Қосымша әдебиеттер:15, 20, 17 Семинар № 11 Сағат саны: 1 Тақырыбы: Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары.
Сабақтың мақсаты: Тілдің лексикалық жүйесінің таным процесімен байланысын, лексиканың
құрамы мен құрылысының тілдік танымдағы орны мен мазмұнын, лексикалық ұғымдардың
жіктелу, дефинициялық лексикасын анықтау. Негізгі сұрақтар: 1.
Лексиканың ішкі құрылымы: ұғымдық, семантикалық, лексикалық өріс көрсеткіштері.
2.
Концептуалды метафоралардың ерекшелігі.
3.
Топологиялық семантика (Л.Талми). Категория туралы ұғым. Фигура, фон ұғымдары.
4.
Ф.Джонсон-Лэрдтің ой түйіндеу теориясы: эксплицитті және имплицитті ой түйіндері.
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Әдістемелік нұсқаулық: Мысалдар теру, материалдарын нақты өмірлік материалдармен
салыстырып, жазушының шығармашылық фантазиясын зерделеу Бағалау критерийлері: Когнитивті лингвистиканың тіл білімінің салаларымен көрініс табуын
анықтап, лексикалық құрамы мен құрылысының тілдік танымдағы орны мен мазмұнын,
лексикалық ұғымдарының жіктелуін анықтай алуы есепке алынады. Өткізу формасы: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.
Әдебиеттер: 41, 12, 52, 1, 2, 3, 25, 36, 50, 62 Қосымша әдебиеттер:15, 20, 17 Семинар № 12 Сағат саны: 1 Тақырыбы: Тіл біліміндегі концепт теориясының негіздері мен зерттелу тарихы.
Сабақтың мақсаты: Когнитивтік лингвистиканың маңызды түсінігі концепті сияқты
бірліктерден құралған теорияның ерекшелігін түсіндіру. Негізгі сұрақтар: 1. Тіл білімінде концепт мәселесінің зерттелуі
2. Концепт ұғымына қатысты ғалымдардың пікірлері
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.