247
поэмаларындағы байрондық поэманың жанрлық-стильдік ерекшеліктерінің жанама
көрініс берулері) әдеби шығармашылыққа әсер етуі деп атаған орынды. Ауысып алу болса
– бұл қаламгердің (бір жағдайларда – бәсең, әрі механикалық, басқасында –
шығармашылық-бастамашылықпен) қолданған жекеленген сюжеттері, мотивтері,
мәтіндік
фрагменттері, сөздік қолданыстары және т.с.с.с. Ауысып алу, әдетте, біз
жоғарыда сөз етіп кеткен реминисценцияларда жүзеге асырылады.
Бұған дейін жазушылардың әдеби тәжірибесіне өзге елдер мен халықтардың әсер етуін
А.Н. Веселовский (дәстүрлі компаративистикамен пікір таластыра отырып) сөз қылады:
"қабылдаушы жоқ жерден емес, қарсы ұшырасқан ағымдағы ұқсас ойлау бағытын,
фантазияның аналогтық образдарын кәдесіне жаратады"[931]. "Сыртқы" әсер мен ауысып
алудың жемісті болуы көп жағдайда бір-біріне ұқсамайтын әдебиетшілердің сан алуан
туынгершілік-шығармашылық қарым-қатынастары болып табылады. Б. Г. Реизовтың
ойыншаа, халықаралық әдеби байланыс (өзінің біршама көрініс беруде), "әдебиеттің <...>
дамуына түрткі болып <...> оның ұлтық өзіндік дамуын өрістетеді"[932].
Сонымен қатар, интенсивті тарихи дамудың күрт бұрылыстарында белгілі бір
әдебиеттегі өзге ұлттық дүниеге бөтеннің көркем тәжірибесіне бас қоюшылықтың
астарында
жат
жерілік
әсердің
жетегінде
кетушілік
және
мәдени-көркем
ассимиляцияланудың қаупі бұғып жатады. Әлемдік көркем мәдениет үшін түрлі елдер мен
халықтардың арасындағы өте ауқымды және көп жақты қарым-қатынас жасау (Гете осы
турасында сөз етті)[933],сонымен қатар, әлемдік маңызды беделге ие, бірақ әдебиет үшін
қолайсыз "мәдени гегемонизм" тән болып келеді. ұлттық
әдебиетті өзіндік мәдени
тәжірибе арқылы ойсыздықпен өзге қарай "аттап кету" әлдебір жоғары және жалпыға
ортақ, бірақта өте-мөте зиянды теріс салдарларға әкеп соғады. Философ және
мәдениеттанушы Н.С. Арсеньевше айтар болсақ, "Мәдени шығармашылықтың асқарында
рухани ашықтық пен рухани тамырластықтың қосылуы" орын алады[934].
Жаңа уақыттағы халықаралық әдеби бпайланыстар саласындағы ең кең көлемді
құбылыс батысеуропа тәжірибесінің өзге аймақтарға (Шығыс Еуропа мен еуропалық емес
елдер мен халықтарға) үдемелі әсер етуі. Осы бір бүкіл әлемдік маңызы бар мәдени
феномен: еуропаландыру немесе вестернизациялау немесе модернизациялау деп аталып,
түрлінше түсіндіріліп, әрі бағаланып, таусылмайтын дау-дамайдың және пікірталастардың
өзегіне айналуда.
Замана ғалымдары еуропаландырудың дағдарысты және де тіптен жағымсыз тұсына
және оның "батысеуропалық емес" мәдениет пен әдебиеттер үшін оңдымды маңызына
жіті назар аударуда. Осыған байланысты замана мәдениеттанушылары ішіндегі аса
беделді Г.С. Померанцтың өте құзырлы "Шығыстағы
әдеби процестің кейбір
ерекшеліктері" (1972) атты мақаласы жарық көрген болатын. Ғалымның айтуынша,
батысеуропалықтар үшін дағдылы ұғым-түсінік "бейеуропалық топырақта"
деформаланады; бөтеннің тәжірибесін көшіру нәтижесінде "рухани хаос" туындайды.
Модернизацияның салдары "анклавтық" (ошақтық) мәдениет болып табылып: өзгенің
үлгісі негізінде дәстүрлі және тұрақты көпшіліктің әлемімен контрастықтағы жаңа
"аралдар" қалыптасып, ұлт пен мемлекеттің өзінің біртұтастығынан айырылу қаупі
туындайды. Осыған байланысты қоғамдық ой саласында қаққа жарылуға жол беріліп,
батыстықтар (ағартушы-вестернизаторлар) және отандық дәстүрдің қорушылары
этнофилдер (жершіл-романтиктер)
арасында текетірес орын алып, соңғылары "түссіз
космополитизм" ұлттық өмірді жуып-шаюдан қорғауға мәжбүр болады.
Г.С. Померанц аталған конфликтілерді еңсерудің перспективасын Шығыстың мәдени
құндылықтарын "орташа еуропалықтың" пайымдауы арқылы қарастырады[935]. Және
вестернизацияны әлем мәдениетіндегі терең деңдеген оңдымды құбылыс деп бағалайды.
Бұған көп жағдайда ұқсас ойлар одан біршама бұрынырақ (еуротектілікке қатысты зор
сыни) белгілі филолог және мәдениеттанушы Н.С. Трубецкийдің "Еуропа және адамзат"
248
(1920) кітабында айтылған болатын. Ғалым роман-германдық мәдениетке құрметпен
қарай отырып, оның бүкіл әлемдік маңызын атап өтіп, сонымен қатар, оның көп жағдайда
барша адамзат мәдениетіне еш үйлеспейтіндігін, тұтас халықты өзге халықтың жасаған
мәдениетіне толықтай үйірсектету шындығында мүлдем мүмкін емес, ал дүбәра мәдениет
өте қауіпті деп қадап айтты. Еуропаландыру жоғарыдан төмен қарай жүргізіліп, тек
халықтың белгілі бір бөлігін ғана қамтиды да, мәдени қатпарланудың нәтижесінде бір-
бірінен аулақтанғандар арасында тап күресі күшейе түседі. Халықтың еуропа мәдениетіне
приобщение асығыс жүзеге асырылып: құйындатқан эволюция "ұлттық әлеуетті
шығындайды". Және де қатал түйін жасайды: "Еуропаландырудың өзіндік ауыр
салдарлары
ұлттық бірлікті жойылуы, халықтың ұлттық денесі бөлшектенуі болып
табылады"[936]. Байқайтынымыз, бұдан өзгешелігі, батысеуропа мәдениетіне бір қатар
аймақтардың ден қоюының оңдымды жағы: оны табиғилықпен туған топырағына
бейімдей іштей игерудің перспективасы. Г.Д. Гачев осы турасында жақсы сөз етті.
Батысеуропалық емес әдебиеттің тарихында "әлеуетті, кейде зорлықпен заманалық
еуропалық өмір салтына тартудың сәттер мен кезеңдер орын алып, әуелгісінде өмір мен
әдебиеті ұлтсыздандыру еш нәрсеге қол жеткізбеді" деп атап көрсетті. Бірақ та уақыт өте
келе, әдетте, жат жұрттық мәдениеттің аса күшті әсері "өзінің
ұлттық мазмұнын,
икемділігін, саналылығын, сыни көзқарасын және жат жерлік материалдарды іріктеп
алуын таба алады"[937].
XIX ғ. Ресейге тап осындай мәдени синтез дөп келеді деп жазды Н.С. Арсеньев:
батысеуропалық мәдениетті игеру бұл жерде қарқынды өрістей түсіп, "ұлтық өзіндік
сананың әдеттен тыс өрлеуімен қойын қолтық араласқан, халық өмірінің тереңінен
шыққан шығармашылық күштердің <...> Орыс мәдениеті мен рухани өміріндегі үздік
дүниелері осы арада өмірге келді "[938]. Ғалым мәдени синтездің жоғары нәтижесін
Пушкин мен Тютчевтің, Л.Н. Толстой мен А.К. Толстойлардың шығармашылықтарында
қарастырды. Осыған ұқсас әлдене XVII-XIX ғғ. басқа славян әдебиеттерінде де байқалуы,
наблюдалось и в
других ских литературах) А.В.
Липатовтің сөзімен айтқанда, Батыстан
келген әдеби бағыттардың элементтерінің "жергілікті жазба және мәдени дәстүрлерімен"
"қосарлана өрілуі" мен "қосылуы" орын алып, "ұлттық сана-сезімнің оянуына түрткі
болып, ұлттық мәдениет қайта өрлеуіне және заманалық қалыптағы ұлттық сөз өнерінің
өмірге келуін" танытты[939].
Халықаралық байланыстар (мәдени-көркем, әсіресе, әдеби), көріп отырғанымыздай,
аймақтық және ұлттық әдебиеттің ең маңызды факторы (типологиялық ұқсастықпен
қатар) симфониялық бірлігінің қалыптасуы мен бекемделуін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: