1. Пән туралы мәліметтер



Pdf көрінісі
бет1/33
Дата11.11.2022
өлшемі411,89 Kb.
#49449
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Когнитивті лингвистика



 
1.Пән туралы мәліметтер: 
Когнитивті лингвистика – тіл білімінің қоғамдық-әлеуметтік орны мен ролінің күшеюіне 
орай, адамзаттың ой мен тіл, сана мен сөйлеу, таным мен тілдік қарым-қатынас процестерінің 
бірлескен әрекеті нәтижесінде тілші-ғалымдар алдына жаңа идея, тың ізденісті қажет еткен сала. 
Бұл сала жалпы тіл білімі проблемаларымен де, сондай-ақ жеке тіл білімі мәселелерімен де тығыз 
байланысты сала. Қазіргі жаһандану процесі ғылым салаларының тоғысу мен бірігуіне ғана 
ықпал етпей, сонымен қатар тың ғылыми салалардың қалыптасуы мен дамуына да әсер етті. 
Әрбір мәдениетті адам сол өнерді үйренуге, тіл мәдениетін арттыруға талаптанады. Сөйлеудегі, 
жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, сауаттылық айқындылық, тіл тазалығы, тіл дәлдігі - 
тіл мәдениетіне тікелей қатысты. тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін 
меңгеру, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы студенттердің ой-өрісін 
кеңейту.
Кредит 

Курс 

Семестр 

Қорытынды бақылау түрі
Аралас емтихан 
Дәріс (сағаты) 
30 
Практикалық (семинар, лабораториялық) 
сабақтар (сағаты) 
15 
СОӨЖ (сағаты) 
30 
СӨЖ (сағаты) 
45 
Барлық сағаттар 
120
Мақсаты:
студенттерге когнитивті лингвистиканың бағыттары және негізгі ұғымдары 
туралы, тіл бірліктерін өз орнына, өзінің қолданылу аясына қарай дұрыс жұмсай білуге, тіл 
мәдениетін арттыруға үйрету. Тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгеру, 
оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы студенттердің ой-өрісін кеңейту.
 
Курстың міндеттері:
- тіл білімі мен когнитивті лингвистиканың бір-бірімен байланысын көрсете білу
- тіл біліміне қатысты таным теориясының негізгі қағидаларын игеріп, оны қоғамтану мен 
өміртануда дұрыс қолдана білу; 
- когнитивті лингвистиканың бағыт-бағдарын айқындай келіп, оның басқа танымдық 
аспектілерге байланысты ғылыми сыни пікірлерді, көзкарастарды талдап, талқылай білу; 

когнитивтік лингвистикаға қатысты ұғымдарды, терминдерді, метатіл түсініктерін 
меңгеру; 

оларды нақты мысалдар мен деректер арқылы танымдық лингвистиканы оқыту 
барысында студенттердің ойлау қабілетін, қоршаған ортаны зерттеп-тану қасиетін, өзіндік ой-
пікірін дәлелдеп жеткізе білу дағдысын жетілдіру; олардың дүниетанымын кеңейту; 

ой, сана, тіл тұтастығы арқылы тілдік қатынасты жете меңгеру, таным 
процесін жан-жақты іске асыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет