Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов



Pdf көрінісі
бет78/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

3.КӨРКЕМ СӨЗ (СТИЛИСТИКА
Әдеби туындының осы қырын, әрі тілшілер, әрі әдебиеттанушылар қарастырады. 
Лингвистерді көркем сөз ең алдымен тілдің қолданыс табуындағы амал-тәсіл және норма 
жағынан сипаталатын бір формасы ретінде қызықтырады. Осы ретте "көркем әдебиет 
тілі"[577] (немесе осыған жуық ұғым "поэтикалық тіл") тірек ұғым болып табылып, тіл 
осы жағынан зерттейтін пән лингвистикалық поэтика деп аталады. Әдебиеттану болса, 
көп жағдайда мазмұндық форманың бір қыры болып табылатын "көркем тіл" сөз тіркесін 
қолданады.
Тақырыбын көркем тіл құрайтын әдебиеттану пәнін стилистика деп атайды (бұл термин 
әуелде тілтануда орнығып, сөз бен тілдің стилін қарастырды)[578].
Әдебиет туралы ғылымдағы стилистика саласы бай да, қатаң терминологияға ие. 
Көркем сөз теориясын түзудегі көшбасшылық формалды мектептің еншісінде (В.Б. 
Шкловский, P.O. Якобсон, Б.М. Эйхенбаум, Г.О. Винокур, В.М. Жирмунский), олар 
ашқан жаңалықтар әдебиеттанудың келесі даму кезеңдеріне зор әсер етті. Әсіресе, осы 
саладағы көркем тілді әрі әдеби нормамен, әрі жалпыхалықтық тілмен байланыста алып 
зерттеген В.В. Виноградовтың жұмыстары өте маңызды[579].
Понятие и термины стилистиканың ұғымдары мен терминдері бірқатар оқу 
құралдарының тақырыбына айналды, олардың шінде алғашқы орынға әлі күнге дейін өз 
өзектілігін сақтап келе жатқан Б. В. Томашевскийдің кітаптарын қоюға болады[580]. Сол 
себепті біздің жұмысымыздағы теориялық поэтиканың осы бөлімшесінде барлығы 
ықшамдалып, әрі жинақталып, өте көп терминдерге (теңеу, метафора, метонимия, эпитет, 
эллипсис, ассонанс және т.б.) лайықты сипаттамасыз беріледі. 
§1. КӨРКЕМ СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСҚА ТІЛДІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС 
ФОРМАЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ 
 
Сөздік-көркем туындының тілі шүперек сияқты жайымен тілдік қызметтің әрі ауызша, 
әрі жазбаша түрлі формаларын өз бойына сіңіріп алады. Көптеген ғасырлар ішінде 
жазушылар мен ақындарға шешендік өнер мен риториканың принциптері белсенді әсерін 
тигізді. Аристотель риторикаға "әр аталған затқа қатысты амал-тәсіл мүмкіндігін табуға 
сендіре білу" дағдысы деп анықтама берді[581]. Әуелде (көне Грекияда) риторика 
дегеніміз – бұл ділмарлық теориясы, шешендерге арналған ережелер жиынтығы. Кейін 
келе (орат ғасырды) риториканың ережесі уағыздық және хат түріндегі шығармаларға, 
сондай-ақ, көркем прозаға кеңінен тарады. Осы білім саласының міндетті мыналардан 
тұрады: "белгілі жанрлардағы мәтін жасау өнеріне үйрету", әсер және сенім тудыратын
сөздерді қолдана білушілікке түрткі болу; осы ғылымының өзегі – "эффективті 
коммуникация жасаудың шарты мен формасы"[582].
Риторика әдебиеттің кең тынысын ашты. Көркем сөз түзу талай ғасырлар бойы (әсіресе, 
асқақ жанрлардың аясына жатын эпопея, трагедия, одаларда) жұр алдында кеңінен 
көсілетін риториканың нұсқаулары мен ережелеріне бағынышты шешендік сөздің 
тәжірибесіне бағыт ұстанды. Және де "дейігромантикалық" (антикадан классицизмге 
аралығын қамтитын) дәуірді нышан белгісі "жалпының жалқыдан үстем түсетін танымдық 
приматы" және "нақты фактінің тұжырымдалуы әмбебаптанған"[583]. болып табылатын 
риторикалық мәдениет кезеңі деп сипаттауы кездейсоқ емес.
Романтизм уағында (одан кейінгі кезеңде) әдебиет үшін риториканың маңыздылығы 
күмән мен сенімсіздік тудыра бастады. Осылайша, В.Г. Белинский 1840-шы жылдардың 


156 
екінші жартысындағы мақалаларында жазушылар шығармашылықтарындағы
риторикалық бастау көзді (ескіргенге санап) оған заман үшін ізгі натуралдықты қарсы 
қойды. Ол риториканың астарында "еркін немесе еріксіз түрде болымысты бұрмалау, 
өмірді жалған аңсарлау (идеалдандыру)" жатыр деп пайымдады [584]. Ал, әдебиет бұл 
кезде өзінің шешендік сөзге ұсталық ертеден келе жатқан байланысын (толық ысырып 
шығармаса да) өте әлсіреткен болатын.
Ю.М. Лотман Еуропа мәдениеті XVII-XIX ғғ. аралығында ереже мен нормалардың 
қондырғысынан, риторикалық күрделіктен (классицизм) стилистикалық қарапайымдыққа 
өтудің эволюциялық даму сатысын бастан кешті деп өз байқауын айтады[585]. Және де 
сөз өнерінің авансценасына табандылықпен риторика қондырғылары әмір етпейтін 
мәжбүрлеусіз-ауызекі тіл жол тарта бастады. А.С. Пушкинның шығармашылығы осыған 
қатысты екі тілдік мәдени дәстүрдің "тоғысуында" тұрды. Оның туындылары кейбірде
риторикалық және ауызекі сөздердің қоспасынан тұрады. "Станса қараушысы" 
хикаятында әрең байқалатын шешендік сөз саптаушылықтың пародиялығы, оның реңкі 
ары қарайғы оқиға дамуынан бірден бөлектенеді; және де "Мыс салт аттыдағы" (одалық 
ой толғау және боямасыз Евгенияның тағдыры туралы әңгімедегі) стилистикалық 
әртектілік; "Моцарт пен Сальеридегі" қаһармандардың тілдік мәнеріндегі әр тектілік – 
біреуіндегі – жеңіл ауан, екіншісіндегі – риторикалық асқақтық.
Сөйлеу тілі (лингвисттер оны "бейкодтанған" деп атайды) ең алдымен адамдардың 
жеке өміріндегі қарым-қатынасы (әңгімелесулерімен) ілесе жүреді. Ол регламентациядан 
ада және жағдайға байланысты өзінің формасын өзгертуге бейімдеу. Әңгімелесу
(сөйлесу) адамзат мәдениетінің ең маңызды формасы қалыптасып, өзінің бар екенін 
антика дәуірінде танытты. Сократ платондық диалогтарында "Протагор" мен "Федонда" 
былай дейді: "Әңгімелесуде өзара қарым қатнас жасау – бұл бір, ал, жұрт алдында көсілу 
одан бөлек". Және де, ол өзі "тіптен сөйлеу өнеріне қатысты болмас да", не болмаса 
шешен көздеген мақсатына қол жеткізу үшін көбіне ақиқаттан аттап кетеді деп атап 
көрсетеді[586]. Цицерон өзінің "Міндет туралы" (Кт. 1. 37) трактатында әңгімеге адам 
өміріндегі ең маңызды "буын" деген мінездеме беріп: "даңққа қол жеткізуде шешендік сөз 
үлкен маңызға ие", бірақта "әңгіменің қол жетімдігі мен жайдармандығы""адамдардың 
жүрегін баурап өзіне тартады" дейді[587]. Әңгімелесу дағдысы бүгінгі таңда дағдарысқа 
ұшырап отырған әлеуетті ғасырлар арқылы жалғасып беріліп отыратын мәдени дәстүрді 
өмірге әкелді[588].
Әңгімелесу адамдардың өзара қарым-қатынс жасауының маңызды тегі және ауызекі 
сөйлеу тілін қолдануды жүзеге асырушы ретінде орыс классикалық әдебиетінде кеңінен 
көрініс тапты. "Ақылдың азабын", "Евгений Онегинді", Н.А. Некрасовтың өлеңдерін, Н.С. 
Лесковтың хикаяттары мен әңгімелерін, А.Н. Островский мен АП. Чеховтың пьесаларын 
еске түсірейік. XIX ғ. жазушылары бір сөзбен айтқанда, тақпақтық-шешендік, шешендік-
поэтикалық формулалықтан күделікті, мәжбүрлеусіз, "әңгімелесу" тіліне бағдар ұстанды. 
Л.Я. Гинзбургтың айтуынша, осылайша Пушкин өлеңдерінде өз кезегінде "әдеттегі сөздің 
поэтикалық сөзге айналуы ғажайыбы"өмірге келді[589].
XIX-XX ғғ. Әдебиеті әрі қаламгерлер, әрі ғалымдар тарапынан автордың оқырманмен 
әңгіме дүкен құруының өзіндік формасы деп ұғынылады. Ағылшын романисі Р. 
Стивенсонша, "әдебиет өзінің қай түрінде болмасын екеуара беріле шүйіркелесудің 
көлеңкесі болып қала береді"[590]. А.А. Ухтомский болса, кез келген әдеби 
шығармашылықтың ілкі негізі өзін ешқашан қанбайтын сұхбаттасының жүрегінен 
іздеуден тұрады деп есептеді. Жазушылық ғалымның ойынша, "қайғыдан" - "қарсы 
алдында өзін қанағаттандыратын сұхбаттасы мен досының жоқтығының қажеттілігінен" 
туындайды [591].
Әдеби туындының сөздік тіні, әдетте, ауызекі сөзбен терең ілесе жүріп, оның белсенді 
түрткісіне түседі. Көркем сөз кейбірде хат формасы түріндегі көркемдіктен тыс сөздерге 


157 
(эпистолярлық сипаттағы көптеген романдар мен хикаяттар, күнделік пен мемуарлар 
формасындағы прозаға) айналады. Сөз өнерінің жазумен байланысын заман ғалымдары 
кейде асыра дәріптейді, автор өмірге әкелетін мәтін "хат өндірісінің процесі" (Р. Барт) 
ретінде тәпсірленеді, тұлғааралық сұхбаттасуыға енбеген өздік мақсатты: "Сөйлеу 
түгесілген жерде хат өмірге <...> және де біз кім сөйлеп тұрғанын анықтай алмаймыз, тек 
дәйектейміз, бұл арда бұдан басқа айтар ештеңесі жоқ" болып табылады [592].
Подобные суждения Барттың осы тақлеттес ой түйіндеуі заманалық француз философы 
Ж. Деррид ұсынған "архехат" концепциясына сүйенеді. Оның мәнісі төмендегідей: болып 
келеді. әлемдік мәдениет тарихында ауызекі сөзге қарағанда хат бірінші, оның негізі 
"таңбалы айшықты" іздейтін сана ойынында жатыр. Бұл ойын архехат деп аталады. 
Деррид Сократ мүлдем болмаған өзінің жеке басының даңқы үшін оның образын 
Платонойдан шығарған деген болжам айтты[593].
Барт және Деррид бойынша, хатта сөз өзінің тұлғалық және коммуникативтік сипатын 
жоғалтып алады, бұған сай келетіні соңғы он жылдықтардағы көркем амаляттағы 
жағдаяттар (мысалға, француздық "жаңа роман"). Егер әдеби бағдар ұстануда – әдебиеттің 
сөздің жазбаша формасына қатысты сан ғасырлық тәжірибесін еске ала отырып айтар 
болсақ, бәрі бір ауызша сөзге қарағанда туынды болып келеді.
Өзіне көркемдіктен тыс сөздің түрлі формаларын "сіңіре" отырып, әдебиет тілдік 
нормадан жеңіл де, еш қиналмай ауқытқып, сөйлеу іс-әрекеті аясында жаңашылдықты 
жүзеге асырады. Жазушылар мен ақындар тілтуындыгері рөлінде ойнай алады, оның 
жарқын мысалы – В. Хлебниковтың поэзиясы. Көркем тіл ұлттық тілдердің байлығына 
бас қойып қана қоймай, сонымен бірге өзі де қайыра сөз туындатады. Сөз өнерінің тап осы 
аясында әдеби тіл қалыптасады. Бұған даусыз дәлел – А. С. Пушкин шығармашылығы 
(қазақ әдебиетінде – Абай-Ә.Ә.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет