250
салыстырмалы-тарихи әдебиеттанудың құрамындағы сөздік көркем формалардың
(мазмұндыққа ие) эволюциясы, сондай-ақ, қаламгерлердің шығармашылық принциптері,
олардың эстетикалық мақсаттары мен көркемдік дүниетанымы болып табылады.
Тарихи поэтиканың негізін салушы және оны өмірге әкелуші А.Н. Веселовский оның
пәнін төмендегідей сөздермен анықтап бере алды: "поэтикалық сана мен оның
формасының эволюциясы"[947] Өз өмірінің соңғы он жылдығын ғалым осы ғылыми пәнді
жобалауға арнады ("Тарихи поэтиканың үш тарауы", эпитет, эпикалық қайталаулар,
психологиялық параллелизм туралы мақалалары, незавершенное исследование "Сюжеттер
поэтикасы" атты аяқталмай қалған зерттеуі). Кейінен әдеби формалардың эволюциясының
заңдылықтары формалық мектеп өкілдері тарапынан талқыланды (Ю.Н. Тыняновтың
"Әдеби эволюция туралы" және басқа да мақалалары). Веселовскийдің дәстүрі аясында
М.М. Бахтин [оның Рабле мен хронотоп ("Романдағы уақыт пен хронотоптың
формалары") туралы еңбектері тап сондай; соңғысының "тарихи поэтика туралы
жазбалық" маңдайшалық атауы бар] еңбек етті. 1980-ші жылдары тарихи поэтиканың
жобалануы кеңінен белсене өрістей түсті[948].
Замана ғалымының алдында тарихи поэтика бойынша конструктивті түрде (XX ғ. әрі
көркем, әрі ғылыми бай тәжірибесін есепке ала отыра)А.Н. Веселовскийдің бұдан жүз
жыл бұрын бастаған жұмысын жалғастырудың зор көлемді зерттеулер жасаудың міндеті
тұр. Тарихи поэтика бойынша қорытынды еңбек хронологиялық-сипаттама формаға
(дәуірден дәуірге, елден елге, қаламгерден қаламгерге өтетін жақында ғана аяқталған
"Әлем әдебиетінің тарихының" сегіз томдығындай) ие емес, заңдылықпен бүкіл әлемдік
әдебиеттің тарихы түрінде ұғынылатын болуы керек. Бұл ауқымды еңбек, шын мәнісінде,
реттілікпен теориялық поэтиканың негізгі ұғым-түсініктерін құрастрыған түрлі
халықтардың, елдердің, аймақтардың көп ғасырлық әдеби-көркем тәжірибелерін
жинақтаушы зерттеулерді таныта алатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: