Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет9/18
Дата23.02.2017
өлшемі6,79 Mb.
#4723
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
§34. тәуелсіздік жолындағы 
күрес
1.   ресейдің  қоластындағы  Қазақстан.  Қа-
зақ станның Ресейге қосылуы ұзақ жылдарға 
созылды. Қазақтың жері мен жер астындағы  
байлығын иемдену Ресей империясы көздеген 
басты мақсатының бірі болатын. Қазақстан 
өзінің тәуелсіздігінен айырылды. Қазақ жерін 
айналдыра патша үкіметі әскери бекіністерін 
салды. Салынған бекініс желілері қазақтардың 
көшіп-қонатын өрісін тарылтты. Ол бекіністер ге 
казактарды әкеліп қоныстандырды. Казак тар – 
Ресей империясының басып алған жерлерін 
қорғайтын, отаршылдық сая сатын жүргізетін 
әскери топ. Казактар қазақтардың малын ай-
дап әкетіп, бейбіт ауылдарды тонады. Қазақтың 
жақсы жерлерін күшпен тартып алып, орыс 
қоныс аударушыларын орналастырды. Қазақ 
халқы ата-бабасының жерінен қуылып, құ-
нарсыз, шөлді аймаққа ығыстырылды. Ресей 
қазақтарды христиан дініне енгізу, тілі мен 
әдет-ғұрыптарынан айыру бағытында отарлау 
саясатын кеңінен жүргізді.
Патша қазақ хандары мен сұлтандарын 
өзінің өлкедегі тірегіне айналдырды. Олар пат-
ша өкіметінің отарлау саясатын жүргізуге 
көмектесті.  
2.   сырым  Датұлы  көтерілісі.  Қазақ халқы 
патша өкіметінің отарлық саясатына қарсылық 
білдіріп отырды. Қазақ жері арқылы өткен сауда 
керуендеріне, бекініс-қалаларға шабуыл жаса-
ды. Отаршыл биліктің бұйрығын орындамады. 
Азаттық сүйгіш қазақ халқы өзінің тәуелсіздігі 
үшін үздіксіз күрес жүргізді.
1783–1797 жылдары Сырым Датұлының  бас-
шылығымен 14 жылға созылған халықтың 
азат тық үшін қозғалысы болды. Жасында «ба ла 
би» атанған Сырымның әділдігімен, батыр-
Сырым Датұлы
 
Қазақтар неліктен 
Ресейдің қоластына 
өтуге шешім 
қабылдаған еді?
 
Неліктен екі жақ та  
бір-бірімен қарым-
қатынас жасауға 
мүдделі болды?

111
лығымен, тапқыр-шешендігімен атағы шықты. 
Өз бойында бидің де, батырдың да, ханның да 
қабілет-қасиеттерін ұштастыра білген ержүрек 
жан еді. 
Патша өкіметі қазақтардың Жайық пен 
Еділ, Есіл мен Тобыл сияқты өзендер жағасына,  
Кас пий теңізінің солтүстік жағалауына көшіп-
қонуына тыйым салды. Бұл халықтың ашу-
ызасын туғызды. Өз жерінде отырып қорлық 
көрген халықты Сырым батыр көтеріліске бас-
тады. Әрине, көтерілісшілердің күші патша 
өкіметінің жақсы қаруланған әскерімен тең 
емес болатын. Қанша жағаласқанымен, ақы-
рында көтеріліс жеңіліс тапты. Бірақ патша 
өкіметі Жайық пен Еділ арасындағы жайы-
лымды қазақтардың пайдалануына рұқсат 
етті. Көтерілістің әлсіз жақтары болғанына 
қарамастан, ол халықтың ұлттық сезімінің 
өсуіне әсер етті.
3.   исатай  мен  махамбет  көтерілісі.  Ресей 
отаршылдары қазақтың құнарлы жерін тар-
тып алуды жалғастыра берді. Патша саясатын 
жүргізген Жәңгір ханның әділетсіздігі, алым-
салық көлемінің ұлғаюы, халықтың жағдайы 
нашарлауы 1836–1838 жылдары Исатай Тай-
манұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ха-
лық-азаттық көтерілісіне алып келді.
Исатай Тайманұлы (1791–1838) – осы 
көтерілістің көсемі, қолбасшысы, халық ба-
тыры. Ол Жәңгір ханның әділетсіз билігіне, 
сұлтандар сатқындығына қарсы күресті. Озбыр 
биліктен жапа шеккен бұқара халық қолына 
қару алып, Исатайдың соңына ереді. Исатай 
1938 ж. шайқас үстінде жау қоршауында қалып, 
ерлікпен қаза тапты.
Махамбет Өтемісұлы (1804–1846) – көте-
рілістің басшысы, батыр, өр рухты ақын. Махам-
беттің жастайынан өлең-жыр мен домбыраға 
әуес қасиеттерін жақсы білген Жәңгір хан 
ұлы Зұлқарнайын Орынбор қаласында оқып 
Махамбет Өтемісұлы
Исатай Тайманұлы

112
жүргенде Махамбетті оның қасында ұстаған. 
Махамбет халық арасында суырыпсалма ақын, 
шешендігімен, өр мінезімен, батырлығымен та-
нымал болған. Ол орыс, татар, араб тілдерін же-
тік меңгерген.
Исатай мен Махамбет басқарған көтеріліс 
бүкіл хандықты қамтыды. Көтерілісшілер саны 
4–5 мың адамға дейін жеткен. Алайда күш тең 
емес болатын. Көтеріліс жоспарсыз, ұйым дас-
паған сипатта өтті. Қазақстанның басқа жер-
лерінде болған көтерілістермен байланыс жасай 
алмады. Осы себептерден көтеріліс жеңіліс тап-
ты. Бірақ көтеріліс тарихта өз ізін қалдырды, 
халықты келесі көтерілістерге үндеді. 
4.   Кенесары  Қасымұлы  бастаған  көтеріліс. 
Отаршылдыққа қарсы күрес жалғаса берді. 
1837–1847 жылдары Кенесары Қасымұлы бас-
таған көтеріліс болып өтті.
Кенесары Қасымұлы (1802–1847) – даңқты 
қол бас шы, мемлекет қайраткері, білікті дипло-
мат, батыр адам болған. Ол Абылай ханның 
немересі еді. Әкесі Қасым сұлтан – Абылай 
ханның отыз ұлының ең кенжесі. 
Кене сары 
Қасымұлы Қазақ 
станды Абылай ханның 
ке зіндегідей Ресейге тәуелсіз жеке мемлекет 
ету үшін күресті.
Кенесары хандық бас 
қаруды қал 
пына 
келті руге бар кү шін салды. Көте рі ліске үш 
жүздің қазақ 
тары қатысып, бү 
кіл Қазақ-
стан же рін қам тыды. Кенесары жауын гер-
лерінің саны күннен-күнге ар 
тып, әскер 
саны 20 мың адам ға жетті. Күреске түрлі  
ұлт өкілдері: қазақ, орыс, өз бек, қырғыз, 
поляктар және басқалар да қатысқан. Кене-
сары әскерді жүздік, мың 
дық 
тарға бө-
ліп, қатаң тәртіп орнатты. Кө теріліске үш 
жүздің бел гілі батырлары: Ағыбай, Иман, 
Жоламан, Сұран 
шы, Бұхар 
бай, Байсейіт 
және бас қалары белсене қатысты.
Хан Кене
 
Сырым Датұлы бас 
та-
ған ха лық-азаттық қоз-
ғалыс өткен аумақты 
картадан көрсет.
 
Исатай Тайманұлы мен 
Махамбет Өтемісұлы 
бас та ған  халық-
азаттық көтеріліс 
қамтыған жерлерді 
картадан көрсет.
 
Кенесары Қасымұлы 
басқарған ұлт-азаттық 
көте ріліс  қандай 
аудан дарды  қамтыды?

113
Кенесарыны үш жүздің ықпал ды билері мен 
сұлтандары қолдап, 1841 жылы  Қазақ хан-
дығының ха ны етіп сай лады. Уақытша болса 
да Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Кене-
сары елді басқару ісінде бір қатар жаңалықтар 
енгізді. Хан кеңесін құрды. Кенесары Қазақ 
хандығының соңғы ханы болды.
Патша Кенесарыға қарсы түрлі айла-амал-
дарды қолданып, әскерін күшейтті. Күш тең емес 
болатын. Қазақтың садақ, қылыш, қарапайым 
мылтығына қарсы патша әскері винтовка мен 
зеңбіректен оқ жаудырды.
Көтеріліс жеңіліс тапты. Бұл 10 жылға 
созылған, Қазақстан жерін түгел қамтыған, 
отаршылдыққа қарсы бағытталған ірі көте-
ріліс еді. Ол жеңіліске ұшырағанымен, Қазақ-
стандағы патша үкіметінің саясатына ауыр 
соққы болды. Отаршылдыққа қарсы көте-
рілістер өрістей берді. Бұдан кейін де Жанқожа 
Нұрмұхамедұлы, Есет Көтібарұлы, т.б. бастаған 
көтерілістер болып жатты. 
 
Отарлау дегенді  
қалай түсінесің?
 
Сырым Датұлы қандай 
адам еді? Ол бастаған 
қозғалыстың қандай 
нәтижесі болды?
 
Исатай мен Махамбет 
бастаған көтерілістің 
шығу себептері неде? 
Көтеріліс  нелік тен 
жеңіліске ұшырады?
 
Кенесары Қасымұлы 
не үшін күресті деп 
ойлайсың?
 
Кенесары мен Исатай 
қандай істерімен  
тарихта қалды?
 
Аталған көтеріліс-
тер дің  бір-бірінен 
ұқсастығы мен 
айырмашылығы неде?
«Кене хан орта бойлы, тарамыс денелі, жуан мойын, қараторы, қағілез жүзді 
кісі еді. От шашып тұратын қызарыңқы, қыран көзді еді,  мұрты, жирен-қоңыр 
түсті қалың шоқша сақалы болатын. Аз сөйлейтін, өзін байсалды да сұсты 
ұстайтын, барынша тектілік байқалатын… Кенесарының сырт келбеті елден ерек-
ше көрінбейтін, алайда оны өзгелерден бөлектетіп тұратын сыртқы көрінісі емес 
еді. Кенесары Қасымұлының  мінезіне тән күрделі де нақ өзіндік қасиеті – оның 
өз мемлекетін құру жолындағы жоғары идеяны көздеген құштарлық еді».
Уәлиханов Е.Ж. Кенесары. – М., 2004. 25-бет.
Тапсырма. отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрес. Кестені толтыр
Көтеріліс болған 
жыл
Көтеріліс басшысы
Көтеріліс мақсаты
Ерекшелігі

114
§35. Шоқан Уәлиханов 
1.   Өмір  жолы.  Шоқан Шыңғысұлы Уәли-
хановтың  (1835–1865) шын аты – Мұхам-
медханафия. Абылай хан – оның арғы баба-
сы. Шоқанның әкесі Шыңғыс Құсмұрында аға 
сұлтан болған. Шоқанның тәрбиесіне әжесі 
Айғанымның ықпалы зор болды. Айғаным – 
ел арасында беделі жоғары, ақылды, көреген 
адам еді. Шоқанның әкесі де өз заманына сай 
еуропалық білім алған, елінің өмір-тіршілігін, 
салт-дәстүрін, тарихын 
жақсы білген. Шоқан 
Құсмұрында сауатын 
ашып, арабша хат тани-
ды. Ол қарындашпен, 
кейін бояумен сурет 
салуды үйренеді.
Шоқан араб, пар-
сы, шағатай, ұйғыр 
тілдерін үйреніп, түркі 
тілдерін де меңгереді. 
Ол бала кезінде-ақ әкесі 
Шыңғысқа көмекте-
сіп, Атығай Арыстан-
бай ақын ның аузынан 
«Қозы Көрпеш – Баян 
сұлу» жырын жазып 
алған. 
1847 жылы 12 жасар 
Шоқанды әкесі Омбыға 
апарып, кадет корпусы-
на оқуға береді. Орыс-
ша білмейтін Шоқан 
қиын шылықтан 
қо-
рық  пай,  зеректігі  мен 
ең бек  қор лығының  ар-
қа 
сында орыс тілін 
Шоқан Уәлиханов

115
терең меңгеріп, зайырлы білім алып шығады. 
Омбыда оқыған алғашқы екі-үш жылда білім 
жағы 
нан өзінен екі жас үлкендерді басып 
озып, дос тары мен ұстаздарын таңғалдырады.
Шоқан сабағынан тыс тарих және геогра-
фиялық еңбектермен танысып, белгілі саяхат-
шылардың күнделіктерін оқиды. Шығыс ха-
лық 
тарының тарихын, әдебиетін және тілін 
үйренуге талпынады.
2.   Ғылыми  қызметі.  18 жасында Шоқан 
ка 
дет корпусын бітіріп, корнет атағын алып 
шығады. Батыс Сібір генерал-губернаторының 
кеңсесінде адъютант болып қызмет атқарады. 
Шоқан 20 жасында экс 
педиция құрамында 
алғаш рет Іле Алатауына, Жоңғар қақпасына, 
Тарбағатайға саяхат жасайды. Бұл саяхатта 
Ш. Уәлиханов қазақ, қырғыз халықтарының 
тарихы мен тұрмысы, діні мен салт-дәстүрі ту-
ралы материал жинап, мақалалар жазады. 
Іледегі Таңбалытастың, Жоңғар қақпасындағы 
тасқа жазылған жазулардың көшірмесін жасай-
ды. «Ер Көкше», «Абылай туралы жыр», «Едіге» 
жырларын жазып алған. 
Шоқан 1856 жылы экспедиция құрамында 
Ыстықкөлдің картасын жасауға қатысады. 
Тянь-Шань тауының биік шыңына дейін жетіп, 
сол жердің табиғатын, көне ескерткіштерін 
зерттейді. Шоқан қырғыз халқының «Манас» 
жырын жазып алып, оны орыс тіліне аударған.
Ш. Уәлиханов Құлжаға барып, Қытай мен Ре-
сей арасындағы сауда және шекарадағы даулы 
мәселелерді шешу ісіне қатысады. Құлжада үш 
айдай болып, Батыс Қытайда болған Қашқар 
көтерілісін бақылайды. Жоңғар тарихымен та-
нысады. 
Осы сапардың нәтижесінде 20 жасар Шоқан 
«Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Жоңғария 
очерктері», «Қытай империясының батыс про-
винциясы мен Құлжа қаласы», «Қырғыздар ту-
ралы жазбалар» атты ғылыми еңбектер жазады. 
Ш. Уәлихановпен кадет 
корпусында бірге оқыған 
С.Я. Капустин былай деп 
жазады: «Менің ойымша, 
Шоқан көрікті, аса сым-
батты болды... бет-әлпеті 
оның қайырымдылығы 
мен бекзаттығын таны-
тып тұратын. Оның тұла 
бойы адамды өзіне тартып 
тұратын тұнып тұрған 
әдемілік еді. Шоқан өз 
кезеңінің жан-жақты аса 
терең білімді адамы бол-
ды. Әсіресе оның тарихи 
білімі зор еді және ғылым 
мен әдебиет саласында 
да асқан білімділігімен 
ерекшеленетін... Шоқан өз 
ойын бейнелеп, тартымды 
жеткізе білетін керемет 
шешен болатын…»

116
Сол кездегі саяхатшылар мен орыс ғалымдары 
оның бұл еңбектерін өте жоғары бағалаған.
1857 жылы Шоқан Орыс географиялық қо-
ғамының мүшесі болып сайланады. Орыс үкі-
метінің тапсыруы бойынша ержүрек саяхатшы 
1858–1859 жылдары өзін бүкіл әлемге паш еткен 
Қашқарға саяхатын жасады. Ол кезде Қашқар 
еуропалықтарды қабылдамайтын, орыс ғалымы 
екенін білсе Шоқанды да өлтіріп тас 
тар еді. 
Сондықтан Шоқан қазақша киініп, өзін «сау-
дагер Әлімбаймын»  деп атап, 5 айдай Қашқар 
елінде тұрады.
Қашқарға саяхат нәтижесінде жазылған 
«Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-Лу 
провинциясының шығысындағы алты қала-
сының жағдайы туралы» атты еңбегі Гер-
манияда неміс тілінде, кейінірек ағылшын 
тілінде Англияда жарияланады. Бұл еңбекті 
шығыстанушылар жоғары бағалады.
Ш. Уәлихановты Ресей патшасы II Александр 
өзі қабылдап, оған штабс-ротмистр атағын
4-дәрежелі «Әулие Владимир» орденін табыс 
етеді. Патшаның ұсынысы бойынша Санкт-
Петербургте жұмысқа қалдырылады. Жаңа 
зерттеулерге құлшына кіріскенмен Санкт-
Петербургтың ылғалды климаты денсаулығына 
кері әсер етіп, өкпе ауруы асқынған Шоқан 
1861 жылы көктемде елге оралады. 1865 жылы 
Шоқан 30 жасында қайтыс болды. Ол өзінің 
қысқа өмірінде бес томдай әдеби және ғылыми 
шығармалар жазып қалдырды. 
Ш. Уәлихановты ға лым ретінде орыс зерттеушілері ерекше баға лады. 
Белгілі академик Н. И. Веселовский: «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 
шығыстану әлемінің аспанынан құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте 
шықты. Орыс ориенталистері бірауыздан оны таңғажайып құбылыс деп 
қарады, одан түркі халықтарының тағдыры туралы аса маңызды, ұлы 
жаңалықтар ашады деп үміт күтіп еді» деп жазған.
 
Ш. Уәлихановтың 
жан-жақты қабілеті, 
зеректігі туралы 
әңгімеле. 
 
Ш. Уәлиханов 
ғылымның қандай 
салаларына өз үлесін 
қосты? 
 
Шоқанның қандай 
еңбектер жазғанын 
мәтіннен тауып оқы. 
 
Шоқанға мына жоспар 
бойынша мінездеме бер:
–  Қай жылдары  
өмір сүрді?
–  Келбеті мен мінезі.
–  Қандай істер 
атқарды?
–  Оның есімі неліктен  
ел есінде?

117
§36. абай Құнанбайұлы
1.  Өмір жолы. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 
(1845 – 1904) – қазақ халқының ұлы ақыны, саз-
гер, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, 
ойшыл. Оның әкесі Құнанбай  өз заманында 
беделді адам, аға сұлтан, қажы болған. 
Абай алдымен ауыл молдасынан сауат аша-
ды. Он жасқа толғаннан кейін Семей қаласын-
дағы Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқиды. 
Абай парсы, шағатай (ескі өзбек) тілдерін 
жетік меңгереді. Медреседе оқып жүріп, 
Семейдегі «Приходская школаға» оқуға түседі. 
Орыс тілінде сауатын ашып, орыс тілі және 
әдебиетімен танысады. Ақын-жазушылардың 
еңбектерін оқып, өз бетінше білімін жетілдіреді. 
Бірақ Абай мұсылманша да, орысша да оқуын 
аяқтай алмайды. Әкесі Құнанбай оны ел билеу 
ісіне араластырмақ болып, елге шақыртып ала-
ды. Сөйтіп, Абай 13 жасынан ел ісіне араласа 
бас тайды.
Абай 12 жасынан бастап өлең жазған. Бірақ 
қатал әкеден жасқанып, өлеңдерін достарының 
аттарымен таратады. Тек қырық жастан ас-
қаннан кейін ғана өлеңдеріне өз атын қоя бас-
тайды.
Абай әкесінің қасын-
да болған жылдары би-
болыстардың, патша 
үкі метінің  отаршылдық 
саясатын, елдегі тең-
сіз 
дікті, аштық пен 
жалаңаштықты өз көзі-
мен көреді. Ол елге пай-
далы, адамгершілігі 
мол әділ басшы болуды 
мақсат етеді. 1876–1878 
жылдары елінде болыс 
болып сайланады. Сонда 
әділ билігімен елге та-
 
Абайдың «Берекеңді 
қашырма, ел тыныш 
болса, сол жақсы» деген 
сөзін қалай түсінесің?
 
Абайдың замандаста-
ры: Шоқан, Ыбырай, 
Махамбет, Біржан сал, 
Сүйінбай ақын  
туралы не білетініңді 
есіңе түсір.
Абайдың Мемлекеттік  
тарихи-мәдени және әдеби-
мемориалды қорық музейі 
қорынан алынған бейнесі

118
нылады. Шешен сөйлеуге төселеді. Елдегі дау-
лы мәселелерді шешу кезінде Абай билеушілер-
дің әділетсіздігі мен қатыгездігіне қарсылық 
білдіріп отырды. Елдегі жүгенсіздік, қаталдық 
үшін әкесі Құнанбаймен жиі-жиі тартысып 
қала береді. Өлеңдерінде надандықты, билер 
мен шенеуніктерді аяусыз әшкереледі.
2.   Шығармалары.  Абай өлеңдерінде халқы-
ның қасіретін, қайғысы мен қуаны шын баян-
дайды. Билеушілердің жаман қылықтарын сы-
найды, халқын өнер мен білім алуға шақыра-
ды. Ол халықты мектеп ашуға, бала оқытуға, 
ғылымды білуге, мәдениетін кө теруге үндейді. 
Басқа халықтарға құрметпен қарауды, олардың 
өнерін үйренуді уағыздады.
Абай қырық жасында «Жаз», «Жасымда ғы-
лым бар деп ескермедім» өлеңдерін жазды. Ақын 
өзінің жас кезінде оқи алмағанын, ғылымның 
қажет екенін ескермегенін, «мен оған қол жет-
кізуден кеттім, ендігі кезек сендердікі» деп, жас 
ұрпақты ғылым, білім алуға үндейді.
Абай қарасөзбен де ғибратты шығармалар 
жазды. Ол жалпы саны қырық алты бөлек 
шығармадан тұрады. Ол былай деп жазады: 
«Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді 
қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны 
ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз 
тапса, жазып алсын, я оқысын, керек жоқ десе, 
өз сөзім өзімдікі дедім де ақыры осыған бел бай-
ладым».
Ақынның ақыл-өсиеті түрінде тараған 
қарасөздерінде жастарды адамгершілікке, еңбек 
етуге, имандылыққа тәрбиелеуге көп көңіл 
бөлінген. 
Абай өлең, ғибрат сөздер, поэмалар жазумен 
қатар, аудармамен де айналысты. Ол А.С. Пуш-
киннің, Гёте, Шиллер, Байрон, М. Лермонтов,  
И. 
 
Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне 
аудар 
ды. Сондай-ақ ақынның өзі шығарған, 
аудар ған әндері де халық арасына кең таралды.  
 
Абайдың өмірі мен 
қызметі туралы 
әңгімеле. 
 
Сабақта және сабақ-
тан тыс алған 
білімдеріңді пайдалана 
отырып, «Абай – қазақ 
халқының ұлы ақыны» 
деген тақырыпта 
шығарма жазып кел.
 
Төмендегі үзіндінің 
мәнін ашып көрсет: 
«Еңбек қылмай 
тапқан мал дәулет 
болмас, қардың суы 
секілді тез суалар...»
 
Абай «Егер де есті 
кісілердің қатарында 
болғың келсе, күніне 
бір мәрте, болмаса 
жұмасында бір, ең 
болмаса айында бір 
рет өзіңнен өзің есеп 
ал!» – деп жазған. 
Абайдың осы айтылған 
сөзін қалай түсінесің? 
Күнделікті өмірден мы-
сал келтіре отырып, 
ойыңды дәлелде.

119
Абай Құнанбаев 1904 жылы 59 жасында дү-
ниеден өтті. Абайдан қалған асыл мұра дүние 
жүзі халықтарының рухани игілігіне айнал-
ды. 1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен Абайдың 
туғанына 150 жыл толуы әлемдік деңгейде той-
ланып өтті. Бұл – әлем  халқының Абайға деген 
үлкен құрметі.
§37. ыбырай алтынсарин
1.   «Кел,  балалар,  оқылық!»  Ыбырай Алтын-
сарин  (1841–1889) – ағартушы ұстаз, педагог, 
жазушы, этнограф. 9 жасында Ыбырай Орынбор 
қаласында орыс-қазақ мектебінде оқиды. Бұл 
мектеп келешек шенеуніктерді даярлау үшін 
ашылған болатын. Бұл мектепте оқушылар 
орыс тілі, көркем жазу, арифметика, татар тілі 
пәндерін және мұсылман діні ілімін оқыды. Со-
нымен қатар іс қағаздарын орыс тілінде жазуға 
үйренді.
Ыбырай мектепті алтын медальмен бітіреді. 
Содан кейін үш жылдай аудармашы, Орын-
бор басқармасында хатшы болып жұмыс іс-
тейді. Осы жылдары білімқұмар Ыбырай 
әлем халықтарының ойшылдары мен ағар 
ту-
шыларының еңбектерін қызыға оқып таны-
сады.
Ы. Алтынсарин 1860 жылы өзінің ұстаздық 
қызметін бастады. Осы жылы облыстық бас-
қарма оған Орынбор (Торғай) бекінісінде қазақ 
балалары үшін бастауыш мектеп ашуды ұсын-
ды. Өзін сол мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп 
тағайындады.
Патша үкіметі мектеп салуға қаражат 
бөлмеді. Сондықтан Ыбырайдың өзі ауылдарды 
аралап, балалардың келешегі үшін оқу-білім-
нің қажеттілігін түсіндіріп, халықтан қаражат  
Ыбырай Алтынсарин

120
жинайды. Жиналған қаржыға Торғайдан мек-
теп ашады.
Ы. Алтынсарин 1864 жылдың 16 наурызын-
да Орынбордағы орыс әкімдеріне жазған хатын-
да: «Менің көптен күткен арманым іске асып,  
мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, 
бәрі де жақсы, есті балалар. Бұл балалар небары 
3 айдың ішінде оқи алатын және орысша қаріп 
білетін болады» деп жазды. Мектептің қасынан 
балаларға арналған интернат ашылды.  
2.   ы. 
алтынсариннің 
ұстаздық 
еңбегі.  
1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысын-
да мектеп инспекторы қызметін атқарады. Ол 
балаларға арнап екі сыныптық орыс-қазақ 
учи лищесін ашты. Оған оқушы жинады, мұ-
ға 
лімдермен қамтамасыз етті. Әр мек 
тепте 
кі 
тап 
хана ашуға, оны оқулық, оқу-құрал 
да-
ры 
мен жабдықтауға ұмтылды. Ы. 
 
Алтынса-
рин өзі ашқан мектептерде қазақ тілінің таза 
оқытылуына қатты көңіл бөлді.
Ы.  Алтынсарин қазақ тіліндегі алғашқы оқу-
лық  «Қазақ хрестоматиясын» жазып, басып 
шығарды. Бұл кітапқа қазақ ауыз әдебиетінің 
үлгілері, өзінің балаларға арналған Отан, адал 
еңбек, кішіпейілділік туралы өлеңдері мен 
әңгімелері енгізілді. Орыс ағартушылары мен 
жазушыларының шығармаларын қазақшаға 
аударып, оқулыққа енгізді.
Ы.  Алтынсарин қыздарға білім беруге ерек-
ше көңіл бөлді. Ол 1888 жылы алғаш рет қа-
зақ қыздарын оқытатын мектеп пен жанында 
интернаты бар училище ашуға қол жеткізді. 
Оқушыларға арнап тілі жеңіл оқулық, мұға-
лімдерге көмекші оқу құралдарын жазды. Бұның 
барлығы ағартушы ұстаз еңбегінің тамаша жемісі 
еді. Ол қазақ халқы келешекте өнерлі, білімді бо-
луы тиіс деп, сол жолда аянбай еңбек етті.
 
Ы. Алтынсариннің 
ағартушы ұстаз және 
жазушы болғанына 
нақты мысал келтір.
 
Ы. Алтынсарин  
ха лыққа білім беру  
сала сында  қандай   
істер атқарды?  
 
Ы.  Алтынсарин 
қандай тұңғыш 
оқулық жазды? 
Бұл кім?   
(ауызша викторина)
1. Қазақтың ұлы ақы ны. 
Өлеңдерімен  әділет сіз-
дікті әшкереледі, адам-
гер ші лік ке, 
иманды-
лыққа,  еңбек қор лыққа 
үндеді, басқа ұлт адам-
дарымен достасып, 
олар  дан  өнер-білім  үй-
ре нуге  шақырды.
2. Қазақтың тұңғыш ға-
лы 
мы. Қазақ халқы-
ның тарихын, тұрмысы 
мен мәде 
ниетін, өлке 
табиғатын  зерт теді.
3. Қазақтың тұңғыш пе-
да гог-ағартушысы.  Ал-
ғаш рет қазақ даласын-
да мектеп ашты, қазақ 
әліппесін құрастырды, 
қазақ тілінде тұңғыш 
оқулық жазды.

121


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет