Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет21/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   94
ат — көлік ретінде мінілетін, арба — шанаға жегілетін және әр 
түрлі шаруашылық жұмыстарына пайдаланылатын еркек жыл- 
қы), грамматикалық мағыналармен байланыстырылмай-ақ анық- 
тама беріле береді. Нақ осындай грамматикалық мағыналарға 
да оларды лексикалық мағыналардан бөліп алып анықтама бере 
береміз. Шындығында сөздердің құрамында аты аталынған екі 
мағынаның екеуі де жеке-жеке өмір сүрмейді, бірімен екіншісі 
астасып, біте қайнасып жатады. 
Грамматикалық мағынаның 
лексикалық мағынаның жетегінде болатындығы, тек лексикалық 
мағынаның негізінде анықталатындығы да талас емес. Сондықтан 
да грамматикалық мағына тиянақсыз, өздігінен өмір сүрмейтін 
мағына деп, сөздегі лексикалық мағынаны нақтылай түсіп, оны 
саралап анықтайтын немесе сөздердің лексикалық мағыналары- 
ның бір-біріне өзара қатынасын білдіретін мағыналары граммати- 
калық мағына деп аталып, соған жуық анықтамалар да беріліп 
жүр (Аханов 65, 401—402) *. А. А. Шахматов болса грамматика- 
лык мағыналарды лексикалық мағыналармен салыстыра отырып, 
грамматикалық мағынаның лексикалық мағынаға ілесіп жүретін 
(сопутствующие значение) мағына деп айтады (Шахматов 41, 
432) *. Бұл типтес анықтамалар соңғы кездерде жарық көрген 
окулыктар мен ғылыми еңбектерде де кездесіп қалып жүр. Демек, 
грамматикалық мағынаның лексикалық мағынаға сүйеніп қанә 
өмір сүретіндігін көпшілік тілші-ғалымдарымыз мойындайды.
Біз де В. В. Виноградовтың «Сөзге лексикалық негізде анық- 
тама берудің өзі оның грамматикалық жағын мойындау»,— деген 
тезисін (Виноградов 72, 18) * толық қабылдай отырып, бұл екі 
категорияның бірін екіншісінен ажыратып түратын белгілердің 
бар екендігін де мойындаймыз. Бұл айырмашылықта (лексикалық 
мағына мен грамматикалық мағына арасындағы) ғалымдар түр- 
ліше талдап, түрліше топтастырып жүр. Бізге белгілі болған пі- 
кірлерді жинақтай келетін болсақ, оларды былай топтастырып 
көрсетуге болады:
1. 
Лексикалық мағына нақтылы болады да грамматикалық 
мағына абстрактты болады. Дәлел ретінде айтсақ, лексикалық 
мағына объектив дүниедегі заттардың, іс-процестердің не ұғым- 
дардың атауы ретінде қолданылады да, грамматикалық мағына- 
ларда ондай нақтылылық болмайды. (Ахманова 66; Розенталь 76: 
Насыров 79; Хожиев 85) *. Соңғы кезде жарық көрген ғылыми 
грамматикаларда да грамматикалық мағыналарға осы типтес 
анықтама берілген. Салыстырыңыз: «Грамматикалық мағына — 
үлкен сөздердің тобын біріктіретін жалпыланған, тіпті абстрак- 
цияланған мағына және олар белгілі бір көрсеткіштер арқылы
52


беріледі» (Иванова 81, 12) *. «Грамматикалық категориялардың 
грамматикалық мағынасы — белгілі бір амал-тәсілдер арқылы 
берілетін белгілі бір топ сөздерге не сөйлемдерге тән жалпылан- 
ған мағына» (Гак 86, 88) *. Тіпті кей ғалымдар грамматикалық 
мағына — сөйлем не сөз тіркесі құрамындағы сөздердің ара қа- 
тынасын сөйлеушінің өзінің сөйлемде айтылған ойға көзқарасын 
білдіретін мағынасы деп те есептейді (Гужва 67, 17) *.
Сөздердің 
лексикалық және грамматикалық мағыналарын 
жалпылық пен нақтылық дәрежелеріне қарай ажырату барлық 
кезде де дәлелді бола бермейді. Мысалы, кейбір дерексіз зат 
есімдердің лексикалық мағыналары кез келген грамматикалық 
форманың білдіретін мағынасынан әлде қайда дерексіз ұғымды 
білдіретіндігі анық. Сондықтан да соңғы кездерде жарық көрген 
еңбектерде абстракция, бостандыц, үғым сияқты сөздердің мағы- 
насы өте дерексіз екендігін көрсетіп лексикалық мағына мен грам- 
матикалық мағынаның екеуінде де абстракция бар екендігін, 61- 
рак бұл абстракцияның екеуінде екі түрлі қасиетке ие екендігін 
көрсетіп те жүр (Новиков 82,8) *.
Эрине кез келген сөздің мағынасында жалпылау бар. Сондық- 
тан В. И. Ленин: «Сезімдер реалдылықты көрсетеді, ой мен сөз 
жалпыны көрсетеді» 
(Ленин 29,258) *. «Тілде тек жалпы ғана 
беріледі» 
(Ленин 29,261), деп жазған болатын. Бұл жерде сөз 
мағынасының таным процесімен байланысып жатқан жақтары 
барлығы анық байқалады. Екінші сөзбен айтқанымызда, сөздер- 
дің лексикалық мағынасының құрамында (негізгі элементі ретін- 
де) объектив дүниедегі заттардың жалпыланған адам санасында- 
ғы бейнесі жатады. Үстел дегенде біз бір ғана үстелге тән болған 
белгілерді негіз етіп алмаймыз, үстел атаулардың барлығына тән 
(жалпы) белгіні негіз етіп аламыз. Яғни үстел — тамақ ішуге, 
жазуға арналып, тіреуіш сирақтарға орнатылған үй жиһазы 
(КТТС-8,370) *. Демек үстел дегенде оның формасын жасаған 
материалын, неге орнатылғандығын т. б. қасиеттерін жалпылай- 
мыз. Бірақ бұл тезистен лексикалық мағына мен грамматикалық 
мағыналардың арасында 
айырмашылық мүлде жоқ, тең түсіп 
жатады екен деген қорытынды шығаруға болмайды. Сондықтан 
да ағаиі, шөп, адам, тас дегендердің заттық мағынасын, кел, кет 
етістіктері білдіретін қозғалыс мағынасын кез келген граммати- 
калық мағыналар арқылы білдіруге болмайды.
Грамматикалық мағынаның жалпылығын, дерексіздігін лекси- 
калық мағынамен салыстыру сөздердің лексикалық мағынасын 
анықтауда, олардың мағынасындағы нақтылық пен дерексізден- 
гендіктің дәрежесін анықтауда қажет-ақ. Бұл салыстыруда тек 
тілдердегі абстракцияланудьщ дәрежесі ғана емес, дерексізден- 
гендіктің калай, ненің негізінде болатындығы да аныкталады. 
Е. Т. Черкасов орыс тіліндегі шылаулар (предлогтар) мен толық 
мағыналы сөздердін лексикалык мағыналарын салыстыра оты- 
рып: «Шылаулар мен толық мағыналы сөздердің лексикалык ма- 
ғыналарының айырмашылығы олардың лексикалык мағыналары- 
ның жоқтығында емес, олардың ішкі касиеттерімен, грамматика-
53


лық мағынасымен басқаша қатынаста болатындығында»,— деп 
көрсеткен еді (Черкасов 67,11) *•
2. 
Лексикалық мағына объектив дүниедегі заттардың, түрлі 
құбылыстардың адам санасындағы жалпыланған, дерексізденген 
бейнесімен не белгілі бір ұғыммен байланысты болады да сол 
сөздің басқа сөздермен байланыспай-ақ білдіретін мағынасы деп 
саналады. О. С. Ахманова сөздің лексикалық мағынасына нақ 
осындай анықтама берген. (Ахманова 66,160) *. Ал грамматика- 
лык мағына сөздердің сөйлем ішінде, сөздермен байланысқа түс- 
кенде білдіретін мағынасы делінеді. Бұл сияқты анықтамалар 
көптеген еңбектерде кездеседі. Грамматикалық мағынаның құра- 
мында объектив дүниемен, объектив дүниедегі заттар мен кұбы- 
лыстармен байланысып жататын мағыналық бөлшектің (сема- 
ның) барлығын мойындамайтындардың пікірін екі түрлі түсінді- 
руге болады. Біріншіден, олардың пікірінше, лексикалық мағына 
«заттық» болады да, грамматикалық мағынада ондай сема бол- 
майды, тек сөздердің ара қатынасы негізінде туып, сөз бен сөзді 
әрі мағына, әрі тұлға жағынан байланыстырады. Сондықтан да 
лексикалық мағына объектив дүниені, объектив дүниедегі заттар 
мен құбылыстарды белгілі дәрежеде бейнелеп, сәулелендіреді. 
Тіпті шайтан, әруақ, мыстан, жын, қүдай сияқты адамдардың 
қиялы негізінде пайда болған абстракты зат есімдердің мағына- 
ларында объектив өмірмен байланысып жататын, өмірде кезде- 
сетін заттар мен құбылыстармен сыбайласып жататын мағыналық 
элементтер бар. Салыстырыңыз: ертегілерде кездесетін мыстандар- 
ды біз белі бүкірейген, шашы алба-жұлба, ниеті жамандық қылу, 
анда-санда бір тісі бар, кигені тоқым сияқты тігілген, бойы аласа, 
тырнақтары өскен сияқты толып жатқан жаман қасиеттерді бойы- 
на жинаған 
кемпір (шалды емес) 
деп түсінеміз. Олар көп 
халықтың ауыз әдебиет үлгілерінде (қазақ, өзбек, орыс, қырғыз, 
тәжік т. б.) жауыздықтың шыңына шыққан мифтік күш ретінде 
суреттеледі. Егер өмірде, жоғарыдағыдай мыстанның бойына жи- 
накталынған бейнелер кездеспесе, онда мыстан бейнесі де, түсінігі 
де болмаған болар еді. Мәдениеттің төменгі сатысында адамдар 
осы қасиеттерді жинап, бір адамның басына үйіп, жасанды жиын- 
тық бейне жасаған. Мұндай жасанды бейнелердің өмірдегі зат- 
тармен байланысы, жасандылығы бір деңгейде бола бермейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет