71
қоршап тұрған табиғат жүйелері туралы болып отыр. Ол Есілдегі жаңа
елорданың “экологиялық қарауылы” міндетін өз мойнына алып, оның
экосферасын сыртынан да, ішінен де қалпына келтіріп отырады.
Бұл “қарауылдар” – баршаға белгілі Бурабай жəне көк айдын, жасыл
желекті Қорғалжын қорығы...
Байтақ даланың қақ ортасындағы көкорайдай көркем Бурабайдың
көз жауын алар ғажап табиғаты, сан алуан кейіптегі жасыл ормандары мен
тау-тастары талай аңыз-жырдың арқауы болған.
Расында да, табиғаттың құдіретіне таң-тамаша қалдыратын əйгілі
биші қайыңдар небір аңызды тудырмай ма?
Жартастарының сан алуан мүсіндері мен ала-құла кейіптері осы жердің
сиқырлы жаратылысы туралы ойға жетелемей ме? Суы тапшы осынау
өлкеде маржандай шашырап жатқан үлкенді-кішілі айна көлдер табиғаттың
ғажап құбылысының кездейсоқ еместігі туралы аңыз бейнелерді алға
тартпай ма?
Егер Алматы Қазақстанның ең көрікті қаласы екендігі даусыз болса,
Бурабай жері Орталық Азиядағы ең сұлу қорық аймағы екендігі ешқандай
күмəн тудырмайды. Оны даланың “інжу-маржаны”, “Қазақстанның
Швейцариясы” деп бекер атамайды.
Бурабай, Кіші жəне Үлкен Шабақты, Шортан көлдерінің, басқа да
көлдердің көгілдір айдындарының арасында алаңқайлар, сыңсыған
көктеректер, бұталар мен ақ қайыңдар тоғайлары алма-кезек керіліп
жатады. Олар көлдердің дəл жағалауынан көтеріліп шығып, бастарына бұлт
қонған биік жартастарға қарай жоғары өрмелеп кетеді. Шынында да бұл -
əр кезеңде көшпелі халыққа құтты қоныс, өсіп-өнген өңір болып келген,
қиялға қанат бітіріп, талай аңыз бен ертегіге арқау болған аймақ қой.
Осы ғажап жер, оның бай экологиялық ресурсы, аса қуатты қалпына
келтіру əлеуеті Бурабайдың даңқын асыра беретініне кəміл сенімдімін.
Көзін тауып ұйымдастыра білсе, Есілдегі астананың тұрғындары мен
елордаға ағылған қонақтар бос уақыттарын демалыспен жəне мəдени-
сауықтырумен өткізетін нағыз өркениетті орын нақ осы ара болады.
Осы орайда бүкіл Бурабай аумағын жəне Зеренді ормандары мен көлдерін
мемлекеттің қорғауындағы ұлттық парк деп жарияладым.
Астанадан шығысқа қарай талай əн-жырдың арқауы болған атақты
Ерейментау, одан əрі Баянауыл таулары кетеді.
Қазақтың ұсақ шоқылы ұлан-ғайыр аймағында жатқан бұл таулар
соншама биік те емес, дегенмен олардың арасында Аққұм секілді биіктігі
1100 метрге дейін жететін шыңдар да кездеседі. Біздің ауыз əдебиетімізде
72
тау аттары затына сай келеді. Мысалы, Күншалғанға күн нұры мейлінше
төгіліп тұрса, Қойтас, шынында да, жайылып жатқан қойларға ұқсас.
Жібектей төгілген жолдан аумай қалған Айғыртал шоқысы қандай əсем.
Алайда бұл өлке тек қана тілсіз тастарымен ғана емес, аса бай жануарлар
дүниесімен де əйгілі. Бұл маңды арқар, қасқыр, түлкі, қоянның түр-түрі,
борсық, күзен, ақкіс, ондатра, аққу, тырна бүркіт жəне т.б. аң мен құстар
мекендейді.
Ал Баянауылды ешқандай əсерлеусіз-ақ əлемдегі ең көрікті
өңірлердің бірі дей аламыз. Оны адам палеолит дəуірінен бері мекендеп
келеді. Қазақтың ежелгі жыры “Қозы Көрлеш - Баян сұлудың" мазмұнында
осы өлкемен тікелей байланысты оқиғалар кездеседі. Баянауыл тауының
бөктерін көмкеріп жатқан қарағай ормандарын көптеген шатқалдар мен
мөлдір сулы өзендер жарып өтеді. Бұл жерде сүтқоректілердің - 40,
құстардың 70 түрі мекендейді.
Астанадан батысқа қарай көлдер шалқыған өңірде дала табиғатының тағы
бір кереметі - Қорғалжын қорығы жатыр. Бұл табиғат кешені Теңіз
ойпатының оңтүстігінде, одан əрі Қазақтың ұсақ шоқылары ұласады.
Қорықтың жүрегі - өзара жалғасқан Теңіз жəне Қорғалжын көлдер жүйесі.
Олар жер түзілімінің эоцен дəуірінде қазіргі Орталық Қазақстанды бір кезде
тұтас жауып жатқан теңіздің жұрнақтары болып келеді.
Қорғалжын қорығындағы көлдер планетаның биосферасында
стратегиялық қызмет атқарады деуге болады.
Олар жыл сайын Африкаға, Оңтүстік Азияға сапарға аттанып, Сібірге жəне
Еуразияның еуропалық бөлігіне кері қайтып келетін миллиондаған
құстардың қонып өтер айдыны.
Теңіз көлінің аумағы 159 000 гектарды құрайды, бұл Женева көлінен
2 есе артық. Суының минералдануы əлемдік мұхиттың тұздылығынан 5-6
есе жоғары. Көлде құстар ұя салатын 70-ке жуық үлкенді-кішілі арал бар.
Қорғалжын көлі Теңіз көліне мүлдем ұқсамайды. Оның алып су айдынын
қамыс пен қоға араласа өскен қопа басқан.
Осы тамаша қорықта өсімдіктер дүниесінің 350-дей түрі өседі, оның
90 пайызы шөптер.
Бұл қорық құстардың ұшып өтетін жəне ұя салатын, мол
шоғырланған жері ретінде Қазақстаннан тысқары жақтарға да жақсы мəлім.
Күз бен көктемде осы өңір арқылы миллионнан астам суда жүзетін құс
ұшып өтеді. Қорғалжын су айдындарынан құстардың 300-ге жуық түрін
бақылауға болады, солардың 32-сі “Қызыл кітапқа" енгізілген. Осы ретте,
суда жүзетін құстарды қорғау жөніндегі конвенцияға сай Қорғалжын
73
табиғат кешені “А" санаты бойынша халықаралық маңызы бар сулы-
батпақты жерлер тізіміне енгізілген.
Бірақ “бір қарын майды бір құмалақ шірітер" деген емес пе.
Табиғаттың аты табиғат, ол көбінесе адамның араласқанын қаламайды,
оны өзінен алшақтатуға тырысады. Осы теке тіресте ол адам мен
табиғаттың үйлесімді бірлігін жəне адамның тұрмысын бұзатын
уландырушы күшті іске қосады.
Əңгіме Астананың атақты масалары туралы болып отыр. Елордада
кез келген оқиға жаһандық ауқым деңгейіне жетеді. Ал егер əңгіме
жайсыздықтар немесе проблемалар туралы бола қалса, онда ғаламдық
сипат алады. Сөздің тура мағынасында Астанада маса мəселесі түймедейді
түйедей еткенмен бірдей болды. Ашығын айтсақ, бұқаралық ақпарат
құралдарының бетіндегі маса табиғаттың өзіндегіден əрмен көбейіп кетті.
Шынтуайтында, Астанадағы маса өзен жағасында орналасқан басқа
қалалардағыдан көп емес еді.
Вашингтонның батпақты жерде салынғанын еске түсірейік. Бір
заманда онда маса түгіл, көшелерде жəндіктер қаптап өріп жүрген. Куала-
Лумпур батпақты жер дегенді білдіреді. Мұндай мысалдар жетіп-артылады.
Олардың қасында Астананы жұмақта тұр деуге болады.
Дегенмен астаналықтар өмірінде маса мəселесінің белең алғаны
соншалық, тіпті мен өткізетін кеңестердің бірінде өзекті əңгіме қозғалды.
Қоғамдық пікірдің аты қоғамдық пікір, шүғыл түрде “масаға қарсы шайқас
жоспары жасалды.
Қаладағы жəне оның маңындағы, негізінен, Есіл жағалауындағы
қамыстарды құрту - басты шара болып белгіленді. Қаланың ішіндегі барлық
ашық алаңдарға көк шөп тұқымын себу, сөйтіп жаппай көгалдандыруға
кірісу ұйғарылды. Есілдің жағалауына асфальт төселініп, қала маңындағы
қамыстар шауып тасталды.
Осылай біз баспасөзге, қоғамдық пікірге жəне астаналықтардың
көпшілігіне маса мəселесін ұмыттырдық.
Немесе басқа бір биогендік проблема - қауырт өсіп бара жатқан
Астананың пайдаланылған суды ағызу мəселесін алайық. Қолда бар
қуаттар Целиноградтың қажеттілігін өтеуге есептелген. Бірақ 200 000
халқы бар Целиноград бір кездегі провинциялық қаладан Қазақстанның
жарты миллионнан астам тұрғыны бар астанасына айналып шыға келді.
Тиісінше, тазарту қондырғылары қақалып-шашалып, үлкен əбігерге түсті.
1964 жылы жоспарланып, 1970 жылы іске қосылған негізгі су жинаушы
Талдыкөлге сарқынды судың мұндай мөлшері сыймай, ернеуінен асып,
74
сыртқа шығып кетті. Оның үстіне, өскелең қаланың мүддесі осы су
жинаушының өзін жойып, Талдыкөлдің түбіндегі қалдық тұнбаларды
құрғатуды талап етеді.
Мəселені шешу үшін барлық сарқынды су қоймаларын қайта жабдықтау
жəне олардың тəуліктік орташа өнімділігін тым болмағанда 136 000 текше
метрге жеткізу қажет еді.
Бұл орайда бұрын жұмыс істеген инженерлік құрылыстарды қайта
жабдықтау, оларды бір мезгілде қатар пайдалану жəне маусымдық реттеуге
арналған сарқынды суды жинаушы Қарабидайықты пайдалану нұсқасы
ұсынылып, қабылданды.
Нəтижесінде Талдыкөл қоймасына сарқынды су құю тоқтатылды.
Астанадан жіберілген сарқынды судың тазалану деңгейі балық өсіруге
жарамды судың құрамы нормативтеріне дейін жеткізіледі, су қоймасы
табанындағы батпақ қайта өңделеді.
Талдыкөлдің болашақ тағдырына келсек, бағдарлама толық орындалғаннан
кейін ол жерге теректердің өнеркəсіптік плантациялары отырғызылады.
Талдыкөл танабында жасыл орман жайқалатын болады.
Елорданың сарқынды суы проблемасы жəне Астананың Сол
жағалауындағы бұрынғы су жинаушы Талдыкөлдің орнында тағы бір
табиғатты қалпына келтіру аймағын жасау осылайша орайлы шешіледі.
Астананы сумен жабдықтау мəселесі де дəл осылай ұтымды шешілмек. Бұл
істе бізге жапондықтар көмек береді. 2002 жылы Қазақстан мен Жапония
арасында “Астана қаласын сумен жабдықтау жəне су тарту" жобасы
бойынша келісімге қол қойылған болатын. Келісім шартына сай жапон
жағы осы жобаны іске асыру үшін 21, 361 миллиард иен (161,7 миллион
доллар) береді. Жоба аясында сорап-сүзгісі бар жаңа су тартушы салу,
жұмыс істеп турған стансаны қайта құру, сондай-ақ астанада жаңа су
таратқышты қосу, тозған құбырларды ауыстыру жəне тың коллекторларды
іске қосу арқылы жаңа су тарату құбырлары жүйесін жетілдіру
жоспарлануда.
Қазір қаланың негізгі су көзі - Астана (бұрынғы Вячеслав), Сергеев
жəне Петропавл су қоймалары болып отыр. Су тартудың жаңа жүйесі
Қазақстан астанасының барлық ауданын сумен қамтамасыз ету мəселесін
оңтайлы шешуге мүмкіндік беретініне күмəн жоқ. айдындары ретінде
Астананың жəне оның төңірегінің табиғи қалпына келтіру əлеуеті жүйесіне
кіреді.
Ақмола облысының табиғи қалпына келтіру əлеуеті таразы басын
Ақмоланың пайдасына басқан салмақты факторлардың бірі болды. Расында
75
да, табиғаттың осындай қолдауынсыз, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесінің бай қорынсыз, өлкенің Қорғалжын, Бурабай жəне Ерейментау
сияқты “інжу-маржандарынсыз” Қазақстанның жүрегі ретінде Астана
қаласының елордалық инфрақұрылымының толыққандылығы туралы айту
қиын болар еді. Өйткені астана өзінде барымен ғана емес, өзін қоршап
тұрғандармен де еңселі.
АРҚАДА ТУҒАН АЛЫП...
Кеңес Одағының халық шаруашылығы кешенін қалпына келтіру
жөніндегі соғыстан кейінгі бағдарламасы егіншілікте жəне ауыл
шаруашылығында пайдалануға болатын жаңа жерлерді игеруді көздеді.
Түптің түбінде, тың жəне тыңайған жерлерді игеру бағдарламасын
жүзеге асыру үшін қолайлы жер нақ Орталық Қазақстанның жазық алабы
болғаны да таңдандырмайды. Содан тың жəне тыңайған жерлерді игерудің
əуел басынан-ақ болашақ Тың орталығы ретінде Ақмола одақтық маңызы
бар қалаға айналып шыға келді. Тың өлкесін игеруге келген мыңдаған адам
алғашқы қадамдарын осы жерден бастады.
КОКП Орталық Комитетінің жоспары бойынша Ақмола 100 000
халқы бар ірі қала ретінде 1960 жылы Қазақстанның орталығындағы жəне
солтүстігіндегі өңдеуге жəне егін егуге жарамды барлық жерлерді қамтып
арнайы құрылған Тың өлкесінің орталығы болуға тиіс еді.
Келесі жылы Тыңның бейресми астанасы болып келген Ақмола бұл
мəртебені ресми иеленді: 1961 жылы Ақмола облысының орталығы
Ақмола қаласы Целиноград болып өзгертілді.
Біз, əрине, тың жерлерді игерудің жер эрозиясын туғызып,
тоздырып жіберген, қазақтың дəстүрлі мал шаруашылығын құлдыратуға
соқтырған жағымсыз салдарын əрдайым есімізден шығармаймыз. Алайда
ең алдымен, Қазақстанға шын көңілден игілік тілеген жəне өздерінің
қажырлы еңбектерімен экономикамыздың дамуына үлес қосқан адамдарды
ұмытпау керек деп есептеймін жəне мені көпшілік түсінеді деп ойлаймын.
Тың жəне тыңайған жерлерді игерудің 24 жылы ішінде Қазақстан
27,2 миллиард кеңес сомына 250 миллион тонна астық сата алды. Бұл ретте
Қазақстан бюджетінің шын мəнінде алтын дəннен алатын таза пайдасы 6,1
миллиард сом болды.
Ал қала инфрақұрылымы қалай дамыды? Ақмола Целиноградқа
айналып қана қоймай, 200 000 халқы бар айтарлықтай үлкен қала
деңгейіне жетті. Қазақстан Республикасының картасында ондаған жаңа
елді мекендер дүниеге келді.
76
Тəуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы қалаға тарихи Ақмола атауы
қайтарылып берілді. Бес жыл өткен соң, яғни 1997 жылғы 10 желтоқсанда
бұрынғы тыңның астанасы Ақмола қаласы күллі Қазақстанның елордасы
болып ресми жарияланды.
Бірақ Ақмола атауы ұзақ тұрмады, 1998 жылы Ақмола Астана
болып қайта аталды. Осы атаумен Қазақстан елордасы жаңа мыңжылдыққа
енді.
Қазақстанның бүгінгі елордасы Астана - Қазақстанның халық саны
бойынша екінші, ал даму қарқыны бойынша бірінші орындағы қаласы.
Астана бүгінгі күні республиканың əкімшілік орталығы болса, ал ертең
республиканың мəдени, ғылыми жəне өнеркəсіп орталығына да айналады.
Астана бұған табанды да жүйелі түрде бет алып келе жатыр. Елорда
инфрақұрылымының бірте-бірте дамуы Астананың келбетін Азияның ең
əсем əрі осы заманғы елордаларының бірі ретінде түпкілікті бекіте түседі.
Осы шын мəнінде жоғары мақсатқа жетудің басты шарты - жүйелі тұрғыда
жұмыс істеу. Тек Қазақстан астанасының ғана емес, республиканың басқа
да қалаларының келбетін қалыптастыруда жүйелілік керек. Өйткені
астананың жəне қаланың инфрақұрылымының үйлесімді дамуы барлық
уақытта қала тіршілігінің барша қырын ескеріп отыруды талап етеді. Қала
соншалықты күрделі де көп құрамды ағза, оны басқару – қала жүйелері
тамырын қолда ұстаудың тұтас бір ғылымын дамытумен парапар.
Бізде, Қазақстанда, біраздан бері қала тіршілігінің барлық мүмкін
болатын проблемаларын зерделеуге арналған мамандандырылған құрылым
құру туралы мəселе талқыланып келе жатқаны бекер емес.
Мұндай құрылым Қаланы дамыту институты деген шартты атау
алды.
Бұл Институт өз қызметінде екі бағытты ұстанатын болады.
Біріншісі
-
қала
шаруашылығын,
құрылысты,
инфрақұрылымды,
коммуникацияны қоса алғанда, қала өмірінің «материалдық-техникалық»
бөлігін, екіншісі - білімді, ғылымды, мəдениетті, спортты жəне т.б. қоса
алғанда “гуманитарлық" бөлігін зерттеу.
Қаланы дамыту институтының міндеті жетіп-артылады, қызмет
ауқымына: қала өмірінің барлық саласының мониторингі, сараптама,
болжам, талдау жəне бағалау мəселелері кіреді. Бірақ Институттың ең
басты міндеті – қаланың дамуын, соның ішінде астаналық даму
модельдерін сынап байқау болады.
Осындай қаланы дамыту институты Астанада құрылады. Ол
қаланың тіршілік ортасының, əсіресе Қазақстан Республикасының
77
елордасы Астана қаласының үйлесімді де тиімді өркендеуінің өте маңызды
буынына айналары күмəнсіз...
ЕЛ ҚОНДЫРДЫҚ ЕСІЛГЕ...
Сонымен 1994 жыл келді. Бір кездегі алып мемлекет бөлшектеніп
ыдырап кетті... Ел аса бір алмағайып жағдайды бастан кешіріп жатты.
Төтенше
жағдай
əдеттегі
тəсілдермен
шешіле
алмайтын
еді.
Реформалардың созылып, əрі саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне
геосаяси сипаттағы проблемалардың шиеленісіп кету қаупі төніп тұрған
болатын. Елде қалыптасқан ахуалға мейлінше тиімді əрі парапар ықпал
ететін басқа шаралар мен іс-қимылдар жəне содан туындайтын тосын əрі
тың шешім қажет болды.
Баяғы бір уақытта, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
Бірінші хатшысы кезімде менің қолыма академик Қаныш Сəтбаевтың
баянхатының түскені бар. Ол анау-мынау мəселені емес, Қазақ КСР-ның
астанасын Қазақстанның географиялық орталығы Қарағандыға не
Целиноградқа көшіруді ұсыныпты. Ардақты ғалым, ардагер қайраткер өз
дəлелдерінің бірі ретінде осындай байтақ республиканың астанасы елдің
əлдебір шеткері түкпірінде болмауы тиістігін келтірген. Оның үстіне
арадағы қарым- қатынас сол уақытта нашарлап тұрған Қытай Халық
Республикасымен шекара да тым іргеде.
Есімде қалғаны: осы елеулі мəні бар баянхат Мəскеуге жіберілген екен.
Мұндай мəселелер Мəскеусіз шешілмек түгілі, қолға да алынбайтын еді
ғой.
Мəскеу: «Басқа істейтін істерің жоқ па?»-деп, келте кесіпті. Осымен
астананы көшіру туралы мəселе жабылған. Бұл Хрущевке дейін болған
оқиға.
Осыған орайлас мезгілдің бірінде қолыма бір тың ардагерінің кітабы
түсті. Онда ол Хрущевтің Қазақстан астанасын Целиноградқа көшірмек
ойы болғанын айтқан екен.
Егер Хрущев 1964 жылы “ұшып кетпегенде", оның ойға алғанын
жүзеге асыруы мүмкін екендігіне шүбə жоқ.
Қуатты мемлекеттегі бірінші адамның ниеті қаншалықты байыпты
болғанын кім біліпті, бірақ Хрущев сырт көзге қарапайым əрі мылжыңдау
көрінгенімен, сөзін аяқ асты еткізбейтін. Бұл тұрғыда ол табанды болған
жəне істі көп кешеуілдете бермеген.
Дегенмен, астананы көшіруге бағытталған алғашқы ұйымдық
шаралар жəне нақты қадамдар бəрібір жасалған. Білуімше, Тың өлкесін
78
басқарған ресми адамдар осы мəселемен Мəскеуге бірнеше мəрте барған.
Олар Қазақстанның болашақ астанасы Целиноградқа, Съездер сарайына
ұқсас, өзінің ірі Мəдениет сарайы керектігін алға тартқан. Мəскеу бұған
ақша берген. Осылай күні бұрын алдарына барғаннан кейін Мəскеу Жастар
сарайын, өлкелік комитет үйін, қонақ үйді, шағын аудандарда тұрғын
үйлер салуға да ақша бөледі. Энергиямен жəне сумен жабдықтау біршама
шешілген, Тың темір жолы құрылған. Яғни осының бəрі, ерте ме, кеш пе
бастапқыда ойластырылғандай, астаналық объектілерге айналуға тиіс еді.
Осылайша, Хрущев биліктен тайдырылғанға дейін Целиноград ақырын,
елеусіз ғана, болашақта тек Тың өлкесінің ғана емес, бүкіл Қазақстанның
астанасы болуға дайындала бастады.
Бұл жоспардың бəрі жалпы алғанда мен үшін, əрине, соншалықты
жаңалық та емес еді. Хрущевтің осындай ниеті болғаны туралы бұрын да
естігенмін.
Əйтсе де, Қазақстан тəуелсіздігінің алғашқы қадамдары кезінде бұл
жайттар маған ой салды.
Астананы көшіру идеясы мені бірте-бірте қатты баурап алды.
Мемлекетіміздің басына түсіп тұрған проблемаларды ой елегінде сараптау,
оның бүгіні мен болашағы туралы толғану кезеңдерінде əлгі ойға жиі-жиі
берілетін болдым.
Менің айтып өткенімдей, билеуші элитаның жəне зиялы қауымның
қасаң консерватизмі, Қаныш Сəтбаевтың беделі, Хрущевтің ой-ниеті,
геосаяси ақиқаттар жəне басқа да көптеген мəн-жайлар астананы көшіру
мəселесінде ойға алған істі жүзеге асыруға алып келді. 1993 жылдың
басынан бастап мен осыны басшылыққа алдым.
Тура сол кезеңдерде мен облыстарға жиі шығып, өңірлердің тіршілігін
бақылап жүрдім.
79
Адамдардан,
жергілікті
басшылардан
жəне
шаруашылық
мамандарынан өздерін астанамыз Алматыдан қаншалықты қашық əрі
оқшау сезінетіндіктерін сөз арасында жиі елеусіз ғана сұрап қоятынмын.
Олардың өмірінде астана, елордада орналасқан Үкімет емес, нақ астананың
өзі қаншалықты орын алады. Міне, осы сияқты сұрақтарды қойып жүрдім.
Содан кейін мен мемлекет өміріндегі астананың рөлі туралы, оның
орналасқан жерінің маңыздылығы жəне жалпы астананы орналастыруға
арналған қолайлы немесе көкейден шығар орын қандай өлшемдермен
таңдап алатындығы туралы айқын да анық түсінік беретін талдау жəне
шолу сипатындағы қүжаттарды да елеусіз дайындата бастадым. Түрлі
адамдардың астананы көшіру жөніндегі ойларын жəне көшіру кезінде нені
басшылыққа алғандарына қаныға беруге ұмтылдым.
Кезінде туысқан республикалардың арасындағы сол тұстағы үрейлі
жағдаят пен ахуал көшіру таразысына тағы бір тас болып түсті.
Иə, Кеңес Одағының ішіндегі көп шекара өз заманында тым еркін
тұспалмен белгілене салынған екен. Бұл жайт егемендік шеруінен кейін
іле-шала кейбір парасатқа бойлай қоймаған əрі жауапсыздау адамдардың
бар шекараны қайта қарау қажеттігі туралы тіл безеуіне апарып
ұрындырды. Əрине, өз пайдасын ғана күйттеген көзқарастан. Мені əсіресе
Александр Солженицынның «Ресейді қалай жайластырамыз?» (Как нам
обустроить Россию?») деген мақаласы қатты алаңдатты.
Жазушының Ресейді көгертпек шын ниетін түсінуге болады.
Бірақ бұл жерде Қазақстанның қоныс тебу мəселесінің қандай қатысы бар?
Солженицынның күлкі тудыратын көзқарасына қарағанда қазақтардың
ежелгі жері қазіргі Қазақстанның оңтүстік облыстарын ғана қамтитын,
оңтүстіктен орталық өңірге дейін созылып жатқан иін екен. Осындай
қиялмен қанаттас пиғыл негізінде Александр Солженицын Қазақстанның
солтүстік аумағын Ресейге қосып алуды ұсынды. Сонымен қатар ол
Ресейге Украинаны, Беларуссияны Ресеймен славяндық негізде біріктіре
салмақ болды, Қырымды нағыз орыс жері деп бөсті. Мұның бəрі, сайып
келгенде, жаңа тəуелсіз мемлекеттер арасындағы аумақтық тұтастыққа
нұқсан келтіріп, елеулі зардаптарға соқтыратыны, түп негізі соғыс өртін
тұтатуға шақыру екендігі сірə оны толғандыра қоймаған сияқты.
Жириновскийдің де осы сықылды көкімелері жадымызда. Ол
«Ресейлік Қазақстан арқылы алшаңдай басып, көктей өтіп, Үнді мүхитына
етіктерін шаюды ұсынды. Мұның барлығы Қазақстанда орынды ашу-ыза,
қатты
қарсылық
туғызды.
Бұл
арандатушылықтың
бəрі
қайда
апаратындығы түсінікті шығар деп ойлаймын.
80
Расында да Кеңес Одағы келмеске кетті. Қазақтан өзге халықтың
көпшілігі екіұдай күйге түсті: Алматы болса сонау түкпірде, ал Ресей,
Мəскеу – міне, іргеде. Бетті қайда бұрған жөн? Бұрынғы Одақ
республикаларындағы орыс тілді халықтың сезіміне жəне сенімсіздігіне
неге ши жүгіртіп, ықпал етпеске? Ал олардың ертеңгі күндеріне күмəнді
көзқарасы көкейлерінде тұрды. Егер басқа республикаларда болған
этникааралық қанды қақтығыстарды еске алсақ, бұл үндеулерге
геосаясаттағы бет алды көку деп қарауға болмайтын. Олар шын мəнінде
қатер төндіріп тұрды.
Солженицынның бүкпесіз ой-пиғылы бойынша, Қазақстанның
солтүстік облыстары осылайша Ресейді жайластыруға белсенді қатысуы
тиіс еді. Солтүстік Қазақстанның Ресейді несімен құтқарып қалатыны мен
үшін күні бүгінге дейін жұмбақ.
Əйгілі жазушыға саясат пен география арасында нан мен майдың
арасындағыдай айырма бар деп қалай түсіндіріп жатарсың.
Нан мен майды, əрине, жағып, бірге қосып жеуге де болады, бірақ
олардың əрқайсысы өз бетімен де қоректі тағам.
Географиялық ұғым мен əлдебір аумақтың, жердің қай мемлекетке
тиістілігін шатастыру үшін қаншалықты “аңқау" болу керек.
Айталық, Дунай өзені көп мемлекетті басып өтеді. Бірақ Дунай
бойындағы əлдебір мемлекеттің өзеннің көп бөлігі нақ соның аумағы
арқылы өтетіндігі негізінде бүкіл өзен маған тиесілі дегенін есту қайран
қалдырар еді. Сондай-ақ Сібір де саяси да, философиялық та емес,
географиялық қана ұғым.
Ермак Сібірді емес, тек сонымен аттас Сібір хандығын басып алды.
Аумақтық тұрғыдан алғанда ол хандықтың Сібірге қатыстылығы
Қазақстанның Еуразияға қатыстылығындай ғана болатын. Алайда мұндай
көңіл ауанын ойдан кетіре де алмайсың, оған күліп қана қоя салмайсың.
Өйткені, бұл – айтарлықтай астарлы əрі қауіпті көзқарас.
Экономикалық қатынастар жүйесінде Қазақстан іс жүзінде екіге:
өнеркəсіпті Солтүстік пен аграрлы Оңтүстікке бөлініп қалған. Осындай
тарихи сəйкессіздікті де ескермеуге болмайтын еді.
Қазақстанның негізгі өнеркəсіп қуаттары оның орталық жəне
солтүстік облыстарына шоғырланған. Алайда 1991 жылғы оқиғадан кейін
негізінен өнеркəсіп секторында жұмыс істейтін орыс тілді халықтың
өздерінің тарихи Отандары - Ресейге, Украинаға жəне Беларуссияға көшуі
басталды. Немістер де ағылып кете бастады. Германия Федеративтік
Республикасының үкіметі олар үшін арнайы тарихи Отанға оралу
81
бағдарламасын жасады.
Республиканың орталық жəне солтүстік аудандарында қалыптасқан
демографиялық дағдарыс нəтижесінде өнеркəсіп қуаттарының тұралауы
басталды. Тиісінше, əлеуметтік проблемалар да шиеленісіп кетті.
Бұл уақытта Қазақстанның оңтүстік облыстары халықтың тығыз
орналасуынан туындаған қиыншылықтарды бастан кешіп жатты.
Жұмыссыздық бойынша республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш осы өңірде
еді.
Мұндай процестер Кеңес Одағының бірыңғай халық шаруашылық
кешені ыдырауының нəтижесінде пайда болған жалпы экономикалық
дағдарыс тұсында тіптен өршіп кетті.
Əрине астананы көшіру осы проблемалардың бəрін лайықты
шешудің бірден-бір амалы бола алмайтын еді. Бірақ басқа барлық маңызды
да жеткілікті жағдаяттармен қоса алғанда, нақ осы астананы көшіру сол
проблемалардың оң шешілуіне игі ықпал ететін. Атап айтқанда,
демографиялық теңгерімді қалпына келтіру, еңбек күшінің орталықтағы
жəне солтүстіктегі өнеркəсіпті аудандарға көшуін ынталандыру, осыған
дейін тұрып қалған өнеркəсіптік жəне индустриалдық қуаттардың ырғақты
жұмыс істеуін қалпына келтіру, аграрлы Қазақстанды өнеркəсіптік негізге
көшіру,
қазақтарды
оңтүстіктен
солтүстіктің
өнеркəсібі
дамыған
аудандарына
көшіру
мəселелерін
шешуді
астананы
көшірумен
ұштастырдық.
Əрине
Алматы
халқының
тығыздығы
мен
экологиялық
проблемаларының да елеулі ықпалы болды. Мен ол туралы алдында айтып
өттім.
Бір сөзбен қайырғанда, астананы Алматыдан Қазақстанның орталық
облыстарына көшіру ойы бір күнде туа қалған жоқ. Қазақстанның алдынан
шыққан əрбір ауқымды да елеулі проблема осы ойға итермелей берді. Бұл
жерде, əрине, тым əсірелеп жіберудің де қажеті жоқ, бірақ нақ астананы
көшіру саяси, қоғамдық, əлеуметтік жəне геосаяси проблемалар
тығырығынан шығарып, бізді белгісіздік пен кеңестік мұрадан алыстататын
сара жол еді.
Мен осы ойға жиі-жиі келе бердім жəне барған сайын ойымның
дұрыстығына көз жеткізе түстім...
Астананы көшіру идеясына белді біржолата бекем буа тұрып, мен ортаға
бəрін салатынымды, яғни өзімнің саяси мансабымды, тіпті, мүмкін, өмірімді
бəйгеге тігетінімді сөз жоқ түсіндім. Əрине, мен өмірді қию мағынасында
емес, философиялық тұрғыда – ел президенті ретінде қоғам алдындағы
82
өзімнің өмірлік міндеттемелерімді орындамау мағынасында айтып тұрмын.
Əйтсе де, мұндай көңіл күйі маған жиі келе бермейтін. Қалай болғанда да,
мұның бəрін байыппен салмақтап, ойлану керек еді. Есебін жасамай
болмайды. Қанша қаржы керек? Оларды қайдан аламыз? Биліктің бүкіл
тармағы бірден көшіп бара ма, əлде көші- қонды бірнеше жылға созамыз
ба? Ойдағыдай аяқтау үшін неден бастаған жөн? Ақырында астананы
қайда көшіреміз, Ақмолаға ма, Қарағандыға ма, Көкшетауға ма, Ақтөбеге
ме немесе басқа жаққа ма?
Бірақ біз болжаймыз, жағдай билейді. Техникалық мəселелерді шешу
бір басқа. Айталық, жаңа астананы таңдап алу үшін қажетті ондаған
өлшемді белгілеу. Мəселені принципті тұрғыда шешу - тіптен басқа жайт.
Жалпы көшіру керек пе өзі, əлде жоқ па?
Барлық түйін де осы принципке барып тірелетін. Үкімет,
Парламент, кеңесшілерім мен бірқатар серіктерім астананы көшіру туралы
жоспарымды алғаш есіткенде, өре түрегелді. Көшкені қалай? Біз онсыз да
реформалаудың, қайта құрудың аяқ алғысыз проблемалары мен
қиыншылықтарына, өтпелі кезеңнің басқа да ауыртпалықтарына малтығып
жатырмыз. Ал енді сол аздай астананы көшіру мəселесі шықты. Сау басқа
сақина деген осы. Ең басты дəлел – қаржы-қаражаттың жоқтығы немесе
дəлірек
айтқанда,
оның
бюджетте
əлеуметтік
проблемалар
мен
саңылауларды тығындауға жетерліктей ғана тапшы болуы.
Қаржы мəселесі, əрине, жаңа астананың пайдасына қызмет етпейтін
айтарлықтай елеулі дəлел еді. Бірақ шешуші емес.
Егер біз бүгін осындай қуатты алға ұмтылыс үшін ақша таппасақ,
онда барлық уақытта бірыңғай ақша іздеумен жүретінімізді, мұндай
көзқараспен қаржының бізге еш уақытта жетпейтінін сезіндім.
Сөйтіп барлығын таразылай келе, мен астана көшеді деген шешімге
біржолата нық бекіндім!
Үкімет жəне Парламент мүшелері бастапқыда «аң-таң қалды»
дегенім бекершілік.
Іс жүзінде менің астананы көшіру қажеттігі туралы алғаш сыртқа
шығарып айтқан ойым менің көзімше жымиыспен, ал менің сыртымнан,
сірə, күлкімен қабылданды. Ең қызығы, менің босқа сөйлемейтіндігімді
білетіндіктен, олардың бəрі дерлік менің көшіру туралы ойымды тым
сəтсіздеу, орынсыздау қалжың деп қабылдады.
1993 жылдың соңында мен өзімнің сөйлеген сөздерімнің бірінде
Қазақстанның астанасын Алматыдан басқа қалаға көшіру қажеттігі туралы
айтып, аңысты байқадым. Сол кезде көпшілігі мені жаңылып кетті не
83
шамалы шаршаған болар деп ойласа керек. Осы жерде Шарль де Голльдің
«жоғары билік адамды жалғыздық пен мұңға батырады деген сөзін еріксіз
еске түсіресің. Көмекшілерім, кеңесшілерім жəне серіктестерім жетерлік,
бірақ шешімді қабылдайтын жəне оның салдары үшін жауап беретін бір
өзің ғана.
Сол тұста ойыма Наполеонның: "Мен кеңесшілерімді тыңдаған
кезде ғана жаңылыстым, бірақ шешімді өзім қабылдағанда қателескен
емеспін" деген бір қанатты сөзі түскені бар. Бірақ ол басқа заман,
басқарудың басқа мəнері еді. Біздің заманымызда да шешім қабылдау,
əрине, өте күрделі.
1994 жылдың басында мен астананы көшіру туралы тағы да
айттым. Бұл да сəтсіз əзіл ретінде қабылданды. Бəрі күлді де қойды,
сонымен ұмыт болды.
Сөйтіп 1994 жылдың шілдесіне қарай мен бұл мəселеде пісіп-
жетілдім, астананы көшіру туралы ойды нақты ұсыныс ретінде Қазақстан
Республикасының Парламентіне шығару үшін қажетті саяси, əлеуметтік
жəне геосаяси дəйектерді қорыттым.
1994 жылғы 6 шілдеде Парламент сессиясының жалпы отырысында
астананы Алматыдан республиканың орталық өңірі Ақмолаға көшірудің
қажеттілігін қисындық жəне мəн-жайлық тұрғыдан негіздеп сөз сөйлегенім
əлі күнге анық жадымда.
Залда отырғандардың зейінді жүздері тым салмақты. Мұны түсінуге
болады. Басшыларымыздың алдында күн сайын бүгін шешпесе болмайтын
проблемалар үйіліп тұрады. Ал дайын шешім жоқ! Алаңдамасқа амалың
қалмайды...
Мінбеге шығып, толқуымды басып, өз көзқарасымды негіздеуге
кірістім. Елорданы көшіруді тəуелсіз мемлекетіміздің ең жоғары мүдделері
талап ететіндігін айттым. Басқарудың жаңа жүйесі туралы мəселе осыған
көп байланысты болмақ.
Елорда мүмкіндігінше елдің орталығында, барлық аймаққа бірдей
қашықтықта болуға тиіс. Кең-байтақ Қазақстан үшін бұл жайттың маңызы
айрықша.
Депутаттарға жаңа астананы таңдау 32 өлшем бойынша жүргенін
тəптіштеп айтып бердім. Олардың ішінде əлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштер, климат, ландшафт, сейсмикалық жағдаят, қоршаған орта,
инженерлік жəне көліктік инфрақұрылымның болуы, əрі оны дамытудың
келешегі, құрылыс кешені, еңбек ресурстары жəне басқа да өлшемдер
болғанына тоқталдым. Елдің стратегиялық мүдделері де алыс болашаққа
84
арнап есептелді.
Жалпы алғанда, астананы көшіру туралы ұсынылып отырған төтен
де тосын шешім тыңғылықты дайындалғандығын, мұнда үстірттік те,
асығыстық та жоқ екендігін жан-жақты көрсетуге тырыстым.
Жаңа астананы таңдаудың барлық өлшемінің негізінде тəуелсіз
Қазақстанның əкімшілік жəне саяси орталығын Ақмола қаласына
орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққанына тоқталдым. Өз
сөзімде Қазақстанның астанасы болуға лайық үміткер ретінде Ақмола
қаласының мынадай əлеуеттік артықшылықтарын айрықша атап көрсеттім:
біріншіден, қала Қазақстанның орталығында дерлік тұр жəне барлық
өңірден бірдей қашықтықта, бұл – басқару міндеттерін шешу, нарықтық
инфрақұрылымды дамыту міндеттері көзқарасы тұрғысынан экономикалық
тиімді;
екіншіден, қаланың жағдайы, оның аумағы сəулет-құрылыс міндеттерін
икемді шешуге, елдің басқа өңірлеріне қарағанда əлдеқайда тиімді
экономикалық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұған іс
жүзінде көз жеткіздік;
үшіншіден, қала тіршілігін қамтамасыз етудің қолда бар жүйелерін қайта
құру пəлендей шығынды жəне күрделі болмайды;
төртіншіден, қалыптасқан көлік-коммуникация инфрақұрылымының одан
əрі даму келешегі жақсы.
Тағы да мұнда қалыпты экологиялық жағдай бар жəне біздің ортақ
күш-жігерімізбен ол одан əрі сақтала беретін болады.
Əдеттен тыс тып-тыныш жағдайда, мүлгіген тыныштықта деп
айтуға болады, Жоғарғы Кеңестің еңселі залын менің тосын сөзім кернеп
кетті: «...Алматы қазірдің өзінде тəуелсіз мемлекеттің астанасы талаптарына
жауап бере алмайды. Халқының саны бір жарым миллионға жақындап
қалған оның келешегі үйлесімді де кең кеңістікке орналастыру жағынан
шектеулі болып отыр. Мұнда құрылыстардың тығыздығы жоғары жəне бос
алаңдарға сығылысып қалған.
Қажеттілік бола тұра, оны кеңейтер жер жоқ.
... Менің тапсырмам бойынша мемлекеттің жаңа астанасын оңтайлы
орналастырар жерді анықтау үшін тыңғылықты зерттеу жүргізілді. 32
өлшем бойынша жасалған талдау барлық нұсқаның ішінде Ақмола
барынша артықшылыққа ие екендігін көрсетті».
Мемлекеттің бірінші басшысының сөзін əсіресе біздің бірауыздан
жəне қызу қолдауға үйренген қоғамдық діліміз жағдайында залдың бір
жағындағылардың сирек қол шапалақтаумен, ал залдың екінші бөлігінде
85
сілтідей
тыныштықпен
қабылдауы
өте
сирек
кездеседі.
Жалпы
қабылданған ұғымдардан шығып кететін, күнделікті тақырыптар мен қам-
қарекеттер сырт қалатын бірдеңе айту деген осындай-ақ болар.
Міне, сондай сəт туды.
Бұл жерде салыстыру қаншалықты орынды болатындығын қайдам, бірақ
залдың ыңғайы Гогольдің “мылқау көрінісін" еске салды: үрей, таңырқау,
нағыз аңыру сөздерден емес, жүздерден көрініп тұрды. Бірақ бұл жерде
түп-түгел күтпегендік əсері болды деу жарамас. Дегенмен мен баяндама
жасар алдында осындай мəлімдеме дайындалып жатыр екен деген ақпарат
депутаттардың арасына тарап кетіпті. Мемлекеттік қызметшілер талқылай
бастаған. Бірақ сыбыс бір басқа, Президенттің өз аузынан естудің жөні бір
басқа. Үйренген жерді, үйді қалдырып, бөтен қалаға кету мүмкіндігі
болжам ғана емес, бұдан былайғы жерде ақиқатқа айналғалы тұр.
Бір сөзбен айтқанда, көшіру туралы шешімге ду қол соғу болмады.
Мен өз сөзімді туған күніме орайластырып, мəселенің осындай төтен
қойылысына түсіністікпен қарар деген есеп жасағанмын. Бірақ осы
сөзімнен кейін, ешкім де менің туған күнім туралы естеріне алған жоқ жəне
өз сөздерінде менің дұрыс-бұрыстығымды ескеріп те жатпады...
Мен Алматының үйреншікті мəртебесін қиғысы келмей тұрған шын
көңілін, əрине, ұқтым.
Мен мемлекеттік қызметшілердің үйреншікті жағдайдан жəне жайлы
Алматыдан қыстыгүні боран ұйтқитын, жазда шаң борайтын қайдағы бір
жапан далаға, желдің өтіне көшуге құлықсыз шын көңілдерін түсіндім.
Бірақ барлық тартысты жағдайдан кейін депутаттар мемлекеттік істе
даурықпаға жəне шеткері қалаға көшу мəселесінде жеке бастың мүддесіне
орын жоқ екендігін көрсетіп, мемлекеттік қайраткерліктерін танытты.
Жоғарғы
Кеңестің:
«Қазақстан
Республикасының
президенті
Н.Ə.Назарбаевтың мемлекет астанасын Ақмола қаласына ауыстыру туралы
ұсынысына келісім берілсін...» - деп қабылдаған шешімі залда жарияланды.
Сөйтіп айтулы оқиға жүзеге асты. 1996 жылы 6 шілдеде Қазақстан
Республикасының Үкіметі “Қазақстан Республикасының астанасын көшіру
туралы" тарихи қаулы қабылдады. Бір жылдан кейін, яғни 1997 жылғы 20
қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақмола қаласын
Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» аса маңызды
Жарлығы қабылданды. Ол бүкіл мемлекетіміздің дамуының алғашқы
қозғаушысы жəне серпін берушісі болды.
Шынын айтқанда, астананы көшіру туралы шешім Парламентте
осылайт жеңіл өтіп кетеді деп күткен жоқ едім. Меніңше, көптеген
86
депутаттың бұл ойға құптай қараған себебі, олар іс жүзінде бұл көш
айтарлықтай ұзақ уақытқа созылады деп ойлады білем. Олар іштерінен
астана Алатаудың етегінен өзінің ақырғы стансасы Ақмолаға 25 жылдан
кейін, мүмкін 30 жылдан кейін қозғалар деп пайымдаса керек.
Біз енді бұл үміттің ақталмағанын білеміз, бірақ мұндай шешімді кері
қайтарып ала алмайсың.
Ең қызығы, астананы көшіру қауырт қарқынмен жүргізілді. Мен
əуелде басты шаруа Президент Əкімшілігін, Парламентті жəне Үкіметті
апару
деп
ойлағанмын.
Министрліктерге,
ведомстволарға,
сот
органдарына, басқа да үкіметтік жəне мемлекеттік құрылымдарға келсек,
олардың көшу уақыты əлі алда, тап қазір емес, шамамен 2000 жылдың
маңында деп пайымдадым.
Кейін таңырқай байқағаным, бəрі де жаңа астанаға көшуге пейіл
білдіріп, белсенділік білдіре бастады. Ақмоладан өз беттерінше ғимараттар
тауып, оларды жөндеп, өз құрылымдарын жылжытуға кірісті. Бұл
процестің қызу да қарқынды сипат алғаны сондай, мен енді оларды тоқтата
алмадым. Шынын айтқанда, қарсы болғаным да жоқ.
Оның үстіне, осындай сəттерде көптеген басшының ықтимал
ұйымдастырушылық қабілеті анықталады.
Сонымен парламенттік шешім қабылданды. Ал кез келген шешім
орындалуды талап етеді. Сөйтіп астананы, сол арқылы күллі елді орнынан
қозғап жіберу үшін 1994 жылдың өне бойына қаржы-қаражат іздеумен
болдым.
Сонан
соң
құрметті
депутаттарымызға
қайтадан
жүгініп,
Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамытуға тұтас 50 миллион доллар
бөлдіре алдым. Алға озып айта кетейін, Қазақстан Республикасының жаңа
астанасындағы 9-шағын аудан нақ осы ақшаға салынды.
1995 жылы біз Ақмоланы жайластыруды, жаңа əкімшілік
ғимараттар жəне мемлекеттік қызметшілер үшін тұрғын үйлер салуды
қаржылай қамтамасыз ету мақсатында “Жаңа астана” арнайы қорын
құрдық. Оған мемлекеттік меншікті жекешелендіруден алынатын ақшаның
белгілі бір бөлігі құйылып отырды.
Бұдан басқа, елорданы жайластыру үшін Астана қаласында арнайы
экономикалық аймақ құру туралы мəселе алдан шықты. Ақмоланың сол
кездегі əкімі Аманжол Бөлекбаевтың менімен кездескен кезінде осы
мəселені қойғаны есімде. Расында да, Бөлекбаевтың уəждері сондай сенімді
еді жəне мұндай қадамсыз жаңа астананың қаржы-экономикалық
проблемаларын шешу мүмкін еместігін көрсетіп тұрды.
87
Сөйтіп ойға алдық та, іске асырдық. 1996 жылы менің
жарлығыммен арнайы экономикалық аймақ құрылды, ал сол жылы
қарашада А. Бөлекбаевты оның төрағасы етіп тағайындадым.
Осыған орай мен əдейі Ақмолаға келдім. Кеңейтілген кеңес өткізіп,
сонда Ақмола ЕЭА құру туралы шешім қабылданды. Бұл қадам жаңа
шағын аудандар құрылысын бастау үшін едəуір қаржы жинауға мүмкіндік
берді. Өйткені еркін экономикалық аймақ аясында жинаған бүкіл
қаржының 60 пайызы қала бюджетінде қалатын, ал қалған 40 пайызы
тікелей облыс бюджетіне кететін.
Бұл идеяны Аманжол Бөлекбаев астананың Ақмолаға көшетіні
туралы алғаш естігеннен-ақ ойда ұстаған екен.
Қала əкімінің Ақмолада еркін экономикалық аймақ құру туралы
Үкіметке бірнеше мəрте жасаған ұсынысы қабылданбай, жауапсыз қалып
отырыпты. Бірақ тоқтамауға бел байлаған А. Бөлекбаев менен өзін
қабылдауымды өтінді. Бұл 1996 жылдың ортасы еді. Бөлекбаев өзінің ЕЭА
құру туралы ойын өткізе алмай, қалай сергелдеңге түскені туралы айтып
берді. Үкіметтің айналысып жатқан шаруасы қыруар екенін түсінгеніммен,
дəл осындай шарасыздыққа қатты қынжылдым. Қалыптасқан жағдай
үндемей аяқтан шалу деп бағалауға лайық еді. Ой дұрыс жəне ұсыныс
уақтылы жасалып отыр, оны қалай да жүзеге асыру керек. Оның үстіне
қазақстандық тəжірибеде дəл осындай мысалдар бар. Бұған дейін
Қызылордада жəне Лисаковта арнайы экономикалық аймақтар құрылған
болатын. Еліміздің бас қаласына айналғалы тұрған қалада кəсіпкерлікті
дамыту жəне астаналық инфрақұрылымды қалыптастыру мəселелерін
шешудің əлдеқайда жеңілдетілген нұсқалары үшін неге барлық жағдайды
жасамасқа.
Мен астананы көшіру туралы шешімді селқос қабылдаған облыс
əкімі А.Г. Браунды ауыстыруға ұйғардым. Облыс əкімдігіне қаланы жəне
осы өңірді жақсы білетін Ж. Кəрібжанов тағайындалды. Оған шаруашылық
міндеттермен қоса өзіндік бір «топономикалық тапсырма» да жүктелді.
Көшелердің жəне барлық ауданның атауларын өзгерту керек еді. Бұл жер
«октябрь, краснознамен, совет, Ленин» деген сияқты өткен заман
атауларының тұнып тұрған қорығы десе де болғандай-тын. Ол менің
көптеген тапсырмамды, соның ішінде осыны да тəп-тəуір орындап шықты.
1994 жылдан бастап Ақмолаға жиі, іс жүзінде апта сайын келіп, жергілікті
жерді зерделей түстім.
Сондықтан 1996 жылдың бір күндері кезекті келгенімде Ақмолада
еркін экономикалық аймақ құруға арналған арнайы кеңес өткіздім.
88
1996 жылғы 6 қазанда Ақмола қаласының аумақтық шекарасы ішінде
Ақмола арнайы экономикалық аймағын құру туралы тиісті Жарлыққа қол
қойдым жəне осы Жарлықпен Аманжол Бөлекбаевты оның тұңғыш
төрағасы етіп тағайындадым. Осындай пəрменді тəсілмен Үкіметтің жаңа
астана Ақмолаға қатысты үндемей аяқтан шалуын тыйдым. Осылайша
арнайы экономикалық аймақ арқылы жаңа астананың қалааралық
бюджетін түзетуге жəне сауықтыруға мүмкіндік жасалды.
Ақмола ЕЭА жемісті қызметінің нəтижесінде қала экономикалық
аймақ қызметінен түсетін пайданың 60 пайызын алатын болды. Облыс
бюджеті де сырт қалған жоқ, оған ЕЭА қаржы түсімдерінің 40 пайызы
бөлінді. Сөйтіп ұзаққа созылған сергелдең мен бұлталақтан кейін Ақмола
қаласының
еркін
экономикалық
аймағы
жобасы
астаналық
инфрақұрылымды қауырт та белсенді қалыптастыруда жəне қаланың
аудандарын салуда күшті серпін берді.
Əрине, Астананы салу барысында тек құрылыс проблемалары ғана
емес, басқа да маңызы кем түспейтін, мысалы, əлеуметтік сала мəселелерін
шешуге тиіс едік. Қаланың, оның үстіне астананың инфрақұрылымы – тек
үйлердің əдемі қасбеті мен биік ғимараттар ғана емес. Бұл – астананың
əрбір тұрғыны үшін микроклиматты жақсартуға арналған əлеуметтік жəне
қоғамдық проблемаларды ойдағыдай шешу де. Астананың əлеуметтік
инфрақұрылымы үшін қаражат түрлі жолмен табылып жатты. Кей
реттерде, бұл сөзді қолданудан қашпаймын, əкімшілік ресурстар да кеңінен
пайдаланылды.
Еліміздегі əлеуметтік мəселелер аса бір шиеленісіп тұрған 1994
жылы Ақмолада митинг болды. Алаңға зейнеткерлер, бірнеше мың адам
жиналды. Қала басшылығының ішінен адамдармен кездесуге тек Аманжол
Бөлекбаев қана шықты. Ол он бес минуттай қала тұрғындарының,
былайша айтқанда, қалалық өкімет зейнетақыны уақтылы бере алмай келе
жатқаны туралы сындарын, наразылықтарын тістене тыңдап тұрады.
Сол жерде Бөлекбаевқа жақсы таныс бір зейнеткер жақындайды.
Ақмолаға таяуда көшіп келген бұл зейнеткер барлық жоғарғы жаққа
жазып, кезектен тыс пəтер беруді талап етіп жүрген болатын. Бөлекбаев
кезектен тыс беруге қақым жоқ деп бас тартқан. Аманжолды алаңда көріп,
ол буған тақап келеді де, мұнда не бітіріп жүрсің деп тілдеп жібереді.
Бөлекбаев та оның жанына жақындап, сыпайылап айтқанда, əлгінің өз
тілімен тиесілі жауабын береді.
Осы жерде жиналғандар Бөлекбаевтан: «Аманжол, не болды?» - деп
сұрайды. Ол: Мына кісі ылғи келіп, кезектен тыс пəтер беруді талап етеді,
89
барлық жоғарғы жақта жазбаған жеріжоқ, арызды боратып жүр. Ал менің
оған айтарым: мен қалалық атқару комитетінің төрағасы болып тұрғанда,
кезектен тыс пəтер ала алмайтыны», - дейді.
Алаңдағы шиеленісті жағдай бірден сейіліп сала берген. Бəрі де күліп,
əзілдей бастаған. Сол уақытта Бөлекбаев сөз алады да: «Сіздер маған
сенесіздер ме, жоқ па? - деп сұрайды. - Сенеміз, - деп жауап қатады
жиналғандар. Бөлекбаев: Онда маған үш-төрт ай мұрсат беріңіздер, мен бұл
зейнетақы мəселесін шешемін", - дейді. Халық келіседі. Аманжол
Бөлекбаев та уақтысында уəдесін орындайды.
Мен Аманжол Бөлекбаевқа Ақмолада еркін экономикалық аймақ
құру арқылы астананы салудағы қыруар еңбегі мен сенім-қажыры,
бастамашылдығы мен табандылығы үшін айрықша ризашылығымды
білдіремін. Аймақ жаңа астананың құрылысын қаржымен қамтамасыз
етуде бірқатар елеулі проблеманы шешуге мүмкіндік берді.
Мұндай еркін экономикалық аймақ құрылмағанда 1997 жылдан
бастап орындалған құрылыс жұмыстарының осыншама орасан зор көлемін
атқару мүмкін болмас еді.
Біз осы қорға 70 миллион доллардай қаржы жинай алдық.
Содан кейін бұрынғы Кеңес Одағынан Қазақстанға қалған материалдық
резервке кезек келді.
Ол соғыс жағдайы туа қалса деп жиналған сирек металдар мен темір
қорытпалары секілді металлургия өнімдері жəне құрылыс материалдарынан
тұратын еді. Енді тəуелсіз Қазақстан үшін мемлекеттік материалдық резерв
ретінде қажетті бөлікті қалдыра отырып, қалған бөлікті саттық та, бұдан
түскен жиырма миллион доллардай соманы жаңа астана қорына аудардық.
Бұлардың бəрінен басқа, менің шетелдік инвесторлардан он жыл
мерзімге пайызсыз несие ала алуға қолым жетті.
Əрине, Астана құрылысына шетелдіктердің тікелей инвестициялары
туралы да ұмытуға болмайды. Менің шетелге барған сапарларымның
барлығында Астана сөз болмай қалмайтын. Көбінесе оның дамуына жəне
құрылысына инвестиция салу мəселесі қозғалатын. Өтемсіз инвестициялар
есебінен – Астана құрылысына аз да емес, көп те емес 200 миллион доллар
жинай алдым. Оған Астананың көптеген сəулет құрылысы мен кешені
салынды. Олар: «Астана-Бəйтерек», əкімдіктің жаңа ғимараты, жаңа
Ақорда. Астананың құрылысына Катар, Сауд Арабиясы, БАƏ, АҚШ жəне
Кувейт сияқты елдер бірінші кезекте тікелей өтемсіз көмек көрсетті.
Мысалы, Құрама Штаттарға сапар кезінде мұнай компанияларының
өкілдерімен кездесуде 11 миллион доллар жинап алғаным есіме түседі. Ол
90
қаражатқа Қазақстан спорт кешені салынды.
Егер тек гранттар мен өтемсіз инвестициялар есебінен салынған
объектілерді жай ғана санамалап шықсақ, əжептəуір тізім болар еді.
Мысалы, Президент Ақордасы Əбу- Даби даму қорының гранты есебінен
салынды. Бұл 72 миллиондай доллар. Парламент Сенатының ғимараты
Сауд Арабиясының гранты есебінен бой көтеріп отыр. Бұл 12 миллиондай
доллар. Ұлттық кітапхана “Аджип" жəне “Қарашығанақ Петролеум"
инвестицияларының есебінен жасалуда. Бұл 11 миллионнан астам доллар.
Оның үстіне “Аджип” Үкімет үйінің құрылысына 9 миллиондай доллар
жəне “Оқжетпес” шипажайын қайта құруға 11 миллионнан астам доллар
қаржы бөлді. Стадион құрылысын “Испат-Қармет” қаржыландырып отыр.
Бұл 38 миллион доллар. “Нұр-Астана” мешіті Катар мемлекетінің 15
миллион доллар гранты есебінен тұрғызылды. Астана қаласы əкімдігінің
ғимаратына Кувейт қоры 10 миллион доллар грант бөлді. Құны 33
миллиондай доллар тұратын “Астана-Тауэр" бизнес орталығын Түркияның
АБ5 орталығы қаржыландырды. 5 миллион долларлық Кардиология
орталығы Сауд Арабиясы корольдігінің гранты есебінен салынды.
“Қазақмыс” 7 миллион доллар тұратын дипломатиялық қалашық
құрылысын қаржыландырды.
Жалпы алғанда, əңгіме жүздеген миллион доллар қаржы
тартылғаны туралы болып отыр. Біз бұл объектілерді салуға бюджеттен
қаражат бөле алмайтын едік.
Екінші жағынан, осы тартылған қаражаттың көпшілігі Қазақстанға
жəне оның Президентіне тартылған сыйлар.
Алға озып айта кетейін, бүгінгі күні Астана құрылысын қаржыландыру
мəселесі іс жүзінде соншалықты өткір емес.
Астананы салуға инвестициялар көлемі 2 миллиардтай долларды
құрайды. Бір атап өтерлігі, соның 70 пайыздайы біздің өз инвестициямыз.
Есіл жағалауындағы жаңа астананы салуға арналған бастапқы қаржыны
тиындап жинай жүріп, ақыры өзіме-өзім: «Алға!» деп айта алдым.
Бірақ бұл, əрине, астаналық объектілерді бастапқы салу кезінде
барлық қаржылай қиыншылық шешілген еді дегенді білдірмейді. Мұндай
мəселелер ұдайы туып отырды.
Астанада жаңа елорданың дүниеге келуінің алғашқы айларында мен
күн сайын немесе, дəлірек айтқанда, əр түн сайын (түнгі сағат 3-4-те)
жоспарлау өткізіп отырдым.
Солардың бірінде құрылысшылар жұмыс істеуден бас тартуда,
өйткені оларға жалақы төлейтін ақша жоқ деген мəселе туды. Олар екінші
91
ай айлық алмаған. Не істеу керек? Сол кезде жаңа астана құрылысын
қадағалап, жетекшілік етіп жүрген Владимир Васильевич Ни осы мəселені
шешу үшін маған Алматыға арнайы келді.
Сөйтіп 1995 жылғы қараша айының бір күні кешкі сағат тоғызда
Алматыдағы Ақордаға қабылдауыма В. В. Ни кірді. Оны көріп: «Володя,
неге қабағың түсіңкі?»-деп сұрадым. Ни айтты: «Нұрсұлтан Əбішұлы,
солай да солай! Құрылысшыларға төлейтін дəнеңе жоқ. Жұмыстар тоқтап
қалуы мүмкін. Көмектесіңіз. Бұл туралы айту қиын, бірақ Нұрсұлтан
Əбішұлы, астанада жағдай өте шиеленісіп тұр. Ақша жоқ, тамағымыз
тақұл-тұқыл. Жарты стақан қаймақ, балық пен жұмыртқа". Мен айттым:
“Ақша болады. Қанша керек?". Ни батылданып: «Он бес не жиырма
миллион доллар керек», - деді. Мен тағы да: «Ақша болады. Саспа,
Володя», - дедім.
Келесі күні Үкіметке Ақмола құрылысына арналған резервтен қаражат
табуды тапсырдым.
Үкімет қаржыны іздеп тапты, сөйтіп, он жеті миллион доллар бөлді.
Владимир Васильевичті шақырып алдым да: «Володя, Ақмолаға бар да
жұмысыңды алаңсыз істей бер. Егер бірдеңе болса, маған дереу хабарлас.
Мен саған көмекші боламын», - дедім. В.В.Ни: “Нұрсұлтан Əбішұлы, олай
болмайды», - деп күлді...
Жұмыс қайта жалғасты. 1996 жылы 20 ақпанда Ақмолаға ұшып
келдім де, объектілерді қарауға кірістім. Үкіметтік жəне мемлекеттік
ғимараттар, министрліктерге арналған ғимараттар қалай қайта салынып
жатқанын, басқа да құрылыстарды қарап шықтым. Барлық құрылыс
объектісін жəне алаңдарды аралап өткеннен кейін, бəрін жинап алдым да,
тура көшеде: «1997 жылы Қазақстан Үкіметі Ақмолаға көшіп келеді жəне
бұл жоспардан ешқандай ауытқу болмайды, болдырмаймыз да. Сіздерге
тағы бір жыл беремін – 1997 жылға дейін. Сондықтан дайындалыңыздар», -
дедім.
1996 жылғы наурыздың аяғында Владимир Васильевич тағы келді. Не
болды деп сұрадым. Ни айтты: «Нұрсұлтан Əбішұлы, ақша жоқ. Үкімет
қаржыландыруды тіптідоғарды, сөйтіп құрылыс тоқтап қалуға айналды.
Нұрсұлтан Əбішүлы, түсінбей тұрмын, бұл не – Үкімет тарапынан
қарсылық па?»
Сағат түнгі он бір жарым еді. Трубканы алдым да, Қазақстанның сол
кездегі
Премьер-Министрі
Əкежан
Қажыгелдинмен
жəне
оның
орынбасары Александр Павловпен қосуды сұрадым. Оларға тұрғын үй
құрылысына бөлінген ақшаны Ақмоланы салуға басым түрде жолдауға
92
тура келетіндігін айттым.
Сөйтіп мəселені шештік. Ни елу миллион доллар алды да, астананы
салуға қайта кетті. Солай, əр машинаның тежеуіші болады ғой. Рас, ол
кейде қажет кезінде жəне дəл сəтінде қосылмай қалады. Бірақ, дегенмен...
Қазақстан Парламентінің тарихи шешімінен кейінгі үш жылда мен
Ақмолаға ай сайын дерлік келіп тұрдым.
Бұл жерде астананы Ақмолаға көшіру жөніндегі мемлекеттік
комиссия жұмыс істеді. Оны жаратылысынан құрылысшы Н. М.
Макиевский басқарды. Ол өзінің сенімділігімен жəне құлшынысымен тіпті
өз сенімім мен құлшынысым жетіп-артылатын менің өзімді еліктіріп
жіберетін. Николай Михайловичті талай жыл біле жүріп мен оны кəсіби
біліктілігі, құрылысшылардың үлкен ұжымдарын ұйыта білетіні жəне
қашан да қойылған міндетке қол жеткізе білетіні үшін қатты құрметтейтін
едім. Жаңа астананың құрылысын ол өзінің жеке міндеттемесі ретінде
қабылдады. Ғимараттарды Алматыдан Парламенттің, Үкіметтің көшіп
келуіне дайындау, бас алаңды абаттандыру - осының бəрінде оның сіңірген
еңбегі аз емес.
Өкінішке қарай осы бір тамаша адам дүниеден ерте кетті. Бірақ оның
бейнесі талай жанның жадында.
Бұған дейін айтып кеткенімдей, қаланы «астана көшін» қабылдап
алуға
дайындау
жөніндегі
жедел
мəселелермен
осында
жүрген
Президенттің Іс басқарушысы Владимир Васильевич Ни айналысты. Ол
бұған дейін көп жыл (1984 жылдан) менің көмекшім болып жұмыс істеген
еді. Менің ойымды жеріне жеткізе «темірдей қатаң орындаушы» атанған,
егер осылай айтуға болатын болса, ол тіпті əр кірпіштің нақ жаңа
астананың
құрылыс
алаңына
жетуін
қадағалады.
Осы
қаланың
қамқоршысы ретінде барлық мүмкіндігін пайдалана отырып жəне
жергілікті ерекшелікті білетіндігімен Ақмоланың əкімі А. Бөлекбаев
Ақмоланы “астаналық мəртебені” қабылдап алуға дайындауға барынша
атсалысты.
Астананы көшіру туралы шешім қабылданғаннан кейін 1995 жылғы
14 шілдеде Владимир Васильевич Ниді өзіме шақырдым. Оның бірбет, өте
намысқой, өз дегенінде тұра алатын табанды, мəселені мінез көрсетпей-ақ
қатаң да нық шеше алатын қасиетін пайдаланғым келді. Байыпты, кең
əңгіме болды. Мен оған: “Володя, кəне, адамдардан бригада жасақта да,
Ақмолаға бар. Айнала түгел қарап шық, үкіметтік жəне мемлекеттік
мекемелерді қайда орналастыратынымызды анықта. Қарап шық, неден
бастаймыз, не істейміз, қалай істейміз, тұжырым жаса. Министрліктер
93
қайда болады? Қандай ғимараттарды қайта құруға болады? Қандайын
жаңадан салу керек? Жалпы алғанда, зертте, жергілікті жерді өзіңше барла.
Өзіңе бірінші кезекте қажетті адамдарды ал. Кімді қажет деп санайсың, ал.
Ең бастысы, созба. Осының бəрін жылдам да жедел орында”, - дедім. Содан
кейін, «Володя, сен өзің қалай ойлайсың? Астананы ауыстыру керек пе
өзі?» - деп сұрадым. Ни сарбазша жауап берді: “Нұрсұлтан Əбішұлы, бұл
мəселе талқылауға жатпайды.
Сіздің бастамаңызбен Жоғарғы Кеңес шешім қабылдады, енді оны
орындау керек».
Шынын айтқанда, жеңілдеп қалдым. Владимир Васильевич барлық
уақытта ашық айтатын, егер астананы көшіру ойы оның көңілінен
шықпаған болса, ол маған жарамсақтанып, жағымпаздықпен жай бұлай
айта салмас еді. Ал істі ауқымды бастаманың ойдағыдай орындаларына өзі
сенбей тұрған адамға тапсыру оны жөргегінде тұншықтыру деген сөз.
Осы əңгімеден кейін В. Ни өзі сенетін, тапсырманы орындауға барынша
жауапты жəне істің көзін таба білетін адамдарды жинады.
Ондай адамдар бар еді, олар: құрылысшы Вячеслав Павлович
Иванов, Болат Ғазизұлы Нұрпейісов (қазір Президент Іс басқарушысының
орынбасары), Президент Іс басқарушысының сол кездегі орынбасары Олег
Анатольевич Песков, Əусадық Əубеков жəне басқалары.
Олар Ақмолаға келіп, сол кезде қаладағы жалғыз тəуір қонақ үй
“Есілге” тоқтайды. Бөлмеге жайласып, əжетханаға кіреді. Су жоқ... Қазір
күлкілі, ал ол кезде су нөмірге күніне үш-төрт сағат қана беріледі екен.
Олар ұйықтауға шешінбестен жатқан, күн салқын болған. Олар, əрине, бұл
қиыншылықтарға төтеп береді, бірақ көшіп келуге құлшыныстары кеміп
қалды-ау.
Сол кезде олардың не ойлағаны маған белгісіз...
Сонымен 16 шілдеде Владимир Васильевич бастаған «ер жүрек
жетеу» Ақмолаға жүріп кетті, астанаға келіп «Есіл» қонақ үйіне жайласты.
Ізашарлар бригадасы Ақмолада он күн болды. Қайтып келген соң, Ни кіріп,
бірден баяндай бастады. Əкімдіктің ғимараты бар. Егер қайта құрса, онда
Үкіметті орналастыруға болады. Жобалау институтының ғимараты
Парламенттің екі палатасы - Сенат пен Мəжілісті орналастыруға жарайды.
Сонан соң Ни: “Нұрсұлтан Əбішұлы, Сіздің Ақордаңыз үшін болашақ
Үкімет үйінің жанынан ғимарат салу керек", - деді. Мен оған: “Неге?
Үкімет ғимараты бар емес пе? - деп жауап қаттым.
Владимир Ни өз дегенінен қайтпады: «Ақорда барлық уақытта бөлек
тұрады, басқаша болмайды» Мен: «Жарайды, көрерміз...»-дедім. Сонан соң:
94
«Ал тұрғын үйдіқайтеміз?»- деп сұрадым. Ни айтты: «Ақмолада үй жоқ
есебі. Салу керек. Көп салу керек». Мен оған: «Солай ма? Кəне, тұрғын үй
мəселесін шеш. Алғашқы кезге не салу керек. Мүмкін сатып алармыз?
Мүмкін əлдебір жатақханаларды қайта жабдықтауға болар. Мүмкін
құрылысы бітпей тұрған үйлер бар шығар».
Міне, осылай əңгіме жалғаса берді. Тиянақты əңгіме ұзаққа
созылды. Əңгіменің соңында: «Володя, кəне, былай етейік. Бір аптадан
кейін сонда бірге барайық», - дедім. Осыған тоқтадық.
Бірнеше аптадан кейін В.Ни екеуміз Ақмолаға келдік. Мен əкімнің
бұрын обкомдікі болған резиденциясына тоқтадым. Болашақ астананы
аралап шықтық. Міне, мынау болашақта Үкімет орналасатын ғимарат дейді
Ни. Жарайды деймін. Жөндеу жəне қайта қалпына келтіру жұмыстарын
жүргізу керек. Үкімет басшысының жəне Үкімет мүшелерінің кабинеттері
қайда орналасатынын ойластырған жөн.
Парламенттің болашақ ғимараты да солай. Барлық ғимарат
тозыңқырап қалған екен, қалайда жөндеу қажеттігі туады.
Облыстың сол кездегі əкімі Браунды қоса қала активін жинап алдық.
Ақмолаға қалай қоныстану мəселесін шештік. Не салу керектігі айтылды.
Қала инфрақұрылымының мəселелері талқыланды. Өйткені сол кезде
Ақмола республиканың көптеген қаласы сияқты ыстық жəне суық сумен,
жылумен жабдықтау қиындықтарын көріп жатқан- ды. Басқа да
проблемалар жетерлік. Бəрі де Ни айтып келгендей екен: үлкендігі
бармақтай масалар, кестемен берілетін су, киімшең ұйықтау, суық қысқы
түндер, үрей ұшырарлықтай жайттар. Тіпті облыс əкімі өз кабинетінде
пальтомен отырады, жанында жылытқыш...
Онда басқа үй-жайларда жылу қайдан болсын... бұл не қылған əкім
деп ойлағаным есімде. Қашаннан жұмыс істейді, қаланың жылуын жолға
қоя алмаған.
Сонымен айтқаным: “Жігіттер, достар! Шегінетін жер жоқ. Кəне,
осының бəрін жасайық. Кəне, ешқандай қорықпайық. Кəне, жұмыс
істейік", - болды.
Бəрі осылай басталды. Бірте-бірте бəрі қозғалысқа келді. Ақмола
ғимараттарын қайта қалпына келтіру жəне тұрғын үй салу жұмыстары
басталды. Осы қиын да ауқымды жұмысқа бірте-бірте барған сайын жаңа
адамдар тартыла берді, олар нағыз майталмандарға айналды.
Астананың дамуына жаңа елорданың бұрынғы əкімі Əділбек
Жақсыбеков зор үлес қосты. Қала инфрақұрылымы тіршілігіне байланысты
болған қаланың барлық қызметінің жұмысы нақ соның арқасында тиісті
95
деңгейге жеткізілді. Коммуналдық шаруашылықты, денсаулық сақтауды,
сумен жабдықтауды, білім беруді, қаржы бөлуді жəне энергетиканы күн
сайын, сағат сайын қадағалап, үйлестіре білді. Ə. Жақсыбеков қалалық
“гомеостазистің" барлық маңызды элементінің қызметін бірқалыпты
жұмыс істейтін, айтар едім, астаналық деңгейге көтерді.
Бірге жұмыс істеген бұл адамдардың айрықша құндылығы - мен оларға
басшы ретінде қойған талаптан да жоғары əрі қатаң талапты өздеріне қоя
білгендігі. Бүгін мен осыларды жəне басқа да көптеген адамды ризашылық
сезіммен еске аламын. Олар ешқашан маған күмəнданған емес жəне менің
тапсырмаларымды,
өздерінің
жұмыстарын
бұлжытпай
əрі
шығармашылықпен орындап жүрді. Олар - В.Ни, Ə.Жақсыбеков,
А.Бөлекбаев, Т.Досмүхамбетов, Н.Макиевский, Ф.Ғалымов, Президент Іс
басқарушысының
орынбасарлары
В.П.Иванов
пен
Б.Ғ.Нүрпейісов,
О.А.Песков, облыс əкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Қайсар Омаров,
бас мердігер А.Ермегияев, бас мердігер Р.Бекболатов, бас қаржыгер
Ə.Əубеков... жəне көптеген басқа да жандар. Қанаттастар, достар,
жолдастар...
Астанаға
көшіп
келер
алдында
мен
Ақмоланың
бизнес
қайраткерлерін
жинадым. «Астананың
Ақмолаға
көшетініне
қуаныштысыздар ма?» деп сұрадым. Олар “Əрине, қуаныштымыз” десті.
Онда дедім: «Жігіттер, көмектесіңіздер. Сіздер коттедждерді жаман
салмайтын көрінесіздер. Бастапқы кезде көмектесіңіздер, оларды жаңа
астанаға сыйлаңыздар. Міне, сіз, Асқар Мəмин «Мəскеу» қонақ үйін сатып
алыпсыз. Осы ғимаратты мемлекетке қайтара алар ма едіңіз? Мəмин де,
басқа бизнесмендер де менің өтінгенімді ойланбастан орындады. Сол,
бұрынғы «Мəскеу» қонақ үйінің ғимаратына ұзақ уақыт Қазақстан Респуб-
ликасының Сыртқы істер министрлігі орналасты.
Егер мен əлдекімді атамай кетсем, шын көңілден кешірім өтінемін.
Расын айтқанда, жаңа астананың қалыптасуына зор үлес қосқандардың
бəрінің толық тізімін жасар ма еді. Сірə, тұтас том болатын шығар.
Олар жалпы міндетті тамаша түсінді, олар көшіру қажеттілігінің ішкі
қисынын ұғынды. Бұл оларға сенім берді жəне менің өзімнің дұрыстығыма
сенім-сезімімді нығайта түсті.
Осы жерде Норберт Винердің адамның табысты қызметінің кепілі ретінде
оның өз бағытының дұрыстығына сенімі мен сезімі болуын анық көрсетіп:
«...Армия офицері дəрежесіндегі адам ер жүрек болуы тиіс, бірақ əрбір
əскери операция кезінде, «Мен ер жүрек адаммын ба?» деп сұрайтын адам
жақсы армия офицері бола қояр ма екен”, - дегенін еске алған орынды.
96
Менің ойымды жүзеге асыру жұмыстарымен айналысқан сол біраз адам
өздерінің дұрыстықтарына сенімді еді, сондықтан да «Назарбаевтікі дұрыс
па?» деген сұрақты өздеріне сирек қойған болар.
Астананы Есіл жағалауына көшірудің негізгі орындаушылары
сенімді болуының нəтижесі - біз қол жеткізген табыс.
Біз мүмкін еместі болдырдық, ең қысқа мерзім ішінде астана
қызметін Алатаудан Сарыарқаға көшіре алдық.
Сөйтіп жұмыс қызып сала берді. Күндіз-түні бірдей жүрді. Қада
қаққан машиналар гүрсілдетіп жатты, қаптаған құрылысшыға, көтергіш
крандар мен құрылыс материалдарына толған құрылыс алаңдары у да шу
еді. Ана жер, мына жерде құрылыс жылғалары пайда болып, олар бірте-
бірте қуатты тасқынға ұласты. Ақмоланың бүкіл орталығы алып құрылыс
алаңына айналды.
Келетін мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбастары үшін
тұрғын шағын аудан салуға зор көңіл бөлінді. Мұндай алғашқы шағын
ауданды салуға арналған орын таңдау бойынша ұсыныс көп болды.
Болашақ құрылыс үшін қазір “Самал" шағын ауданы орналасқан жер
мейлінше қолайлы деп табылды. Дегенмен нақ осы ауданда құрылыс
салуға қарсылар аз болмады. Батпақ, қамыс, ғимарат өзенге құлап кетеді
десті. Бірақ əкім мен астана сəулетшілері өз дегендерінде тұрды. Мен
оларды қолдадым, сөйтіп осы учаскені құрылыс салуға бөлдік.
Сөйтіп жаңа елорда картасында Астананың ең бір көрікті, келбетті
тұрғын шағын ауданы салынды. Оған “Самал” деген əдемі де айшықты ат
берілді.
Кейін Əділбек Жақсыбеков қазіргі “Самал” аумағына құрылыс
салуға қарсы болғандардың шын себебін айтып берді. Бұл ара Ақмоланың
барлық үлкен дəрежелі шенеунігінің ит қыдыртатын жері болып келген
екен. Сөйтіп осындай ыңғайлы жерден айырылғылары келмепті. Ит, əрине,
адамның досы. Бірақ, дегенмен, адамның проблемасы төрт аяқты
хайуанның проблемасынан маңыздырақ қой.
Сөйтіп қауырт құрылыс жұмыстары басталып кеткеннен кейін
жоғарғы жəне орталық мемлекеттік органдарды жаңа астанаға көшіру
нақты орындауға кірісерлік межеге жетті.
1997 жылдың жазы мен күзінде Ақмола жиірек келіп жүрдім.
Астаналық əуежайдың жаңа ұшу-қону алаңын салуды, Президент
Əкімшілігінің, Парламенттің əкімшілік ғимарат- тарын қайта жөндеу мен
салу барысын жеке өзім қадағаладым.
Ұшу-қону алаңын салуға айрықша көңіл бөлінді. Қайта қалпына
97
келтіру жұмыстары жүргізілген екі айда тəулігіне 3 000 тонна асфальт
қабылдаған кездер де болды.
Нəтижесінде бір жаз ішінде ең қысқа мерзімде ұзындығы 3 000 метр ұшу-
қону алаңы салынды. Осы заманғы жарық-белгі беру жүйесімен
жарақталды. Бағыттаушы жолдардың тұтас жүйесі жаңадан қосымша
салынды. Сөйтіп Астананың əуе жолы жасалды жəне елордалық əуежай
үлкен əуе кемелерін қабылдай алатын болды. Сондай-ақ келушілерге
арналған VІР залы салынды.
Бүгінгі күні Астананың əуежайы тек шағын тоннажды ұшақтарды
ғана қабылдай алатын шет аймақ деңгейіндегі əуежай емес.
Бүгінгі күні Астананың əуежайы - жолаушы жəне жүк
терминалдарынан, үлкен жүк ұшақтарын жəне ірі көлемді жолаушы
үшақтарын қабылдауға арналған халықаралық желілерден, аэробағыттау
объектілерінен, əуежайлақ қызметтерінен, жол коммуникацияларынан
тұратын жəне автотұрақтары бар осы заманғы тұтас инфрақұрылым.
Əуежайдың барлық қызметі қуатты əуеайлақ арнайы техникасымен жəне
əуе кемелеріне жерде қызмет көрсету жабдығымен жарақталған. Есіл
жағалауындағы астаналық əуежай сапа мен қызмет көрсетудің əлемдік
стандарттарына сəйкес салынған еліміздің алғашқы əуе қақпасы болды.
Мен əр сапар сайын министрліктер, ведомстволар, құрылыс ұйымдары
басшыларының қатысуымен кеңес өткіздім. Солардың бірінде көшудің
нақты мерзімі етіп 1997 жылғы қараша-желтоқсанды белгілеу ұйғарылды.
Құрылыс фирмаларының басшылары күздің басына қарай барлық ғимарат
дайын болады деп уəде етті. Көшіп келетін шенеуніктер үшін тұрғын үйлер
де жылдың аяғына қарай берілетін болды.
Ешкім де бізді осындай қысқа мерзім ішінде Ақмоланы орталық
мемлекеттік органдардың көшіп келуіне дайындап үлгереді деп ойламады.
Бірақ біздер, құрылысшылар, астананы көшіру жөніндегі мемлекеттік
комиссияның барлық мүшесі, осы іске қатысқанның бəрі, осыны жасай
алдық.
1997
жылғы
20
қазанда
«Ақмола
қаласын
Қазақстан
Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлық шықты. Осы
құжатқа сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығын 1997 жылғы 10
желтоқсаннан бастап иеленді. Жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы 1998
жылғы 10 маусымға тағайындалды.
Мен сол күні Алматы қаласының мəртебесі туралы Жарлыққа қол қойдым
жəне қала активінің жиналысында шаһарды дамыту жоспарларымды ортаға
салып сөз сөйледім.
98
Өз сөзімде мен еліміз алдағы уақытта да қаланың қуатты əлеуетіне,
осында еңбек ететін тамаша адамдарға арқа сүйей беретін болады деп
мəлімдедім. Алматы өнеркəсіптік, ғылыми, қаржылық, тарихи жəне мəдени
орталық ретінде қызметін жалғастырып, дəйекті дами беретін болады.
Қалаға республикалық қала мəртебесі берілді. Оның өкіметі коммуналдық
меншік объектілерін иелену, пайдалану жəне оларға билік етуге
өкілеттіктер алды. Ол қалада тіркелген ұйымдар акциялары мемлекеттік
пакетінің иесі болады.
Жаңа жұмыс орындарын құру жəне қоғамдық жұмыстармен
қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік жұмыспен қамту қорынан қаражат бөлу
басым тəртіпте көзделді.
Мен барлық алматылыққа маған сенгені үшін, жасымағандары үшін,
сөйтіп
білекті
сыбанып
тастап
өздерінің
туған
қаласын
қайта
жайластыруды қолға алғандары үшін алғысымды айтамын.
Астана солтүстікке көшкен сол күннен бергі өткен уақыт Алматы
құлдырауға ұшырайды деп үйде отырып сəуегейлік жасағандардың
айтқаны келмегенін көрсетіп берді.
Қала – бұрынғысынша ғылым мен мəдениеттің ордасы. Мұнда
əдеттегідей елдің қоғамдық-саяси, мəдени өміріндегі аса ірі де маңызды
оқиғалар өтіп жатады.
Үкімет Алматыны өңірдің ірі қаржы орталығына айналдыру
бағдарламасын іске асыру қамында.
Қаланың инфрақұрылымын дамыту үшін көп нəрсе жасалуда. Метро
құрылысы қайта жалғасты, жаңа автожолдар салынып жатыр, жаңа бақтар
мен гүлзарлар пайда болды жəне тұрғын үйлер салу толық қарқынмен
жүріп жатыр. Алматыда осы жылдар ішінде тұрғындар саны кемімеді,
қайта көбейе түсті. Алдағы уақытта да өсе беретініне сенімдімін.
Осы уақытта Ақмолада мемлекеттік қызметшілердің алғашқы
эшелонын қабылдауға дайындық толық қарқынмен жүріп жатты.
1997 жылғы 8 қарашада Ақмоланың орталығында жаңа астанаға
басты мемлекеттік символдардың жеткізілуі салтанаты жағдайда өтті. Сол
күндері
жаңа
астанаға
Президент
Əкімшілігі,
Үкімет,
жетекші
министрліктер жəне ведомстволар қызметкерлерінің алғашқы тобы да
келді.
Мен
Ақмолаға
кетіп
бара
жатқан
Президент
Əкімшілігі
қызметкерлеріне ақ жол тіледім. Өз сөзімде астананы көшірудің бір
маңызды қырына тоқталдым. Астананың қоныс аударуына байланысты іс
жүзінде биліктің өзін реформалаудың жаңа кезеңі басталды. Жаңа елордада
99
мемлекеттік қызметшілердің тың толқынын қалыптастыратын боламыз.
Бұл жұмысты орталық мемлекеттік органдар қызметкерлерінен бастаймыз.
Бастапқы
кезде
қиыншылықтар
болмайтынына
кепілдік
бере
алмайтынымды айттым.
Бірақ біз қоныс аударған шенеуніктер жақсы үй алуы жəне
мүмкіндігінше ертерек Ақмолаға өз отбастарын көшіріп əкелуі үшін барлық
мүмкін нəрсені жасауға тырыстық. Жаңа астанаға алғашқы эшелонмен бара
жатқандарға айрықша үміт жəне зор жауапкершілік жүктеледі. Олар
басқарушылардың негізгі легі келгенше жұмыс орындарын дайындаулары
керек. Мен кетіп бара жатқандарға осылай сəт сапар тілей отырып,
олардың өздеріне жүктелген міндетті ойдағыдай атқаратындықтарына
сенім білдірдім.
Ақмоланың аязы – көшіп келген алғашқы алматылықтардың үрейін
ұшырғанын жоққа шығара алмаймыз.
Олар үшін даланың бораны мен аязының бүкіл кереметін көру
қаншалықты ауыр болғанын білмеймін, бірақ астананың қалыптасуының
алғашқы жылдары алматылықтардың негізгі шағымының арқауы нақ осы
қақаған қыстың қытымыр аязы еді.
1998 жылы қыс күндерінің бірінде Көкшетаудан Астанаға қатты
боранға байланысты пойызбен келгенім есімде.
Перронға шықтым, қатты аяз жəне боран да аяқтан шалып
құлатардай күшпен ұйтқиды. Қарсы алғандарға келдім де: «Суық па, боран
соғып тұр ма?»- деп сұрадым. Бəрі де жамырай: «Иə, суық, қатты соғып
тұр», - десті. Бірақ мен қосыла кетпей, қайта керісінше: «Соқса соқсын! Бұл
денсаулыққа пайдалы», -дедім. Сол жерде тағы да бəрі қосыла: «Иə, əрине,
өте пайдалы», - деп жауап беріп жатты. Бұл көріністі əркім əрқалай түсінуі
мүмкін. Айталық, кəдімгі шенеуніктік жарамсақтану деп. Бірақ мəселе
мұнда емес, əрине. Қорыққанға қос көрінеді деген. Иə, суық. Боран да
болмай тұрмайды. Бірақ көшіп келу бізді тек аязға шынығуға жұмылдырып
қана қойған жоқ, көшіп келу шенеуніктердің көпшілігін əлдеқайда жауапты
болуға жұмылдырды. Оларды мемлекеттік басқару мəселелеріне əлдеқайда
жауапты қарауға итермеледі. Тура солай.
Оларды бұған не итермеледі: аязды таза ауа ма, əлде ‘‘ұлы көштің”
рухы ма, бұл енді маңызды емес.
Барлық министрліктер мен ведомстволарға тек білікті де іскер
қызметкерлер ғана барады деген нұсқау берілді. Қалғандары жергілікті
жерде таңдап алынады. Бір қызығы, Ақмолаға көшу құқығына ие болу
барлық тұрмыстық қиындықтарына қарамастан, нағыз бəсекеге айналды.
100
Басқарудың орталық органдары қызметкерлерінің Алматыдан Ақмолаға
көшуі бірнеше кезеңнен тұрды. 1997 жылғы желтоқсанның басына қарай
Президент Əкімшілігінің, Үкімет жəне Парламент аппараттарының
қызметкерлері толық көшті. Көшу ұйымдасқан түрде жүрді, орталық
құрылымдар жұмысында ешқандай іркіліс байқалмады.
Сөйтіп 10 желтоқсанда мен, Үкіметтің жəне Парламенттің
басшылары Қазақстан Республикасының астанасы туралы Қазақстан
халқына үндеуге қол қойдық, ол баспасөзде жарияланды. Онда байтақ
елдің орталығында осы күннен бастап жəне ғасырлар бойы халық тағдыры
үшін түбегейлі маңызы бар шешімдер қабылданатыны айтылды.
Отанымыздың жүрегі енді осы жерде соғады. Қазақстан осы жерде үшінші
мыңжылдықтың қарсаңында өзінің тарихи тағдырын айқындайтын
болады.
Сол күні Ақмолада түңғыш рет Парламент пен Үкіметтің бірлескен
отырысы өтті.
Ол Ақмоланың мəртебесі мен қызметі туралы Жарлықтың күшіне
енгендігін білдірді. Отырыста Ақмолада қол қойылған алғашқы Жарлық
жария етілді. Астананы көшіруге аса қомақты үлес қосқандарға үкіметтік
наградалар тапсырылды.
Сонда 1997 жылғы 10 желтоқсанда мен Əділбек Жақсыбековті
қаланың əкімі етіп тағайындадым. Ол бұл қызметті 6 жылдай атқарды.
Ақмоланың төл тумасы ол бұл қалада бəрі-бəрін, қаланың төңірегінен
бастап оның тарихына дейін, мəдениет қайраткерлерінен бастап бизнес
адамдарына дейін жақсы білетін.
Бұған дейін ол өзін бизнесте сынап үлгерді, облыс əкімінің бірінші
орынбасары, Парламент депутаты болды. Мен таңдаудан қателеспедім. Ол
жаңа астанада қыруар іс тындырды. Жұмысқа өте қабілетті, ниеттестер
жасағын іріктей алған ол қаланың оңай соқпайтын проблемаларын жедел
шешіп отырды. Қаланың ескі бөлігінің бүгінгі келбеті жəне жаңа алаңға
көшуді бастау – осының бəрі соның тұсында жүзеге асты.
Жаңа астанада 12 желтоқсанда алғашқы халықаралық көрме жоғары
деңгейде өтті.
Қазақстанның жаңа астаналы болу қуанышына туысқан елдердің
басшылары
–Түркиядан
С.Демирел,
Қырғызстаннан
А.Ақаев,
Тəжікстаннан Э. Рахмонов жəне Өзбекстаннан И. Каримов құтты болсын
айтты.
Біз бірге кеңес өткіздік. Оның барысында Орталық Азия өңірінде
экономикалық ынтымақтастықты одан əрі дамытуды бірыңғай нарықтық
101
кеңістік құру мəселелерін талқыладық. Президенттер Саяси қуғын-сүргін
құрбандары ескерткішін ашуға арналған салтанатты митингіге, соңынан
Тəуелсіздік күні жəне Ақмоланы Қазақстан Республикасының астанасы деп
жариялау құрметіне арналған салтанатты жиналысқа қатысты.
Мен Қазақстан тарихының осы бір аса маңызды кезінде бізбен бірге болу
үшін Ақмолаға келуге мүмкіндік тапқаны үшін оларға шын көңілден
ризамын. Бұл - түбі бір, тағдыры ортақ қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының
достығы мен туысқандығының жарқын дəлелі. Біздің еліміздің адамдары
осы теңдессіз байлықты қастерлейді жəне оны барлық уақытта сақтайды əрі
байыта береді.
Қазақстан - еуразиялық мемлекет, оның жаңа астанасы алып
Еуразия құрлығының географиялық орталықтарының бірі. Тəуелсіз
Қазақстанның астанасы етіп Ақмоланы таңдауда маңызы кем болмаған
айқындаушы факторлардың бірі – бұл қала келе-келе осы орасан зор
құрлықтың қуатты байланыстырушы орталығына айналатындығы еді.
Жаңа ғасырда даму үстіндегі еуразиялық кеңістіктің экономикалық,
технологиялық, ақпараттық ағыны біздің жаңа астана арқылы өтетін
болады.
1998 жылдың алғашқы жарты жылының өне бойы жаңа астананы
таныстыруға дайындық жүрді. Жылдың басына қарай Ақмолаға барлық
дерлік министрліктер мен ведомстволар көшіп келді.
Қайталап айтайын, жаңа астана бірде шытынаған аязымен, бірде
ұйтқыған боранымен қарсы алды. Бірақ жаңа астанаға көшіп келгенде ауа
райының қытымырлығы мемлекеттік аппараттың мыңдаған қызметкері
үшін жаңа сапалы пəтерлердің жайлылығы мен жылуы арқасында ұмыт
болды. Көктемнен бастап астанаға жиһаздар тасыған машиналар ағылды,
отбасылар балаларымен көшіп келіп мəз-мейрам болды. Сол күндері
астананың шағын аудандарында мыңдаған қоныс тойы өтті. Жаңа
астанадағы өмір бірте-бірте байыпты арнасына түсті.
Астана жаңа орынмен қатар жаңа атау да алды. Бұған дейін бұл
қаланы қалай атау туралы сөз көп болды. Түрлі ұсыныстар айтылды.
Қаланы елдің атымен Қазақстан деп атау жөнінде, басқа да, соның ішінде
Нұрсұлтан деп атау керек деген де ұсыныстар болды.
Қалай болғанда да, Ақмола атауын өзгерту қажеттігі жаппай
айтылып жүрді. Оның атауының мағынасы жөнінде көптеген жорамалдар,
тіпті қисынсыз тұспалдар айтылды. Ақмоланың орысшаға “белая могила"
деп аударылуы баспасөздің сүйікті тақырыптарының бірі болды. Мен бұдан
ешқандай өрескелдік көрген жоқпын. Əлемнің көптеген астанасының жəне
102
қаласының атауларында, мазмұн мен мағына жағынан мəнсіз жайттар аз
кездеспейді.
Мен Малайзияның астанасы туралы бұрынырақ мысал келтіріп
өткенмін. Оның аудармасы «батпақ» дегенді білдіреді екен. Бірақ Куала-
Лумпур тұрғындарының сол атауға ыңғайсызданып жүргендеріне қатты
күмəнім бар.
Бұл қала, Қазақстанның жаңа астанасы менің мақтанышым еді,
сондықтан оның атауын сан құбылтуға жол бере алмайтын едім. Онда
Ақмоланы қалай атаған, дəл айтқанда қалай деп қайта атаған жөн? Ол атау
қазақстандықтардың, еліміздің барша ұлты мен ұлысының ғана емес,
кірпияз шетелдіктердің де көңілінен шығуы керек.
Мүмкін Қараөткел дерміз? Алматы өзімен бір аттас Алматы
шатқалының атымен аталған ғой. Əлде Есіл ме? Сарыарқа ма?
Бірақ көкейге қонар емес. Өзіміздің дəстүрлі, қалаулы, бірақ тым ескі
атауларымыз бүгінгі астананы көшірумен жəне Қазақстанда жүріп жатқан
басқа да зор өзгерістермен байланысты жалпы көңіл ауанына жауап бере
алмай тұрғандығынан болар.
Шынын айтқанда, астананың атауын ауыстыру ұдайы ойымнан
шықпай, ат іздеумен болдым. Сөйтіп жүргенде бір жолы...
Бір жолы түнде, дəлірек айтсам, сағат түнгі екіде Астана деген атау
ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені. Астана дегеніміз астана! Қазақша
əдемі естіледі. Қомақты, ауыз толады, қысқа да нұсқа, əуезді. Орысша да,
ағылшынша да солай естіледі. Бұл атауда батылдық, мығымдық жəне
айқындық реңк бар. Астана! Біздің жалпы көңіл ауанымызды жəне
астананы көшіруден күтерімізді бейнелейтін өте ауқымды əрі қысқа ұран
сияқты. Бірақ бұл атауды қазақша пайдаланудың жаңылтпаш сияқты
өзіндік ерекшелігі болғалы тұр. Мысалы, астанамыз Астана.
Бірақ əлемдік тəжірибеде мұндай да мысалдар жетіп-артылады.
Мысалы, Бразилияның астанасы Бразилиа. Міне, осылай.
Сөйтіп түн ортасында келген ой - Қазақстан астанасының жаңа
атауы Астана көкейге біржолата ұялады.
Бұл атауды жергілікті органдар, Үкімет жанындағы мемлекеттік
ономастикалық комиссия, ең бастысы, жаңа астананың тұрғындары
қолдады. Жаңа атаудың астана тұрғындарына сіңісіп кеткені бекер емес.
Берген сұхбаттарымның бірінде осы орайда қойылған сұраққа: «...Астана
кез келген тілде – қазақша да, орысша да, ағылшынша да жақсы естіледі...
Ешқандай екіұдай түсінік жоқ. Орысша аудармасы столица дегенді
білдіреді. Қысқа əрі анық...» - деп жауап қайтардым.
103
Сөйтіп 1998 жылғы 6 мамырда «Қазақстан Республикасының
астанасы Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы Астана
қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
тиісті Жарлығы шықты...
Міне, осындай əдемі, əуезді əрі ауқымды атау - Астана атымен
Қазақстан Республикасының жаңа елордасы үшінші мыңжылдыққа енді.
Астана осы сөздің тура мағынасында нағыз астанаға айналды. Жаңа
тəуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының астанасына.
Айтпақшы, сол күні «Қазақстан Республикасының астанасы Астана
қаласында Сарыарқа жəне Алматы аудандарын құру туралы» Жарлық
қабылданды.
Сөйтіп, Астана қаласының картасында екі аудан пайда болды. Олар
астананы екі бөліп тұрған жоқ, қайта біртұтас біріктіріп тұр...
3 - ТАРАУ
ЕЛОРДА ЭСТЕТИКАСЫ
КЕҢГЕ СОЗҒАН ҚҰЛАШЫН...
Жер шарындағы өсімдіктер дүниесі мен жануарлар əлемін жүйелеп,
сыныптаған шведтің ұлы ғалымы Карл Линней өзінің «Ботаника
философиясы» атты əйгілі кітабында былай деп жазыпты: Достарыңызбен бөлісу: |