Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Орта ғасырлар тарихының кезеңдері



Pdf көрінісі
бет2/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Орта ғасырлар тарихының кезеңдері. Орта ғасырлар тарихы үш 
кезеңнен тұрады. Біріншісі – 
ерте орта ғасырлар. Бұл кезеңде фео-
далдық өндіріс тәсілі қалыптасты. Екіншісі – 
дамыған орта ғасырлар
Үшіншісі – 
кейінгі орта ғасырлар феодализмнің ыдырауымен және 
капиталистік өндіріс тәсілінің туа бастауымен сипатталады. 
Ерте орта ғасырлар
Дамыған орта 
ғасырлар
Кейінгі орта ғасырлар
V–ХІ ғасырлар
ХІ ғ. аяғы – 
ХVІ ғасырдың басы
ХVІ–ХVІІ ғасырдың 
ортасы
Ерте орта ғасырларда ірі жер иелері пайда болды. Феодалдар ша-
руа қауымдарын өздеріне бағындырды. Оларға жер берді, ол үшін үлкен 
көлемде салықтар алды. Малын бақтырып, егінін салғызды. Ал 
дамыған 
орта ғасырларда шаруалар феодалдарға толық тәуелділікке түсті. Олар 
жерді феодалдардан жалға алып, өнім өндірді. Феодалдарға өнім түрінде 
салық төледі. Оның көлемі барған сайын өсе түсті.
Феодалдардың өздері де бір-біріне сатылы бағыныштылықта бол-
ды 
(король, ірі феодалдар, дінбасылары, рыцарьлар т.б.). Ақша-тауар 
РИМ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰЛАУЫ
Б i р i н ш i 
т а р а у
§1. «ОРТА ҒАСЫРЛАР» ТҮСІНІГІ
Негізгі ұғымдар:
ерте орта ғасырлар,
дамыған орта ғасырлар,
кейінгі орта ғасырлар,
деректер.
Бүгінгі сабағымызда «орта ғасырлар» түсінігін анықтаймыз. Оның қандай 
кезеңдерден тұратынын білеміз және орта ғасырлар тарихына арналған де-
ректермен танысамыз.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


5
қатынасы күшейді, қалалар өсіп, әлеуметтік жағдай шиеленісе түсті. Осы-
дан келіп феодалдық қоғамның сипаты өзгере бастады. Наразылықтар, 
шаруалар мен қала тұрғындарының көтерілісі жиіледі. 
Кейінгі орта 
ғасырларда феодализмнің қайшылықтары күшейе түсті. Наразылықты 
басу үшін күшті мемлекет, күшті билік керек болды. Осыдан келіп 
бұрынғы бытыраңқы мемлекеттерді бір орталықтан басқарылатын мем-
лекеттерге айналдыру жолындағы әрекеттер күшейді. Орталықтанған 
мемлекеттерде көтеріліс пен наразылықты болдырмай, феодалдарға 
өз байлығының «қызығын көруіне» мүмкіндік беретін күшті үкімет – 
феодалдық абсолюттік (жеке-дара басқару, жеке билік) үкімет билік 
жүргізді.
Ортағасырлық мемлекеттер әсіресе ерте орта ғасырларда құрылған 
ірі мемлекеттік бірлестіктер мықты болмады. Мысалы, Ұлы Карл 
империясының аумағы өте үлкен болды, алайда оның ішкі экономикалық 
байланыстары мығым емес еді. Себебі империяға біріктірілген көптеген 
халықтар бір-бірін түсінбеді. Олар шаруашылықтары мен әдет-ғұрыптары 
жағынан бір-бірінен тым алшақ еді. Сондықтан бұл мемлекет ұзақ өмір 
сүре алмады, ақырында бірнеше дербес мемлекеттерге бөлініп кетті.
Бiр орталықтану ортағасырлық мемлекеттер үшiн дұрыс қадам бол-
ды. Бұл, 
бiрiншiден, феодалдық өзара қырқысу соғыстарына тежеу сал-
ды. 
Екiншiден, басқа мемлекет тер дiң ел iшiндегi алауыздықты пайда-
Орта ғасырлардағы шаруалар еңбегі
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


6
Ролланд бастаған франктердiң өздерiне шабуыл жасаған
жергiлiктi тұр ғын дармен Пиреней тауындағы шайқасы.
XIV ғасырдағы миниатюра
ланып, күй зелген елдi жаулап алу әрекетiне тоқтау салды. 
Үшiншiден, 
ауылшаруашылығы өнiмдерiн мол өндiруге жол ашылды. 
Төртiншiден
қалалар өстi, қолөнер, сауда дамыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет