18
Сағат саны: 1
Дәрістің мақсаты: Таным мен ғаламды зерттеудің әдіс-тәсілдерін анықтап, олардың
ұқсастықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру
Қарастырылатын мәселелер:
1.Концепт әлемнің тілдік және концептуалды бейнесінің негізі ретінде
2.Концептосфера – ойдың ақпараттық базасы
Когнитивтік лингвистиканың маңызды түсінігі концепті сияқты бірліктерден құралған
концептосфера – білім салалары болып табылады. «Концептосфера» термині орыс ғылымында
Д. С. Лихачевпен енгізілген болатын. Оның анықтамасы бойынша, концептосфера ұлттардың
концептілерінің жиынтығы, ол тіл иеленушілердің концептілерінің барлық әлеуеттерімен
жасалған. Халық концептосферасы тілдегі сөздердің мағыналарын көрсететін семантикалық
сферадан кеңірек. Халықтың мәдениеті, фольклоры, әдебиеті, ғылымы, бейнелеу өнері, тарихи
тәжірибесі, діні қаншалықты бай болса, соншалықты халықтың концептосферасы да бай болады
(Лихачев, 1993).
Концептілер, концептосфера – менталды (ойлау), бақыланбайтын құбылыстар. Соңғы
ғылыми деректерге сүйенсек, концептосфера мен концептілердің бар екендігі расталады, яғни,
сөзге бағынбайтын ойдың бар екендігі расталады.
Сонымен қатар, концептосфераның тәртіптік сипатта екендігін де айта кеткен жөн.
Концептосфераны жасайтын концептілер өздерінің жеке қасиеттеріне орай жүйелік ұқсастық,
айырмашылық және басқа концептілермен өзара әрекеттесу қатынастарына түседі. А. Н.
Лукаспан және шай түсініктерінің арасында да мағыналық байланыс бар екендігін айтады,
мысалы, аспан-жер, жер-су, су-ішу, ішу-шай (Лук, 1976, с. 15). Концептілердің жүйелік
қатынастарының нақты сипаты зерттеуді талап етеді, алайда, жүйеліліктің жалпы қағидаттары
ұлттық
концептосфераға
таралады,
өйткені,
ойлаудың
өзі
ойдағы
нәрселердің
категориялануынан тұрады, ал категориялау ондағы нәрселерді тәртіпке келтіру дегенді
білдіреді. Осылайша, концептосфера – халық концептілерінің тәртіпке келген, жинақталған
жиынтығы, ойдың ақпараттың базасы.
В.В. Красных когнитивті кеңістік терминін қолдана отырып, жеке когнитивті кеңістікті
ажыратады, яғни кез-келген тұлғада бар білімдердің жиынтығын жүйелеу арқылы ажыратады, әр
сөйлеуші мен когнитивті кеңістік сол әлеуметке қатысы бар барлық адамдардың білімдерінің
жиынтығы арқылы ажыратылады (Красных 2003, с. 61).
Бұл концепцияда когнитивтік кеңістіктің осы екі түрінің арасындағы айырмашылық толық
ашылмаған: егер жеке когнитивті кеңістік әр сөйлеушіде бар болса, ал ұжымдық барлығының
бірдей ақпаратты білуі. Сондықтан, жеке және ұлттық концептосфераны ажыратудың да
қажеттілігі туындамайды.
В.В. Красных когнитивті база деген терминді де ұсынады, ол ұлттық-лингвомәдени
қоғамдағы барлық адамдардың міндетті білімдерінің жиынтығын білдіреді (Красных, 2003, с.
61). Ал Ю.Е. Прохорова белгілі бір мәдениетке қатыстықты білімнің базалық стереотиптік
ядросы арқылы анықтауға болатындығын айтады, яғни жеке тұлғалардың әлеуметтенуі
үдерісінде қайталанып отыратын білімдер, сыртқы элементтерді стереотипті түрде таңдау
арқылы жүзеге асады (Прохоров, 1996, с. 14).
Білімнің базалық стереотипті ядросы немесе халықтың когнитивті базасы шынымен бар
екендігі айтылып жүр, бірақ, жеке концептосфералардан олардың бір бөлігі ретінде аталады.
Сонымен қатар, топтық концептосфералар (мамандық, жас аралық, гендерлік және т.б.)
туралы да айтуға болады. Бұл концептосфералардың барлығы когнитивтік лингвистка үшін өте
қызықты болып есептеледі, топтық және жеке концептосфераларды ұлттық концептосферамен
салғастыруға, топтық концептосфераны жеке концептосферамен өзара салыстыруға болады.
Когнитивтік лингвистикада әр түрлі ұлттық концептосфераларды өзара салғастыру үдерісі
тәжірибеде көрініс тауып жүр, бұл әр түрлі халықтардың санасындағы ұқсас құбылыстардың
концептуализациясының ерекшеліктерін анықтауға жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: