Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


тарихи-функционалды зерттеудің



Pdf көрінісі
бет56/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

тарихи-функционалды зерттеудің (бұл терминді 1960-шы жылдары М.Б. Храпченко 
ұсынған болатын) өзегі болып табылады. 
Әдебиетті тарихи-функционалды зерттеудің басты саласы үлкен тарихи уақыттағы 
туынды тіршілік кешуі, олардың ғасырлардағы өмірі. Сонымен бірге, ең маңыздысы 
қаламгер шығармашылығын оның замандастарының қалай игергендігін қарастыру. Жаңа 
туындыға үн қатуларды зерттеу оны пайымдаудың қажетті жағдайын құрайды. Өйткені, 
авторлар әдетте ең алдымен өз дәуірінің адамдарына бет бұрады және оның 
замандастарының әдебиетті қабылдауы: өте жиі оқырмандар тарапынан белгілі бір 
шектегі өткір жауап берушіліктің астарында не қабылдамаушылық, не құптаушылық 
жатады. Осылайша, Чехов көптеген замандастары үшін "құбылыстардың өлшеуіші" деп 
танылып, оның кітаптары "маңымызда орын алған жағдайлар турасындағы бірден-бір 
ақиқат" деп танылды[345].
Әдеби туынды тағдырын ол өмірге келгеннен кейін зерттеу түрлінше дерек көздері мен 
материалдарға негізделеді. Бұл басылымның саны мен сипаты, кітап таралымы, басқа 
тілдерге аударылуы, кітапхана құрамы. Одан ары өз оқығанына оқырман үн қосулары (хат 
жазысу, мемуарлар, кітап жиегіндегі жазбалар). Әдебиеттің тарихи қызмет атқаруын 
ұғынудың ең мәндісі ол туралы айтылғандар "халыққа жетілім": жаңа сөздік-көркем 
туынды бойындағы реминисценция [лат. Reminiscentia-бөгденің (өзге туындының) 
буылдыр айшықталуы] мен дәйек сөздер, графикалық иллюстрациялар мен режиссерлік 
қойылымдар, 
сондай-ақ
әдеби 
фактіге 
публицистердің, 
философтардың, 
өнертанушылардың, әдебиеттанушылар мен сыншылардың үн қосулары болып табылады.
 
 
 
 


86 
 
§4. ӘДЕБИ СЫН 
Шынайы оқырмандар, біріншіден, дәуірден дәуірге қарай өзгеріп отырады, екіншіден 
бір-бірінің алдында тарихи сәттерде теңдес емес. Әсіресе, тар ауқымды көркем білімге ие 
өз дәуірінің интеллектуалды және әдеби әсеріне қатысты азшылық оқырмандар табы 
және қоғамдағы басым көпшілік болып табылатын "бұқаралық көпшілік оқырмандар" (өте 
дәлді болмаса да) деп аталатын топ бір-бірінен айырықша өзгешеленіп тұрады. 
Оқырман қауымның авангардын (дәлірек айтсақ, оның көркем білімді бөлігін) әдебиет 
сыншылары құрайды. Олардың қызметі өз заманындағы әдебиеттің қызмет атқаруының 
өте мәнді компонентін (сонмен бір мезетте факторын да) түзеді. Сынның маңызы мен 
міндеті – өз пікірлері негізінде (көбіне жаңадан шыққан) көркем туындыны бағалау. "Сіз 
поэманы оқисыз, картинаны көресіз, сонатаны тыңдайсыз да, талғамыңыздың не 
қанағаттануы не қанағаттанбауын сезінесіз; екеуінің де себебін іздеуге ден қойғаныңыз – 
сын",-деп жазды В.А. Жуковский [346].
Әдеби сын жазушы мен оқырман арасындағы шығармашылық ара ағайынның рөлін 
атқарады. Ол қаламгер қызметіне қамшы басып, бағыт-бағдар беруге қабілетті. Баршаға 
белгілі В.Г. Белинский, 1840-шы жылдары әдебиетке келген қаламгерлерге, оның шінде,
Ф.М. Достоевскийге, Н.А. Некрасовқа, И.С. Тургеневтерге игі ықпал етті. Кейде сын 
оқырман қауымға өте белсенді әсер етеді. Сынның "тұтас тұлғаны" "сендіруі, эстетикалық 
талғамын" орнықтыруы "қаламгер шығармашылығына қарағанда қызықты болып 
шығады"[347].
Өткен ғасырлардың сыны (XVIII ғ. дейін) басым жағдайда нормативті болып келді.
Талданатын туынды тек жанрлық үлгілер орайында қарастырылды. Жаңа сын (Х1Х-ХХ 
ғғ.) болса, заңдылық бойынша шығармашылыққа деген автор құқығынан бастау алады. 
Оны ең алдымен туындының қайталанбас-индивидуалды келбеті қызықтырып, оның 
(интерпретацияланатын) өзіндік мазмұны мен формасын айқындайды. "Иә, мені 
Аристотельдің өзі кешірсін, - деп жазды Д. Дидро романтизм эстетикасына ден қоя 
отырып, бірақ та осы әдіс жұрттың бәріне ұнайтындай, жетілген туынды негізіндегі заңды 
тықпалаған сын дұрыс емес"[348]
Сын жекеленген туындыларды бағалай және интерпретациялай отырып, сонымен қатар, 
заманалық әдеби процесті қарастырып (ағымдағы әдебиетке сыни шолу жасау жанры 
Ресейде пушкин дәуірінде орнықты), сондай-ақ, көркем-теориялық бағдарламаларды 
қалыптастырып (В.Г. Белинскийдің "натуралдық мектеп" туралы соңғы мақаласы, Вяч. 
Иванов пен А. Белыйдың символизм жайлы еңбектері), әдеби дамуға бағыттайды. 
Сонымен, әдеби сыншылардың құзырында замана әдебиеті проблемасы аясында 
бұрыннан келе жатқан туындыларды қарастыру енеді. Бұған айқын дәлел – В.Г. 
Белинскийдің Державин туралы, И.С. Тургеневтің "Гамлет пен Дон Кихот", Д.С. 
Мережковскийдің Толстой мен Достоевский жайындағы мақалалары[349].
Әдеби сынның әдебиет туралы ғылымға қатыстылығы бір жақты емес. Әдеби 
туындының талдауына сүйене отырып, ол ғылыми біліммен тікелей байланысты болып 
келеді. Сонымен бірге, сараптау мен дәлелдеуді қажетсінбейтін шығарманы тек сезімдік 
тұрғыдан игеруге құлықты сын эссеистикасы да бар. "Ипполит пен Федр трагедиясы" 
(Еврипид туралы) мақаласын эссеистік деп сипаттаған И. Анненский: "Мен зерттеу және 
есептеуге не жататындығы турасында айтуға оқталып отырғам жоқ, қайта қаһарман 
сөздерінен ойға бату және трагедияның поэтикалық мәнісі мен идеясын лезде қағып алуға 
тырысуды бастан кешу турасында сөз етпекпін" деп жазды[350]. "Талғам үкімі", даусыз, 
логикалық қисындылық болмаған шақта әдеби сында өзінің заңды құқына иелік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет