Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата23.02.2017
өлшемі6,79 Mb.
#4723
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
§46. ііі бөлім бойынша 
қорытынды қайталау
X–XII ғасырларда Қазақстан аумағында 
сәулетті ірі құрылыстар тұрғызылды. Ислам 
дінінің нығаюына байланысты діни кешендер 
салу ісі дамыды. Оларға мешіттер, кесенелер, 
мазарлар, т.б. жатады. Қожа Ахмет Йасауи 
кесенесі XIV–XV ғасырлардағы тамаша сәулет 
өнерінің туындысы.
Наурыз    береке мен бірліктің, Шығыс 
халықтарының жыл басы мерекесі.
Өнер    ауқымы кең ұғым. Өнер көп сала-
лы. Шешендік өнер – соның бір саласы. Қазақ 
шешендері мен билері –  Төле, Әйтеке, Қазыбек, 
Асанқайғы, Жиренше, Сырым Датұлы және 
басқалары мәңгілік өшпес мұра қалдырған.
Музыка – адамның жан дүниесін, көңіл күйін, 
сезімін, күш-жігерін бейнелейді. Күй – қазақ 
халқының ертеден келе жатқан музыкалық 
шығармасы.
Қазақ ауыз әдебиеті –  ұрпақтан-ұрпаққа  
ауызша айтылу арқылы жеткен асыл қазына. 
Халықтың ауыз әдебиеті туған жерді, Ота-
нын сүюге, адал еңбек етуге, достыққа, адам-
гершілікке шақырады. Жамандықты, озбыр-
лықты әшкерелейді.
Қазақстан аумағын ертеде мекендеген адам-
дар Тәңірге, отқа табынған. Ислам діні тарала 
бастағанда қалаларда діни медреселер, мешіттер 
салынып, ғылым мен білімнің дамуына жол 
ашылды.
Көшпелі мал шаруашылығымен және егін-
шілікпен айналысу, сауданың дамуы, көрші 
халықтармен байланыс жасаудың бәрі қа 
зақ-
тардың экономикалық дамуына үлкен ықпал 
етті.

148
IV бөлім
XX ҒасырДаҒы 
ҚазаҚстан
§47. Қазақстанда Кеңес  
өкіметінің орнауы
1.  ақпан төңкерісі. Уақытша үкімет. 1917 жы-
лы Ресейде екі мемлекеттік төңкеріс болып өт-
ті. 1917 жылғы 27 ақпанда болған Ақпан төң-
ке рісінде  Ресей патшасы II Николай тақтан 
құ ла тылды.  Оның  орнына  Уақытша үкімет 
құрылып, елді министрлер басқарды. Көпшілік 
адамдар Ресей ерікті, тәуелсіз елге айналды 
деп ойлады. Бірақ Уақытша үкімет  халықтың 
ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырмады. Бұл 
кезде Ресей бірінші дүниежүзілік 
соғысқа қатысып, Германиямен 
соғысып жатқан болатын. Халық 
соғыстан әбден қалжырады, бірақ 
тонаушылық соғыс созыла берді. 
Зауыт пен фабрикалар, темір жол-
дар мен шахталар өз иелерінің мен-
шігінде қалды. Жер шаруаларға 
берілмеді.
Патша құлатылғанымен жақ сы 
өмір келмеді. Большевиктер жұ-
мысшылар мен солдаттар ды және 
шаруаларды жаңа революцияға да-
йындай бастады. Олар үгіт-насихат 
жұмыстарын жүр 
гізді, жиналыс-
тарда сөз сөйледі. Уақытша үкі-
Ресейдегі Ақпан төңкерісі

149
метке сенбеуге ша қырды. Билікті өз қолдарына 
алып, жерді иелері нен тартып алуға үндеді.
Большевиктердің шақыруымен Ресейдің бү-
кіл жұмысшылары көтеріліске шықты. Көте-
рілісшілер «Өкімет билігі Кеңестерге беріл-
сін!» деп ұрандады, «Нан! Бейбітшілік! Бітім!»  
болсын деген талаптар қойды.
2.   Қазан төңкерісі. Кеңес өкіметі.  1917 жылы 
24 қазанда Петро градта қарулы көтеріліс бас-
талды. Көтерілісшілер көпір, телеграф, теле-
фон, электр стансалары, вокзалдар және басқа 
да маңызды объектілерді басып алды. 25 қазан-
ның кешінде бүкіл қала көтерілісшілер қолына 
көшті. Сол күні Уақытша үкімет құлатылып, 
орнына жұмысшылар мен солдаттардың Кеңес 
өкіметі орнады. 1917 жылы 25 қазан күні 
 
(7 қараша) тарихқа Қазан социалистік төңкерісі 
жеңген күні ретінде енді. Тұңғыш Кеңес 
 
үкі меті  –  Халық Комиссарлары Кеңесі (ХКК) 
құ 
рылды. Кеңес үкіметінің басшысы болып 
 
В. И. Ленин сайланды. «Бейбітшілік», «Бітім», 
«Жер» туралы декреттер қабылданды. 
Кеңес өкіметі жеңіске қол жеткізген соң, 
Ресейдің құрамындағы украин, белорус, қазақ, 
қырғыз, түрікмен, әзірбайжан және басқа 
халықтар өз мемлекетін құру жолына қадам 
басты. 
1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың 
наурыз айының басына дейін Кеңес өкіметі 
Қазақстанның барлық жерлерінде орнады.
Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату 

ға Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Ораз 
Жан досов, Тоқаш Бокин, Баймен Алманов, Са-
қыпкерей Арғыншиев, т.б. көп еңбек сіңірді. 
1918 жылдың көк темінде Екібастұз, Қарағанды, 
Риддер кеніш терін, Ертіс пен Арал кемешілігін, 
фабрик-зауыттар мен теміржол, банк, диірмен, 
баспаханалар және басқа кәсіпорындарды мем-
Декрет – Кеңес өкіме-
тінің алғашқы заңдары. 
Жаңа құрылған үкімет 
әлем халықтарын соғысты 
тоқтатуға, әділетті бітім 
жасауға шақырды. Жер 
мемлекеттің меншігіне 
алынып, сол жерде еңбек 
еткен шаруаларға тегін 
берілді.
Владимир Ильич Ленин

150
лекет қарамағына алу жайлы декреттер қабыл-
данды. Олар халық үшін қызмет етуге кірісті.
Халыққа білім беру, сауатсыздықты жою 
қолға алынды.
3.  азамат  соғысы.  Бұрынғы патша шенеу-
ніктері мен генералдары, билеушілер айырыл-
ған билік пен байлықтарын қайтарып алғысы 
келді. Бірнеше рет Кеңес өкіметін құлатуға 
әрекет жасалды. Олар өздерінің армиясын – 
ақ гвардия (ақтар) құрды. Шетелдік Антанта 
ода ғы да (АҚШ, Англия, Франция, Жапония 
мемлекеттері) Кеңес еліне қарсы әскерін аттан-
дырды.  
Кеңес өкіметіне қарсы ақтар (ақ гвардия-
шылар) күш біріктіріп, қарулы күреске шықты. 
Елде азамат соғысы басталды. Жаңа құрылған 
Кеңес өкіметінің жағдайы өте қауіпті де 
ауыр болды. Большевиктер (қызылдар) қол-
да рына қару алып ақ гвардияшылар мен ше-
тел басқыншыларына қарсы со 
ғысып, азамат 
соғысында жеңіске жетті.
4.  Қазақ автономиялық Кеңестік социалис-
тік республикасының (Қазақ аКср) құрылуы.  
1920 жылы 26 тамызда Кеңес өкіметі Қазақ 
Автономиялық Кеңестік Социалис тік Рес публи-
касын құру туралы дек рет қабылдады.
1920 жылы 4 қазанда Орынборда өткен Қазақ 
АКСР-і Кеңесінің съезі Қазақ АКСР-інің құ-
Қазақстан азамат 
соғысы жылдарында 
(1918–1920)

151
рыл 
 
ғанын жариялады. Осы съезде мемлекет 

тік басқару органдары, азамат 
тар 
дың басты 
құқықтары мен міндеттері, жер саясаты, сайлау 
жүйесі, т.б. белгіленді. Қазақстан Автономия-
лық Республика ретінде РКФСР-дің құрамына  
енді.
Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік 
Республикасының құрылуы аса маңызды тари-
хи оқиға болды. Бұл қазақ халқының ғасырлар 
бойы армандаған Тәуелсіздік жолындағы ал-
ғашқы қадамы еді.
5.   Ксро  құрылуы.  Кеңес өкіметінің жау-
ларынан қорғану кезінде әбден күйреген өнер-
кәсіп пен ауыл шаруашылығын қалпына кел-
тіруі, мәдениетті одан әрі дамыту үшін респуб-
ликалардың бір одаққа бірігуі қажет болды. 
Мәскеуде 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңес-
тердің  Бүкілодақтық бірінші съезі өтті. Оған 
елдің барлық аумағынан орыс, украин, бело-
рус, әзірбайжан, армян, татар, қазақ, түрікмен, 
өзбек, т.б. делегаттар қатысты. Съезд деле-
гаттары  Кеңестік Социалистік Республика-
лар Одағы (КСРО) құрылғаны туралы шешім 
қабылдады. Оның құрамына кірген ұлттық 
республикалардың барлығы Орталыққа, яғни 
Мәскеуге тәуелді болды. КСРО-ның астанасы 
Мәскеу  қаласы болып белгіленді. КСРО-ның 
құрамына Қазақстан да кірді. Одақ құрамына 
енген республикалар аумағы, халқының саны, 
өнеркәсіп пен мәдениетінің дамуы жағынан 
әртүрлі болатын. Бұл республикалар өз алдына 
дербес экономикасын, жеке тәуелсіз саясатын 
жүргізе алмады, орталық билікке бағынышты 
болды.
Республикалардың өзіндік рәміздері: гербі, 
туы мен гимні бекітілді. Әрбір респуб ликаның 
өз астанасы болды.
 
Ресейде патша құла-
тылғаннан кейін 
қан дай өзгерістер орын 
алды?
 
Қазан төңкерісінен 
кейін қандай декрет-
тер қабылданды? 
 
Қазақстанда Кеңес 
өкіметі қалай орнады?
 
Кеңес өкіметі 
жүргізген алғашқы 
шаралары туралы 
әңгімелеп бер.
 
КСРО дегеніміз не және 
ол не үшін құрылды?
1. Қазан төңкерісі 
жеңіске жеткен күн? 
а) 1917 жылы 1 ақпан 
ә) 1917 жылы 8 наурыз
б)  1917 жылы 14 шілде
в)  1917 жылы 25 қазан
г)  1917 жылы 29 қазан
2.  Қазақ Автономиялық 
Кеңестік Социалистік 
Республикасының 
құрылған уақыты
а) 1919 жылы 20 тамыз
ә) 1919 жылы 11 жел-
тоқсан
б)  1920 жылы 15 наурыз
в)  1920 жылы 26 тамыз
г)  1920 жылы 30 тамыз

152
§48. алаш қозғалысы
1.   алашорда  үкіметінің құрылуы. «Алаш» – 
ертедегі түрік сөзі, «бауырлас, қандас, туыс» 
 
деген мағынаны білдіреді.
Ұлттың азаттығы мен бостандығы үшін кү-
рескен азаматтар ертедегі «алаш» ұғымын қайта 
жаңғыртты. Олар «алаш» түсінігін бостандық 
пен бірліктің ұраны ретінде қабылдады.
1917 жылы патша тақтан түсірілген соң, 
Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы
Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Тыныш-
баев және басқалар «Алаш» партиясын құрды. 
1917 жылы 5–13 желтоқсан аралығында Орын-
борда Жалпықазақ съезі өтті. Съезде 25 мүшеден 
тұратын  Алашорда үкіметінің құрылғаны жа-
рияланды. «Алашорда» (Алаш автономиясы) де-
ген атпен үкімет құрылды. Алаш орда Кеңесінің 
төрағасы болып Әлихан Бөкейханұлы сайлан-
ды. Алаш партиясы Қа зақ станның жеке мем-
лекет болуын қалады. Алайда Алаш қозғалысы 
тәуелсіздікке қол жеткізе алмады. Кеңес өкіметі 
тарапынан қу ғынға ұшырап, Алашорда үкіметі 
таратылды. Алаш қозғалысының басшылары 
мен мүшелері қатал жазаланды.
2.   алаш  қайраткерлері. 
Әлихан Бөкейхан-
ұлы (1866–1937) – Алаш қозғалысының жетек-
шісі. Әлихан зерделі, оқыған азамат еді. Ту-
ған халқының қамын ойлап, елдегі барлық 
қоғамдық-саяси оқиғаларға белсене қатысады.
Әлихан Бөкейханұлы

153
Ә.  Бөкейханұлы  1905 жылы патша атына 
жазылған қазақ өлкесінің саяси талаптарын 
ұйымдастырушылардың бірі болды. Осы үшін 
«үкіметке қарсы үгіт жүргізді» деген айып-
пен абақтыға қамалады. Осы кезде Әлихан Бө-
кейхан ұлының Ресейдегі I Мемлекеттік Думаға 
депутат болып сайланғаны белгілі болады. 
Осыған байланыс ты ол түрмеден амалсыз боса-
тылып, Думаның жұмысына кешігіп келеді. 
Мәскеуде өткен қоғам қайраткерлерінің 
съезін де сөйлеген сөзінде Әли хан Бөкейханұлы 
былай дейді: 
«Осында сөйлеген поляк, латыш өкілдері-
нің сөзін тыңдай отырып, мен өзіме жақсы та-
ныс кітап ты оқығандай болдым. Бізде де қазақ 
тіліндегі мек тептер қысымға ұшы рауда... айта 
берсе, қазақ тың мұқтажы шаш-етек тен».
Ірі қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының 
жетекшісі Ә.  Бөкей ханұлы бүкіл саналы ғұ мы-
рын туған халқының бостандығы жолын дағы 
күреске арнаған.
Ахмет Байтұрсынұлы  (1873–1938) – Алаш 
қозғалысы жетек шілерінің бірі, қазақ тіл білі-
мінің негізін қалаушы, дарынды ақын, қоғам 
және мемлекет қайраткері, бірқатар оқу құрал-
дарын жазған ғалым.
Ахмет Байтұрсынұлы және бірқатар қазақ зия-
лылары патша үкіметінен қазақ балала рының 
сауатын қазақша ашу, ол үшін оқу құралдарын 
дайындауды талап етеді. Ол осы жұмысты өзі 
бастайды. Қазақ тілінде тұңғыш «Әліппе» мен 
«Ана тілі бойынша оқу құралын» жазады. 
Ахмет Байтұрсынұлы Орынборда «Қазақ» 
газетін шығаруға басшылық жасады. Газеттің 
атын неге «Қазақ» деп атағандығы тура-
лы А. Байтұрсынұлы: «Ұлт үшін деген істің 
ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет 
ету қазақ баласына міндет... жол ұзақ, ғұмыр 
қысқа, қолдан келгенше халыққа жақсылық 
істеп кетелік. Малша оттап, асап ішіп, 
халық үшін қам қылмай, қарын тойғанға мәз 
Ахмет Байтұрсынұлы
 
Алаш партиясы қашан 
құрылды? 
 
«Алаш азаматы»  
деген ұғымды қалай 
түсінесің? Ойыңды 
нақты мысалдармен 
дәлелде.
 
Жалпықазақ съезі 
қандай маңызды 
мәселелер қарады?

154
болмайық... Бұл газеттің мақсаты – қазақ ара-
сына ғылым, өнер жайылуына басшылық ету; 
басқа жұрттардың халінен хабар беріп, таныс-
тыру» деп жазады.
Міржақып Дулатұлы  (1885–1935) – Алаш 
қозғалысының қайраткері, көрнекті ақын.
Міржақыптың «Оян, қазақ!» атты тұңғыш 
жыр жинағы 1909 жарық көрді. Онда:
Көзіңді аш, 
Оян, қазақ, 
Көтер басты, 
Өткізбей қараңғыда бекер жасты! –
деген сөздері халықтың еркіндікке жету ұраны 
болды. Осы еңбегі үшін қуғынға ұшырап, бір 
жыл түрмеге қамалады.
Оның  «Бақытсыз Жамал», «Азамат», «Тер-
ме», «Қазақтар мен қырғыздардың шығу тари-
хы» деп аталатын еңбектерінде халық мүддесін 
қорғау, елін, жерін сүю сөз болады. Орынбордағы 
«Қазақ» газетінде А.  Байтұрсынұлымен бірге 
жұмыс істеді, оның серігі болды. «Ақ жол», 
«Еңбекші қазақ» газеттерінде, «Қызыл Қазақ-
стан» журналында еңбек етіп, аудармашы-
лықпен де айналысты.
М. 
 
Дулатұлы түрмеден жолдаған хатында 
былай деп жазады: «...Мен өзімнің бейшара 
халқымның осы құлдық жағдайынан шығуына 
көмектесуді өз борышым деп санадым. Саяси 
саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай ал-
мадым деп санаймын, ал қазір Кеңес өкіметіне 
қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ 
ұлтын дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда 
көргім келген тілегім ғана».
Алаш қозғалысының қайраткерлері өз хал-
қының теңдігі мен бостандығы үшін аянбай 
еңбек етті. Олар азаттық жолындағы күрестің 
көшбасшылары болды. 
Алаш қайраткерлерінің арманы тек 1991 жы-
лы 16 желтоқсанда орындалып, еліміз шына йы 
тәуелсіздікке қол жеткізді. 
 
Алаш  қайрат кер-
лерінің қызметіне 
сипаттама бер.
 
Ә. Бөкейханұлының 
өмірі мен қызметі  
туралы әңгіме  
дайындап кел.
 
А. Байтұрсынұлы 
қандай оқу  
құрал дарын  жазды?
 
М. Дулатұлының 
қандай еңбектерін 
білесің?
Міржақып Дулатұлы

155
§49. Қазақстанда 1920–1940 
жыл дары  өнеркәсіп  пен 
ауылшаруашылығының дамуы
1.   Қазақстанды индустрияландыру. Аза-
мат соғысы  аяқталғаннан кейін Кеңес өкіметі 
соғыста бүлінген, қираған шаруашылықты 
қалпына келтіру қажет деп шешті. Ол үшін ин-
дустрияны дамыту және ауыл шаруашылығын 
өркендету керек еді. Сондықтан кеңес адамда-
ры аянбай еңбек етіп, азамат соғысы зардабын 
жоюға кірісті.
Индустрия дегеніміз – жаңа техникамен жаб-
дықталған зауыт, фабрика өнеркәсібі. Білік 
ті 
мамандар: инженер, техник, жұмысшылар өте 
аз болатын. Жаңа зауыттар мен фабрикаларды 
жабдықтау үшін станок пен машиналар тап-
шылық етті. Жаңа құрылысты бастау үшін 
қаражат та жетіспеді.
Құрылысшылардың қо лын да тек қарапайым 
құ рал-сайман: қоларба, кү рек, балта, т.б. ғана 
болатын. Топы рақ пен тас мал жегіл ген көлік-
пен тасылды.
Кеңес өкіметінің алдында алып құрылыстар-
ды өте қысқа мерзімде салу міндеті тұрды. Осы 
міндеттерді жүзеге асыру үшін жоспар жасал-
ды. Ол бесжылдық жоспар деп аталды. Бірінші 
бесжылдық 1928 жылы басталды. 
Қуатты өнеркәсіп 
ті қалыптастыруда 
кеңес адам дары күндіз-түні, боранды, 
қарлы мезгілдерде, шөл мен шөлейтті 
ай мақтарда да қызу қарқын мен жұмыс 
істеді. Мұндай алып құрылыстар салу 
ісі барлық рес 
публикаларда жүріп 
 
жатты.
Индустрияландыру жылдары Қазақ-
станда 150-ден астам ірі өнеркәсіп 
орыны салынды. Соның бас тылары – 
Түркістан-Сібір темір жо лы, Шымкент 
қорғасын зауыты, Балқаш мыс балқы-
Түйемен топырақ тасу

156
ту комбинаты, Қарағанды көмір кен орындары, 
т.б. еді.
Қазақстанда салынған өнеркәсіптер дайын 
өнім шығармады. Шикізат Ресей мен Украина 
өнеркәсіптеріне тасылды.
Өнеркәсіпке қажетті жаңа техниканы мең-
герген мамандар, тәжірибелі жұмысшылар Мәс-
кеу, Ленинград, Донбасс және басқа қала лардан 
әкелінді. Қазақ жұмысшылары сол қалалар-
дағы өнеркәсіп орындарына кәсіби білім мен 
тәжірибе алу үшін жіберілді
2.   түркістан-сібір  теміржолы.  Бұл құрылыс 
1927 жылы басталып, 1931 жылы 1 қаңтарда  
пайдалануға берілді. Түркісіб теміржолы ар-
қылы Сібірден Орта Азияға астық пен өнеркәсіп 
тауарлары тиелген пойыз 
дар жөнелтілді. Ал 
Орта Азиядан өнеркәсіпті орта лықтар мен то-
қыма фабрикаларына мақта тасылды. Жол дың  
ұзындығы 1500 кило метрге жетті.
Теміржол шөл дала мен тау жоталарын ба-
сып өтті. Шөлді жерде рельс тарту өте қиынға 
түсті. Рельстер, шпалдар мен қиыршық тастар 
түйемен тасылды. Жұмысшыларға азық-тү лік 
пен ауыз су қатаң норма бойынша берілді.
Түркісіб құрылысында 
100 мыңдай адам жұмыс 
істеді. Онда түрлі ұлт адам-
дары: орыс, қазақ, өзбек, 
түрікмен, тәжік, т.б. ең бек 
етті.
3.    ауыл 
шаруа шы лы-
ғын ұжымдастыру. Ке-
ңес өкіметі шаруа 
ларға 
жер берді. Бірақ шаруа-
лардың қожалығы ұсақ 
мен шік  қал пында  қалды. 
Әр отбасы өзінің үлесті же-
рінде жұмыс істеді. Жер-
ді соқамен өңдеді, егін-
ді орақпен орды, бар 
лық 
жер өңдеу жұмыстарын 
қарапайым  құрал дармен 
атқарды.
Түркісіб теміржолы.
Суретші Ә. Қастеев
Қазақстанда ұжымдас-
тыру кезінде 100 мыңнан 
астам адам жазықсыз жа-
заланды. 13151 адамды 
қамауға алу туралы үкім 
шығарылды. 
Аштықтан, түрлі ауру-
дан 2,1 миллионнан астам 
адам қырылды. 
Миллионнан аса қа-
зақтар республикадан тыс 
жерлерге көшіп кетуге 
мәжбүр болды.

157
 
Қазақстанда инду-
стрияландыру ісі 
қалай жүзеге асты?
 
Қазақстанда инду-
с трияландырудың 
қандай ерекшеліктері 
болды?
 
Ауыл шаруашылығын 
ұжымдастыру қалай 
жүргізілді?
 
Ұжымдастыру 
саясатының қандай 
зардаптары болды?
Ұсақ шаруа қожалығы халықты азық-түлік 
өнімдерімен жеткілікті мөлшерде қамта ма сыз 
ете алмады. Сондықтан ұсақ шаруа қожалық-
та рын    ірі  ауылшаруашылық  бір лес тік теріне  
айналдыру қажет болды. Елде ал ғашқы мемле-
кеттік және ұжымдық шаруа 
шылық бір 
лес-
тіктері – совхоздар мен колхоздар құрыла бас-
тады. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға 
бағыт алынды. Шаруалардың колхозға өз ерік-
терімен кіруі қарастырылды. 
Колхозды ұжымдастыру  ойдағыдай бола қой-
ған жоқ. Коммунистер қазақ ауылының көш-
пелі және жартылай көшпелі халқын зорлап 
отырықшылыққа көшіре бастады.  
1925–1933 жылдары Қазақстанда Ф.И. Голо-
щекин басшылық етті. Ол Қазақстанды Орта-
лықтың шикізат шылауына айналдыруды 
көздеді. Көшпелі қазақтарды күштеу әдісімен 
оты 
рықшылыққа көшірді. Қазақтардың қо-
лындағы малы мен дүние-мүлкі тартып алы-
нып, колхозға өткізілді. Қарсы шыққандарды 
қатаң жазалады, жер аударды.
Басты тіршілік көзінен, азық-түліктен айы-
рылған қазақ халқы 1930–1932 жылдары аш-
тықтан, түрлі аурулардан жаппай қырылды. 
 
2,1 миллионнан астам адам қазаға ұшырады. 
Миллионнан аса қазақтар аштықтың салдары-
нан республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.
Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты қазақ 
халқының тарихын дағы қасіретті оқиғалардың 
бірі ретінде  тарихта қалды. 
1930 жылдары  
аштыққа ұшыраған 
адамдардың ауа көшуі

158
§50. Қазақстанның 1920–1940 жыл-
дардағы қоғамдық-саяси өмірі
1.   алғашқы  бесжылдық  қорытындылары. 
Алғашқы бес жылдықта (1928–1933) елде көп-
теген жаңа зауыттар мен фабрикалар іске 
қосылды. Мыңдаған шақырым теміржолдар 
 
мен тас жолдар салынды. Жаңа қалалардың 
 
саны өсті. Жер қойнауындағы пайдалы қаз-
баларға барлау жүргізіліп, жаңа кен орындары 
игеріле бастады.
Қазақстан мұнай өндіру жөнінен Одақта 
үшінші орынға шықты. Қарағанды көмір бас-
сейні көмір шығаруды жылдан-жылға көбейте 
түсті. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі де елеулі же-
тістіктерге жетті.
Қалалар мен ауылдарға, шахталарға электр 
жарығы берілді. Егіс далаларында жүздеген 
мың тракторлар мен комбайндар жұмыс істеді. 
Көп қабатты үйлер тұрғызылды. Мекемелер, 
 
театрлар, мәдениет сарайлары салынды.
Білім беру ісі өркендеді. Елдімекендерде 
мектептер салынып, олар оқулық және оқу 
құралдарымен қамтамасыз етілді. Ашаршы-
лық жылдары қаңғырып қалған жүз мыңнан 
астам панасыз бала 
есепке алынды. Олар-
ды мемле 
кет қамқор-
лы 
ғына алып, бала-
лар  үйіне  орна лас тыр-
ды. Мұғалімдер са 
ны 
 
кө бейді.
Балаларға міндетті 
түрде бастауыш бі лім 
бе ру ісі жолға қойыл ды.  
Ересек адамдардың 
са уат сыз дығын 
жою 
үшін арнайы курс тар 
ашылды. 
1920 жылдардағы 
бірінші кеңес мектебінің 
оқушылары

159
Жоғары оқу орны мен орта арнаулы оқу 
орындарының саны артты. Елде білімді,  оқы ған 
мамандар саны өсті.
Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Iлияс 
Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, т.б. қаламгерлер 
қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосты. 
2.  Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы. Қазақ 
және орыс тілдерінде хор, әдеби драма үйірме-
лері, клубтар, халық театрлары құрылды.  Ақ-
төбе, Семей, Шымкент, Петропавл, Қарағанды 
қалаларында театрлар жұмыс істей бастады. 
1934 жылы Абай атындағы Қазақ академиялық 
өнер және балет театры ашылды.
1938 жылы республикамызда тұңғыш «Аман-
гелді» атты дыбысты фильм түсірілді. А. Жұба-
новтың жетекшілігімен Құрманғазы атындағы 
Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды. Қазақ-
тың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеев-
тің  «Амангелді»  картинасы – қазақ бейнелеу 
өнерінің жарқын туындысына айналды. 
Алайда осындай жетістіктермен қатар кемші-
ліктер де болды.  30-жылдардағы жазалау нау-
қаны барысында көптеген көрнекті мемлекет 
қайраткерлері мен ғалымдар, мәдениет өкілдері  
жазықсыз құрбандыққа ұшырады.
Орталықтың үстемдігі, халық мүддесін еле-
меу, күш көрсету саясаты республика халқына 
ауыр қайғы-қасірет әкелді.
3.   Қазақ аКср-інің одақтас республика бо-
лып құрылуы. 1936 жылы КСРО мемлекетінің 
жаңа конституциясы қабылданды.  Конституция-
да Қазақстан Қазақ Кеңестік Социалистік Рес-
публикасы (ҚазКСР-і) деп аталды. КСРО-ның 
құрамындағы одақтас республикалардың тағы 
да егемендікке толық қолы  жетпеді. Одақтас рес-
публикалар Мәскеудің өктемдігінде өмір сүрді.
1937 жылы наурызда ҚазКСР-інің конститу-
циясы бекітілді. ҚазКСР-інің заң жүзінде еге-
менді құқықтары, өз жері, конституция сы, заң 
Санжар Аспандияров 
(1889–1938) – дарын 
ды 
ға лым,  мемлекет  қай рат-
кері, дәрігер. Қазақ 
тың 
ұлт тық  ғылым  акаде мия-
сының негізін са 
лушы-
лардың бірі. 
С.  Аспандияров 
әске-
ри дәрігер, сонымен қатар 
тұңғыш тарих ғылы-
мы 
ның докторы атағын 
1927 жылы Мәскеу уни-
верситетінде алған ға лым. 
Мәскеудегі Шығыстану 
уни верситетінің  директо-
ры қызметін атқарған.
1928–1931 жылдары 
Қа зақ мем ле кеттік пе да го-
гикалық  уни вер си те тінің 
тұң ғыш ректоры, Алматы 
медицина  инс ти тутының 
ұйым дас ты рушысы  және 
ал ғашқы ректоры болды.  
1931–1933 
жыл дары 
Қазақ АКСР Денсау 
лық 
сақтау Халық Комис 
са-
рының орынбасары қыз-
метін атқарған. 
Ол Қазақ 
стан тарихы-
нан бірқатар іргелі ең-
бектер жазған. 
1938 жылы қуғын-
сүргінге ұшырап, заңсыз 
жазаланды.
1989 жы 
лы Алматы 
ме дициналық  институты-
на  С.  Аспандия ров  есі мі 
берілді. 

160
шығарушы және атқарушы органдары болды. 
ҚазКСР-інің гербі, туы мен гимні қабылданды.
4.   зиялы  қауымды  қудалау.    1924 жылы 
В.И. Ленин қайтыс болғаннан кейін  КСРО мем-
лекетінің басына келген И. В. Сталин 30-жылда-
ры жаппай жазалау, қуғын-сүргін (репрес-
сия) ұйымдастырды. Өз халқының азаттығы 
мен егемендігі үшін  күрескен, оқыған саналы 
аза 
маттар сталиндік жазалау шара 
ларынан 
зардап шекті. Әлихан Бөкейханұлы, Ах-
мет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жү-
сіпбек Аймауытұлы, Міржақып Дулатұлы, 
Мұхаметжан Тынышбаев, Әбдірахман Әйтиев, 
Сақыпкерей Арғыншиев, Тұрар Рысқұлов, 
Смағұл Сәдуақасов және басқалар 1937 жылы 
жазықсыз жазаға ұшырады. Қазақ әдебиетінің 
көрнекті өкілдері – Сәкен Сейфуллин, Бейімбет 
Майлин, Iлияс Жансүгіров, т.б. сталиндік зұл-
матта қаза тапты. Көптеген адамдар жер ауда-
рылды, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамалды, 
түрмелерде азап шекті, атылды.
Қуғын-сүргін құрбандарының әйелдері мен 
бала-шағасы да азап шекті. Еліміз егемендік 
алғаннан кейін ғана сталиндік зұлмат құр-
бандары ақталды. Оларды мәңгі есте қалдыру 
үшін қалалар мен ауылдарда ескерткіш қойыл-
ды. 
1992 жылдан бастап 31 мамыр – «Саяси 
қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күні ата-
лып, республика жұртшылығы ұлттық қаралы 
күн ретінде қуғын-сүргін құрбандарын еске 
алып отырады.
 
Алғашқы бесжылдықта Қазақстан қандай 
жетістіктерге жетті?
 
Өнеркәсіп қалай дамыды?
 
Қазақ өнерінде қандай жетістіктер болды?
 
ҚазКСР-і құрылуы туралы әңгімеле.
 
Жазықсыз жазаланған қуғын-сүргін құрбандары 
туралы не білесің?
Тұрар Рысқұлов
«Сталинге хат»
тұрар рысқұлов (1894–
1937) – көрнекті қоғам жә-
не мемлекет қайрат кері.
1926 жылдан 1937 жыл- 
дың мамыр айына де 
йін 
11 жыл РКФСР Ха 
лық 
Ко миссарлары  Кеңе сі  төр-
ағасының орынбасары 
қыз ме тін  атқарды.  Түркі-
сіб темір жолын салу 
жө ніндегі 
мемлекеттік 
ко мис сияның  төрағасы  бо-
лып, орталықтан қажетті 
қар жы, техника бөлдірді. 
1929–1932 жылдары Қа- 
зақстанда ауыл шаруа шы-
лығын 
ұжым дас  ты руда 
кет кен 
кем ші лік тер дің 
зар даптары, ел дегі аштық, 
ха 
лықтың қасіреті тура-
лы 1933 жы лы Сталинге 
екі рет хат жазған.

161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет