шайқасуға әзірміз.
Жабайылар енді қайтып аралға келмегесін, қорқынышым аз-аздап
басылайын деді, бірақ құрғақ жерге жетсем деген ескі қиял туа бастады және
Жұманың әкесінің: «Егер бара қойсаңыз, сізді біздің ел ӛздерінің
148
Sauap.org
жарылқаушысы ретінде құшағын жайып қарсы алады» — деген сӛзі бір
жағынан тағы қамшы болды.
Бір күні осы жайында испанмен мейлінше шешіліп сӛйлестім: менің
әлгіндей жоспарым бар екенін, мұны жүзеге асыруға қалай қарайтынын
сұрадым. Оның айтуынша, кемелері апатқа ұшырап, қайықпен ағып келген
он жеті кісі испандар мен португалдарды жабайылардың зәбірлемей,
іштеріне алып, сыйлағаны рас, бірақ олардың кӛрген күні күн емес,
тұрмыстары ӛте нашар, тіпті кӛбінесе ішер тамаққа зар болып ашығып
отырады екен. Кемелерінің қалай апатқа ұшырағанын сұрағанымда, қонағым
оны да тәптіштеп айтып берді. Кемелері Рио-де-ла-Платыдан Гаванаға келе
жатқан Испания кемесі екен, сонда барғасын жүгін түсірмекші болыпты,
ондағы жүктің кӛпшілігі — кілең аң терісі мен күміс, сол барған жерінен
Еуропа тауарын алып қайтпақшы болыпты. Жолда келе жатып, бұлар апатқа
ұшырап жатқан басқа бір кемеден бес теңізшіні құтқарып, кемесіне мінгізіп
алыпты, бұлар португалдар екен; сол кемедегі команданың бес адамы апатқа
ұшыраудың алғашқы кезінде-ақ суға кетіп ӛліпті; қалғандары қайықпен ағып
отырып, не бір қиыншылықтарды басынан кешіріп, бірнеше күн ӛткеннен
кейін қанішерлердің елінен келіп шығыпты, сӛйтіп, ӛлім қаупіне ұшырапты.
Олардың қолдарында мылтықтары бар екен, бірақ оқ-дәрілері бітіп
қалғандықтан, мылтықты пайдалана алмапты; қайықтағы дәрілері суға тиіп
бүлініпті, аман қалғанын аң аулап, тамақ асыраумен құртыпты.
— Сіздің ойыңызша қалай, олардың тағдыры ендігі жерде не болмақшы,
ол арадан кетудің қамын істемеді ме? — деп сұрадым.
Қайту жӛнінде талай мәжілістер болды, бірақ, құр жылап, кӛздің жасын
кӛл қылғаннан басқа еш нәрсе шығара алмады, себебі олардың қолында
кемесі де жоқ, аспап-құралдары да жоқ және оқ-дәрілері де жоқ, — деді.
— Егер мен оларға тұрған жерлеріңнен қашып менің аралыма келіңдер
деп ұсыныс жасасам, олар менің ұсынысымды қабыл алар ма! Сіз осыған
қалай қарайсыз?—дедім. Бірақ деуін десем де, олардың қолына түсіп
қалармын, ӛзімді-ӛзім солардың қолына ұстап берермін деп қорқам, қасыма
келіп алар да, опасыздық жасап істеген жақсылығымды ұмытып, ӛзімді
сергелдеңге салар, мен осыдан қауіптенемін деп, әңгімемді бүкпелемей ашық
айттым. Алғыс деген адам баласына тән ізгіліктің қатарына жатпайтын нәрсе
емес, адам қылмыс істегенде, біреуден кӛрген жақсылығын әдейі ұмытып, ол
жақсылыққа ӛзінің борышты екенін білсе де, білгісі келмей, тек ӛзінің бас
пайдасы үшін, сол жақсылық кӛрген кісісіне опасыздық жасайды. Біреуді
бәледен құтқарсам, ол еткен жақсылығым ӛзіме бәле болып жабысса, кісінің
есінен ӛмірде кетер ме? Кім біледі мені тұтқын етіп алар да, Испанияға алып
кетер; қандай жағдаймен болса да, олардың тұтқынына түскен бірде-бір
ағылшын әлі күнге дейін тірі қайтқан емес, ӛйтіп руханилардың тырнағына
іліккенше немесе түрмесінде шірігенше осы арада жатып жабайыларға жем
болғаным артық емес пе дедім. Егер сенің жолдастарың осында келсе, бәріміз
сыйып сапар шегетін бір кеме жасап алу қиын болмас еді, ол кемемен
Бразилияға немесе солтүстіктегі Испания уәлаятына барып жетер едік. Кӛп
149
Sauap.org
адам қоя ма, шағындау кеме жасап алу бізге оп-оңай-ақ болар еді дедім. Егер
олар менің еткен ізгілігімді аяққа басып, ӛзім берген құралдарымды ӛзіме
қарсы жұмсаса, егер олар ӛздерінің кӛптігіне сүйеніп, мені еркімнен айырып
тұтқын есебінде еліне апарса, сонда күнім не болмақшы, қазіргімнен де ауыр
халге душар боламын ғой,— дедім.
Испан менің бұл сӛздерімді тыңдағаннан кейін, нағыз шынын айтып,
жауап берді:
Оның айтуынша, жолдастарымның халі нашар, кӛрген күні ӛте жаман,
аш-жалаңаш, олар ӛздерінің қиын халін жақсы біледі, қолының ұшын беріп,
кӛмек кӛрсеткен кісіге еш уақытта арам ниет ойламайды. «Не деп арамдық
істейді? Егер мақұл кӛрсеңіз, мен мына Жұманың әкесін ертіп соларға
барайын, сіздің ұсынысыңызды айтайын, берген жауабын алып келейін,—
деді ол. Егер олар сіздің ұсынысыңызды мақұл дейтін болса, еш уақытта сізге
арамдық ниет ойламайтын етіп, сіз не айтсаңыз соған бас тартпай кӛнетін
етіп, сізді командир және капитан деп, бас бұрмай сіздің әміріңізге
бағынатын етіп, егер сіз христиан еліне баратын болсаңыз, сізге бас ұрмай
еретін етіп, інжіл сүйгізіп, олардың аятын аламын; сонымен қатар,
қолдарынан міндеттеме қағаз алып сізге әкеліп беремін».
Бұдан кейін маған шын ниетімен дос екенін, ӛзім қуып жібермесем еш
уақытта мені тастап кетпейтінін, ӛзінің испандары берген сертін танып,
маған қарсы құрттай бір арамдық істейтін болса, менің жағыма шығып,
қасық қаны қалғанша олармен соғысатынын, сол үшін ең әуелі ӛзі ант
беретіндігін айтты.
Олар сізге жауыздық істейді деп ӛзім ӛмірімде ойламаймын, олардың
бәрі де жақсы, ізгі адамдар, оның үстіне ӛздерінің кӛрген күні қараң, киетін
киімі, ішетін тамағы жоқ, бас бұруға шамалары жоқ, бүтіндей жабайылардың
қарамағында, елге қайтудан үміттерін әлдеқашан үзген адамдар, қысқасы, не
керек, егер сіз олардың ӛмірін сақтасаңыз, сіздің жолыңызға бастарын құрбан
қылуға риза дегенді айтты.
Қонағымның айтқанына әбден нандым, мендегі сенімсіздік тарады, енді
не де болса құтқарып алайын деп, сӛйлесіп қайту үшін оларға шал мен
испанды жібермекші болдым. Жол қаражатының бәрін даярлап, енді жүруге
әзірленіп жатқанда испан маған: «Жүруді қоя тұру керек, асығуға болмайды»
— деді. Ақылы ӛте орынды ақыл, тыңдамасқа мүмкін емес, оның маған шын
дос екені осы айтқандарынан да кӛрініп тұр. Сонымен, бес-алты ай кідіруге
тура келді, себебі мынау еді.
Испан айға жақын уақыт тұрып, тұрмысыммен танысты. Менің қалай
жұмыс істеп, күнелтіп отырғанымды кӛрді. Құдайдың кӛмегімен ӛзімнің
қажетті тілегімді орындап отырғанымды білді. Біздің қолымыздағы күріш
пен арпаның қанша екені белгілі. Әрине, менің жалғыз басыма қалай жесем
де жететін, бірақ, енді үй ішім тӛртеуге толды, сондықтан азық-түлікті ӛте
үнемдеп ішіп-жеуге тура келді. Әрине, мұның үстіне тағы он тӛрт адам келіп
қосылса, оларға бірден жеткізе алмас едік. Оның үстіне, кеме жасап ұзақ
сапарға шыққанда жолға қаншама азық-түлік, керек, әрине мұның бәрін
150
Sauap.org
ескермейінше болмады, міне осының бәрін қабырғаға салып кеңесіп
қарағанда, испанның айтқанының бәрі дұрыс, ең әуелі олардың тамағын
қамдау керек болды, міне, оның ойлағаны осы еді. Егер сіз рұқсат етсеңіз
үшеуіміз егін айдауға кірісейік, сіз тұқым беріңіз; егіннің піскенін күтейік,
бізді сонан соң жіберіңіз, осылардың бәрін орындап алмай, оларды құр оттан
әкеліп, шоққа салғаннан не шығады; мұқтаждық не қылдырмайды, осының
салдарынан, мүмкін, кім біледі арамыздан алауыздық туып жүрер. Сӛзінің
қортындысында: «Израильдың ұлдарын есіңізге түсіріңіз, олар әуелі
Египеттің езуінен құтылғандығына қуанған, ал содан кейін жапан далаға
келгенде, нандары жетпей қалып, ӛздерін құтқарған құдайға ӛкпелепті ғой»
— деді.
Қонағымның алдын болжап ақыл айтқанына қарсыласқаным жоқ, қайта
қуандым, шын дос екеніне сендім. Қайырып бір ауыз сӛз айтқаным жоқ,
ұсынысының бәрін қабыл алдым. Уақыт оздырып отырғанымыз жоқ,
тӛртеуіміз тізе қосып, жұмысқа кірістік, егін айдадық. Ісіміз ӛнімді (ағаш
күрекпен айдасақ та) болды, бір айдан кейін егін себетін уақыт жетті, едәуір-
ақ айдап тастаған екенбіз, жиырма бушель арпа, он алты бушель күріш
шаштық. Алты айға жететін астықты алып қалдық та, басқасының бәрін
септік, себебі, бұл жердегі егінді айдау, оны орып жинау алты айға
жетіңкіремейді.
Біз бұрынғыдай емеспіз, кӛбейдік, тӛртеу болдық, тым кӛп болып
келмесе, жабайыдан қорқуды қойып, аралда қалай болса солай жүре беретін
болдық.
Бәріміз
де
аралдан
тез
құтылуға
ынтызармыз
және
құтылатынымызға сенеміз де сондықтан, бұдан құтылатын құрал іздемей
тұра алмадық. Аралды аралап жүргенімде кеме жасауға қолайлы толып
жатқан ағаштарды кӛріп, Жұма мен әкесіне кестіріп, оларға басшылық ету
үшін қастарына испанды қойдым. Мен оларға ӛзімнің жонып жасаған
тақтайларымды кӛрсетіп, сендер де осындай тақтай жонып шығарыңдар
дедім, олар сондай етіп оннан аса тақтай жонды, бұл жұмысқа адам айтқысыз
еңбек сіңірілді. Бұлар — еменнен жасалған, ұзындығы отыз фут, ені екі фут,
қалыңдығы екіден тӛрт диюмге шейін баратын нағыз мықты тақтайлар еді.
Сол кезде мен қора-қопсымды жӛндеп, мал басын кӛбейту шарасын
істедім. Екеуіміз күн сайын жабайы лақ ұстауға шықтық, Жұма күнде
барады, біз испан екеуіміз кезектесіп барамыз.
Тасалау жерде жайылып жүрген лақты ешкіні кӛрсек, енесін атып
аламыз да, лақтарын кӛп ешкінің ішіне қосып жібереміз. Сонымен, тағы да
жиырма шақты ешкі қостық. Енді жүзім жинауымыз керек, себебі сол кезде
жүзімнің әбден пісіп тұрған кезі еді. Жинаған жүзіміміз ӛте кӛп болды, бәрін
де жақсылап кептіріп алдық; егер біз жүзімнен шарап істейтін Аликант
қаласында болсақ, шарапқа кемінде алпыс бӛшкені толтырар едік деп
ойлаймын. Астықтан соңғы күрделі азық-түлігіміздің бірі — жүзім, бәріміз
де жүзімді жақсы кӛреміз. Жүзімнен тәтті, әрі денсаулыққа пайдалы тамақ
кемде-кем-ақ шығар.
151
Sauap.org
Осы жұмыстармен шұғылданып жүргенде, егіннің қалай піскенін сезбей
қалдық. Аса бітік болмағанмен егініміз жаман болған жоқ. Ойлағанымызша
болды. Жерге себілген жиырма екі бушель арпадан екі жүз жиырма бушель
арпа, соған жақын күріш алдық; бұл алған астығымыз біздің барлығымыздың
(алып келмекші болған он алты адамды қоса санағанда) ішіп-жеуімізге жету
былай тұрсын, тіпті сапар шеге қойсақ, Америка мемлекетінің қай шетіне
барып шыққанша да жетеді.
Астықты орып, жинап болғаннан кейін себет тоқуға кірістік. Себебі
қолдағы бар ыдысқа астық сыймайтын болды. Испан себет тоқуға ӛте шебер
екен, үйіңді шарбақ тоқып неге жасамадың деп маған айтып жүрді, бірақ мен
оған мұқтаж болғаным жоқ-ты.
Күткен қонақтарымызға азық-түлікті жеткілікті етіп әзірлегеннен кейін,
оларға барып қайтуға испанға рұқсат еттім; жақсылап тұрып ӛзіне нұсқау
бердім. Аузынан антын алмай бір адамды ертіп келуші болма, ант алғанда
мына шал ішінде болсын дедім. Адам баласын жақсы кӛргендіктен оларды
тұтқыннан босату үшін әрекеттеніп жүрген аралдағы адамға жауыздық
етпейтін болсын, түрлі қауіп-қатер, бәле-жаладан қорғайтын болсын,
айтқанымды екі етпей маған бағынатын болсын, осылай деп олар анттарын
берсін, олармен ӛзің осылай деп шарт жаса, жасаған шартың қағаз жүзінде
болсын, бәрі де қолдарын қойсын, осы уәдені жасағанда мына шал (Жұманың
әкесі) ішінде болсын, анттарын осы шалдың алдында ал, шартты осы шалдың
алдында жаса дедім. Бірақ жазба шарт туралы айтқанда, қағаздың, қалам,
сияның оларда жоқ екенін екеуіміз де ескермеппіз.
Менен осы нұсқауды алды да ӛздері мініп келген, мініп келген емес-ау,
ӛздерін жеуге қол-аяғын таңып алып келген қайыққа мініп испан мен шал
екеуі жүріп кетті. Сегіз атымдай оқ-дәрісі мен екеуіне екі мүшкет бердім. Тап
бір қысылған қиын қыстау жерде болмаса, оқ-дәрілеріңді шығармаңдар, ӛте
сақтап ұстаңдар дедім.
Ӛте қуанышты қалыппен екеуін ұзатып салдым. Аралға келгеніме
жиырма жеті жылдан асып кеткен екен, содан бері қарай босануға әрекет
етіп, бірінші басқан қадамым ғой. Ӛздеріне кӛп уақытқа, ал алып
келетіндеріне бір жетіге жетерліктей етіп азық-түлік бердім. Ақырында
сапарға шығатын уақыт келіп жетті. Қайтарда келгендеріңді білдіріп, белгі
беріңдер, біз белгілеріңнен танитын болайық дедім. Сӛйттім де, сапарларың
қайырлы болсын деп қол алыстық, олар жүріп кетті.
Олар қазан айының ішінде кетті, айдың толықсып, ауаның сәл
салқындаған кезі еді. Ӛзімнің ойымша қазанның іші шығар деймін, себебі
күннің, жетінің есебінен жаңылып қалған кезім еді, айды, жұлдызды, жылды
жазып жүрген күнтізбеме де сенбедім. Бірақ артынан тексеріп қарасам, жыл
есебінен жаңылмаған екенмін.
Келетін шамасы болды-ау, деп қонақтарымды күткеніме бір жеті болған;
сӛйтіп жүргенімде, ойда жоқ жерде бұрын-соңды тарихта болып кӛрмеген бір
уақиғаға кездестім.
152
Sauap.org
Бір күні ертеңгісін тәтті ұйқыда жатыр едім, «Мырза, мырза! Аналар
келе жатыр!» — деп Жұма жүгіріп келді. Секіріп тұрып, тез киімімді киіндім
де, ойымда еш нәрсе жоқ, жүгіріп есіктің алдындағы қалың ағашқа келдім
(ағаштың сол кезде ӛсіп, әбден кемеліне келген кезі, орман десе де болатын).
Қауіп-қатер болар-ау, деген ойымда болсайшы, ӛмірде істемеген әдетімді
істеп қолыма құрал алмай шығыппын; теңіз жаққа қарап, бес мильдей жерде
келе жатқан үш бұрышты желкені бар қайықты кӛріп аң-таң қалдым: желдің
ығымен тұп-тура аралға қарай салып келеді, кӛп ұзамай-ақ жақындап та
қалды. Келе жатқан бағдарын байқасам, құрылықтан емес, аралдың оңтүстік
жағынан шыққан тәрізді.
Түрін байқадым да, Жұмаға бойыңды кӛрсетпе, тез ағашқа тығыл дедім,
себебі бұл кӛрінген біздің күткендеріміз емес, жау екені немесе дос екені
мәлімсіз.
Келе жатқан қайықты анықтап айыру үшін үйге кіріп дүрбіні алдым.
Кӛзге түспей тұрғанда, жан-жағымды байқап алайыншы деп, басқышпен
ӛрмелеп таудың тӛбесіне шықтым. Тауға шығысымен-ақ, зәкірін түсіріп,
тоқтап тұрған кемені кӛрдім. Тұрған жері — аралдың оңтүстік жағы, менің
үйімнен сегіз мильдей жердің шамасы. Бірақ жағадан есептегенде, бес
мильден артық емес. Кеме — ағылшындікі, қайық та — солардікі.
Осыны кӛргенде, ӛз отанымның адамдарын кӛріп жолығатын да күн бар
екен ғой деп, тӛбем кӛкке жеткендей қуандым. Бірақ құпия сезімнің күші
ӛзінше жорыды, сен әзір асықпа, анықтап біліп алмайынша кӛзіне түспе, кім
біледі, жау шығар дегенді ескертті. Менің бұлардан сескенген себебім мынау
болды: ағылшын кӛпестерінің кемесі бұл араға не бітіре келеді, бұл арал —
кеме жүретін жолдан ӛте шалғай жатқан жер. Дауыл айдап келді ғой дейін
десем, соңғы кезде тіпті жел болған жоқ. Сонда бұл мұнда не жұмыспен
келеді? Егер бұлар шын ағылшындар болса, тектен тек келмеген болар, бір
жаман ниеті болу керек, жай адам бұлай жүрмейді, ұрылардың қолына
түскенше, басымның аманында жан сақтайын дедім.
«Қауіп-қатер бар, сақ болыңыз» — деп құпия сезімнің айтқанын еш
уақытта аяқ асты етпеңдер, осының ескертуі тіпті орынсыз той, осыдан
келетін маған не бәле бар деп тұрған кезде де соны тыңдаңдар. Ішкі үннің
хабар беретінін, оның кӛзге түспейтін дүниені ашатынын ӛтірік деп біз айта
алмаймыз. Егер осы құпия үн бізге қауіп-қатердің бар екенін сездірсе, оның
ӛзі қандай жағдайда болса бізге тиімді емес пе?
Менің әңгімелеп отырған оқиғам әлгі айтқанымның дұрыстығын айқын
дәлелдеді. Егер мен ішкі үннің айтқанына құлақ аспасам, сӛзсіз қаза тапқан
болар едім, немесе бұрынғымнан да гӛрі нашар халге тап болар ем.
Қайық жиекке жақындап тоқтауына қолайлы жер кӛздеп келеді. Менің
бақытыма бір тәуір болғаны, қайықтағылар баяғы менің салмен келіп
шығатын ӛзекшемді сезбей, одан жарты мильдей жер аулағырақ келіп
тоқтады. Егер қуысқа келіп түскенде менің үйімнің түбінен келіп шығатын
еді де, сабақты жібіме шейін қалдырмай талап алып, ӛзімді қаңғыртып қоя
беретін еді.
153
Sauap.org
Жағаға келді де, қайығын тоқтатып, ішіндегі адамдары түсе бастады,
бәрін де кӛріп отырмын. Бұлардың ағылшын екендері де анықталды, бәрі
болмағанмен кӛпшілігі солар, бір-екеуін голланд па екен деп ем, бірақ олай
болып шықпады. Ӛздері — он бір адам. Үшеуі — тұтқын, олай дейтін
себебім қолдарында түк құралдары жоқ. Аяқ-қолдары байлаулы: алдымен
түскен тӛртеу әлгілерді біртіндеп қайықтан сүйреп шығара бастады.
Тұтқындардың біреуі даусын шығарып, бір нәрселер айтып жатыр, сірә,
қорыққаннан есі шығып кеткен болу керек. Ана екеуі де қолдарын кӛкке
кӛтеріп жалынды, бірақ анадан кӛрі сабырлырақ.
Бұл кӛріністің не екеніне түсіне алмай, аң-таң болдым. Бір кезде Жұма
ащы дауыспен: «О! Мырза, жабайы адамдар секілді, ақ адамдар да кісі етін
жейді екен ғой, қараңызшы!» — деді. «Олардың адам етін жейтінін қайдан
біліп тұрсың?» «Әрине, жейді!» «Қателесіп тұрсың, — мүмкін, ӛлтірер, бірақ,
олар адам етін жемейді» — дедім...
Қанды қылмыстың болатынын минӛт сайын күтіп, кӛз алдымдағы
түсініксіз драмаға қадалып қарап тұрмын. Ұрғанын, әлде ұрмақшы болып қол
кӛтергенін анықтап айыра алмадым, бір кезде әлгі тұтқындардың біреуінің
басына қанжар ма, немесе қылыш па бір нәрсе жалт ете түсті. Осыны
кӛргенде қаным мұздап, денем қалтырап қоя берді: «бейшара ӛлді-ау» —
дедім. Әй, әттеген-ай, тап осы кезде қасымда Жұманың әкесі мен испан болар
ма еді! Байқап қарасам, ұрылардың біреуінде де мылтық жоқ. Жасырынып
барып атса, қандай жақсы болар еді! Бірақ пікірім екінші жаққа ауды.
Тұтқындарды зәбірлеп, әрі-бері сабады да, аралды байқайын деген
болар, бұзықтар жүгіріп аралға кіріп кетті. Тұтқындарды ӛлтірген жоқ, қол-
аяғын босатты да, қайда барсаң онда бар деген кісіше еркіне қоя берді. Бірақ
тұтқындар сол арадан қозғалған жоқ, еңселері түсіп, терең ойға шомып, ағаш
түбінде тапжылмастан отыра берді.
Осыны кӛргенде, аралға әуелгі келген күндерім есіме түсті. Мен де
солар сықылды не қыларымды білмей, алақтап жан-жағыма қарап, жағада
отыра бергенмін. Енді ӛлдім ғой дегенмін. Жыртқыш аңдар жарып кетпесін
деп ағаштың басына шыққанымда қандай болып ем! Сол түні жаратушыдан
жәрдем болады екен, қираған кеме жиекке ағып келеді, одан мен пәлен
жылға жететін қажетті заттар алам деп ойлап па едім, — сол маған ұқсап
мына үшеуі де күдерін үзіп, не қыларын білмей жанталасып отыр; бірақ
құтқарушының тап қасында тұрғанын білмейді.
Теңіз тасып, су кӛтерілген кезде қайық жылжып келіп, жиекке шықты:
ұрылар әлгі үш тұтқынмен сӛйлескенше, аралды аралап қыдырғанша біраз
уақыт ӛтті; су кейін тепкен кезде қайық қайырлады да шӛкті.
Қайықтың қасында екеуі қалған, ол қалған екеуі арақты ішіп-ішіп
ұйықтап қалыпты, мұны артынан барып білдім. Әлгі екеудің біреуі оянып
қарағанда, қайықтың қайырлап құрғақ жерде тұрғанын кӛрді; суға түсіремін
деп әрі-бері әуреленіп еді, қозғалта алмады. Сол кезде айқайлап аналарды
шақырды, айқайды естіп, олар келді, құм ӛте жұмсақ, қайық ӛте ауыр,
салмағымен кіріп кеткен, бәрі жиналып азаптанса да ештеңе шығара алмады.
154
Sauap.org
Теңізшілердің ӛзі салдыр-салақ, артын ойламайтын халық болады,
қайықты сол күйінше тастады да, ӛздері аралды аралап кетті.
Біреуі кетіп бара жатып, қайықтың қасында қалған екеуіне: «Джек! Том!
Несіне әуре болып, бас қатырасың, су кӛтерілгесін кетерміз!» — деді. Олар
ағылшын тілімен сӛйледі, сондықтан бұл адамдардың ӛзіміздің елдікі екені
енді айқындалды.
Осы уақыттың ішінде біресе таудың тӛбесіне шықтым, біресе үйге кіріп
тығылып отырдым, үйімді мықтап салғаныма ішімнен қуандым. Судың
тасуына кемінде әлі он сағат бар; оған дейін қараңғы түседі. Ол маған теріс
емес, тың-тыңдауыма ӛте қолайлы, жасырынып барып айтқан әңгімелерін
естуге болады.
Оған дейін соғысқа даярлануым керек, ӛте сақтық жасап, қолға түспеу
жағын қарастыруым керек, себебі айқасқалы отырған жауларым
жабайылардан гӛрі қауіптірек. Жұма ол кезде айтулы мергеннің бірі болған
кезі, оған қаруланып, әзір тұруға әмір еттім. Оған үш мүшкетті бердім де,
ӛзім екі құс мылтығын алдым. Үстіме жалбыр шапанымды киіп, беліме
жалаң қылыш тағынып, қолыма ӛткір сүңгі ұстап, арқама екі мылтық
асынғасын, түсім ӛте суық, сұстымын.
Қараңғы түспей қозғалмайтынымды әлгіде айтып ӛттім. Сағат екінің
шамасында күн қызып ыси бастады. Ыссыға шыдай алмай теңізшілер
ағаштың кӛлеңкесін қуалап бытырап кетті, сірә, ұйықтаған болу керек. Тек
ұйықтамаған үш тұтқын, қалай ұйықтасын, бейшаралардың қай жерінен
ұйқысы келсін. Олар сол менің үйімнен ширек мильдей жердегі бір үлкен
ағаштың түбінде отырды да қойды, менің байқауымша аналардың кӛзіне
түсетін жер емес.
Тасада отырғанын сездім де, солардың қасына барып халдерін білгім
келді. Жаңағы суреттеп ӛткен киімім үстімде,— жүріп кеттім, мен сықылды
Жұма да ер қаруы бес қару түгел, екеуіміздің де түсіміз суық, ұсқынымыз
адамға онша ұқсаңқырамайды.
Үш тұтқынның қасына жақындап келдім де: «О мырзалар, сіздер
кімсіздер?»—дедім испан тілімен. Менің келгенімді олар сезбей қалды.
Менің үнім оларға тӛбеден түскендей болды, бәрі де селк ете түсті.
Сасқалақтаған бойымен бастарын кӛтерді де, жалт бұрылып маған қарады.
Аң тәрізді бір жәндікті кӛргесін, бұрынғысынан да жаман қорықты білем,
тырс етіп біреуі үндемеді, байқаймын, тұра қашатын да түрі бар.
Қорыққандарын сездім де, ағылшын тілімен: «Мырзалар, қорықпаңыздар:
кім біледі мен сіздерге дос шығармын» — дедім. Үш тұтқынның біреуі
қалпағын алып, маған қарап, басын шұлғыды: «Олай болса, ондай досты
бізге аспанның ӛзі жіберген шығар, себебі, біз адам баласының кӛмегінен
күдер үзген бейшарамыз» — деді. «Ол айтқаныңыз дұрыс, мырза! Қандай
жерде болса да жәрдем құдайдан болады»—дедім. «Егер сіздер қарсылық
етпесеңіздер, мен қолдан келер кӛмегімді аямас едім, бәріне де әзірмін,
меніңше сіздердің халдеріңіз нашар ғой деп ойлаймын. Сіздердің жағаға
келіп түскендеріңізді, ана малғұн мұндарлардың аяғына бас ұрып, сіздердің
155
Sauap.org
жалынғандарыңызды және олардың басыңызға қалай қылыш ойнатқандарын
мен күні бойы кӛріп отырдым» — дедім.
Бейшара осы сӛзді естігенде, тұла бойы қалтырап, кӛзінен жасы
құйылып: «Менімен сӛйлесіп тұрған кім, құдай ма, немесе, адам ба? Немесе
періште ме?» — деді. «Сенбеушілігіңіз де дұрыс! Қазір бірде сене қоятын да
жағдай емес, сіздің алдыңызда тұрған — құдай да емес, періште де емес, жай
адам, мұныма наныңыз» — дедім. Егер құдай тағала періштені жіберсе, оның
киген киімі де, ұстаған құралы да ӛзгеше болар еді. Қорықпаңыз, жүрегіңізді
басыңыз, мен адаммын, ағылшынмын, сіздерге жәрдем еткім келеді. Кӛріп
тұрсыздар ғой, біз — екеуміз, қасымдағы — қызметкер жолдасым, бізде
құрал жағы мол, оқ-дәріміз жеткілікті. Қане, не дейсіздер? Ашық айтыңыз,
сіздерге қандай жәрдем керек? Мұндай күйге қалай ұшырадыңыздар?»
«Болған уақиғаны толық айтуға кӛп уақыт керек, себебі жауыздар
жақын. Мырза, қысқаша ғана айтып ӛтейін, оқиға былай болды, — деді. —
Мен кеменің капитанымын; арамыздан үлкен жанжал шығып, мені
ӛлтірмекші болды; жалынып-жалпайған соң бір қасық қанымды қиды, бірақ
осы жапан далаға тастап кетпекші; мына алдыңызда отырғандардың біреуі —
менің жәрдемшім, екіншісі — кемедегі жай адам. Біз енді ӛлеміз ғой деп
ойлап ек, себебі бұл аралда адам баласы бар деп ойлағанымыз жоқ. Енді сізге
жолықтық, бірақ не айтарымызды білмей отырмыз».
«Дұшпандарыңыз қайда? Қай жаққа қарай кетті?»— дегенімде: «Анау
ағаштың түбінде жатыр» — деп, капитан орман жақты кӛрсетті. — Сізді
кӛріп, сӛйлескен сӛзімізді естіп, бәрімізді қырып тастамаса болар еді».
«Мылтықтары бар ма?» — дедім. «Болғаны екі-ақ мылтығы бар, бір
мылтығы қайықта қалды» — деді. «Онда тым жақсы, бәрін де жайғастырам.
Қатты ұйықтап жатқан кӛрінеді, бәрін де қырып саламыз ба, болмаса
тұтқынға алғанымыз жӛн бе?» — дедім. Капитанның айтуынша, мұның
ішінде қарғыс атқан екі бұзық бар, оларға рақымшылық ету ӛте қауіпті, егер
қалғандарын осы екеуінен айырса, олар жӛнге келетін адамдар, ӛздерінің
міндетін қайта атқарады. Сол екеуін кӛрсетуін ӛтінгенімде капитан едәуір
жер ғой, айырып кӛрсетуге мүмкін емес, бірақ не қылсаңыз да ықтияр
ӛзіңізде, біз сіздің әміріңізге кӛндік дегенді айтты. «Олай болса, олар оянып
қалмай тұрып, бұл арадан кетейік, не істейтінімді соңынан ақылдасармыз» —
дедім. Тұрды да, үшеуі соңыма ере берді, кӛп ұзамай-ақ дұшпандардың
кӛзінен таса болдық.
«Мырза, бері қараңыз? Мен қазір сіздерді құтқару әрекетіне кірісем,
бірақ сіздердің алдарыңызға қоятын екі шартым бар». Сӛзімді бітірмей-ақ:
«Мен сенің үкіміңе бағындым, не істесең де ықтияр ӛзіңде, не айтсаң да
кӛнем. Егер сәті түсіп, мына қарақшылардан кемені тартып алатын заман
болса, кемеге ӛзің қожа боласың, егер осы арада тірі қалатын болсам,
ӛлгенімше саған адал қызмет етемін, қайда жіберсең онда жібер, бәріне де
әзірмін, бас тартпаймын, тіпті керек болған жерде сен үшін шыбын жанымды
қиямын» — деді капитан, қасындағы екі жолдасы да осыны айтты.
156
Sauap.org
Осыдан кейін мен оларға былай дедім. «Олай болса, мырзалар, менің
қоятын шартым мынау: бірінші, егер сендер менің аралымда тұра қойсаңдар,
үкіметіме қол сұқпайсыңдар, еш нәрсе дәметуші болмайсыңдар, барлық билік
ӛзімде болады; егер мен сендерге мылтық бере қойсам, сұраған күні қайтып
бересіңдер, менің ӛзіме де және жолдастарыма да жауыздық ойламайсыңдар,
және менің барлық тәртібіме бағынасыңдар. Екінші, егер сендердің
кемелеріңді қолға түсіріп алсақ, мені және менің қызметкерімді Англияға
дейін ақылсыз-пұлсыз апарып саласыңдар».
Осы қойған шартымды түгел орындауға ант-су ішіп, уәде берді. Қай
уақытта, қандай жағдайда болса да менің алдымда міндетті екенін, мен үшін
жанын қиятынын айтты.
«Мырзалар! Енді іске кірісейік, мә, үшеуіңізге үш мылтық, мә, сіздерге
оқ-дәрі, кәне, енді не істейміз, пікірлеріңізді айтыңыздаршы» — дедім.
Капитан ең әуелі маған алғыс айтты да, — жол — кӛсемдікі, ықтиярын сізге
бердік! —деді. Мен тұрып: «Меніңше, іске белді бекем буып кірісу керек.
Қазір олар ұйықтап жатқан кезінде жасырынып барайық та, катар тұра қалып
атайық, кімге тиеді, кімге тимейді, оны құдайға тапсырдық. Егер әлгі айтқан
адамдарыңыз оқ тимей аман қалса, бәрібір ӛздері келіп қолға түседі. Содан
кейін күнәсын кешірерміз» — дедім.
Капитан менің бұл ұсынысыма қарсы болды, қарсы болғанда айтқаны:
«Бәрінің бірдей қанын тӛгуге болмайды ғой, егер мүмкін болса, бұдан аулақ
болғанымыз жӛн болар еді, бірақ бұлардың ішінде, кемеде бүліншілік
туғызған және ӛмірде түзелмейтін екі бұзық бар, міне, бізге қауіп-қатер осы
екеуінен келеді, егер ол екеуі сытылып шығып кетсе, кемеге барады да,
барлық кеменің адамдарын ертіп келіп, бәрімізді қырады»,— деді. «Олай
болса, менің ақылымды алмай болмайды, себебі құтылудың тӛте жолы осы,
жан сақтаудың бірде-бір құралы осы» — дедім. Бірақ оның қарсыласуға
қысылып тұрғанын сездім де: «Жолдас сіздікі ғой, сондықтан оларға не
істеймін десеңіз де, ықтияр ӛзіңізде»,— дедім.
Біз сӛйтіп әңгімелесіп тұрғанымызда, теңізшілердің алды ұйқысынан
ояна бастады, олардың екеуі орнынан тұрды. Бүлік шығарған екі бұзық осы
емес пе дедім капитанға. «Жоқ» — деді. «Ендеше, тимейік, кете берсін,
мүмкін, ажалдан аман сақтау үшін бұларды ұйқысынан құдайдың ӛзі оятқан
шығар. Егер қалғандары да осылай болып кете берсе, онда айып сізден» —
дедім.
Осы сӛзді естігесін капитан мүшкетті қолына алып, тапаншаны беліне
қыстырып, жолдастарын қасына ертті де, ӛршеленіп ілгері қарай жүре
бастады. Екі жолдасының қолында да мүшкеттері бар. Оянған теңізшілердің
біреуі әлгілердің сыбырын естіп, бұрылып қарады да, қолдарындағы
мылтығын кӛргесін, айқайлап аттан салды, құр айғайдан не пайда, уақыт ӛтіп
кеткесін: сол кезде капитанның жолдастары тұра қалып атты; капитан атқан
жоқ, оғын сақтайын деген болу керек, құр босқа оқ шығармауы, әрине, дұрыс
та еді. Атушылардың оғы босқа кеткен жоқ, бүлікшінің біреуі табанда ӛлді,
екіншісі ауыр жарақаттанды. Жараланған теңізші секіріп тұрды да, жәрдем
157
Sauap.org
сұрап, жолдастарын шақырды, сол арада капитан жүгіріп келіп: «Жәрдемді
ертерек сұрау керек еді, енді кешігіп қалдың, жәрдемді құдайдан күт,
күнәмды кешір деп құдайға жалбарын!» — деді де, мылтықтың дүмімен
ұрып жықты. Әлі үшеуі бар, оның біреуі шамалы жарақаттанған. Сол кезде
мен де келіп араластым. Жау қарсыласқаннан пайда жоғын кӛрді де:
«Шыбын жанымызды қиыңыздар» — деп жалбарына бастады. Капитан егер
күнәларыңды мойындарыңа алып, шын кӛңілдеріңмен райдан қайтсаңдар,
кемені қайта алып, Ямайкаға алып баруға жәрдемдесеміз деп ант берсеңдер
ӛлтірмей-ақ қояйық дегенді айтты. Бүлікшілер ант-су ішіп, уәделерін берді.
Капитан олардың уәдесінеқанағаттанып, ӛлтіртпеу жағына шықты, мен де
бұған қарсы болғаным жоқ, бірақ менің аралымда қанша уақыт болса да, аяқ-
қолдары байлаулы болсын дегенді ескерттім.
Жұма мен капитанның жәрдемшісін шақырып алып, қайықтың желкені
мен ескектерін алып тастауға бұйрық бердім. Сол кезде мылтық даусын
естіп, әлгі жоқ болып кеткен үш матрос та келді, капитанның түрін
байқағасын қарсыласпай-ақ қолға түсті. Сонымен біз толық жеңіп шықтық.
Капитан екеуімізге енді бастан кешірген уақиғаларымызды ғана
әңгімелеу қалды. Ең әуелі кезек маған тиді. Болған уақиғаны сӛйлеп ӛттім.
Капитан бар ықыласымен тыңдап отырды. Қираған кемеден азық-түлік,
мылтық, құрал тағы да басқа керекті заттар алып қалғаныма есі кетіп таң
қалды. Әрине, капитанның онысы несі деп таң қалуға болмайды, себебі менің
аралдағы ӛмірімнің бәрі таңғажайып оқиғалар ғой. Менің тірі қалғаныма таң
қалып отырғанда, ӛзінің тағдыры, ӛзінің уақиғасы есіне түсіп, сіз мені
ажалдан құтқару үшін ӛмір сүргенсіз ғой деп ӛкіріп жылап жіберді, бұдан
кейін жасқа булығып, бір ауыз сӛз айтуға шамасы келмеді.
Осыдан кейін оны және оның жолдасын үйге шақырдым, ӛзімнің
үйреншікті есігім арқылы, яғни үйдің тӛбесінен түсіп ішке кірдік. Тамақ
жегізіп әлдендірдім. Тамақтандырып болған соң, қонақтарымды ертіп жүріп,
кӛп жылдардан бері жападан-жалғыз тұрған шағымда ақылдың айласына
сүйеніп істеген үй шаруашылығыммен таныстырдым.
Олар менің кӛрсеткендерімнің, менен сұрап білгендерінің бәріне таң-
тамаша қалды. Капитанның аса таңырқағаны менің үйім болды. Шынында да
кісі таңырқарлық нәрсе еді, айналасындағы ағаш жиырма жылдың ішінде
қалың орманға айналып кеткен. Арасындағы жалғыз аяқ жолмен болмаса,
басқа жағынан кіруге мүмкін емес, ит тұмсығы батпайды, ӛзімнің жаңа
таныстарыма бұл орталық қорғаным екенін, мұнан басқа да қала сыртында
салулы сарайларымның бар екенін, оған анда-санда барып тұратынымды
айттым. Оларымды тағы бірде кӛрсетермін, енді қарақшылардан кемені қолға
түсіріп алудың шарасын ойласуымыз керек дедім. Капитан айтқанымды
толық мақұлдады, бірақ бұл жӛнінде түйінді қорытындыға келе алмай
тұрғанын, себебі кемеде әлі де болса жиырма алты адам қалғанын, олардың
бәрі де ереуілге қатысып, қылмысқа араласқанын, Англияға немесе
Англияның қол астындағы бірер колонияға барғасын олардың қылмыс
заңына сәйкес дарға асылатынын, сондықтан ӛлмей тұрып бізге
158
Sauap.org
беріспейтінін, соғысып тартып алуға біздің күшіміз әлсіз екенін айтты.
Капитанның сӛзі мені қайтадан ойландырды. Әрине, пікірі дұрыс, дәлелді.
Бірақ, дегенмен бір нәрсе істеу керек: алдап тұзаққа түсіріп, қапылыста бас
салу керек немесе ӛзімізді аман сақтау шарасын істеуіміз керек, сӛйтіп,
кемеден түсіп, аралға келуіне кедергі жасау керек. Бірақ осы арада менің
ойыма бір нәрсе түсе қалды. Жолдастарын жоқтайтын уақыты жақындап
келеді, сондықтан, олар адамдарын іздеу үшін жиекке тағы бір қайық
жібереді, бұл сапар олар құралданып келеді, қарсы тұруға біздің әліміз келер
ме екен дедім. Капитан айтқаныңыз дұрыс, солай болуы керек деп сӛзімді
мақұлдады.
Сол кезде мен тұрып: «Олай болатын болса, бірінші партия мініп келген
қайықты кері алып кетпейтін шарасын істеуіміз керек, олай ету үшін
қайықты суға салуға жарамайтын ету керек» — дедім. Бәрі де мақұл деді,
сӛйтті де, қайыққа келдік. Келе салысымен ішіндегі мылтықты, дәрі сауытын,
екі бӛтелке: біреуінде — су, біреуінде — ром, бір қапшық кепкен нан, бір бас
қант (ауырлығы 5 — 6 қадақтың шамасы) алдық. Қант пен араққа ӛзім қатты
қуандым, кӛп жылдан бері кӛрмеген таңсық нәрсе ғой.
Жүктің бәрін де тасып, жиекке шығарды (желкені, ескегі бұрын алынып
қалынған, бұл туралы айтқанмын),— қайықтың түбін үлкен етіп тестік.
Мұндағы мақсат — егер оларды жеңе алмайтын болсақ, ең болмаса олар
қайықты алып кетпесін дегендік еді. Кемені қолға түсіріп аламыз ғой деп
дәмеленгенім жоқ, бірақ әйтеуір ең болмаса қолымызда баркас (үлкен қайық)
қалса, тесігін жӛндеу қиын емес. Ондай қайықпен ық жақтағы аралға жетіп,
жол бойы испан достарымды мінгізіп аламын ғой деген ой еді. Бәріміз
жиналып қайықты судың кӛтерілісі жетпейтін жерге ысырып апарып, түбін
тесіп жайластырғасын, отырып дем алдық және мұнан былай не
істейтінімізді кеңестік. Біз кеңеске кірісіп үлгіргенімізше болмады, кемеден
зеңбірек атылды, жалау кӛтерілді, жалауды бір олай, бір бұлай бұлғады. Бүл
қайықтағыларға қайтыңдар деген белгі болу керек. Бірақ баркас орнынан
қозғалмады. Сәл кідіріп тұрды да, зеңбіректі тағы атып, жалауды тағы
бұлғады.
Берген белгілеріне жауап ала алмағасын және қайық кӛрінбегесін
кемеден екінші шлюпканы (қайықты) түсірді, бәрін де дүрбімен қарап, кӛріп
отырмын. Қайық жиекке қарай бағдарлап келеді, жағаға жақындап та қалды,
ішінде он шақты адам бар, бәрінің қолында — бір-бір мылтық.
Жиектен кеменің тұрған жері алты мильдің шамасы, сондықтан
қайықтағылардың қанша екенін анықтап алуға біздің уақытымыз бар және
келе жатқандарды түстеп тануға да болады.
Ағысты бойлап жиектің күншығыс жағына бағдарлап жүрді де, жағаға
жеткесін әуелгі қайықтың тоқтаған жеріне қарай бұрылды, шамасы, сол
жерге тоқтағалы келе жатыр.
Тағы да айтайын, әрқайсысының жүзіне шейін анықтап кӛрдік. Капитан
бәрін де таниды және кімнің қандай адам екенін сипаттай бастады. Оның
айтуынша, осы келе жатқандардың ішінде жақсы үш жігіт бар, олар арам
159
Sauap.org
жігіттер емес, бірақ аналардан қорқады. Ал енді қалғандарының бәрі нағыз
қарғыс атқандар, бұларға командир болып келе жатқан боцман да — нағыз
қарақшының ӛзі, олардың ешқайсысынан жақсылық күтуге болмайды.
«Бұлар — қылмысты адамдар, сондықтан ӛлмей беріспейді, қарсыласуға
күшіміз келер ме екен» — деді капитан.
Мен езу тартып күлдім де, осындай жағдайға тап болған біз сықылды
адамдарда қорқыныштың болуы мүмкін емес екенін айттым.
— Сіздің айтуыңызша, осы келе жатқандардың ішінде үш-тӛрт жақсы
жігіттер бар кӛрінеді, оларға аяушылық етуге болады дедіңіз. Ол
айтқандарыңыздың бәрі нағыз барып тұрған жексұрын адамдар екеніне,
менің ешқандай күмәнім жоқ, сондықтан құдай тағала, жазаласын деп,
оларды біздің қолымызға ұстап бергелі отыр; кім болса ол болсын, осы
аралға аяғын аттап басқандардың бәрі де ешқайда бас бұра алмайды, біздің
қарамағымызға кіреді. Олардың күнәсын кешу немесе ӛлтіру ӛзіміздің
ықтиярымыздағы нәрсе,— дедім.
Осы сӛзді айбынды, тұжырымды түрде және шаттық жүзбен айттым.
Менің ерлігім капитанға да пайда болды, тез іске кірістік. Екінші қайық
кемеден түсісімен-ақ біз де тұтқындардың қарасын құртуға айналдық.
Капитанның айтуы бойынша, сенімсіз екі бұзықты Жұма мен капитанның
жәрдемшісі менің үңгіріме айдап кетті. Үңгірдің тұрған жері кӛзіне түспейтін
таса жер және айқайлаған дауыс та естілмейді, ол жерден қашып шығу да
оңай емес, қашқанмен айналасы қалың дүлей, жол тауып шығуы да оңайға
соқпайды. Қол-аяқтарын байлап үңгірге қамадық та, қастарына тамақ
қойдық, егер ӛздеріңді ӛздерің дұрыс ұстап, түзелетін болсаңдар бір-екі
күннен кейін босатамыз, егер қануға бет алып орындарыңнан қозғалсаңдар,
рақым қылады деп ойламаңдар, жатқан жерлеріңде атып ӛлтіреміз дедік.
«Ӛлсек те орнымыздан қозғалмаймыз, қасымызға тамақ қалдырып, біздің
халімізді ойлағаныңызға алда риза болсын» — деп алғыс айтып, уәделерін
берді. Жұма оларға қолдан істелген бірнеше майшам апарып берді. Жұманы
есік алдында күзетіп тұр деп ойлады білем, сол күйінше қала берді.
Қалған тӛрт тұтқынды олай еткеніміз жоқ, бірақ екеуінің қол-аяғын
шешпедік, себебі капитан оларға сенбеді. Қалған екеуін капитанның
ұсынысы бойынша қызметке алдым. Олар опасыздық жасамаймыз деп маған
ант берді. Енді біз жетеу болдық, бәрімізде де мылтық, қорқатын еш нәрсе
жоқ, келе жатқан он адамды жайғастыратынымызға сенем, ал оның үстіне,
капитанның айтуына қарағанда, адал ниетті үш-тӛрт жігіт бар.
Біздің баркасты қалдырған жерге келді де, жабырласып түсіп,
қайықтарын тартып жиекке шығарды... Қайықты жиекке шығарғанына ішім
жылып кетті. Менің қорыққаным: олар жиекке қайықты шығармас, зәкірін
түсіріп, судың ішінде тоқтар да, бірсыпырасы қайықты күзетіп қалар деп
ойлап ем, егер солай еткенде оларды қолға түсіру қиын болатын еді.
Қайықтарынан түсті де, жүгірумен бағанағы қайыққа келді, түбінің
тесілгенін, ішіндегі жүктерінің және желкен, ескектерінің алынғанын кӛріп
аң-таң қалды.
160
Sauap.org
Ӛзара біраз сӛйлесіп тұрды да, жабыла айқайлады, тамақтарын жыртып
қанша айқайлағанмен нәтижелі еш нәрсе шығаpa алмады. Ешбір дыбыс есіте
алмағасын, қатарласып тұра қалды да, орманға қарай мылтық атты.
Мылтықтың дауысына ағаш жаңғырықты, бірақ істері ілгері баспады, үңгірде
отырғандар мұның бірін де естімейді; біздің қасымыздағылар естігенмен, үн
шығаруға қорықты.
Адамдардың қайда кеткенін білмей естері шығып аң-таң қалды (осылай
деп артынан ӛздері айтады), ешбір дыбыс жоқ, қайық қирап қалған, соған
қарағанда, бәрін де ӛлтірген болу керек, тез кемеге барып хабар берейін деді
білем, бір кезде кері қайтуға айналды. Қайықты тез суға салды да, секіріп
бәрі мініп алды, бәрін кӛріп отырмыз.
Кемені қалай да аламыз ғой деп дәмелі болып тұрған капитан аналардың
кері қайтқанын кӛргенде еңсесі түсіп мұңая бастады. Оның қорыққаны, егер
кемедегілер алғашқы топтың қырылып қалғанын білсе, зәкірді суырып алады
да, тез жүріп кетеді ғой деп ойлаған екен.
Капитан енді басқа жағдайды ойлап қорқайын деді. Себебі, әлгілер
жағадан жиырма сажындай жылжып шықты да, жиекке қайта келді: соған
қарағанда, басқаша бір ұйғарымға келген болу керек. Біз кӛз айырмай қарап
тұрмыз.
Амал бар ма, не де болса шыдап ақырын күтуге тура келді. Жетеуі жүріп
кеткесін, қалған үшеуі едәуір жер жүзіп барды да, зәкірді суға үсіріп, жағдан
аулақ барып тұрып алды, сондықтан жолымыз кесілді, қайыққа баруға
мүмкіншілік жоқ.
Жетеуі тобын жазбастан келіп, менің үйімнің түбіндегі тӛбеге шықты.
Біз бәрін де кӛріп тұрмыз, бірақ олар бізді кӛрмейді. Е, бақ, бізге таман
жақындаса игі еді, табан астынан түрегеліп атар ек немесе әрірек аралды
бойлап барыңқыраса отырған жерімізден шығып соңдарына түсер едік.
Тӛбенің басына шыққанда, аралдың шығыс пен солтүстік жағының
аралығы тегіс кӛрінеді, аралдың ол жағы ағашты кӛп алап, ол алап сол
бойымен созылып аралдың жағасына дейін тартылады; тӛбенің басына
шықты да, дауыстары қарлыққанша тағы айқайлады. Әрі-бері айқайлап ешбір
хабар ала алмаған соң, жағадан ұзап кетуге қорыққан болу керек, ағаштың
түбіне отырды да, ӛзара кеңесе бастады. Бірінші келгендер сияқты бұлар да
ұйықтап қалса, бізге жаман болмас еді дейміз: бірақ қорыққан адамның
ұйқысы келе ме, қандай қауіп-қатердің болатынын білмесе де, қорықты
білем, ұйықтай алмады.
Сіздер қалай қарайсыздар, мен бір ой ойлап отырмын, егер олар
жоғалтқан жолдастарын шақырып мылтық атқан кезде тарпа бас салсақ
қайтеді, мылтықтарын қайта оқтап үлгіруге шамасын келтірмей араласамыз
ғой, сонсоң ӛздері-ақ қан тӛгіспей берілер еді дегенді айтты капитан.
Капитанның жоспары дұрыс-ақ, бірақ бүлікшілер мылтық атып жіберген
кезде қайта оқтауға шамасын келтірмей жүгіріп барып бас салу үшін, олар
мен біздің арамыз ӛте жақын болу керек. Бірақ олар атпады. Кӛп уақыт ӛтті.
Біз не қыларымызды білмей жасырынып отырдық та қойдық. Қараңғы түспей
161
Sauap.org
тұрып, еш нәрсе істеуге мүмкін емес,— дедім. Егер осы жетеуі түн болғанша
кері қайтпаса, жасырынып барамыз да, ең әуелі қайықта қалғандарын алдап
қолға түсіреміз,— дедім.
Жуық арада кеш болсайшы, бір сағаттың ӛзі бір жылдай болды. Біздің
аңдулы дұшпандарымыз да табан серіппей сол жерінде отырды да қойды.
Бұлардың кеңесі бітпес деп ойлағанбыз, бірақ олар бір кезде орындарынан
тұрып теңізге қарай жүре бергенде, не істерімізді білмей жаман састық.
Белгісіз қауіптің қорқынышы жолдастық сезімнен де күштірек болған болу
керек, іздеуді қойып, тіке кемеге қайтуға айналды.
Алды-артына қарамай тіке жағаға бұрылғасын, енді қайрылмайтынын
білдім, олар енді қайтпайды, осы кеткені кеткен дегенімде, капитан не
қыларын білмей жанталасты, бірақ тап сол кезде маған бір ой түсті, олай
етемін деп әуелі ойлағаным жоқ еді, бұл ойым ойдағыдай болып шықты.
Жұма мен капитанның жәрдемшісіне баяғы Жұманы құтқарып аларда,
жабайылардың келіп түскен жердің батыс жағында бір тӛбе болатын; сол
тӛбенің басына шығыңдар да бар дауыстарыңмен айқайлап теңізшілерді
шақырыңдар; олар дауыстап дыбыс берген кезде ол жерді тастай беріп, басқа
бір жерге барып тағы айқайлаңдар, аналар сендерді іздеп аралды бойлап ішке
кіріңкірегенше орындарыңды ӛзгертіп айқайлай беріңдер, олар аралға кіріп
енді адасатын шамасы болды-ау деген кезде кӛздеріне түспей тез бізге
қайтып келіңдер дедім.
Жұма мен капитанның жәрдемшісі әлгі айтып ӛткен тӛбенің басына
шығып айқайлай бастаған кезде, теңізшілер барып қайықтарына мінді.
Дауысты естіп, бұлар да айқайлады, қайықтан түсті де, дауыс шыққан жаққа
қарай жүгірді. Ӛзектің қасына дейін жүгіріп келді де, бәрі де тоқтады, себебі
ол кезде судың мейлінше кӛтерілген кезі еді. Ӛзара күңкілдесіп әрі-бері
жүрді: «Бізді ӛзектің ар жағына шығарып салыңдар» — деп қайықтағыларға
айқайлады. Сӛйтесің ғой деп ішімнен ӛзім де ойлап тұр едім.
Қайықпен судың ар жағына ӛткен соң, қастарына тағы бір кісі алып,
ілгері қарай жүріп кетті. Сонымен қайықта тек болғаны екі-ақ адам қалды.
Әлгі екеуі қайықты ағаштың түбіріне байлап қойды.
Мұның бәрі бізге қолайсыз болып тұрған жоқ, тап біз үшін болып
жатқан секілді. Жұма мен капитан жәрдемшісінің тапсырған істі бұлжытпай
істейтіндігіне сендім де, қалғандарына менің соңыма еріңдер дедім. Қайық
тоқтаған ӛзекшені жасырынып айналып ӛттік те, әлгі қайықта қалғандардың
тап қарсы алдарына келіп тұра қалдық. Олар бізді кӛрмейді, біз оларды анық
кӛріп тұрмыз, екеуі қайықтың ішінде отыр, біреуі жиекте қалғып жатыр. Үш
адым жер келіп қасынан шыға қалғанымызды кӛріп біреуі қарғып
түрегелейін деп еді, капитан тұруға шамасын келтірмей мылтықтың дүмімен
ұрып жықты да, екіншісіне жүгіріп келіп: «Беріл, берілмесең ӛлесің!» — деді.
Бес адамға қарсыласуға бір адамның шамасы келсін бе және оның үстіне
жолдасы соққыға жығылып қалды. Және мұнысы капитан айтқан, аналарға
амалсыздан пенде боп жүргендердің бірі екен. Мылтығын жерге тастады да,
маған сеніңдер, мен сендердің жағына шығамын дегенді айтты.
162
Sauap.org
Сол кезде Жұма мен капитанның жәрдемшісі тапсырған міндетті тап-
тұйнақтай етіпорындап жүр. Әр жерден бір дыбыс беріп, бүлікшілерді
таудан-тауға, ағаштан-ағашқа қыдыртып жүрді де, қаңғыртып апарып
аралдың ішіндегі қалың нуға апарып кіргізді, ол жерден қараңғы түскенше
жиекке келіп жетулері екіталай, жауды онда жүгіртіп, мұнда жүгіртіп, әбден
есін тандырды, ӛздерінің де сілесі қатқан, сүйретіліп әрең келді.
Енді бүлікшілердің жолын тосып, қапылыста бас салудан басқа еш нәрсе
қалған жоқ, қараңғыда қалжырап қайтып келе жатқанда аңдып тұрып, тұра
ұмтылсақ жайын табатынымыз анық. Жұма мен капитанның жәрдемшісі
қайтып келгеннен кейін бірнеше сағат уақыт ӛтті, аналардан ешбір хабар
жоқ. Бір кезде қарасақ, келе жатыр. Алдыңғылары арттағыларына: «Ау, тез
жүрсеңдерші, аяқтарыңды бассаңдаршы, — дейді, арттағылары: «Тез жүруге
хал жоқ, құлауға жақындап келеміз, табанымыз ойылып қалды» — дейді.
Шаршағаны бізге теріс емес. Естіген сайын ішіміз жылиды.
Жақындап қайыққа келді. Сол кезде су кейін теуіп, қазыққа байлап
қойған қайық қайырлап қалды. Қайықтың қайырлап жиекте тұрғанын,
ішіндегі адамдарының жоқтығын кӛргенде, әлгілердің сасқанын айтып
жеткізу мүмкін емес. Осы иесіз аралға қайдан тап болдық, мұнда шайтан
немесе ұрылар кӛп болу керек, бәріміз де құримыз, я ӛлтіреді, я аналарға
ұқсатып бізді де алып кетеді, — деп ӛзара шуласып жатыр. Аттарын атап,
жолдастарын бірнеше рет дауыстап шақырып еді, жауап ала алмады. Не
қыларын білмей біресе жүгірді, біресе тұрды, біресе қайыққа мінді, қайта
түсті, сӛйтіп әуре болып жүрді де қойды, қара кӛлеңке болғанмен, бәрін де
кӛріп отырмыз, бізде үн жоқ, тым-тырыс.
Қараңғы түсті, енді рұқсат етсеңіз деді маған кісілерім. Бірақ, мен қан
тӛккім келмеді және олардың құралдары кӛп болғандықтан, ӛзіміздің
біреуімізді жазым қыла ма деп те қорықтым. Әбден қараңғы түссін,
қозғалмаңдар, дедім де, ақырындап жылжып, қайыққа жақындай бердік.
Жұма мен капитанға еңбектеп жақындай беріңдер, тап тақалмай тұрып
атпаңдар дедім.
Олар сол қалпында сандалып, біраз жүрді, бұлардың ішінде ереуілді
бастайтын бір теңізші мен бір боцман екен, әрі-беріден соң бұлардың да салы
суға кетіп, қайырлай бастады. Ӛзін осындай пәлеге салған әлгі екі бұзыққа
қасына жақындап келгенде капитан шыдап отыра алмады, Жұма мен екеуі
қарғып тұрды да, атып жіберді, боцман табанда ӛлді. Екінші теңізші
кӛкірегінен тиіп жарақаттанды, ол да құлады, бірақ екі-үш сағаттан кейін
барып ӛлді, үшінші теңізші қашып кетті.
Мылтық даусын естідім де, ӛзімнің әскерімді ілгері қарай бастай бердім.
Әскердің саны — сегіз кісі. Олар мыналар: бастағы жандарал — мен, Жұма
— екінші жандарал, капитан, қасындағы екі жолдасы және үш тұтқын,
олардың шын берілгеніне сеніп қолдарына мылтық бергенбіз.
Біз жауға әбден қараңғы түсіп, қанша екенімізді айыра алмайтын
уақытта келгенбіз. Қайықта қалып, біздің қолға түскен теңізшінің атын атап,
жолдастарыңа дыбыс бер деп бұйрық бердім. Мұндағы ойым: атпастан
163
Sauap.org
бұрын олармен тілге келіп сӛйлесейін, мүмкін, ӛздері берілер деген едім.
Мұным ӛте ақыл болды, себебі олардың берілуден басқа қарсыласар халі де
жоқ еді.
Матрос: «Том Смит! Том Смит!» — деп айқай салды. Әлгі даусынан
таныған болу керек. «Әй, кімсің? Робинзонбысың?» —деді: «Я, менмін,
менмін. Том Смит, құдай үшін соғыспа, мылтығыңды таста, беріл,
берілмесең қазір-ақ құртады», — деді. «Кімге беріл дейсің? Қайда оларың?»
— деді Том Смит. «Ойбай, осы жерде! — деді Робинзон. — Біздің капитан да
осы арада, қасында елу кісісі бар. Сендерді андып арттарыңа түскеніне екі
сағат болды. Боцман ӛлді. Билль Фран жарақаттанды, мен тұтқынға түстім.
Тап қазір қолға түспесеңдер, сендерді де атып тастайды». «Ал қолға түссек,
кешірім жасай ма?» — деп сұрады Том Смит. «Қазір капитаннан сұрап
білейін» — деді Робинзон.
«Әй, Смит қайдасыңдар, бәріңе де айтып тұрмын. Менің даусымды
танимысың? — деп енді капитан сӛзге араласты. — Егер мылтықтарыңды тез
тастап, қолға түссеңдер, Билль Аткинстен басқаңның бәріңді де кешіреміз».
«Капитан, менің күнәмды да кеш, бәріміз бірдей айыпты емеспіз бе?» —
деп, Аткинс жалына бастады. Әрине, айтып тұрғаны ӛтірік, себебі ереуіл
болғанда капитанның қол-аяғын байлап, жер-жебіріне жетіп боқтайтын осы
болатын. «Сен берілетін болсаң, аузыңды ашпай, үніңді шығармай, шарт
қоймай беріл, күнәңды кешу, кешпеу губернатордың ықтиярында, — деді
капитан, губернатор деп мені айтып тұр.
Қысқасы, не керек, мылтықтарын тастады да, бір қасық қанымызды
қиыңдар деп жалына бастады. Менің бұйрығым бойынша, Жұма мен тағы
бір-екі жігіт бәрін де байлап салды, бұдан кейін менің елу кісі әскерім
(шынында елу емес, сегіз-ақ) қайықты барып қамап алды, қайық қолға түсті.
Бірақ Жұма мен екеуміз мемлекет саясатын қолданып, тұтқындарға
кӛрінгеніміз жоқ.
Ендігі жұмыс — қайықты жӛндеп кемені қалай қолға түсіруді ойлану.
Енді бүгежектеп, кібіртіктейтін еш нәрсе жоқ; капитан ереуілшілермен ашық
сӛйлессе керек, істеген жауыз қылықтарын, ақымақшылықтарын айтып,
бұзықтардың бетіне басыпты; мұндай іс жақсылыққа бастамайды, сірә,
сіздерді дарға асатын шығар депті.
«Не істесеңіз де ықтияр ӛзіңізде, бәріне де кӛндік, тек шыбын
жанымызды қалдырсаңыз болғаны», деп жалынып, күнәсын мойындарына
алып, ант-су ішіп жатыр. «Бұл жерде үкімет менің қолымда емес, сендер
менің тұтқындарым емессіңдер, арал қожасының тұтқынысыңдар» — деді
капитан. Капитанды әкеліп тастаған жеріміз барса келместің аралы десек,
құдайдың құдіретімен елі бар, жұрты бар жерге әкелген екенбіз, бұл жердегі
елдің губернаторы ағылшын екен ғой, деп түсінді, тұтқындар. «Бәрінді де
дарға асып ӛлтіру қолынан келеді, бірақ олай етпеді, ӛлімнен босатты,
бәрінді де ағылшынға жібереді, барғасын заң бойынша тиісті жазаларыңды
беретін шығар, бірақ Вил Аткинсті асып ӛлтірмекші болды, дарға асылуға
әзірленсін, осыны айт деп бізге бұйрық берді?» — деді капитан.
164
Sauap.org
Капитан мұның бәрін ойынан шығарып, жорта айтып тұр, бірақ
тентектерді жуасыту үшін бұл айтқаны бӛтен болған жоқ. Осыны естіген
кезде Аткинс тізерлеп отыра қалып, губернатордан мені ӛлтірмеуін сұраңыз
деп капитанға тілек етсе, басқалары бізді Англияға жібермесін деп жалына
бастады.
Аралдан құтылып шығатын уақыт жеткен сықылды, енді кемеге
жармасу керек. Және кемені қолға түсіріп алу үшін осы жігіттердің кӛмегін
пайдалану керек. Губернатордың қандай екенін бұлар әзір кӛрмесін деп, ағаш
түбінен анадай ұзап кеттім де, капитанды қасыма шақырып алдым. Менің
даусымды есітті де, жолдастарымның біреуі капитанға барып: «Капитан, сізді
губернатор шақырып жатыр», — деді. Капитан: «Қазір барам, ұлыққа
айтыңыз», — деді. Капитанның бұл сӛзі тұтқындарға үлкен әсер етті. Олар
губернатор ӛзінің елу шақты әскерімен жақын жерде тұр екен ғой деп ойласа
керек.
Капитан келгесін кемеге қалай ие болу керектігі жӛнінде ӛзімнің
жасаған жоспарымды айттым. Капитан естіген кезде таң қалды да, жоспарды
күні ертең-ақ орындауға уәде берді. Осы жоспарды ойдағыдай етіп орындау
үшін тұтқындардың әрқайсысын әр жаққа таратып, бірінен-бірін айыру керек
еді, Аткинсті ана екі бұзықпен қоса қол-аяғын байлап, үңгірге апарып жабу
керек болды. Әлгілердің қол-аяғын байлап үңгірге апарып жабуды Жұма мен
капитанның екі жолдасына тапсырдық.
Олар әлгі үшеуін айдап үңгірге алып кетті, бұл — біздің абақтымыз,
шынында да әлгілердің халіндегі адамдарға абақтыдан бір де кем емес.
Қалғандарын ӛзімнің аралдағы саяжайыма жібердім, ол туралы әңгіменің
тиісті жерінде айтқанмын. Саяжайыма айналасы биік қорған, кісі қамағандай
ол да сенімді орын және оның үстіне тұтқындардың аяқ-қолы байлаулы,
қылар шарасы жоқ, сыбағаларына не тиетіні ӛздерінің қылығына байланысты
екенін жақсы біледі.
Келесі күні таңертең сӛйлесіп келуге капитанды жібердім. Капитан
барып олардың тамырын ұстап сӛз тартуы керек; оларды ертіп кемеге баруға
бола ма, болмай ма? Апара қойғанда, бізге келер қауіп бар ма, жоқ па? —
Осыларды байқап маған келіп хабар беру керек. Капитан барғаннан кейін:
«Сендер мені сӛктіңдер, зәбірледіңдер, ӛлтірмекші болдыңдар, ақырында
ӛздерің мынадай халге ұшырадыңдар, губернатор сендерді қазір
ӛлтірмегенмен, ағылшынға барғасын дарға асады, бірақ егер сендер мына
ұрылардан кемені аман-сау қолға түсіріп алуға жәрдемдессеңдер,
губернаторға айтып жазадан құтқарып алуға әрекет жасаймын, құтқарып та,
аламын» — депті.
Ӛздері ләпбайға зар болып отырған адамдар, капитанның айтқанының
бәрін де қабыл алады, кӛнеді. Егер күнәмызды кешетін болсаңыз, біздің
күнәмызды кешір деп губернатордан ӛтінсеңіз, біз сізге шын ниетімізбен
берілдік, бір тамшы қанымыз қалғанша сіздің жолыңыздамыз, еткен
жақсылығыңды ӛле-ӛлгенше ұмытпаймыз, ӛмір бақи сізге ӛзімізді мал-
жанымызбен борышты деп санаймыз, біз сізді ӛзіміздің әкеміз деп
165
Sauap.org
есептейміз, дүниенің тӛрт бұрышына барсаңыз да, соңыңыздан ердік деп ант-
су ішіп, капитанның аяғына жығылады.
«Жарайды, айтқандарыңды губернаторға жеткізейін және ӛзім де ӛтініп
кӛрейін» — дейді капитан. Содан кейін қайтып келіп, айтқандарының бәрін
маған айтты, осылардың ойында енді арам ниеттері жоқ, қорықпай-ақ сенуге
болады деді.
Істі пысықтап, әбден ашу үшін теңізшілерге қайта барыңыз да, ішінен
осы сенімді ғой деген бесеуін таңдап алып, алдарына мынадай шарт
қойыңыз: біз кісі кӛмегіне мұқтаж емеспіз, бірақ сендер дұрыс берілген адам
болсаңдар мына бізбен бірге жүріп, кемені қарақшылардың қолынан алу
үшін кӛмектесіңдер, анау бесеуі кепілдік есебінде сол күйінше жата тұрады,
егер олар берген анттарынан айнып, берген уәделерінен танса, губернатор
олардың бесеуін де жағаға әкеліп, дарға асып ӛлтіреді деп айт дедім.
Мұндай шартты естігесін, губернатормен қылжақтауға болмайтынын
сезеді. Қалай дегенмен менің шартымды қабыл алмасқа амалдары жоқ. Түгел
қабыл алады, бұлжытпай орындауға уәде береді.
Сонымен енді біздің мынадай соғыс күшіміз болды:
1. Капитан, оның жәрдемшісі және қасындағы адамы.
2. Бірінші топпен келгенде қолға түскен екі тұтқын, капитан олардың
дұрыстығына кепіл болғасын, екеуінің басына бостандық әперіп, қолдарына
қару бергенмін.
3. Қолдарын байлап саяжайға апарып қойған тұтқындардың екеуі,
оларды да капитанның ӛтініші бойынша босатқанмын.
4. Соңғы құтқарылған бес адам: кепіл есебінде үңгірде қалған бесеуінен
басқа барлығы он екі адам болды.
Капитанның осы күшпен кемеге шабуыл жасауға шамасы келетін-
келмейтінін, Жұма екеуіміздің бұл арадан кетуіміз қолайсыз болатынын, неге
десеңіз, біздің қолымызда қалып бара жатқан жеті тұтқын бар екенін, оларды
бір-біріне қоспай күзетіп, тамақ беріп тұру керек екенін айтты.
Кепіл есебінде қалған бесеуін ӛте қатты ұстағым келді. Жұма оларға
күніне екі рет ас-су апарып беріп тұрды. Саяжайда жатқан екі тұтқынға да
тамақ жеткізіп берді.
Осы екі тұтқынға капитанды ертіп барып кӛргенмін. Оларға былай
дедім: мен губернатордың сенімді адамымын, тұтқындарды бақылап тұруды
губернатор маған тапсырды; менен рұқсатсыз аяқтарыңды аттап
баспайсыңдар, егер рұқсатсыз жылжып күркеден шықсаңдар, қолдарыңа
кісен салып, кілетке қамайды. Осы кезге дейін оларға: губернатор мен
боламын деп айтпасам да, әлгілердің кӛзінше, губернатор, гарнизон, абақты
тағы да басқа сӛздер айту маған онша қиын болған жоқ.
Капитан енді қайықтарын қамдап (түбі тесілген жерін оңдап), іске
кірісуге айналды. Бір қайықтағы әскердің бастығына ӛзінің жолдасын
тағайындады да, оның қарауына тӛрт адам берді, ӛзі, ӛзінің жәрдемшісі және
әлгі бес теңізші барлығы бір қайыққа мінді. Сӛйтті де, жүріп кетті, кемеге тап
166
Sauap.org
түн ортасында барыпты, мұнысы тіпті оңтайлы болған. Бұлар кемеге
жақындап, кемедегілер бұлардың дыбысын ести бастаған шамада, капитан
тұрып:«Адамды да, қайықты да алып келдік, бірақ кӛп іздеп сілеміз қатты,
кӛрмеген бәлеміз жоқ деп түрлі ӛтірікті айта бер» — деп Робинзонға бұйрық
береді. Сӛйтіп, ол аузына түскен ӛтірікті айтып, кеменің түбіне келеді.
Келген бойдан капитан және оның жәрдемшісі тез палубаға шығады да,
мылтықтың дүмімен капитанның екінші жәрдемшісін және кеме жӛндейтін
ұстаны ұрып жығады. Басқа теңізшілер кӛмегімен палубадағылардың бәрін
тұтқынға алады, бұдан кейін тӛмендегілерді жоғары шығармау үшін люкті
бекітеді. Сол кезде арттағы қайық та келіп жетеді: ол қайықтың командасы
келген бойда люкке жабылып, асханадағы үш адамды тұтқынға алады.
Палубаны жаудан тазартып болғасын, бүлікшілердің жаңадан сайлаған
капитанының каютасының есігін бұзыңдар деп капитан ӛзінің жәрдемшісіне
жарлық етеді. Бір уақиғаның болып қалғанын біледі де, ана капитан аттандап
айқай салады.
Капитанның жәрдемшісі екі теңізшімен барып каютаның есігін
сындырып, ішке кірген теңізшімен бірігіп; бұларды атады, жәрдемшінің
қолына оқ тиеді, ана екі теңізші де жарақаттанады, бірақ ешқайсысы ӛлмейді.
Капитанның жәрдемшісі айқайлап, кӛмекке шақырады, қолы жараланып
қалса да, жанталасып каютаға кіреді де, тапаншамен капитанның тап басынан
атады, ауыздан кірген оқ құлақтан шығып капитан табанда құлайды, бұдан
кейін бәрі беріледі және содан кейін қан тӛгіс болмайды.
Бәрін жайғастырғаннан кейін капитан жеті рет зеңбірек атыңдар деп
бұйрық береді. Бұл аман-сау кемені алғанын білдіріп маған берген белгісі еді.
Капитаннан белгі күтіп түнгі сағат екіге дейін жағада болдым. Зеңбірек
даусын естігенде, қалай қуанғанымды айтпай-ақ қояйын, ӛздеріңіз де
білерсіздер.
Зеңбірек жеті рет атылғасын істің оңға басқанын білдім де, келіп
жаттым, әбден шаршаған адаммын ғой, жатсам қатты ұйықтап қалыппын. Бір
кезде зеңбірек тағы да атылды, даусынан шошып оянып, кӛзімді уқалай
секіріп тұра келдім. Біреу: «Губернатор, губернатор!» — деп шақырады,
капитанның даусы екенін бірден-ақ таныдым. Ол менің қорғанымның
үстіндегі таудың басында тұр екен. Үйден тез кӛтеріліп шығып, қасына
келгенімде, құшағын жайып: «Менің қымбатты досым, менің құтқарушым,
міне, сіздің кемеңіз. Ол — сіздікі, біз де — сіздікіміз» — деді. Бұрылып теңіз
жаққа қарасам, кеме жағаға жарты мильдей-ақ жерде, баяғы мен салмен келіп
шыққан шығанаққа келіп тұр екен. Жауын жеңіп, адамдарын тиісті жеріне
орналастырып болған соң, зәкірді жинатып, әлгі айтқан шығанаққа барып
тоқтауға бұйрық берген екен де, ӛзі маған келген екен.
Үйімнің түбіндегі кемені кӛргесін, кенеттен кездескен қуаныштың
салдарынан есімнен танып, ақылымнан адаса жаздадым. Ақыры құтылатын
сағатқа жеттім. Енді босандым ғой деп айтсам да артық болмас деп
ойлаймын. Кедергінің бәрі жойылды, менің бақытыма қайда барғым келсе де
жарайтын үлкен, нағыз теңіз кемесі тап болды. Бір ауыз сӛз айтуға шамам
167
Sauap.org
келмей, толықсып теңселе бердім: тілім күрмелді, ырқыма кӛнбеді. Егер
капитан келіп ұстай алмағанда,тұрған жерімде құлап қалатын едім.
Халімнің қандай болып тұрғанын сезді де, қалтасынан бір кішкене
шыныға құйған дәрі сықылды бір нәрсені аузыма тақап бір жұтқызды; әдейі
мен үшін алып келсе керек: әлгіні жұтқызды да, сүйемелдеп жерге
отырғызды. Содан кейін есімді жинадым, бірақ кӛпке дейін сӛйлей алмадым.
Байғұс капитанның қуанғаннан есі шығып кетті. Менің маңдайымнан
сипап жас балаша жұбатты, маған шын жақындығын білдіріп тәтті сӛздер
айтты. Бірақ мен айтқандарына жӛнді түсіне алмадым; себебі шексіз қуаныш
ақылға да ерік беріңкіремеген болу керек, бір кезде кӛзімнен жас шықты,
содан кейін барып сӛйлеуге тілім келді.
Сол кезде ӛзімнің құтқарушымды құшақтадым. Мені құтқару үшін
құдайдың аспаннан түсірген адамы ғой деп сізге солай қарап отырмын,
осында болған оқиғаның бәрі құдіреттің ісі емес пе? Мұндай оқиғалар
дүниені билейтін жасырын күшті ыспаттайды және дүниенің ең қараңғы
түкпірінде қалған бақытсыздарды жаратушының кӛретіндігін анықтайды
дедім.
Кӛкке қарап алғыс айтуды да ұмытқаным жоқ. Барса келместің аралында
жапа-жалғыз тұрғанымда ӛзімді қорғап, аман сақтаған құдайға алғыс айтуды
сірә да ұмытармын ба? Ӛзімді құтқарып, осындай қуанышты халге
жеткізгенге алғыс айтпағанда, кімге алғыс айтпақшымын?
Шамалы тыныштанып отырғаннан кейін, капитан кемедегі қордан маған
азын-аулақ нәрсе әкелгенін, бүлік шығарғандар әзір құртып үлгіре алмағанын
айтты. Сонсоң ол губернаторға арнап әкелген жүкті қайықтан түсіріп, жиекке
шығарыңдар деп теңізшілерге бұйрық берді. Аз деген нәрсесі толып жатыр,
соған қарағанда олармен бірге кетпей, осы аралда ӛмір-бақи қалатын
сияқтымын.
Тайға буып әкелген заттары толып жатқан шыны, арақ-шарап, бұдан
басқалары екі қадақ жақсы темекі, он екі бӛлек сиырдың еті, алты бӛлек
шошқа еті, бір қапшық бұршақ, жүз қадақ шамасы кепкен нан, бір жәшік
қант, бір жәшік ұн, қапшық толы лимон, екі бӛтелке лимон суы, тағы да
басқалары, қайсы бірін тізіп жатайын, әйтеуір толып жатыр. Бәрінен
қымбаттысы — маған киім еді, досым оны да ала келіпті. Бірнеше жаңа
кӛйлек, мойынға салатын алты орамал, екі пар қолғап, қалпақ, башмақ,
шұлық, костюм, қысқасы, не керек, ӛзімді мұздай киіндірді.
Бұл киім сол кезде мен үшін үлкен сыйлық еді. Үстіме жаңа киім
кигенде, әуелгі кезде үйренбей ұялыңқырап жүрдім.
Заттарды кӛргеннен кейін үйге жібердім де, тұтқындарды не қыламыз
деп ақылдаса бастадық. Кемеге мінгізіп алып жүрсек, жолда ӛзімізге кесірі
тимей ме деген мәселені ойластық, әсіресе капитанның ӛмірде түзелмейтін
бұзықтар деп мінездеме берген екеуінен қауіптендік. Капитанның айтуынша,
ол екеуі сондай бұзықтар, егер оларды ала қойсақ, тұтқын есебінде, қол-
аяғына кісен салып, оңаша ұстап және ағылшын шегіне жеткен бойдан сотқа
168
Sauap.org
тапсыру керек болды. Осы мәселе туралы капитан ӛте тынышсызданып
қатты қиналды.
— Сіз бүйтіп қиналатын болсаңыз, мен ол екеуін ӛздері тілеп, осы
аралда қалатын етіп берейін, қарсылығыңыз жоқ па? — дедім капитанға.
«Қалдырыңыз, мен қуанбасам, ренжімеймін» — деді.
«Жақсы, олай дейтін болсаңыз, мен қазір оларға кісі беріп, сіздің
атыңыздан сӛйлесейін»—дедім. Жұма мен кепілдікке қалдырып кеткендердің
екеуін (жолдастары берген уәделерін орындағасын ол екеуін босатқанбыз)
шақырып алдым да, үңгірдегі бес тұтқынды айдап саяжайға апарыңдар, бірақ
қолдарын шешуші болмаңдар, ӛзім артынан барам, мені күтіңдер дедім.
Бірсыпыра уақыт ӛткеннен кейін, ешкі терісін тастап, жаңа киімдерімді
киіп, саяжайға кеттім, бұл сапар нағыз губернатор есебінде болып бардым.
Бәрі жиналып болғасын капитан келіп менің қасыма отырды; тұтқындарды
алып кел деп бұйрық бердім, айдап алып келді. Келгеннен кейін әлгілерге,
капитанға істеген қылмыстарыңыз, еткен зорлық-зомбылықтарыңыз бәрі де
маған мәлім, егер құдайдың кӛмегімен сендер біреуге қазған орларыңа
ӛздерің түспегенде, нағыз баскесер ұры болып кететін едіңдер дедім.
Менің жарлығым бойынша, кеме ӛзінің қожасына қайтарылды. Қазір
рейдіге келіп тұр, сендердің сайлаған капитандарың бүгін бе, ертең бе, тиісті
сыбағасын алады; кӛп ұзамай-ақ оның дарға асылғанын кӛресіңдер.
Ӛздеріңді ақтап айтатын не сӛздерің бар? Сендерді де ӛлім жазасына
бұйырғалы отырмын, бұлай етуге толық қақым бар» — дедім.
«Ӛзімізді ақтап айтатын ешбір сӛзіміз жоқ, бірақ капитанның
ӛлтіртпеспін деген уәдесі бар еді, сізден сұрайтынымыз да сол тек тірі
қалдырсаңыз болғаны» — деді біреу тұрып. «Сендерге нендей ізгілік
ететінімізді айта алмаймын. Мен ӛзім аралды тастап, барлық адамдарыммен
Англияға жүргелі отырмын: біз Англияға сендердің кемелеріңмен кетпекпіз.
Ал сендер туралы әңгіме былай болып тұр: капитанның айтуы бойынша, ол
аяқтарыңа қолатқы салып ӛзімен бірге алып кетпекші, Англияға келісімен
сотқа тапсырмақшы, сот сендерді дарға асатынын ӛздерің де біліп отырған
боларсыңдар, қазір сендерді атып кеткенмен, бәрібір түбінде біздің
шапағатымыз тимейді. Егер сендер менің ойымды білгілерің келсе, ол былай:
осы аралда қалыңдар деп кеңес берер ем, егер аралда қалатын болсаңдар ғана
ӛлім жазасынан құтыласыңдар, қалмайтын болсаңдар ӛздерің білесіңдер» —
дедім.
Менің ұсынысымды бәрі де қуанышпен қарсы алды, кӛп-кӛп алғыс
айтты. Англияға барып дарға асылып ӛлгенше, осы жапан далада тірі
қалғанын мақұл кӛрді.
Бұларды мұнда қалдыруға болмайды, қалай да болса алып кету керек
дегендей белгі сездіріп капитан менің ұсынысыма жорта қарсы болғысы
келді. Мен де жорта ашуланған болып: «Тұтқын сенікі емес, менікі.
Ӛлтірмеймін деп уәде бердім, берген уәдемнен тана алмаймын, егер менің
ұсынысыма қарсы болатын болсаң, бұларды қазір босатам да жіберем,
сонсын ӛзің ұстап ала жатарсың» — дедім. Тұтқындар маған алғыс айтып
169
Sauap.org
шулап қоя берді, сонымен іс бірыңғайланды. Қолдарын шешіп босаттырдым
да: «Енді ана ӛздеріңді біз ұстап алған ағашқа қарай кетіңдер; ӛздеріңе
бірнеше мылтық, киім-кешек, тағы да басқа құрал-саймандар қалдырам және
қалай етіп күн кӛрулерің туралы нұсқау берем, тұрмыстарың жаман болмас»
— дедім.
Сӛзді бітіргеннен кейін үйге келдім де, жол жүрудің жабдығына
кірістім. Капитанға: «Мен әлі бірер күнсіз жүре алмаймын, сіз кемеге барып,
жүруге әзірлене беріңіз, ертең таңертең маған қайық жібересіздер, ӛлген
капитанның сүйегін кеменің шетіне шығарып ілдіріңіз, ана аралда қалатын
бесеуі кӛрсін» — дедім.
Капитан кемеге кеткен кезде бес тұтқынды шақырып алдым да, олардың
келешектегі хал-жағдайы туралы әңгімеледім. Сендердің қалғандарың жақсы
болды, бақыттарың бар адам екенсіздер, елге қайтқандарыңмен бәрібір
сендерді ӛлтіреді. Онан да осында қалып ӛмір сүріңдер, ана асулы тұрған
капитандарыңның сүйегін кӛрдіңдер ме, ол бұл жерде тірі қалғанмен
Англияға барғасын бәрібір осы сыбағасын алар еді дедім.
Англияға қайтпаймыз, осы арада қаламыз деген уәдесін тағы алып,
аралдағы ӛз тұрмысымның тарихымен таныстырғым келіп отырғанымды
сездірдім, бұдан кейін әңгімеге кірістім: аралға қалай келгенімді, жүзімді
қалай жинағанымды, арпа мен күрішті қалай еккенімді, нанды қалай
пісіргенімді толық айтып ӛттім. Ӛзімнің үйімді, егін айдаған жерімді, ешкіге
салған қора-қопсымды, қысқасы, не керек, олардың жақсы орналасуларына
себепші болатын нәрсенің бәрін айтып түгел таныстырдым, жақын арада
осында он алты кісі испандардың келетінін ескертуді де ұмытқаным жоқ,
күтулі қонақтарыма хат бердім, ол келетіндерді ӛздеріңмен бірдей қоғамның
мүшесі етіп аласыңдар, ол келгендер сіздермен бірдей, оларды шетке
қақпайсыңдар деп уәделерін алдым.
Мылтықтарымның бәрін соларға қалдырдым, бес мүшкет, үш құс
мылтығы, үш қанжар, жарты бӛшке дәрі (дәрінің ӛте кӛп сақталуы әуелгі екі
жылда болмаса, соңғы уақыттарда тіпті мылтық атпағанмын), ешкілерді
қалай бағып-қағу керек, қалай сауу керек, ірімшік, майды қалай жасау керек
— бәрін кӛрсеттім, Аралда ӛткізген ӛмір тарихыммен таныстырдым.
Сӛзімнің қорытындысында «Капитаннан сұрап тағы да бір-екі бӛшке дәрі,
бақша ӛсіретін тұқым әперермін» — дедім. Капитанның маған әкелген бір
қапшық бұршағын да тұқымға сақтаңдар деп соларға бердім.
Бастан-аяқ мән-жайды айтып олармен қоштастым да келесі күні кемеге
барып міндім. Келесі күні таң сарғайып атқан кезде бес тұтқынның екеуі
жүзіп бізге келді. Екеуі бұл жерде қалғанмен ӛлетін түріміз бар, онан да елге-
ақ барып ӛлейік деп ант су ішіп кешірім сұрады, бізді ала кетіңдер деп ӛтініш
қылды. Капитан губернатор рұқсат етпесе сендерді алуға еркім жоқ деп
жауап берді. Ендігәрі мұндай іс істемеске ант-су ішіп,уәделерін бергесін,
екеуін кемеге алдық. Бұлар жуасыды, мінез-құлықтары да түзеліп, тәртіпті
адам бола бастады.
170
Sauap.org
Тұтқындарға бермекші болған заттарды тиеп, капитан жағаға қайық
жіберді. Менің ӛтінішім бойынша ӛздерінің сандықтарын, киім-кешектерін
салды да, олар бұған қуанып, алғыстарын айтты. Сендерді ұмытпаспын, егер
жолда кемеге кездесе қойсам әдейі арнап сендерге жіберермін деп мен де
олардың кӛңілін кӛтердім.
Аралмен қоштасып, ескерткіш есебінде ешкінің терісінен тіккен үлкен
бӛркімді, қол шатырымды, тотымның біреуін алдым, ақшаларымды да алуды
ұмытқаным жоқ, бірақ тат басып қарайып қалған екен, кӛп тазартып татын
аршығаннан кейін барып күміс түріне келді; испан кемесінен тапқан
ақшаларымды да қалдырғаным жоқ.
Сонымен жиырма сегіз жыл, екі ай, он тоғыз күн дегенде аралдан
құтылып, кеме күнтізбесі бойынша 1686 жылы, желтоқсан жұлдызының 19-ы
күні жүріп кеттім. Осы аралдан құтылған уақытым да баяғыда Салех
маврларынан қашып шыққан уақытыма дӛп келді.
Кӛп уақыт су бетінде жолаушылап, отыз бес жыл жоғалып кетіп, 1687
жылы, маусым жұлдызының 11-і күні Англияға келдім.
Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып
алуды ұмытпаңыз!
Сайттағы барлық кітаптар тек танысу мақсатында
ұсынылған.
Кітапті жүктеп, мазмұнымен танысқан соң, Сіз оны
қалдырмай, жоюға тиіссіз.
Кітаптың мәтінін көшіре және сақтай отырып, Сіз
авторлық және аралас құқықтар туралы заңға сәйкес, барлық
жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз.
Сайт әкімшілігі пайдаланушыларды кітаптарға заңды
жолмен қол жеткізуге шақырады.
Достарыңызбен бөлісу: |