Даниель дефо робинзон крузо



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата19.02.2017
өлшемі1,38 Mb.
#4510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
басқа балта, балға, ара, арқан, жіп және балауыз алып келдім. Мен маврдың 
аңқаулығын  пайдаланып:  «Моме,  қайықта  қожайынның  мылтығы  бар. 
Шамалы  оқ-дәрі  алсақ  қайтеді?  Құс  атып  жерміз,  әрі  кӛңіл  кӛтереміз, 
қожайынның оқ-дәрісі кемеде болады» — дедім. Ол: «Жарайды» — деді де, 
жүгіріп  барып  бір  қалта  дәрі,  бес-алты  қадақтай  бытыра  және  бірталай 
жалғыз оқ алып келді. Бәрін жиып қайыққа салдық. Қожайынның каютадағы 
жәшігінің түбінде шамалы дәрі жатыр екен, оны аударып бір үлкен бӛтелкеге 
салдым.  Қажетті  керек-жарақты  әзірлеп  алып,  Гаваньнан  балық  аулауға 
шықтық.  Гаваньның  кіре  берісіндегі  қарауыл  мұнарасында  тұрғандар  біздің 
кім  екенімізді  білді,  бірақ  біздің  кемемізге  кӛңіл  бӛлген  жоқ.  Жағадан  бір 
мильдей  шыққан  соң  желкенді  босатып,  балық  аулауға  әзірлендік.  Жел 
солтүстік  пен  шығыстың  аралығынан  тұрып,  менің  жоспарыма  қолайлы 
болмады, егер оңтүстіктен соқса— менің пайдам, ӛйткені онда мен Испания 
жақтағы жиекке жақындауыма, ең болмаса Кадиске дейін барып, дұрыс жон 
тартып  кетуіме  болатын  еді;  бірақ  қайдан  соқса  одан  соқсын,  әйтеуір  осы 
арадан алыстап кетсем, ар жағын тағдырға тапсырдым, кӛре жатармын деген 
ой түсті. 
Біраз уақыт ауласақ та жартымды ештеңе ұстай алмадық, мавр кӛрмесін 
деп  мен  әдейі  қармақты  судан  шығармадым,  тіпті  ілінген  балықты  да 
тартпадым.  Мен  оған  былай  дедім:  «Ау,  бұл  қалай  болды,  дым  түсіре 
алмадық  қой,  үйге  не  деп  барамыз,  қожайын  ұрсады  ғой,  ілгері 
барыңқырайық».  Мавр  менің  қулығымды  сезбегендіктен  мақұл,  барсақ 
барайық деді, ештеңе сезген жоқ, ӛйткені ол қайықтың тұмсығында отырған. 

16 
Sauap.org
 
Желкенді кӛтердім де, рульге барып отырдым, қайық тағы үш мильдей жүріп 
теңіздің  ортасына  қарай  шыққан  кезде,  балық  аулаған  кісі  болып,  қайықты 
тоқтата  қойдым  да,  рульді  балаға  бердім,  содан  кейін,  бір  нәрсе  іздеген 
болып  маврдың  арт  жағына  келдім  де,  белінен  қапсыра  құшақтап  кӛтеріп 
алып,  суға  атып  ұрдым.  Бір  сүңгіп  шықты  да,  қайыққа  қарай  қайта  жүзді. 
Мені  тастама, дүниенің  тӛрт бұрышын  араласаң  да  қасыңнан  қалмайын деп 
жалына  бастады.  Жүзгіштігі  сондай,  бӛтелкенің  тығынынша  қалқиды;  еріп 
қалмады,  мені  тез-ақ  қуып  жететін  түрі  бар,  ӛйткені  қайықты  жылдам 
жүргізуге  жел  болмады.  Қалмағасын  каютадағы  мылтықты  алдым  да  қарсы 
кезеп:«Егер  осы  арада  қалатын  болсаң,  мен  саған  ешқандай  жауыздық 
жасамаймын, ӛзің жүзгішсің, жел тынық, онан да жағаға қарай жүз, қазір-ақ 
барып  жетесің;  егер  сӛзімді  тыңдамай  жақындасаң  атам  да  ӛлтірем,  мен 
тұтқыннан  босанып,  басыма  бостандық  іздеп  бара  жатқан  адаммын»  — 
дедім, сол жерде ол бұрылып кейін қарай жүзді, аман-сау жеткен болар, ӛзі 
айтулы жүзгіштің бірі еді. 
Теңізге  баланы  тастап,  маврдың  ӛзін  алып-ақ  кетуге  шамам  бар  еді, 
бірақ оған сенуге болмады. Мавр едәуір жер ұзап кеткен соң бұрылып балаға 
қарадым (баланың аты Ксури еді) «Ксури!— дедім— егер сен мендік болсаң 
мен  сені  адам  етіп  шығарам,  егер  опасыздық  жасамаймын  деп  пайғамбар 
атынан ант бермесең, қазір сені де суға атам». Бала маған тура қарап жымия 
күлді де, сендікпін, қайда барсаң да қасында болайын деп ант берді. Баланың 
шын кӛңілмен айтқандығы бет-әлпетінен белгілі еді. 
Мавр қарасын үзіп кеткенше бұрылмастан теңіздің ортасына қарай тіке 
тарттым, себебі Гибралтар бұғазына қарай кетті деп ойласын дедім (әрбір есі 
бүтін адам осылай ойлар еді). Шынында басқа жаққа жӛн тартудың тіпті реті 
жоқ.  Реті  жоқтығы оңтүстікке  қарай  бұрылып  жағаға  жақындау  ӛте  қауіпті, 
қауіптілігі  сол  жаға  бойы  толған  негр,  қолына  түссең  ӛлтіреді,  жыртқыш 
аңдар да ӛте кӛп болады. 
Жағадан  тым  қашық  кетпес үшін,  ымырт  жабылып,  қас  қарайған  кезде 
бетті оңтүстікке қарай бұрдым, біздің бақытымызға жел шамалы еді, толқын 
болмады, ӛте жақсы жүзіп отырдық, келесі күні күндізгі сағат үш мезгілінде 
Марокко сұлтанының және де басқа сол жердегі билеушілердің шегінен жүз 
елу  мильдей  шығып  кеттік;  жан  адам  кездескен  жоқ,  әзір  аман-сау  жүріп 
келеміз. 
Маврдың  қолына  қайтадан  түсем  бе  деп  жаман  қорықтым,  қолайлы 
желді  пайдаланып,  жағаға  тоқтамастан  бес  күн  ұдайы  жүздік.  Бес  күннен 
кейін  жел  оңтүстікке  ауды,  артымыздан  қуғыншы  келсе,  жететін  уақыты 
болды, әзір ешкім кӛрінбейді, жететін шамадан асып кеттік, енді не де болса 
дем алайық деп жағаға келдік те, бір кішкене ағып жатқан ӛзеннің сағасына 
зәкірді  түсіріп  тоқтадық.  Ӛзеннің  қай  жақтан  ағып  келіп  жатқанын,  қандай 
елдің бар екенін тіпті білгенім жоқ; жағада адам кӛрінбеді, адамды кӛргім де 
келмеді.  Ыдысымызға  тұщы  су  құйып  алайық  деп  кешке  жақын  ӛзеннің 
түбіне келдік, қараңғы түсе ар жағына жүзіп шығып, жер қарамақшы болдық. 
Бірақ  кеш  болып,  қараңғы  түсе  бергенде  аңдардың  ақырған,  үрген,  ұлыған 

17 
Sauap.org
 
жаман  ащы  дауыстары  естілді,  уласып-шуласып,  азан-қазан  болды. 
Қасымдағы  бала  қорыққанынан  қайда  тығыларын  білмеді,  тұла  бойы 
дірілдеп,  үні  шықпай  қалды.  «Ағажан,  жағаға  қазір  бармайық,  күндіз 
барармыз» — деп маған жалынды. «Жақсы, Ксури, бармасақ бармайық, бірақ 
күндіз барсақ адамға кездесерміз, егер кездесе қойсақ олар бізге арыстан мен 
жолбарыстан  да  қауіптірек  болар»  —  дедім.  «Мейлі  кездесе  берсін,  келсе 
мылтықпен  атамыз,  сонан  соң  ӛздері  де  жоламайды,  қашады»—деп  Ксури 
күлді (Ксури елінде жүргенде тұтқындағылардан аздап ағылшынша үйренген 
екен). Баланың жүрегі орнына түсіп, кӛңілденіп күлгеніне қуанып, бір стақан 
қызыл  шарап  құйып  бердім.  Шынында  оның  айтқан  ақылы  теріс  емес, 
орынды еді. Зәкірді түсіріп, жасырынып түнімен тұрдық, жасырынып дейтін 
себебім: таң атқанша кӛзіміз ілінбеді, қай жағымыздан бәле келіп қалады деп 
алаңдаумен  болдық.  Сӛйтіп  отырғанымызда  судың  жағасына  үп-үлкен  бір 
мақұлық  келді.  Келді  де,  кеуделеп  суға  кірді,  жатып  аунады,  әрі-бері  суды 
шалпылдатты,  пырылдады,  пысқырды,  бір  кезде  судан  шығып,  мойнын 
тӛмен  салып  ерсілі-қарсылы  жүрді  де,  тұра  қалып,  адамның  жанын 
түршіктіргендей ащы дауыспен ӛкірді. 
Ксури  жаман  қорықты,  шынында  мен  де  қорықтым.  Бір  кезде  жаңағы 
аңдардың  бірі  суға  күмп  беріп  түсті  де,  бізге  қарай  жүзе  бастады.  Нендей 
мақұлық  екенін  кӛзіміз  кӛрмейді,  түн  қараңғы,  тек  пырылдап-қырқыраған 
дыбысын  естіп  тұрмыз.  «Бұл  келе  жатқан  арыстан  (шынында  да  арыстан 
болуы керек), тез зәкірді кӛтерейік те, қашайық, әйтпесе жазым болармыз» — 
деді Ксури. «Қой зәкірді кӛтерудің қажеті жоқ, шүймесін шамалап тартайық 
та,  жылжып  кейін  шегінейік,  бізді  қуар  деймісің»  —  дедім.  Ксуриге  мен 
айтып аузымды жұмғанша болмады, нендей аң екенін білмеймін, біреуі есік 
пен  тӛрдей  қасымызға  келіп  қалыпты.  Шынымды  айтайын,  шамалы 
асығыстық  еттім,  бірақ  жалма-жан  каютадағы  мылтықты  алдым  да  басып 
салдым, кілт бұрылып кейін қайтты. 
Мылтық  атылған  кезде  жағадағы  және  оның  ар  жағында  жүрген 
аңдардың  улап-шулағаны,  әкіргенін,  ұлығанын,  үргенін  ауызбен  айтуға 
мүмкін  емес,  кӛпке  дейін  басылмады.  Соған  қарағанда  бұл  жердегі  аңдар 
мылтық  даусын  естімеген-ау  деп  ойладым,  шынында  да  солай  болу  керек. 
Мен бұл түні қайықтан түсіп құрғаққа шығуды қойдым, таң атқан соң баруға 
тағы  жүрегім  дауаламады,  себебі  жабайының  қолына  түстің  не,  немесе 
арыстан мен жолбарыстың тырнағына іліндің не — бәрібір ӛлім. 
Дегенмен  құрғаққа  шықпай  амал  жоқ,  амал  жоқтығы  сол,  алып  келе 
жатқан ауыз суымыз бітті, бір тамшы қалған жоқ. Қайтсек те жағаға түсуге 
тура  келді,  бірақ  түскенде  қайда  барып  түсеміз,  қалай  түсеміз?  Мәселе 
осында  болды.  Ксури  тұрып:  «Тәуекел  құмыраны  бер  де  мені  жіберіңіз,  су 
тауып  келейін»  —  деді.  «Сен  қайықта  қалып  мен  барсам  қайтеді,  тап  сенің 
баруың міндет емес қой»  — дегеніме «Менің баруым керек қой, себебі мен 
сенің басыбайлы адамыңмын ғой» деген сықылды түсінік берді, «жабайылар 
келсе  мені  жейді,  сіз  тірі  қаласыз»  —  деді.  «Жоқ,  Ксури,  барсақ  екеуміз  де 
барайық, жабайылар сені де жемейді, мені де жемейді, келсе құралымыз бар, 

18 
Sauap.org
 
атып ӛлтіреміз» — дедім. Балаға қожайынның құтысынан бір жұтым шарап 
бердім; содан кейін жағаға таянып келдік те, суға қарғып түсіп, кешіп жағаға 
шықтық, екі құмыра және мылтықтан басқа еш нәрсе алғанымыз жоқ. 
Мен  жағадан  онша  кӛп  ұзаған  жоқпын.  Себебі  қайықты  кӛзімнен  таса 
қылғым  келмеді,  алыстап  кетсем  жабайылар  келіп  қайыққа  бас  сала  ма  деп 
тағы  қорқам.  Жиектен  бір  мильдей  жерде  жыра  ма,  сай  ма,  әйтеуір  бір 
ойпаңдау  жер  кӛзімізге  түсіп,  су  бар  шығар,  қарап  келейін  деп,  қолына 
құмырасын алып Ксури соған кеткен. Бір кезде қарасам, Ксури маған қарай 
жүгіріп  келеді,  апыр-ай,  бұл  я  аңнан  қорқып  келеді  немесе  артынан 
жабайылар қуып келе жатыр екен деген ой түсті, не де болса Ксуриді айырып 
алайын  деп  мен  де  қарсы  жүгірдім,  жақындап  қарасам,  иығына  салып  әп-
әйдік  бір  нәрсені  кӛтеріп  келеді.  Қоян  сықылды  бір  аң,  аяғы  ұп-ұзын. 
Екеуіміздің  де  қуанышымыз  қойнымызға  сыймады,  Ксуридің  тағы  бір 
қуанышы — тұщы су тауып алған және адам кӛзіне түспеген. 
Су  іздеп  босқа  әуреленіппіз,  сол  тоқтаған  жеріміздің  жанында  да  су 
жеткілікті екен, мұны артынан білдік. Бар ыдысты суға толтырдық. Қоянды 
сойып  той  жасадық.  Жан  адам  кездескен  жоқ,  енді  ілгері  қарай  жүргелі 
отырмыз. 
Бұрын  жолаушылап  жүргенімде,  осы  маңда  бір  рет  болғанмын, 
сондықтан  Канар  аралы  мен  Жасыл  мүйіс  аралы  құрғақтан  онша  қашық 
болмауы  керек,  бірақ  қанша  жерде  тұрғанымызды  байқап  білуге  қолда 
керекті  құрал  жоқ  және  бұл  аралдың  қай  жағымызда  тұрғаны  да  белгісіз, 
анық  білмеймін,  ұмытып  қалыппын,  енді  қалай  қарай  жӛн  тартудың  есебін 
таба  алмай  кӛп  тұрдым.  Ендігі  бар  сенгенім:  егер  осы  бетіммен  теңізді 
жағалап  жүре  берсем,  әйтеуір  бір  елдің  шетіне  соғармын  немесе  ағылшын 
кӛпестерінің  кемесіне  кездесермін,  сӛйтіп  құтылармын  деген  ой  түсті, 
ӛйткені  ағылшын  кемелері  үйренген  дағды  бойынша  бұл  жерлерде  жүре 
беретін. 
Менің  есебімше  осы  тұрған  жеріміз,  Марокко  сұлтаны  мен  негрлердің 
шегінің  қарсы  алды  болу  керек,  бұл  жерлерде  аңнан  басқа  ел  болмайды, 
жапан  дала,  ертеректе  негрлердің  мекен  еткен  жері  болғанмен  маврлардан 
қорқып  оңтүстікке  қарай  босып  кеткен,  ал  маврлар  негрлерден  алғанмен, 
қонысқа  қолайсыз,  топырағы  құнарсыз  болғандықтан  кӛшіп  келмеген, 
шынында  екі  жағына  да  арыстан,  жолбарыс  сықылды  жыртқыш  аңдар  күн 
бермеген  болар,  мұндай  аңдар  осы  аралдарда  адам  айтқысыз  кӛп  болады. 
Сонымен  маврлар  бұл  жерлерге  мыңдаған,  жүздеген  адам  болып  келіп,  аң 
аулап  қайтады  екен.  Сондықтан  жүз  мильдей  жер  жүрсек  те  құлазыған 
шӛлден  басқа  ешқандай  адам  кездескен  жоқ,  ал  түнде  жабайы  андардың 
ақырған даусынан басқа еш нәрсе естігеніміз жоқ. 
Күндіз мұнарланып Тенериф тауы кӛрінген сықылды болды, бұл Канар 
аралындағы ең биік таудың бірі, соған тіке тартуға қайықтың басын екі рет 
бұрып  ем,  жел  қарсы  алдымыздан  шығып,  толқын  жібермеді  және  ӛте 
қорқынышты  болды.  Енді  не  де  болса  әуелгі  жобамнан  айрылмайын  деп 
теңізді жағалап жылжи бердім. 

19 
Sauap.org
 
Босаған  ыдыстарға  ауыз  су  құйып  алу  үшін  әлгі  жерден  шыққаннан 
кейін  де  жағаға  таяу  жүріп,  бірнеше  рет  тоқтауға  тура  келді.  Бір  күні  таң 
сәріде  бір  биік  мүйістің  түбіне  келіп  тоқтадық,  ӛйткені  сол  арада  тұрып, 
судың  толық  тасығанын  күтіп  жағаға  шықпақшы  болдық.  Бір  кезде  Ксури, 
оның  кӛзі  менің  кӛзімнен  гӛрі  қырағылау  болу  керек,  «жағадан  алысырақ 
кетелік,  әне  бір  жатқан  аңды  кӛрдіңіз  бе,  ойпыр-ай,  түрі  қалай  жаман,  ӛзі 
ұйықтап жатыр ғой» — деді ақырындап қана. Басымды кӛтеріп алып сілтеген 
жағына  қарасам  айтқанындай-ақ  бар  екен,  алпамсадай  бір  арыстан  жардың 
кӛлеңкесінде  тұмсығын  аяғының  астына  тығып  ұйықтап  жатыр.  Ксуриге: 
«Бар  да,  ӛлтір»  —  деп  ем,  «ойбай  қой»  —  деп  бала  жоламады.  Қайырып 
ештеңе айтқаным жоқ, «орныңнан тырп етіп қозғалма» — дедім де, үлкендігі 
мүшкеттей бір құс мылтығын алдым да дәріні молырақ етіп салып, үлкен екі 
қорғасын  оқпен  оқтадым,  екінші  мылтыққа  ірі-ірі  екі  оқ  салдым,  үшінші 
мылтыққа (бізде құс мылтығы үшеу болатын) кішілеу бес оқ салдым, сӛйттім 
де,  үлкен  мылтықты  қолыма  алып  кӛздеп  басып  салдым.  Апыр-ай,  басына 
неғып тимеді дедім де, жалма-жан тағы аттым, бұл атқаным кӛздеген жерден 
дәл  тиіп,  омақаса  барып  құлады,  олай-бұлай  қарғуға  шамасы  келмей,  тек 
ыңырсып қана жатты. Ксуриге ерлік пайда болып, жағаға жіберуімді ӛтінді. 
«Барсаң бар» — дедім. Қарғып суға түсті де, бір қолымен мылтығын кӛтеріп 
жүзіп ар жаққа шықты, қасына тӛніп барды 
да,  мылтықтың  аузын  құлағына  тақап  тағы  атты,  сӛйтіп,  арыстанды 
ӛлтірді.  Атып  алғанымыз  атақты  аң,бірақ  одан  не  пайда,  етін  жеуге 
жарамайды,  «Әй,  үш  оқты  босқа  шығардым-ау»  —  дедім.  Қайыққа  қайтып 
келген  соң,  Ксури  менен  балта  сұрады.  «Оны  қайтесің?»  —  деп  сұрап  ем, 
«басын кесіп алайын деп едім» — деді. Бірақ басын кесіп алуға әлі келмеді, 
тек бір аяғын кесіп әкелді, аяғының үлкендігіне адам таң қаларлық. 
Мұның терісін алсақ қайтер екен, бір нәрсеге жарар еді деген ой түсті, 
Ксури екеуіміз бардық та, терісін іреуге кірістік, бірақ мен қалай союды, қай 
жерінен  бастауды  білмедім,  Ксури  менен  гӛрі  икемді  екен,  екі  жақтап  іреп 
сойып  жатырмыз.  Күні  бойы  азаптанып  ақыры  теріні  сыпырып  алдық-ау. 
Теріні керіп каютаның үстіне жаптық. Екі күннен кейін тері қаудырлап кепті, 
зиян болған жоқ, астыма тӛсек болды. 
Әлгі  тоқтаған  жерімізден  оңтүстікке  қарай  он  күн  жүрдік,  бар  азықты 
үнемдеп  келеміз,  ауыз  су  алу  үшін  болмаса,  құрғаққа  шықпаймыз.  Менің 
ойым — Гамбаның немесе Сенегалдың мүйісіне жақындасақ, ең болмаса бір 
тоқтайтын жерге жетсек, бір қараға соғар едік, егер соға алмасақ, ол жӛннен 
бұрылып  арал  іздеу  керек,  әйтпесе  осы  арада  қалып  негрлердің  қолында 
ӛлуге  тура  келеді.  Еуропа  жақтан  келетін  кемелер  қайда  барса  да,  мейлі 
Гвинеяға,  мейлі  Бразилияға,  мейлі  Ост-Индияға  барсын,  Жасыл  мүйістің 
немесе  әлгі  айтқан  аралдардың  жанынан  жүретіні  маған  белгілі,  сондықтан 
осы айтылған жерлерге жетіп, кемеге кездесу немесе ӛлу — онан басқа айла 
жоқ. 
Сӛйтіп,  тағы  да  он  күндей  жол  жүрдік.  Екі-үш  жерде  жағада  жүрген 
адамдарды кӛрдік, олар да бізге қарады. Ӛздері кӛмірдей қап-қара, үстерінде 

20 
Sauap.org
 
киім  жоқ  тырдай  жалаңаш,  бәрін  де  анық  кӛріп  келеміз.  Бірде  жағаға 
шықпақшы болып ем, Ксури безек қағып болмады. Дегенмен олармен тілдесу 
үшін  жағаға  жақындадым.  Олар  менің  ойымды  білген  болу  керек,  жиекті 
жағалап  артымыздан  жүгіріп  отырды.  Байқаймын,  қолдарында  құралдары 
жоқ,  тек  біреуінің  қолында  ғана  ұзын  жіңішке  таяқ  бар.  Ксури  оның  таяқ 
емес,  садақ  екенін,  жабайылар  садақпен  атуға  ӛте  мерген  келетінін  айтып 
түсіндірді. Солай деген соң азырақ шегіндім де, әлгілерге қарап ым қақтым, 
білгенімше бірдеме түсіндірген болдым, сұрағаным тамақ болды, беретін не 
жәрдемдерің  бар  дегенді  сездірдім.  Олай  болса  қайығыңды  тоқтат,  жейтін 
тамақ  алып  келіп  берейік  деді олар да  ымдап.  Қайықты  тоқтатып,  желкенді 
түсіргенімде,  екеуі  әрі  қарай  жүгіріп  кетті,  жарты  сағат  болды  ма,  болмады 
ма, екі бӛлек ет, қос уыстай дән алып келді. Біз оның ненің еті екенін, нендей 
дән екенін білмедік, бірақ алайық деген кӛңіл білдірдік. Қайықтан түсіп бара 
алмадық,  себебі  қорықтық,  ӛздері  бізден  де  жаман  қорқып  тұр.  Ақырында 
олар  екі  жаққа  бірдей  қауіпсіз  ақыл  тапты:  ет  пен  дәнді  жиекке  қойды  да, 
ӛздері  ұзап  едәуір  жер  кетті,  біз  әлгі  азық-түлікті  әкеліп  қайыққа  салғанға 
дейін, орындарынан қозғалған жоқ. 
Бас  изеп  кӛп-кӛп  алғыс  айттық,  онан  басқа  жарылқайтын  еш  нәрсеміз 
жоқ еді. Дегенмен тап сол мезгілде оларға жәрдемдесіп едәуір еңбек сіңіруге 
тура  келді.  Жағадан  жылжып  шыққанымыз  сол,  тау  жақтан  бір-екі  аң 
шапқылап  келді  де,  суға  түсті.  Бізге  бірін-бірі  қуып  келе  жатқан  сықылды 
кӛрінді: ұрғашысын қуып келе жатқан еркегі ме, немесе жарысып ойнап келе 
ме, әйтпесе, таласып, жеңілгені қашып келе ме, о жағын біле алмадық, келді 
де бірден суға түсті, бұл жердегі андардың бүйтіп жүретін күндегі әдеті ме, я 
болмаса  кездейсоқ  ретте  кездесіп  қалды  ма  бұл  тағы  белгісіз.  Бірақ  олай 
дейін десем жыртқыш аңдар күндіз некен-саяқ болмаса, кӛбінесе кӛрінбейді, 
ал енді күндегісі осы шығар дейін десем, жағада тұрған адамдар қорыққаннан 
жанын қайда қоярға білмеді, әсіресе әйелдер жағы жаман қорықты. Қолына 
садақ  ұстап  тұрған  адамнан  басқалары  алды-артына  қарамай,  тым-тырақай 
бет-бетіне  қашты.  Бірақ  аңдардың  негрлермен  жұмысы  болған  жоқ,  бой 
кӛрсетейін  деген  секілді  суға  түсті  де  жүрді.  Сӛйтіп  тұрғанымызда,  біреуі 
жүзіп  қайықтың  қасына  келді,  бүйтеді  деген  тіпті  ойымда  болсайшы;  бір 
мылтықты оқтадым да, Ксуриге екіншісін жасай бер деп, жауды қарсы алуға 
әзірлендім.  Мылтық  жетер  жерге  жүзіп  келе  берген  шамада  кӛтеріп  алып 
басып салдым, оқ нақ маңдайдан барып тиді: суға бірден батып кетті, батып 
қайта  шықты  да  жағаға  қарай  жүзді,  жанталасқан  болу  керек,  жиекке 
шыққанша  бір  батып  бір  шығумен  болды,  жиекке  жақындағанда  жүзуге  де 
жарамай әлсіреп барып жығылды. 
Бейшара  жабайылардың  мылтық  даусынан  қорыққандарын  айтып 
боларлық  емес:  кейбіреулері  қорыққаннан  жерге  құлады.  Бірақ  аңның  ӛліп 
суға батқанын кӛріп, және менің бері жақындаңдар деген ишаратыма түсініп 
жүректері  орнына  түсті.  Мен  суға  түстім  де,  аңның  артқы  аяғына  арқан 
байлап,  бір  ұшын  жиектегі  негрлерге  лақтырдым,  олар  тартып  құрғаққа 

21 
Sauap.org
 
шығарды.  Ӛлтіргенім  қабылан  екен,  тым  ірі,  әдемі  жүні  құлпырып  тұр. 
Негрлер немен ӛлтіргенімді білмей таң қалды. 
Аңның екіншісі мылтық даусы шыққан соң-ақ зытты, сол қашумен тауға 
барып  кірді;  оның  нендей  аң  екенін  алыс  болғандықтан  болжай  алмадым. 
Негрлер ӛлген қабыланның етін жегісі келіп тұрғанын сездім де, алыңдар деп 
ым  қақтым,  айтуым-ақ  мұң  екен  жабыла  бас  салды,  бастарын  изеп  алғыс 
айтып жатыр. Бірден союға кірісті, қолдарында пышақтары жоқ, қыры ӛткір 
ағашты  пышақ  орнына  жұмсады,  олай  етіп  біз  пышақпен  де  соя  алмаспыз, 
әне-міне  дегенше  терісін  сыпырып,  етін  бұтарлап  алды.  Терісін  түсіріп 
болған  соң,  еті  сізге  керек  емес  пе  деп  маған  ишарат  қылды,  сіздерге 
бергенім,  тек  терісін  берсеңіздер  болғаны  дедім,  сӛз  айтқан  жоқ,  берді. 
Ӛздері әбден риза болды. Тағы да едәуір азық-түлік алып келіп берді, нендей 
азық  екенін  білмесем  де  алдым.  Бұдан  кейін  су  сұрадық,  бос  құмыраларды 
тӛңкеріп  түбін  кӛрсеттім.  Ӛздерінше  бірдеме  деп  айқайлап  еді,  күйдірген 
балшықтан жасаған бір үлкен ыдыспен екі әйел су алып келді (меніңше күнге 
күйдірген  болу  керек).  Ксуриді  жіберіп  құмыраның  үшеуін  де  шүпілдетіп 
тұщы суға толтырып алдым. Су алып келген әйелдер де еркектері сықылды 
тырдай жалаңаш. 
Бірталай азық-түлік және ауыз су алып қонақжай негрлермен қоштасып 
жүріп кеттік. Сол бетімізбен жағаға жақындамай он бір күн ұдайымен жүздік. 
Сӛйтіп келе жатқанымызда шамасы он бес мильдей жер алдымызда қылтиып 
бір  құрғақ  жердің  қарайып  қабағы  кӛрінді,  кӛрінген  жердің  кӛлемі  тар, 
сызған  сызыққа  ұқсап  иректеліп  жатыр.  Қайықтың  басын  бұрдым  да  соған 
қарай  тарттым.  Қатарына  келе  берген  шамада  теңіз  жақтан  тағы  бір  бӛлек 
жер кӛрінді, сол жерде есіме түсе қалды, мынау сызықтанып кӛрінген баяғы 
айтқан  Жасыл  мүйіс,  ал  ана  кӛрінген  сол  есімді  аралдардың бір  шеті.  Бірақ 
ӛте алыс, жуық маңда жете алатын түріміз жоқ, егер жел тұрып кетсе аралға 
да немесе әлгі кӛрінген қылбуытқа да жете алмайтыным анық. Енді не қылу 
керек, жете алмағанда қалай жүру керек, әрі ойлап, бері ойлап тыңғылықты 
бір қорытындыға келе алмадым. 
Ойлай-ойлай  басым  қатып  шаршадым,  рульді  Ксуриге  беріп,  каютаға 
кіріп отырдым, сол кезде Ксуридің: «Қожайын! Қожайын! Желкен кеме!» — 
деп  айқайлаған  даусы  естілді.  Бізді  қуып  келе  жатқан  маврдың  кемесі  екен 
деп байғұс бала зәресі ұшып, жаман қорқыпты; кеменің маврдікі емес екені 
ӛзіме  аян, ӛйткені біз  маврдан  кӛп жер  ұзап  кеттік,  сондықтан одан  келетін 
қауіп-қатердің  жоқтығын  сездім.  Секіріп  тысқа  шықсам  айтқанындай  кӛз 
ұшында  бұлдырап  кетіп  барады,  негрлерге  бара  жатқан  португаль  кемесі 
екенін  бірден-ақ  таныдым.  Абайлап  аңдап  қарасам  аралға  соғатын  түрі 
кӛрінбейді, бет алысы басқа; қалай да болса соларға жолығу үшін қайықтың 
желкенін барынша кӛтеріп теңіздің ортасына қарай біз де салдық. 
Қанша қатты жүргенмен қуып жете алмайтынымды, біз белгі бергенше 
оның  кӛп  жер  ұзап  кететінін  білдім;  нақ  сол  кезде,  сірә,  дүрбімен  қарап 
кӛрген  болар,  кемесінің  желкенін  босатып,  жүрісін  бәсеңдетейін  деді  және 
бізді қазаға ұшыраған кеменің қайығы екен деп ойласа керек. Кеме бізді қуып 

22 
Sauap.org
 
жетсін  деп,  желкенін  босатып,  жүрісін  жайлатты.  Бұған  қатты  қуандым. 
Біздің  қайығымызда  қожайынның  кемесінен  алынған  жалау  болатын,  соны 
алдым да, біз апатқа ұшыраған адамбыз деген белгі беріп бұлғай бердім және 
мылтық  аттым.  Олар  мылтықтың  түтінін  және  жалауды  кӛріп  кемені 
тоқтатты,  кеме  тоқтағаннан  кейін,  ӛзіме  бір  ерекше  күш  пайда  болды,  үш 
сағаттай жүріп кемеге келдік. 
Кімсің,  қайдан  жүрген  адамсың  деп  французша,  португальша  және 
испан  тілімен  жабырласып  сұрап  жатыр,  бірақ  біреуіне  де  түсіне  алмадым, 
ақырында  бір  шотланд  матрос  менімен  ағылшынша  сӛйлесті,  мен  оған 
ӛзімнің ағылшын екенімді, Салехтағы маврдың тұтқынынан босанып қашып 
келе  жатқанымды  түсіндірдім.  Бұдан  кейін  мені  және  менің  қосшымды 
қошемет кӛрсетіп кемеге шақырды, біз келіп кемеге міндік. 
Тұтқыннан  босанғаныма  қуандым,  қуанбасқа  не,  әбден  күдер  үзген  кез 
еді  ғой.  Кеменің  капитанына  келдім  де,  мені  ажалдан  құтқарғаны  үшін 
қолдағы  дүние-мүлкімнің  бәрін  беретінімді  айттым.  Бірақ  ол:  «Еш 
нәрсеңіздің  керегі  жоқ,  мырза.  Бразилияға  барған  соң  бәрін  де  ӛзіңізге 
қайтарып  берем,  мен  сізді  ӛлімнен  құтқардым,  егер  мен  сіздің  қазіргі 
халіңізде  болсам,  ӛзім  де  қуанған  болар  едім.  Ал  мұндай  оқиға  әр  уақытта 
болады. Қазір сенің барыңды сыпырып алсам, Бразилияға барған соң бәрібір 
аштан  ӛлесің,  егер  олай  болатын  болса,  менің  сені  ажалдан  құтқарғаным 
қайсы, жоқ, ағылшын мырза, бір тиыныңыздың керегі жоқ, барған жеріңізде 
сатып  әл-ауқат  етерсіз,  Бразилияға  жеткізгенім  үшін  ешнәрсе  алмаймын, 
Бразилияға барғансын заттарыңды сатып, еліңе қайтуға жол қаражат етерсің» 
— деп жауап берді. 
Капитан ӛзінің кішіпейіл, есіркегіш адам екенін тек сӛз жүзінде емес, іс 
жүзінде де кӛрсетті, айтқанын бұлжытпай орындады. Менің бар мүлкімді, ең 
ақыр  аяғы  үш  құмырама  дейін  тізімге  жазып,  ӛзінің  қарауына  алды,  мұның 
мүлкіне  біреуің  қол  сұғушы  болмаңдар  деп  теңізшілерге  әбден  тапсырды, 
жасаған  тізімін  менің  қолыма  берді  де:  «Барған  жерде  осы  тізім  бойынша 
түгендеп ал» — деді. Капитан менің қайығымның жақсы екенін кӛріп маған 
былай  деді:  «Егер,  сатсаңыз  алайын,  бағасына  не  сұрайсыз»  —  деді.  «Сіз 
маған қай жағынан болса да кӛп жақсылық еттіңіз, сондықтан қайыққа пәлен 
деп баға қоймаймын, ӛзіңіз беріңіз де алыңыз» — дедім. «Олай дейтін болсаң 
қайықтың бәсі сексен пиастр болсын, бірақ Бразилияға барған соң кімде-кім 
менің бергенімнен артық берсе мен де соны берейін» — деді. «Мақұл, болса 
болсын» — дедім. Және мына баланды да қалдыр, алтын есебімен алпысты 
ал  деді.  Қиын-қыстау  заманда  кездесіп  жолдас  болған  бала  еді,  оның  еркін 
ақшаға сатқым келмейтінін капитанға түсіндіріп ем, олай болса сен менімен 
шарт  жасасудан  қашпа,  егер  ол  христиан  дініне  кірсе,  он  жылдан  кейін 
басына бостандық беріп баланы ӛз еркіне жіберейін деді; Ксуридің ӛзі де осы 
капитанның қасында қалғысы келді, олай болса жарайды деп мен де ризалық 
білдірдім. 

23 
Sauap.org
 
Бразилияға дейін сапарымыз оң болды, жиырма екі күн дегенде аман сау 
Тодос лос Сантос немесе Күллі Әулиелерге келіп кірдік. Сонымен мен адам 
баласы ұшырайтын ауыр халден құтылдым. 
Португаль  кемесі  капитанының  кішіпейілдігін,  маған  істеген  ізгілігін 
ӛмірімде ұмытпаспын. Алып келгені үшін бір тиын ақша алған жоқ. Сабақты 
жібіме тигізбестен, бар мүлкімді түгел қолыма берді, аң терілерін, бір жәшік 
шарапты, екі мылтықты, балауыздың қалғанын, тағы да басқа ӛзімнің сатқым 
келген заттарымның бәрін де алды. Қысқасы не керек, осылардың бәрінен екі 
жүз жиырма сомдай алтын ақша құрастырып, Бразилияға келіп түстім. 
Капитан  келісімен  мені  бір  танысының  үйіне  ертіп  келді,  о  да  ӛзі 
сықылды  бір  кішіпейіл  адал  кісі  екен.  Бұл  кісі  қант  плантациясының  және 
қант  зауыты  қожасы  екен.  Мен  оның  үйінде  кӛп  уақыт  тұрдым,  осының 
арқасында барлық ӛндірістерін аралап және қант ӛсімдіктерімен таныстым. 
Менің  Лиссабоннан  келген,  ұлты  ағылшын,  ата-тегі  Уэлз  деген  бір 
португаль  кӛршім  болды.  Ол  да  сол  мен  сықылды  жағдайда  тұрып  қызмет 
істеді. Оны кӛрші дейтін себебім, плантациясы менің плантацияммен шектес 
еді, екеуіміз ӛте дос болдық; менің де, оның дакапитал айналымыз кӛп емес; 
әуелгі  екі  жылдың  ішінде  екеуіміз  де  плантациядан  тек  тамақ  асырарлық 
жағдайда болдық. Екі-үш жыл ӛткеннен соң табысымыз кӛбейіп, ауқаттануға 
айналдық,  үшінші  жылы  бір  бӛлек  жерге  темекі  ектік,  енді  бір  кесім  жерді 
келесі жылы қант ӛсімдігін егуге дайындап қойдық, бірақ екеуіміз де жұмыс 
қолына  мұқтажбыз,  Ксуриді  бекер-ақ  қалдырғандығым  сонда  барып  есіме 
түсті. 
Бірақ не пайда! Еш уақытта ақылды болып кӛргенім жоқ, сондықтан бұл 
жолы  да  жаңылысқаным  таң  қаларлық  нәрсе  емес.  Енді  осы  жерде  тұра 
беруден  басқа  амалым  қалған  жоқ.  Жаратылысыма  ешқандай  жанаспайтын 
іске кірісіп, ӛз басымды ӛзім шырмадым, менің бұл ісім туып-ӛскен жерімді 
тастап, ата-ананың ақылын аяқ асты етіп, жас басымнан кӛксеген мақсатыма 
да бүткілдей қайшы еді, әкем айтқан жұпыны тұрмысқа қолым жеткені рас, 
бірақ  мұндай  тұрмысқа  дүниені  шарламай-ақ,  үйде  отырғанда  да  қолым 
жететін  еді  ғой.  Мен  кӛбінесе  ӛзіме-ӛзім  отанымнан  бес  мың  миль  жердегі 
жат  елге  келмей-ақ,  жабайылармен  араласпай-ақ,  Лондонның  ӛзінде, 
достарымның арасында осындай ӛмір сүруге болатын еді ғой, енді мен елді 
кӛру түгіл, одан хабар да ала алмаспын деуші едім. Плантаторлардың жақсы 
тұрып, тез байитынын кӛріп, мен де осымен айналыса бастадым. 
Осындай  қайғылы  пікірлерді  ойлай-ойлай  Бразилияға  әбден  берілдім, 
қоныс тептім. Жалғыз плантатор кӛршім болмаса, басқа ақылдасып сӛйлесер 
кісім жоқ, онымен де сирек кездесем, себебі жұмыс кӛп, қол тимейді, барлық 
жұмысты  ӛзім  істеймін;  маған  осы  араның  адам  баласының  аяқ  баспаған 
аралынан артықшылығы шамалы, жым-жырт, жан адам жоқ сықылды. Елсіз-
күнсіз  аралда  жападан-жалғыз  қалған  кезімде  тағдырдың  мені  қарғауы 
орынды еді және ӛзінің осындай халдерін, бұдан да жаман хал-жағдайлармен 
салыстырса,  қорешектің  минӛт  сайын  алмасып  және  бұрынғы  жағдайдың 
бақытты екенін тәжірибе ретінде кӛрсете алатынын ескеруге кім-кімге болса 

24 
Sauap.org
 
да  пайдалы  болар  еді!  Тағы  да  айтайын,  аралда  жалғыз  ӛмір  сүруге  тура 
келген кезде тағдырдың мені жазалауы ӛте орынды, егер мен шыдамсыздық 
етпей, сол кездегі халімді елсіз аралдағы халмен бірдей деп салыстырмай, сол 
бастаған  ісімді  соза  бергенде  байлыққа  да  және  бақытқа  да  жеткен  болар 
едім. 
Мені апаттан құтқарып, Бразилияға алып келген капитан еліне қайтқанға 
шейін  менің  қант  плантациясы  туралы  жобам  белгілі  бағыттан  тайған  жоқ; 
оның  кемесі  Бразилияда  үш  айға  жақын  тұрды,  керекті  жүктерін  толтырып 
тиеп  алғанша  кеткен  жоқ,  Лондонда  қалған  ақшам  туралы  капитанға  барып 
ақылдасқанымда ол кісі былай деп жауап берді: «Ағылшын мырза — (ол мені 
әр уақытта осылай деп атайтын) менің қолыма сенім қағаз бер де, ақшаңды 
тапсырып  кеткен  кісіңе  хат  жаз,  жазғанда  сол  ақшаны  осы  жаққа  ӛтімді 
тауарлардан тауар алып, менің кӛрсеткен мекен-жайым бойынша Лиссабонға 
жіберсін;  егер  құдай  оңдап  аман-сау  қайтып  келсе,  түгел  ӛз  қолыңа 
тапсырайын.  Бірақ ақшаңның  бәрін  алдырма, жаман айтпай жақсы жоқ,  кім 
біледі  келе  жатқанда  қазаға  ұшыраса,  бәрінен  де  айрылып  құр  алақан 
қаларсың,  жүз  фунт  стерлинг,  яки  капиталыңның  жартысынан  артық 
алдырма.  Егер  ақшаң  пайдасымен  келетін  болса,  айналымға  жібересің,  ал 
егер жолда келе жатқанда жоғалып кетсе, аз да болса қалады ғой». 
Ақылы әрі орынды, әрі нағыз достық ақыл, мұнан артық ақылды ойлап 
табуға  болмайды.  Сондықтан  сенім  қағазды  жаздым  да,  қолына  бердім, 
ақшамды тапсырып кеткен ағылшын капитанының әйеліне хат жаздым. 
Хатта  бастан  кешкен  оқиғаларымды,  қалай  тұтқынға  түскенімді,  қалай 
қашқанымды,  теңізде  португаль  кемесіне  кездесіп  аман  қалғанымды  және 
капитанның  істеген  жақсылығын,  тағы  басқалар  туралы  қалдырмай  түгел 
жаздым.  Хаттың  ақырында  қазіргі  жағдайымды,  не  істеп  жатқанымды  және 
қажетті  тауар  жіберу  туралы  айттым.  Капитан  Лиссабонға  келісімен 
ағылшын кӛпестері арқылы Лондонда тұратын бір кӛпеске хат жазып, тауар 
туралы  тапсырыс  берген  және  менің  бастан  кешірген  уақиғаларымды  түгел 
жазған.  Лондон  кӛпесі  екі  хатты  да  кешіктірмей  капитанның  әйеліне 
тапсырған, капитанның әйелі айтқанымдай барлық тапсырғанымды орындап 
және  маған істеген жақсылығы  үшін  португаль  капитанына  сыйлық  ретінде 
біраз ақша жіберген. 
Лондон  кӛпесі  менің  жүз  фунтыма  ағылшын  тауарын  сатып  алып, 
Лиссабонға  жіберген,  ал  португаль  капитаны  бұл  заттардың  бәрін  түгел 
менің  қолыма  тапсырды.  Капитан  мен  айтпасам  да  ӛз  бетімен  әлгі 
тауарлармен бірге жер ӛңдейтін бірталай құрал-сайман және үй ішіне керекті 
заттар  әкелді.  Мұның  бәрі  менің  плантацияда  жұмыс  істеуіме  ӛте  қажетті 
заттар еді, сондықтан бәрі кәдеге асты. 
Жүгім аман-сау қолыма тигенде қуанғаным сондай, енді бүгіннен бастап 
болашағым қамтамасыз ғой деп есептедім. 
Менің  қамқоршы  капитаным  әлгі  айтқандардан  басқа  бір  жұмыскер 
алып  келді,  Робинзонға  алты  жыл  қызмет  істейсің,  күнің  біткенше  басқа 
жаққа  кетпейсің  деп  оның  қолынан  міндеттеме  алыпты.  Алып  келген 

25 
Sauap.org
 
адамның  шығынының  бәрін  де  ӛз  жанынан  жұмсапты,  тӛлейін  деп  ем, 
алмады.  Алмаған  соң  ӛз  еңбегімнің  жемісі  ғой,  ең  болмаса  бір  тай  темекі 
алып кетіңіз деп ӛтініш қылдым. 
Менің  тауарларымның  бәрі  де  ағылшынша  істелген  кенеп,  байқа, 
мауыты,  шұға  сықылды  қымбатты  тауарлар.  Мұндай  заттар  осы  елде  нағыз 
ӛтімді  тауарлар,  алып  келген  тауарлардың  бәрін  толып  жатқан  пайдасымен 
бірін  қалдырмай  саттым,  содан  кейін  капиталым  бұрынғысынан  тӛрт  есе 
кӛбейді.  Осының  арқасында  ӛзімнің  плантациялау  жӛніндегі  кӛршімнен 
әлдеқайда  асып  кеттім,  ӛйткені  ендігі  ойым  бір  құл-негр  сатып  алу  және 
Лиссабоннан капитан алып келген еуропалық қызметшіні жалдау болды. 
Қолдағы байлықты дұрыс пайдалана алмасаң ол ӛзіңе кӛр қазады, небір 
жаманшылыққа  ұшыратады,  сол  жаманшылыққа  мен  ұшырадым.  Келесі 
жылы ӛзімнің плантациямнан әрқайсысының ауырлығы жүз қадақтай артық, 
екі тай темекі жинап алдым, бәрін де жақсылап кептіріп Лиссабоннан келетін 
кемеге  әзірлеп  сарайға  салдым  да  қойдым.  Жұмыс  кӛбейді;  неғұрлым 
байыған  сайын,  басым  жоспар-жобаға  лық  толды,  ойлаған  жоспарым 
қарамағымдағы  қаржы-құралдармен  орындаларлық  жоспар  емес,  қысқасын 
айтқанда,  мен  түгіл,  менен  гӛрі  ұсынақты  адамдарды  құлатып,  құртатын 
жоба еді. 
Мен сол бұрынғы ӛзім таңдаған бағытта қалғанда, әкемнің айтқан орта 
дәрежелі рақат тұрмысына жеткен болар ем. Бірақ менің тартатын сазайым, 
тиісті  сыбағам  басқа  екен:  әуелден  маңдайға  жазылған  барлық 
бақытсыздығыма  бұрынғыша  ӛзім  кінәлімін.  Бақытты  тұрмыс  есігін  ашып, 
құшағын  жайып  тұрған  кезде,  мен  қайтадан  үлкен  қырсыққа  тап  болдым, 
мұның  ӛзі  ойды-қырды  кезуге  ынтықтығымнан,  алды-артын  ойламаған 
есерсоқ қарыспалығымнан болды. 
Баяғы  үйден  қашып  кеткенім  сықылды,  тап  осы  күнгі  күйіме  де 
қанағаттанбадым.  Мүмкін,  мен  байлықтан  бас  тартқан  болармын  —  жоқ, 
олай  емес,  менің  мақсатым  барға  місе  тұтпай  тезірек  баю,  және  байыған 
үстіне  байи  беру  болды.  Сонымен  ӛзімді-ӛзім  апаттың  толқынына  ұстап 
бердім, әрине, ондай апатқа адам баласы ұшырап, тірі және сау құтылмаған 
болар. 
Осы  сапардағы  жорығымды  қалдырмай  түгел  сӛйлеп  берейін. 
Бразилияда тӛрт жыл тұрып, жергілікті халықтың тілін үйрену былай тұрсын, 
кӛршілес  плантаторлармен  және  су  бойында  бізге  жақын  қала  Сан-
Сальвадордан  келген  кӛпестермен  де  жақсы  таныс  болдым.  Олармен 
жолыққан сайын баяғы Гвинеяға екі рет барғанымды, ол жерлерден не болса 
соған  —  алқа,  пышақ,  қайшы,  балта,  шыны  тағы  сол  сықылды  ұсақ-
түйектерге  алтын  мен  пілдің  сүйегі  түгіл,  Бразилияға  алып  келіп  жұмысқа 
салу  үшін  негрлерден  толып  жатқан  құл  сатып  алуға  да  болатындығын  кӛп 
айтушы едім. 
Менің  әңгімемді  олар  ӛте  ықыласты  тыңдап,  әсіресе  негрлерден  құл 
сатып алуға болады деген жеріне ерекше зейін бӛліп, кӛбірек құлақ салушы 
еді. Бірақ ол кезде негрлерді ӛз бетіңмен сатып алу қиын еді, себебі оларды 

26 
Sauap.org
 
сатып  алу  үшін  испанның  немесе  португальдың  корольдерінен  рұқсат  қағаз 
керек болатын, сондықтан ондай адамдар кез келген жерден табыла бермейді
және орасан қымбатқа түсетін. 
Бір күні толып жатқан адам бас қосып, осы туралы әңгіме қозғадық: бұл 
мәжілісте  мен,  менің  плантаторларым  және  кӛпестер  болды.  Ертеңіне  сол 
мәжілісте болғандардың үшеуі менің үйіме келді де, аузыңнан шығармайтын 
болсаң,  саған  айтатын  біздің  бір  құпия  сӛзіміз  бар  деді.  Айтыңыз,  меніңше 
айтқан  сӛз  осы  арада  қалуы  керек  дедім.  «Олай  болса,  біз  кешегі  сенің 
айтқаныңа  бармақшы  болып  уәделесіп  келіп  отырмыз.  Сенікіндей  бәрімізде 
де плантация бар, жұмыс қолы болмаса басқа еш нәрсеге мұқтаж емеспіз, сен 
мақұл  дейтін  болсаң  кемені  сайлап  алып,  сол  жаққа  жүреміз,  негр  алып 
келеміз,  ашық  саттырмайтын  болса  ұрлап  алып  келеміз,  келген  соң  ӛзара 
бӛлісіп  аламыз,  сен  кеме  приказчигі  боласың,  басқаша  айтқанда  Гвинеядан 
негр  сатып  алуды  міндетіңе  аласың.  Бару  шығыны  да,  қайту  шығыны  да 
бізден ӛзіңнен бір тиын шықпайды, кәне, қалай кӛресің!»—деді. 
Егер осы ұсынысты ӛзінің меншікті плантациясы жоқ біреуге айтса кӛз 
қызықтыру ғой деуге болар еді. Бірақ мен сияқты ӛзінің меншікті, кӛп қаржы 
сіңірген  мынадай  плантациясы  бар,  оның  үстіне  ағылшындағы  ақшасын 
алдырып, шамалы капитал қосса үш-тӛрт жылдың ішінде мал-мүлкі тӛрт-бес 
мың  фунт  стерлингіге  жеткелі  тұрған  адамға  мұндай  сапар  шегу  үлкен 
ақымақшылық. 
Бірақ ӛз ажалыма ӛзім себепші болу, маған ежелден маңдайға жазылған 
іс  еді.  Әкемнің  айтқанына  кӛнбей,  бұрын  да  ӛзімнің  қаңғыбастық  мінезімді 
билеп  жеңе  алмаған  болсам,  тап  осы  ретте  де  әлгі  ұсынысқа  кӛнбей  қарсы 
тұра 
алмадым.«Қайтып 
келгенше 
менің 
плантациямды 
бағып-
қағып,бүлдірмей  жақсылап  қараса,  егер  мен  келе  алмай  қалсам,  ӛзімнің 
айтқаным  бойынша  иелік  етсе,  осыны  сендер  міндеттеріңе  алсаңдар, 
жарайды  еріп  жүрейін»  —  дедім.  Ӛзің  не  айтсаң  соны  істетеміз  деп  ант-су 
ішіп  бәрі  шу  ете  түсті,  менімен  шарт  жасады.  Егер  мен  қаза  тауып  ӛлсем: 
мүлкімнің  жартысы  ажалдан  құтқарған  португаль  капитанына  берілсін, 
жартысы Англияға жіберілсін деп ресми ӛсиет жасадым. 
Қысқасы,  мал-мүлкімнің  және  плантациямның  аман  сақталуы  үшін 
қажетті  шараның  бәрін  қолдандым.  Ӛз  пайдам  үшін  аз  да  болса 
данышпандық  етіп,  алды-артымды  ойласам,  нені  істеуім  керек,  нені 
істемеуім  керек  екенін  білсем,  ӛзім  бастаған  оңды  кәсіпті  еш  уақытта 
тастамаған  болар  едім,  неше  түрлі  қауіп-қатерді  кӛре-біле  тұрып  теңізге 
түспеген болар едім. 
Бірақ  мені  асықтырды,  сондықтан  мен  де  ақыл-ойдың  үніне  құлақ 
қоймай,  жұрттың  айтқанына  оп-оңай  кӛне  салдым.  Сонымен  кеме  дайын, 
керекті  тауарлар  тиелді  және  осының  бәрі  де  жүрушілердің  ӛзара 
ризашылығымен  болды.  1659  жылы  қыркүйек  жұлдызының  бірі  күні, 
қайырсыз сағатта келіп кемеге міндім. Бұл да сол мұнан сегіз жыл бұрын ата-
анадан  қашып  Гулльге  келген  күн  —  бұл  сол  ата-аналық  ӛкіметке  қарсы 
ереуіл жасап, ақымақтықпен тағдырымды билеген күн. 

27 
Sauap.org
 
Біз  мінген  кеме  жүз  жиырма  тоннаға  жақын  жүк  кӛтерді.  Кемеде  алты 
зеңбірек  пен  капитанды,  юнганы  және  мені  есептемегенде,  он  тӛрт  адам 
болды. Ауыр жүк бізде болған жоқ, кӛбінесе негрлермен айырбас жасайтын 
қайшы,  пышақ,  балта,  айна,  шыны,  алқа  және  осылар  сықылды  ұсақ  және 
арзан заттар еді. 
Қыркүйектің бірі күні кемеге міндім деп айтып ӛттім, тап сол күні жүріп 
те  кеттік.  Солтүстік  ендіктің  он  немесе  он  екі  градусына  жеткен  кезде 
Африка  құрлығына  қарай  бұрылу  үшін,  әуелі  Бразилияны  жағалап, 
солтүстікке  қарай  жӛн  тарттық,  ӛйткені  ол  кезде  кемелердің  жүретін  жолы 
солай болатын. Әулие Августина мүйісіне барғанша, тек ыссылығы болмаса 
— күн райы ӛте жақсы болды. Әулие Августина мүйісіне барған соң жағаны 
тастап,  ашық  теңізге  қарай  бұрылдық.  Кӛп  уақыт  ӛтпей-ақ  құрғақ  жерден 
қара  үзіп,  ұзап  кеттік.  Тартып  келе  жатқан  жӛніміз  Фернандо  де  Норонха 
аралы, яғни оңтүстік пен шығыстың аралығы. Фернандо аралы оң жағымызда 
қалды.  Он  екі  күн  жүргеннен  кейін  Экватордан  ӛтіп  7°22  градус  солтүстік 
ендікке шықтық, осы арада үлкен дауыл соқты. Бұл дауыл емес, құйын еді, 
артымыздан да, алдымыздан да айнала соғып, әбден естен тандырды. Әуелі 
солтүстік  пен  шығыстың  арасынан,  мұнан  кейін  оңтүстік  пен  шығыстың 
арасынан соқты, жӛн тартып жүруге ерік бермеді, он екі күн ұдайымен ыққа 
қарай  қуды  да  отырды.  Осы  он  екі  күннің  ішінде  біздің  ішімізден  тірі 
қаламыз  деген  бір  адам  болған  жоқ.  Сағат  сайын,  минӛт  сайын,  ӛлім  күтіп, 
жаннан үміт үзіп отырдық. 
Бірақ бізге ұшыраған бӛле тек дауылмен ғана қорқытып қойған жоқ: бір 
теңізші  безгектен  ӛлді,  палубаны  су  шайып  екеуі  теңізге  кетіп  ӛлді.  Он  екі 
күн  дегенде  дауыл  бәсеңдеп,  капитан  қайда  тұрғанымызды  байқастыра 
бастады,  байқап  қарасақ  солтүстік  ендіктен  он  екі  градус  шамасында  тұр 
екенбіз,  бірақ  бізді  Әулие  Августина  мүйісінен  батысқа  қарай  22  градус 
ықтырып  алып  кеткенін  білдік.  Тұрған  жеріміз  Бразилияның  солтүстік 
шетіне  қашық  емес  және  сол  ӛлкелерге  белгілі  Ориноко  ӛзеніне  де 
жақынбыз.  «Кәне,  енді  қалай  қарай  жӛн  тартамыз?»  —  деп,  капитан  менен 
ақыл  сұрады.  Кемеге  су  кіре  бастады,  алыс  жолға  жүруге  жарамас,  онан  да 
кейін Бразилия жағасына қарай жүргеніміз жӛн болар дегенді айтты. 
Бірақ  мен  бұған  қарсы  болдым.  Америка  жағалауларының  картасын 
қарағаннан  кейін  ақырында  мынадай  қорытындыға  келдік.  Кариб  аралына 
барғанша алдымызда еш жерде ел жоқ, солай болса еш жерден жәрдем таба 
алмаймыз,  сондықтан  бетті  Барбадосқа  қарай  бұру  керек,  біздің  есебімізше 
ол жерге екі жетіде жетуге болады; Мексикан шығанағының ағысына түспес 
үшін, тура жолдан бетті шамалы аулақ бұру керек. Африка жағалауына қарай 
жүру туралы сӛз болуы да мүмкін емес еді, ӛйткені бір жерге тоқтап кемені 
жӛндемейінше амал жоқ. 
Содан  кейін  батысқа,  солтүстік  пен  батыстың  аралығына  қарай 
бұрылдық.  Себебі  ағылшынға  қарайтын  аралдардың  біріне  жетіп  жәрдем 
алмақпыз. Бірақ тағдырдың қорытындысы басқаша болды. Солтүстік ендіктің 
12° 18 'градусына таман жақындағанда тағы да сұрапыл дауылға тап болдық. 

28 
Sauap.org
 
Бұл  да  сол  әуелгі  дауылдай  батысқа  қарай  ығыстырып  алып  кетті,  бара 
жатқан  жеріміз  қиян  шетте  қалды,  сауда  жолынан  алыстап  кеттік,  енді 
толқыннан  аман  қалсақ  та,  елге  қайтып  жетеміз  деген  үміт  жоқ,  ӛйткені 
жабайыларға жем болуымыз мүмкін еді. 
Бір  күні  ертеңгісін,  жел  әлі  сол  бұрынғысындай  соғып  тұрғанда  бір 
теңізші «Жер!» деп айқай салды, каютадан шығып үлгіргенімізше болмады, 
кеме  қайырлап  шӛкті.  Кеменің  кенет  тоқтағандығынан  палубаны  су  басты, 
енді ӛлдік деп, судан қашып жалма-жан астыңғы үйге барып тығылдық. 
Ондайды  кӛрмеген  адам  біздің  қандай  халге  жеткенімізді  ойлап  та 
келістіре  алмас.  Қайда  тұрғанымызды,  қай  жерге  келгенімізді,  келген 
жеріміздің  арал  екенін  немесе  елсіз-күнсіз  бір  жер  екенін  білмедік.  Дауыл 
аздап  бәсеңдесе  де,  құдіреттің  күшімен  жел  бірден  тынып  тоқтамаса,  кеме 
қирамай бір минӛт тұрады деген бізде сенім болған жоқ. Минӛт сайын ӛлім 
күтіп бірімізге біріміз қарадық та отырдық. Жалғыз-ақ бір жұбанышымыз — 
кеме әзір бүтін және капитан тұрып: «Байқайсыңдар ма, жел аз-кем басылуға 
айналды» — деді. Жел аз кем бәсеңдеу болып кӛрінгенімен, онан келер бізге 
пайда жоқ, кеме қайырлап құмға батты, оны қозғалтуға күш керек, ондай күш 
бізде  жоқ,  енді  қалғаны  —  бас  қамы,  қайтсек  те  ажалдан  құтылу.  Екі 
қайығымыз болатын, біреуі кеменің арт жағында ілулі тұратын, бірақ дауыл 
кезінде оны толқын сындырып теңізге алып кеткен. Екінші қайығымыз бар, 
бірақ, оны  суға  қалай  түсіру  керек? Міне,  үлкен  мәселе  осында болды.  Кӛп 
ойланып  отыруға  уақыт  жоқ,  себебі  кеменің  қақ  айрылып  қирауы  мүмкін, 
және кейбіреулер шытынап жарылуға да жақын тұр дегенді айтты. 
Taп  осы  қиын  халдің  үстінде  капитанның  жәрдемшісі  келді  де, 
басқалардың  кӛмегімен  қайықты  жылжытып  суға  түсірді;  ӛзіміз  он  бір 
кісіміз, бәрімізде жабыла қайыққа міндік, ӛзімізді құдайға тапсырып, тулаған 
толқынның  қолына  келіп  түстік:  жел  бәсеңдегенмен  жиекке  оқтын-оқтын 
биік  және  қорқынышты  күшті  толқындар  келіп  соғып,  қайтып  жатты, 
голландықтардың «жабайы теңіз» деп атауы дұрыс екен-ау. 
Хал  нашарлайын  деді:  қайықтың  мұндай  толқынға  шыдай 
алмайтындығына,  ӛзіміздің  суға  бататындығымызға  кӛзіміз  жетті.  Желкен 
кӛтеруге тағы  болмады, себебі кӛтеретін желкен де жоқ, тіпті болғанмен де 
одан  келер  пайда  шамалы  еді.  Ӛлім  жазасына  кесілген  адамдарша  қайықты 
жиекке  қарай  жанталаса  есіп  келеміз.  Жиекке  жақындағанда  тулап  соққан 
толқынның  қайықты  быт-шытын  шығарып  қирататынын  бәріміз  де  біліп 
келеміз. 
Алдымыздағы шыға беріс жағаның батпақ екенін немесе құмдақ екенін, 
тіке  жар  екенін  немесе  тегіс  екенін  білгеніміз  жоқ.  Бірден-бір  сеніміміз: 
қандай  да  болса  бір  кішкене  шығанаққа  немесе  бір  ӛзеннің  сағасына 
кездессек, жардың ығымен желдің күші азайып аман-сау жағаға шығар едік 
дейміз, бірақ кӛрінген жер бұлардың біреуіне де ұқсамайды, неғұрлым жағаға 
жақындаған  сайын,  соғұрлым  қорқынышты  кӛрінді,  қорқыныштылығы 
теңізден де жаман болды. 

29 
Sauap.org
 
Менің  есебімше,  кеме  шеккен  жерден  тӛрт  мильдей  шыққан  соң, 
шыққан соң емес-ау, жел айдап шығарып әкеткен соң, биіктігі таудай толқын 
жаназаңды  шығарайын  дегендей,  артымыздан  қуып  жетіп  қайыққа  соқты. 
«Жаратқан»  деуге  әліміз  келген  жоқ,  қайық  тӛңкеріліп,  бәріміз  де  суға 
баттық, сонан соң қайтып бір-бірімізді кӛре алмадық. 
Су  түбіне  кеткен  кезімізде  не  сұмдықтар  кӛз  алдыма  елестеп 
жанталасқан халімді, әрине, айтып жеткізе алмаймын. Мен ӛзім суға жақсы 
жүзем, бір-ақ бірден жүзуге халді келтірмеді, тұншығып ӛліп кете жаздадым. 
Үстімді  басқан  толқын  сырғанатып  отырып  едәуір  жер  апарып  жағаға 
жақындатып-ақ тастады, бірақ толқын жайылып тарағанша су бетіне шығуға 
мүмкіндік  бермеді,  үстімнен  басып  тұншықтырып,  шалажансар  халге 
жеткізді. Толқын тараған кезде аздап есімді жидым. Мен ӛзімді билегендігім 
сондай, жиекке жақындағандығымды кӛрдім де, екінші толқын үстімді келіп 
басқанша,  не  де  болса  жағаға  шығайын  деп,  судың  астымен  жанталасып 
жүгірдім.  Бірақ  қашып  құтылуға  болмады,  екінші  толқын  тағы  жақындап 
қалды,  құтқармайтынына  кӛзім  жеткен  соң,  демімді  ішіме  тартып, 
толқынның  ығына  қарай  жүзе  бердім.  Менің  тағы  бір  қорыққаным  — 
артымнан  соққан  толқын  жағаға  жақындатар,  бірақ  кейін  тепкен  екпінімен 
мені қайта теңізге алып кетпесе игі еді деп ойладым. 
Артымнан  қуып  жеткен  толқын  су  түбіне  екі  аршындай  батырып 
жіберді,  тағы  да  бірталай  жерге  ығыстырып  алып  келді.  Сол  демімді  ішіме 
тартқан  бойыммен  құлаштап  жүзе  бердім.  Әбден  дымым  құрыды,  бір  кезде 
жоғары  кӛтерілгендей  болдым;  басым  мен  қолым  су  бетіне  шықты, 
шыққанмен артық шыдап тұрар жай жоқ. Кӛзім ашылып дүниені кӛрген соң 
кішкене қуат пайда болды. Толқын тағы келіп үстімді басты, бірақ бұл сапар 
су  астында  кӛп болғаным  жоқ.  Толқын  жайылып  келіп  тепкен  кезде,  аяғым 
жерге тиді. Ентігімді басайын деп аз ғана суда тұрдым да, азырақ күш жинап 
жиекке қарай жүрдім, сӛйтсем де теңізден құтыла алмадым, толқынға тағы да 
екі рет кӛмілдім, екеуінде де ысырып ілгері апарды. 
Соңғы  толқын  бәрінен  де  қауіпті  болды:  келіп  соққанда  едәуір  жер 
лақтырып  жіберді,  екпінімен  ұшып  барып  жарға  соқтым.  Ӛкпем  қысылып, 
демімді  ала  алмай,  есімнен  танып,  қимылдауға  әлім  келмеді,  егер  толқын 
үстімді  тағы  келіп  басқанда  сӛзсіз  ӛліп  ем.  Есімді  тез  жиып,  басымды 
кӛтердім  де,  толқын  жайылып  кейін  тепкенше  жарға  жабысып  тұрдым  да 
қойдым. Толқын кейін тебісімен ілгері қарай жүгіре бердім, жаға енді жақын, 
тағы  бір  толқын  келіп  үстімді  басты,  бірақ  ӛзімен  бірге  кейін  теңізге  алып 
кете  алмады.  Шамалы  жер  жүргеннен  кейін  құрғаққа  шықтым,  қуанышым 
қойныма сыймады, жиектегі жартас арқылы жерге түсіп шӛптің үстіне жата 
қалдым. 
Құтылып  құрғаққа  шыққан  соң,  кӛкке  қарап  құдайға  жалбарындым, 
аман-сау  құтқарғаны  үшін  жаратқанға  алғыс  айтып,  дұға  қылдым,  мұнан 
бірнеше минӛт бұрын тірі қалам деген ой бар ма еді. Қабірден қашып, жарық 
дүниеге  шыққан  кісінің  қуанышын  кім  де  болса  сӛзбен  суреттеп  келістіре 
алмас,  ӛлім  жазасына  бұйырылған  айыпкерлерді  мойнына  бұғау,  қолына 

30 
Sauap.org
 
құрсау,  аяғына  кісен  салып  дар  түбіне  айдап  барып,  енді  асқалы  тұрғанда 
кешірім  жарияланып  босанып  кететініне  таң  қалуға  болмайды  —  ойда  жоқ 
жерде,  кенеттен  пайда  болған  қуаныштан  ондай  адамдар  жүрегі  жарылып 
ӛліп те кетеді, сол себептен ондай кездерде дәрігер қатысып бақылап тұрады, 
әрине, бұл да таң қаларлық іс емес. 
Қуаныш кенет кездессе, қорқыныш сықылды ақылдан адастырады. 
Қолымды  кӛкке  кӛтеріп,  теңізді  жағалап  жүрдім  де  қойдым,  біресе 
секірдім,  біресе  отырдым,  біресе  тұрдым,  неше  түрлі  қимылдарға  салдым, 
бірақ қалдырмай суреттеуге шамам келмеді. Құтылғаным шын ба, ӛтірік пе, 
апырай,  неғып  аман  қалдым,  осы  ӛңім  бе,  түсім  бе,  міне,  бұдан  басқа  ой 
менде болған жоқ. Бір кезде жолдастарым есіме түсті,  менен басқа тірі жан 
қалған  жоқ,  тірі  қалған  шығар  дейін  десем,  біреуін  де  кӛргенім  жоқ  және 
олардың бірсыпыра бас киімдерін толқын айдап жиекке шығарып тастапты. 
Бір  кезде  қайырлап  қалған  кемеге  қарасам,  бұлдырлап  кӛз  ұшында 
кӛрінеді,  биік  толқындар  кӛлегейлеп  анық  кӛрсетпеді,  сонда  коп  жерде 
қалғаны белгілі болды, қарадым да, ӛз-ӛзімнен: «Құдайым-ай, сонау жерден 
жиекке қалай жеттім» —дедім. 
Ӛлімнен  аман  қалғаныма  мың  мәртебе  шүкір  етіп,  қай  жерде 
тұрғанымды  білейінші  және  енді не істеуім  керек деп  айналып жан-жағыма 
қарадым. Қуанышым бірден басылды: қазір аман қалғаныммен, мұнан былай 
бәледен  құтыла  алмайтындығымды  түсіндім.  Үстім  малмандай  су,  киюге 
киім, ішуге тамақ жоқ, ақыр аяғы бір жұтым су да жоқ. Я аштан ӛлу немесе 
жыртқыш аңдарға жем болу, бұдан басқа «жақсылық» кӛрінбейді. Құс атып 
тамақ  асырауға,  қарсы  шапқан  жыртқыш  аңдардан  қорғануға  мылтық  тағы 
жоқ.  Бір  пышақ,  бір  сауыт  темекі,  темекі  тартатын  қалиян,  бар  мүлкім осы. 
Біраз ойланғаннан кейін есімнен танып, жынды кісіше теңізді жағалап жүгіре 
бердім. Ымырт жабылып түн болған кезде, ӛзіме-ӛзім сұрақ қойдым: егер бұл 
аралда жыртқыш аңдар бола қойса, қазір олар қаптап, тамақ іздеуге шығады, 
сонда мен не істемекшімін? 
Менің жалғыз-ақ ойыма келгені: анадай жерде тұрған үлкен бір ағаш бар 
еді, сол ағаштың басына шығып түнімен отырайын, таң атқан соң ӛлімнің бір 
түрін  таңдармын  дедім,  себебі  бұл  жерде  ӛмір  сүрудің  мүмкіншілігін  таба 
алмадым.  Су  іздеп,  аралды  бойлап  ширек  мильдей  жер  жүрдім,  онша  кӛп 
ұзамай-ақ, менің бақытыма ағып жатқан бір бұлақ тап болды. 
Суға  әбден  қанып  алып,  аштықты  басайын  деп  аузыма  темекі  салып, 
кайтып  әлгі  ағашқа  келдім,  ӛрмелеп  басына  шығып,  кӛзім  ілінсе  құлап 
кетермін  деп,  әбден  жайласып  отырып  алдым.  Жоқтан  тәуір  ғой,  бірдеме 
келсе қару болар деп шоқпар сықылды бір бұтақты кесіп алдым да, қолыма 
кесе кӛлденең ұстап, орныма қайта отырдым, әбден шаршағаным ғой қатты 
ұйықтап қалыппын. Екінің бірі ондай жерде ұйықтай алмас еді, ояна келсем 
тынығып, сергіп қалыппын. 
Кӛзімді ашып қарасам, таң атып, ондағы-мұндағы кӛріне бастапты. Күн 
ашылған,  жел  тынып,  толқын  басылыпты.  Менің  бір  таң  қалғаным,  кеме 
орнынан  жылжып  кешегі  толқынның  мені  қуалап  келіп  шығарған  жердің 

31 
Sauap.org
 
түбіне  жақындап  келіп  шӛгіпті:  кешқұрым  су  кӛтеріп  жағаға  айдап  келген 
болу  керек.  Тұрған  жері  түнеп  шыққан  жерімнен  бір  мильден  артық  емес. 
Ендігі ниетім кемеге барып азық-түлік және заттар алу болды. 
Ағаштан түстім де тағы да жан-жағыма қарадым, ең әуелі кӛзіме түскені 
кешегі  ӛзіміз  мінген  қайық  болды,  екі  мильдей  жер  айдап  барып  жиекке 
шығарыпты. Соған барсам қайтеді деп оңтайландым да кері қайттым, себебі 
екі  ортада  ені  жарты  мильдей  су  басқан  терең  ӛзек  бар  екен  және  тезірек 
кемеге жетіп үнемдік азық-түлік тауып алам ба деген ой болды. 
Түстен  кейін  теңізде  тіпті  толқын  болмады,  су  кейін  теуіп,  жаға 
тайыздап қалды, екі жүз қадамдай жер жүзбей-ақ кешіп баруға болатын. Осы 
арада ӛзімді тағы бір ауыр қайғы басты, ой, әттеген-ай, суға түспей кішкене 
кідіргенде бәріміз де тірі қалады екенбіз-ау, жел басылғанша тоқтасақ, аман-
есен  жиекке  шығатын  шамамыз  бар  екен-ау,  жағаға  түгел  шықсақ  мен  бұл 
сықылды халге ұшырап, адам баласының қоғамынан қол үзіп, жалғыз қалмас 
едім-ау деген ойға шомдым. Кӛз жасым кӛл болып жыладым, бірақ қайғыны 
басуға кӛздің жасы кӛмекші болмайды ғой, қайтсем де кемеге жету қамына 
кірістім. Күн ыссы, киімді шештім де, суға түстім. Кемеге жүзіп келгенімде 
тағы бір қиыншылыққа кездестім: кеменің үстіне қалай шығу керек? Себебі 
кеменің  қайырлап  шӛккен  жері  ӛте  тайыз,  барлық  жері  судан  шығып  тұр, 
сондықтан оның үстіне шығуға қол ілігерлік еш нәрсе жоқ. Жүзіп кемені екі 
рет айналдым, әуелі неғып кӛзіме түспегенін білмеймін, екіншіде бір арқанға 
кӛзім  түсті,  арқанның  ұшы  аста  тек  су  бетіне  екі-үш  тұтамдай  ғана  шығып 
тұр,  арқанның  ұшын  әрі  іздеп,  бері  іздеп  қолыма  түсірдім  де,  тырмысып 
үстіне шықтым. Кемеге су кіріп, трюм толуға жақындапты; бірақ тӛмпешікке 
кездескен болу керек, арт жағы кӛтеріліп тұмсығы суға кӛміліпті, сондықтан 
арт  жағындағы  заттарға  су  тимепті.  Арт  жақтағы  заттардың  судан  аман 
екенін  барған  бойда-ақ  білдім.  Себебі  ең  әуелі  қандай  заттардың  бүлініп, 
қандайының бүлінбегенін білгім келді. Азық-түліктердің бәрі де құрғақ, тіпті 
дымқылданбаған  да,  азық  салған  сарайдың  аузын  аштым  да  қалтама  нан 
толтырып алдым, уақытым озбасын деп отырмастан аяқ ӛре жеп жүрмін. Бас 
қосып компания жасайтын каютадан бір бӛтелке ром тауып алып, ауызынан 
қылқылдатып бірнеше рет жұттым, болашақ жұмысқа аз да болса күш жинап 
кіріспесем болатын емес, халім бітіп әбден қалжырағанмын. 
Ӛзіме  керекті  заттарды  және  азық-түлікті  жиекке  шығару  үшін  ең 
алдымен  маған  қайық  керек  болды.  Жоқ  нәрсені  ойлап  қол  қусырып  қарап 
отыруға болмайды, қысылған жерде кісі ақыл тапқыш келеді ғой, бас салып 
іске  кірістім.  Кемеде  бірнеше  бӛрене,  сырғауыл,  тақтай,  діңгек  ағаштар  бар 
еді.  Міне,  осыларды  біріктіріп  сал  буғым  келді.  Бірнеше  жеңіл  бӛренелерді 
таңдап  алып,  ағып  кетпестей  етіп  арқанмен  байладым  да,  кеменің  жиегінен 
тӛмен  қарай  сырғанаттым.  Мұнан  кейін  кемеден  түстім  де,  ӛзіме  қарай 
тарттым,  бӛренелердің  екі  жақ  басын  бір-біріне  қосып  мықтап  тұрып 
байластырдым  да,  қысқалау  екі-үш  тақтайды  айқыш-ұйқыш  үстіне  салдым. 
Менің салмағымды кӛтерерліктей әп-әдемі сал болды, бірақ ауыр жүк тиеуге 
әлсізірек.  Кемедегі  ағаш  шеберінің  арасын  тауып  алып,  тағы  бір  діңгекті 

32 
Sauap.org
 
үшке бӛліп кестім де, салдың енін ұлғайттым. Қысылғанда кісі не қылмайды, 
әрине, басқа жағдайда  мұндай іс  менің  қолымнан келмеген болар  еді.  Адам 
айтқысыз ауыр еңбек сіңірдім, қиналдым. 
Салым  мығымдалды,  едәуір  жүк  кӛтеретін  шамасы  байқалды.  Ендігі 
мәселе — тиеген жүкті суға шайдырмай алып шығу, бірақ мұны да кӛп ойлап 
тұрғаным  жоқ.  Кемедегі  бар  тақтайды жайластырып  салдың  үстіне  тӛседім: 
теңізшілерге  тиісті  сандықтардың  үшеуінің  кілтін  балталап  бұздым,  аузын 
ашып ішіндегі заттарын босаттым, сӛйттім де, жылжытып тақтайдың үстіне 
әкеліп  салдым.  Бәрінің  ең  керектілерін  таңдап  алып  сандықтың  үшеуіне  де 
нығыздап  тұрып  толтырдым.  Біреуіне  азық-түлік  салдым:  күріш,  нан, 
ірімшік,  бес  бӛлек  ешкінің  сүрлеген  еті,  кемедегі  құстарға  жем  үшін  алған 
дәннің  қалдығы,  жолда  келе  жатқанда  құстарды  әлдеқашан  сойып  жеп 
бітіргенбіз.  Құстарға  деп  алған  жеміміз  бидай  аралас  арпа  еді;  бірақ  бір 
жаман жері тышқан жеп қауыздап тастаған екен. Бірнеше жәшік шарап пен 
арақ  тауып  алып,  бәрін  де  әкеліп  орналастырдым,  себебі  олар  сандыққа 
сыймайтын болды, сыйғанмен де оны сандыққа тығып жасырудың қажеті де 
жоқ  еді.  Біраз  уақыт  іздеп  біздің  шебердің  бір  жәшік  құралдарын  таптым, 
әрине бұл маған бәрінен де қымбат еді, ол кезде бұл құралдарды кеме толы 
алтын  берсе  де  айырбастамаған  болар  ем.  Жәшікті  алдым  да  сол  күйімен 
әкеліп, ашып қарамастан салға салдым, себебі онда қандай құралдардың бар 
екенін ӛзім бұрын шамалап білуші едім. 
Енді  маған  мылтық  және  оған  жеткілікті  оқ-дәрілерді  алу  керек. 
Компания  каютасынан  әдемі  екі  құс  мылтық  және  екі  тапанша,  екі  қанжар 
тауып  алдым,  бір  қапшық  бытыра  және  бірнеше  қаңылтыр  сауытқа  салған 
дәрілерімен әкеліп оны да салдым. Кемеде үш бӛшке мылтық дәрісінің барын 
білуші  ем  де,  бірақ  оның  қай  жерде  тұрғанын  таба  алмадым.  Ақыры  іздеп 
жүріп  үшеуін  де  таптым.  Біреуі  шамалы  дымқылданайын  депті,  екеуі  құп-
құрғақ.  Бұларды  да  әкеліп  тиедім.  Салым  жүкке  толды,  енді  жиекке  қалай 
жету  керек,  себебі  оны  қозғайтын  я  ескек,  я  желкен  жоқ,  аз-кем  жел  болса 
салыны аударып кетуі мүмкін. 
Менің  кӛңілге  тоқ  санап  арқа  сүйегенім:  теңізде  толқынның  жоқтығы; 
екіншіден  судың  кӛтеріліп  жағаға  шығуы,  үшіншіден,  шамалы  болса  да 
желдің арт жағымнан болуы. Іздеп жүріп екі-үш сынған ескек тауып алдым, 
жәшіктегіден  басқа  екі  ара,  бір  балта,  бір  балға  алдым.  Сӛйттім  де  теңізге 
түстім.  Бір  миль  жерге  шейін  салым  ӛте  жақсы  жүріп  келді;  бірақ  байқап 
қарасам,  мені  толқын  лақтырып  тастаған  жерден  шамалы  қиғаштау  кетіп 
барады екенмін. Қисайыңқырап бара жатқанымды сездім де, жағаның ағысы 
болу керек, ол ағыс жылжытып мені су жайылып шыққан бір ӛзекке немесе 
ӛзеннің  сағасына  апаруы  керек,  егер  осылай  болса  тоқтап  жүгімді  түсіріп 
алуға ӛте оңтайлы болар еді деген ой түсті. 
Сол ойлағаным дұрыс болды. Азырақ жүрген соң алдымнан бір кішкене 
қуыс  кӛрінді,  сол  қуысқа  мені  ысырмалап  алып  келді.  Ағыстың  ортасынан 
шықпайын  деп,  қақпалап  білгенімше  есіп  келем.  Бірақ  әлгі  қуыстың  шыға 
берісінің  қандай  екенін  білмегендіктен  салым  суға  кетіп  тағы  бір  қазаға 

33 
Sauap.org
 
ұшырай жаздадым, егер бұл жолы да апатқа ұшырар болсам күйікпен ӛлген 
болар ем. Ойда жоқ жерде салымның бір жағы қайырлап, қисая бастады: енді 
тағы  осылай  кішкене  тұрғанда,  жүктің  салмағы  бір  жағына  аударылып, 
сырғанап  суға  түсуінде  сӛз  жоқ  еді.  Сол  кезде  бар  күшімді  салып  ауған 
жағын қолыммен тірей қалдым, бірақ қанша күш салып тырыссам да салды 
орнынан қозғалта алмадым. Сол сіресіп тіреген бойыммен судың кӛтерілуін 
күтіп қозғалмастан жарты сағаттай тұрдым. Екі қарым салдырап ұйып қалды, 
жарты  сағаттан  кейін  арттан  келген  су  қайырлаған  жағын  сопаң  еткізіп 
кӛтеріп  жіберді,  сал  түзеліп  қалпына  барды.  Сол  кезде  ескекті  жерге  тіреп 
салды кейін шегеріп, ағыстың арнасына апардым, мұнан кейін кӛп кешікпей-
ақ әлгі қуысқа келіп кірдім, қуыстың екі жағы биік екен. Тұрдым да, мұның 
тоқтауға қай жері қолайлы болар екен деп, кӛз жіберіп жан-жағыма қарадым: 
теңізден кӛп алыстап кеткім келмейді, себебі қашан да болса бір кеме кӛрем 
бе деген үмітім бар, сондықтан жағаға жақын орналасқым келеді. 
Жиектің оң жағында кішкенелеу бір ӛзекшеге кӛзім түсті, мен де соған 
қарай  бұрылдым.  Ағысты  кесіп  ӛтіп  үлкен  қиыншылықпен  әлгі  кӛрінген 
ӛзекке келіп кірдім. Бұл жерде тағы бір қорқыныш пайда болды: себебі келіп 
шыққан жерім тіке жар, егер салдың тұмсығы немесе бір жақ жаны екпінімен 
келіп жарға соқса аударылып, барлық жүкті суға құлатып алатын түрім бар, 
сондықтан  судың  кӛбірек  кӛтерілуін  күтуге  тура  келді.  Тайыз  да  болса 
жиектің тегіс жеріне қарай жылжыдым, мұндағы мақсатым: су кӛтерілсе әлгі 
жердің  суы  тереңдеп  салды  жылжытуға  жеңіл  болады  ғой  деген  ой  еді, 
айтқанымдай-ақ болды, су кӛтеріліп тайыз жерді басқан сайын ескекті жерге 
тіреп бірте-бірте ілгері жылжи бердім, сӛйтіп ақыры құрғаққа шықтым. 
Менің ендігі ойым маңайды байқап, қауіп-қатерсіз мекендейтін қолайлы 
орын  табу.  Қайда  тұрғанымды,  қайдан  келіп  шыққанымды  әлі  білмеймін; 
тұрғаным  жердің  шеті  ме,  немесе  арал  ма,  бұл  жерде  ел  бар  ма,  жоқ  па, 
немесе  адам  баласының  кӛзі  кӛріп,  құлағы  естімеген,  барса  келмес  пе, 
жыртқыш аңдар тарапынан маған келетін қауіп-қатер бар ма, жоқ па — бәрі 
де маған қараңғы. Солтүстік жағымда биіктігі таудай бір үлкен тӛбе кӛрінді. 
Мылтықты жасап алдым да бірсыпыра оқ-дәріні қалтаға салып, соған қарай 
жүріп кеттім, тӛбенің ӛзі ӛте биік екен, ӛрмелеп әрең дегенде басына шығып, 
кӛз  жібердім,  байқап  қарасам  еншіме  тиген  сыбағам  анықталды:  тұрған 
жерім  арал,  айналасын  қоршаған  теңіз,  бірнеше  жартастар  және  бір-екі 
кішкене аралдар болмаса жер кӛрінбеді. 
Менің  тағы  бір  ашқаным:  барлық  белгілерін  байқастырып  қарасам, 
менің  аралым  ӛмірде  түрен  тимеген,  адам  баласының  ізі  түспеген  арал, 
мүмкін  жыртқыш  аңдар бар  шығар,  бірақ әзір біреуін де кӛргенім жоқ.  Құс 
деген қисапсыз кӛп, жыртылып айрылады, бірақ мен білетін құстарға бәрі де 
ұқсамайды,  бір-екеуін  атып  алғанымда  етінің  жеуге  жарайтын-
жарамайтынын  да  білмедім.  Тӛбеден  түсіп  келе  жатып  орманның  түбінде 
ағаш басында отырған бір үлкен құсты аттым. Бұл дүние жаратылғаннан бері 
қарай  бірінші  рет  шыққан  мылтықтың  даусы  болу  керек:  мылтық  даусы 
шыққан кезде, кӛтеріліп ұшқан құстың кӛптігінен күннің кӛзі кӛрінбей, әуені 

34 
Sauap.org
 
бұлт басқандай болды; құстың шиқылдаған дауыстары әлденеше түрлі, бірақ 
мен  кӛріп  жүрген  құстардың  даусына  ұқсамайды.  Әлгі  атып  алған  құсым 
қаршыға  сықылды:  қанаты  мен  жүні,  тұмсығы  қаршығаныкіндей,  бірақ 
тырнақтары қысқа. Еті сасық екен, жеуге жарамады. 
Қайтып  салға  келіп,  жүкті  жағаға  таси  бастадым,  кешке  дейін  жүк 
тасумен  болдым.  Түнге  қарай  қайда  және  қалай  орналасарымды  білмеймін. 
Жерге жатайын десем — аңнан қорқам. Қорқуым бекер екен, артынан белгілі 
болды. 
Жатуға  бір  жерді  қолайладым  да,  айналамды  сандықпен,  жәшікпен 
қоршап,  үстін  тақтаймен  жауып,  қос  сықылды  бір  қуыс  істедім.  Қолдағы 
азық-түлік  таусылған  соң  тамақты  қалай  табатынымды  тағы  білмеймін, 
мылтық даусынан үркіп кӛтерілген құстар мен қоянға ұқсаған бір-екі кішкене 
аңнан басқа кӛзіме еш нәрсе түскен жоқ. 
Ендігі  бір  ойым  —  кемеде  қалған  заттарды  әлімнің  келгенінше  бірін 
қалдырмай  жиекке  тасып  жеткізу,  ең  алдымен  кеменің  желкенін  және 
арқандарын  алғым келді.  Тағы  бір  қырсыққа  ұшырамасам кемеге  тез  барып 
жетуді  мақұл  кӛрдім.  Себебі  жел  тұрып  кетсе,  кеменің  қирайтыны  ӛзіме 
мәлім. Басқа жұмысты қойдым да, кемеге қайта бару әрекетіне кірістім. Әрі 
ойлап, бері ойлап, салды жағаға қалдырдым, себебі салмен баруды қолайсыз 
кӛрдім,  су  қайтып,  жаға  тайыздаған  мезгілде  теңізге  түстім,  аяғымдағы 
башмағым мен іш киімімнен басқаның бәрін шешіп, қосқа тастап кеттім. 
Әуелгідей  арқаннан  тартып,  кеменің  үстіне  шықтым,  тағы  да  жаңадан 
сал  будым.  Бұл  буған  салым  анадай  емес,  ӛте  оңтайлы  болды.  Ауыр  жүк 
тиегенім жоқ, сонда да осының ӛзімен толып жатқан қажетті заттар тасыдым. 
Біріншіден,  бұрынғы  кемедегі  шебердің  қалған  құрал-саймандарын  —  ірілі-
уақты екі-үш қап шеге, жиырма шақты балта, ең қажеттісі қайрақ, тағы сол 
сияқты  пайдалы  заттар  алдым.  Мұнан  кейін  ӛзіміздің  зеңбірекшінің 
қоймасынан  үш  сүймен,  екі  бешке,  мылтыққа  салатын  жалғыз  оқ,  жеті 
мүшкет,  шамалы  оқ-дәрі  мен  тағы  бір  құс  мылтығы,  үлкен  бір  қапшық 
бытыра, үлкен бір бӛлек құйма қорғасын алдым. Қорғасын ӛте ауыр болып, 
кӛтеруге күшім жетпеді. 
Бұл  айтылғандардан  басқа  алғандарым:  екі  кӛйлек,  желкен,  қосалқы 
желкен,  тамақ,  бірнеше  кӛпшік  пен  жастық,  бәрін  де  аман-сау  жиекке 
шығардым. 
Ӛзім  жоқта  азық-түлікті  жыртқыштар  жеп  құртып  кете  ме  деп  кемеге 
бара  жатқанда  азырақ  қорқайын  дедім.  Бірақ  қайтып  келіп  қарағанымда  еш 
нәрсенің  ізі  сезілмеді.  Тек  жабайы  мысық  тәрізденген  бір  кішкене  аң 
сандықтың  үстінде  отыр.  Мен  жақындаған  кезде  азырақ  қашты  да,  шоқиып 
отыра  кетті,  менімен  танысқысы  келгендей,  кӛзін  айырмай  тесіле  қарады. 
Мылтықты кӛтеріп алып ұсынып ем, қаймығатын түрі жоқ, бүлк етпей отыра 
берді. Бұл не қылған жәндік адамнан қорықпайтын дедім де, алдына бір үзім 
нан лақтырып тастадым, кӛбірек тастауға кӛзім қимады, сараңдығым ұстады, 
себебі  азық-түлігім  аз  ғой.  Келді  де,  нанды  иіскеді,  сонсоң  шайнап-шайнап 
қылқ  еткізіп  жұтты,  дәмі  қалай  тәтті  еді  дегендей,  тілін  жылмаңдатып 

35 
Sauap.org
 
жалады да, тағы береді ғой деп дәметті. Бірақ екінші қайта тастағаным жоқ, о 
да жӛніне кетті. 
Екінші рет алып келген жүктерді жағаға тасымалдап жеткізгеннен кейін, 
дәрі  салған  ауыр  бӛшкелердің  аузын  ашып,  ішіндегісін  бір-бірлеп  тасығым 
келді,  ең  әуелі  оларды  қоятын  орын  сайлауым  керек.  Орманнан  сырғауыл 
кесіп  әкеліп,  үлкен  шатыр  істедім,  үстін  желкеннің  кенептерімен  жаптым, 
сӛйттім  де,  күнге,  жауынға  тез  бұзылатын  заттардың  бәрін  ішіне  тасып, 
айналасына бос жәшіктерді үйдім. 
Шатырдың  кірер  аузына  үлкен  сандықты  қырынан  қойып, ішкі  жағына 
кесе-кӛлденең тақтай сүйедім. Сӛйтіп, жайласып болғаннан кейін ӛзіме жерге 
тӛсек  салдым,  екі  мылтықты  басыма  жастап,  біреуін  қойныма  тықтым  да 
жаттым.  Кеме  апатқа  ұшырағаннан  бері  қарай  тӛсекке  бірінші  рет  жатуым. 
Әбден  шаршағаным  ғой,  қимылдамастан  таң  атқанша  ұйықтаппын.  Себебі 
ӛткен түні аз ұйықтадым. Келесі күні кемеден жүк тасып, жиекке шығарумен 
болдым. 
Мендей қылып мұндай сарайды ешкім де салмаған болар. Бірақ бәрі де 
маған жеткіліксіз, аздық етеді: кеме әзір қирамай бұрынғы орнында тұрғанда 
ішінде қалған заттарын біртіндеп болса да алып, қорымды молайтқым келді. 
Соның үшін су серпіп кейін тепкен сайын күнде кемеге барып ондай-мұндай 
заттарды әкеле бердім. Кемеге үшінші рет барғанымда едәуір олжалы болып 
қайттым. Салға сыйған заттардың бәрін де тиедім. Желкенді жамайтын үлкен 
бір кенеп бар еді, оны да алдым, алдында ӛзімнің тастап кеткен бір бӛшке су 
тиген  мылтық  дәрісін  мұны  да  алдым.  Желкеннің  бірін  қалдырмай  жиекке 
шығардым. 
Тағы  бір  қуанышым  мынау  болды:  кемеге  бес  рет  пе,  алты  рет  пе 
барғаннан кейін, бір күні қайта барып, әр жерін шұқылап қарап кӛрсем, ойда 
жоқ жерден тағы да бір олжаның үстінен шықтым. Кеменің трюмінен үлкен 
бір бӛшке кепкен нан, үш бӛшке ром, бір жәшік шекер және бір бӛшке ақ ұн 
таптым. Трюмнан мұндай азық-түлік табамын деген ойымда жоқ, себебі бар 
болса да су тиіп былғанып қалды ғой деп ойлап ем. Кепкен нанды бӛшкеден 
алып желкеннің кенебіне орадым, қалғанын сол күйімен салға тиеп аман-сау 
бұларды да жағаға жеткіздім. 
Екінші  күні  кемеге  тағы  бардым,  әлім  келген  заттың  бірін  қалдырмай 
алдым  да,  енді  арқанға  жабыстым,  арқандарды  кӛтеруге  жеңіл  болсын  деп 
бӛлек-бӛлек  етіп  кесіп  салға  тиедім.  Күшімнің  келгенінше  бір  талай  темір 
жинап  алдым.  Мұнан  кейін  қалған  ағаш  тақтайларды  кесіп  жаңадан  үлкен 
етіп салды будым да, барлық жүгімді тиеп ақырындап жиекке қарай жылжи 
бердім.  Бұл  сапар  бағыт  ӛзгерді:  менің  салым  ебедейсіз  және  жүгі  ауыр 
болғандықтан,  басқарып  отыруға  ӛте  қиын  болды.  Бұрынғы  жүк  түсірген 
қуысқа келіп кіргенімде, ептеп әкеліп тоқтата алмай, сал аударылып, жүкпен 
бірге  ӛзім  суға  құладым.  Суға  кетемін  деп  ӛз  басымнан  қорыққаным  жоқ, 
себебі жиектемін, бірақ алып шыққан заттарымның кӛбін жоғалттым, әсіресе 
темір-терсек  жағы.  Темір  маған  ӛте  қымбат,  ӛкіндім,  амал  бар  ма;  су  кейін 
теуіп,  жаға  тайыздалған  кезде  арқандарды  сүйреп  жиекке  шығардым  және 

36 
Sauap.org
 
бірнеше  бӛлек  темірлерімді  тауып  алдым:  мұның  бәрі  маған  оңайлықпен 
түскен  жоқ,  кӛбінесе  сүңгіп  іздеуге  тура  келді,  ӛзімді  де  шаршатты.  Мұнан 
кейін де күн сайын кемеге барып, қолыма іліккенін әкеле бердім. 
Аралға келгеніме он үш күн болды, осы он үш күннің ішінде кемеге он 
бір  рет  барып,  екі  қолдың  әлі  келген  заттарын  алып  үлгірдім.  Егер  жел 
болмай тынық боп тұрғанда, енді бірнеше күннің ішінде бӛліп-бӛліп кеменің 
ӛзін шығаруға да шамам бар еді. Он бір күн ӛтіп, он екінші күн дегенде жел 
шығып,  дауыл  тұрып  кететіндей  сыйқы  байқалды.  Дегенмен  судың  кейін 
тепкенін  күтіп  тұрдым  да,  кемеге  кеттім.  Каютаны  әуелі  түгін  қалдырмай 
тінтіп қарадым, еш нәрсе қалмаған сықылды кӛрінді, бірақ сӛйтіп жүргенімде 
бір  әдемі  қаңылтыр  сауыт  кӛзіме  түсті,  ашып  қарасам:  біреуінде  —  үш 
ұстара,  бір  үлкен  қайшы,  бірсыпыра  пышақ  пен  шанышқы;  екіншісінде— 
отыз  алты  стерлинг  шамасындай  алтын  және  күміс  ақша.  Бұлардың 
бірқатары  еуропалық,  енді  біреулері  бразилиялық  ақша.  Ақшаны  кӛргенде 
бір  түрлі  ашуланғандай  болып:  «Түкке  тұрмайтын  шірік,  сенің  маған  енді 
керегің  не?  Еңкейіп  жерден  аларлықтай  да  құның  жоқ  қой,  сенен  маған  бір 
пышақ артық емес пе, сені алғанда не қылмақшымын, сен менің не қажетіме 
жарайсың,  қай  жерде  жатсаң,  сол  жеріңде  қал  да  су  түбіне  барып  шірі»  — 
дедім. Осылай деп азырақ ойлап тұрдым да, шүберекке орап қалтама салдым. 
Енді жаңадан сал бууға жӛні келмейтін болды, кӛк түнеріп жаға жақтан жел 
тұра  бастады.  Жел  жағадан  соққан  кезде  сал  буудың  пайдасы  жоқ;  толқын 
күшеймей  тұрып  тезірек  жиекке  жету  керек,  әйтпесе  жиекке  шығудың  ӛзі 
үлкен  қауіп.  Кӛп  уақыт  ӛткізіп  тұрғаным  жоқ,  суға  түстім  де  жағаға  қарай 
жүзе бердім, иығымда бір талай жүгім бар және жел қарсы алдымнан болып, 
ӛліп-талып  жағаға  әрең  жеттім.  Мен  жиекке  шыға  берген  шамада  жел 
бұрынғысынан күшейіп, қатты толқын кӛтерілді. 
Бірақ  мен  бұған  дейін  барлық  мүлкіммен  амансау  үйге  келдім.  Келдім 
де,  шатырға  кіріп  жаттым.  Дауыл  түнімен  соқты,  таңертең  шатырдан 
басымды  шығарып  қарасам,  кеме  тұрған  орнында  жоқ.  Бұл  әуелі  маған  ӛте 
кӛңілсіз болып кӛрінсе де, артынан ӛзімді ӛзім жұбаттым, жел тынық кезде 
уақыт ӛткізбей бар күшімді сарп етіп ӛзіме керекті заттардың бәрін де алдым, 
мұнан  былай  да  кеме  орнында  тұрғанмен,  бәрібір  алатын  еш  нәрсе  қалған 
жоқ. 
Содан қайтып кемені де және онда қалған нәрселерді де ойлағаным жоқ. 
Мүмкін,  дауылдан  кейін  де  ондай-мұндай,  бӛлек-салағын  жағадан  тауып 
алуға болар және солай болды да, бірақ одан кӛрген пайдам шамалы. 
Менің ендігі ойым — егер бола қойса жабайылардан қалай сақтану және 
жыртқыш  андардан  қайткенде  аман  қалу.  Баспананы  қалай  етіп  салуым 
керек, міне, ойлағаным осы болды. Үңгір қазсам ба екен немесе шатыр істеп, 
айналасын нығайтсам ба екен. Ақырында ойлап-ойлап екеуін де істегім келді. 
Істеген  жұмысым  туралы  айтсам  және  жасаған  үйімді  суреттесем  артық 
болмас деп ойлаймын. 
Жиектегі  шатыр  тігіп  орналасқан  жерім  қоныс  теуіп  мекендеуге  ӛте 
қолайсыз,  қолайсыздығы:  теңіздің  жағасы,  әрі  ойпаң,  айналасы  саз,  жаңбыр 

37 
Sauap.org
 
жауса  батпақ  болады.  Жақын  жерде  ішетін  ауыз  су  жоқ,  сондықтан 
мекендеуге бір қолайлы орын тауып алуым керек болды. 
Ол-мекендейтін  жерім  мына  жағдайларыма  сәйкес  болуы  керек: 
біріншіден, менің үйім батпағы жоқ жерге және тұщы суға жақын болу керек; 
екіншіден,  кӛлеңкелі  жерде  болу  керек;  үшіншіден,  екі  аяқты  және  тӛрт 
аяқты  жыртқыштардың  шабуылынан  қауіпсіз  болу  керек;  ал  ақырында, 
тӛртіншіден, теңіз жақ беті ашық болу керек, себебі құдай оңдап кӛзіме кеме 
кӛрінсе, құтылам ба деген үмітім бар. 
Іздеп  жүріп  осы  қолайлы-ау  деген  бір  жерді  таптым.  Айналасы  зәулім 
ағаш,  ортасы  ашық,  бір  жағы  биік  тӛбе,  тӛбе  болғанда  да  тіп-тік,  тӛбеден 
келіп  түсе  алатын жер  емес. Сол жерде  тереңдігі едәуір  бір  қуыс  бар, бірақ 
ешқандай  үңгір  жоқ.  Тапқан  жерім  ӛзіме  ұнады,  әрі  таса,  әрі  кӛлеңке. 
Сонымен осы алаңға орналасқым келді. Алаңның ұзыны екі жүз ярд

бір жақ 
етегі  тӛбеге  барып  тіреледі,  тӛбенің  мүйісі  иректеліп  теңіздің  жағасына 
барып  тоқтайды,  алаң  тӛбенің  оңтүстігі  мен  батыс  жағының  аралығында. 
Ертеден кешке дейін күннің кӛзі түспейді, ылғи кӛлеңке болады да тұрады. 
Ең  әуелі  дӛңгелетіп  үй  салатын  жердің  орнын  сыздым,  сызықтың 
айналасы жиырма, іші он метрдің шамасындай. Бұдан кейін сызықтың үстіне 
арасын  сынық  сүйемдей  ашық  қалдырып  нықтап  тұрып  екі  қатардан  қазық 
қақтым, қақпас бұрын қазықтың бәрін де ӛткірлеп ұштап алғанмын. Үйімнің 
биіктігі  бес  жарым  футқа  жақындайды.  Іш  жағына  жуан-жуан  ағаштарды 
кесе  кӛлденең  салып,  қазықтың  ашық  қалған  араларын  тӛбесіне  жеткенше 
арқанмен нықтап тұрып байладым. Салған қорғаным кӛңілдегідей болды, аң 
түгіл адам да бұзып кіре алатын емес, әрине, бұл оңайлықпен біткен жоқ, кӛп 
уақыт оздырып, толып жатқан еңбек сіңіруге тура келді; әсіресе бәрінен гӛрі 
қиын болғаны  — орманға барып ағаш кесу, кесілген ағашты тасу және оны 
жерге қағу. Есік істегенім жоқ, басқышпен түсіп, басқышпен шығатын еттім, 
ішке  түскенде  басқышты  ӛзіммен  бірге  ала  кірем.  Сонымен  салған  жайым 
келісті, мықтап-ақ бекіндім, еш нәрседен қорқып алаңдамай, қауіпсіз тыныш 
жатып ұйықтайтын болдым, ал енді жайбарақат уақытта мұны істеу мүмкін 
болмас  еді.  Осынша  бейнеттеніп  бекінбесем  де  болады  екен,  мұны  артынан 
барып білдім. 
Кӛп  бейнет  кӛріп  үлкен  азап  шегіп,  жиектегі  азық-түлік,  қару-жарақ 
және  басқа  мүлкімді  қорғанға  тасыдым.  Жауын-шашыннан,  ыстықтан 
сақтану үшін қорғанның ішінде бірінің үстіне бірін қойып, екі қабат шатыр 
тіктім  де,  үстін  желкенмен,  кемеден  әкелген  брезент  кенеппен  жаптым. 
Жататын  орнымды  да  сайладым,  капитан  жәрдемшісінің  тоқымалы  тор 
кереуетін  орнатып,  соның  үстіне  ұйықтайтын  болдым.  Жауын-шашынға  тез 
шіритін заттардың бәрін тасып шатырға кіргіздім. Заттарды қорғанға кіргізіп 
болған  соң,  қорғанның  ашық  жерін  мықтап  бітедім  де,  кішкене  ғана  есік 
қалдырып,  кіргенде  де,  шыққанда  да  жаңағы  айтқандай  басқыш  арқылы 
түсіп, басқышпен кіріп жүрдім. 
Қорғанды  істеп  бітіргеннен  кейін  таудан  үңгір  қазуға  кірістім.  Қазып 
шығарған  тастар  мен  топырақты  қорғанның  ішіне  тӛсеп,  шұқыр  жерлерді 

38 
Sauap.org
 
тегістедім,  топырақ  тӛселгесін  едені  екі  сүйемдей  жоғары  кӛтерілді.  Қазған 
үңгірім  шатырдың  сырт  жағында  болды,  қазғаным  бӛтен  болған  жоқ,  баз 
есебіне пайдаландым. 
Бұл жұмыстарды әбден аяқтап шығу кӛп уақыт және кӛп еңбек сіңіруді 
тіледі.  Жұмыс  үстінде  толып  жатқан  оқиғалар  кездесті,  осы  туралы  айтып 
ӛткім  келеді.  Бір  күні  шатыр  тігіп,  үңгір  қазуға  әзірленіп  жатқанымда,  бір 
кесек  қалың  қара  бұлт  ойнап  шықты  да,  тӛгіп  құя  салды.  Мұнан  кейін 
найзағай  жарқылдап,  қатты-қатты  күн  күркіреді.  Әрине,  бұл  бұрын-соңды 
кӛрмей  жүрген  нәрсе  емес,  найзағай  жарқылдап  күннің  күркірегенінен 
қорыққаным  жоқ,  қорыққаным  «мылтық  дәрісі»  еді.  Осы  ойыма  түскенде 
жүрегім мұздап, денем қалтырап қоя берді, егер жасын түссе ең алдымен дәрі 
жанады,  дәрі  жанса  мен  не  болам,  қорғанатын  да,  тамақ  тауып  ішетін  де 
құралым осы дегендей пікірлер кенеттен пайда болды. Дәрі жарылған кезде 
ӛзімнің қандай қауіпке кездесетінім тіпті ойымда да жоқ. Осы ойым ӛзіме зор 
әсер етті, істеп жатқан жұмысымды уақытша тоқтаттым да, дәріні бӛлшектеп 
әр  жерге  орналастыру  ниетімен,  найзағай  басылғаннан  кейін  қалта  тігіп, 
жәшіктер істеуге кірістім. Менің ойлағаным бәрі бірдей жанып кетпес үшін 
дәріні  бӛлшектеп,  жаңа  қойса  бірінің  жалыны  біріне  тиместей  етіп 
әрқайсысын әр жерге кӛму еді. Бұған екі жеті уақытым ӛтті. Барлық дәрі екі 
жүз қырық қадақтың шамасындай еді. Қалтаға, жәшікке салып жүз түйіншек 
еттім  де,  дымқыл  тимейтін  жерді  таңдап  жүріп  таудың  баурайына  апарып 
кӛмдім, іздегенде бірден табу үшін бәрінің үстін сызып белгі салдым. Кемеде 
су тиіп дымқылданған дәріні сол күйі мен апарып ӛзімнің үңгіріме қойдым. 
Қорғанды  салып  жатып  күніне  бір  рет  әр  жерді  қарап  жүріп  қайтушы  едім, 
ӛйткені  бір  жағынан  құс  атып  кӛңіл  кӛтерейін  дейім,  екінші  жағынан  аз  да 
болса  маңайымды  зерттеп,  аралдың  жаратылыс  байлығын  білгім  келеді. 
Бірінші  рет  шыққанымда  жабайы  ешкілердің  ӛте  кӛп  екендігін  кӛрдім, 
ешкінің  кӛптігіне  қуандым,  бірақ  ӛте  сақ  мақұлық  болады  екен,  маңайына 
жолатпай тым алыстан қашады. Бұған кӛп қайғырғаным жоқ, әйтеуір бір күні 
болмаса  бір  күні  қалай  жақындаудың  әдісін  білермін  дедім  де  қойдым. 
Ешкілердің  топтанған  жерін  бақылап  жүріп  мынадай  жағдайларын  сездім: 
олар  тау  басында  тұрған  кезде  мен  етек  жағынан  келсем,  маңына 
жолатпайды,  тым  алыстан  қашады;  ал  енді  етекте  жайылып  жатқанда, 
айналып  тау  жағынан  келсем,  мені  сезбейді,  жайылып  жата  береді.  Әбден 
байқап  алдым  да,  бұл  жануарлар  тӛбесіндегі  затты  кӛрмейді  екен-ау  деген 
қорытындыға  келдім.  Бұдан  кейін  ылғи  биік  тастың  басына  шығып,  тау 
жағынан  келетін  болдым және  тӛбесінен  келсем,  жақындап  ататын болдым. 
Әуелгі  атқаным  бір  лақ  ешкіге  тиді.  Атуын  атсам  да,  лағын  аядым.  Енесі 
құлап  тыпыршып  жатқанда,  қозғалмастан  секиіп  қасында  тұрды.  Тұрғаны 
былай  тұрсын:  ешкіні  иығыма  салып  үйге  қарай  жүргенімде,  лағы  қалмай 
артымнан  ерді.  Еріп  үйге  шейін  келді.  Ешкіні  жерге  тастадым  да,  лақты 
қолыма алып қорғанның ішіне түсірдім, ойым асырап ӛсіргім келді. Бірақ әлі 
отығып жетпеген екен, асырауға кӛнбеді, амалсыз сойып жедім. Екі ешкінің 

39 
Sauap.org
 
еті кӛп уақыт үнем болды. Себебі басқа азық-түлігімді, әсіресе нанды мүмкін 
қадарынша үнемдеу үшін аз-аздап жедім. 
Үйге  әбден  жайласып  алғаннан  кейін,  от  жағатын  ошақ  қазып  және 
молайтып отын жинап алғым келді. Мен бұл міндетті қалай орындағанымды, 
ӛзіме  қолайлы  қандай  жағдайлар  туғызғанымды  ӛзінің  тиісті  орнында 
айтармын,  қазір  ӛзім  туралы,  сол  кезде  басыма  келген  ой-пікірлер  туралы 
сӛйлегім келеді, әрине, ондай пікірлердің аз болмағаны түсінікті ғой. 
Мен  қараңғы  дүниеде  қалдым.  Дауыл  мені  адам  баласының  кӛзі  кӛріп, 
құлағы  естімеген  аралына  әкеліп  тастады,  тұрған  жерім  баяғы  барамыз  деп 
шыққан жерге алыс, кӛп шалғай жатыр, сауда кемелерінің жүретін жолы да 
әлденеше  жүз  миль,  кӛктен  болмаса  жерден  келіп  қолының  ұшын  берер 
ешкім жоқ, барса келместің аралында ит-құсқа жем болып ӛлуді құдай тағала 
менің  маңдайыма  жазған  екен,  басқа  не  бар,  енді  күнім  бітті  ғой  деген 
пікірлер  қаптап  келгенде,  кӛзімнен  аққан  жасқа  етегім  толды.  Осы  туралы 
ойлағанымда  құдай  тағала  себепті  ӛзінің  жаратқанын  ӛзі  құртатынын, 
тағдырдың  озбырлығына  ұстап  беретінін,  ешбір  жәрдемсіз  далаға  тастап, 
қандай бақытсыздыққа ұшырататынын, ондай тұрмысты қаламаса да, сондай 
жаман халге жеткізетінін ойлап ұға алмадым. 
Мұндай  қиялды  ойлауға  ішкі  сезімім  кӛбінесе  кес-кестеп  жол  бермеді. 
Бірдеме сӛйлегім келсе, қақпайлап ауызға ұрғандай болды, осыны ойлайтын 
не  бетің  бар,  сен  қашаннан  қарғыс  атқан  адам  емес пе  ең дегендей  кейістік 
сӛздерді айтып тойтарып қояды. Бір ойлаған ойым әлі есімнен қалмайды, тап 
күні  бүгінгі  сықылды  кӛз  алдымда  елестейді;  бір  күні  мылтығымды  алып 
ертеден  қара  кешке  шейін  қаңғып  теңіз  жағасын  кездім.  Ерігіп  жүрген  еш 
нәрсем жоқ, қайғыдан басқа менде не болсын. Жүріп келе жатып кілт тоқтай 
қалдым, неге десеңіз ӛз бойымнан бір үн пайда болды. Тыңдасам айтатыны: 
«Иә,  сенің  халің  жақсы  емес:  сен  жалғызсың-ау,—  мұның  рас,  бірақ 
ескеретінің:  сенімен  бірге  болғандар  қайда?  Сендер  қайыққа  он  бір  кісі 
болып мініп едіңдер-ау, солардың сенен басқасы қайда кетті? Олар не үшін 
қаза  тапты?  Сен  аман  қалатындай  не  қылған  ардақты  едің?  Сен  қалай 
ойлайсың,  ӛлген  жақсы  ма,  немесе  тірі  қалған  жақсы  ма?».  Сол  кезде 
басымды  кӛтеріп  теңізге  қарадым.  Коп  жауыздықтың  ішінде  бір  ізгілік 
болады, енді мұнан жаман не болар екен. 
Халім  қанша  жаман  дегенмен  кӛп  нәрседен  қамтамасызбын-ау.  Егер 
кемені су кӛтеріп жиекке жақындатпай сол қайырлаған жерінде шӛгіп қалса 
қайтер едім; егер мен осы аралда әуелгі күнгідей ассыз-сусыз, құралсыз күн 
ӛткізсем  қайтер  едім?  «Құралсыз,  қарусыз  қайтіп  тіршілік  етер  едім?»— 
деген сӛзді — біреуге айтып, мұң шағып тұрған кісіше даусымды  шығарып 
айқайлаңқырап  жіберіппін.  Киім-кешексіз,  тӛсек-орынсыз  және  баспанасыз 
бұл арада қалай ӛмір сүруге болар еді? Осының бәрі ойға түскенде лоблыған 
жүрегім  басылып,  кӛңілім  тынышталғандай  болады.  Және  болашағымның 
бетіне қорықпай тура қарауға жарайтынмын, себебі оқ-дәрі таусылып біткен 
күнде де басқа құралдармен айла-шарғылап, ӛлгенше тамақ асырап күнелтуге 
болатындығы ӛзіме мәлім секілді. 

40 
Sauap.org
 
Шынында  да  мен  аралға  келіп  тұрған  уақыттан  бастап-ақ  оқ-дәрілерім 
азайып  таусылуға  айналған  кездегісі  былай  тұрсын,  күш-қуатым  әлсіреп 
және  бас  ауырып,  балтыр  сыздаған  уақыттарда  да  керекті  заттармен  ӛзімді 
қамтамасыз етуді алдын ала-ақ ойланғанмын. 
Бір  ескермегенім  —  тӛбеден  жасын  түссе  дәрінің  түгі  қалмай  жанып 
кететіні  ойыма  келсейші,  жаңбыр  жауып,  найзағай  жалтылдаған  кезде,  не 
қыларымды білмей жаман сасқанымның мәнісі де осы еді. 
Адам  баласының  басында  я  болған,  я  болмаған  үнсіз,  тілсіз  қайғылы 
тұрмысты әлім келгенінше түгін қалдырмай ретімен суреттеп айта берейін. 
Менің  есебімше  аралға  келіп,  аяғымның  ұшы  тиген  күні  қыркүйек 
айының 30-ы еді, уақыт күз (жаңылмасам экватордан солтүстік ендікке 9°22 
градус). Бұл ендікте күн бұл айдың ішінде де тас тӛбеңде болады. 
Аралда  он-он  бес  күн  тұрған  соң,  кейін  қағаз-қаламның  және  сияның 
жоқтығынан  күн  есебін,  ай  есебін,  тіпті  жексенбінің,  дүйсенбінің  қай  күні 
болатынын жаңылып қалатыным есіме түсті. Соны ойладым да, ӛзімді әуелі 
толқын  айдап  шығарған  жиекке  апарып  бір  жуан  бағанды  қазып  кӛмдім, 
қалың  тақтайды  пышақпен  ойып,  ірі  әріппен:  «Мен  осы  жерді  1659  жылы 
қыркүйек  айының  30  күні  бастым»  —  деп  бадырайтып  жаздым  да,  ағашқа 
кесе-кӛлденең  шегеледім.  Бағанды  күніне  бір  кертіп  белгі  салдым;  жетінші 
кертпешті басқалардан  гӛрі ұзынырақ етіп  керттім:  бұл жексенбінің  белгісі; 
әр  айдың  бір  жаңасын  ұзынырақ  етіп  белгіледім.  Сӛйтіп,  айды,  жылды, 
аптаны, күнді біліп тұратын күнтізбе жасадым. 
Кемеден  алған  заттардың  кӛбін  тізбелеп  айтсам  да,  бірсыпыра  ұсақ 
заттарды  айтқаным  жоқ,  әрине,  кӛпшілігі  бағалы  да  зат  емес,  дегенмен, 
зияны  да  тиген  жоқ.  Мысалы:  капитанның  және  оның  жәрдемшісінің 
каюталарынан  сия,  қаламұш,  қағаз  және  үшеу  ме,  тӛртеу  ме  құбылнама, 
аспан  әлемін  зерттейтін  бірнеше  құрал,  дүрбі,  географиялық  карталар, 
навигация кітабын тауып алғанмын. Бәрін жинап, әйтеуір бір қажетіме жарар 
деп  сандықтың  түбіне  тастағанмын.  Ӛз  жүгімнің  ішінен  үш  жақсы  библия 
кітабын  тапқанмын  (бұларды  тауармен  бірге  Англиядан  алдырып,  жолға 
шыққанда  нәрсе-қарамның  ішіне  буып  қойғанмын).  Бұлардан  басқа 
португалша  жазылған  бірнеше  кітап  алғанмын,  оның  үшеуі  иманшарт 
сықылды  дұғалық  еді.  Кемеде  екі  мысық,  бір  итіміз  болатын  (бұл 
хайуанаттардың  аралдағы  тарихын  кейінірек  сӛйлермін).  Мысықты  салға 
отырғызып шығарғанымда, ит ӛзі қарғып суға түсіп артымнан қалмай жиекке 
жүзіп шыққан. Ол кӛп жылға дейін маған жолдас болып, кӛп қызмет істеді, 
кӛп жақсылық істеді. Менің ойым оны сӛйлету еді, бірақ сӛйлеу оған табиғи 
емес қой. Кемеден алған қағаз, қарындаш, сияларды жанымдай сақтап, әбден 
үнемдеп жұмсадым. Сия қағазым біткенге шейін не кӛріп, не істегенімді, не 
ойлағанымды  қалдырмай  түгел  жазып  келдім;  бірақ  қағаз,  сия  қалай  бітті, 
жазуды мен де доғардым. Себебі сияны неден жасауды білмедім. 
Бір сарай мүлкім бола тұрса да, керекті заттардың кӛбі жоқ еді. Мысалы: 
күрек,  қалақ,  керкі  сықылды  жер  қазатын  заттар;  ине-жіптен  де  еш  нәрсе 

41 
Sauap.org
 
болмады,  кӛйлек-ыстан  сықылды  ішкі  киімдер  де  жоқ  болды,  бірақ  мен 
оларға кӛп мұқтаж болғаным жоқ. 
Құрал-сайманның  кемдігінен,  істеген  жұмысымның  қайсысы  болса  да 
ауыр  тиіп  және  ұзаққа  созылды.  Қорғанды  салып  бітірудің  ӛзіне  жылға 
жақын уақыт керек болды. Орманға барып, жуан-жуан сырғауыл кесу, оның 
бұтағын  шауып  қазық  істеу,  істелген  қазықтарды  шатырға  тасу  —  міне 
бұлардың бәріне кӛп уақыт керек болды. Қазықтар ӛте ауыр, біреуден артық 
кӛтеруге болмайды, кей-кейде бір қазықты жонып, ұштап және үйге әкелудің 
ӛзіне екі күн уақыт ӛтті және үшінші күні жерге қағу керек. Қазықты әуелгі 
кезде ағаш тоқпақпен қағып жүрдім, артынан кемеден әкелген темір сүймен 
есіме  түсіп,  соны  пайдаландым,  бірақ  одан  кӛп  жеңілдік  кӛргенім  жоқ, 
қызметтің  ең  ауыры,  ең  қиыны  қазық  қағу  болды,  ӛзімді  де  әбден 
қалжыратты. 
Бірақ мен бұған қайғырғаным жоқ, ӛйткені бәрібір уақыт ӛткізетін басқа 
түк  те  жоқ:  үй  біткеннен  кейін  тек  тамақ  іздеп,  күнде  аралды  кезіп  құр 
қыдырғаннан басқа күрделі жұмыс кӛрінген де жоқ. 
Солай  бола  тұрса  да  ӛзімнің  халімді  талқылап  және  ой-пікірімді  жаза 
бастадым,  жазғандағы  мақсатым—менің  халімде  болған  адамдарды  (бірақ 
ондай адамдар кӛп бола берер ме екен) ғасыр бойы осыған үйрету үшін емес, 
тек әншейін менің кӛрген қорлығымды, шеккен бейнетімді сӛзбен айтып, аз 
да  болса  шер  тарқатып  жанымды  тыныштандырайын,  ӛз  кӛңілімді  ӛзім 
жұбатайын деген еді. Уайым-қайғы қандай ауыр болғанмен оны ӛзімнің ой-
пікірім  бірте-бірте  жеңе  бастады.  Күшімнің  жеткенінше  жамандыққа 
жақсылықты  қарсы  қойып,  ӛзімді  ӛзім  жұбатқым  келді.  Кӛрген 
жамандығымды  да,  жақсылығымды  да  салмақтап,  екеуін  қатар  қойып  жаза 
бердім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет