5
қатынасы күшейді, қалалар өсіп, әлеуметтік жағдай шиеленісе түсті. Осы-
дан келіп феодалдық қоғамның сипаты өзгере бастады. Наразылықтар,
шаруалар мен қала тұрғындарының көтерілісі жиіледі.
Кейінгі орта
ғасырларда феодализмнің қайшылықтары күшейе түсті. Наразылықты
басу үшін күшті мемлекет, күшті билік керек болды.
Осыдан келіп
бұрынғы бытыраңқы мемлекеттерді бір орталықтан басқарылатын мем-
лекеттерге айналдыру жолындағы әрекеттер күшейді. Орталықтанған
мемлекеттерде көтеріліс пен наразылықты болдырмай, феодалдарға
өз байлығының «қызығын көруіне» мүмкіндік беретін күшті үкімет –
феодалдық абсолюттік (жеке-дара басқару, жеке билік) үкімет
билік
жүргізді.
Ортағасырлық мемлекеттер әсіресе ерте орта ғасырларда құрылған
ірі мемлекеттік бірлестіктер мықты болмады. Мысалы, Ұлы Карл
империясының аумағы өте үлкен болды, алайда оның ішкі экономикалық
байланыстары мығым емес еді. Себебі империяға біріктірілген көптеген
халықтар бір-бірін түсінбеді. Олар шаруашылықтары мен әдет-ғұрыптары
жағынан бір-бірінен тым алшақ еді. Сондықтан бұл мемлекет ұзақ өмір
сүре алмады, ақырында бірнеше дербес мемлекеттерге бөлініп кетті.
Бiр орталықтану ортағасырлық мемлекеттер үшiн дұрыс қадам бол-
ды. Бұл,
бiрiншiден, феодалдық өзара қырқысу соғыстарына тежеу сал-
ды.
Екiншiден, басқа мемлекет тер дiң ел iшiндегi алауыздықты пайда-
Орта
ғасырлардағы шаруалар еңбегі
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
6
Ролланд бастаған франктердiң өздерiне шабуыл жасаған
жергiлiктi тұр ғын дармен Пиреней тауындағы шайқасы.
XIV ғасырдағы миниатюра
ланып, күй зелген елдi жаулап алу әрекетiне тоқтау салды.
Үшiншiден,
ауылшаруашылығы өнiмдерiн мол өндiруге жол ашылды.
Төртiншiден,
қалалар өстi, қолөнер, сауда дамыды.
Достарыңызбен бөлісу: