87
§5. БҰҚАРАЛЫҚ КӨПШІЛІК ОҚЫРМАН
Кітап оқу ауқымы, ең бастысы оқығанын қабылдау түрлі қоғам топтары арасында әр
келкі болып келеді. Орыс шаруа адамдары, оның ішінде, қалалық, жұмысшы-
қолөнершілер арасында XIX ғ. ортасында басты оқылым діни-имандылық бағытындағы:
"қасиетті" деп аталған (көбіне, кейбір
зиялылар болмаса, білімді жандарды өзіне тартпаған
- Н.С. Лесков) әулие-әмбиелер тірлігі жанрындағы әдебиет болды. Халықтық оқу
ауқымына қызықты, шытырман оқиғалы, кейде эротикалық сипаттағы "ертегілер" (атақты
"Бова", "Еруслан","Милорд Георг туралы хикаят") деп аталатын кітаптар кірді. Бұл
кітаптар белгілі бір дәрежеде авторлар көзқарасы бойынша заңды неке бұлжымас идеал,
финалдық эпизодтарда мораль принциптері салтанат құратын болып келетін ұстаздық
діни-имандылық сөз өнеріне "бой түзді". XIX ғ. "жоғарғы" әдебиеті халықтық
оқырмандарға ұзақ уақытқа дейін (пушкин ертегілері, гогольдік "...хуторындағы кеш",
лермонтовтық "Калашников көпес <...> туралы жырдан" басқасы) жол тарта алған жоқ.
Орыс классикасынан халық арасынан шыққан оқырман өз мүддесіне жаттықты,
рухани-
амаляттық тәжірибесінен алыстықты көріп, оны дағдылы әулиелік сөз өнері өлшенімі
бойынша қабылдап, көбіне ойы үркіп, көңілі жабықты. Осылайша, пушкиндік "Сараң
серіден" тыңдаушылар ең алдымен Баронның тәубәға келмей көз жұмғандығына назар
аударды. «Шытырман оқиғалы емес», байыпты туындылардың
ойдан шығарылуына
көндікпеген адамдар қаламгер-реалистердің суреттеулеріндегі адамдар, тағдырлар,
оқиғалар шындық өмірде нақты болған деп қабылдады[351]. Н.А. Добролюбов осы
тұрғыдан келгенде ірі орыс жазушыларының шығармашылығы халықтың қазынасы емес
деуінің жөні бар[352].
Өзінің "Кітапшылдық және сауаттылық" (1861) мақаласында Ф.М. Достоевский
халықтық мәдениет пен білімді ортаның (билеушілер) мәдениетін жақындастырудың
бағдарламасын жасап көрсетті. Ол басқаларды ағартуға бет бұрған көркем білімді адамдар
халықтан шыққан оқырмандарға жоғарыдан (әрі ойлы, әрі кеңкелестік тұрғыда) қарағанды
қойып, олардың ешкімнен қысылып-қымтырылмайтын
ақиқатқа деген игі сенімін
қадірлеп, оның үстіне байбатшалар оқуына" деген қарапайым жұрттың тарих ақтаған
секемдене қарауын ескеруіміз керек деп тұжырымдады. Достоевский Ресей үшін
қоғамның білімді бөлігі "халықтық топырақпен" біте қайнасып кетіп, өз бойына
"халықтық элементі" сіңіруі қажет деп есептеді[353]. Осы бағытта XIX ғ. соңындағы
халықшылар мен толстойшылар ой толғап, еңбек етті. И.Д. Сытиннің баспагерлік қызметі
мен толстойлық "Посредника" үлкен рөл атқарды. Халық оқырманының "үлкен
әдебиетпен" байланысы жақсара түсті[354].
XX ғ. әлеуметтік-саяси коллизияның (лат. Collisio., кітаби сөз.
Адами қатынастағы
қарама-қарсы күштердің, мүдделердің қақтығысуы, қайшылығы-Ә.Ә.) жәбір-жапасы
жеңілдей түскен жоқ, қайта керісінше, қалың көпшілік пен көркем білімді азшылық
арасындағы оқырмандық тәжірибенің қарама-қайшылығын шиленістіре түсті. Дүние
жүзілік соғыстар,
тоталитарлық режимдер, толассыз (кейбір жағдайда күштеп)
урбанизациялану [франц. urbanisation, лат. urbanus-қалалық, urbs-қала-кенттену] дәуірінде
бұқаралық оқырман заңды түрде рухани және эстетикалық дәстүрден жат көзденіп, өзі
үшін керекті әлдебір жағымды құндылықты үнемі ала бермейді. Өмірден адасқан,
руханиятсыз тұтынушылық ауанындағы бұқара турасында 1930 ж. X. Ортега-и-Гассет
жазды. Оның ойынша, XX ғ. бұқара адамының кейпі,
ең алдымен, өмірге қадам басқан
дәуірдің "өзін күшті сезініп, өзін басқа дәуірлерден өміршеңмін деп ұғынып, өткенге күл
шашып, оның мұрасынан кейде бас тартып, ешбір үлгі мен норманы мойындамауымен
байланысты болып келеді"[355]. Осының бәрі жиылып келгенде шынайы және жоғары
өнерді керек етпеуге әкеп соғады.
88
Бірақ та, кең көлемді кітап оқу ауқымы қай дәуірде болмасын өте зор,
әрі сан алуан
түрлі. Ол қарапайым «оқылымдармен» шектеліп қалмай, өз құшағына, әрине, даусыз
құндылыққа ие классиканы да алады. "Бұқаралық оқырман" деп аталатындардың
көркемдік мүддесі аймағы, көпшілік қолды, біртектес, төменқол туындылардың шегіннен
шығып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: