23
3.Концептуалды метафора қызметі
Концептуалды метафора теориясы когнитивті лингвистиканың жемісті жетістіктерінің
қатарына жатады. Оның негіздері лингвист-теорик, Калифорния университетінің (Беркли)
профессоры Джордж Лакофф пен философ Марк Джонсонның (Стэнфорд Университеті) «Біз
өмір сүретін метафоралар» (1980) кітабында баяндалған. Аталмыш кітап – әлемдік ғылыми
бестселлер, орыс тіліне аударылғанына да көп болмады [Лакофф, Джонсон 2004].
Уақыт өте келе кітапқа деген қызығушылық төмендемеді. Лакофф пен Джонсонның
ұсынған метафораны түсіндіру жолдары мен аталмыш құбылысты ерекше талдау әдістері
көптеген зерттеушілердің назарын аудармай қоймады. Лакофф пен Джонсонның тәсілінің
жаңалығы метафора ұғымын қайта түсінуге негізделген, оған дейін ол сөйлеу әрекетінің
фигурасы (антикалық кезеңдерден бері риторикадағы), немесе сөздің семантикалық дамуының
тәсілі (тарихи семантикада), немесе ауыспалы мағыналардың бір түрі (синхроникалық
лексикология мен лексикографияда) ретінде қарастырылды. Лакофф пен Джонсон үшін
метафора – метафоралық ұғым, немесе концептуалды метафора. Ол бір жағынан тілдің образды
бірлігі болып саналса, екінші жағынан, ой және мәдениет феномені болып табылады.
Концептуалды
метафораларды
талдау
когнитивті
лингвистиканың
жалпы
методологиялық қағидаттарына сәйкес жасақталады: тіл фактілері бойынша сана құрылымдары
туралы тұжырымдар жасау мақсатында. Метафоралық сөйлеу адамның түйсігін зерттеуде
маңызды болып есептеледі. Лакофф пен Джонсонның ойынша, белгілі бір нысанды сипаттауда
адамның қандай да бір образдарды жиі қолдануы оның санасындағы концептуалды метафораның
қаншалықты бар екенін аңғартады: «Өйткені, тілдегі метафоралық сөйлеу метафоралық
концептілермен тікелей байланысты, біз метафоралық концептілердің табиғатын және адам
болмысының метафоралық табиғатын зерттеу үшін метафоралық сөйлеуді пайдалана аламыз».
Мысал үшін талас сөзіне қатысты тілдік бірліктерді қарастырайық.
Талас соғысқа тең емес; қызмет және қарулы келіспеушілік – екі бөлек зат. Алайда, біз
талас сөзіне қатысты әңгіме қозғасақ төбелес туралы сөз қозғайтынымыз анық. Яғни,
авторлардың айтуынша, біздің таласқа қатысты ойымыз осындай. Сондықтан, біз таласқа түскен
жағдайда мынадай күйге енеміз: қарсыласымызды жау ретінде көреміз, оның көзқарастарын
жоққа шығарып, өзіміздікін қорғаймыз, стратегия жасақтаймыз, шабуылды бағыттаймыз, ұтамыз
немесе ұтыламыз және т.с.с. Осыған орай, біздің санамызда ТАЛАС – БҰЛ СОҒЫС деген
концептуалды метафора бар.
Метафораның мәні, Лакофф пен Джонсонның ойынша, белгілі бір затты екінші бір зат
арқылы түсіну және қабылдауда жатыр; кейінгі басылымдарда бұлар «сфера-дереккөз» (source
domain) және сфера-нысана (target domain) деген атқа ие болды. Сонымен қатар, орыс тілінде
донорлық аумақ және реципиенттік аумақ деген терминдер де кездеседі. Біздің қарастырып
отырған мысалымызда СОҒЫС сфера-дереккөз болып отыр, ал ТАЛАС – сфера-нысана болып
отыр. Концептуалды метафора сфеа-дереккөз бен сфера-нысананы көрсетеді. Мұнда сфера-
дереккөздің «когнитивті типологиясы» сфера-нысанада сақталады. Басқаша айтқанда, ол негізгі
элементтердің жиынтығы түрінде сфера-дереккөзден құрылымдық қаңқа құрайды.
Лакофф пен Джонсон бойынша концептуалды метафоралардың қызметі – адам
тәжірибесінің қиын тұстарын қарапайым және жеңіл тұстармен ұсыну. Метафора – абстрактылы
заттарды түсінудің бірден-бір жолы. Осыған орай, абстарктылы атаудың сәйкестігін талдау сол
мәдениеттегі абстрактылы заттармен байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: