21
аспектісі, бөлігі ретінде жүзеге асады. Алайда, В.В. Красных әрі қарай күтпеген тұжырымға
келеді: «Осылайша, сана (тілдік сана)
тілдік табиғатқа ие, өзін тілде жариялайды».
Лингвистика мен психолингвистикада әлі күнге дейін адамның сөйлеу әрекетінің
психикалық механизмдері терминдалмаған. Біздің ойымызша, дәл осы механизмдер мен
білімдер адамның тілдік санасын көрсетеді. Мұндай жағдайда дәстүрлі лингвистика да тілдік
сананы (тілді, нормаларды, санадағы тілдік бірліктердің тәртібін қолдану ережелері) зерттейді,
бірақ, ол жасалатын сипаттамалардың психологиялық шындығын зерттемейді. Дәстүрлі тіл
білімінің дамуының белгілі бір сатысында бұл жеткілікті болған болатын: тілді оқытудың
дәстүрлі әдістері үшін де жеткілікті. Алайда,
жаңа заманда бұл жеткіліксіз, өйткені,
лингвистикадағы коммуникативті, антропоцентристік бағыт басым бола бастады, сөйтіп,
зерттеушілердің қарым-қатынасты жүзеге асыратын тірі тілге, тілге деген қызығушылығы,
сөздіктер мен грамматикада көрсетілген «өлі» тілге қарағанда әлдеқайда арта түсті. Бұл жағдай
коммуникация, тілдің, ассиоциативті-вербалды желілердің, ассоциативті желілердің психикалық
механизмдері саласындағы зерттеулердің дамуына әкеліп соқты.
Осыған орай, тілдік сананы сөйлеу әрекетін тудыру, түсіну және тілдің санада сақталуы
сияқты менталды механизмдерінің, яғни адамның сөйлеу әрекеті үдерісін
қамтамасыз ететін
менталды механизмдер жиынтығы ретінде қабылдау ұсынылады. Бұл «қарым-қатынасқа
түсушілердің сөйлерде және ақпаратты қабылдарда қолданатын білімі» («Этнокультурная
специфика языкового сознания»). Тілдік сананы әр түрлі аспектіде психология,
психолингвистика, нейролингвистика, онтолингвистика, жас аралық лингвистика ғылымдары
зерттейді («Языковое сознание и образ мира», 2000). Тілдік сананы дәстүрлі сипаттамалы
лингвистика да зерттейтіндігін де қайталап кеткен жөн.
Осылайша, тілдік сана – сөйлеу әрекетінің (ақпаратты жеткізу,
ақпаратты қабылдау, және
тілдің санада сақталуын да ұмытпаған дұрыс) механизмдерін қамтамасыз ететін сананың бөлігі.
Тілдік бірліктердің жүйесі өзінің жан-жақты мағыналарымен санада сақталады және тілдік
сананың бөлшегі болып саналады, ал тілдік жүйені сананың феномені ретінде зерттеу тілдік
сананы зерттеу болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: