Сәуірдің 14-і күні — Қорғаным бітті. Бұл жерде адам тұратын жай бар
екенін ешкім білмесін деп, тӛбесінен басқышпен түсіп, басқышпен шығатын
болдым.
Сәуірдің 16-ы күні.— Басқышты жасап бітірдім; ішке кіргенде басқышты
ӛзіммен бірге ала түсем. Енді жан-жағымның бәрі бітеу. Қамалым кең,
тӛбесінен түспесе, басқа жерден ішке кіруге болмайды.
Келесі күні барлық сіңірген еңбегім босқа кете жаздады және ӛзім де
ӛліп қала жаздадым. Себебі шатырдан шығып үңгірдің аузында бір нәрсе
істеп жатыр ем, үңгірден де және таудың тӛбесінен де үстіме топырақ
құлады, ӛзім тіреген алдыңғы қатардағы екі баған сытырлап майысты. Зәре
қалмады, қатты қорықтым, неліктен бүйткенін білмей, әнеукүнгідей үңгір
құлаған екен ғой деп ойладым. Үстімді басып қала ма деп қауіптендім де,
басқышқа қарай жүгірдім, басқышты қойып үйдің қабырғасы арқылы далаға
шықтым, шыққан соң себебіне түсіндім, әлгінің бәрі жер сілкінгендіктен
болған оқиға екен. Аяғымның асты теңселіп тұрды, сегіз минӛттің ішінде
қатты-қатты үш-тӛрт сілкінді, осы арада қандай мықты үй болса да быт-
шыты шыққан болар еді. Менен жарты мильдей жерде теңіздің жағасында
тұрған жартастың тӛбе жағы құлап түскенде жер солқылдады, мұндай
гүрсілді ӛмірімде естіген емеспін. Теңіз де жаман шайқалды. Соған қарағанда
теңіз астындағы жердің қозғалуы құрғақтан гӛрі қатты болды-ау деп
ойладым.
Мұндайды бұрын-соңды кӛргенім жоқ, қорыққаннан не болғанымды
білмей есім шығып, мелшиіп қатып қалдым. Жердің қозғалуы кеме апатқа
ұшыраған уақыттағыдан кем әсер еткен жоқ, ӛліп бара жатқан сияқты
болдым. Бірақ жартастардың құлаған гүрсілін естіп, есімді жидым. Есімді
жиып ӛзіме-ӛзім келген соң, шатырды тау басып қалады-ау деген ой пайда
болды, сол кезде жүрегім мұздап, буын-буыным қалтырады.
Үйге кіруге қорқып, не істерімді білмей, кӛп уақыт мұңайып далада
отырдым. Осы мезгілде: «Жасаған-ай, сақтай гӛр!»— деген сӛзден басқа
51
Sauap.org
құдай туралы түк ойлағаным жоқ, жер сілкініп басылғаннан соң ол сӛздерді
де ұмытып кеттім.
Бұлт қаптап, дала күңгірттеніп кетті; әуелі шамалы жел шығып, бірте-
бірте күшейе түсті, біраздан кейін қатты дауылға айналды. Теңіз беті
кӛбіктеніп, толқын шуылдады, дүңкілдеп жағаға соқты; бірсыпыра
ағаштарды қопарып құлатып кетті, кӛрініс жаман. Осы қалыпта үш сағатқа
шейін созылды; содан кейін дауыл басылды, енді бір-екі сағаттан кейін
пышақ кескендей жел тынды, желдің тынықтығы сондай шӛп басы
қимылдамайды, артынан іле-шала тӛгіп жаңбыр жауды.
Дауыл басылғанша үрейім ұшып, үйге кірмей далада отырдым. Жаңбыр
жауған кезде менің ойыма келгені: жел басылып, жаңбырдың жаууы жер
сілкінудің салдары шығар, енді жердің сілкінуі тоқталған болуы керек,
тәуекел үйге кірсем қайтеді деп ойладым. Осы пікір басыма келгенде еңсем
жоғары кӛтерілгендей болды, мүмкін үстімді сулаған жаңбырдың әсері болса
да, ӛзі білсін. Үйге кіріп отырып ем, жаңбыр бұрынғысынан да күшейіп,
тӛбеден тамшы ағып басып қала ма деп қорықсам да, амалсыздан үңгірге
баруға тура келді,
Нӛсерлі жаңбыр тағы тӛтен жұмысқа душар қылды: қорғанның ойпатта
тау жағын тесіп су ағар жасадым, әйтпесе үңгірді су басып кететін болды.
Үңгірде біраз отырғаннан кейін, жер сілкінудің енді қайталамауына кӛзім
жетіп жаным жай табайын деді. Кӛңілімді кӛтерейін деп буфетке келдім де
бір жұтым ром іштім. Мен ромды үнемдеп, анда-санда, аз-аздап ішетінмін,
бітіп қалса таптырмайтыны ӛзіме мәлім.
Келесі күні де жаңбыр жауып үйден шыға алмадым. Жүрегім орнына
түсіп аздап жаным тыныш тапқаннан кейін, енді не істеу керек жӛнінде
ойландым. Бұл арада күні кеше жер сілкінді, енді маған үңгірде тұруға
болмайды ғой деген қорытындыға келдім. Олай болса шатырды орнынан
кӛшіріп ашық жерге апарып орнатуым керек немесе қос тігуім керек,
адамнан, аңнан қауіпсіз болу үшін бұрынғыша сыртын нықтап тұрып
қорғандауым керек. Егер екінші орынға кӛшпей осы үңгірде тұрып қалсам,
бір күні болмаса бір күні тірілей кӛмілетінім анық.
Шынында менің шатырымның тұрған жері нағыз қауіпті жер, таудың
құлама етегі, егер тағы жер сілкінсе тау құлап басып қалуы анық. Сондықтан
шатырды басқа жерге кӛшірмекші болдым. Келесі екі күнде—19-ы мен 20-
нда үй салып қоныстанатын жаңа орын іздедім және жоспарымды қалай
жүзеге асыруды ойладым.
Үйімді құм басып тірілей кӛмілемін-ау деген қорқынышпен түнде
ұйықтай алмайтын болдым; қорғаннан сырт жерге түнеуге де қауіпсіндім.
Даяр мекен-жайды, бітулі мүлікті тастап кетуге кӛзім қимады, қайтіп қана
қиярсың — қай жағынан болса да қолайлы, әрі ықшам, мықты, әрі қауіпсіз,
әрі таза және мұның үстіне қаншама еңбек сіңірдім — ойлағаным осы болды,
кӛшкім келмеді. Бұдан кейін мынадай ой туды.
Жаңадан қорған салып, оны нығайтып және оған кӛшіп барғанша кӛп
уақыт ӛтеді, солай болса үңгірдің құлау қаупінен кӛпке дейін арыла
52
Sauap.org
алмаймын. Осындай қорытындыға келіп біраз тынышталайын дедім, бірақ
кӛп уақыт ӛткізбей-ақ жаңадан қорған салу қамына кірістім, салғанда сол
бұрынғыша қазық қағып, арқанмен байластырып нығайтқым келді; қорғаным
біткен бойдан шатырымды кӛшірмекшімін; оған дейін кӛшу ісіне әзірленіп
осы арада тұра бергім келді. Бұл сәуірдің 21-і күні болды.
Сәуірдің 22-і күні.— Келесі күні ертеңгісін ойлаған пікірді қалай етіп
жүзеге асыруым керек, міне, осыны талқылай бастадым. Барлық қиыншылық
құрал-сайман жағы болды. Менде үш үлкен балта, толып жатқан кішкентай
балта бар. Бұларды үндістерге сату үшін алғанбыз, бірақ тынымсыз қатты
заттарға салып, жұмсай берген соң кӛбінің жүзі майырылып, мұқалып қалған
еді. Балталарды қайрап, ӛткірлеп алуға менде қайрақ та бар, бірақ оны аяқпен
басып, тасын айналдыруды мен білмеймін. Қайрақты жүргіземін деп кӛп
әурелендім, әрі айналдырып, бері айналдырып кӛп уақытқа шейін еш нәрсе
шығара алмадым. Бірде-бір мемлекет қайраткері бірер маңызды саяси
мәселені талқылап, тап мен сықылды басын қатырмаған шығар және бірде-
бір судья адамның тағдырын шешерде, оны ӛлтіру, я тірі қалдыру мәселесін
шешу үшін, тап мен сықылды ақылын сарп етпеген шығар. Ақырында
доңғалақ пен қайысты шарға үйлестіріп, қайрақты аяғыммен басыпжүргізетін
болдым-ау.
Ескерту. Сол уақытқа дейін ондай қайрақты кӛрген емеспін, немесе
ондай қайрақтар ағылшында ӛте кӛп болса да, оның қалай істелгенін
байқаған емеспін. Оның үстіне қайрақ ӛте үлкен және ауыр. Соны құрудың
ӛзіне бір апта уақытым кетті.
Сәуірдің 28-і және 29-ы күні.— Осы екі күнде істеген жұмысым
құралдарды қайрап ӛткірлеу болды. Менің үйлестіріп құруым дұрыс
болғандықтан, қайрақ жақсы жұмыс істеді.
Сәуірдің 30-ы күні.— Бүгін қарасам кепкен наным таусылуға
айналыпты. Кепкен нан салған қаптарымның бәрін түгендедім де, енді күніне
біреуден артық жемеске ұйғардым.
Мамырдың 1-і күні.— Бүгін таңертең судың кейін тепкен кезінде теңіз
жаққа қарасам, жиекте бӛшке сықылды бір ірі нәрсе қарайып кӛзіме түсті.
Келіп қарасам кішілеу бір бӛшке. Қасында кеменің бір-екі сынық тақтайлары
жатыр. Бәрін де соңғы дауыл жиекке шығарып тастаған болу керек. Бір кезде
кеменің шӛккен жеріне қарасам, қалған бӛлегі кӛтеріліп су бетіне шығайын
депті. Бӛшкені байқап қарасам іші толған мылтықтың дәрісі, бірақ су тиіп тас
болып қатып қалыпты. Сонда да жағадан аулағырақ жерге апарып тікейтіп,
тұрғызып қойдым да ӛзім кеменің қалдығы кӛрінген жерге кеттім.
Жақындап келіп байқасам, бұрынғы орнынан екінші орынға келіп
тоқтаған сықылды. Бұрын тұмсық жағы құмға батып кеткен еді, қазір
кӛтеріліп алты футтай жоғары шығыпты, ал енді (оның арт жағы әлдеқашан,
мен кемеге соңғы рет барған кезімде — алдыңғы жағынан бӛлініп қалған еді)
тас-талқаны шығып қирап, алдыңғы жағынан бӛлініп қалған, артқы жағы
аударылып қырынан түскен бойынша жатыр. Бұрын кемеге ширек мильдей
жер қалғанда су басталатын, сондықтан мен оған жүзіп баратынмын, қазір
53
Sauap.org
олай емес, айналасын құм басып тӛбе болып қалыпты. Әуелі бұл қалай деп
таңқалдым, артынан ойлап қарасам, жер сілкінуінің салдарынан болған
екенін білдім. Жер сілкінген кезде кеме бұрынғыдан да гӛрі қираңқыраған
екен, сондықтан бӛлшектері толқынмен жиекке шығып қалыпты.
Кемеге алаң болып екінші орынға кӛшуді ұмытып кеттім. Кеменің ішіне
кірем бе деп күні бойы әурелендім, бірақ құм басып бітеп тастағандықтан
кіруге мүмкіндік болмады. Кіре алмағаныма қайғырғаным жоқ; ӛйткені мен
қайғыру дегенді әлдеқашан ұмытқанмын. Бірдеңеге жарар дедім де, қолыма
іліккенін бӛлшектеп таси бердім.
Мамырдың 3-і күні.— Бүгін арамен жұмыс істедім. Кормдегі (кеменің
жүк тиейтін артқы жағы) биметті кесіп алдым, мұндағы мақсатым—шканц
бар шығар деп ойладым, тақтайларын сыдырып алып, кормның жоғары
шығып жатқан құмын аршып түсірдім. Кӛп ойлануға болмады, су кӛтерілген
соң тастап үйге қайттым.
Мамырдың 4-і күні.— Балық ауладым, бірақ жейтін бір балық та ұстай
алмадым. Еш нәрсе түспеген соң ішім пысып қайтқалы отырғанымда,
қармағыма кішкене бір дельфин ілікті. Қармағым қолдан істелген қармақ,
бауын арқанның тарқалып түтеленген кендірінен ескенмін. Ілгешегімнің тілі
жоқ болатын, сонда да осы қармақпен кӛп балық ұстап тамақ асырадым.
Балықты тұздап күннің кӛзіне іліп кептірем де, пісіріп жей берем.
Мамырдың 5-і күні.— Кемеге барып жұмыс істедім. Екінші бимсті кесіп
алдым. Палубадан үш үлкен қайың тақтайды сыдырып алдым да, су
кӛтерілген кезде итеріп жиекке шығардым.
Мамырдың 6-ы күні.— Кемеде болдым. Бірсыпыра темір-терсек және
бірнеше болт алдым. Жұмысты қатты істегендіктен үйге әбден сілем қатып
шаршап келдім, осыны машақаттанбай тастасам қайтеді деп те ойладым.
Мамырдың 7-і күні.— Кемеге тағы бардым, бірақ бұл сапар жұмыс
істейін деп барғаным жоқ. Себебі бимстерді кесіп бітіргенмін, ал енді палуба
ӛзінің салмағымен ӛзі екі жаққа айрылып трюмге кіретін жол ашылған,
сондықтан трюмді қарайын деп едім, бірақ құм мен суға ернеуіне дейін лық
толыпты.
Мамырдың 8-і күні.— Кемеге темір сүйменді ала бардым: сүйменмен
палубаның барлық тақтайын қопарып алғым келді, ӛйткені палуба құмнан
әбден тазарған. Екі тақтайды қопарып алып, ағызып жағаға шығардым. Ертең
тағы керек болар деп, сүйменді сол күні кемеге тастап кеттім.
Мамырдың 9-ы күні.— Кемеде болдым. Бірнеше тақтайды қопарып
алып, трюмге түстім. Сүйменмен әр жерін сұққылап қарап, бес-алты бӛшке
таптым. Бәрін де сүйменмен қопарып, жоғарыға шығардым, бірақ аузын аша
алмадым. Түрткілеп жүріп бірнеше құйған қорғасын да таптым, шамалы
кӛтердім, бірақ сыртқа шығаруға шамам келмеді.
Мамырдың 10-ынан 14-іне шейін. Кемеде болдым. Толып жатқан бӛлек-
салақ ағаш, тақтайлар алдым және екі-үш центнер темір-терсек жинадым.
Мамырдың 15-і күні.— Бүгін кемеге ӛзіммен бірге екі кішкене балта
алып бардым; мұны апарғандағы ойым, жаңқалап болса да қорғасын кесіп
54
Sauap.org
алу еді, (балтаның біреуін пышақ, біреуін балға орнына пайдаланғым келді).
Бірақ қорғасын бір жарым футтай су астында жатқандықтан, күш алып жӛнді
ұра алмадым.
Мамырдың 16-ы күні.— Түнде қатты жел тұрды. Кеменің қалдығын
одан жаман шайқады. Тамақ етуге кӛгершін іздеп орманда кӛп жүрдім,
сӛйтіп жүргенімде су кӛтеріліп кетіп, кемеге бара алмадым.
Мамырдың 17-і күні.— Менің үйімнен екі мильдей жерде кеменің
жағаға шығып қалған бірнеше сынықтарын кӛрдім. Бұл не нәрсе екен деп
білгім келді, келіп қарасам, кеменің тұмсық жағының бір бӛлекшесі екен, ӛте
ауыр, кӛтеруге әлім келмеді.
Мамырдың 24-і күні.— Бүгін күні бойы кемеде болып жұмыс істедім.
Бірнеше затты әрең дегенде сүйменмен қопарып қозғадым, су кӛтерілген
кезде бірнеше бӛшке, екі сандық қалқып үстіне шықты, бірақ жел жиек
жақтан болып, оларды ығыстырып теңізге алып кетті. Бүгін жел оның
орнына кеменің бірнеше сынықтарын және ішінде Бразилия шошқасының еті
бар бір бӛшкені жиекке айдап шығарған, бірақ ет теңіздің ащы суы тиіп және
құмға былғанып бұзылып кетіпті.
Мамырдың 25-інен маусымның 16-сына дейін осы жұмыспен
шұғылдандым. Тек анда-санда тамақ іздеп қайтқаным болмаса, басқа жұмыс
істегенім жоқ. Мен тек су кӛтерілген кезде ғана аң аулауға шығам, ал су
кейін тепкен кезде кемеге барам. Осы үш жетінің ішінде толып жатқан ағаш,
тақтай және темір-терсек жинап алдым, егер қолымнан келсе осы алған
ағаштардан жақсы бір қайық жасап шығаруға болар еді. Бұдан басқа бір
центнерге жақын қорғасын кесіп алдым.
Маусымның 16-ы күні. — Жағадан үлкен бір тостаған бақа тауып алдым.
Тостаған бақа бұрын кӛзге түспеуші еді, бүгін қайдан пайда болғанына
таңырқадым. Аралдың екінші жағына барсам, тостаған бақа ӛте кӛп екен.
Маусымның 17-і күні. — Кӛмір жағып тостаған бақаның етін пісірдім.
Ішінен алпыс шамалы жұмыртқа шықты. Ӛмірімде мұндай тәтті етті жеп
кӛрмеген шығармын, бір есептен тәттілігіне тан қалуға да болмайды, себебі
аралға келгелі жегенім тек ешкінің еті мен құстың еті.
Маусымның 18-і күні. — Ертеден кешке дейін жаңбыр жауып үйден
шыққаным жоқ. Суық тиді ме білмеймін, тұла бойым тітіркеніп, аздап
сырқаттанайын дедім, бірақ менің білуімше бұл жерлерде суық болмауы
керек еді.
Маусымның 19-ы күні. — Қысты күнгідей тұла бойым тоңазып, денем
қалтырады.
Маусымның 20-ы күні. — Тұла бойым қалтырап, басым ауыра берді, түні
бойы ұйықтай алмай шықтым.
Маусымның 21-і күні. — Бұрынғыдан да жаман тынышсыздандым.
Ауырып қалам ба деп, қатты қорықтым. Егер ауырып қалсам халім не
болмақшы? Қорыққанымнан құдайға жалбарынып дұға оқыдым, бұл
Гулльдің түбінде дауылға ұшырағаннан кейін бірінші рет жалбарынуым,
55
Sauap.org
бірақ дұға қылып та жарытып жатқаным шамалы, әр нәрсе ойыма түсіп
шатастыра береді, тек әйтеуір аузым күбірлейді.
Маусымның 22-і күні.— Бүгін кішкене тәуірмін, бірақ науқастың
қорқынышы әлі кететін емес.
Маусымның 23-і күні. — Тағы тынышсыздандым: денем қалтырап,
басым жаман ауырды.
Маусымның 24-і күні.— Тіпті жақсы болды.
Маусымның 25-і күні.— Қатты безгек ұстады; жеті сағаттың ішінде
біресе қыздым, біресе тоңдым. Аздап тер шығып басылды.
Маусымның 26-ы күні.— Тәуір болдым. Жейтін етім таусылған соң,
айығып кетпесем де, амалсыз аң аулауға шықтым. Бір ешкі атып алып, үйге
әрең кӛтеріп келдім, кӛмір жағып бір бӛлек етін пісіріп жедім. Сорпа істеп
ішкім келіп еді, бірақ күршегім болмады.
Маусымның 27-і күні.— Безгек тағы ұстады, қаттылығы сондай, дым
сызбастан тӛсекте күні бойы жаттым. Шӛл қысып ӛліп кете жаздадым, бірақ
суға баруға шамам келмеді. Құдайға жалбарынып тағы дұға оқыдым, бірақ
миым қаңғырып, аузыма бір дұға да түспеді, тек болғаны «Е, құдай сақтай
гӛр, е, құдірет сақта» — дей бердім. Қызу басылғанша екі үш сағат тап
осылай болып жанталастым да жаттым. Сӛйтіп жатып ұйқтап кетіппін; тырп
етпестен түн ортасына дейін ұйықтаппын. Оянсам, бойым кӛтеріліп
жеңілейіп қалыппын, бірақ әлсіздіктен буын-буыным дірілдейді. Тұрып су
ішейін деп ем, я үйде, я үңгірде бір қасық су жоқ, амалсыз таңның атуын
күтуге тура келді. Таң атып келе жатқанда кӛзім ұйқыға кетіп, бір жаман түс
кӛрдім.
Түсімде жер сілкінген күнгі қорғанның сыртында отырған жерімде
екенмін деймін. Бір кезде қарасам, аспандағы қара бұлттың ішінен тұла бойы
жалын, үлкен бір адам салбырап түсіп келе жатыр. Үстін қаптаған жалынның
жарықтығы сондай, қарауға мүмкін емес, кісінің кӛзі шағылады. Әлгі
адамның түрінің қорқыныштылығын ауызбен айтып суреттеуге мүмкін емес.
Аяғы жерге келіп тигенде, салмағы жерді дірілдетті және бір
қорқынышты болғаны: ауа найзағай жалтылдағандай жап-жарық болып кетті.
Аяғының ұшы жерге тиісімен тұп-тура маған қарай жүрді, қолында ұзын
найзасы бар, мені ӛлтірейін деп келе жатқан тәрізді. Маған жақындап келді
де, кӛтеріліп бір тӛмпешіктің басына шықты, бір нәрселер айтып барқылдап
сӛйлейді, бірақ сӛзі маған түсініксіздеу болды. Тек соңғы бір-екі ауыз сӛзін
болмаса, басқасына түсіне алмадым: «Бір емес, екі емес, бірнеше рет сынаса
да, сен хаққа бойсұнбадың, енді ӛл солай!» — деді де, маған қарай найзасын
кезеді.
Маған қандай ауыр әсер еткенін осы кітапты оқығандар түсінер деп
ойлаймын, бұл түстің әсері сол ұйқыда жатқанның ӛзінде маған оңай тиген
жоқ, ұйқыдан оянғаннан кейін одан да жаман болды. Түстің қалай әсер
еткенін толық суреттеп баян дауға шамам келмеді.
Айта кӛрмеңіз! Мен құдаймен істес болған адам емеспін және ӛзімнің
мінез-құлқымның дұрыс-бұрыстығын байқап, ойға салып кӛрдім бе екен?
56
Sauap.org
Бұл да есімде жоқ. Менің бойыма біткен бір мінез: ізгілікке ұмтылу,
жауыздықты мойындау, маған арам аспен бірдей еді. Ӛзімнің есерсоқ, кім
айтса соған еретін, жеңілтектігіме және жауыздығыма қарағанда, кӛзі ашық
кӛңілі соқыр, надан теңізшілерден менің ешбір айырмашылығым жоқ еді.
Қауіпке ұшырағанда құдайдан қорқу және қысылған жерде қол беріп одан
құтқарғаны үшін жаратушыға алғыс айту деген менде болған емес.
Аралдың жағасына шығып қара жерге аяғымның ұшы тиген кезде,
менен басқалардың бәрі суға батып тек тірі қалған жалғыз ӛзім екенімді
білген уақытта, қатты қуаныш пайда болды, қуанғаным сондай, ұстамалы
ауруы ұстаған кісіше не қыларымды білмей жан-жаққа жүгіріп, аласұрдым.
Ол жанталасқан жағдай құдайдың кӛмегімен мені қарғыс айтудан алғыс
айтуға итермелеген болса, менің қуанышым ӛлімнен құтылған айуанның
қуанышына ұқсап шешілді; бұл жағдай,— жаратушының жарылқағанының
арқасында болды-ау, жұрттың бәрі қырылып суға батқанда жалғыз мені ғана
есіркеп алып қалды-ау, басқаның бәрі қырылғанда құдайдың тек мені ғана
есіркеуі қалай!—деген ой да туғызған жоқ. Менің қуанышымның,— кеме
апатқа ұшырағанда «а, құдайлап» қорқатын, бірақ аман-сау жиекке шыққан
соң бір жұтым арақ ішкеннен кейін оны ұмытып кететін теңізшілердің
қуанышынан айырмашылығы болған жоқ және мен осы кезге дейін нақ сол
қалыпта болып келдім.
Мұның артынан, халімнің нашарлығын, бұл халден құтылуға ешбір
айланың жоқтығын, ӛзімнің жапа-жалғыздығымды, адам баласының
қауымынан қол үзгенімді, арқа сүйер еш нәрсенің жоқтығын, енді әсерімнің
тарылғанын ақыл-ойға салып білгеннен кейін де, ойлағаным жоқ. Аштан
ӛлмейтініме кӛзім жетіп, ғұмыр сүре алатынымды болжап білген соң,
бастағы қалың қайғылар, кӛңілдегі терең қиялдар қолмен жұлынып
алынғандай жоқ болды, осылардың бәрі мәлім болған соң барып жаным жай
тапты, жүрегім орнына түсіп, кӛңілім тұрақтады, міне, осы айтылғандардың
бәріне кӛзім жетіп, кӛңілім сенгеннен кейін барып, тіршілік істеу қамына
кірістім және бастан кешкен оқиғаларды құдайдың қарғысынан болды-ау деп
ойлағаным да жоқ. Ондай пікір менде ӛте сирек болды. Менің күнделігімде
айтылғандай, айдалаға дәннің бітуі және ол дәннің ӛсуін мен құдайдың
құдіретімен болған іс екен деп ойлағаннан кейін, діннің ықпалына
түсіңкірегенім рас, бірақ құдірет туралы пікір қалай басылды, діншілдік
қалпым да солай жойылды.
Кӛрінбейтін күшті кӛз алдыңа елестетіп қорқыныш туғызатын жер
сілкінуден күшті кӛрініс жаратылыста жоқ, сол жер сілкінудің ӛзі де маған
тұрақты әсер ете алмады: жер сілкіну қалай басылды, қорқыныштың әсері де
солай тарай бастады, бірінші минӛт те ӛтті, бірінші әсер де тарап кетті. Мен
құдайды да және құдайдың қарғысын да сезгенім жоқ; ӛзімнің айдалада
жалғыз қалып, апатқа ұшырағанымды да құдайдың кәрінен болды деп
білгенім жоқ.
Бірақ енді науқастанып ӛлімнің суреті кӛз алдыма елестеген уақытта,
қалың қиялдың салмағынан еңсем түсіп, ауыр безгектің зардабынан денем
57
Sauap.org
қалжырап әлсіреген уақытта, кӛптен бері ұйқтап жатқан ар-ұятым оянды:
ӛткендерім ойыма түсіп, ӛзіме кейістік білдірдім; ӛзімнің мінез-құлқымның
терістігінен алланың кәріне тап болғанымды, менің істеген ісіме қарағанда
тағдырдың тарттырып жатқан сазайынының барып тұрған әділдік екенін
түсіндім.
Әсіресе аурудың екінші және үшінші күндері түпсіз ауыр қиялға шомып,
денем қатты қызып, аласұрып жатқан кезімде аузымнан күбірлеп дұға
сықылды сӛздер шығып жатты, бірақ оны дұға деп есептеуге болмайтын еді.
Менің айтқандарымда сенім де, тілек те жоқ еді; мұның бәрі қорқыныштың
салдары еді. Есім ауып пікірім шатаса берді, ӛйткені ӛзін-ӛзі әшкерелеу қатал
нәрсе, менің жағдайымдағы ӛлім қаупі ақылдан адастырды, денемді тас
қылып мұздатты; осындай жағдайда не айтып жатқаныма ӛзім де түсінгенім
жоқ. Айтқандарым: Е, құдай, мен неден бақытсыз болдым! Мен ауырсам
ӛлемін ғой, маған кім жәрдем етеді. Ей, жаратқан не болмақшымын?» —
деген бір-біріне байланысы жоқ сӛздер еді. Кӛзімнен аққан жас сорғалап
қойныма құйылды, мұның артынан тілім күрмеліп кӛпке дейін сӛйлей алмай
жаттым.
Енді осы арада келіп баяғы әкемнің айтқан ақылы есіме түсті, бұл
туралы әңгіменің бас жағында айтқанмын, егер мен ӛзімнің ақымақтық ой
талабымнан қайтпасам, маған құдай тағаланың рақымы түспейтіні, бір
замандарда әкемнің ӛсиетін алмағандығыма ӛкінетінім, бірақ ӛкінгенмен
істеген жауыздығымды жойып, қатемді түзетуге жәрдем ететін ешкімнің
болмайтыны есіме түсті. Әкемнің осы айтқандары есіме түскенде, айқайлап
былай деппін: «Менің қымбатты әкемнің алдын болжап ескерткен
сәуегейлігін, міне, енді кӛзім кӛрді, қолым ұстап жатыр! Мен құдайдың
кәріне ұшырадым, жәрдем етерлік маған кісі жоқ, менің үнімді есітетін де
ешкім жоқ!.. Ӛзіме жарамды жағдай туғызған құдіреттің үніне құлақ
аспадым, егер тыңдаған болсам, мұндай бақытсыздық халге ұшырамаған
болар едім, ӛле-ӛлгенше бақытты болар едім. Мен мұны түсінгім келмеді.
Ата-анамның айтқанына да құлақ аспадым. Мен оларды ӛзімнің
ақымақтығым үшін жылатып-еңіретіп, жер соқтырып жӛніме кеттім, міне,
соның сазайын енді тартып, ақырында ӛзім жылап жатырмын. Мен олардың
кӛрсеткен кӛмегін, берген жәрдемін де аяқ асты қылдым, егер бойсұнып
қабыл еткен болсам, мені дұрыс жолға түсіретін еді және қадамым қайырлы
болатын еді; енді мен адамның әлі келмейтін қиыншылықтармен күресуім
керек, күрескенде ешбір кӛмексіз, ешкімнен бір ауыз жылы сӛз естімей,
жалғыз ӛзім күресуім керек». Тағы да даусымды шығарып: «Е, құдай мені
есірке, қорға, әйтпесе мен су түбіне кеттім ғой!» — дедім. Бұл менің кӛп
жылдан бергі құдайға жалбарынып оқыған бірінші дұғам еді, егер мұны дұға
деп есептеуге болатын болса.
Енді күнделікті дәптерге келейін.
Достарыңызбен бөлісу: |