Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


§2. Аксиология аспектісіндегі миф



Pdf көрінісі
бет46/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

 
§2. Аксиология аспектісіндегі миф 
Мифологияның құндылығы бір мәнділікте болып келмейді, сондықтан (бізге жақын 
дәуірлерде), табиғаты мен қоғамдық өмірі туралы қып-қызыл айтыс-тартыстың алаңына 
айналды. Мифологияның мәдениетке қатынасы көбіне танымдық салада әр қилы 
ұғынылады. Бір-біріне кереғар екі концепция бар. Оның біріншісі XVII-XVIII ғғ. 
европалық рационализмінен бастау алатын мифтің қоғамдық құбылыс екендігіне сын 
көзбен қараушылық. Екіншісі бұған керісінше мифті маңызды қоғамдық құбылыс деп 
санаушылық.
Мифтенген сананы дәйектілікпен қабыл алмаудың жарқын үлгісі – Р.Барттың 
«Мифология» кітабы (1958), онда миф «идеологиялық өтіріктің» артына тығылған 
«жалған ақиқат», олар қалай талқыланып, жинақтала бастаған кезде кейбіреулер оның 
арбауына түсіп қалады деп сипатталады. Мифтердің мақсаты,- деп есептейді автор,- 
әлемді «қозғалыссыз қалдырып» өлтіру; миф қоғамға болмыстың мәңгілік сәйкесімдігі 
туралы түсінікті сіңіріп, сонымен бірге оны аяқ асты етеді[308]. Бұдан көрініп тұрғаны, 
Барт мифологияны өмірдің нақтылығын тұтастай бұрмалаушылық пен кедейлендіруші 
деп ұғынады.
Автордың сөзімен айтқанда Аристотель мен Декарттың ғылыми дәстүріне бағдар 
ұстаған Ю.М.Лотманның семиотикалық мәдениеттанушылық еңбектерінде де мифтенген 
сана тап осыған ұқсас тәпсірленеді. Бұл арада миф мәдениеттің шеңберінен шығып, 
мәдени (рационалды-логикалық ая) және мифологиялық (бейрационалдық) кеңістіктер 
бір-біріне қарама-қарсы қойылады[309]. 
Г-Г.Гадамер және Д.С.Лихачев сынды ойшылдар мифологияны басқаша ерек мәдени 
құндылық ретінде қарастырады. Г-Г.Гадамер өзінің «Миф және парасат» атты 
мақаласында ғылыми және мифологиялық әлем келбеті бір-біріне қарама-қарсы емес, 
«миф пен парасат ортақтас болып келіп, тарихтың жалпыға ортақ заңдылығымен өмір 
сүреді» де, бір-бірімен септесіп, бірін-бірі толықтырып отырады. «Мифті поптардың 
алдауы мен әйелдердің бөстекілігі деп шекеден шікірейіп қарамай, оның ғасырлар 
қойнауынан жеткен ақылмандық үніне құлақ түру керек». «Мифтік дуа» деп атап өтеді 
философ,- рационалдықтан тыс, бірақ та, миф ерікті емес фантазия арқылы «өмірдің ұлы 
рухани және әлеуетті күшін қалыптастыратын» өзіндік ғылымнан тыс ақиқатты таратушы 
болып табылады[310]. Осы ыңғайда, Д.С.Лихачев та миф ізгілік пен құндылықтың 
«мәліметтер қорабы» болып табылады; «біздің тірліктегі өмір сүруімізді жеңілдетеді» деп 
ой толғайды[311]. Сонымен бірге, қолданыстағы мифтер шындық болмысты бұрмалауы 
да мүмкін. Осылайша, мифологиялық құндылықтардың әр тектілігі айқындалып, халық 
санасындағы «мифтік тұманға» қоғамды ақиқатқа жақындатушы атына заты сай мәдени 
феномен қарсы қойылады. 
Келтірілген миф турасындағы түйіндеулер танымға, ақылға, ақиқатқа қатысты болып, 
дәлелді ой тұжырымдауымызға негіз болады. Сонымен бірге, Г-Г.Гадамердің, әсіресе, 
Д.С.Лихачевтің пікірлері, біздіңше, нақтылай түсуді керек етеді. Байқайтынымыз, 
«мәліметтер қорабына» адамзаттың өзін қоршаған ортадағы тек мифологиялықты ғана 
емес, тікелей өмірлік, өзіндік ғылыми игергендерінің бәрін де жатқызуға болады. 
Күнделікті тәжірибе мен ғылыми іс-әрекет талпынысы «мәліметтер қорабының» біршама 


74 
айқындықта болғанын қалайды да, феноменді танып білу мен ұғынудың толықтығына, 
қасиеттерінің көп қырлылығы мен көп мәнділігін сезіне алуымызға септеседі. Миф 
турасында бұны айта алмаймыз, бұл жерде кестелендіру, жеңілдетілу, бір мәнділік сіңіру 
байқалады. Ф.А.Степун игерілетін тақырыптың формасын ықшамдаудың екі жолы бар: 
бірі оның мазмұнын, екіншісі – оның мазмұнының тақырыбын ықшамдау деп 
тұжырымдайды[312]. Осының соңғысы берілген нәрсенің реңкін, күрделілігін, қарама-
қайшылығын керек етпейтін мифке қатысты. Мифтің болмысты кестелендіруі синедохаға 
және кейбірде гиперболаға ұқсайды. Міне, осы сипат бізге жақын дәуірлердегі айқын емес 
«қораптағы» мифологиялық объектілерге тән болып келеді. Мифтер зат, феномен, 
тіршілік туралы білімнен, яғни, ақиқаттан (бос және жартыкеш түрдегі), болмысты бір 
жақты, кез келген бұрмалаушылық пен адасушылықтан тұрады. Басқаша айтар болсақ, 
мифология түйсіктік аяндық пен рационалдық жетімсіздіктің қабысуының ақиқаты. 
Сапасы сан алуан мифтерден құрылған мифология өзіне әрі құрметпен, әрі сын көзбен 
қарауды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет