Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі. Ғұндар мен герман тайпала-



Pdf көрінісі
бет6/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі. Ғұндар мен герман тайпала-
ры. ІV–VІІ ғасырлар Еуразия мен Еуропа тарихына «
Халықтардың ұлы 
қоныс аудару» дәуірі ретінде кірді. Бұл антикалық дәуірдің құлдырауы мен 
жаңа қоғамдық қатынастардың қалыптасу кезеңі еді. Ұлы қоныс аудару 
Ертедегi герман 
қауы мы шағын 
ауылдарда тұрды. 
Ауылдар бау-бақша-
лары бар бiр неше 
ауладан құралды. 
Әрбiр қауым мү ше сi 
егiс тiктiң өзi иемден-
ген бөлiгiн өңдедi 
Хрестоматияның 5–6-беттеріндегі 
«Тацит германдықтардың тегі мен
мекенжайлары туралы» атты құжат-
ты оқыңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


11
Ойталқы
Ғұн тайпаларының жорығы Батыс Рим империясының құлауына ықпал етті
деген тұжырыммен келісесіңдер ме?
дәуірін ІV ғасырдың ортасында Орталық 
Азиядан шыққан ғұн тайпалары баста-
ды. 
(Қазақстан тарихынан ғұндар ту-
ралы білгендеріңді еске түсіріңдер).
ІV ғасырда ғұндар рулық-тайпалық 
қатынаста өмір сүрген. 374 жылы ғұндар 
көптеген тайпаларды бағындырып, Ба-
тыс Рим империясына орналасып алған герман тайпаларын ығыстыра 
бастады. 375 жылы остготтарды бағындырған ғұндар вестготтарға ша-
буыл жасайды. Ғұндардан қашқан вестготтар 376 жылы Рим императо-
рымен келіс сөз жүргізіп, империя жеріне қоныстануға рұқсат сұрайды. 
Бірақ олар Римде тұрақтап қала алмады, азық-түлік қоры таусылды, 
оның үстіне империя тұрғындары варварларға қарсы күресін тоқтатқан 
жоқ еді. Сол себепті вестготтар Оңтүстік Галлияға өтіп кетті. 418 жылы 
Оңтүстік-батыс Галлияда Вестгот корольдігі пайда болды.
«Вестгот королі Аларих 410 жы-
лы Римді жаулап алды. (Хрес-
томатияның 7–8-беттеріндегі «...гот- 
тардың 410 жылы Римді алуы тура-
лы» деген құжатты қараңдар.)
429 жылы вандалдар ғұндармен бірге келген аландармен қоса Сол-
түстік Африкаға өтті. Вандалдарды король 
Гейзерих басқарды. Ол Сол- 
түстік Африканың едәуір бөлігін басып алып, 429 жылы Вандал ко-
рольдігін құрды.
Еуропа жеріне келген ғұндар Ат-
тила (Еділ) тұсында күшейді. V ға-
сырдың ортасында Тиса жағалауында 
ғұн мемлекеті өмір сүрді. Аттила 
Еуропадағы сол кездегі қуатты билеу-
шіге айналды. Паннониядан ғұндар 
Балқан мен Кіші Азияға жорықтар жасап тұрған.
Аттила Еуропадағы үстемдік үшін күресе отырып, Галлиядағы Вест-
гот, Бургунд және Франк корольдіктерінің бай жерлеріне ие болуға 
ұмтылды. Ғұндармен бірге жорыққа одақтас герман тайпалары, 
остгот-
тар, аландар және т.б. аттанды.
451 жылы Галлия қалалары: Мец, Шпейер, Реймс өртке оранды. 
Ғұндар Парижге жетпеді. Сол жақтан олар Орлеанға шабуыл жасады. 
Орлеан мықты бекініс және биік қамал мұнараларымен қоршалған бола-
тын. Аттилаға Орлеанды алу қиынға соқты. Сондықтан ол қаланы алу 
әрекетін тоқтатады.
455 жылы вандалдар Римді жау-
лап алып, тонады (хрестоматияның 
9-бетіндегі ... вандалдардың Римді 
тонағаны туралы деректі оқыңдар).
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


12


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет