (2005 ж) редакциясын басқарған Р.Сыздық;
құрастырушылар: Р.Сыздық, Н.Уәли, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова,
Қ.Есенова, С.Жапақов, Н.Әміржанова, А.Әмірбекова
Орфографиялық сөздік /Алтыншы басылым. Құраст.: Н.Уәли, Қ.Күдеринова,
А.Фазылжанова, Ж.Исаева, Н.Әміржанова, А.Әмірбекова. - Алматы: «Дәуір»
баспасы, 2013. - 720 бет.
ISBN 978-601-217-425-0
Сөздіктің алтыншы басылымы жаңадан пайда болған терминдер мен сөз
тіркестерінің, көне, ескі кітаби сөздердің дұрыс жазылу емлесін көрсетумен
ерекшеленеді. Сондай-ақ сөздікте бірге және бөлек жазылатын сөздер тобы
толықтырылып, реттеле түсті.
Сөздік мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейту және дамыту
мақсатында барлық мемлекеттік қызметшілерге, бұқаралық ақпарат құралдары
мен мәдени-әлеуметтік, қоғамдық ұйымдар, білім, ғылым саласындағы барша
мамандар мен ғалымдарға, орта және арнаулы, жоғары білім орындарының
оқытушылары мен студенттеріне, барша жұртшылыққа арналған.
ӘОЖ 81135(038)
КБЖ 81(5 Каз)-4
© Тіл комитеті, 2013
© Тіл білімі институты, 2013
© Құраст. Н.Уәли, Қ.Күдеринова,
А.Фазылжанова
және т.б. 2013
ISBN 978-601-217—425-0
ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТІҢ ЖАҢА БАСЫЛЫМЫ
ЖАЙЫНДА
Қазак тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыруда, жұрт-
шылықтың жазу мәдениетін көтеруде орфографиялық сөздіктің алатын
орны ерекше.
Осы күнге дейін орфографиялық сөздіктің бірнеше басылымы жарық
көріп, әр басылым сайын Сөздік толықтырылып, жүйесі жетілдіріле түсті.
Қоғамдық өмірдің сан алуан саласында қолданылатын сөздерді, сирек
сөздерді, салғырт қордағы байырғы сөздерді молынан қамтуды мақсат
еткен академиялық сипаттағы үлкен орфографиялық сөздіктің бесінші
басылымы (Алматы: «Арыс» баспасы, 2005) акад. Р.Сыздықтың
редакциялауымен жарық көрді.
Бұл бағыттағы орфографиялық сөздіктің толық корпусын жасау,
әдеби тілдің сөз байлығын барынша молынан қамтитын сөздіктің түрін
дайындау жөніндегі жұмыстар әрі қарай да жалғасып келеді. Соның
нәтижесі ретінде дайындалған бұл үлкен «Орфографиялық сөздіктің»
алтыншы басылымы кәсібі мен мамандығы жазумен байланысты, үнемі
қаламмен жұмыс істейтін баспа және баспасөз қызметкерлерінің, білім мен
ғылым саласындағы мамандардың, мектеп мұғалімдерінің, студенттер мен
оқушы жастардың, өзге де жұртшылықтың пайдалануына арналған.
Осындай мақсатпен жұртшылық назарына ұсынылып отырған бұл
Сөздікте бұрын ресми түрде бекітілген (1983 ж.) «Қазак тілі орфография-
сы негізгі ережелерінің» ең соңғы редакцияланған нұсқасы негізге
алынды. Орфографиялық ережелердің аталмыш редакцияланған нұсқасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік терминология комиссиясында
бекітілді (2006 ж.), сондықтан ол жазу нормаларын заңдастыруда
басшылыққа алынатын нормативті құжат деп есептеледі. Сөздік осы
Ережеге сүйеніп жасалғандықтан, күнделікті жазу тәжірибесінде оны
басшылыққа алу, онда көрсетілген нормаларды сақтау, жазудың
қалыптасқан жүйесін әрі-сәрі күйге түсірмеу- өз ана тілін құрметтейтін
мәдениетті азаматтың борышы. Осылай деп түсінетін адам мұндай ортақ
мүддеден «меніңше былай» дейтін жекебастың субъективті пікірін жоғары
қоймақ емес.
Қазіргі кезде қоғамдағы саяси, экономикалық қатынастардың
өзгеруімен байланысты мәдени-әлеуметтік құндылықтарды қайта бағалау
жөнінде әр алуан ой-пікір айтылып жатыр. Пікір алуандылығына жол беру
демократиялық қоғамның нышаны екені белгілі. Мұндай қоғамдық
пікірлердің ең бір үлкен арнасы қазіргі жазуымызды түбегейлі реформалау
дегенге саяды. Бірнеше жылдан бері мәдени-ғылыми жұртшылықтың
көтерген бұл мәселелерін егжей-тегжейлі зерттеп, қорытындысы мен
нәтижесін шығару қазірдің өзінде қолға алынды. Жазу-сызуды реформалау
керек деп белгілі бір қорытындыға келгеннің өзінде бұл әрекет ұзақ
мерзімді қажет ететін әлеуметтік ауқымы аса зор іс болмақ.
Алайда мұның өзі күнделікті қолданып жүрген жазуымыздың мәде-
ниетін төмендететіндей, оған бейжай қарайтындай, емле ережелерін ман-
сұқтайтындай лингвистикалық нигилизмге жол беруге желеу болмауға
тиіс.
Сөздіктің кейбір ерекшеліктері
I. Бұл сөздікте әдеби тілдегі сөзді барынша қамту мақсаты көзделген
жоқ, сондықтан сөздікте көнерген сөздер, сирек ұшырасатын атаулар,
тарөрісті терминдер мен кейбір кәсіби сөздер, жергілікті сөздер т.б.
сөздердің саны шектеліп берілді. Ал мұның есесіне орфографиясы қиын,
емле қателері жиі ұшырайтын жазу тәжірибесіндегі «кауіпті аймақтарға»
көбірек көңіл бөлінді. Сонымен қатар Сөздік тілдің бүгінгі тынысын тап
басатындай, тілдің ішкі құрылымындағы өзгерістер мен қоғамдағы әртүрлі
жаңалықтарды көрсететіндей болуы шарт екені де ескерілді.
Тілдегі жаңалықтар жайдан-жай пайда бола салмайды, оны
туғызатын әртүрлі себептер болады. Солардың бір алуаны:
- қоғамдық, әлеуметтік өмірдегі жаңа зат. құбылыс, уақиғаны атау
қажеттілігінен: құзырхат, ашықхат, айдарбелгі, затбелгі, ғаламтор,
флеш-жад, айқұлақ, төлие, хатқалта, ықпалшара, экоорталық, әуесерік,
көзқаман, дәрумен;
- мазмұны, тұлғасы өзара жақын, бірақ білдіретін ұғымдарында
азды- көпті айырма бар мағыналарды бөлек-бөлек атауды керексінуден:
көріктендіру – абаттандыру (благоустройство), залалсыздандыру
(обезвреживание)-
зарарсыздандыру
(стерилизация),
иелену
(приобретение) – иемдену (присвоение), жайылыңқы (диффузный) –
жиылыңқы (компактный); құзыреттілік (компетентность) — біліктілік
(квалификация); көрсетілім, тұсаукесер (презентация);
- бірнеше сөзбен аталатын белгілі бір кұбылысты бір сөзбен атау
немесе тұлғалық жақтан ықшамдау үрдісінен: үй тұтқыны -мырзақамақ,
күміс қылшықты түлкі - қалтар, қара ләйлек - қарабай, әсіре
мемлекетшіл болу — әсіремемлекетшілдік, әсіре демократ болу—
әсіредемократ, ғарыш айлағы–ғарышайлақ, іс парағы - іспарақ, ғарыш
кемесі - ғарышкеме, мұз айдыны –мұзайдын т.б;
- кейбір терминдерді, өзге де атауларды ұлттық сананың оянуымен
байланысты төлтума сөзбен қайыра атауды (реноминацияны)
қажетсінуінен: террорист > лаңкес, терроризм > лаңкестік, экстремист
> содыр, экстремизм > содырлық, территория > аумақ, зона > аймақ,
регион > өңір, пения > өсімпұл, турник > белтемір, штанга > зілтемір,
стаж > өтіл т.б.;
- ұлттың азаматтық тарихындағы ерекше уақиғаларды, соларға
катысты жайттарды арнайы мамандандырылған сөзбен
атауды
керексінгеннен:оралман, желтоқсаншылар, ауғаншылар(ауған соғысының
ардагерлері), ұлан, байрақ т.б
- қоғамдық сананың бір түрі ретінде діни сананың жаңғыруына
байланысты діни мазмұндағы сөздердің әлеуметтік мән алуынан: ахлақ,
аятолла, ифтар, мәзһаб, Барат түні, Қадір түні, Миграж түні, Рағайып
түні, инсан, ғұсыл, нәпіл, жәһид, Мәуліт, намазжай т.б. туындап отыр.
Негізінен осындай себептер арқылы пайда болған жаңа қолданыстар
қазақ әдеби тілінің кітаби сөз жанрларының лексика-фразеологиялық
жүйесін байытып, сөздің кітабилік нышанын айқындай түсті. Сөздікте
сыртқы әсердің күшімен болған мұндай жаңалықтарға едәуір орын берілді.
Посткеңестік кезеңде әдеби тілдің лексика-фразеологиялық жүйесінде
ғылым, білім, каржы, құқықтық қатынас, медицина т.б. салалармен
байланысты жаңа атаулар, жаңғырған сөздер, терминдердің саны қауырт
көбейе түсті. Біралуан сөздің тіркесу қабілеті артып, семантикалық өрісі
кеңейді: азаматтық қоғам, балама ұсыныс, балама оқулық, төлтума
оқулық, төл оқулық, тіркеу орны, орнықты мүлік, зайырлы мемлекет,
әлеуметтік дәйексіздік т.б. Бұлар сыртқы күштің әсерінен болып жатқан
жаңалықтар болса, сондай-ақ тілдің ішкі құрылым жүйесінің даму үрдісін
аңғартатын сөздер де Сөздікте едәуір қамтылды.
Әдеби тілдің лексика-фразеологиялық жүйесінде стандарт, штамптар
тәрізді бірліктердің қатары бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көбейе түсті:
ашық қоғам, азаматтық бірегейлену, бағалы қағаздар, кешенді тестілеу,
зияткерлік меншік, емдеу-сауықтыру кешені, көтерме базар, ластаушы
заттар, зейнетақы қоры, геосаяси түзілім, еншілес компания, төлқұжат
үстелі т.б.
Сөзжасамдық жүйеде әсіресе етіс қосымшалары, қимыл есімінің
бел- сенділігі арта түсті. Бұлардың ғылыми, публицистикалық, ресми
дискурста жиі колданылатыны айқын байқалады: ұлтсыздандыру,
ырықсыздандыру, ізгілендіру, отансыздандыру, орталықсыздандыру,
жарнамалану, жаһандану, кәсібилендіру, әртараптандыру,
жекешелендіру, ырықтандыру т.б.
Сөздіктегі шеттілдік ауыс-түйіс сөздердің дені:
-
мемлекеттің саяси құрылымына (министрлер кабинеті, вице-
министр, парламент, сенат, сенатор, департамент, палата т.б.)
-
экономикалық құрылымдағы өзгерістерге (коммерция, брокер,
менеджмент, инвестор, маркетинг, лизинг, бартер, менеджер, валюта,
банкомат, субвенция, фиксинг, фолио, форвад, франчайзинг т.б.)
- қоғамдық-саяси саладағы қатынастарға (консенсус, саммит,
электорат, имидж, плюрализм, брифинг, медиафорум, субэлита т.б.)
- ақпарат техникасы саласындағы жаңалықтарға ( компьютер,
принтер, файл, байт, мегабайт, интерфейс, винчестер, дисплей, сканер,
сайт, диск т.б.)
- музыка, спорт салаларындағы жаңалықтарға (рокер, плейер,
брейкер, хиппи, саундтрэк, рэпер; айкидо, айкидошы, кикбоксинг, каратэ-
до, биатлон, стиль-чез)қатысты атаулар болды.
Тіліміздің лексикалық жүйесінде бұдан сөздердің саны соңғы
жылдарда кауырт көбейді: агроөнеркәсіп, агросаясат, аудиокітап,
автошеру, бейнетаспа, бейнефильм, биоотын, бортсерік, бухесеп,
велобәйге, велошабандоз, дендробақ, зоодүкен т.б.
Сыртқы түрткіжайттардың (факторлардың) әсерінен болып жатқан
осы тәрізді жаңалықтар мен тілдің ішкі кұрылымында пайда болып жатқан
өзгерістер үрдісін байқату және олардың орфографиялануын көрсету
мақсатымен Сөздікке жоғарыда аталғандай едәуір атау сөздер енгізілді.
II. Сөздіктің сөзтізбесіне лексикалық, стильдік мағынасы жаңа
едәуір сөз косылды: айқұлақ (электрондық мекенжайдағы таңба),
бағаншам, гүлшоқ, қанатқақты, құлаққап, пернетақта, тоқбасар т.б.
Бұрын сөздіктерге енбеген, бірақ әдеби тілдің сөздік қорында бар
қылауыш (кисть), тісқылсап (тіс шеткесі), алпауыт (олигарх), еңбекшерік,
пайшерік, жолдасу, дәргаһ, баялд, дәсер табақ, ақжағалақ, ауыр дәулет,
ашалаң, буылдық т.б. тәрізді сөздер енгізілді.
Соңғы сыңарлары -аралық, -нама, -тану, хана, -жай, сондай-ақ
бірінші сыңары әсіре-, көп- тәрізді бейдерек мағынадағы сөздермен келген
атаулардың катарына едәуір сөз қосылды: ауданаралық, пәнаралық,
уииверситетаралық, заңнама; топырақтану, жантану; ойынхана,
дәмхана; жағажай, мекенжай; әсіресолшылдық, әсіреұлтшыл,
көпбалалы, көпдеңгейлі т.б.
Бұрын жарыспалы сөздер санатында жүретін адал//халал.
уәде//уағда, әкім//хакім т.б. сөздердің мағыналық, стильдік тұрғыдан
сараланған сыңарларына жақша ішінде түсініктеме беріліп отырды: халал
(діни),уағда (кіт.), хакім (кіт.) т.б.
Біріккен сөзді ұқсас сөз тіркесінен ажырату және сондай-ақ олардың
терминденуін көрсету үшін жақша ішінде түсіндірме белгі көрсетілді:
алажертесер (зоол.), балмұрын (өс.), желімайлар (этн.), желқұяң(ауру),
қаракүйе (зоол.) г.б.
Дыбысталуы ұқсас, мағынасы әрбасқа сөздерді (омонимдерді) бір-
бірінен ажырату үшін сөз тіркесі берілді: самал - самал ауруы, самал -
самал жел т.б.
Біріккен сөзге сырттай ұқсас, бірақ бөлек жазылатын тіркесті
сөздердің жазылуына назар аударту мақсатында олар Сөздікке көбірек
енгізілді: қара күз, қоңыр күз, бесіккертпе құда, бес саусақ, ақ аю, алғы
сөз, бұлшық ет т.б.
Бұрын қолданылып келген кірме сөздердің казақша баламалары
берілді: белтемір(турник), қолтабақ (поднос), сүтсірне (сыр), әуесерік
(стюардесса), ғарышайлақ (космодром) т.б. Әдеби норма ретінде қазақша
баламасы пайдаланылатын болғандықтан, олардың шеттілдік нұсқасы
Сөздіктен алынып тасталды.
Орыс тілінен енген сөздердің білім мен ғылым, мәдениет пен өнер,
экономика, өндіріс пен техника т.б. салаларда кеңінен қолданылатын және
БАҚ-та жиі кездесетін түрлері Сөздікке енгізілді және дүдәмал тұстарда
косымшалардың калай жалғанатыны көрсетілді: турист, туриске,турисі;
ведомость,
ведомосқа, ведомосы;
стоматолог,
стоматологке,
стоматологі; пароль, парольға, паролі: грамм, грамға, грамы т.б.
[а], [ә] дыбыстарымен келетін жазылуы дүдәмал сөздердің емлесі
көрсетілді: жай, жайлау, жайлауға; шай, шайға, күнә, күнәға, күнәсі,
күнәлары; ділда, ділдасы; тілмаш, тілмаштық т.б.
Бір буыны жуан, келесі буыны жіңішке, я болмаса, керісінше,
бірінші буыны жіңішке, келесі буыны жуан бейүндес сөздердің жазылу
үлгісі көрсетілді: қауіп, неғұрлым, сәнқой, өнерпаз, құдірет, құзырет,
қошемет, біраз, рақмет, ақырет, кесапат, қағылез т.б.
Қысаң дауыстылардың кандай сөздерде танбаланып, қандай сөздерде
таңбаланбайтыны көрсетілді: а) абырой, ақырын, жағылан, жапырақ,
запыран, қапырық, тақырып ә) арлан, емле, мемлекет, наурыз, сәурік,
тағдыр, қайны т.б.
Соңғы буында кысаң дауыстылары бар сөздердің қосымшалармен
түрленгенде түсірілім жазылатыны көрсетілді: нарық - нарқы, бөрік -
бөркі, парық - парқы, түрік - түркі, ауыз - аузы, мойын -мойны, мұрын
-мұрны т.б.
Соңы [н] дыбысына аяқталған сөздер косымшалармен түрленгенде
қандай нұсқада жазылатыны көрсетіліп отырды: жауын, жауынға;
диірмен, диірменге; қымыран, қымыранға; жайын, жайынға, т.б.
Соңғы дыбысы [з], [ш] дауыссыздарына аяқталған сөздер
қосымшалармен түрленгенде сөздің кандай нұсқада жазылатыны
көрсетілді: шашу, шашса, шашшы; қашу, қашса, қашшы т.б.
[қ], [к], [п] дауыссыздарының біріне аяқталған сөздер қосымшамен
түрленгенде, түбір соңындағы дыбыстың жазудағы өзгерісі көрсетілді:
жағу, жақ, жағады; қағу, қақ, қағады; қабу, қап, қапты, қабады; ағу, ақ,
ағады т.б.
Соңғы дыбысы [й] дауыссызы болып келген қой-, жай-, ой- тәрізді
етістік сөздердің қосымшалармен түрленгендегі жазылуы көрсетілді: қою,
қой, қояды, қояйын, қоюы; сою, сой, сояды, сояйын, союы т.б.
[рт] дауыссыздар тіркесіне аяқталған сөзге [с] дыбысынан
басталатын қосымша жалғанған сөздердің орфограммасы көрсетілді:
сөндірту, сөндірт, сөндіртті, сөндіртсе; тайдырту, тайдырт,
тайдыртты, тайдыртса т.б.
Ауызекі тіл арқылы игерілген кірме сөздердің жазылуы көрсетілді:
мәшине, мәйкі, бәнкі, пойыз, кәстөм-сым, кәлөш, кәстрөл т.б.
Бірге жазылатын тіркесті сөздердің жазылуы көрсетілді: қолорамал,
беторамал, асқасық, шайқасық, қолсағат, қолайна, желдиірмен,
будиірмен т.б.
Алдыңғы сыңары бір сөзімен, сондай-ақ -ым (-ім) жұрнағымен
келген ұлттық өлшем атаулары бірге жазылды: бірсалар, бірсауым;
сүтпісірім, көзкәрім, атшаптырым т.б.
Атаулық мән алған және жұрнақ жалғану арқылы бір ұғымды
білдіретін сөзге айналған тұрақты тіркестердің бірге жазылуы көрсетілді:
ержүрек, ержүректік, ержүректілік; көре алмау - көреалмаушылық; тізе
қосу - тізеқосушылық т.б.
-лық/-лік, -шылық/-шілік, -лы/-лі жұрнақтары арқылы бірге жазы-
латын
сөздердің
қатары
молайды:
малшаруашылық,
егіншаруашылық;жантүршігерлік, жатжерлік, адамсүйгіштік;
ашатұяқты,сүтқоректі, көпшілікқолды т.б,
Қосымша жалғануы қиындық келтіретін кейбір сөздердің жазылуы
көрсетілді: отбасы, отбасысы, отбасылар, әрқайсысы, әрқайсысына,
әрқайсысылар, әрқайсысымыз т.б.
Ботаника, зоология терминдерінің, яғни аң-құс, өсімдік атауларының
екі түбірден жасалғандарының, оның ішінде түс атауларымен келетін
қараторғай, қаракүйе, қаражидек, аққайың, қызылқайың, ақбидай,
қарабидай сияқты терминдер де, бір сыңары қой, сиыр, түйе,
қоян,am,аю,бөрі немесе ағаш,шөп, от, тікен, гүл, жапырақ, тамыр, құс,
балық, тауық, құрт сияқты жалпы атаулар болып келетін өсімдік, аң-кұс
атаулары бірге жазылды: киікот, мысықот, қойбалдырған, балдыршөп,
беренгүл, қырмызыгүл, жұлдызқұрт, қолқатамыр, мықтамыр т.б.
Сөздік соңында соңғы жылдары қолданыс жиілігі артып келе
жатқан, бас әріппен жазылатын кейбір жалқы есімдердің, атап айтқанда,
ертегі, миф, батырлар жыры кейіпкерлерінің; діни дискурстағы
онимдердің; тұрақты эпитетпен, титул мен құрметті атақпен келген жалқы
есімдердің; географиялық атаулар мен тұрақты эпитетке не жер-су
атауларының; мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, т.б. атауларының жазылу
емлесі көрсетілген арнайы Қосымша ұсынылды.
Сондай-ақ қосымша ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық
терминология комиссиясы бекіткен күрделі-кұрама терминдермен
толықтырылды. Аталмыш Қосымшаның тек үлгі ретінде берілгенін
оқырмандарымыздың есіне саламыз.
Сөздік соңында «Қазак тілінің негізгі емле ережелері» берілді.
Сөздіктен байқалған кейбір кем-кетікті көрсетіп, талап-тілек
білдірген оқырмандарға күнібұрын үлкен ризашылығымызды білдіреміз.
Сөздікке қатысты пікірлеріңіз бен ескертпелерінізді Тіл білімі
институтына мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: 050010, Алматы
қаласы, Құрманғазы көшесі, 29 үй, электрондық пошта:
tilbilimi@bk.ru
.
Нұргелді УӘЛИ
ҚЫСҚАРТУЛАР
авиац. - авиация термині
анат. -анатомия термині
аңшылық - аншылыққа қатысты
атау
археол. -археология термині
астр. - астрономия термині
асыл mac- асыл тас атауы
аспан- аспан атауы
ауылшар.-ауылшаруашылық
термині
ауру-ауру түрі
әдеб. - әдебиеттану термині
әск. - әскери термин
балық - балық түрінің атауы
биол. -биология термині
бот.- ботаника термині
геолог. - геология термині
геогр. - география термині
геом, -геометрия термині
ғыл. - ғылым саласына қатысты
сөз
діни - діни сөз
егіншілік - егіншілікке қатысты
атау
ескі кіт - ескі кітаби тілдегі сөз
ж. - және
жерг. - жергілікті сөз
жұлдыз - жұлдыз атауы
заң -заң термині
зерг. - зергерлік өнеріне қатысты
атау
зоол. – зоологиялық термин
инф. -информатика термині
кәде- кәде атауы
кәс. - кәсіби сөз
кеме - кеме көлігіне қатысты
термин
кен - кен ісіне катысты термин
көлік- көлік катынасына қатысты
термин
көне - көнерген сөз
кіт. - кітаби сөз
қарап. - қарапайым сөз
қаратпа - қаратпа сөз
қарг. - карғыс мағынасындағы
сөзқолданыс
қару - қару түрінің атауы
қоғ.-саяси- қоғамдық-саяси
термин
қолонер - қолөнерге катысты атау
көлік- көлік катынасы саласына
катысты термин
құр. - құрылыс термині
құрал - құрал атауы
құс - кұс атауы
қыстырма — қыстырма сөз
лингв. – лингвистикалық термин
мал ауруы -мал ауруының атауы
малшар. - малшаруашылығына
қатысты термин
мат. -математика термині
мата - мата түрінің атауы
мед. - медицина термині
миф. -мифологиялық ұғым
металлур. - металлургиялық
термин
мин. - минералогиялық термин
муз. - музыка термині
муз. аспап - музыкалық аспап
атауы
ойын - ойын атауы
од. - одағай
ою-өрнек- ою-өрнек түрінің атауы
өнер - өнерге қатысты термин
өс. -өсімдік атауы
пед. - педагогика термині
поэт. - поэтикалық қолданыстағы
сөз
полигр. -полиграфия термині
психолог. -психология термині
саят. - саятшылыққа қатысты
ұғым атауы
саяси - саяси термин
сәулет- сәулет өнеріне қатысты
ұғым атауы
сов. -советизм, Кеңес өкіметі
тұсындағы ұғым атауы
сөйл. - сөйлеу стиліне тән
сөзқолданыс
спорт -спорт термині
стат.- статистика термині
стиль- стильдік мақсатта
қолданылатын сөз
сушар. - сушаруашылығына
қатысты термин
тағам- тағам атауы
тамақ - тамақөнеркәсібіне
қатысты термин
тар. - тарихи термин
тау-кен - тау-кен өндірісіне
қатысты термин
теол. - теологиялық термин
терм. - термин сөз
тех.-техникалық термин
тоқыма - тоқыма өнеркәсібіне
қатысты атау
түйешар.- түйешаруашылығына
қатысты атау
тілек - тілек мәніндегі
сөзқолданыс
үст. - үстеу
фарм. - фармакологияға қатысты
термин
физ. -физика термині
физиол. - физиология термині
филос. – философиялық термин
фольк. - фольклорлық
сөзқолданыс
хим. -химия термині
шоқжұлдыз - шоқжұлдыз атауы
шыл. - шылау
эвф. -эвфемизм
экон. - экономикалық термин
экспр. - экспрессивтік
сөзқолданыс
этн. - этнографиялық ұғым атауы
этнон. - этнонимдік ұғым атауы
ыдыс - ыдыс-аяқ атауы
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|