103
бекемделіп, әрі әр көрініс беруінде: қозғалыстық,
бастамашылық, шығармашылықпен
қайыра жаңаланып отырады. Басқаша айтар болсақ, осы тәрізді артефактілер өзіне теңдес
емес туынды тектерінде шексіз өзгерулер мен нұсқаларға бейімдеу болып келеді. XX ғ.
орындаушы өнер туындыларында аудио-бейнежазбалар көрініс табуда. Осылайша
олардың артефактілері кинофильмдерге, сурет полотналарына, әдеби туындыларға тән
тұрақтылық пен толық сақталуға қол жеткізді. Бірақ орындаушы-суреткер (не ол пианист
немесе дирижер, биші немесе драма театрының әртісі болысын) халықпен тікелей қатынас
жасағанда сыртқы материалдық туынды түр өзгешелігіне ұшырап, тиімді нұсқада
жаңарады. Бұнсыз орындаушылық өнердің тіршілік кешуін көз алдымызға елестете
алмаймыз.
Сыртқы материалдық туынды өзінің кейбір қасиеттеріне
орай эстетикалық объектіден
бейтарап болады. Осылайша, қолжазба және басылған кітпатың әріптері оқуға ыңғайлы
болу үшін ғана. Сонымен бірге, артефакті эстетикалы объектіге жиі еніп, көркем әсер
алудың белсенді факторы болып саналады. Мысалға, жеке сөздердің ерекше шрифтімен
бөлініп көрсетілуі немесе бас әріпті индивидуалды-авторлық қолданудың көркемдік мәні
бар. Автор туындыгерлігінің осы қыры сыртқы материалдық туындыға (артефактіге)
жатқанымен сонымен бір мезетте эстетикалық объектінің де буыны болып табылады.
Өнер туындысы дегенміз – бұл эстетикалық объекті мен артефактінің айырып алғысыз
бірлігі. Эстетикалық объект көркем туындының мәнін өз бойына жинақтаса, артефакті өз
кезегінде тұрақтылық, сақталушылық, қабылдауға қолжетімділіктің кепілі болады.
Эстетикалық объекті
артефакті бойына сіңіп кетіп, көрермен, тыңдарман, оқырман үшін
түрлі қырынан толық кейіпінде ашылып отырады.
Өнер туындылары бір-бірінен шектеулі болғаны сияқты көркемдіктен тыс реалдықтан
да шектеулі болады (бұған дәлел театрда, мысалға, рампы эффектсі, сондай-ақ, спектакль
сәттерінің бастан аяқ бекемделуі). Философия тілімен сөз саптасақ, көркем
шығармашылық әлемі континуалды емес, тұтас болып та табылмайды, ол үзікті, дискретті
болып келеді. М.М. Бахтинше, өнер қажеттілікке орай "жеке, индивидуалды тұтас
туынды" бөлініп кетеді де, олардың әрқайсы "болмысқа
қатысты өздерінің дербес
позициясын ұстанады"[422]. Туындылар арасындағы шекара сонымен қатар үнемі толық
айқындала бермейді. Олар кейде қозғалыста болып, белгілі бір дәрежеде шайлып та
кетеді. Әдеби туындылардың арасындағы шекараның шайылуының маңызды формасы
олардың циклденуі болып табылады. Ақындардың өздерінің бұрынғы өлеңдерін (XIX-XX
ғғ. кең тарған) циклға біріктіруі кейбірде жаңа туындыны өмірге әкелуге түткі болады.
Басқаша айтар болсақ, өлеңдер циклі дербес туындыға айналады[423]. А. Блоктың "Әсем
ару туралы өлеңі", А. Белыйдың "Күлі", Вл. Ходасевичтің "Астық жолымен", Б.
Пастернактың "Қайта тууы", А. Ахматованың "Солтүстік элегиялары" тап осындай.
Циклдер прозада да орын алады. Н.В. Гогольдің "Диканька хуторына жақын маңдағы
кеш" немесе И.С. Тургеневтің "Аңшы жазбаларын" еске түсірейік. Әңгімелер мен
хикаяттардың циклдеу қосарлы авторлықпен де байланысты болып келуі мүмкін, оған
айқын мысал пушкиндік "Белкин хикаяты". Пушкин шығармашылығындағы "Станса
қараушысы" құрамындағы дербес шығарма ма? Әлде, мүмкін "Марқұм Иван Петрович
Белкин" атты туындының бір бөлігі ме? Тегінде, бұл қос сауалға жарым жартылай жауап
беру жөн болар. Вырин, Дуня және Минский туралы әңгімелер – бес хикаяттан тұратын
пушкиндік цикл және баспагер алғысөзі бұл бір мезетте аяқталған туындылар, әрі өте
көлемді көркем тұтастықтың бір бөліктері болып табылады.
Көркем туындының бөлігі бір
жағынан тұтастықтан бөлініп, өз алдына кейбір
дербестікке қол жеткізгенде, үзік (фрагмент) жеке туындының нышан-белгілерін иеленеді.
П.И. Чайковскийдің "Благословляю вас, леса" романсының сөзідік тіні мен А. К.
Толстойдың "Иоанн Дамаскин" поэмасының бір эпизоды тап осындай. Гогольдің "Өлі
жандарындағы" құс туралы лирикалық шегініс өзіндік көркемдік тәуелсіздікке ие болып
104
тұр. Кейбірде әдеби туындыдағы шығарма оқырман санасында дербестікке ие болады.
Осындай тағдыр В.В. Розановтың септесуімен Ф.М. Достоевскийдің соңғы романындағы
эпизодтардың біріндегі Иван Карамазов жазған "Ұлы инквизитор" поэмасының
маңдайына жазылып, әдебиттануда және оқырман санасында дербес туындыға айналып
шыға келді.
Көркем туынды (оның шінде әдеби) біртұтас шығармашылық ойға алудың
(индивидуалды немесе ұжымдық) негізінде өмірге келіп, әлдебір бірлікке (мәндік және
эстетикалық) қол жеткізуге талпынғандықтан, аяқталғындыққа (не болмаса, оған
ұмытылысқа) ие болады. Олар белгілі бір аяқталған шындық болып табылып,
ешқандай да
"кейінгі авторлық" өзгерістерге, толықтырулар мен қысқартуларға ұшырамайды. Бірақ та,
автор көзі тірі кезінде бұрын басылған мәтінге қайыра соғып, өңдеп, өзгерте алуы мүмкін.
Осылайша, Л.Н. Толстой 1870-ші жылдары "Соғыс және бейбітшілікке" қайтып оралып,
оның мәтіндегі тарихи-философиялық кейбір ой толғауларын қайта қарап шығуды ойға
алғанымен бұл жоспарын іске асыра алмады [424].
Кейбірде автор өзінің шығармашылық ойға алғанына, көркемдік еркіне толықтай жауап
бермейтін мәтінді жариялап та жібереді. Осылайша, А. С. Пушкин өзінің романы
бойынша "Онегин саяхатының үзінділерін" "оқырман қауым үшін емес, өзіне қатысты
себептерге орай" "шығаруға бел шештім" атап көрсетті[425]. Осыған байланысты
әдебиеттанушылар алдында ұлы пушкиндік туындылар мен оның жариялану принциптері
жайында "Үзінділер" (сондай-ақ, нобайы жұмбақталып сақталған "Оныншы тарау")
өлеңмен жазылған романның ажырағысыз бір буыны ма, әлде баспагерлік ескертпе
ретінде тек ғылыми басылымдарға ғана жариялауға лайық "қосымша тармақтануы" ма
деген күрмеуі қиын мәселе туындады?[426]
Ақыр соңында кейбір туындылар кейде қаламгер тарапынан жүзеге асырылатын бір-
бірінен ерекшеленіп тұратын түрлі жылдардағы авторлық нұсқаларға ие болып келеді.
Бұның айқын мысалы – Андрей Белыйдің "Петербург" романы турасында XX ғ. орыс
әдебиеті тарихында екі түрлі авторлық редакциясы болғандығының фактісі бар. Ақынның
тірі кезінде жарияланбаған лермонтовтық "Демон" поэмасының
бірнеше нұсқасы бар
екендігі белгілі. Бұндай да болады, қаламгер өмірінің соңына дейін басты туындысын
(М.А. Булгаков "Шебер мен Маргарита") ақыр соңына жеткізу үшін өңдеп жетілдіруін
жалғастыра береді. Бірқатар даңқты туындылар өздерінің шығармашылық ойға алуларын
ақыр аяғына дейін жеткізе алмай кетті (Н.В. Гогольдің "Өлі жандары", XX ғ. Р.
Музильдің өмірінің басты мұраты болған романы "Қасиетсіз адамы").
Әдеби туынды (өзінің біртұтастығы мен бірлігі бойынша) біртектес жиынтық болып
келмейді. Қайта, ол көп қатпарлы, түрлі қырлары (жақтары, ракурсы, деңгей, аспектілері)
бар дүние. Оның құрамы мен түзілімі кейбірде өте күрделі болып келіп, біз назар
аудартын кейбір ұғымдар мен терминдер арқылы сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: