Шынайы бақытқа жеткізетін істерде тұрғындары өзара көмектесу мақсатын алға қойған қала қайырымды қала болып табылады, ал



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата23.02.2017
өлшемі1,38 Mb.
#4716
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Осынау стратегиялық маңызы бар мəселеге мен өрдайым барынша
назар  аударуға  тырысып  келемін.  Білім  жəне  ғылым  қызметкерлерінің  II
съезінде  сөз  сөйлеген  кезімде  құрылымдап,  жүйелеп  баяндап  беруге
тырысқан  ойларымның  Үкімет  қабылдаған  «Қалада  бастауыш  жəне  орта
кəсіптік білім беруді дамыту, Астана қаласындағы кадрлар даярлау процесі
мен  жұмыспен  қамтылмаған  халықты  реттеу  жөніндегі  2003-2006
жылдарға
арналған
Өңірлік
бағдарламаға»
кіргені
мені
əлбетте
қанағаттандырады.
Өңірлік  бағдарламаға  білім  беру  жүйесін  реформалау  мен
жаңғыртуға қатысты көптеген ресми қабылданған базалық құжаттар енген.
Бірінші  кезекте,  бұлар  –  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің
«Қазақстан  Республикасында  бастауыш  жəне  орта  кəсіптік  білім  беруді
одан  əрі  дамыту  жөніндегі  шаралар  туралы»  2000  жылғы  15  мамырдағы
қаулысы,  Астана  қаласын  əлеуметтік-экономикалық  дамытудың  2005
жылға
дейінгі
«Астананың
гүлденуі
-
Қазақстанның
гүлденуі»
Бағдарламасы,  Астана  қаласының  2005  жылға  дейінгі  «Астаналық  білім
беру» Бағдарламасы.
Қаулап  өсіп  келе  жатқан  Астана  қаласы  үшін,  оның  үстіне
Қазақстанның елордасы ретінде білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруде
айрықша  басымдықтар  бөлініп  отырғаны  қуантады.  Қазірдің  өзінде
Астанада  кəсіби  кадрлар  мен  бейінді  мамандардың  тапшылығы  қатты
сезілуде. Бұл проблеманың өткірлігі соншалық, ол дəл бүгін шешуді талап
етеді.
Аталған  бағытта  алғашқы  қадамдар  жасалды.  Қазір  астанада  кəсіби
кадрлар  даярлаумен  26-ға  тарта  ұйымдар  айналысады.  Бұл  оқу
құрылымдарында 11 000-нан астам оқушылар білім алуда.
Кəсіптік білім беретін оқу орындары жүйесі 20 жұмыс бейіндері мен
25 мамандық бойынша мамандар дайындап шығаруды жүзеге асыруда.
Білім  беру  процесіне  мемлекеттік  құрылымдардан  басқа,  жеке
меншік құрылымдардың да атсалысып жатқаны айрықша қуантады.
Сайып  келгенде,  білім  беру  бағдарламаларын  орындау  нəтижесінде
біз  неге  қол  жеткіземіз  жəне  астаналық  инфрақұрылымды  кəсіби
кадрлармен қамтамасыз етуге байланысты қандай проблемаларды шешуіміз
керек?
Бірінші  кезекте,  бейінді  оқу  орындарында  кəсіби  кадрлар  даярлау
127

жүйесінің  икемді  əрі  жетілдірілген  жүйесі  құрылатын  болады.  Бұл
астаналық  еңбек  нарығын  айтарлықтай  оңтайландыруға  мүмкіндік  береді,
соның шеңберінде жұмыс күшіне деген ұсыныстарды барлық талап етілетін
жəне  қажетті  мамандықтар  мен  кəсіптер  бойынша  кəсіптік  ресурстарға
арналған сұраныс барынша толық қанағаттандыратын болады.
Бұдан басқа, еңбек нарығын болжау мен талдаудың жүйелі қызметі
құрылмақ.  Еңбек  нарығының  даму  серпіні  бойынша  мұндай  талдаулар
жасау  кез  келген  мамандық  немесе  кəсіп  бойынша  жұмыс  күшінің
тапшылығы  немесе  артылып  жатуы  сияқты  қолайсыз  құбылыстардан
қысқа  мерзімді  жəне  орташа  мерзімді  перспективада  арылуға  мүмкіндік
беретіні күмəн тудырмайды ғой деп ойлаймын.
Кəсіптік  білім  беру  жүйесінің  материалдық-техникалық  базасы  да
елеулі түрде нығаяды жəне жаңғыртылады.
Жалпы  алғанда,  жұмыспен  қамту  нарығының  проблемаларын
шешуге  мүмкіндік  беретін  осындай  жəне  басқа  да  көптеген  нəтижелерге
қол жеткізу үшін кəсіптік білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көшіру
қажет.
Астананың  дамуы  -  астаналық  инфрақұрылымды  жетілдірудің
үздіксіз процесі.
Неғұрлым  жетілдірілген  əрі  кең  өрісті  астаналық  инфрақұрылым
барған сайын күрделі əрі технологиялық сипат алып келеді.
Сол  себепті  оны  ұдайы  тиісті  деңгейде  ұстап  тұру  жəне  одан  əрі
дамыта  түсу  үшін,  бірінші  кезекте  Қазақстанның  жаңа  астанасына  нағыз
қазіргі  заманғы  мамандықтарды  игерген,  ең  бастысы,  кəсіби  шеберлігі
жоғары қызметкерлер мен қызметші кадрларды даярлау проблемасын шешу
қажет.
СТИЛЬ КЕПІЛДІКТЕРІ...
Кез  келген  қаланың,  соның  ішінде  ел  астанасының  даңқын
шығаратын  оның  ғимараттары  мен  құрылыстары  ғана  емес  екендігін
сеніммен айта аламын. Бұлар айбынды да ғаламат болуы мүмкін. Айрықша
дара  немесе  оншалық  ерекшелігі  жоқ  та  болуы  мүмкін.  Солай  бола  тұра,
қаланың  қайталанбас  келбетін  бұлардан  гөрі,  халықтың  жан  жүрегі  мен
ұлттық  мəдениетінің  бір  бөлшегін  бойында  ұстаған  сол  шаһардағы
символдық  объектілер  дəлірек  көрсетеді.  Яғни,  бұл  жолғы  сөз  жаңа
астананың  əр  жерінде  тұрған  сəулет  пен  тарих  ескерткіштері  жайында
болмақ.  Егер  сəулет  пен  тарих  ескерткіштері  болмаса,  Астанамыз  үсті-
үстіне  үйіле  берген  темірбетон  жиынтығы  сияқты  болып  көрінуі  əбден
128

мүмкін.
Қала  мен  астананың  эстетикалық  пішінін  көп  ретте  дəл  осы
ескерткіштер
айқындайды,
солар
қалыптастырады.
Ескерткіштер
функциясы  мұнымен  де  шектеліп  қалмайды.  Сəулет  ескерткіштері  мен
сəулеттік  нысандар  қала  тұрғындарының  туған  шаһарының  эстетикасын
өздері  сезініп,  түйсінуіне  мүмкіндік  жасай  отырып,  олардың  бойында
жоғары талғамды тəрбиелейді.
Астанада  көркем  стильдің  үлгісі  бола  аларлықтай  ескерткіштер
соншалықты  көп  деп  айта  алмайсың.  Бірақ,  меніңше,  мұндай  мəселеде
саннан гөрі, сапаның үстем тұруы шарт. Егер бір сəулеттік нысан көңілдің
күйін қозғап, өзі рəміздеп тұрған бейнеге деген сезімге бөлеп, ойға батырар
болса,  онда  бұл  бір-бірінен  айнымайтын  тұғырға  қонып  алып,  бірін-бірі
қайталайтын һəм ешқандай əсер етпейтін тақылеттес тас үйінділерден əлде
қайда артық.
Ескінің өз орнын жаңаға босатуға мəжбүр болатын жағдайы өмірде
жиі болып тұрады.
Мысалы,  таяу  жылдарға  дейін  Целиноградтың  орталық  алаңында,
Парламент  үйінің  қарсы  алдында  тұрған  Ленин  ескерткішінің  жайы  солай
болды.  Қаланың  байырғы  тұрғындары  мен  соғыс  ардагерлері  Ленин
ескерткішін  алып  тастауға  үзілді-кесілді  қарсы  тұрды,  оларды  түсінуге  де
болатын  еді.  Тіпті  мен  де  олардың  көзқарасына  қосыла  жаздадым.  Бірақ,
қалай айтсақ та, бұл ескерткіш астананың əкімшілік орталығының сəулеттік
келбетіне  түбегейлі  қарама-қайшы  еді.  Осы  проблеманы  Аманжол
Бөлекбаев  шешті.  Ол  алаңға  соғыс  ардагерлері  мен  қаланың  байырғы
тұрғындарын жинап алып, бір жарым сағат бойы қадірменді ақсақалдармен
əңгімелесті. Қаланың қақ ортасында жаңа тəуелсіз жəне егемен мемлекеттің
заң  шығарушы  билігінің  тура  қас  маңдайында  Ленин  ескерткішінің
тұрғаны  қалай  болмақ,  соны  ұзақ-ұзақ  түсіндірді.  Бір  жарым  сағат  бойы
тамақтары  қарлыққанша  дауласып-шуласты.  Қала  тұрғындары  ақыры
əкімнің көзқарасын түсініп, келісім берді.
Целиноградтың  бұрынғы  өзіндік  кескініне  орай  тағы  бір  жағдайды
айтайын.  Қазіргі  Президенттік  мəдениет  орталығының  күмбезі  жарқырап
тұрған  жерде,  қалаға  кірер  жолдағы  биік  тұғырда  бұрын  К-700  тракторы
тұратын.  Қалай  айтсаңыз  да,  Тың  астанасының  нағыз  символы  сол  еді.
Шынында  оның  ешкімге  бөгеті  болған  жоқ,  бірақ  жаңа  астананың  жаңа
сəулетіне  тіпті  кірікпей  қойды.  Не  істейміз?  Аманжол  Бөлекбаев  көп
ойланбастан  осы  тракторды  «Целина»  деп  аталатын  аты  да  тыңға  үйлесіп
тұрған кеңшарға сыйлай салды. Жай ғана сыйға тартты. Кеңшар адамдары
129

бұл  тракторды  өздері  келіп  алып  кетті.  Елдің  айтуынша,  осы  трактор  əлі
күнге  дейін  бабында  көрінеді,  тіпті  бір  бүйірінде  «Аманжол»  деген  жазуы
бар деседі...
Орайы  келген  сəтті  пайдаланып  мен  де  оқырманмен  бірге  жаңа
астананың сəулеттік құрылыстарын аралап өтейін.
Əуежайдан  қалаға  қарай  шығатын  даңғылды  бойлап  Есілге  тірелер
тұста,  бір  қарағанда  дағдыдан  тыс  сияқты  көрінетін  оқшау  құрылыс  көзге
түседі: 27 метр биік төбе басындағы ұзын үрлік. Бұл үрліктің өзіндік оқшау
тұрпатты  ерекшелігі  де  сол  -  алыстан  көрген  кезде  оның  не  мақсатпен
қойылған монумент екенін ешкім тап баса алмайды.
Биік  төбеге  қарай  созылған  55  сатыны  басып  көтерілгенде  ғана
мұның  кең  жайылған  ГУЛАГ  архипелагының  лагерь-аралдарында
дүниеден  өткен  миллиондаған  жазықсыз  жандарға,  саяси  қуғын-сүргін
құрбандарына  арналған  жады  мемориалы  екенін  ұғуға  болады.  Бұл
монументтің  іргетасы  Қазақстан  Халықтары  ассамблеясының  4-сессиясы
ашылған күні қаланды. Төбе басындағы барельефтер тұтастай халықтардың
жəне  ең  қымбат  нəрсе  –  өмірі  қиылған  жекелеген  адамдардың  қатал
тағдырына үнсіз ғана куəлік етеді. Не үшін дейсіз ғой? Өздерін мерт қылған
жендеттерден гөрі, отанын артықтау сүйгендері үшін.
Мұнда  бір  символдық  мағына  бар  деп  ойладым  мен.  Монументтің
мəні  оған  тікелей  жақындап  келгенде  ғана  ашылады.  Ақиқатты  алыстан
көре  алмайсың,  осы  жан  түршігерлік  оқиғаны  еске  салатын  жерге  тым
жақындап келгеніңде адамдар трагедиясын жаныңмен сезінесің. Монумент
биігіне  көтерілген  əрбір  Қазақстан  азаматы,  тек  сол  жерге  -  құрбан
болғандар  жайында  баяндайтын  барельефтерге  тақап  келгенде  ғана
сталиндік  дəуірдің  бүкіл  трагизмін  неғұрлым  толық  сезіне  алады.  Бұл
кешеннің  сəулеттік  жəне  тұжырымдамалық  құндылығы  маған  нақ  осы
эстетикалық  образдардан  көңіл  күй  ауанына  қарай  біртіндеп  ауысатын
ерекшелігінен көрінеді.
Əуежай  жақтан  құрылыс  қаулап  салынып  жатқан  сол  жағалаудан
қалаға  ескі  көпір  үстімен  кіріп  келе  жатқаныңызда,  аспанға  найзадай
шаншылған  үш  тіректің,  арка  тəріздес  əшекейлі  құрылыстың  астынан
өтесіз.  Арканың  ұшы  дөңгелекке  барып  тіреледі,  ол  дөңгелек  кейде  күн
сəулесімен құбылып шыр айналып тұрғандай əсер етеді.
Бұл  арка  қазақтың  кəдімгі  «ақ  батасын»  бейнелейді.  Қандай  да  бір
ұлы  іске  бел  буғанда,  ұзақ-сонар  сапарға  аттанар  алдында  жолың  болсын,
іске  сəт  деп  ақсақалдардың  бата  беруі  –  халқымыздың  байырғы  дəстүрі.
Сол  себепті  бұл  символдық  мəні  бар  «бата»  қалаға  келе  жатқан,  қаладан
130

кетіп  бара  жатқан  əрбір  жолаушыға  көпір  үстінен  ақ  жол  айтып,  сəттілік
тілеп  тұрады.  Сол  көпірдің  келесі  басында  тас  барыстар  тұр.  Бұларды
қаланың  символдық  қорғаушылары  дегеннен  гөрі,  бүкіл  Қазақстанның
қарышты  дамуын  бейнелейтін  нышан  деп  ұғынған  абзал.  Өйткені  Қар
Барысы  –  жаңа  жалпы  əлемдік  құндылықтар  негізіндегі  өркеніміздің
символы  жəне  тас  барыстардың  қалаға  «кіріп»  келе  жатқан  əр  адамның
көзіне  алдымен  түсуі  –  оларға  біздің  негізгі  басымдықтарымызды  үздіксіз
еске салып тұруға тиіс. Тегінде мұндай жағдайларда осындай образдардың
идеологиялық  тұрғыдан  дұрыс  қабылдануын  шама  келгенше  ұмытпаған
жөн.  Барыстың  күші  мен  шапшаңдығы  ешбір  жағдайда  агрессиялық
пиғылды  туғызбайды  жəне  туғызбауға  тиіс,  өйткені  мұндай  символдық
бейнелердің  күші  мен  қуаты  əрқашан  мемлекеттің  прогресс  пен  даму
жолындағы айнымас жəне табанды ұмтылысын бейнелейді.
Республика  даңғылымен  жүріп  өтіп,  Қазақстан  Республикасы
Үкіметінің  жəне  Парламентінің  ғимараттарына  қарай  бұрылсаңыз,  сіз
астананың орталық алаңынан келіп шығасыз.
Алаңның  Үкімет  пен  Парламентті  қоршап  тұрған  бөлігі  жартылай
ашық,  ал  Кенесары  көшесіне  тірелетін  қалған  жарымында  бірқатар
фонтандар  мен  өзге  де  скульптуралық  композициялар  орналасқан.
Бұлардың  ішіндегі  кесе  пішінде  үш  деңгейлі  етіп  жасалып,  алаңның  қақ
ортасына  орнатылған  үлкен  фонтан  айрықша  көз  тартады.  Су  əуелі  ең
жоғарғы  қабаттан  ортаңғы  кесеге  тасып  құйылып  жатыр.  Ортаңғы  кесе
толып  болған  соң,  су  енді  төменгі  əшекейлі  алып  кесеге  сарқырайды.
Фонтан  пішіні  бейбітшіліктің  ұштаған  суретін  білдіретін  Тіршілік
ағашының  символы  іспетті.  Төменгі  бөлігі  –  біздің  өткен  шағымыз.
Ортаңғы  кесе  –  бүгінгі  күніміз.  Ал  суойнақтың  тəжі  –  бəрімізге  ортақ
болашағымызды бейнелейді.
Фонтанның периметрін бойлай Айдаһар, Түйе, Бұқа, Тоқты сияқты
хайуанаттардың  бейнесі  жасалған.  Оны  жасаушылардың  бастапқы  ойы
бойынша, бұл төрт хайуанат бір мезгілде төрт стихияға: Даналыққа, Жерге,
Суға жəне Отқа сəйкес келеді. Осы төрт стихиядан туған өмірдің мəңгілік
қозғалысының  белгісі  ретінде  əр  аңның  аузынан  сыздықтап  су  ағып
тұрады.
Алаңнан онша алыс емес, біреуі Есілдің бергі жағалауында, енді бірі
Республика  даңғылы  мен  Абай  көшесінің  қиылысында  екі  ескерткіш  бар.
Халқымыздың аяулы қос перзентіне арналған ескерткіштер. Оның біріншісі
– Кенесары ханға, екіншісі ұлы Абайға орнатылған.
Кенесары  хан  бір  сəтке  терең  ойға  батып,  арғымақ  аттың  үстінде
131

мығым  отыр.  Бейнебір  осы  сұсымен  жауын  жасқап,  ұрпағына  рух  беріп,
ұлы ерліктерге үндегендей.
Қазақ  халқының  тарихына  Кенесары  өз  отанының  тəуелсіздігін
қарулы  күреспен  сақтап  қалуға  тырысқан  қазақтың  соңғы  ханы  ретінде
енді.  Ол  –  қазақ  мемлекеттігін  қалпына  келтіру  жолындағы  халықтық
күрестің  қаһарманы,  отаршылдыққа  қарсы  көтерілістің  көсемі.  Есіл  өзені
жағасында  сұлтан  Кенесары  Қасымовтың  бастауымен  өршіген  осы
көтерілістің  даңқы  алысқа  жайылғаны  соншалық,  Кенесары  француздың
қиялгер  жазушысы  Жюль  Верннің  бір  романының  басты  кейіпкеріне
айналды.
Мүсінші  Нұрлан  Далбаев  пен  сəулетші  Шота  Уəлиханов
шығармашылығынан  туған  биіктігі  13  метр  (тұғырымен  қоса)  Кенесары
хан ескерткіші Есіл жағалауында асқақтап, тəуелсіздіктің ешқашан оп-оңай
келе қалмайтынын, тəуелсіздікті жеңіп алумен қатар, табанды түрде қорғай
да білу керектігін қараған адамның бəрінің санасына салып тұр.
2001 жылғы мамыр айында Кенесары ханның айбынды ескерткішін
ашу  рəсімінде  монумент  іргесіне  гүл  шоқтарын  қойып  тұрып,  бостандық
пен  тəуелсіздікке  жан  ұшыра  ұмтылған  Кене  ханын  мəңгілік  ұмытпай
жүрген өз ұлтыма ішімнен мың алғысымды арнадым. Кезінде  оның есімін
халық жадынан өшіруге тырысушылық та болды ғой.
Енді мінеки, қазақтың билеушісі əрі қолбасшысы Кенесарының қола
тұлғасы Қазақстан Республикасы тəуелсіздігінің 10 жылдығының символы
ретінде Есіл айдынының оң жағалауында маңғаз асқақтайды.
Қазақтың  данышпан  ойшылы  Абайға  арналған  ескерткіште  ұлы
ақын қолына кітап ұстап, қиырға көз шалып, тұңғиық ойда тұрған сəтінде
бейнеленген.  Туған  халқының  тағдыры  толғантқан  «қола  Абайдың»
ақиқат  сапарының  ұзақ  жолында  сəл  аялдап,  ойланып  қалған  бір  сəті
сияқты.
Абайдың  3,5  метрлік  асқақ  бейнесі  қала  тұрғындарының  сүйікті
демалыс орнына айналған орталық бауда орналасқан.
Жоғарғы  Соттың  жанында  қазақ  халқының  үш  ұлы  биінің
ескерткіші  орын  тепкен.  Сонау  «ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұлама»
заманында алауыз болған хандарды бітімге келтіріп, қазақ халқының басын
біріктірген,  жоңғар  басқыншыларына  қарсы  ұлы  жорыққа  көтерген
əулиелер  бұлар.  Төле  би,  Қазыбек  би,  Əйтеке  би  бабаларымыз  -
əділеттіктің,  бірліктің,  даналықтың,  ұлттық  рухтың  символы  ретінде  қазақ
халқының  тарихынан  мəңгілік  орын  алған  ұлы  тұлғалар.  Олардың
айбынды мүсіндері бірлік жоқ жерде тірлік жоқ екендігін, даналық болмаса
132

даму болмайтынын əрдайым біздің есімізге салып тұрғандай.
Аты  аңызға  айналған  қасиетті  Қаратаудың  күнгей  бетінде,
Ордабасы  биігінде  1726  жылы  қазақтың  үш  жүзінің  хандары  мен  билері,
бектері мен батырлары, елге сыйлы ба- тагөй ақсақалдары ұлы құрылтайға
жиналды.
Осынау  үш  ұлы  би  даңқы  жер  жарған  сол  хандар  мен  батырларға
тура  қарап  тұрып,  қазақ  халқының  басына  түскен  ауыр  күндер  жайында
толғанады: ел басына күн туған шақта, исі қазақ баласы бір жеңнен қол, бір
жағадан  бас  шығарып,  жұдырықтай  түйілмесе,  қазақ  құриды,  қазақтың
ертеңгі таңы енді атпайды. Əне, ата-бабаңның жеріне басып кірген Галдан-
Церен,  ойраттың  қалың  қолы  ұлыңды  құл,  қызыңды  күң  етіп,  ойрандап
келе жатыр деп жар салады.
Төле,  Қазыбек,  Əйтеке  сынды  біртуар  билердің  қазақ  халқы
арасындағы  шексіз  беделінің  арқасында,  үшеуі  үш  жақтан  толғағаннан
кейін  құрылтайға  жиналғандар  бұрынғы  өзара  реніш-өкпені  тастап,  ел-
жұртты аман сақтап қалуға бір кісідей ант беріседі...
Астанадағы Заң академиясына іргелес жатқан баудың дəл ортасында
қазақтың  көрнекті  ақыны  Сəкен  Сейфуллиннің  ескерткіші  бар.  Бұл
ескерткіш  қазіргі  заманғы  қазақ  əдебиетінің  негізін салушы Сəкен
Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойы салтанаты күндері орнатылды.
Ескерткіш  орындықта  отырған  адам  түрінде  жасалған.  Сəкеннің
байыпты,  байсалды  һəм  ойлы  жүзі  оның  ақындық  шабытын  да
бейнелегендей.  Əне-міне  дегенше  қаламын  қолына  алып,  ақ  қағаздың
бетіне нұрлы жырлар нөсерін түйдек-түйдек төгіп жібергелі тұрғандай.
Астана  -  ақындар  қаласы.  Бұл  тұжырым  қаланың  ежелден-ақ  əн-
жырдың ордасы болғандығынан гөрі, шаһарда орныққан жалпы жай-күйге
орайлас  келеді.  Бір  кездері  далалық  өлкемізді  молынан  зерттеген  Григорий
Потанин:  «Маған  бүкіл  қазақ  даласы  əн  салып  тұрған  сияқты  көрінеді»,  -
деген  еді.  Сол  Потанинге  ұқсата  айтсақ:  «Маған  бүкіл  Астана  əн  салып
тұрғандай
болып
көрінеді». Бұл
əндер
Қазақстанның
барлық
халықтарының  тілінде  шырқалады.  Жүректі  жарып  шыққан  осы  əндер
мен  ақындық  бейнелі  суреттердің  бір  бөлігі  сəулеттік  нысандарда  көрініс
тапқан.
Астананың  орталық  бөлігіндегі  гүл  жайнап  тұрған  баудың  бірінде
орыстың  ұлы  ақыны  Александр  Сергеевич  Пушкиннің  ескерткіші  бой
көтерді.  Скульптор  ұлы  ақынның  шабытқа  беріліп,  көңіліне  қанат
байлағандай болған қас-қағым сəтін қалт жібермеген. Шабыт үстіндегі дəл
осы  сəтінде  ақын  өзінің  ұлы  жырларын  туындатып  жатқандай.  Жүрегін
133

нұрландырып  жаңа  ғана  ойға  келген  сəтті  жырларды  іштей  қайталап,  сол
бейнелі  сөздердің  сиқырын  ұстап  қалуға  асығып  бара  жатқан  сияқты.
Пушкинге  қойылған  ескерткіштер  ішіндегі  аса  бір  сəтті  шыққан  туынды
осы тəрізді көрінеді маған...
Əрі  ол  –  өн  бойына  шығармашылық  бастау  мен  поэзиялық
шаттықты  үйлесімді  сіңірген,  Астананың  ең  бір  əсерлі  ескерткіштерінің
бірі.  Пушкиннің  Мəскеудегі  ескерткішін  де  жақсы  білеміз.  Ол  ескерткіш,
бəрінен  бұрын,  ақынның  ұлылығы  мен  зияткерлік  кемеңгерлігін,  адамдық
парасатының  терең  де  қуатты  рухани  қайнарын  бейнелегендей-ді.  Ал
Астанадағы  ескерткіш  –  ақынның  ұшқын  атқан  поэтикалық  жəне
шығармашылық бастауының əсерлі көрінісі.
Астанада  кеңінен  созылған  тағы  бір  ашық  кеңістік  бар.  Ол  жер
бүгінде  астана  тұрғындары  мен  меймандарының  жиі  баратын  демалыс
орнына айналып кетті. Бұл орасан кеңістік - есу каналының қос жағалауын
өрнектеген парктік аймақ.
Бұл  парктік  жағалауды  Л.Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық
университеті,  Ішкі  істер  министрлігі,  католиктердің  костелі  мен  синагога,
тұрғын үй жəне ойын-сауық кешендері қоршап жатыр.
Алайда осы аймақтың ең басты көркі - үлкен алаң ортасында тұрған
«Отан  қорғаушылар»  монументі.  Мұны  Ұлы  Отан  соғысының  қан
майдандарында  соғысқан  жəне  туған  жерге  əрбір  екіншісі  ғана  аман
оралған  миллиондаған  қазақстандықтар  туралы  естелік  болсын  деп  жаңа
астанаға Қарағанды тұрғындары сыйға тартты.
Мамыр айындағы Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелердің
бірінде менің ойыма əлдебір алып та айбынды құрылыстың пішіні келді. Ол
ұрпақтар  сабақтастығы  мен  дəуір  байланысының  символы  ретінде  біздің
ата-бабаларымыздың  өшпес  рухын  біріктірсе  деп  қиялдадым.  Сөйтіп,
мүсінші  Юрий  Баймұқашевтың,  сəулетші  Бақтыбай  Тайталиевтің,  суретші
Мақаш  Əлиакпаровтың  жəне  Қарағанды  көркемөнер  қорының  директоры
Александр  Курицынның  күш-жігері  арқасында  менің  идеям  нақтылы  іске
асты...
Зеңгір  көкке  ұмтылған  қола  масақтар  бауының  алыптығы  мен
айбыны таңғалдырады. Металл үрліктердің биіктігі 37,5 метр болса, баудың
өзі 101 масақтан тұрады.
Бұл ғаламат құрылыстың символдық мəні қарапайым да түсінікті: ол
барлық  қазақстандықтардың  бірлігі  мен  ізгілікті  ұмтылысын  айшықтайды.
Күрделі  əшекейлер  белдеулеген  алып  шардың  пішіні  біздің  Отанымыздың
байлығы  мен  қуатын  еселеп  тұрған  рухани  мұрамыз  туралы  парасатты
134

ойды өрістетіп, үрліктің символдық конструкциясын толықтыра түседі.
Осынау  алып  монументтің  өзегінде  көп  ұлтты  Қазақстан
тұрғындарын,  өз  ұлдарын  күлімдеп  қарсы  алып  тұрған  Ел  Анасының
бейнесі  тұлғаланған.  Ұрпағына  сүйіспеншілік  пен  ақ  батаның  алтын
кесесін  ұсынып  тұрған  Ел  Анасының  жарқын  бейнесі  қасиетті  де  ежелгі
Қазақстан  жеріндегі  бейбітшіліктің,  тыныштық  пен  тұрақтылықтың  ең
мықты символы емес пе?
«Отан қорғаушылар» монументінің тұғырын көмкерген барельефтер
еліміздегі бейбіт те тату-тəтті тірлігіміз кескілескен ауыр күреспен келгенін
еске салғандай.
Міне,  кеңестік  жауынгерлердің  бір  тобы  өлім  сепкен  неміс-фашист
басқыншыларына  қарсы  аяусыз  ұрысқа  ұмтылып  барады.  Ал  келесі  бір
барельеф  қазақтың  батырлары  мен  сарбаздарының  кезінде  барша  қазақ
халқын  жер  бетінен  жойып  жібере  жаздаған  жоңғар  басқыншыларына
қарсы  шайқасының  сəттерін  бейнелейді.  Орасан  зор  осынау  монумент-
кешенді оның табанында жалындаған Мəңгілік алау тұйықтайды.
Бұл  Мəңгілік  алау  Алматыдан  жеткізілді  жəне  28  батыр-
панфиловшылар  мемориалы  алдында  жанып  тұрған  алаудың  оты  болып
табылады.  2001  жылғы  9  мамырда,  Отан  қорғаушыларды  еске  түсіру
мемориалының  салтанатты  ашылу  рəсімі  кезінде,  осы  алау  да  Астанадан
тұрағын  тапты.  Бұл  күні  мен  де  өзімнің  қаһарман-отандастарымды  еске
алып, тағзым етіп басымды идім.
Кешеннің ерекшелікті тағы бір себебі - 2001 жылы Астанаға келген
Жоғары Шапағатты Рим Папасы Иоанн Павел II өз мессасын тура соның
жанында  өткізді.  Діні  мен  мəдениетіне  қарамастан  Қазақстан
халықтарының  бірлігі  мен  бейбітшілік  сүйгіштігін  бейнелейтін  монумент
жанында Қасиетті понтифик, рим-католик шіркеуінің басшысы
халықтардың  бір-біріне  деген  сүйіспеншілігімен  сыйластық  құрметін,
бейбітшіл  ниеттерінің  сенімін  нығайту  қажеттігі  туралы  ойларын
айтып, Қазақстан тұрғындарына өзінің мынадай тілек сөздерін жеткізді.
«...Сіздердің  ұлттық  туларыңыздың  түсіне  қарай  отырып,  сіздер  үшін,
қымбатты  қазақтар,  мен  Құдіреті  күшті  Құдайдан  көк  түс  символы  болып
табылатын беріктік пен ашықтықты, ондағы алтын түс бейнелейтін береке
мен  бейбітшілікті  тілеймін.  Саған,  Қазақстан  жəне  сенің  барлық
тұрғындарыңа  Құдайым  рақымын  түсіріп,  сенің  болашағыңа  келісім  мен
бейбітшіліктің нұрын төксін!».
Қазақстан  астанасының  ажарын  ашып  тұрған  ескерткіштер  мен
сəулеттік  кешендер  ғана  емес.  Есіл  үстінен  салынып,  «Сарыарқа»  деген
135

атқа ие болған жаңа көпірді де еске алмай тұра алмаймыз. Бұл көпір жаңа
астананың  дамып  келе  жатқан  Сол  жағалауы  мен  неғұрлым  қаулап  өсіп
бара  жатқан  Оң  жағалауының  арасын  жалғастырушы  бірінші  қатынас
буыны болды.
Жаңа көпірдің ұзындығы - 214 метр, ал ені - 33 метр. Бұл көпір ескі
көпір  сияқты  тура  əуежай  мен  Қорғалжын  тасжолына  шығады  да,
елорданың  қақпасы  қызметін  атқарады.  Үш  қатар  жолы  бар  көпір
əрқайсысының салмағы үш мың тоннаға жуық металл конструкциялардан
құрастырылған,  15  тоннаға  дейінгі  шынжыр  табан  трактордың  салмағын
көтере  алады.  Жаңа  көпірдің  тəулік  сайын  25  мыңға  жуық  машинаны
өткізуге мүмкіндігі бар.
Астананың  ажар-көркі  туралы  сөз  болғанда,  Астананың  ресми
гербін  айналып  өту  əділетсіздік  болар  еді.  Əрине,  герб  сəулет  өнерінің
ескерткіші  емес,  бірақ  ел  ордасының  барлық  орталық  көшелері  мен
ғимараттардың  маңдайларында  Астана  гербі  бейнеленген  əлем-жəлем
жалаулар мен көркем плакаттарды байқамай өту мүмкін емес.
Желмен  желбіреген  Астана  гербі  елорданың  эстетикалық  өзіндік
келбетін
түзейтіні
əрі
қаланың
қайталанбас
сəулеттік
бейнесін
қалыптастыруға əсер ететіні сөзсіз.
Еске  сала  кетейін,  Астана  гербінің  жаңа  нұсқасы  1999  жылғы
маусымда, қаланың ресми тұсаукесерінен кейін бір жыл өткен соң бекітілді.
Жаңа  гербтің  авторлары  –  талантты  суретші-дизайнерлер  Дембай
Салауат  пен  Аманжол  Чеканаев.  Гербтің  негізі  –  дөңгелек  шығыстық
қалқан. Күрең қызыл түсті қамал қабырғасы астарында дөңгеленген көкшіл
даладан  ақ  қанатты  сақ  барысы  көрінеді.  Барыстың  бейнесі  қазақ
хандарының  бас  киімі  түрінде  келетін  алтын  тəжді  скифтік  аң  стилінде
салынған.  Мұның  мəнін  маған  кейіннен  қаланың  тағдырлы  тарихының,
қазақтың  соңғы  ханы  Кенесарының  ерлігі  мен  жанқиярлық  күресінің,
сондай-ақ  қайта  туған  мемлекеттің  астанасын  көшіру  туралы  шешім
қабылдаған  республиканың  тұңғыш  Президентінің  даналығы  мен
батылдығының символы деп түсіндірді.
Күрең  қызыл  түсті  қамал  пішіні  қаланың  Есіл  өзенінің  жағасында
қамал-қала ретінде пайда болу тарихын еске салады. Ақ түс қазақ ұлтының
ой-ниетінің пəктігі мен тілегінің мөлдірлігін бейнелейді.
Геральдикалық  қалқанының  жиегі  айнала  алтындалған  жолақпен
əдіптелген.  Алтын  жолақтың  ұшар  басында  шаңырақ,  бұл  –  қазақ  халқы
ошағының  символы.  Қалқанның  сол  жағында  да,  оң  жағында  да  -  Тың
өңірінің  белгісіндей  бидайдың  алтын  масақтары.  Жолақтың  төменгі
136

бөлігінде «Астана» деген жазу бар.
Сайып  келгенде,  Астананың  гербі  мемлекеттің  жəне  еліміздегі
халықтар  тарихының,  олардың  ізгі  мұратты  тілегінің  символ-бейнесі  бола
отырып, халықаралық геральдикалық символиканың барлық канондарына
толығымен жауап береді.
Болашақ  жоспарланып  қойылғанда  ғана  жетіле  түседі.  Бұл
тұжырым, бəлкім, тым кесіп айтылған шығар. Десек те, бүгінгіні түзету мен
жақсартуға  тырысқан  кезде  мүмкін  болатын  кемшіліктер  мен  қателіктерді
жібермес  үшін  жоспар  жасап  алудың  ең  тиімді  құрал  екендігіне  ешкім
күмəн  келтіре  қоймас.  Оқырман  көңіліне  «Астана  ауқымды  құрылыстары
əйтеуір  неғұрлым  көп,  неғұрлым  тез  салынса  екен  дейтін  ұранмен
жүргізіліпті» дегендей əсер ұяламас деп ойлаймын.
Əлбетте,  қала  салу,  оның  үстіне  мемлекеттің  астанасын  тұрғызу
сияқты аса жауапты істе нақты ойластырылған əрі ақылға салып өлшенген
жоспар  болмаса,  өсіп  келе  жатқан  қаланың  барлық  ерекшеліктерін
үйлестіре ескеру, қала орамдарының ретсіз салынуы кезінде міндетті түрде
пайда  болатын  өрескел  проблемалар  мен  келеңсіздіктерді  айналып  өту
мүмкін емес.
Менің  білуімше,  американың  Детройтында  «Даму  бағдарламасына
ескерткіш» деп жазылған ескерткіш-тұғыр бар екен. Міне, мақтануға лайық
естелік  тап  осы!  Өйткені  осыдан  отыз  жылға  жуық  уақыт  бұрын
қабылданған  дəл  сол  даму  бағдарламасының  арқасында  Детройт  əсіре
урбанизацияның  болмай  қоймайтын  алуан  проблемаларынан  арылды.
Сөйтіп жұрт қатарлы дамыған, қалыпты тірліктегі қалаға айналды.
Астана  (сол  кездегі  Ақмола)  құрылысының  алғашқы  бас  жоспары
тұңғыш  рет  1840  жылы,  яғни  қамал-қаланың  іргесі  қаланған  соң,  он  жыл
өткеннен кейін əзірленді деседі.
Арада  жүз  жылдан  астам  уақыт  өткенде,  кеңестік  кезеңде,  1957
жылы «Казгорсель- стройпроект» жобалау институты əзірлеген Ақмоланы
дамытудың Бас жоспары қабылданды.
Бас  жоспардың  негізіне  қаланың  орталығын  нақты  айқындауды,
қала  орамдарын  ірілендіруді  жəне  жұмыс  істеп  тұрған  жолдарды  жөндей
отырып,  қала  ішінде  жаңадан  автомагистральдарды  іске  қосу,  сол  арқылы
жол  құрылысын  дамытуды  жүзеге  асыра  отырып,  жалпы  қаланың
инфрақұрылымын  одан  əрі  өркендетудің  бірқатар  міндеттері  енгізілді.
Мысалы,  қаланың  орталығын  тікелей  вокзал  алаңымен  байланыстыратын
жаңа  магистраль  салынып,  ол  «Мир  көшесі»  деген  атау  алды  (қазіргі
Бейбітшілік көшесі).
137

Бас  жоспарға  орай  жəне  КСРО  Министрлер  Кеңесінің  1961  жылғы
арнаулы  қаулысына  сəйкес  1961  жылғы  11  наурыздан  бастап  Целиноград
деп  аталған  Ақмолада  қарапайым  жұртшылық  «хрущевка»  деп  кеткен  ірі
панельді тұрғын үйлердің жаппай құрылысы басталды.
Тың  өлкесі  астанасының  өсу  шамасына  орай  жəне  ішкіодақтық
көші-қон  мен  Тыңның  игерілуі  салдарынан  арта  түскен  қала  халқының
көбею  қарқынына  əрең  үлгеріп  отырған  қала  инфрақұрылымын  да  күрт
дамуына  байланысты  қаланы  Қазақстандағы  ғана  емес,  бүкіл  Кеңес
Одағындағы  ірі  орталық  ретінде  одан  əрі  өркендету  үшін  бұдан  былай
жоспарлау  ісіне  барынша  тыңғылықты  жəне  жан-жақты  қарау  қажеттігі
туды.  1962  жылы  Ленинградтың  «Горстройпроект”  институтының
Г.Я.Гладштейн басқарған бір топ сəулетшісі Целиноград қаласының - Тың
өлкесі  астанасының  Бас  жоспарын  жасады.  Бұл  сол  уақыттағы  Бас
жоспарлар ішіндегі ең озық əрі тиянақталған жоспар болатын.
Бас  жоспардың  негізіне  тұрғын  үй,  əкімшілік,  қоғамдық  жəне
өнеркəсіптік
объектілерін
қамтитын
аумақтардың
функционалдық
зоналарын
құру
есебінен
қала
ландшафтының
құрылымдық
тұжырымдамасы салынды.
Астаналық  «Астанагорпроект»  институты  директорының  ғылым
жөніндегі  орынбасары  Нұрбек  Ғабдулхамитұлы  Аужанов  өзінің  «Астана  -
XXI  ғасырға  секіріс»  атты  кітабында  былайша  жазады:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет