Шынайы бақытқа жеткізетін істерде тұрғындары өзара көмектесу мақсатын алға қойған қала қайырымды қала болып табылады, ал



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата23.02.2017
өлшемі1,38 Mb.
#4716
1   2   3   4   5   6   7   8   9
түрлі пікірдің барлығынан да емес.
Ең  алдымен,  Бразилия  мысалында  астана  ауыстырудың  барлық  дəстүрлі
себептері  көрінеді  жəне  тəп-тəуір  дамыған  қаладан  елдің  қайдағы  бір
қашықтағы, өзі артта қалған аймағына көшіруден туындаған қателіктер мен
проблемалар  айқын  аңғарылып,  көшірумен  байланысты  жетістіктер  мен
келешек көкжиектер нақты көзге түседі.
Бір  қызығы,  Бразилияның  елордасын  алғашқы  астана  Сан-
Сальвадордан  жəне  екінші  астана  Рио-де-Жанейродан  көшіру  идеясы  ел
тарихының  бүкіл  өн  бойында  қылаң  беріп  отырады.  Оның  адамдардың
ақыл-ойын  билеп  алғаны  соншалық,  1889  жылы  Бразилия  республика
болып  жарияланған  кезде  жаңа  мемлекеттің  конституциясына  астананы
көшіру туралы арнайы тармақ жазылып кетті.
Бразилияны  отарлау  кезеңінде  елдің  жағалаудағы  аймақтары  ғана
игерілді.  Атлант  мухитының  жағалауында  кейін  мегаполистерге  айналған
алғашқы қалалар пайда болды. Алайда мемлекеттің ішкі аудандары, əсіресе
Бразилия  таулы  аймақтарының  саванна  жазиралары  іс  жүзінде  игерілмей
əрі халық қоныстанбай бос қалып жатты.
Бірақ  уақыт  зымырап  өтіп  жатса  да,  елдің  Конституциясында
жазылған  астананы  көшіру  туралы  бап  орындалмады.  Оған  саяси  ерік-
30

жігердің  жəне  көшіруге  деген  нақты  қажеттіліктің  жоқтығы  əсер  етті.
Дегенмен  Бразилияның  одан  əрі  қоғамдық-саяси  жəне  əлеуметтік-
экономикалық  дамуына  орай  қолданыстағы  Конституцияның  осы
тармағына көбірек назар аударыла бастады.
Жағалау  аймағындағы  ірі  өнеркəсіпті  қалаларда  экономикалық
қатынастардың  дамуына  қарай  оларда  халық  “сүт  қатқан  кофе"  деп  атап
кеткен жағдай қалыптасты.
Атау  –  бейнелі,  оның  үстіне  мағыналы:  əлемге  əйгілі  бразилиялық
кофе мен танымалдығы одан сəл кемдеу бразилиялық ет пен сүт өнімдерін
өндіріп, оны сатудан өздерінің байлығын жинаған жергілікті алпауыттарды
бразилиялықтар осылай атады.
Сонымен  қатар  тұрғыны  көп  Рио-де-Жанейро  осы  кезде  ірі
қалаларға,  əсіресе  əуел  бастан  құрылыс  салудың  жете  ойластырылған
жоспарлары  мен  қосалқы  құрылымын  үйлесімді  дамыту  бағдарламалары
жоқ  қалаларға  тəн  əлеуметтік  проблемалардың  бар  қиыншылығын  көре
бастады.
Ақыры,  Бразилия  үкіметінің  тапсырмасымен  жаңа  астананы
орналастыру  үшін  өткен  ғасырдың  қырқыншы  жылдарының  ортасынан
бастап  елдің  бүкіл  ұлан-ғайыр  аумағы  бойынша  “жерұйық”  іздестіру
басталды.
Ұзақ  ізденістен  соң,  түптің  түбінде  ондай  жер  табылды  да.
Сарапшылардың  пікірі  бойынша,  Минас-Жерайс,  Гояс  жəне  Мату-Гросу
атты  Бразилияның  үш  штатының  түйіскен  тұсы  жаңарған  мемлекет
астанасы  болуға  тиіс  жаңа  қаланы  салу  үшін  ең  қолайлы  орын  деп
ұйғарылды.
Астананың  болашақ  құрылыс  орны  теңіз  деңгейінен  1170  метр
шамасындағы  биіктікте  жатқан  шапад  деп  аталатын  бірқатар  тау
қырқалары  еді.  Бұл  аумаққа  шоқ-шоқ  тоғайлы  жалпақ  жазира  ұласып
жатты. Жанында келешек қаланы қажетті сумен қамтамасыз ететін үлкен су
қоймасы  болды.  Бір  сөзбен  айтқанда,  бұл  жер  осыған  дейін  адам  аяғы
баспаған мүлгіген қалпында тұр еді.
Сонымен  1956  жылы  Бразилияның  жаңа  астанасын  салу  туралы
шешім қабылданып, жұмыс бірден қызу қолға алынды.
Төрт  жыл  өткеннен  кейін  1960  жылы  21  сəуірде  астана  салтанатты
түрде  ашылды.  Колумбия  округіндегі  айрықша  аймақ  Вашингтон  сияқты,
Бразилия  астанасы  да  Федералдық  астаналық  округ  деп  аталатын  арнайы
аймаққа  кірді,  бұл  мемлекеттегі  астананың  айрықша  мəртебесін  жəне  экс-
аумақтық сипатын білдіреді.
31

Айта  кету  керек,  астаналар  орналасатын  осындай  арнайы
аумақтарды айрықша мəртебемен бөлектеудің үлкен мəні бар.
Бұл  жағдайда  астана  ең  басты  əкімшілік  орталық  ретінде  тіптен  ерекше,
бірегей  құрылым  болады.  Ол  бүкіл  елге  жəне  тұрып  жатқан  жеріне
қарамастан  əрбір  азаматқа  тиесілі.  Сондықтан  астананың  айрықша  экс-
аумақтық  мəртебесін  айқындау  оның  ешқандай  аймаққа  немесе  штатқа
жатпайтынын,  бүкіл  елге  қатысы  барлығын  жəне  барлық  уақытта  өңірлік
деңгейде емес, ұлттық деңгейде тұратынын атап көрсетеді.
Расында  да,  астананы  бейтарап  аумаққа  орналастыруды  дəстүрлі
құбылыс деуге болады. Мұндай аумақтар астананы түрлі əлеуметтік немесе
саяси  топтардың  мүдделері  түйісуінен  тысқары  жəне  жеке-дара  алынған
өңірдің  проблемаларынан  аулақ  қояды.  Айтып  кеткенімдей,  1791  жылы
құрылған жəне 1800 жылы АҚШ астанасына айналған Вашингтон қаласы
арнайы  аймақ  -  Колумбия  федералдық  округінде  орналасқан,  оны
қалыптастыруға  жапсарлас  жатқан  қос  штат  -  Вирджиния  мен
Мэрилендтен жер бөлінген.
Осыған  ұқсас  жағдай  Австралияда  да  болды.  Австралия  одағының
астанасы болу құқығына Мельбурн мен Сидней сияқты екі ірі портты қала
таласты.  Қалалар  арасындағы  мүдделіктен  туындаған  қайшылықтарды
шиеленістіре  бермеу  жəне  дау-дамайды  одан  əрі  өршітпеу  үшін  Австралия
үкіметі нағыз даналық шешім қабылдады: 1913 жылы Австралия астаналық
аумағы деп аталатын дербес экс-аумақ құрылып, сол араға астана салынды.
Ол қала Канберра деген атқа ие болды.
Астананың  жаңа  орынға  көшірілуінің  тағы  бір  себебі  шабуылға
ұшырау жəне басқыншылар тарапынан талауға түсу қаупі.
Мысалы,  Қытайда  монғолдарға  қарсы  Қызыл  орамалдылар
көтерілісі  басшыларының  бірі  Чжу  Юаньчжан  1367  жылы  монғолшыл
Юань əулетінің астанасы Пекинді басып алғаннан кейін император болып
жарияланды  да,  жаңа  Мин  əулетінің  билік  құруын  бастады.  Қауіпсіздік
мақсатында  астана  монғол  басқыншыларынан  алшағырақ  жатқан
оңтүстіктегі Нанкин қаласына ауыстырылды. Айта кеткен жөн, сол Пекин
солтүстік астана, ал Нанкин оңтүстік астана болып танылды.
Мұндай мысал Ресейдің жаңа тарихында да бар. 1917 жылғы Қазан
қарулы  көтерілісі  мен  кеңес  республикасы  жарияланғаннан  кейін  жаңа
өкімет  пен  оның  институттары  өздерінің  ықтимал  жаулары  тікелей  төніп
тұрған маңайда қала алмады. Азамат соғысы мен əскери басқыншылықтың
қиын  жағдайында  РКФСР  астанасы  1918жылғы  12  наурызда  Мəскеу
қаласына ауыстырылды.
32

Осылайша  тарихтан  астананы  бір  географиялық  орыннан  екінші
жерге  көшіруге  түрткі  болған  талай  себептер  мен  негіздер  белгілі.
Нəтижесінде  əлемдік  қоғамдастық  тарихы  түрлі  алмағайып  кезеңдерде
жəне  көптеген  халықтардың  тағдырында  астананы  көшіру  процесін
сипаттайтын əрекеттерді молынан біледі.
Мен  келтірген  астананы  көшіру  мысалдары  -  астаналардың  «өмірге
келуі» мен «өмірден өтуі» жайлы тарихи фактілер мұхитындағы бір тамшы
ғана.
Тарих астаналарды көшірудің басқа да көптеген оқиғаларын біледі.
«Аспан  асты  елі»  өзінің  сан  ғасырлық,  тіпті  сан  мыңдаған  жылдық
тарихында өз астанасын кемінде алты рет ауыстырды.
Қытай  мемлекетінің  қазіргі  астанасы  алғашында  елдің  Ючжоу  деп
аталатын  ең  көне  қонысының  жұртында  бой  көтерді.  Пекин  талай
жүздеген  жыл  бойы  Қытайдың  саяси  орталығы  болып  келді  əрі  өзінің
атауын  Бей-цзин,  Цзи,  Яньцзин,  Чжунду,  Даду,  Бейпин  деп  жиі-жиі
өзгертіп  отырды.  1403  жылы  қала  қазіргі  Пекин  атауын  алып,  1420  жылы
Аспан асты империясының айшықты астанасына айналды.
Астана  мəртебесін  иемденген  ғасырлар  ішінде  Пекин  өзінің  тарихи
міндетін  артығымен  атқарып  шықты:  қытай  мемлекетін  топтастырушы
тұғырға  жəне  бүкіл  Шығыс  Азияға  қытай  ықпалын  таратушы  ордаға
айналды.  Біршама  шетқақпайлықтан  кейін,  1912  жылы  Пекин  қайтадан
Қытай  республикасының  астанасы  болды.  Алайда  Чан  Кай  Ши  Қытай
тарихындағы аласапыранды 1928 жылы астананы Нанкинге қайтарды. Тек
жиырма  жыл  өткен  соң,  1949  жылы  Мао  Цзе-дун  чанкайшишілдерді
құрлықтық  Қытайдан  қуып,  Пекинге  астана  мəртебесін  қайтадан  алып
берді.
Əлемдік  қоғамдастықтағы  атақты  мегаполиске  жəне  аса  беделді
астаналардың  біріне  айналған  Пекин  астананы  көшірудің  айтарлықтай
сəтті мысалы екендігі сөзсіз.
Жапон  императоры  Мейдзи  1868  жылы  Эдо  (өзен  қақпасы)
қаласының  атын  «шығыс  астана»  дегенді  білдіретін  Токио  атауымен
өзгертті.  Сол  тұста  Эдо  Жапонияның  аса  ірі  қаласы  саналатын  жəне
тұрғындары миллионнан асатын. Эдо ежелгі Киотодан кейін Жапонияның
елордасы атанған. Ал оған дейін əр түрлі уақыт аралығында Нара, Нагаоку
жəне Хэйан қалалары Жапонияға астана болды.
Бұл  жерде  де  Жапония  астанасының  көшуіне  ақсүйек  сегун  Иэясу
Токугаваның  бөлшек-бөлшек  елді  біріктіру  жолындағы  бірбеткей
қайсарлығы  жəне  елді  біршама  тұрақты  өмір  сүруді  қамтамасыз  етерлік
33

деңгейде  дамытуға  деген  құлшынысы  ықпал  етті.  Токугава  өз  есебінен
жаңылмапты.  Бүгін  жапон  астанасы  адамзаттың  технотрондық  шарықтай
дамуының  мысалы  жəне  əлемдік  қоғамдастықтың  аса  ірі  қаржы  орталығы
болып отыр.
Енді  1800  жылы  Құрама  Штаттар  астанасын  Филадельфиядан
Вашингтонға
көшіруді
алайық.
Джордж
Вашингтон
ағылшын
королевасынан  алған  тəуелсіздікті  түпкілікті  бекіту  үшін  əлі  буыны
қатпаған  америкалық  федерацияның  саяси  орталығын  құру  қажеттігін
жақсы түсінді.
Астананы  көшірудің  бұл  мысалы  да  даусыз  жеңіспен  аяқталды,
бүгінде  Вашингтон  өзінің  экономикалық  жəне  саяси  ықпалын  əлемнің
барлық  құрлығына  жүргізіп  отырған  дүниедегі  ең  қуатты  державаның
астанасы.
Испан  королі  II  Филипп  астананы  Пиреней  түбегінің  нағыз
географиялық  кіндігі  -  Мадридке  көшірді.  Финляндияның  астанасы  өткен
ғасырдың
басында
Хельсинкиге,
Норвегияның
астанасы
Ослоға,
Үндістанның  астанасы  Нью-Делиге  көшті.  1971  жылы  Пəкстанның
астанасы  Карачиден  Исламабадқа  ауысты.  Кот-ди-Вуардың  астанасы
Абиджаннан Ямусукураға көшірілді.
Түрік
армиясының
генералы
Мұстафа
Ататүрік
Түрік
Республикасының  астанасын  1923  жылы  Осман  империясының  ордасы
Стамбулдан  Анкараға  көшірді.  Ол  қала  Антанта  күштеріне  қарсы  ұлт-
азаттық  қозғалыстың  орталығына,  кейін  қауырт  та  серпінді  дамыған
Түркияның астанасына айналды.
Нигерияның  бұрынғы  астанасы,  алты  миллион  тұрғыны  бар  алып
Лагос əкімшілік тізгінін не бары 230 мың халқы бар шағын қала Абуджаға
тапсырды.
Сөйтіп əлем астаналарының “жұлдызды” картасы бір қарағанға ғана
жылжымайтын  сияқты.  Бірақ  ол  картаға  тарихи  келешек  тұрғысынан
мүқият зер салсақ, жұлдыздар да бір орында тұрмайтынын, олардың да жиі-
жиі орын ауыстыратынын байқаймыз...
Сонымен  осы  баяндалғандардан  жасауға  болатын  тұжырым,
меніңше, мейлінше айқын да ашық: астананы көшіру барлық уақытта жəне
барлық  елде  бір  адамның  орынсыз  талабының  немесе  темірдей  берік  ерік-
жігерінің  арқасы  емес.  Астананы  ауыстыру  барлық  кезде  дерлік
мемлекеттің  мүддесінен  туындап  отырды.  Бірақ  көшірудің  өзі  егер
көрегендік  есеп  пен  мықты  саяси  ерік-жігер  сəтті  тоғысқанда  ғана,  тек
сонда ғана оң нəтижелер береді...
34

АТАУЛАР КЕРУЕНІ...
Көріп тұрғанымыздай, адамзат тарихында мемлекеттер астаналарын
көшіру  мен  қайта  атау  мысалы  жетіп-артылады  екен  жəне  оның  себептері
де  сан  түрлі.  Бірақ  бір  заңдылықты  оңай  байқауға  болады  –  іс  жүзінде
əлемде  бірде-бір  мемлекет,  мейлі  ол  қуаты  күшті  алып  болсын,  мейлі
орташа  болсын,  бəрібір  астананы  көшіру  қажеттілігінен  қашып  құтыла
алмапты.
Олардың қатарына өзіміздің Қазақстан да жатады...
Мұны  рекорд  деп  санауға  бола  ма,  білмеймін,  бірақ  бір  ғана
жиырмасыншы  ғасырдың  ішінде  тұтас  бес  қала  біздің  мемлекетіміздің
астанасы  болып  белгіленді.  Бұл  тарихи  факт  өзінше  бір  рекорд  сияқты.
Олай  дейін  десең,  тарихтың  сол  бір  кезеңінде  Қазақстанның  тəуелсіз
мемлекет  еместігін  ескеруге  мəжбүрсің.  Яғни  ол  кездегі  шешімдердің
қисыны  біздің  бүгінгі  дербес  шешімімізге  негіз  себеп-салдардан  əлдеқайда
өзгеше болғаны шындық.
Сөйтіп  аз  уақыт  аралығында  астананы  көшіру  жөнінен  Қазақстан
Гиннестің  рекордтар  кітабына  ене  ме,  жоқ  па,  оны  айту  тағы  қиын.  Бұл
біздің міндетіміз емес, астаналарымыздың тарихы жиырмасыншы ғасырмен
шектеліп  те  қалмайды.  Өйткені  қазақ  астаналарын  көшіру  үрдісі  қалай
дегенде де XX ғасырда басталған жоқ...
Тарихи  материалдарды  зерделей  отырып,  əр  түрлі  уақытта,  Ұлы
Дала  тағдырының  түрлі  кезеңінде  барша  түркі  тайпасының  бас  орда-
астаналары  нақ  осы  заманғы  Қазақстан  аумағындағы  қалаларда
орналасқанын  байқамау  мүмкін  емес.  Атап  айтқанда,  бұл  жайт  Суяб,
Құлан,  Тараз,  Баласағұн,  Сығанақ  жəне  Түркістан  сияқты  көне  қалаларға
қатысты.
Ең  қызығы,  олар  белгісіздеу  қалалық  қоныстар  емес,  Қазақстанның  аты
шулы  ежелгі  қалалары.  Олардың  гүлденуінің  шарықтау  кезеңі  орта
ғасырларда, тіпті одан да ерте тарихи дəуірлерде жатыр.
Сондай-ақ  бұлар  Еуразияның  азиялық  бөлігіне  ғана  емес,  Еуропаға
да едəуір танымал болған қалалар.
Бұл  қалалар  өздері  арқылы  Еуропа  мен  Азия  арасында  тауарлар
алмасуы  жүрген  аса  маңызды  көлік  тораптары  ретінде  Еуропа  тарихына
күні бүгінге дейін белгілі.
2001 жылы Қазақстанда ресми жəне достық сапармен болған кезінде
Жоғары  Шапағатты  Рим  Папасы  Иоанн  Павел  ІІ-нің  сөзінен  Батыс  пен
Шығыстың  бағзы  сауда  қатынастары  туралы  тарихи  шындықты  бекіткен
35

үзіндіні осы жерде орнымен келтіре кетейін. Ол: “Мен бір кездері мəдениет
пен сауданың маңызды орталықтары болған Баласағұн Меркі, Құлан Тараз,
Отырар, Түркістан секілді жəне басқа қалаларға таңданыспен көз саламын.
Оларда  Еуропа  үшін  Аристотельді  ашқан  Əбу  Насыр  əл-Фарабиден
бастап...  ғылымның,  өнер  мен  тарихтың  көрнекті  қайраткерлері  тұрған»,  -
деді.
Жетісудағы  Шу  өзенінің  алабында  орналасқан  Суяб  қаласы  Түрік
қағанатының  басты  қалаларының  бірі  жəне  біршама  кейіндеу  құрылған
Батыс Түрік қағанатының астанасы болғаны тарихи шежірелерден белгілі.
Түрік  қағанаты  Ұлы  Даланың  ең  үлкен  мемлекеттік  бірлестігі  болғанын
айта  кету  керек.  Қағанаттың  ықпалы  мен  билік  өрісі  Еуразияның  орасан
зор кеңістігіне - Дунай жағалауынан Кореяға дейін, Гоби даласынан Байкал
көліне  дейін  жайылды.  Түркілер  мемлекетінің  негізін  қалаушы  Бумын
болып  саналады,  ол  біздің  заманымыздың  551  жылы  “түркілер  қағаны"
деген дəреже алды.
Бумын  ұрпақтарының  арасындағы  қырқыстар  нəтижесінде  Түрік
қағанаты  ыдырағаннан  кейін  603  жылы  Батыс  Түрік  қағанаты  құрылды,
Суяб қаласы оның астанасы болды.
Біздің  заманымыздың  704  -  756  жылдары  Суяб  қаласы  Іле  өзені
бойында тұрған Күңгіт қаласымен қатар Түркеш қағанатының да астанасы
болды.
Ол тайпааралық қақтығыстар мен билеушілердің өзара жанжалдары,
сондай-ақ
Жетісуға
қытайлық
Таң
империясы
жасақтарының
шапқыншылығы  нəтижесінде  Батыс  Түрік  қағанатының  орнында  дүниеге
келген болатын.
Құлан (қазір Луговая темір жол бекеті) жəне Тараз (кеңес заманында
Жамбыл  деп  аталды)  қалалары  Қарлұқ  хандығының  астаналық  ордасы
болғаны белгілі.
Жетісудың  ірі  сауда-кəсіпшілік  орталықтарының  бірі  Баласағұн,
Бұхарамен тең дəрежеде біздің заманымыздың 940 - 1210 жылдары бірқатар
түркі  тайпаларының  мемлекеттік  бірлестігі  -  қуатты  Қараханидтер
мемлекетінің астанасы болды.
Сығанақ  -  біздің  заманымыздың  X  ғасырынан  1219  жылға  дейін
өмір сүрген Қыпшақ хандығының астанасы.
Ортағасырлық  араб  жылнамашысы  Рузбеханидің  жазғанына
қарағанда,  Сығанақ  сол  кезде  гүлденген  жəне  бекінісі  мықты  қала  екен.
Қаланың айналасы егіншілік алқаптармен қоршалған, қаланың өзі ауқымды
құрылыстардан  тұрған.  Қаланың  солтүстік-батысы  Сырдарияға  қарай  құм
36

шағылдарға  ұласқан.  Рузбехани  ол  туралы  былай  деп  жазады:  “Естуімізге
қарағанда,  бұлшағылдар  біткен  жерден  Түркістан  аяқталып,  Өзбекстан
басталады”.
Ресей  империясының  елімізді  отарлау  саясаты  белең  алып,  қазақ
жүздерінің Ресейге қосылған тұсында Далалық өлкенің астанасы Орынбор
болды.  Нақ  осы  Орынборда  Түркістан  жəне  Далалық  өлке  генерал-
губернаторларының кеңсесі орналасты.
Бірақ  бұған  қарап  аға  сұлтандар  өз  саясатын  жүргізу  құқығынан
толық  айырылды  деуге  болмайтын  еді.  Орынбормен  қатарласа  жүздердің,
рулардың  астаналары  пайда  болды,  астана  қызметін  аға  сұлтандардың
ордалары атқарды.
Қазан төңкерісінен кейін 1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынборда
Екінші Жалпы- қазақ құрылтайы шақырылды.
Құрылтайға  жер-жерден  көп  адам  қатысты.  Делегаттар  қатарында
Бөкей  ордасының,  Орал,  Торғай,  Ақмола,  Семей,  Жетісу,  Самарқан
облыстарының жəне Алтай губерниясының өкілдері болды.
Оны қазақ зиялыларының өкілдері жəне қазақ халқының Ə. Бөкейханов, А.
Байтұрсынов,  Е.  Омаров,  С.  Досжанов,  М.  Дулатов  сынды  қайраткер
ұлдары  үйымдастырған  еді.  Құрылтайдың  қараған  өзекті  мəселесі  Қазақ
автономиясын құру болатын.
Ақыры  Құрылтайдың  бірауызды  шешімімен  қазақ  облыстарының
автономиясы  дүниеге  келді.  Қазақстандағы  алғашқы  баламалы  сайлау
нəтижесінде,  мұны  атап  өту  керек,  тəуелсіз  Қазақстан  Үкіметінің  -
Жалпықазақ  Ұлттық  Кеңесінің  Төрағасы  болып  Əлихан  Бөкейханов
сайланды.  “Алаш”  қазақ  автономиясының  астанасы  болып  ресми  түрде
Ертіс  жағалауындағы  Семей  қаласы  жарияланып,  Семейдің  Ертістің  сол
жағалық бөлігі Алаш қаласы деп қайта аталды.
Бірақ,  өкінішке  қарай,  Қазақ  автономиясының  ту  тіккен  қаласы
ретінде  Семей  көп  тұра  алмады.  Ол  1919  жылы  “ақтар"  мен  ұлттық
қозғалыс  Түркістан  мен  Сібірде  талқандалғанға  дейін  ғана  астана
мəртебесін иеленді.
Кеңес  өкіметі  орныққаннан  кейін  1920  жылы  Автономиялы
Кеңестік Социалистік Республикасының астанасы Орынбор қаласы болды,
сөйтіп оның патша заманындағы өкілеттігі қайта қалпына келтірілді.
Айта  кету  керек,  Орынбор  автономиялы  кеңестік  республиканың
уақытша астанасы ретінде қарастырылды, түптің түбінде өткендегі генерал-
губернаторлық кезеңінің ауыр мұрасынан Орынбордың арылуы қажет еді.
Азамат соғысы аяқталған соң, жағдайдың тұрақталуына байланысты АКСР
37

əкімшілік  құрылысына  байыпты  да  байсалды  қараған  кеңес  өкіметі  өлке
астанасын  бұрынғыға  қарағанда  жайлы  да  ыңғайлы  жерге  көшіру  жолда-
рын қарастыра бастады.
Республиканың  оңтүстік  облыстарында  тұрып  жатқан  қазақ
халқының басым бөлігінің Орынбордан қашық болуы - астананы көшірудің
қажеттілігін туғызған шарттардың бірі еді. 
Қазақстанға астана болуға үміткерлер ретінде Ақтөбе, Семей, Орал,
Ақмола, Шымкент, Əулиеата жəне Ақмешіт қалалары ұсынылды.
Семей,  əрине,  бірден  өтпей  қалды,  Өйткені  бұл  қаланың  бір  кезде
кеңес  өкіметінен  тəуелсіз  саясат  жүргізуге  ұмтылған  Алаш  автономиялық
аймағының астанасы болғаны бар еді. Идеологиялық тұрғыдан Орал да сай
келмеді  -  азамат  соғысының  сұрапыл  жылдарында  Орал  ақ  казактардың
тірегі  жəне  өзінше  астанасы  іспетті  болған.  Астана  болуға  Ташкенттің
мүмкіндігі үлкен еді, бірақ аумақтық-ұлттық бөліс нəтижесінде Өзбекстанға
қарап кетіп, Қазақстанның астанасы ретіндегі ықтимал мəртебесіне кедергі
боп қалды.
Ақырында  таңдау  Ақмешітке  (қазіргі  Қызылорда)  түсті.  1925  жылы
бұрынғы  Қоқан  хандығының  шекаралық  қамалы  болған  Ақмешіт
Қазақстанның  астанасына  айналды.  15-  19  сəуірде  Ақмешітте  Қазақстан
кеңестерінің  V  съезі  өтті.  Съезд  шешімімен  Қырғыз  АКСР  (Қазақстанның
революциядан  кейінгі  атауы)  Қазақ  Автономиялы  Кеңестік  Социалистік
Республикасы болып қайта аталды.
Сондай-ақ съезд делегаттары Ақмешіттің патшалық атауын кеңестік
заманға əбден лайықтап Қызылорда деп өзгертті.
Сол  жылдың  ортасында  Қызылордаға  жас  Қазақ  республикасының
басты ресми мекемелері көшіп келді.
Бірақ,  көп  ұзамай,  Қызылорданың  Қазақстанның  астанасы  болуға
тек аты ғана лайық екендігі айқындала бастады.
Басқа  барлық  өлшемдер  бойынша  осы  тұйық  қаладан  Қазақ
автономиясының  кең-байтақ  аумағын  басқару  аса  қиын  соқты.  Бірінші
кезекте,  бұл  көлік  тораптарына  қатысты  еді,  оның  жоқ  болуы  салдарынан
Қызылорда астана міндетін тиімді атқара алмады.
1927  жылы  Транссібір  темір  жолы  магистралі  салынды.  Ол
Қазақстанның ең ірі елді мекені - Алматы қаласы арқылы өтті. Заманында
Ресей  патшалығының  Жетісу  жəне  Түркістан  өлкесіндегі  негізгі  тірегі
болған бұл қала 1921 жылға дейін Верный аталып келген-ді.
Қаланың  географиялық  жағынан  ыңғайлы  орналасуы  жəне  оны
Ұлы  Даланың  негізгі  көлік  жолының  басып  өтетіндігі  басшылыққа
38

алынып,
қаланы
Қазақ
Автономиялы
Кеңестік
Социалистік
Республикасының астанасы жасау ұйғарылды.
Верный  деген  бодандыққа  берілген  атау  одан  əлдеқайда  бейтарап
əрі  құлаққа  жылы  Алматы  деген  атаумен  ауыстырылды.  Сөйтіп  1927
жылғы 3 сəуірде Қазақстан картасында жаңа жəне біздің баршамызға етене
таныс ат - Алматы пайда болды. Бірақ республика үкіметінің жаңа астанаға
біржолата көшуі тек 1929 жылы ғана жүзеге асты.
Астананың  Қызылордадан  көшуіне  байланысты  бір  оқиға  еске
түседі.  Бірде  Алматының  солтүстігінде  Іленің  төменгі  жағында  салт  атпен
сейілдеп шығуға бос уақыт таптым.
Шексіз  жазықтың  ортасында  əлдебір  қираған  ескі  жұртқа  тап
болғаным əлі жадымда. Ескі жұртта бір кездері кірпіштен өрілген үйлердің
ағаш  шатыры,  жартылай  бұзылған  басқадай  да  құрылыстардың  үйінділері
кезікті.  Осындай  опырылған  үйлердің  біреуінен  уақыт  табымен  өше
бастаған  “Қазақстан"деген  жазуды  көзім  шалды.  Бұл  тосын  жайт  мені
қатты қызықтырды.
Кейін  анықтағанымдай,  сонау  1929  жылы  астананы  Қызылордадан
көшіру туралы мəселе шешілген кезде астананы тың жерге жаңадан салуға
ұйғарым болған екен. 
Жəне  осы  жаңа  қала  Алматының  солтүстігіне  қарай  120  шақырым
жерде, Іле өзенінің жағасында салынуы тиіс болыпты. Бұл ұсыныс ұсыныс
күйінде  ғана  қалмаған,  бастапқы  кезде  құрылыс  жұмыстары  азды-көпті
басталып  кеткен.  Вокзал,  тұрғын  үйлер  мен  жайлар,  қоймалар  жəне  басқа
да құрылыстар бой көтере бастаған.
Белгісіз  себептермен  бұл  жұмыстар  кілт  тоқтатылып,  ойға  алған
жоспар  іске  аспай  қалған.  Сөйтіп  əлде  саяси  ерік-жігердің  жетіспеуінің,
əлде ой-мақсаттың өзі əуел бастан тиянақсыздығының ескерткіш-куəсіндей
құрылыс  үйінділері  əлі  күнге  жайрап  жатыр.  Осылайша,  сайып  келгенде,
астаналық мəртебе Алматыға бұйырған.
Тура  жетпіс  жылдан  кейін,  1997  жылғы  20  қазанда  менің
Жарлығыммен
Ақмола
-
бұрынғы
Целиноград
Қазақстан
Республикасының  астанасына  айналды.  Сəл  кейінірек  8  қарашада
мемлекеттік  биліктің  негізгі  нышандық  белгілерінің  бəрі  -  республиканың
туы, елтаңбасы жəне президент байрағы жаңа астанаға əкелінді.
Бір  қызығы,  Целиноградтың  біршама  уақыт  астана  болғаны  да  бар.
Бірақ  Қазақстанның  астанасы  емес,  Қазақ  Кеңестік  Социалистік
Республикасының  қақ  ортасында  əлдебір  автономиялық  құрылым  өмірге
келуі  тиіс  еді.  Өз  заманында  Никита  Сергеевич  Хрущев  Қазақстан
39

құрамында  автономиялы  əкімшілік-аумақтық  субъект  -  Тың  өлкесін  құру
туралы шешім қабылдаған болатын.
Осы автономияның астанасы Целиноград болды.
Одан  да  сорақысы,  Хрущев  Тың  өлкесін  РКФСР-дың  заңдық
құзырына беруге ұсыныс жасағаны бар. Бірақ Хрущевтің ойы жүзеге аспай,
Тың  өлкесі  Қазақ  КСР  құрамында  қалды  жəне  кейін  тың  игеру  науқаны
аяқталған соң, күні өткен аумақтық құрылым ретінде жойылды.
Ақыры  Целиноград  астанаға  айналды:  Целиноград  -  Ақмола  -
Астана  болып  дəйекті  түрде  бірнеше  рет  қайта  атала  отырып,  тəуелсіз  де
егемен Қазақстанның кіндік қаласына айналды.
Көріп отырғанымыздай, республикамызда өткен ғасырдың басынан
бері  мемлекеттің  салмақ  түсетін  орталығы  маятник  тəрізді  əлденеше
тербеліп,  ауытқыпты.  Дегенмен  енді  Қазақстан  астанасын  қайта-қайта
ауыстыру шежіресіне нүкте қойылды деген үміттемін.
АЛМАТЫ КӨКЖИЕГІ...
Бірде  белгілі  журналист  Дмитрий  Савицкий  Нью-Йоркте  болған
кезінде Иосиф Бродскийге “Сіз Парижді сүйесіз бе?”деген сұрақ қойыпты.
Бродскийдің «Париждің жолы болмады, мен əуелі Римді көріп қойып едім»
деген жауабы екіұшты көрінсе де, əрі нақты, əрі тосын.
Біздің  елімізге  бұрыннан,  əлденеше  рет  келіп  жүрген  шетелдіктер
немесе  Қазақстанның  қос  астанасын  көрген  қазақстандық  азаматтар  «Сіз
Астананы  сүйесіз  бе?»  деген  сұраққа  Бродский  сөзімен  үндестіріп:
«Астананың  жолы  болмады,  мен  əуеліАлматыны  көріп  қойып  едім»  деп
жауап беруі ықтимал.
Мұндай жауап енді бірнеше жылдан кейін де айтылуы əбден мүмкін.
Бірақ  кім  біліпті,  Алматы  туралы  осындай  сұраққа,  мүмкін,  əйтеуір
күндердің күнінде: «Алматының жолы болмады, мен əуеліАстананы көріп
қойып едім» деген жауапты есітерміз.
Алматы  –  менің  балалық  шағымның  қаласы.  Ол  менің  балауса
естеліктерім  мен  балғын  əсерлерімнің  қаласы.  Маған  көне  Алматының  əр
көшесі  мен  əр  бұрышы  таныс  болатын.  Бүгінгі  қалалық  əкімшілік  тұрған
жерде бір кездері, менің балалық ұғымым бойынша, кең көсілген жүгерілік
алқап  жайқалып  жататын.  Сəтбаев  көшесінен  бастап  та  жайқала  толқыған
егінжай  еді,  ал  Сарай  тұрған  жерде  бір  кезде  базар  бартын.  Онша  үлкен
емес, бірақ керемет батпақты жер болғаны есімде.
Көне  көздер  базар  маңында  бойы  екі  метрлік  еңсегей  чешен
Ақтайды  жиі  көретіндерін  ұмытпаған  шығар-ау.  Мен  өзім  оны  осы  жерде
40

жиі ұшырататынмын жəне оған аузым ашылып қарап қалатын едім.
Осы  алып  адам  баршамызды,  əсіресе,  балалар  мен  жасөспірімдерді
қатты қайран қалдыратын.
Əрбір  алматылықтың  өз  қаласын  əлемдегі  ең  əсем  шаһар
санайтынына  еш  күмəнданбаймын.  Мен  Алматыны,  оның  тамылжыған
баулары  мен  жайнаған  парктерін,  көкке  шаншылған  Тянь-Шань
шыршаларын, “Көктөбе шамшырағын" жəне басқа да талай ғажайыптарын
ұнатамын дегенім біреуге жаңалық емес. Мен де Алматыны жер жүзіндегі
ең əдемі қала деп білем.
Бірақ,  өкінішке  қарай,  əдемінің  бəрі  əрдайым  таңдаулы  дегенді
білдіре бермейді. Уақыты келгенде немесе уақыт өте келе астана мемлекет
пен  қоғам  мүддесіне  сай  келетін  қолайлы  жерде  орналасқаны  жөн  дегенді
сезіну  мен  түйсіну  пайда  болады  екен.  Əйтсе  де,  сайқымазақтар  мен
қылжақбастар  менің...  Алматыға  деген  сүйіспеншіліктен  астананы
Алматыдан ауыстырғанымды тілдеріне тиек етуі ықтимал-ау.
Дегенмен,  мұнда  біршама  ақиқат  бар  деп  айтсам,  жаңа  астананың
беделіне  нұқсан  келе  қоймас.  Біз  Алматының  астана  ретіндегі  техникалық
тұрғыдағы  проблемалары  туралы  айтқан  кездерде,  оларды  көбінесе
Алматының  əрқашан  өз  дəрежесінде,  ең  көркем  қала  болып  қала  беруін
назарға ұстай отырып, шешеміз...
Тоқсаныншы  жылдардың  басына  қарай,  тəуелсіздік  қарсаңында
Алматы ауыр демографиялық салмақты өткір сезіне бастады.
Халқының  саны  жағынан  Алматы  тұрғындары  миллионнан  асты,
сөйтіп  бір  миллион  екі  жүз  мың  адамға  жетті.  Ал  бастапқы  бас  жоспар
бойынша  қала  не  бары  400  мың  тұрғынға  есептелген  екен.  Алатау
бөктеріндегі ауқымы шамалы табиғи қазаншұңқырда орналасқан қала үшін
бұл орасан зор жүк еді. Алматыны оңтүстігінен Алатау, солтүстігінен ауыл
шаруашылығы мақсатындағы алқаптар, ал шығысы мен батысынан Талғар
мен Қаскелең қысып тұрды.
Нəтижесінде  Алматы  жер  таршылығын  сезіне  бастады.  Оңтүстік
астанаға  ұдайы  ағылып  көшіп  келіп  жатқан  жаңа  адамдарды  жайластыру
қаланың жаңа бір кеңістіктерді игеру арқылы емес, халықтың тығыздығын
арттыру есебінен жүргізілді.
Халықтың  тығыздығын  арттыру  тиісінше  қала  ішіндегі  бос
кеңістіктің  жəне  бау-бақшалы  аймақтардың  кемуіне  соқтырды,  бұл
қаланың  онсыз  да  жайсыз  экологиялық  ахуалының  одан  əрі  нашарлай
түсуіне  алып  келді.  Халық  саны  өсуінің  салдарынан  қазаншұңқырдағы
қаланың  табиғи  желдетілуінің  бəсеңдеуі,  оның  үстіне  көлік  нөпірінің  күрт
41

өсуі Алматыны бірте-бірте экологиялық тығырыққа тіреді.
Ең  ықтимал  болжам  бойынша,  Алматының  тұрақты  халқы  2005
жылы  1  миллион  200  мыңдай  адам  болады.  Ал  жұмыс  істейтін
алматылықтар  саны  550  мың  адам  шамасына  жетпек.  Сөйтіп  Алматыға
түсетін демографиялық салмақ таяу уақытта да, үзақ мерзімді келешекте де
өскен үстіне өсе береді.
Нəтижесінде  мигранттар  үшін  тартымды  астана  Қазақстанда
халқының  саны  бойынша  ғана  емес,  қаланың  экологиялық  қоршаған
ортасының ластану деңгейі бойынша да алғашқы орынға шықты.
Қала  халқы  шектен  аса  шоғырланды,  проблемалық  аймақтары
көбейді,  қала  табиғат  кешенінің  өзін-өзі  қалпына  келіп  отыруға  əлеуеті
жетпей  жатқандықтан  қаланың  инфрақұрылымы  нашарлай  түсті.  Осыдан
барып  қала  əлеуеті  тиісінше  тек  өздерінің  ішкі  мəселелерін  шешуден
артылмады.  Алматы  мемлекеттің  үлкен  қаласы  ғана  емес,  астанасы  бола
тұра  бірте-бірте  өз-өзімен  тұйықтала  берді.  Бұл  оның  жеке-дара  əрі
Қазақстанның қалған барлық елді мекенінен қол үзе оқшау дамуына əкеліп
соқты.
Сөйтіп  қала  бүкіл  ел  ауқымында  өзінің  үйлестіруші  жəне
жұмылдырушы орталық геосаяси мəнін жоғалта бастады.
Бұл  Алматының,  бүкіл  мемлекет  туралы  айтпағанда,  іс  жүзінде  басқа
қалалар, тіпті өңірдің таяу қалалары үшін де ешқандай даму серпінін жасай
алмауынан көрінді. Оның ұлттық ауқымда ұдайы алға басуға септігі тимей
жатты.
Мұны Астананың геосаяси орталық ретінде басқа қалаларды өзімен
ілестіре  дамуға  жетелеген  бүгінгі  ахуалымен  салыстырыңыз.  Астананың
екпіні мен серпіні бейне еліміздің қан тамырларымен тарап жатқан сияқты,
басқа  қалалар  мен  өңірлер  де  тіршілігін  жандандырды  жəне  белсенділігін
еселей  түсті.  Астанаға  орналасуы  жағынан  жақынырақ  Көкшетау,
Қарағанды,  Қостанай,  Павлодар  сияқты  қала  тұрғындары  өз  қалаларында
өркендеу мен прогрестің астаналық рухы сезілетінін, анық аңғарылатынын
айтады.  Елдің  басқа  барлық  облыс  орталықтарында  да  жағдай  осындай.
Барша  сала,  соның  ішінде  қала  инфрақұрылымы  дами  бастады.  Өкінішке
қарай,  Алматыдан  Қазақстан  астанасы  ретінде  мұндай  ықпал  байқалмаған
еді, ол тым өзімен-өзі болатын. Ал астана мəртебесі тек оны иеленумен ғана
емес,  соған  лайықты  міндетті  алып  жүре  білуімен  де  маңызды.  Əрине,
объективті өлшемдермен алғанда.
Сөйтіп  қаланың  экономикалық,  əлеуметтік,  экологиялық,  геосаяси
жəне  геофизикалық  жағдаяттарының  жиынтығы  түптеп  келгенде  оның
42

аумағының жəне халқының өсу қабілетін шектеді.
Алматыны  өсуге  алып  келген  экономикалық  жағдайлар  кез  келген
ірі  қаланың  жиынтық  экономикалық  ерекшелігімен  əбден  сəйкеседі.
Расында  да,  халықтың  ағылуынан  жəне  астананың  жаңа  тұрғындарының
еңбек  мүдделерін  қанағаттандыруға  тиіс  қала  өнеркəсібінің  өсуінен  қала
елеулі  дəрежеде  байыды.  Жүк  тасқынының  артуы,  өнім  өндіруге  кететін
шығындарының  кемуі,  өндірістік  қуаттардың  өсуі,  салық  алымдарының
көбеюі  –  осының  бəрі  Алматыны  республикалық  бюджетке  аса  ірі  нəр
қүюшыға  айналдырды.  Бұл  орайда,  осы  таза  экономикалық  бағыттағы
ахуал  Алматы  дамуының  кеңестік  те,  кеңестік  заманнан  кейінгі  де
кезеңдерінде қолайлы қалыптасты.
Алайда  осындай  жағдайлардан  кейін,  күткендей-ақ  экономикалық
өсудің  меймілдеу  құбылысы  орын  алды:  қала  өзінің  даму  шегіне  барынша
тақап келді.
Бірте-бірте  қалада  өндіріс  шығындары  өнеркəсіп  –  көлік  –  халық
қарекеті  мейлінше  астасқан  тіршіліктен  алынатын  кірістер  деңгейінен  аса
бастады. Жəне шығындар негізінен таза экономикалық емес, маңызы одан
артық болмаса, кем түспейтін экологиялық сипат алды.
Бірақ  Алматының  проблемасы  мен  ерекшелігі  қалаға  шоғырлана
түсуге  қарсы  қолданылған  шаралардың  оң  нəтиже  бермегендігінде  еді.
Халық  сейіле  қоймады,  өйткені,  мен  алдында  айтып  кеткенімдей,  қала
төңірегіне  астана  тұрғындарын  орналастыру  үшін  жарамды  аймақтар
Алматыда  іс  жүзінде  жоқ-ты.  Өндірісті  одан  əрі  ұлғайту  халықтың  қала
төңірегіне  ойысуына  емес,  қайта  қала  аумағында  халық  тығыздығының
арта түсуіне алып келді. Нəтижесінде Алматыдағы əлеуметтік-экологиялық
ахуал  мейлінше  шиеленісіп  кетті  жəне  ол  өзінің  шешімін  талап  етті.
Сырттан  көшіп  келетіндердің  баршасы  астана  болғандықтан  да  Алматыға
ұмтылысатын,  бұл  жағдай  көші-қон  мəселесін  бақылауды  барынша
қиындата түсті. Астана мəртебесі бұлайша сақталып қала берген жағдайда
теріс  жағдаяттар  тек  күшейе  түсетіні,  əрі  түптің-түбінде  экологиялық
немесе  əлеуметтік  апатқа  алып  келуі  əбден  мүмкін  еді.  Автомобильдер
лықа толып кеткендіктен Алматының тынысы қалай тарылғанын, “қауырт
сағаттарда” қалай тығынша кептеліп тұратындығын біз бүгін бəріміз көріп
жүрміз.  Ал  барлық  мемлекеттік  мекеме,  күллі  астаналық  шенеунік,
астананың  инфрақұрылымына  ілесетін  барлық  ұйымдар  Алматыда  қала
бергенде не болатын еді? Шынын айтқанда, елестету қиын...
Алматының  қалалық  инфрақұрылымына  жəне  қоршаған  ортасына
терең  жарақат  салған  проблемалар  жалпы  алғанда  осындай  еді.
43

Қордаланып қалған мəселелер шешуді, тезірек шешуді қажет етті.
Əрине,  астананы  Ақмолаға  көшірудің  басқа  өзіндік  мақсаттары
болды жəне ол Алматының мəселелерін шешудің жолы ғана болған жоқ.
Дей  тұрғанмен,  астананы  көшіру  көп  ретте  жинақталып  қалған
проблемаларды  сейілтуге  жəне  оңтүстік  астананың  қалыптасқан  ахуалын
айтарлықтай сауықтыруға жағдай жасады.
Бұқара  халықтың  Қазақстанның  солтүстік  аудандарына,  жаңа
астанаға  қарай  ойысуы  нəтижесінде  елдің  аса  ірі  екі  қаласының
демографиялық, сондай-ақ өзге де проблемалары елеулі азайды.
Осы  ретте  тұрғындарының  біразының  көшіп  кетуі  Алматыға  пайдалы
болды.  Ал  тұрғындары  еселене  түскен  Есілдегі  жаңа  астанада  табиғи  өсім
оның дамуына қызмет етуде.
Астанада халықтың өсімі негізінен солтүстік ауылдық аудандар мен
сол  Алматы  халқының  көшіп  келуі  есебінен  жүріп  жатыр.  Қаптаған
құрылыс  жəне  астаналық  инфрақұрылымның  қалыптасуы  қала  қызметтері
мен  ұйымдарының  кəсіби  майталман  жəне  кəсіби  жарамды  кадрларға
өскелең  сұранысын  туғызуда.  Астана  бүгінгі  күні  қалаға  ағылу  мен
халқының  молаю  қарқыны  жағынан  Қазақстандағы  ең  шапшаң  өсіп  келе
жатқан қала болып отыр.
Көлік тораптары бойындағы қалалар - Балқаш, Шу, Қарағанды жəне
басқа  да  елді  мекендер  көз  алдымызда  жанданып  сала  берді.  Қазіргі  кезде
урбанизация үрдісі Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған, Петропавл, Семей,
Өскемен сияқты облыс жəне аудан орталықтарында да жүріп жатыр.
Бүгінгі  күні,  ақырында,  адамдар  əлдебір  елді  мекеннің  астаналық,
облыстық немесе өңірлік мəртебесінің жай сөз немесе əсемпаздыққа берілу
еместігін түсіне бастады.
Бұл,  расында  да,  болжағанымыздай  жəне  іс  жүзінде  солай  болып
шыққанындай,  қалалар  мен  облыстардың  даму  қарқынына  қуатты  серпін
берді.
Көшу  сөз  болған  алғашқы  кездерде  жəне  көшу  біткеннен  кейін  де
талайлардың  астананы  ауыстыру  тоқырауға  ұшыраған  қалалар  мен
өңірлерді  көтеруге  мүмкіндік  береді  деген  ойды  сан-саққа  жүгіртіп,
кекесінге  айналдырғаны  да  есте.  Олай  болса,  республиканың  барлық
қаласын  осылайша  көтеріп  шыққанша  астананы  бір  қаладан  бір  қалаға
кезек-кезек көшіріп отырайық десті олар.
Асыра сілтеумен жəне əсіре қызылшылдықпен айналысудың қажеті
жоқ. Мемлекет - кіші шахмат тақтасы, ал астана король.
Ең бастысы, оны шахмат тақтасында пайда болатын барлық ахуалды
44

бақылай  жəне  ықпал  ете  алатындай  етіп  ыңғайлы  орналастыру  екенін
түсіну  қажет.  Біз  Қазақстан  астанасының  мейлінше  оңтайлы  орналасқан
жері  Астананың  қазіргі  орны  екендігін  түсіне  де,  пайымдай  да  алдық.  Бұл
жағдай
Астанаға
республиканың
барлық
өңірінің
əлеуметтік-
экономикалық  дамуы  мен  өркендеу  қарқынына  біркелкі,  тиімді  ықпал
етуіне мүмкіндік береді.
Біз  тоқсаныншы  жылдардың  басында  Қазақстан  қоғамының
объективті  себептермен,  айталық,  кəдімгідей  науқас,  əлжуаз  күндерінің
куəсі  болдық.  Астаналық  құрылым  жəне  қалаға  шоғырлану  қарқыны
мемлекеттегі  қоғамдық  қатынастар  жүйесіне,  мемлекеттің  психологиясы
мен  денсаулығына  жеткілікті  дəрежеде  тиімді  жəне  оң  əсер  ете  алмады.
Сондықтан  біз  алдымызға  экономика  мен  мемлекетті  сауықтыру  міндетін
қойып,  мемлекеттегі  астананың  орны  жəне  қалаға  шоғырланудың  жөні
туралы  ескі  де  үйреншікті  ұғымдарды  түбірімен  өзгертуден  бастауға  тиіс
болдық.
Мəселе  бұл  ретте  Алматы  енді  өзі  тап  болған  объективті  себептер
салдарынан  Қазақстанның  астанасы  бола  алмайды  деген  тұрғыдан
қойылып отырған жоқ.
Мəселе  əлдеқайда  кең  ауқымда  қаралды:  елдің  тек  өмір  сүруі  ғана
емес,  демократиялық  қоғам  жəне  мейлінше  жоғары  дəрежеде  өңірлік  һəм
əлемдік деңгейлерде ықпалдасқан ұлттық нарық құру жолында елдің одан
əрі  дамуына  қолайлы  жағдай  жасау  үшін  Қазақстанның  геосаяси
тұжырымдамасында нені қайта қарау қажет?
Осы  ауқымды  мəселені  бөлшектеп  талдайық:  Алматы  Қазақстан
прогресі  мен  дамуының  лайықты  орталығы  бола  ала  ма,  ол  өзінің
ықпалымен, серпінімен еліміздің барлық өңірін қамти ала ма?
Бұл  тұрғыда,  егер  азырақ  ойлансақ,  онда  астананы  көшіру
мəселесінде:  Алматы  енді  елорда  бола  алмайтындықтан  астана  көшірілді
ме,  əлде  астананы  қалайда  көшіруге  итермелеген  басқа  негізі  болды  ма
деген, алдан шығатын қос сұраққа жауап іздейміз.
Бұған  бірыңғай  жəне  кесімді  жауап  беруге  болады  деп  ойлаймын:
астананы  Алматы  елорда  мəртебесіне  қойылатын  жаңа  талаптарды  көтере
алмағандықтан  жəне  сай  келмегендіктен  көшірдік,  ал  нақ  солтүстікке
көшірілген  себебі,  тағы  да  сол  –  Қазақстан  астанасының  жаңаша
өлшемдеріне  сəйкес  жаңа  елорданы  орналастырудың  мейлінше  қолайлы
орталық тұсы солтүстік жаққа тура келді.
Мемлекетіміз  бен  оны  қоршаған  сыртқы  төңіректің  тұрақтылығы
кезеңінде  Алматының  саяси,  қоғамдық  жəне  əлеуметтік  ресурстары  оның
45

астана  міндетін  ойдағыдай  орындай  беруі  үшін  толық  жеткен  болар  еді
жəне əлі де жете беретін.
Бірақ  КСРО  ыдырап,  халықаралық  қатынастар  жүйесі  түбегейлі
өзгергеннен  кейін  ТМД  елдері  аумағында  тəуелсіздік  пен  егемендік
қалыптасуының алғашқы жылдарында бұрын бұйығы бұғып жатқан, бірақ
ТМД-ның жекелеген мемлекеттері үшін келе-келе маңызы өте артқан жаңа
геосаяси фактор ойынға қосылды.
Тəуелсіздік  алғаннан  кейін  ТМД  елдерінде  көбінесе  іріткі  салушы
процестердің  қоздырушысы  ретінде  геосаяси  фактор  араласқандықтан,
онда орын алған саяси, əлеуметтік, экономикалық жəне қоғамдық дағдарыс
өршіп кетті.
Кеңес заманында халықтарды күштеп көшіру, Кеңестік Социалистік
Республикалар  Одағының  қалыптасуы  кезеңінде  шекараларды  емін-еркін
белгілей  салу,  алып  мемлекеттің  бірыңғай  экономикалық  кешенін  ұлттық
шаруашылық  дəстүрлер  ерекшеліктерін  назарға  алмай  ұйымдастыра  салу,
мұндайда  халықтардың  мəдениеті,  дəстүрі  мен  тұрмыс-салтын  мүлдем
ескермеу  жəне  басқа  да  көптеген  себептер  -  осының  бəрі  жаңа  егемен
елдердің  өзара  қарым-қатынасын  ғана  емес,  олардың  игілігін  де
айқындайтын геосаяси факторлардың жойқын күшіне айналды.
Егер  Алматы  астана  міндеттерін,  айталық,  техникалық  тұрғыдан
орындай  алмаған  болса,  бұл  қиыншылықтың  жартысы  ғана  болып
қалатындығын  нық  сеніммен  айтар  едім.  Түптеп  келгенде,  əлемнің  талай
астанасы  əлеуметтік,  экономикалық,  экологиялық  жəне  басқа  көптеген
проблемаларға ұдайы белшесінен батып жататыны рас.
Мəселе тек мұнда ғана емес еді. Бірінші кезекте Алматы тəуелсіздік
пен  егемендіктің  алғашқы  жəне  ең  алмағайып  кезінде  ескермеске
болмайтын, басым факторға айналған геосаяси жүкті көтере алмады. Мұны
нақты  тұжырымдасақ,  онда  мейлінше  қарапайым  былай  деуге  болады:
тəуелсіздік  пен  экономика  негіздерін  қалаудың  өтпелі  кезеңінде  Алматы
жаңаша басқара алмады, ал өңірлердің ескіше өмір сүргісі келмеді.
Уақыт  қымбат  еді,  ал  Алматы  өз  "жан  дүниесінде”  əлі  Қазақ  Кеңестік
Социалистік  Республикасының  астанасы  екендігін  сақтай  отырып,  өзін
егемен жəне тəуелсіз Қазақстан Республикасының елордасы ретінде сезіне
алмады.
Елге  Алатаудың  əсем  бөктерінен  ойлана  қарап  тұрған  ұлық  та
маңғаз  қала  емес,  тынысты  кеңітер  саф  ауа  тəрізді  əрі  серпінді,  баршаға
жақын жəне ұғынықты, Сарыарқа самалына омырауын айқара ашқан, Ұлы
Даланы  дүбірлеткен  саяси,  қоғамдық  жəне  əлеуметтік  сілкіністерді
46

қаймықпай қабылдап, оларға жедел амал таба алатын астана керек болды.
Бірақ  Алматы  саяси  жəне  геосаяси  себептер  бойынша  ғана  емес,  таза
техникалық тұрғыдан да Қазақстанның астанасы болып қала алмайтын еді.
Мұны да назарға алған жөн жəне оны есептен шығарып тастай алмайсыз.
Бұл  орайда,  астананы  көшірудің  жергілікті  (техникалық)  жəне  жаһандық
(геосаяси) себептері бір жерде, бір сəтте түйісе кетті деп айтуға болады...
Жəне де Алматы астана болуын доғарғанымен, бұдан ол Қазақстанның ең
ірі  əрі  көрікті  қаласы  болуын  тоқтатқан  жоқ.  Оны  “астана”  мəртебесінде
ұнатпауға болар, бірақ “шаһар” ретінде жақсы көрмеу тіптен мүмкін емес...
Алматыны астана мəртебесінен айыру туралы шешім – іс жүзінде қаланың
инфрақұрылымын  экологиялық,  əлеуметтік  жəне  геофизикалық  деп  те
айтуға болатын, сауықтыруға бағытталған шешім болды.
Алматы  тым  болмағанда  өзін-өзі  сақтау  үшін  астана  мəртебесінен
бас  тартуға  тиіс  еді.  Солай  жасады  да.  Мүмкін  қимаған  шығар,  бірақ,
дегенмен, осы шешімнің дұрыстығын сезіне отырып, бұл ұйғарымға бірте-
бірте көндікті.
Бірақ  бұдан  Алматы  енді  əрі  қарай  дамымайды  деген  ұғым  тумаса
керек.  Ендігі  даму,  былайынша  айтқанда,  сандық  емес,  сапалық  сипат
алады. Тұрғындар санының көптігі немесе халықтың жан басына шаққанда
автокөлік мөлшерінен алдыңғы орынды иемденуі Алматы тұрғындарының
мақтанышына себеп бола қояр ма екен.
Бірақ  егер  Алматы,  айталық,  Орталық  Азияның  аса  ірі  қаржы
орталығына,  ТМД-ның  ең  сұлу  қаласына  немесе  Қазақстанның
экологиялық  ең  таза  қаласына  айналса,  онда  өз  қалаң  Алматы  үшін
мақтануға əлдеқайда негіз көп деп ойлаймын...
Бұл  тұрғыдан  мен  Алматы  үшін  алаңдамаймын.  Өйткені
Алматының  өз  дербестігін  көрсетуге  əлеуеті  жететініне  жəне  тіршілігі
қайнаған  қала  екендігіне  кəміл  сенімдімін.  Мен  мұндай  қала  үшін  астана
мəртебесінің  мəні  соншалықты  маңызды  еместігіне  де  сенімдімін,  Алматы
одан  əлсіремейді  де,  құлдырамайды  да.  Керек  десеңіз,  қала  бірте-бірте
дамуын  қарыштай  үдетіп,  осы  заманғы  алпауыт  мегаполиске  айналып
барады.
Қазақстанның  қайта  өрлеуінің  жүйелі  əрі  жұмылдырушы  факторы
ретіндегі  Астанаға  келсек,  ол  өзінің  тарихи  міндетін  орындады  –  өзінің
серпінді  тірлік-тынысымен,  жаңашылдығымен  Қазақстанның  барлық
аймақтарын прогресс пен дамуға бастады. Жаңа астананың жұмылдырушы
қуаты Қазақстанның барлық өңірлерінің мүлгіген əлеуетін оятып, Астанаға
жақын  қалаларды  ғана  емес,  айтарлықтай  алыс  жатқандарын  да  қамтыған
47

үдемелі даму толқынын таратып, оң ықпалын тигізуде.
Бүгінгі  Қазақстан  -  өткен  ғасырдың  тоқсаныншы  жылдарының
басындағы  республика  емес,  сол  кездерде  біз  туралы  алдынан  аумақтық
ыдырау,  этностық  “тазарту",  əлеуметтік-экономикалық  тоқырау  жəне
көшесінде  азаматтары  атысып-шабысып  жататын  елге  айналу  тосып  тұр
деп дос та, қас та сəуегейлік жасап еді-ау.
Болжамдар  да  түрлі-түрлі,  тіпті  ең  шындыққа  жуықтарының  өзі
əрқилы  бола  береді  ғой  –  біреулері  жүзеге  асып,  енді  біреулері  сол  қиял
күйінде қалып жатады. Ал əлгі сəуегейлік əдіре қалды.
Бүгінгі  Қазақстан  -  əлеуметтік-экономикалық  даму  мен  қоғамды
қоғамдық-саяси қайта құру жолындағы нық сенімнен айнымай жүріп келе
жатқан, тұрақтылық пен ынтымақты бірліктің туын тіккен мемлекет.
Даму  қарқыны  бойынша  Қазақстан  нарықтық  экономиканы
Қазақстанмен  бірге  бастаған  ТМД-ның  көптеген  елдерінен  алда  тұр,  кей
тұста көш ілгері келеді. Жəне бұл жерде мəселе Қазақстан жерінің мол қоры
мен  байлығында  ғана  емес.  Түптеп  келгенде,  Қазақстанға  қарағанда
байырақ, геосаяси жағдайы əлдеқайда тиімдірек жерлер жетіп жатыр.
Бар  мəселе  -  Қазақстан  халқының  өзінің  өткені,  қазіргісі  жəне  болашағы
алдындағы орасан зор жауапкершілігін сезінуінде. “Май шелпек” аспаннан
жауа қалса дейді, бірақ ол мəңгі үміт қана. Мен қазақстандықтарға ешқашан
да  жылдам  көре  қоятын  игілікті  жəне  мəселелердің  жедел  шешімін  уəде
еткен  емеспін.  Егер  Қазақстан  халқы  кезінде  тарихи  жағдайды
түсінбегенде, өткеннің жүгін жəне Қазақстанның əлеуеттік мүмкіндіктерін
бағаламағанда, онда біздің бүгінгі жетістіктерімізге жете қоюымыз екіталай
еді...
Үйреншікті  тұрмысқа  ұмтылыс  жəне  өзгерістер  қажеттілігін  түсіну
жолындағы  азаматтық  ынтымақ  əлемдік  қоғамдастықтың  ежелгі  жəне  осы
заманғы  тарихында  жиі  кездесе  бермейді.  Озыққа  ұмтылыс  пен  қайта
қалыптасқан үрдістің қатар өмір сүруі “аса дарынды" халықтарға ғана тəн,
мен  көп  ұлтты  Қазақстанның  барша  халқын  сондай  жұрт  деп  санаймын.
Қазақтарда, орыстарда, немістерде, кəрістерде жəне Қазақстанның басқа да
ұлттары  мен  ұлыстарының  бойында  бар  жақсы  қасиеттің  бəрі  Қазақстан
халқын  топтастырды,  сөйтіп  олар  осы  бір  бəріміз  үшін  күрделі  кезеңде
өздерін  парасат  биігінен  көрсете  білді.  Міне,  нəтижелердің  өзі-ақ  осыны
айтып тұр.
АСТАНА АЖАРЫ
48

Бір  кезде  əйгілі  табиғат  зерттеушісі  Клод  Бернар  жанды  тіршіліктің
өмір  сүруі  туралы  осы  заманғы  түсініктердің  негізін  құраған  түбегейлі
үғым енгізді. Бұл үғымды Бернар “гомеостазис" деп атады.
Гомеостазистің  не  екенін  түсіну  үшін  тірі  ағзаға  орнатылған  жəне
сол  тірі  ағзаның  жеткілікті  сау-саламат  деп  атауға  болатындай  деңгейде
оның  бүкіл  өмірлік  қызметін  ұстап  тұра  алатын  əлдебір  аппаратты  ойша
елестету қажет.
Күнделікті  өмірде  тірі  ағзаның  осындай  керемет  қасиеті  бар  екенін
біз  байқай  бермейміз.  Тіпті  бұл  туралы  ойланбаймыз  да.  Расында  да,
айталық,  егер  ағза  үшін  жүректің  қалыпты  ырғағы  минутына  60-70  рет
соғуы  болса,  біз,  əдетте,  жүрек  жұмысының  осы  өлшемін  білумен  ғана
шектелеміз.  Өйткені  жүректі  ұдайы  соқтырып  тұрған  біз  емес  қой,  ол
өзінше  соға  береді  жəне  біздің  ол  туралы  ойлайтын-ойламайтынымызға
қарамайды.  Біз  қалыпты  тыныс  алуды  да  бақылай  алмаймыз,  өкпе  өз
бетінше  тыныстай  береді.  Біз  ауаны  жұтып,  дем  шығарған  сайын  бұл
процесс туралы ойланып жатпаймыз.
Гомеостазистің  ең  ғажабы  -  ол  барлық  өмірлік  маңызды
органдарымыздың  санамыз  бен  еркімізден  тəуелсіз,  айталық,  адам  жүрегі
қысылғанын,  тұншыққанын  жəне  сол  сияқтыларды  сезінбеуі  үшін  жұмыс
істеуге тиіс режимде өз қызметін атқара береді.
Яғни  біздің  барлық  органымыз  қалай  болса,  солай  емес,  табиғат
берген  əлдебір  жұмбақ  нұсқаулықтарға  бұлжымас  сəйкестікпен  жұмыс
жасайды.  Ең  бастысы,  бұл  процестер  адамның  парасаты  мен  еркінің  іс
жүзінде ешқандай қатысуынсыз жүріп жатады.
Бірақ  егер  кенет  гомеостазисте  елеулі  ауытқулар  пайда  болса,
адамның  да  күйі  кетеді.  Мұндай  өзіңді  жайсыз  сезіну,  ауырсыну  немесе
дел-сал  сəттер  бізді  өз  ағзамызды  еске  алуға  мəжбүр  етеді,  ол  осындай
қарапайым,  бірақ  жанға  батыра  бізге  өз  гомеостазисімізде  бəрі  де
ойдағыдай еместігін ескертеді.
Өз  басым  қалалар  да  адамдар  сияқты  күрделі  “тірі"  ағза  екендігіне
еш  күмəнданбаймын.  Кез  келген  күрделі  “тірі”  ағзадағы  сияқты,  қаланың
да гомеостазис тəрізді оның бүкіл қызметін қалыпты күйде ұстап отыратын
сондай бір тетігі бар.
Егер  қала  гомеостазисі  бір  қалыпты  болса,  онда  мұндай  қаланың
тұрғындары,  əдетте,  өздерінің  барлық  қажеттіліктерін  қанағаттандыру
шаруасы  қалай  жүріп  жатқанын  сезбейді.  Қалалықтар,  мысалы,  пəтерге
ауыз судың қалай келіп тұрғанын немесе қала көшелерінде қоқыстың қалай
жиналатынын  аңдамайды,  бұның  бəрі  солай  болуға  тиісті  қабылданады.
49

Адамдар  қажеттілік  басқа  түскенде  ғана  бұларға  мəн  береді.  Ал  оның  ар-
тында  қала  гомеостазисінің  қалыпты  жұмысын  қамтамасыз  ететін  барлық
қызметтің қыруар еңбегі тұр.
Сондықтан,  менің  ойымша,  қаланың  мінсіз  мэрі,  префекті  немесе
əкімі - өз қам-қарекетінен қала тұрғындары бейхабар жəне оған жолығуды
күнделікті өмірде қажет ете қоймайтын мемлекеттік қызметші.
Өйткені қала гомеостазисі бір қалыпты болса, қала тұрғындарының
да тіршілігі бір қалыпты болады.
Есілдің  құтты  жағалауынан  Қазақстанның  жаңа  астанасын  құрып,
оның құрылысын ойдағыдай жүргізіп отырып, біз, ең алдымен, астананың -
тіпті  жете  ойластырылса  да  құрылыстардың  жай  ғана  жиынтығы  бола
алмайтындығын  есте  ұстадық.  Астана,  əрине,  қала  тұрғыны  үшін  тіршілік
етудің  оңтайлы  ортасы.  Бас  жоспар  бойынша  бірқатар  үйлер  салып
шығумен  бірге,  оларға  лайықты  тіршілік  тынысын  жасау  да  қажет  еді.
Астаналық  тұрғындар  ол  үйлерде  жақсы  тұрып,  өркениетті  түрде  жұмыс
істеп, жайдары тыныға алатындай жағдай жасау міндеті қойылды.
Тұрмыс  жайлылығын  сезіну  қала  тұрғындары  тіршілігінің  ең  басты
ерекшелігі екендігі белгілі.
Осы  заманғы  қалалардың,  астаналар  мен  қала  құрылысының
философиясы негізінде тіршілік сапасының философиясы жататындығы да
сондықтан.  Нақ  осы  философия  Есіл  жағасында  қанатын  жайған  жаңа
астана үшін неғұрлым оңтайлы қағида ретінде назарға алынды.
Мен  пікірталастан  аулақпын,  бірақ  мынаны  айта  аламын  -  біз
қарастырып  отырған  тіршілік  саласы  философиясының  негізіне  əрі
қарапайым,  əрі  принципті  екі  қағида  алынған.  Біріншісі  -  қаланың  немесе
астананың  бірегей  əрі  қайталанбас  ажарын  қалыптастыру.  Екіншісі  -
қаланың  осы  бірегейлігі  қала  орамдарының  жəне  қаланың  барлық
азаматтарының мейлінше жайлылықты сезінуіне ықпал етуге тиіс.
Қала  құрылыстарының  бірегейлігіне  келсек,  бұл  біздің  ең  əлсіз
тұсымыз.  Сəулетшінің  сөздігінен  “эстетика”  ұғымы  іс  жүзінде  шығып
қалған  кеңестік  “ұраншыл”  кезеңде  біздің  бұрынғы  кеңес  заманындағы
қалаларымыз, соның ішінде Целиноград та, бір өңкей “хрущевтік” үйлердің
жиынтығына  айналды.  Олар,  əрине,  қалалардың  бірегей  келбетін  жасауға
да, тұрғындардың жалпы жайлы өмір сүруіне де жағдай жасай алмады.
Біз  бүгін  сəулет  тұжырымдамаларын  жəне  сəулет  нысандарын  өз
қалауымызша  таңдай  аламыз.  Мəселе  нені  таңдап  алғанымызда  емес.  Ең
бастысы,  өзіміз  жасаған  сол  таңдау  қалаларымызда  қалай  көрінуге  тиіс
жəне  азаматтарымыз  үшін  қандай  жағдай  барынша  қолайлы  болады  деген
50

өзіміздің қазақстандық қажеттілігіміз бен ұстанымдарымызға мейлінше сай
келуінде. Бүгін біздің жаңа елордамыз Астана құрылыс пен сəулет саласын-
дағы  алуан  түрлі  көзқарастарды  бойына  жинақтады.  Бірақ  елорда  сəулет
нысандарының
арқасында
ғана
емес,
онда
тұратын
Қазақстан
азаматтарының  өзінің  туған  жерін  жайнатуға,  осы  жерден  бейбітшілік,
келісім  мен  игілік  жазирасын  жасауға  ұмтылған  əлеуетінің  арқасында
астанаға айналды.
Бүгінде  Астананың  өзіне  ғана  тəн  қайталанбас  келбеті  бар,  ол  бай
мəдениетіміздің,  барлық  халықтар  мен  ұлттардың  достық  ниетті  дарқан
мінездерінің үйлесуінен түзілген ғажайып рухани аура қалыптастырған.
Сонымен, бүгінгі Астанамыз қандай қала?
Астана - Қазақстан Республикасының əкімшілік орталығы жəне 517
300 адам тұрғыны (2004 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша) əрі елорда
тұрғындары  мен  қонақтарына  жайлы  тұрмысты  қамтамасыз  ететін  қауырт
даму үстіндегі қалалық инфрақұрылымы бар үлкен шаһар.
Тамаша  тұрғын  үй  кешендері,  еңселі  əкімшілік  ғимараттары,
гүлзарлары  мен  фонтандары,  əсем  монументтері  мен  сəулет  ескерткіштері
бар  бүгінгі  Астана  көз  алдымызда  күн  сайын  өзінің  керемет  сымбатымен
құлпырып барады. Сəулеттік пішінінің əсемдігі мен сəн-салтанаты жағынан
көп  ұзамай  əлемнің  көптеген  астанасынан  кем  түспейтін  болады.
Нысандарының нақышы мен қала тұрмысының орныққан мəнері жағынан
Астана таяу уақытта толыққанды елорда əрі дамыған инфрақұрылымы бар
қала ретінде лайықты орын алады деп үміттенемін.
Астана - бейне қауыз жарып келе жатқан көп гүлді, мол жапырақты
өсімдік тəрізді, байтақ Сарыарқа төсіндегі жеке-дара жап-жасыл жазира.
Есілдің  Астана  тұсындағы  шегенделген  жағалауының  əдемі  пішіні  жаңа
елорда  бейне  бір  өзен  арнасының  кең  айдынында  жүзіп  келе  жатқандай
əсерге  бөлейді.  Есілдің  оң  жағалауынан  қарсы  бетке  қарасаңыз,
Қазақстанның  болашақ  астанасының  зəулім  ғимараттар  бой  көтерген
өскелең  құрылысын  көресіз.  Мəдениет  пен  руханият  мекемелері  қайта-
ланбас  ою-өрнектермен  айшықталған.  Көз  алдымызға  суретшінің  күн
сайын  тынымсыз  салған,  кешке  қарай  əлдебір  штрихтар  қосып,  əрлей
түскен  картинасы  келеді.  Қараған  жан  болашақ  Астананың  сəулет
ажарында ұдайы жаңа өрнек пайда болып, əрдайым жаңарып отыратынын
байқайды.
Немесе  көне  Есіл  жағасында  келешекке  ұмтылған  Қазақстанның
жаңа  əкімшілік  орталығының  алуан  бейнесіне  əлдебір  оң  рең  беретін
өзгеше тың бояулардың қосылғанын байқайды.
51

Міне, жапырағын жайып тас шынардай жарқырап Бəйтерек тұр. Ол
Күн  нұрымен  шағылысып,  төңірегіне  жарық  сəуле  шашқан  алып  шарды  -
өмір мен мейірім символын əлемге паш етіп тұр.
«Транспорт-Тауэр»  алып  діңінің  төбесі  біз  тұмсықталып  бітеді  де,
өзінің  осы  тұлғасымен  Ғаламның  шексіз  кеңістігіне  ұмтылған  зымыран
кешенін еске салады. Ғарыш кемесімен ұқсастық осынау бір қоңырқай түсті
зəулім ғимараттың дөңгеленген сүйір тұлғасынан анық байқалады.
«ҚазМұнайГаз»  жаңа  ғимаратының  асқақ  ғимараты  Сарыарқа
төсінде  келешекте  əлі  салынуы  ықтимал  алып  пирамиданың  кесіндісі
іспетті.
Президент  Ақордасының  төбесінде  ұлттық  жалауымыз  желбіреген
киіз  үй  сипатты  зор  күмбез  баршаны  əрдайым  бейбітшілік  сүйгіштік  пен
дəстүрлі
ауызбіршіліктен
айнымауға
шақырып,
қызбалықтың,
түсінбестіктің  дауылдарынан,  өшпенділік  сұрапылдарынан  сақтандырып
тұр.
Ақорда  тұрған  көкорай  төбешіктің  қос  бүйіріндегі  жебе  тəрізді
зəулім  əкімшілік  ғимараттарды  жолаушының  жолына  жарық  түсіріп,
Сарыарқаның  əкімшілік  жүрегіне  төте  жолды  көрсетіп  тұрған  шамшырақ
деуге  келеді.  Айнала  жаппай  тамырын  тереңге  жіберіп,  өркенін  молынан
жайған  əдемі  де  еңселі  құрылыстар:  кеңселер,  коттедждер,  тұрғын  үй
кешендері жамырай бой көтеруде. Олар бейне кезбе қаңбақ тəрізді, ақыры
талай  замандық  қуаңшылықтан  кейін  өздерінің  өмірге  құштарлығын
барлық  күш-қуаты-  мен  паш  етуге  мүмкіндік  берген  бұраң  бел  Есілдің
құтты қойнауынан жайлы орын тапқандай.
Өзен үстіндегі қос өткелді кең көпір оң жағалау мен сол жағалаудың
арасын жалғап, біртұтас кеңістік ансамблін құрып тұр.
Егер  оң  жағалаудан  көпір  арқылы  өтсеңіз,  онда  екі  беттегі  нысандар  мен
ауқымдардың  əркелкілігі  назарыңызды  аударар  еді.  Оң  жағалауда  сары
түсті “Астана-Тауэр” биік ғимараты көпірге төніп тұр.
Ал  сол  жағалауда  -  осы  заманғы  əсіремодерн  үлгісіндегі  ықшам
сəулет  нысандары  орын  тепкен,  мұнтаздай  жолдар  тартылған  көкпеңбек
жатаған саябақ. Олар Сол жағалаудың беташары іспетті. Олар сізге Есілдің
сол  жағасы  саябақтары  мен  гүлзарларының  түр  мен  түсі  келістірілген,
ғимараттары  руханият,  мəдениет,  адам  ақыл-ойы  жемісінің  көз  тартар
нақыш  зерлерімен  өрнектелген,  биік  ғимараттары  мен  күмбезді
құрылыстары  сəулет  түзілімі  өзара  тамаша  жарастырыла  əрі  астастырыла
салынған, салынып жатқан Астананың бір бөлігі екендігін ескертеді.
Екінші  жағынан,  қос  қанатты  барыс  қазақ  халқының  өткен  қаһармандық
52

жолын,  барша  қазақстандықтың  кемел  келешекке  ұмтылысын  поэтикалық
тұрғыда бейнелеп тұр. Оның айбынды тұлғасы жарқын істер мен бақытты
өмірге лайық күшті əрі дамыған мемлекетті білдіреді.
Есілдің  оң  жағына  көз  салсаңыз,  бейне  бір  өзеннің  кең  айдынына
иілген сəмбі талдар секілді тұрғын үйлер кешенін - осы заманғы ғимараттар
тізбегін көреміз.
Олар
өрнекті
плиткалардан
қаланған
жəне
оюлы
металл
қоршаулармен  көмкерілген  жағалауда  бейне  қамал  қабырғасындай  самсап
тұр.  Сөйтіп  бір-біріне  иін  тіресе  мінгеспей,  жеңіл  де  үйлесімді  мəнерде  іс
жүзінде біртұтас ансамбль құрайды.
“Арман”  тұрғын  үй  кешенінің  айбынды  алып  күмбезі  Астананың
жағалаудағы  тұрғын  үйлер  аймағының  жалпы  елордаға  тəн  əуезін
аңғартып, үйлесімді өң береді.
Республика даңғылы - көлік бір тынбай ағылып жататын астананың
күре тамыры іспетті басты қатынас жолы.
Провинциялық  қаланың  бұрынғы  Тыңгерлер  даңғылы  əп-сəтте
елордаға  тəн  барлық  белгісімен  астананың  осы  заманғы  орталық  көшесіне
айналып шыға келді.
Астана  əкімшілік  орталығының  қазіргі  бас  алаңы  -  əкімшілік  жəне
іскерлік  шаһарының  əсем  сəулет  келбетіне  əр  беріп  тұрған  тұтас  бір
мүсіндік бейнеге ұқсайды.
Су  ағып  тұрған  үш  деңгейдегі  ыдыс  жəне  алаңның  тəжі  -  суретке
түсушілердің қалаулы жері ғана емес, жастардың кездесер орны да.
Бұрынғы  Орталық  дүкеннің  жаңартылған  ғимараты,  Үкімет  ғимаратының
мығым  да  салмақты  тұлғасы,  Парламенттің  шынысы  жарқыраған  биік
қабаттары,  қайта  жөндеуден  өткен  “Есіл"  қонақ  үйінің  өрнекті  жиектері,
осы  заманға  лайықталған  əкімшілік  ғимараттар  мен  ескі  үлгідегі
құрылыстар,  Конгресс-холлдың  асимметриялық  пішіні  -  осының  бəрі
орталық  алаңды  бүкіл  периметрі  бойынша  күргейлей  қоршаған  жəне
мүсіндік  символдарды,  сəулет  қиялының  байып  пен  үйлесім  астасқан
маңғаз кейпін қорғап тұрғандай.
Қаржы  министрлігі  ғимаратының  самалмен  тербелген  жалауға
ұқсаған асқақ келбеті астаналықтарға өз қаласының уақытпен үндесе қадам
басып  келе  жатқанын,  бүгінде  оған  сəулет  өнерінің  ең  озық  тəжірибелері
мен  ең  тосын  шешімдерін  еркін  ойланып,  еркін  қабылдау  тəн  екенін
ескерткендей.
Жастар  алаңының  əсем  сəулет  ансамблі,  Лев  Гумилев  атындағы
Еуразия  Ұлттық  университетінің  бірқатар  жаңа  корпустары,  Ел  Анасы
53

монументі,  толқында  тербеліп  тұрғандай  осы  заманғы  спорт  кешені,
Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрлігінің  зəулім  ғимараты,  сол
секілді  фонтан  жүйелері  орнатылған  бірқатар  жаңа  сəулет  ғимараттары  -
осының  бəрі  астананың  келбетіне  жаңа  рең  береді  жəне  ақын-
жазушылардың талайының шығармашылық шабытының бастау-қайнарына
айналары даусыз.
Ұлы  ақындар  Абай  мен  Пушкиннің,  Кенесарының  жəне  басқа  да
талай  қайраткердің  мəрмəр  мен  қола  бейнелері  Арқа  төсіндегі  Астананың
сəнін келтірген інжу-маржан, көне Есілдің тік құлама жағалауына əр берген
гауһар моншақтар іспетті.
Қайда  көз  салсаңыз  да,  бұрынғы  əрең  ілбіген  қала  тіршілігінің
күйбеңінен  артылмаған  жерлердің  бəрінде  қайнаған  өмір,  қозғалыс,  қам-
қарекет,  шаттық,  жетістіктер  жəне  қазіргі  астанаға  деген  мақтаныш
сезіледі.Тың  өлкесінің  астанасы  деген  шартты  аты  ғана  болмаса,  кəдімгі
провинциялық қаланың сіңісті де мүлгіген тұрмыс-салтынан бірдеңе қалды
ма екен.
Астананы тікұшақпен айнала ұшып шолып шығуға да болады. Бірақ
оның  ішкі  сұлулығын  сезіну,  мəнін  түсіну,  мұнда  бас  көтеріп  келе  жатқан
құдірет-күшті  аңғару,  басталған  нəрсенің  біткен  пішінін  қиялыңмен  көз
алдыңа  əкелу,  сөйтіп  астананың  болашағына  үңілу  -  мұның  бəрін  егер
Астанаға  адал  ниет,  ақ  көңілмен  жəне  жүректегі  сеніммен  келіп,  өмір
сүрсеңіз ғана бастан кешесіз.
Қазақ  КСР-інің  жəне  тəуелсіз  Қазақстанның  басшы  қызметтеріндегі
тəжірибем  көрсеткеніндей,  қала  проблемалары  үкімет  қызметінде  көп
уақытты  алады.  Кей  жағдайларда  маңызы  жөнінен  жалпы  мемлекеттік
мəселелерден кем түспейді. Бұл, əрине, салынып жатқан жəне үздіксіз даму
үстіндегі  Астананың  ұдайы  шыға  беретін  проблемаларына  ғана  қатысты
емес. Тіпті ондаған жылдар бойы Қазақстанның астанасы болған Алматы-
ның  өзінде  проблемалар  ауқымы  жетіп-артылатын.  Ол  проблемалар  бүкіл
кеңестік  жəне  кеңестік  заманнан  кейінгі  қоғам  түйіндерінің,  жергілікті
мəселеден  мемлекеттік  жəне  жалпыұлттық  мəселеге  ұласуының  мысалы
сияқты еді.
Астаналық  əкімдермен  кеңес  өткізгенде  мен  муниципалдық  билік
үшін  басым  сипат  санатында  тұруға  тиіс  негізгі  желіні  ылғи  алға  тартып
отырамын.
Құрылыс,  даму  жəне  прогресс  -  мұның  бəрі  жақсы  əрі  қажет.  Бірақ
Қазақстанның  жаңа  астанасы  басшылығының  инфрақұрылымды  жан-
жақты дамыту бағдарламасында тұжырымдалған негізгі мақсаты, меніңше,
54

үш  өмірлік  маңызды  бастаманы  нақты  жəне  дəйектілікпен  іске  асыруында
болып  табылады  жəне  мен  мұны  қайталаудан  жалықпаймын.  Бұл
принциптер мейлінше қарапайым əрі айқын: қала аумағында кəсіпкерлікті
экономикалық  қолдау,  қала  тұрғындарын  əлеуметтік  жағынан  қолдауды
қамтамасыз  ету,  өмір  сүруге  қолайлы  экологиялық  орта  қалыптастыру.
Қаланың  өз  ішін  көгалдандыру  мен  Астана  төңірегіне  орман  отырғызу
айрықша  бақылауда  тұр.  Үш  жаңа  парк  пен  ондаған  жаңа  баулар  осылай
пайда  болды.  Астананың  айналасына  25  мың  гектар  орман  отырғызылды.
Қала  төңірегіндегі  осы  орман  алқабын  50  мың  гектарға  дейін  жеткізу
көзделіп отыр.
Нақ  осы  факторлар  қаланың  мүліктік  əлеуетін  дамытуды,  яғни
Астананың  елорда  ретінде  де,  қала  ретінде  де  өсуі  үшін  сыртқы  əрі  ішкі
инвестицияларды тарту жолындағы қолайлы ахуалды қамтамасыз ететініне
сенімім кəміл.
Бұл  орайда  талай  шаруа  атқарылғанын  батыл  айта  аламын.
Түпкілікті  есебін  шығаруға  əлі  ерте,  бірақ  аралық  нəтижелер,  шүкір,
кəдімгідей көңіл көншітеді.
Қалай  дегенде,  қабылданған  шаралардың  арқасында  біз  Астананың
Есіл  жағасындағы  қала  ретінде  де,  Қазақстан  Республикасының  астанасы
ретінде де бүгінгі күні едəуір сүйінішті макроэкономикалық көрсеткіштерге
қол жеткізгенін айта аламыз.
Инвестициялар
ағыны
құрылыспен,
қала
шаруашылығын
қорландырудың  басқа  салаларына  ғана  емес,  адамдар  нөпірінің  сипатына
қарай əрдайым бейімдеп отыруды қажет ететін көлік коммуникацияларына
да қатысты. Айталық, біз Астанада Есіл үстінен 22 көпір салуды жоспарлап
отырмыз  десек,  бұған  сəн  қуғандық  немесе  басы  артық  сəулет  құрылысы
деп қарамаған жөн.
Əкімшілік,  коммерциялық  жəне  сервистік  сипаттағы  негізгі  жұмыс
орындарының  басым  көпшілігі  Сол  жағалауға  орналасқанда,  кəсіби  адам
ресурстары  негізінен  бұрынғыша  Есілдің  оң  жағалауында  тұрып  қала
беретінін болжау қиын емес.
Сондықтан  адамдардың  оң  жағалаудан  сол  жағалауға  жəне  кері
қарай  легі  екі  жағалауды  қосатын  көлік  арналарының  тиісті  өткізу
қабілетімен  сəйкес  келуге  тиіс.  Астана  ішіндегі  жолаушы  жəне  жүк
айналымы елеулі түрде артатыны да сөзсіз екенін ұмытпайық.
Бір  сөзбен  айтқанда,  кез  келген  қаладағы  сияқты  Астанада  да  қала
халқының  тығыздығы,  əдетте,  қала  алаңының  бір  бірлігіне  шаққандағы
жұмыс  орнының  тығыздығымен  сай  келмейді.  Ірі  қалаларда  жəне
55

астаналарда əрдайым қаланы бұл тұрғыда: əкімшілік- іскерлік орталық жəне
бұйығы  тіршілік  аудандары  деп  аталатын  екі  аумаққа  бөлу  кездеседі.  Осы
орайда,  дəл  сөйтіп  Астананы  əкімшілік  Сол  жағалауға  жəне  “бұйығы"  Оң
жағалауға  бөлуге  əбден  болар  еді...  Əрине,  бұл  əлі  жүзеге  аса  қоймаған
жоба ғана.
Əлемдік  тəжірибе  көрсеткеніндей,  қалалар  мен  астаналардың
əкімшілік-іскерлік  орталықтарында  жұмыс  орындарын  орналастыру
тығыздығы  мен  тұрғындар  тығыздығының  арасындағы  қатынас  10:1
шамасына жетуі мүмкін, мысалы, бұл қатынас Токиода - 8,4:1.
Сол  себепті  көлікті  жəне  өзге  де  коммуникацияларды  жетілдіру  əдетте
орталықтан  шет  аймаққа  қарай  жəне  кері  бағытта  түзіледі.  Бұл  атап
көрсетілген сəйкессіздікті əжептəуір түзеуге мүмкіндік береді.
Егер  Астанадағы  осындай  қатынас  туралы  айтсақ,  онда  бұл
айтарлықтай  жоғары  деп  ойлаймын.  Өйткені  қаланың  орталығында
халықтың  тығыздығы  жұмыс  орындарын  бөлу  тығыздығынан  əлдеқайда
кем.  Астананың  əкімшілік  бөлігінде,  мысалы,  Əкімшілікте,  Мəжілісте,
министрліктерде  жұмыс  істейтін  шенеуніктер  мен  қызметшілердің  басым
көпшілігі  қаланың  шеткері  аймағында,  мысалы,  құрылысын  салу  кезінде
қызыл  кірпіштің  пайдаланылуына  байланысты  “қызыл  ауыл”  атанып
кеткен ықшам ауданда тұрады.
Бұл  жұмыс  күшінің  тығыздығы  мен  қаланың  орталық  аудандары
халқының  тығыздығы  арасында  анық  сəйкессіздікті  туындатады.  Бұған
жұмыс  күнінің  аяғы  мен  демалыс,  мереке  күндерінде  іс  жүзінде  қаңырап
бос қалатын іскер Уолл-Стрит мысал бола алады.
Астананың  іскерлік  белсенділігінің  көрсеткіші,  əдетте,  іскерлік
орталықтарының  болуына  байланысты.  Кəсіпкерлік  белсенділіктің  ірі
ордасы ретінде Астана, əрине, мұндай орталықтарсыз тіршілік ете алмайды.
Бұл  орталықтарда  қаланың  жəне  республиканың  бизнес  элитасы
шоғырланар еді. Олар Астанада, Қазақстанда өз істерін өрбітуге бел буған
астаналық,  шетелдік  бизнесмендердің  қаржылық  жəне  кəсіпкерлік
белсенділікті  өрістетуіне  арналған  өзіндік  бизнес  алаңына  айналар  еді.
Сондықтан
Қазақстанның
жаңа
елордасында
осындай
іскерлік
орталықтарын құру аса құптарлық шаруа.
Мұның  өнегесі  де  бар.  2004  жылғы  маусымда  мен  Мəскеудің  мэрі
Юрий Лужковпен бірге Мəскеу Іскерлік орталығы құрылысының алғашқы
іргетасын қалау рəсіміне қатыстым. Лужков оны Қазақстан астанасының ең
тамаша жерлерінің бірі"деп бағалады.
Жалпы  алаңы  70  мың  шаршы  метр  осы  22  қабатты  Іскерлік
56

орталықтың  құрылысын  2006  жылы  аяқтау  жоспарланып  отыр.  Астанада
елордадағы  іскерлік  белсенділікті  үйлестіруші  жəне  қолдаушы  қызметін
атқарып  отырған  бірқатар  бизнес  орталықтарының  бар  екенін  де
ескермеуге  болмайды.  Мысалы,  “Самал"  шағын  ауданындағы  “Астана-
Тауэр"
бизнес
орталығы.
Астанадағы,
соның
ішінде
бизнес
орталықтарындағы  бүгінгі  күні  қызу  іскерлік  белсенділіктің  арқасында
тауар айналымының өскелең серпіні байқалуда.
Қалалық  қазына  кірісінің  көзі  тек  өнеркəсіп  орындары,  əкімшілік
немесе  корпоративтік  кəсіпорындары  ғана  емес,  сонымен  бірге  едəуір
дəрежеде шағын жəне орта бизнес субъектілері де болып табылады.
Астананың  қалалық  жəне  астаналық  инфрақұрылымын  дамытуда
шағын  жəне  орта  бизнес  субъектілерінің  алар  орны  маңызды  жəне  айта
аларлық зор. Қала шаруашылығы жүйесіндегі шағын жəне орта кəсіпкерлік
құрылымдар  негізінен  белгілі  бір  қуыспен  -  халыққа  қызмет  көрсету
саласымен  айналысады.  Қала  инфрақұрылымының  бұл  буыны  əлеуметтік-
тұрмыстық  сервис,  техникалық  қызметтер,  жарнама  жəне  имидж,  бөлшек
сауда,  сақтандыру,  риэлторлық  қызметтер,  азаматтық  қатынастардың
қаржы аясы сияқты жəне т.б. салалардағы жекеше бастамаларды қамтиды.
Астананың елордалық инфрақұрылымын одан əрі үйлесімді дамыту
мақсатында  қаланың  сол  жағалауын  тез  де  ауқымды  қарқынмен  игеру
қажет  деп  айтқанда,  Қазақстан  Үкіметі  алға  міндет  қана  қояды.  Сол  ғана.
Ал  бұл  міндетті  негізінен  жеке  инвесторлар  мен  кəсіпкерлік  құрылымдар
орындауға тиіс.
Міне, сондықтан да қаланы дамытудың негізгі мақсаты ретінде Сол
жағалауды  игеру  бағдарламасын  жариялай  отырып,  біз  бірқатар
ынталандырушы жəне жеңілдікті шаралар қарастырдық, бұл өзіміз көтерген
бастамаларды  атқарушылардың  ойдағыдай  аяқтап  шығуына  мүмкіндік
береді. Оған Астананың сол жағалауында Арнайы экономикалық аймақ
құру жөніндегі мемлекеттік бастама жатады. Ол қаланың осы келешегі зор
ауданын  ішкі  жəне  сыртқы  инвесторлар  мен  бизнесшілердің  игеруіне
қуатты қозғау салды.
Мұндай шаралар қалаішілік белсенділікті ғана едəуір ынталандырып
қоймайды,  сондай-ақ  сыртқы  экономикалық  қызмет  көлемін  де
айтарлықтай  арттырады.  Қала  өседі,  қызмет  көрсету  сапасы  жақсарады,
қала халқының өнім сапасына қоятын талабы артады. Осының бəрі сайып
келгенде жаңа астананың шетелдік сауда əріптестерімен тауар айналымын
ұлғайтуына ықпал етіп, ынталандыра түседі.
Мемлекеттің  “бас  менеджері”  қызметін  ала  отырып,  Астана  қызмет
57

түрлерінің  тұтас  кешенін  өз  мойнына  жүктейді.  Бұлар  бүкіл  мемлекет
экономикасы құрылымының шағын көрінісін бейнелей алады.
“Менеджментке”  келсек,  онда,  əдетте,  еліміздің  түрлі  өңірлерінде
жұмыс  жасап  жатқан  ірі  компаниялар  мен  халықаралық  корпорациялар
астана мəртебесі жəне сонымен байланысты мүмкіндіктер көп ретте тікелей
“жұмыс  бабына  жақын"  болғандағыдан  əлдеқайда  көп  пайда  əкелетінін
түсініп,  өздерінің  орталық  офистері  мен  өкілдіктерін  елордада  ашуға
тырысады.
Оның  үстіне  негізгі  мақсаты  бизнес  немесе  оны  қолдау  жəне
ұйымдық  жағынан  қамтамасыз  ету  болып  келетін  ірі  халықаралық
қоғамдық  немесе  экономикалық  құрылымдарды,  консультациялық,
биржалық сақтандырушы құрылымдарды астана өзіне тарта түседі. Сөйтіп
астана  іс  жүзінде  мемлекеттің  бүкіл  қоғамдық  қаржылық-экономикалық
жəне əлеуметтік өмірі тоғысқан ордаға айналады.
Осы  құрылымдардың  бəрі  көтеретін  кəсіпкерлік  толқын  өңірлік
қалалардағы  қаржылық-экономикалық  жəне  қоғамдық  белсенділікті
тікелей де, жанама түрде де жандандырады.
Бұл  əсер  –  ықпалды  Астананың  мысалынан  байқау  қиын  да  емес.
Қазақстанның
жаңа
астанасында
өнеркəсіп
салаларының,
əсіресе
құрылыстың  жедел  дамытылуы  жақын  қалалар  мен  шеткері  аймақтардың
қауырт өркендеуіне алып келді.
Астана  бастамасының  өңірлік  немесе  жақын  жатқан  қалаларға
тигізген  қуатты  əсерін  елорданың,  яғни  ірі  полистің  мəдениет  саласы  да
жаңғырта береді.
ӨҢІРЛІК ӨРЛЕУ ӨЗЕГІ...
Астананың қақ ортасында тұрмын, ал қарсы алдымда екі гектар ғана
алапқа  сыйып  кеткен  Қазақстанның  бүкіл  шексіз  кеңістігі  жайылып
жатыр...
2001  жылғы  қыркүйектің  шуақты  сенбісінде  елорданың  ең  көз
тартар  көрікті  жерлерінің  бірі  -  “Атамекен”  этнопаркіне  бардым.  Ол  парк
Қазақстанның  картасын  бейнелейді.  Қасымдағы  делегациямен  жəне
жобаның авторы Тимур Сүлейменовпен бірге этнопаркке Каспий жағынан
кіріп  келемін.  Көз  алдымда  Батыс  Қазақстанның  мəдени  жəне  экономика-
лық құндылықтары - Бекет ата кесенесі, Атырау қаласы орталық алаңының
сəулет кешені, менмұндалаған мұнай мұнаралары.
Оңға  -  Қазақстанның  оңтүстік  өңіріне  бұрылдық.  Қожа  Ахмет
Йассауидің қасиетті кесенесін, Айша бибі кесенесін, Жетісудың жəне Ұлы
58

Жібек  жолының  ірі  сауда-кəсіпшілік  орталығы  көне  Отырар  қаласының
ескі  жұртын  тани  кеттім.  Түркістан  мен  Шымкенттен  асып  бірнеше  қадам
жүргенде  Тянь-Шань  тауларының  қарлы  сілемдеріне  тап  болдым.  Иə,
мынау Алматы - Тəуелсіздік монументі орнатылған Республика алаңының
жəне  “Қазақстан"  зəулім  қонақ  үйінің  кішірейтілген  бейнелері.  Одан  əрі
Екібастұзға  дейін  бардым,  оны  əлемдегі  ең  ірі  өнеркəсіптік  мұржа  -
Екібастұз-2  МАЭС-інің  мұржасы  бейнелепті,  ол  тіпті  əйгілі  Гиннес
кітабына да кірген. Одан əрі Қостанай мешітінің, Бурабай көлдерінің жəне
Ертіс  айдынының  үстінен  тартылған  Семейдегі  ғажап  көпірдің  шағын
көшірмелерін көрдім.
Міне, ақырында, Астанаға - Қазақстанның жаңа елордасына келдік.
Парламент  пен  Үкімет  үйлері,  Конгресс-холл  жəне  елорданың  басқа  да
объектілері  -  осының  бəрі  көз  алдымызға,  Қазақстанның  шағын
картасының бірнеше шаршы метр алаңына сыйып кеткен.
Бүкіл  елдің  осындай  шағын  картасын  алғаш  рет  Индонезияда
көргенмін.  Келгеннен  кейін  қала  басшылығына  өз  картамыздың  жобасын
əзірлеп,  соны  жасап  шығаруды  тапсырған  едім.  Жобалаушылар  мен
құрылысшыларға  осы  идеяны  ойдағыдай  жүзеге  асырғандары  үшін  алғыс
айттым. Жаңа астана ортасында күллі Қазақстанды көру кімге де болса əсер
етері  даусыз.  Оның  үстіне  этнопарк,  авторлар  мен  қала  басшылығы
айтқандай,  үнемі  жетілдіріліп  отырады.  Олардың  əсіресе  Астанаға  көп
көңіл бөліп, “еңбек сіңіруіне” тура келер. Өйткені қазіргі 2005 жылы оның
нысаны мен мазмұны 2001 жылға қарағанда мүлде өзгеше. Бұл күнде оның
бастапқы символдары мен айрықша көрікті орындарын тіптен басқа сəулет
символдары мен нысандары бейнелейді. Иə, əлі талай кереметті көреміз...
Мен  бұл  жерде  күллі  Қазақстанды  аясына  сыйғызып  кеткен  Астананы
бекер тілге тиек етіп отырғаным жоқ. Астананы көшіруді біз əйтеуір көшіре
салу  үшін  ғана  емес,  бүкіл  Қазақстанның  болашағы  үшін  жасағанымызды
естен шығармауымыз керек...
Біздің  бастапқы  ойымызша  Есіл  жағасында  жағылған  астананың
жалынды  оты  барлық  өңірлік  шырақтарды  тұтатып,  байтақ  Отанымыздың
шартарабын  жарқыратуға  тиісті  еді.  Солай  болып  шықты  да.  Қазір
астананы  ресми  көшіргеннен  бергі  сегіз  жылға  толар-  толмас  мезгілден
жəне  көшіру  туралы  ой  туғаннан  кейінгі  он  екі  жылдан  соң,  біз  өз
есебімізде қателеспеппіз деп сеніммен айта аламыз.
Басқа  қалалардың  тəжірибелерін  зерделей  отырып,  мен  ірі  қалалар
мен  астана  экономикасының  құрылымын  өзгерту  іргелес  жатқан
қалалардың  да,  таяу  орналасқан  қалалардың  да  экономикасының
59

құрылымына  түбегейлі  ықпал  ететінін  байқадым.  Біздің  мысалымызда  да
дəл солай болып шықты.
Астананың
тікелей
ықпалының
нəтижесінде
басқа
облыс
орталықтарында,  бір  жағынан,  Астананың  қажетін  қанағаттандыруға
арналған  салалар  пайда  болып,  дами  бастаса,  екінші  жағынан,  бұдан
қаланың өз қажеттіліктеріне де қозғау салғанын байқау қиын емес.
Қауырт  даму  үстіндегі  Астанадан  тараған  өрлеу  толқыны,  айталық,
өнеркəсіпті
Қарағандыда
жаңа
өндірістер
ашуға
жəне
ескілерін
жандандыруға  ынталандырды.  Көкшетауда  демалыс  пен  туристік  бизнес
саласы дамытылуда. Іс жүзінде Көкше өңірінің дамуына Астананың жақсы
өркендеген демалыс жəне туризм саласына деген сұранысы тікелей ықпал
етті.
Осындай  дүбірлі  даму  астананы  Орталық  Қазақстанға  көшіру
кезінде  ескерілген  көптеген  фактордың  бірі  ғана  болатын.  Өйткені
республиканың  орталық  жəне  солтүстік  аудандары  өткен  ғасырдың
тоқсаныншы жылдарындағы дағдарыстан кейін əлі де еңсесін көтере алмай
келе жатқан-ды.
Осы  жерде  айтайын  дегенім  -  мұндай  мəселелерді  шешуде  барлық
уақытта өз мүмкіндіктеріңді басшылыққа алып отыру керек. Құлаш-құлаш
жоспарларды  көпіртіп  жасап,  ойдағы  нəрсені  орындалған  ақиқаттай  көре
беруге  болар.  Бірақ  астананы  көшіру  басқа  өңірлердегі  экономиканы
жандандырудың пəрменді де тиімді тəсілі болатын жағдай туындаған кезде,
онда  мұндай  дайын  ережені  ескерген  жөн  болады.  Əрине,  бұл  фактор
көшірудің  негізгі  себебі  бола  қойған  жоқ.  Алайда  астананы  ауыстыру
сияқты күрделі істі жүзеге асыру міндетін алдымызға қойған екенбіз, онда
біз  бұл  іске  барынша  жауапты  келуіміз  керек,  əрі  мүмкіндігінше  талай
мəселенің шешімін бүгіннің де, келешектің де қамын ойлай отырып көбірек
қамтуға тиіспіз.
Егер  астананы  көшіру  ұлттық  ауқымдағы  міндет  десек,  қала  мен
елорданы  өркендету  өңірлік  міндет  қана  болып  қалмайды,  ол  да  ұлттық
ауқымдағы асқаралы міндеттің алдыңғы шебінде тұрады.
Сондықтан  мен  Астананың  дамуы  -  Қазақстанның  дамуы  деген
қарапайым да ұғынықты өркендеу формуласын ұсындым.
Астана - Алматы, Астана - Көкшетау автомобиль жолдары, “Тальго”
испан  компаниясының  Астана  -  Алматы  жүрдек  пойызы,  барлық  облыс
орталығына автомобиль жолдары, осының бəрі еліміздің жаңа астанасының
арқасында жасалды жəне жасалуда.
Мұндай қарапайым да айқын заңдылық тоталитарлық экономикадан
60

нарықтық  экономиканың  негіздеріне  дейінгі  даму  жолынан  өтіп  жатқан
өтпелі кезеңдегі барлық елдер үшін əділетті əрі дəл келеді деп ойлаймын.
Сондықтан  мемлекеттің  ірі  қалалары  мен  астанасын  дамыту  кезінде  бұл
бағыттағы  жұмыстарды  үйлестіруге  бағытталған  əкімшілік  саясат
процесінде  осыған  байланысты  мақсаттардан  туындайтын  міндеттердің
толық кешенін əрқашан басшылыққа алып отырған оңды.
Сондай  міндеттердің  бірі  астана  мен  өңірлік  қалалар  арасындағы
тығыз  əрі  ықпалдасқан  өзара  қарым-қатынасты  дамыту  қажеттігіне  келіп
тіреледі. Муниципалдық органдар арасындағы қатынастармен байланысты
мұндай  ақпараттық-коммуникациялық  бірлік  астананың  қажеттілігін
егжей-тегжейлі  айқындауға  жəне  сонымен  бір  мезгілде  өңірлік  қаланың
мүмкіндіктерін  дəл  айқындауға  да  септігін  тигізуге  тиіс.  Əрбір
провинциялық  қала,  қайда  орналасқанына  қарамастан,  өз  дамуын
оңтайландыру мақсатында тек республиканың экономикасынан ғана емес,
астананың да экономикасынан өзіне тиесілі еркін бос орынды іздеуі керек.
Сонымен  қатар  астана  өз  дамуын  жоспарлау  кезінде  кем  дегенде
таяу  орналасқан  қалалардың  астана  экономикасына  кіріге  алу  жайы  мен
мүмкіндіктерінің  сипаты  мен  келешегін  ескеруге  тиіс.  Кері,  яғни  өзара
тиімді  байланыс  мүмкіндігі  бар  мұндай  əлеуметтік-  экономикалық
қатынастар астананы ғана дамытып қоймай, тиісінше аймақтарды да дамы-
тады.  Мысалы,  айталық,  демалыс  аймағына  қатты  мұқтаж  қала  ретінде
Астанаға өз Бурабайын жасаудың қажеті жоқ. Астанаға елорда тұрғындары
мен  қонақтары  үшін  ғажайып  демалыс  жəне  туризм  аймағын  жасау  үшін
жол  торабының  жəне  машинамен  екі  сағатта  ғана  жетіп  баруға  болатын
Бурабай қорықтық аймағына қатысты сервистік құрылымдардың мəселесін
шешсе, сол жетіп жатыр.
Астана
мен
өңірлік
қалалардың
өзара
қарым-қатынасын
жетілдірудің  мұндай  тетігі  экономикалық  сипаттағы  өзара  қарым-
қатынастарда  ғана  қолданылмайды.  Ол  адамның  мəдени,  қоғамдық,
техникалық жəне басқа қызметінің аясына да тəн.
Астананы  көшірудің  қазақстандық  үлгісі  жайын  қозғаған  екенбіз,
онда  алдын  ала  айта  кетсем,  астананы  ауыстыруда  ең  маңызды  факторға
айнала  жаздаған  бір  мəселені  сөз  етсем  деймін.  Бірқатар  мəн-жайларға
байланысты  Алматы  Қазақстанның  бұрынғы  астанасы  ретінде  өз
дамуының  серпінін  жоғалтты  немесе  жоғалта  бастады.  Мұны  бұдан  əрі
талдап,  негіздеп  берейін.  Қала  аумағын  біркелкі  игерудің  мүмкін  болмауы
жəне  соған  қабаттаса  Алматының  проблемаларының  тереңдей  түсуі  оның
астана  мəртебесіндегі  экономикасының  дамуын  тұралау  жағдайына  алып
61

келді. Нəтижесінде астанамыз өзі өрістемегендіктен, жапсарлас қалалар мен
таяу қалалар үшін де, тұтасымен алғанда күллі республика үшін де дамуға
дем беруін тоқтатты.
Бұл айдан анық тұжырым - қалалардың экономикасы өзімен-өзі бола
алмайды,  ол  бүкіл  мемлекеттің  экономикасымен  тығыз  байланысқан.
Елорда  жағдайында  бұл  заңдылық  астана  инфрақұрылымының  өзін-өзі
дамыту  мүмкіндігінің  болмауы  өңірлердің  өсу  қарқынының  баяулауынан
бірден  көрінеді.  Таза  практикалық  тұрғыдан  алғанда,  бұл  бас  қаланың
əлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың
жүргізушісі  жəне  "менеджері"  болатындығынан  емес,  астананың  мемлекет
экономикасының  келбетін  айқындайтындығынан  көрінеді.  Нақ  сол  ғана
нұсқаулық  немесе  кəсіпкерлік  тəртіппен  мемлекеттік  өнімнің  барлық
түрлері  бойынша:  ол  өнер  туындысы  болса  да,  ең  соңғы  шыққан  аспап
болса да, сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады.
Бұл  үрдіс  қалалық  деңгейде  ғана  емес,  мемлекеттік  деңгейде  де
жүріп жатады. Елорданың ерекшелігі де тап осында. Ол бүкіл мемлекеттің
тұтастай  алғандағы  даму  қарқыны  мен  сипатын  айқындайды.  Мысалы,
Астанада
қабылданған
елдің
индустриалдық-инновациялық
даму
бағдарламасы  сұраныс  пен  ұсыныс  нарығын  қала  аумағында  ғана  емес,
бүкіл республика бойынша қалыптастыруға жол ашты.
Астананы  көшіру  сияқты  тосын  шешім  бүкіл  Қазақстанды  қауырт
экономикалық  даму  жағдайына  түсіруге  елеулі  дəрежеде  ықпал  еткеніне
кəміл сенімдімін.
Бұл  шексіз,  таусылмас  сапардың  -  Қазақстан  Республикасының
үздіксіз прогресс пен тұрақты даму жолының бастауы деген сөз...
Соның  ішінде  бұл  жол  асқар  шыңды  Алатаудың  бөктерінен  ерке
Есілдің  қамыс  көмкерген  жағалауына  көшкен  жəне  бүгінгі  күні  бүкіл
байтақ  Қазақстанның  өркендеуіне  соны  сипат  пен  серпін  беріп  отырған
астананың дамуы арқылы өтіп жатыр...
Қала  өсіп  келеді.  Ол  қайталанбас  өзіндік  ырғағымен  өмір  сүруде.
Жаңа астананың жылнамасы жалғаса береді. Ұлтымыздың Жаңа ғасырдағы
жарқын тарихының шежіресі де дəл осы жерде жазылып жатыр..
2 - ТАРАУ
ҚАЛА ШЕЖІРЕСІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет