166
жағдаяттан тыс маңызды мәліметтердің, идеялардың, көңіл ауанының, мағыналардың
өкілі болып табылады. Ең айшықты мәтіндік үлгілер әрі аз шамалы адами ортақтықты, әрі
кең ауқымды халықтық пен адамзаттықты еркін біріктіре алады. Міне, олардың мәдениет
құрамындағы ұлығ миссиялары тап осындай болып келеді.
Мәдениеттану аспектісінде қарастырылатын мәтін лингвистер табандап тұрып алған
сөйлемдер тізбегімен байланыста болып табылуы міндетті емес. Ол шағын ("бір
фразалық") мақал, афоризм, ұран және де бір сөздік мәселен, мысалға, Козьма
Прутковтың ирониялық "Бди!"-і түрінде де болып келуі де әбден мүмкін.
Ұзақ өмір сүру маңдайына жазылға мәтінге өзінен кейін ештеңе қалмайтын ішкі
жағдаяттық сөз саптаулардағы тіріг сөздер қарама-қарсы қойылады. Ең алдымен, адамның
тілдік ойлау іс-әрекетінің негізі мен орталығы және тіл мәдениетінің іргетасы, оның
мәуесі болып табылатын әңгімелесу тіл қатымдары тап осындай болып келеді. Тіріг сөзге
қарағанда мәтіндік ая туынды болып саналып, одан нәр алады. Сонымен қатар, мәтіндер
мәдениет пен тұлғалық тіл қатымдардың бөлінбес қырын құрайды. Тілдің осы формасы іс-
әрекет үстінде бір-бірінен алыс қашықтықтағы көзбе көз тікелей қарым-қатынас
жасауының мүмкіндігі жоқ дәуірлестердің немесе араларын тарихи уақыт бөліп жатқан
жандардың басын біріктіреді. Мәтіннің тап осы жағы өткен замандардағы адамдардың
ойын ұрпақтарының ұғынуына мүмкіндік беріп, буындар арасындағы дәстүр жалғастығын
жүзеге асырады. Өз міндетіне адал мәтін дегеніміз – бұл кейбірде барша адамзаттық
мәнділікке ие жалпы мәдени құндылық болып табылады. Ұлы діндердің канондық
мәтіндері, даңқты философиялық шығармалар, өнер жауһарлары тап осындай.
Таза мәтін мен беймәтіндік (таза локалды, "ішкі жағдаяттық") сипатындағы тілдік
түзілімдер арасындағы меже көбіне айқын емес, бұлдырлау болып келеді. Бір жағдайда
сөз саптаушылық мәтін мәртебесіне үміткерлікте "өмірге келушілікте" ондай деңгейге жет
алмайды (әдебиетшінің толық жүзеге аспаған ойлары, графомандық штудиялар және
т.с.с.). Басқа жағдайда керісінше, әлдекімнің не сұхбаттасына, не ұжымдық топқа қарата
айтқан, суырып салмалықпен тіл актісінің еркіндігін сақтауды ойға алмаған арнауы
мәтіндік қасиетті иеленеді. Осылайша, әңгімелесу үстінде аяқ астынан тауып айтылған
фраза көп айтылушы және жұртқа әйгілі бола түседі (тап осындай түзілім француз тілінде
mots деп аталады). Кейбірде мәтіндік мәртебеден дәмесі боламаған сөз саптаулар кейіннен
толық мәнінде ұзақ ғұмырды иеленіп, кең танымалдыққа қол жеткізеді (Платон және
Ксенофонт жазып алған Сократтың ауызекі әңгімелесуі; әдетте, өлгеннен кейін жарық
көрген танымал мәдениет қайраткерлерінің хат жазысулары).
Әдебиеттану үшін мәтінді семиотикалық және мәдениеттанушылық ракурста
қарастыру, оны дәстүрлі филологиялық түсінікте қарастыруға қарағанда маңызды болып
келеді. Ол авторлықтың табиғатын айқын ұғынуға және тұлғааралық тіл қатымның әдеби
феномен екеніне толық пайымдама жасауға мүмкіндік береді.
Мәтіннің
(кез
келген: лингвистикалық, семиотикалық, мәдениеттанушылық
ракурстарында қарастырылатын) әмбебаптық қасиеті дегеніміз – бұл өз-өзіне
теңдестіктегі тұрақтылық, өзгермеушілік болып табылады. Өзгеріске ұшыраған шақта
(қайыра түзеуде, пародиялық өңін айналдыруда және кездейсоқ ағаттық жіберіп алғанда)
мәтін көп нәрсе жоғалтады, не болмаса, бұрынғысынша өмір сүруін тоқтатып, басқа
(мейлінше, ілкі негізіне жуықтау) мәтінмен ауысады. Кейде мәтіндер, бір-біріне сырттай
ұқсағанымен, іштей бір-бірінен бөлектеніп тұрады. Осылайша, сот шешімінің "казнить,
нельзя помиловать" және "казнить нельзя, помиловать" екі түрлі түйінделуі тек үтірдің
орын ауыстыруы арқылы қарама-қайшы ұғынылады.
Достарыңызбен бөлісу: