Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет7/18
Дата23.02.2017
өлшемі6,79 Mb.
#4723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
§26. моңғол шапқыншылығы
1.   моңғол тайпаларының өмірі мен тұрмы-
сы.    XII–XIII ғасырлар аралығында моңғолдар 
Ор 
та Азияның солтүстігіндегі ұлан-байтақ 
өңірді қоныстанды. Олар үйір-үйір жылқы, 
отар-отар қой-ешкі және түйе, сиыр өсірумен ай-
налысты. Моңғолдарда малының саны көп адам 
бай, атақты саналған. Моңғолдар үшін аң шы-
лық күнкөріс көзі және әскери шеберлікті шың-
даудың мектебі саналды.
Ол кезде моңғол тайпалары түрлі рулар мен 
ұлыстарға бөлінді. Ұлыстарда бірлік болмады. 
Моңғол тайпалары билік үшін бір-бірімен үнемі 
қырқысып жатты. Олар өз ішіндегі үздіксіз 
қырқыстар мен шапқыншылық соғыстардан 
әбден әлсіреді. Моңғол тайпаларын біріктіретін, 
ақылды, айлакер хан керек болды.
2.   Шыңғысхан.  XII ғасырдың 
соңы мен XIII ғасырдың басында 
Темучин (1155–1227) бытыраңқы 
моңғол тайпаларын біріктірді. 
Өз бәсекелестерін  жеңе отырып, 
ұлан-байтақ далада Моңғол мем-
лекетін құрды.  
Бүкіл моңғолдар жиналған 
құрылтай (жиналыс) Темучинді 
бүкіл моңғол тайпаларының ханы 
деп жариялап, оған 
«Шыңғысхан» 
деген атақ берді. «Шыңғыс» деген 
сөз – «күшті, мықты, ұлы би-
леуші» деген мағынаны білдіреді. 
Мемлекет құрылғаннан кейін 
үнемі жауласып келе жатқан тай-
палар арасындағы тонаушылық 
соғыстар тоқтатылды. Енді Шың-
ғысхан көрші елдерді бағындыру 
соғыстарын жүргізе бастады. 
 
Моңғолдардың  
мекендеген жерлерін  
картадан көрсет. 
 
Шыңғысхан туралы 
білетініңді есіңе түсір. 
Ол қандай адам болған? 
 
«Басқыншылық», 
«шапқыншылық»  
деген сөздерді  
қалай түсінесің?
Шыңғысхан

86
Шыңғысханды ұлан-байтақ қазақ жері, бай 
қалалары қызық 
тырды. Ол 1218 жылы бы-
тыраңқы өмір сүріп жатқан Жетісуды ешбір 
қарсылықсыз басып алды. Жетісу халқын 
өз жағына шығару үшін бұл өлкені тонауға, 
халқын қыруға тыйым салды.
3. 
 
Қаһарман қала – отырар. 1219 жылы 
қыркүйек айында моңғолдар Отырар қаласын 
қор ша ды.  Жер гі лікті  халық  басқыншы ларға 
қарсы ерлікпен 6 ай бойы күрес ті. Отырарды 
қорғайтын әс керді қа ла басшысы Қайырхан өзі 
бастап  жүр ді.
Отырар – моңғолдарға ерекше қарсылық 
көрсеткен қаһарман қала болды. Отырардың 
ішкі және сыртқы қамалы берік те мықты еді. 
Қала биіктігі 18 метрге жететін қорғанмен 
қоршалған. Қорғанның үш жерінде қақпа бо-
латын. Қаланы айнала су толтырылған терең 
ор  қа зылған.  Қорған қабырғасында ғы тесіктер 
арқылы садақшылар оқ жаудырады. Моңғол 
шапқын шыларына осындай мықты қоршалған 
қала қабыр ғасын қирату оңайға түспеді. 
Отырар қаласын ересектермен бірге әйелдер  
де, балалар да ерлікпен қорғады. Қала тұр-
ғындары қазандарға су мен май қайнатып, 
Моңғол күштері ат-
ты әскерден құралды. 
Әскерде қатал тәртіп ор-
натылды.  Әскер  тү мен ге 
(10000 адам), мың 
дық-
тарға,  жүздік терге  бө лін-
ді. Егер соғыс даласынан 
бір жа уынгер қашса, сол 
үшін бүкіл ондық, он 
жауынгер үшін жүз 
дік, 
жүз жауынгер қашса, 
мыңдық түгел өлтірілді. 
Қалаларды басып алу 
үшін қорған бұзғыш жә-
не тас ат қыш құралдар, 
өр тегіш жебе, таран, саты 
пайдаланылды.

87
қабырғаға өрмелеген моңғолдардың үстіне шаш-
ты. Моңғолдар енді отты жебелермен атқылай 
бас 
тады. Атылған жебелер қорғаннан асып 
түсіп, қала ішінде өрт басталды.
Бес ай қоршаудан соң азық-түлік пен су қоры 
да бітіп, қала тұрғын дары арасында аштық бас-
талды. Қала әбден титықтаған сәтте Қараша 
деген әскербасы түн ішінде қаланың қақпасын 
ашып, моңғолдарға беріледі. Моңғолдар осы 
қақпа арқылы қалаға басып кіреді.  
Қайырхан 20 мыңдай жауынгерімен қаланың 
ішкі қамалына бекініп алып, тағы бір ай бойы 
қаланы соңғы жауынгері қалғанша қорғады. 
Ақыры моңғолдар ішкі қамалға да басып кірді. 
Қайырхан тірі қалған екі жауынгері үшеуі жау-
мен шайқаса берді. Екі жауынгері өліп, оғы 
таусылса да Қайырхан тас, кірпіш лақтырып, 
қарсыласуын тоқтатпайды. Моңғолдар тұт қын-
ға алынған Қайырханды азаптап өлтірді.
Қала қиратылып, халқы қырылды, тірі қал-
ғандарын басқыншылар Моңғолияға айдап 
әкетті. Осы қасіреттен кейін, талай ғасыр бойы 
гүлденген Отырар қаласы күл мен үйіндіге ай-
налды.
 
Көшпелі моңғол тай-
па ларының өмірі мен 
тұрмысы туралы 
әңгімеле.
 
Шыңғысхан туралы  
не білесің? Оған сипат-
тама бер.
 
Шыңғысхан қазақ же-
ріне қай жылдары, не 
үшін шабуыл жасады?
 
Отан қорғау деген 
сөздің мәнін түсіндір.
 
Отырарды 
қаһармандықпен 
қорғаушылардың 
ерлігі жайлы әңгіме 
құрастыр.

88
§27. Қазақ халқының  
қалыптасуы
1.  Қазақ  халқының қалыптасуы. Қазақ 
халқының қалыптасу тарихы сонау ерте за-
маннан басталады. Халық болып құрылу үшін 
жүздеген, кейде мыңдаған жылдар қажет. 
Ертеде қазақ жерінде өмір сүрген сақ тай-
палары бет-әлпеті жағынан еуропалық нәсілге 
жатқан. Осы ертедегі тайпалардың тұрмыс-тір-
шілігі, салты кейінгі қазақтардың өміріне өте 
ұқсас.
Көп ғасырлар өте келе сақ, ғұн, үйсін, қаңлы 
тайпалары туыстас көшпелі тайпалар – түрік, 
түркеш, қыпшақ, найман, арғын, дулат және 
басқа да өлкеде әр дәуірде өмір сүрген тайпалар-
мен өзара жақындасып, араласып кетеді. Бұл 
тайпалардың бірігуіне ықпал жасады. 
Моңғол тайпалары да қазақ халқының қа-
лып 
тасуына өз әсерін тигізді. Қазақстанды 
жау лап алған моңғолдар жергілікті түркі ру-
тайпаларымен араласуынан олардың бет-бей 

несі өзгеріске ұшырап, моңғолдық нәсілге ай-
налды. 
Жылдар өте келе әртүрлі тайпалар мен 
рулардың шаруашылық байланысы нығаяды. 
Туыстық ынтымағы арта түседі. Тілі, келбеті, 
шаруашылығы, әдет-ғұрпы, салты ортақ сипат-
қа ие болады.
XIV–XV ғасырларда Қазақстан аумағын ме-
кендеген тайпалар ортақ түркі тілінде сөйледі. 
Әртүрлі тайпалар бір-бірімен араласып, олар-
дың арасындағы айырмашылықтар жойылды, 
сөйтіп, қазақ халқы қалыптасты.  
2.   «Қазақ»  атауының  шығуы. 
Халық  –  бір 
елдің барлық тұрғыны, тілі, тұрмыс-тіршілігі, 
рухани мәдениеті ортақ, бір-бірімен туысқан, 
сыртқы бет-бейнесі ұқсас, белгілі бір жерде 
бірлесіп мекендейтін адамдар қоғамы. 
«Қазақ» 
 
Ертедегі қазақ жерін 
мекендеген сақ тайпа-
лары туралы есіңе 
түсір.  
 
Олардың негізгі шаруа-
шылығы қандай 
еді? Қан дай салт-
дәстүрлерін  бі лесің? 
 
Сақтардан  бүгін гі 
күнге дейін қандай  
ес керт кіш тер  сақталып 
қалды?

89
атауы көне түркі тілінде «еркін адамдар» деген 
мағынаны білдіреді.
Жәнібек пен Керей сұлтандар  Қазақ хан-
дығы құрылуының негізін салды. Жәнібек пен 
Керей хандық құрған тұста олардың қолас-
тындағы барлық халық «қазақ»  деп атала 
 
бастады. Біртіндеп «қазақ» атауы Қазақстан 
аумағын мекендеген, сыртқы бет-әлпеті, тілі, 
мәдениеті ұқсас адамдардың біртұтас тобын 
қалыптастырды.
Қазақ халқының құрамына арғын, найман, 
дулат, керей, үйсін, қаңлы, қыпшақ, алшын, 
коңырат, уақ, жалайыр, табын, адай және басқа 
да тайпалар кірді. Бұл тайпалардың ортақ тілі   
қазақ тілі болды.
3.  Қазақ  жүздері.  Қазақ халқымен «жүз» 
ұғымы тығыз байланысты. «Жүз» дегеніміз – 
тайпалар одағының аумақтық ірі бірлестігі. 
Ұлы жүз құрамына Оңтүстік Қазақстан, 
Жетісу өңірін мекендеген жалайыр, албан, суан, 
дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, ша-
пырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары 
жатады. 
Орта жүзді – арғын, найман, қыпшақ, уақ, 
керей, қоңырат сияқты тайпалар құраған. Бұл 
тайпалардың мекендеген өңірі Орталық және 
Шығыс Қазақстан, Бетпақдалаға дейінгі жер-
лер. 
Кіші жүздің құрамына 12 ата Байұлы,  Же-
тіру6 ата Әлімұлы тайпалары кіреді. Олардың 
мекендеген жері – Каспий теңізінің жағалауы, 
Жайық, Ырғыз, Тобыл өзендерінің бойы. 
 
Қазақ халқы қандай 
тайпалардан 
құралды?
 
Қазақ халқының 
қалыптасуының ба-
сында кімдер тұрды? 
 
«Қазақ» атауының 
шығуы туралы қандай 
аңыз-әңгімелерді 
білесің? 
 
«Қазақ жүздері» сөзін 
қалай түсінесің?
 
«Менің жеті атам», 
«Менің ата-тегім»  
деген тақырыпта  
хабарлама дайында.
Қазақ халқының шежі ресінде «Алаш»  атауы, «жүздер» туралы аңыз-әңгіме 
жиі кездеседі. Қазақтың арғы атасы — Алаш болған. Бірқатар шежірелерде қазақ 
сөзінің орнына «алаш» атауы қол 
данылады. Қазақтан Бек 
арыс, Ақарыс және  
Жанарыс деген үш ұл дүниеге келген. Бекарыстан тара ғандарды «Ұлы жүз» деп 
атаған. Ақарыстан «Орта жүз» тараған. Жанарыс тұқымын «Кіші жүз» деп атаған.

90
§28. Қазақ хандығының 
құрылуы
1.   Қазақ  хандығының  қалыптасуы.  XV ға-
сырдың 50–60-жылдары Қазақстанның орта-
лық өңірін Әбілхайыр хан билеп тұрды. Ол 
 
өзбек және қазақ тайпаларының басшысы бо-
латын. Соғысқұмар ханның қатал билігіне 
бағынғысы келмеген Керей  мен  Жәнібек  сұл-
тандар Әбілхайыр ханға қарсы шықты. Қазақ 
тайпалары мен руларының көбі Керей мен 
Жәнібекті қолдады. Енді Керей мен Жәнібек өз 
алдына жеке хандық құруды ойлап, соңына ер-
ген халқымен оңтүстікке қарай көше жөнеледі. 
Сол кезде Жетісуда билік жүргізген Есенбұға 
хан (1429–1462) Керей мен Жәнібекті құшақ жа-
йып қарсы алады. Шу мен Қозыбасы аймағы-
нан қоныс бөліп береді. Әбілхайырға наразы 
қазақтар Жәнібек пен Керей сұлтанның қасына 
көшіп келіп қосыла береді. Сұлтандар төңірегіне 
жиналған адамдар саны екі жүз мыңға жетеді. 

91
Сөйтіп, 1465–1466 жылдары Қазақ хандығы-
ның негізі қаланады. 
2.   Қазақ  хандары.  Қазақ хандарының негізі 
Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханнан та-
райды. Керей мен Жәнібек  бір-біріне туыстас 
адамдар болған. Екеуінің де аталары – кезінде 
ел билеген әйгілі хандар. Жаңа жерге келіп 
хандық құрған қазақ халқы жасы үлкен Керейді 
ақ киізге көтеріп хан сайлайды. 
Керей  хан  – 
Қазақ хандығының тұңғыш ханы.
Жәнібек хан  – Керейден кейін хан болып 
сайланды. Ол шамамен 1471–1480 жылдары ел 
биледі. Жәнібек хан кезінде Қазақ хандығы ай-
наласына өзінің дербес ел екендігін танытты.  
Жәнібектің ұлы 
Қасым хан  билігі тұсында 
(1511–1518) Қазақ хандығы өркендеп дамып, 
күшті мемлекетке айналды. Хандықтың ше-
карасы кеңейіп, кең-байтақ аумақты қамтыды. 
Халқы миллионнан асты. Атты әскері үш жүз 
мыңға жетті. Қасым хан мемлекетте тәртіпті 
нығайтты.  «Қасым ханның қасқа жолы» деп 
аталатын қазақтың құқықтық заңдар жинағы 
өмірге келді. Ел ішінде тұрақтылық орнады. 
Мал басы өсіп, қолөнер мен егіншіліктің да-
муына мүмкіншілік туды. Сауда-саттыққа 
жол ашылды. Басқа мемлекеттермен дипло-
матиялық қатынас орнатты. Олар Қасым хан 
кезінде Қазақ хандығымен тату болып, өзара 
елшілік байланысты нығайтуға ұмтылған. 
Қасым хан билігі тұсында жоңғарлар қазақ 
жеріне жорыққа шығудан қорықты. Қасым 
хан Мәскеумен бейбіт қатынас орнатты. Қазақ 
хандығы қуаты мен беделін Батыс Еуропа мем-
лекеттеріне де танытты. 
Есім хан  (1598–1645) – көрші жатқан Орта 
Азия қалаларымен бейбіт қатынас орнатты. Ол 
«Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заңдар 
жинағын құрастырды. Қасым хан тұсында 
дайындалған «Қасым ханның қасқа жолы» де-
ген атпен белгілі ережелерді өз дәуіріне сай 
Жәнібек хан
     «Қасым ханның 
қасқа жолы»
Қасым хандық құрған 
кезде ел басқару ісінде 
қол 
данылған заң. Бұл 
заң да Құран талаптарына 
қайшы келмейтін қазақи 
әдет-ғұрыптар сақталды.
«Қасым ханның қасқа 
жолына» енген ережелер:
1)   мүлік  заңы  (жер  дауы, 
мал-мүлік дауы);
2)   қылмыс  заңы  (кісі  өл-
тіру, талау, ұрлық 
қылу);
3)   әскери  заң  (әскер  жа-
сақтау, құн төлеу);
4)   елшілік  заңы  (ха лық-
аралық қатынастағы 
сыпайылық, әдептілік 
жо ралары);
5)   жұртшылық  заңы  (ас, 
той, мереке, думандар-
ды өткізу, бәйге ереже-
лері, күзет міндеттері).
Қазақстан Ұлттық 
энциклопедиясынан

92
толықтырды. Қазақ халқының ертеден келе 
жатқан әдет-ғұрпы мен ереже-тәртіптеріне 
маңызды өзгерістер енгізді.
Есім хан Қазақ хандығын нығайтуға күш 
салады. Қазақ-бұхар соғыстарында Есім хан 
бастаған қазақтар жеңіске жетеді. 1627 жылы 
қазақтың ежелгі жауы ойрат-қалмақтарды да 
же ңеді. Есім хан өзінің білікті саясаткер, соғыс 
тәсілін жақсы меңгерген қолбасшы әрі мемле-
кет қайраткері екенін таныта білді. Халық оны 
жақсы көріп, Еңсегей бойлы ер Есім деп атады.
3.   Қазақ  хандығындағы  әлеуметтік  топтар. 
Қазақ хандығындағы ең жоғарғы мемлекет 
билеушісі – хан болды. Хан билігі атадан балаға 
мұра ретінде қалдырылды. Хан елдегі маңызды 
саяси және экономикалық мәселелерді шеш-
кен. Өз атынан бұйрық шығарған. Көршілес 
мемлекеттермен сауда келісімін, бітім шартын 
жасасқан, соғыс жариялауға ерікті болған. Хан 
соғыс жағдайында әскерге қолбасшылық ет-
кен. 
Хан халқының көшіп-қонатын жерлерін 
белгілеп берген. Елді басқаруда хан өзінің 
маңындағы сенімді адамдарына сүйенген. 
Ханның төңірегіндегі сұлтандар мен тайпа 
көсемдері «хан кеңесіне» мүше болды. 
Қазақ хандығы көптеген ұлыстарға бөлінген, 
әр ұлыс жүз мыңнан астам адамнан тұрған. 
Оларды Шыңғысхан ұрпақтарынан тараған 
сұлтандар  басқарған. Сұлтандардың ерекше 
құқықтары болды. Олар хан тағына сайлана ала-
ды. Оларды тек хан соты ғана соттай алатын.
Би – Қазақ хандығындағы аса құрметті атақ. 
Өмір тәжірибесі мол, сот мәселесін жетік білетін, 
әділ, шешен, дана адамдар ғана би бола алатын.  
Батыр – ержүрек, қаһарман жауынгерге 
берілетін атақ. Батыр атану үшін шайқаста 
ерлік көрсетумен қатар, соғыс тәсілін жетік 
меңгеру қажет. 
Бай – мыңдаған малы бар дәулетті адам. 
 
Қазақ хандығы  
қалай құрылды?
 
Картадан Қазақ 
хандығының алғашқы 
құрылған аумағын 
тап.
 
Тұңғыш қазақ  
хандарын ата. 
 
Қасым хан кезіндегі 
Қазақ хандығына  
сипаттама бер.

93
Хандықтағы қарапайым адамдардың көп-
шілігі  көшпелі малшылар мен  егінші шаруа-
лардан  құралды. Олардың иелігінде аздаған 
малы мен мүлкі болды. Олар ру басшылары-
на жұмыс істейді, түрлі салықтар төлейді, 
міндеткерліктер атқарады. Қарапайым шаруа 
мен малшы соғыс кезінде әскер сапында жа-
уынгер болып тұрған.
                                   
Қазақ ордасындағы хан сайлау дәстүрі
Ел ағалары алдын ала ақылдасып, кеңесе келе бір шешімге тоқтайды. Содан 
соң ғана жалпы жұрттың мақұлдауымен хан көтеру рәсімі өткізілген.
Ақсақалдардың бірі жиналған жұртқа кеңес шешімін жариялайды. 
Хандыққа кімнің сайланғанын айтады. Бұдан соң елге танымал екі адам екі 
жағынан қолтықтап әкеліп, болашақ тақ иесін халыққа таныс тырады. Хан бо-
латын адам осы салтанатқа арнап басылған ақ киіздің қақ ортасына, құбылаға 
бет түзеп, малдасын құрып оты рады. Енді хан сайлаудың екінші, көпшілік 
қауымға арналған және ең шешуші бөлігі басталады. Ел ағалары – шешен би-
лер, әскербасы батырлар, өздері де тақтан үміткер кейбір сұлтандар жамиғатқа 
қа 
рата сөз сөйлейді. Барлық сөз 
болашақ ханның абзал қасиеттеріне 
арналады. Оның Шыңғысханнан бас-
талатын ата-тегінің асылдығы айты-
лады, берідегі аталарының ұлт мерейі 
жолында атқарған ұлы істері еске алы-
нады, болашақ ханның жеке басының 
қасиетіне айрықша назар аударыла-
ды: ақыл-парасаты, әділдігі, мәрттігі 
мадақталады, қол бастаған көсемдігі, 
жұртқа мәлім ерлік істері атап көр-
сетіледі. 
Бұдан кейін хан сайланатын адам-
ды ақ киізімен бірге көтеріп, жұртты 
аралайды. Жиналған халық «Хан!» – 
деп айқайлайды. Хан отырған киізді 
жұртшылық  тәбәрік  ретінде бір жа-
пырақтан бөліп алады.
Мағауин М. Қазақ ордасындағы  
хан сайлау дәстүрі. А., 1969, 110-б.

94
§29. Қазақ билері
1.   Би  туралы түсінік. XIV–XV ғасырларда 
«би» сөзі «басқарушы, ел билеуші» мағынасында 
қолданылған. Билер мен батырлар белгілі дә-
режеде хан-сұлтандардың билігін шектей ала-
тын.   «Жеті жарғы» заңдар жинағын қабылдаған 
қазақ билері сот төрелігін де іске асырған. 
Билер тарихи жағдайға байланысты заңдарды 
қайта қарап, оған өзгеріс енгізіп отырған. Тіпті 
кей жағдайда ел билеуші ханның ішкі және 
сыртқы саясатына, әскери істеріне де ықпал 
жасай алатын. Мемлекеттер арасындағы елші 
ретінде де танылған. 
Отанды жаудан қорғауда билер батырлармен 
қатар қол бастаған. Өзіне қарасты ру-тайпадан 
жасақ құрып, қолбасшылық та еткен. Би атағы 
мұрагерлік салтпен берілмеген.
Үш би
Халық неліктен елге 
әйгілі билер мен 
батырларды неше  
ғасыр өтсе де естен 
шығармай  құр меттеп 
ке леді?

95
Қазақ билерінің тамаша қасиеттерінің бірі 
– 
шешендік өнер. Шешендік өнерді меңгермей, 
«би» деген атаққа ие болу мүмкін емес. 
Қазақ халқы біліктілігімен, әділдігімен ақ 
жолдан таймаған даңқты Төле, Қазыбек, Әйтеке 
билерді қадір тұтады. Жұртының бірлігі мен 
тірлігін ойлаған қазақ билерінің ел тарихында 
алатын орны ерекше.
төле би (1663–1756) – жастайынан шешендік 
өнерімен, әділдігімен, тапқырлығымен таны-
мал болған. Жоңғар шапқыншылығына қар-
сы қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықта 
ры-
ның одағын құрып, осы күресті ұйымдас тыру-
шылардың бірі болды.
Төле би Тәуке хан құрған «Билер кеңесіне» 
қатысқан. Қазақтың атақты «Жеті жарғы» ат-
ты әдет-ғұрып заңын жасауға қатысуы – оның 
тарихтағы үлкен еңбектерінің бірі.
Ол елде егіншілік кәсіпті игеруді насихатта-
ды. Түркістан, Ташкент қалала рында көптеген 
ғимараттар салуға аралас қан.  Ел оның нақыл 
сөздері мен мақал-мәтелдерін әлі күнге ұмыт-
пай келеді. Төле бидің замандасы Қазыбек 
бидің: «Төле өлді дегенше, дүниеден әділет өл-
ді десейші. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін 
хандыққа Есім жеткен, бұл екеуіне кім жет-
кен?» – деген сөзі оған берілген жоғары баға.
Қазыбек би (1667–1764)  – мемлекет және қо-
ғам қайраткері, атақты шешен, «Жеті жарғы» 
заңын жасаушылардың бірі. Оның ата-бабалары 
елге белгілі шешен, абыз адамдар болған. Тәуке 
хан тұсында Қазыбек би ел басқару ісіне арала-
сып, оның ішкі-сыртқы саясатына елеулі ықпал 
жасаған.
Жоңғар шапқыншылығына қарсы елдің 
азаттығы мен бостандығы үшін күресті ұйым-
дастырушылардың бірі болған. Абылай хан 
жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда, оны бо-
сатып алуға белсене араласқан.
Төле би
Қазыбек би
Әйтеке би

96
Ол Қазақ хандығы мен Ресей, Бұхар, Хиуа 
мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастың 
бейбіт шешілуіне ықпал еткен.
Абылай ханнан: «Үш жүздің батыр ларының 
ішінен кімді ерекше құрметтейсіз?» – деп 
сұрағанда ол: «Бізге дейінгі ерлерден екі кісіге 
таңғалуға болады. Оның бірі – 90 туысын Қалдан-
Сереннің тұтқынынан құтқарған қаракесек 
Қазыбек», – деген екен. 
Қазыбек би бір ғасырдай ғұмыр кешкен.
әйтеке би (1644–1700) – қазақ халқының 
бірлігі мен ынтымағын нығайтуда зор еңбек 
сіңірген атақты би, мемлекет қайраткері. Ол 
ауыл молдасынан бес жасында сауат ашады. 
Содан кейін Ұлықбек медресесінде оқып, тәлім-
тәрбие алады.
Атасы Жалаңтөс баһадүр тәрбиесінде, ол 
салдырған медреселерде оқып жүріп, дін, 
құқық, аспан әлемі, география, тарих, матема-
тика пәндерін меңгереді. Араб, парсы, шағатай, 
өзбек тілдерін игереді. Ел басқару ісімен жан-
жақты танысады. Ол медресені бітіріп кел-
ген соң, әкесі Байбек және Қосуақ бимен бірге 
ел басқаруға араласады. Әйтеке 21 жасында 
Бұхар мен Самарқан маңындағы қазақ, өзбек, 
қарақалпақ жұртының бас биі болып сайлана-
ды. Жиырма бес жасында Кіші жүздің бас биі 
атанады. Әйтеке би халқымызға танымал әйгілі 
билермен бірге Тәукені хан сайлауға қатысады. 
«Жеті жарғыны» дайындауға атсалысады.
 
Би дегеніміз кім?
 
Би қандай мәселелерді шешуге қатысады?
 
Төле, Қазыбек, Әйтеке билер жайлы әңгімеле.
Үш би туралы ел ау-
зында аңыз әңгімелер көп 
тараған. «Қазақ-жоңғар 
со  ғысы  тұсында,  ұзаққа   
со зылған шайқастан соң, 
екі елге де бейбітшілік 
бітім қажет болады. Қа-
зақтар мен жоңғарлар ке-
лісімге келу үшін ел 
ші 

лік  жіберу ді  ұй ға рады...
Төле би:
–   Шырағым  Қазыбек, 
жол бастауы әманда 
омырауы жүйріктің. Бө-
гелекті қуарда пайдасы 
мол  құй рық тың.  Аттың 
белі қыз метті көп қылар, 
саған кетті кезегі осы 
жолға бұйрық 
тың. Жай 
онда қолыңды:
Атасызға ата бол,
Батасызға бата бол. 
Арып-ашқан қаріптің 
Жел жағына жота бол.
Панасызға пана бол, 
Кек сақтамас бала бол.
Дос сүйініп, қол сыйлар 
Асу бермес дана бол! –
деп батасын береді. Сөй-
тіп,  Қазыбек би жоң ғар-
ларға елшілікке аттанса 
керек».

97


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет