22
Сәулет өнері дамыды. Киев қаласында алтын қақпалы София соборы салын-
ды. Бұл собор Киев қаласында күні бүгінге дейін тұр.
Ярослав Мудрый кезінде орыс саудагерлері Еуропа, Шығыс елдерімен
сауда қатынастарын жасап отырды. Киев қаласы сауда орталығына ай-
налды. Оның тауарлары Бағдат, Александрия, Хорезм қалаларында са-
тыла бастады. Балқан түбегіндегі Сербия және Болгария, Чехия мен Сло-
вакия, Польша мемлекеттерімен мәдени және сауда қатынасы жасалды.
Киев Русі князь Владимир Мономахтың тұсында күшейе түсті. Вла-
димир Всеволодович Мономах (1053–1125) Киевте 1113–1125 жылдары
билік етті. Князь Мономахтың тұсында Русьтің саяси және экономика-
лық жағдайы нығайды. Ол ежелгі орыс
мемлекеті жерінің аумағын
ұлғайтып, князьдардың өзара қырқысын тоқтатты. Киевтің ұлы князы
Владимир Мономах 1113 жылы қала мен деревнядағы әлеуметтік шие-
ліністі әлсірету мақсатында Устав қабылдады.
Достарыңызбен бөлісу: