Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет29/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   94
а
В
D
2-схема
3-схема
4-схема
72


ды. Демек олар заттан мағынаға өтетін байланыс жоқ, мағынадан 
затқа өтетін байланыс бар деп есептеген.
Функционалды семантика өкілдері де сөз мағынасындағы де- 
нотаттық мағына элементтерінің барлығын мойындамайды, сөз- 
дердің мағынасын сөйлем құрамындағы сөздердің ара қатынасы- 
нан не лексико-семантикалық топтағы сөздердің орнына қарай 
анықтауды ұсынады. Сондықтан да олар ұсынған семантикалық 
үш бұрышта (біздің схемамыздағы екінші үш бұрыш) стрелка 
мағынадан (В бұрышынан) басталып (олардың термині бойынша 
үғым) сөзге, одан ұғымға қайта келеді. Сөз мағынасының құра- 
мында тілдін, ішкі заңдылығымен байланысты туатын мағыналык 
элементтердің барлығын мойындасақ (ол туралы кейінгі тараулар- 
да сөз болады) та, сөз мағынасының денотатпен байланысы жоқ 
деген тезисті қабылдау мүмкін емес. Қ. А. Аллендорфтын. ұсын- 
ған үш бұрышында стрелка Д бұрышынан (денотаттан) бастала- 
ды да ол ұғымға, ұғымнан сөзге, сөз болса денотатпен байланыса- 
ды (Аллендорф 65, 45—46). К. А. Аллендорфтын семантикалық. 
үш бұрышының басқа үш бұрыштардан айырмашылығы сол — соң- 
ғыда АД қабырғасы да бүтін сызықпен сызылған, демек сөз бен 
заттың (денотаттың) 
арасында тікелей байланыс бар делінген. 
Эрине таным теориясы бойынша дүниені танып-білу объектив 
дүниедегі заттар туғызған түйсіктерден басталады. Осы түйсік 
арқылы қабылданған сигналдар мидың қызметі арқылы анализ, 
синтез жасалып жалпыланады. Осы жалпыланған бейне сөздің 
мағынасы ретінде қабылданып, дыбыстық комплекспен байланы- 
сады, сөз деген түсінікке негіз жасайды. Сондай-ақ сөз объектив 
дүниедегі заттармен, болып жатқан құбылыстармен де байланы- 
сады, бірақ бұл байланыс А. К. Аллендорф көрсеткендей тікелей 
байланыс болып шықпайды. Сөз бен затты (денотатты) байланыс- 
тырып тұратын ұғым бар. Басқа сөзбен айтқанда, дыбыстық 
комплекс пен мағына ұғымда жалпыланған бейне арқылы объек­
тив дүниемен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысып 
жатады. Мәселенің екінші жағы да бар. Адамдар өзара қатынас 
жасағанда сөзсіз түйсік туғызатын затты алдарына алып келіп, 
соны көрсеткен соң пікір алыспайды. Екінші сигнал системасынық 
көмегімен (оның құдіретінің өзі де осында) затты тікелей көрсет- 
пей-ақ қатынас жасауға мүмкіндік болады. Дыбыс материалдық 
дүние болғандықтан да түйсік туғызып, миды әрекетке түсіреді, 
өзіне сай келетін бейнені қайта оятады. Сол үшін де қатынас про- 
цесінде атау кезінде сөз бен зат (денотат) 
байланысқа түседй 
Сондықтан да семантикалық үш бұрыштың астыңғы қабырғасын 
үзік сызықпен сызып, табиғи байланысының 
жоқтығын, шартты байланысы барлығын көр- 
сеткен дұрыс (5-схеманы қараңыз). Әрине 
сөйлескен кезде адамдар затқа сүйенбей-ақ 
ұғымға, мағынаға сүйенбейді ме деген сұрау- 
дың туатындығы анық. Осыған байланысты 
совет тілшілерінің біразы сөз мағынасын се- 
мантикалық үш бұрыш арқылы түсіндіруге
В
73


қарсы шықса, ал кейбіреулері оларды баска геометриялык фигу- 
ралар арқылы түсіндіруді ұсынады.
В. А. Звегинцев сөз мағынасын объективтік дуниедегі заттар 
мен құбылыстарға, тілдік система және ұғымға байланысты 
элементтерден тұрады дейді де семантикалық үш бұрышты бас- 
каша құрастырады (Звегинцев 57, 146) *. Автордың пікірінше осы 
үш элемент сөз мағынасын жасайды. Тіл системасының мағынаны 
нақтылауда, қолданылу процестерінде тигізер пайдасы мол, бірақ 
ол өте аз зерттелінген. Ал үғым мен объектив дүниедегі заттардың 
сөз мағынасын қалыптастыруда пайдасы барлығында дау жоқ. 
Бірақ автор кейінгі еңбектерінде, сол еңбегінің басқа беттерінде 
бұл пікіріне қарсы да шығады (6-схеманы қараңыз).
Соңғы кездерде жарық көрген еңбектерде де сөз мағынасын 
басқаша геометриялық схемалар негізінде анықтауға әрекет ету 
бар. Мысалы, А. А. Новиков екі түрлі геометриялык фигураларды 
ұсынады. А. А. Новиков ұсынған 7-схемадағы косымша бүрыш 
мағына деп көрсетілген, оған себеп мағына мен ұғымның тең түс- 
пейтіндігін көрсету. Ал 8-схема осы жетінші схема негізінде ту- 
ған. Трапецияның әр бұрышы өз алдына дербес деп есептелінеді. 
Мағынаның ұғымнан басқаша касиетке ие екендігін, екеуінің тең 
түспейтіндігін қазіргі кезде кепшілік ғалымдарымыз мойындап 
жүр. Бірақ сөз мағынасының негізінде ұғым жатады ма? Сондык- 
тан мағынаны ұғымнан бөліп алу қаншалыкты дүрыс болады 
деген сұрау да туады. Әрине, семантикалык үш бүрышты талдау 
жасаған көпшілік ғалымдар В бұрышына мағына мен үғымды 
қатар сыйғызған. Демек, бір бұрышта орналаскан екі түсінікті 
ажыратып, жеке-жеке бөліп беру теориялық жаңсактық та, қате- 
лік те емес. Сондыктан да Г. П. Мельников, Г. Фреге, Қ. Огден 
мен И. Ричардс, А. Черч, С. Ульман, В. А. Звегинцев, Ю. С. Степа­
нова, т. б. колданған традициялык «үш бұрыштыц» орнына біз 
қарапайым таңбалык касиеті бар сөзді сипаттауда төрт бүрышты: 
таңба, денотат, таңбалык бейне және онымен байланысты дено- 
таттық бейнені ұсынамыз. Баскаша айтканда, біздін схемамызда 
таңба да, денотат та сакталынады. Бірак әр түрлі түсіндіріп бірін- 
де мағына, бірінде мән (смысл), бірде ұғым делініп жүрген үшінші 
бұрыштың орнына бір-бірімен байланысты екі, бірак конкретті 
объект пайда болды: танбаның бейнесі мен денотаттың бейнесі, 
оларды ішкі тақба, ішкі денотат деп атауға да болады»,— деген 
болатын (Мельников 78, 223) *.
74




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет