162
Өлең формасының (ең алдымен буанағы мен өлшемі) өзінше эмоционалды айтылуға ие
болып, мағынамен толығады. Заманалық беделді өлеңтанушылардың бірі М.Л. Гаспаров,
өлең өлшемдері семантикалық теңдесіміді болмайды. Бірқатар метрикалық формалар
қатарына белгілі бір "семантикалы ореол" тән деп тұжырымдайды[612].
XIX-XX ғғ. орыс силлабо-тоникалық өлеңіне ерекше әр бергенде ұйқассыздық орын
алды. Осылайша бес бунақты ақ ямб өлеңдік дрмада В.А. Жуковский аударған Ф.
Шиллердің "Орлеан қызы" аудармасынан кейін (негізінен Пушкиннің арқасында: "Борис
Годунов", "кішкентай трагедиялар", сондай-ақ "Ол біздің арамызда тұрды..." және
"Тағыда жолығыстым..." өлеңдерінде) кейін берік орынғып, ары қарай лирикалық
поэзияда (әсіресе, "күміс ғасырда") белгілі бір эмоционалды-мағыналық бастау көздің
(тіптен мейлінше анықталуы қиын) тұрақты айшықталуына айналды. А.А. Блоктың
("Азат ойлар") циклі және А.А. Ахматованың ("Эпикалық мотивтері", "Солтүстік
элегиясы"), И.А. Буниннің ("Далада", "Веснянка", "Үзінді", "Мәскеуде", "Эсхил",
"Жексенбі") бірқатар өлеңдері және Вл. Ф. Ходасевичтің ("Маймыл", "Жолығу", "2-ші
қараша", "Музыка"), Вяч. И. Ивановтың "Альпі мүйізі", О.Э. Мандельштамның "Мен
атақты "Федрды" көріп тұрмын...", Н.С. Гумилевтің "Эзбектері", тап осы өлшеммен
жазылған, олардың байыптылық жағынан әр келкілігі орын алғанымен, терең реңкілік,
асқақтық, сырттйа сабырлы, іштей буырқануы жағынан ұқсас болып келеді. өлеңге тән
қатаңдықты, сөз саптаудың "прозалық" еркіндігімен ұштастыра отырып, "әдеттегі"
реалдықтағы лирикалық қаһарманға жақсы таныс жайтқа назар аударуды жүктей отырып,
тағдырлық, тарихи, жалпы болмыстық аяны эпикалық құлаштылықпен қарпи алады.
Бірақ та көркем прозада өзіндік айырықша және дау тудырмайтын бағалы қасиеті бар,
онымен өлең өрімі біршама аз қамтылған. Проза турасында сөз еткен М.М. Бахтин автор
алдында тілдің көп қырлы мүмкіндігі айқара ашылады да, бір ған мәтін боында түрлі
мәнерде ой толғап, сөзін саптай алады: Бахтинше, прозалық көркемдік (өзін романда
жарқырата танытқан) маңызды: "сөздің бөтен сөздер арасындағы диалогтық бағдары", өз
кезегінде поэзияда түрлі сөз саптаушылық пен көп жағдайда монологтыққа бейім:
"Сәйкесе ойластырылыған және айшықталған тілдік әлемдердегі көпшіліктің идеясы
поэтикалық стильге табиғи қол жетімісіз болып келеді" деп атап көрсетті[613]. Бір
байқайтынымыз, ғалым поэтикалық стиль турасында сөз еткенде қатаң заңдылықты емес
(түрлінше сөз саптау кең орын алған "Евгений Онегин", "Ақылдың азабы", "Он екі"
сынды бірқатар өлеңдік туындылар), өлеңдік форманың (ең бастысы лирикада бой
көрсетін) өзіне тән тенденциясын дәйектейді.
Поэзияға осылайша, сөздік экспрессияға бейіл білдірудің тәндігі туындыгерлік,
сөзтуындатушылық бастау көзде айқын танылады. Ал, прозада сөздік тін бейтарап болып
келіп, жазушы-прозаиктер қолданылған сөзге көбіне эмоционалдылықтан тысқары және
"бейстилдік" дәйектеуге бейім болып келеді. Прозада тілдің суреттеуші және танымдық
мүмкіндіктері өте толық және кең қолданыс тапса, поэзияда оның экспрессивтік және
эстетикалық бастау көздеріне назар аударылады. Поэзия мен проза арасындағы осы бір
функциялық айырым аталған сөздердің түпкі мағынасында – олардың
этимологияларында (көне гр. сөзі "поэзия" – етістік "жасау", "сөйлеу"; ал, "проза" лат. сын
емісдер "тікелей", "қарапайымнан"туындап отыр) бекемделеді.
Дәстүрлі көркем сөз терминімен бүгіндері тек қана теориялық поэтиканың құрамында
ғана емес, сонымен бірге гуманитарлық аяда да өзінің құрметті орынна жайғасқан
мәтін
сөзі өте табысты бәсекелесіп келеді..
Достарыңызбен бөлісу: