Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет16/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

?
*
1. Киев Русі қай ғасырда құрылды?
2. Неліктен княгиня Ольга христиан дініне өтуге шешім қабылдады?
3. Киев Русінің құрылуына себеп болған тарихи жағдайларды тізіп кесте 
жасаңдар.
4. Ярослав Мудрый тұсындағы Орыс мемлекетінің жағдайына сипаттама 
беріңдер.
1. Шығыс славяндардың негізгі кәсібі
а) малшаруашылығы
в) омарташылық
ә) ауылшаруашылығы 
г) аң аулау 
б) егіншілік
2. Қай князьдың тұсында Киев Русінің қуаты артты
а) Святослав
в) Всеволод
ә) Игорь 
г) Кий
б) Ярослав
1. Киев Русінің құрылуы жайлы БӘСЭ талдау кестесін толтырыңдар.
БӘСЭ мағынасы: Б – басқару жүйесі, Ә – әлеуметтік, С – саяси,
Э – экономикалық.
Тарихи жағдайлар
Әсері
Б (басқару)
Ә (әлеуметтік)
С (саяси)
Э (экономикалық)
2.«Орыс мемлекетінің мәдениетіндегі жетістіктер» кестесін толтырыңдар.
Рухани мәдениеті
Материалдық мәдениеті
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


24
§5. ФЕОДАЛДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ МЕН
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
ФЕОДАЛИЗМ
Е к i н ш i 
т а р а у
Негізгі ұғымдар:
феод, феодализм,
натуралды шаруа-
шылық, дворяндар, 
рыцарьлар, шаруалар.
Феодализм түсінігі. Орта ғасырлардың 
негізгі белгісінің бірі жерге жеке феодалдық 
меншіктің орнауы. 
«Феод» атауы «жерге 
мұрагерлік иелік ету» деген латынша ұғымды 
білдіреді. Ал бұл жердің иесін 
«феодал» деп 
атаған. Феодализмнің мәні – жер кімнің 
иелігінде болса, биліктің де соның қолында бо-
луы. ХVІІ ғасырдағы француз тілінің түсіндірме сөздігінде 
«феодализм-
ге» берілген тұңғыш анықтамада «феодтың иесіне берілетін заңдық 
құқықтардың жиынтығы» деп сипатталған. 
Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері Батыс Еуропа елдерінде 
ІХ–Х ғасырларда қалыптасты. Оның 
ең басты белгісі – жердің негізгі 
табыс пен байлық көзіне айналуы. Кімнің жері көп болса, сол құрметті 
адам болды. Ақсүйек шонжарлар мен корольдер, әскер қолбасшылары 
қауым жерлерін, жаулап алынған жерлерді өздерінің мұрагерлік мен-
шігіне айналдырды. Ірі жер иелеріне өздерінің жер иеліктерін ұлғайтуға 
мемлекет көмектесті. 
Король мен ақсүйек шонжарлар бірте-бірте ірі жер иеленушілерге ай-
налды. Король, ақсүйектер мен әскер қолбасшылары – мырзалар артық 
жерлерін өз қызметкерлеріне, бағынышты феодалдарына (вассалдарына) 
үлестіріп берді. Алғашқыда әскери қызмет атқарғаны үшін жер сыйға 
берілсе, кейін мұраға қалдырылды. Сыйға берілген жер 
«феод», ал ол 
үлестің иесі 
«феодал» деп аталды. Бір феодалдың жер үлесі ұлан-ғайыр 
көп болса, екінші феодалдың жері аздау болды. Феодалдар жерді онда өмір 
сүретін жүздеген, мыңдаған шаруаларымен қоса иемденді. Сондықтан 
орта ғасырда 
«қожайынсыз жер болмайды» деген нақыл тарады.
Феодалдар өз жерлерінде ерікті шаруалардың еңбегіне негізделген 
шаруашылық құрды. Осындай шаруашылық феодалдық 
поместье (вот-
Бүгінгі сабағымызда феодализм түсінігімен, феодалдық шаруашылық түрінің 
ерекшеліктерімен танысамыз. Жердің неліктен табыс пен байлық көзіне 
айналғанын, бытыраңқылықтың феодалдық қырқысу соғыстарына жеткізген 
әсерін анықтаймыз.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


25
чина) деп аталды. Феодалдық поместье VІІІ–ІХ ғасырларда Франк 
мемлекетінде қалыптасып, Батыс Еуропа елдерінде кеңінен таралды. 
Мұндай шаруашылықта шаруалар жер иелеріне тікелей тәуелді еді. 
Феодалдық вотчинадағы жер 2 бөліктен тұрды: 1) қожаның жері 
домен 
деп аталды; 2) тәуелді шаруалардың пайдалануындағы 
үлестік жерлер
Кейбір шаруалардың шағын, дербес шаруашылықтары да болды. Бірақ 
олар жерсіз күн көре алмағандықтан, поместьенің иесіне тәуелділікке 
түсті. Феодалдар мемлекеттің көмегімен шаруаларды өздеріне кіріптар 
етті.
Шаруалар поместьедегі шаруашылық жұмыстарын өз еңбек құрал-
жабдықтарымен жүргізді. Олар неғұрлым көп өнім өндірсе, соғұрлым 
өзіне де көп өнім қалатын. Сондықтан да шаруалар өз еңбегінің нәтижесіне 
мүдделі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет