Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет65/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94
Мүйіз іиығар қатынның сөзіне ерсең (Абай). Қайта келер есікті, 
Катты серппе жарқыным-ау, Жетіссең де, жетсең де Керек күні 
бір бар-ау (Абай). Нақ осындай қасиетті басқа сөз таптарынан 
болған антонимдік қатарлардан да байқауға болады.
Тіл элементтерінің синонимдік, антонимдік байланысының анық 
көрінетінін, сыртқа шығатын кезі — оның қолданылуы. Сондықтан 
да синонимдер де, антонимдер де белгілі бір текспен байланысты 
аныкталып, оларға критерий белгілейміз. Кейбір сөздердің тіл 
элементі ретінде өзара антонимдік, синонимдік қатарлардың си- 
нары ретінде қолданылулары даусыз болғанмен, сөйлеу кезінде 
ондай байланысқа түспеуі, бұл семантикалық парадигманың 
аясына түспеуі таң қаларлық құбылыс емес. Сөздердің бұл сы- 
рының құпиясы сөздердің қолданылуында, ауыс (келтірінді, кон- 
текстік) мағыналарында жатыр. Бірақ контекстерге де артықша 
баға беріп жіберуге де болмайды.
Тілдік мағынаны анықтайтын парадигмалық байланыстың бір 
түрі — ұштас мағыналы сөздер аралығында болады. Бұл синоним- 
дік, антонимдік байланыстарға қарағанда кең таралған, көп сөз- 
дердің ара қатынасын қамтитын семантикалық құбылыс. Бірақ 
түркі тілдерінің материалы негізінде күні бүгінге дейін ұштас 
мәндес сөздерге семантикалық талдау жасалынған жок, олардың 
өзіндік ерекшеліктерін белгілейтін принциптері анықталынған емес. 
Қазірше бір нәрсе анық — ұштас мағыналы сөздер синонимдермен, 
антонимдермен бірге бір лексико-семантнкалық, сондай-ақ тема- 
тпкалық топтардың мүшелері арасында ғана өмір сүреді. Соңғы 
екеуінен ұштас мағыналы сөздердің айырмашылығы — олар өза- 
ра тек бір не екі мағыналық элементтері (семалары) арқылы бай- 
ланысып жатады. Ұштас мағыналы сөздердін құрамында бір 
тектес (кейде тең дәрежелі) сөздердің тіркесін (синтаксистік ва- 
ленттілік) талап еткенімен, синоним сөздердей бірінің орнына 
екіншісі қолданылып, мағынасы жағынан тең түсіп жатпайды. 
Сондай-ақ бір дистрибуциялық жағдайда қолданылып, бірі екін- 
шісінің мағынасын жоққа шығармайды. Олар бір тектес зат не 
ұғым арасында ғана өмір сүреді. Сондықтан да Ф. П. Филин анто- 
нимдерге «бір құбылыстың қарама-қарсы қасиетін білдіретін
қарама-карсы мағынаға ие болған сөздер» деп анықтама берсе. 
синонимдерге «бір ұғымды түрлі жақтан ажыратып көрсететін 
мағынасы жақын сөздер» деп анықтама берген (Филин 82, 222) *. 
Ал ұштас магынада сөздер аралығында мүндай мағыналық сәйкес 
келу де, жоққа шығару да болмайды, тек олар бірін-бірі мағына 
жағынан толықтырып қолданылатын екі түрлі мағыналы сөздер. 
Салыстырыңыз: қызыл, сары, көк, қара, қоңыр т. б. сөздер өзара 
синоним де, антоним де емес. Олардың бастарын қосып, мағынала- 
рыи байланыстырып тұрған заттың түсін білдіретін сема ғана.
Жалпы ұштас мағыналық байлаиыс тематикалық топтардың 
мүшелері арасында кең таралған құбылыс. Тіл білімінде темати-
148


калық топ және лексико-семантикалық топ деген екі термин қатар 
қолданылады. Бір топ ғалымдар бұл екі терминнің арасында онша 
көп алшақтық жоқ, сондықтан синоним ретінде қолданыла берсе 
болады десе, екінші бір топ ғалымдар екі терминнің арасына ма- 
ғыналық айырмашылықтар беріп, тематикалық топ сөздердін тек 
денотаттық мағыналарына (кейде объектив дүниедегі заттардың 
өздеріне) негізделсе, лекснко-семантикалық топ сөздердің лекси- 
калық (әрі денотаттық, әрі сигнификаттық, әрі ішкі лингвистика- 
лык) мағынасына негізделген деп бөліп қолданады (Оразов 80, 
8—15). Ұштас мағына жоғарыда аты аталынған екі топтың мүше- 
лері арасында да қолданылады. Егер лексико-семантикалык 
топтың өздері де белгілі бір тематикалық топтың аясына енетін- 
дігін ескерсек (айырмашылықтары бола тұрса да), онда ұштас 
мағыналық байланыс үшін олардың бөлініп жатуының қажетті- 
лігі шамалы. Бірақ тематнкалық топтың кейде шекарасы жайы- 
лыңқы болып кетеді де, мүшелері арасындағы байланыстар үзіліп 
те қалуы мүмкін. Мысалы, А. Н. Тихонов орысша-өзбекше темати- 
калық сөздігінде орыс тіліндегі сөздерді бары-жоғы 16 тематика- 
лык топка бөлген де, бір топка зат есімдерді де, сын есімдерді де, 
етістіктерді де ендіре берген (Тихонов 75) *. Ал, зат есімдер мен 
етістіктер, сын есімдер мен зат есімдер тікелей семантикалык бай- 
ланыска ие болмайды, олар арасындағы байланыс деривациялык 
(сөз тудырушы жұрнактар мен негіз аркылы) ішкі формалар ар- 
қылы болады, не тарихи-этимологиялык байланыска ие болады. 
Сондыктан да ұштас мағыналык байланысты кіші тематикалык 
топтардың, лексико-семантикалык топтардың мүшелері арасынан 
іздеген дұрыстау болады. Ф. П. Филин көпшілік ғалымдардың 
тематикалык топ деп жүрген сөздерін (мал шаруашылығына бай­
ланысты терминдер, басшылыкка 
(пчеловодство) 
байланысты 
сөздер, аңшылыкка байланысты сөздер, т. б.) лексико-семантика­
лык топ деп те атайды (Филин 82, 231). Бірак автор лексико-се­
мантикалык топ тематикалык топтан көлемі жағынан кішкентай 
болатындығын, олардың мүшелері арасындағы байланыс лекси- 
калык мағынаға негізделінетіндігін ескертеді. Лексико-семанти­
калык топка аныктама бергенде де осы лексикалык мағынаға 
негіздей отырып: «Лексико-семантикалык топ дегеніміз екі не 
одан көп сөздердің мағынасына карай топтастырылған тобын 
айтамыз»,— дейді (Филин 82, 230).
Кіші тематикалык топтардың да, лексико-семантикалык топ- 
тардың мүшелері арасында ортак семалары болады да, мағыналык 
сыбайластыкка негізделеді. Мысалы, туыскандык атаулары мен 
козғалу етістіктерінің 
кұрамындағы 
сөздердің мағыналарын 
салыстырып көрелік. Туыскандык атауларына мына сөздер енеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет