семалары арқылы байланысып жататын, бір қатардың элементте-
рі арасында болатын болса, синтагмалық мағына әр текті тіл эле-
менттері арасындағы
горизонталь байланысынан, бірінен кейін
екіншісі келіп байланысуынан аныкталады. Соңғы қасиет сөздер-
дің системалы байланысы ретінде қарауға да, сөздін мағыналық
элементі ретінде қарауға да жағдай жасайды. Жалпы синтагма
кең түсініледі. Мысалы, тіл
білімінде фонетикалық синтагма, мор-
фологиялық синтагма деген түсініктер де бар. Ал сөздердің бай-
ланысының өзінен де екі түрлі синтагма шығарамыз. Б. А. Плот
ников синтагма терминін орыс тіліндегі сочетаемость (үйлесу,
сәйкес келу) терминімен тең санап: 1) грамматикалық (сиптак-
систік), 2) лексикалық бар екендігін көрсетеді
(Плотников
84, 40) *.
Кез келген сөз белгілі бір текст ішінде келгенде өзара тек
синтаксистік қағидаға негізделгендей көрінеді. Шындығында да
сөздер әрі синтаксистік, әрі семантикалық жақтан байланысады.
Байланысқа түскен сөздердің тым
болмағанда бір семасы өзара
сәйкес келуі не екінші бір сөздегі бір семаменен байланысқа түсу
мүмкіндігі болу керек. Мысалы,
көр етістігі көздің қызметімен
байланысты амал-әрекетті білдіреді де көзге түсетін заттармен
байланысты қолданылады.
Шаттың аузын бекіткен алтын қорган,
Қақпасы бекітулі көзі көрді (Абай). Бұл мысалымызда
көр етіс-
тігі
қақпа сөзімен байланысып тұр.
Қақпа көзге түсетін, түйсік
туғызатын зат есім болғандықтан
көр етістігімен байланысып (но-
минативтж мағынасында), объектив қатынасты білдіріп тұр. Егер
қақпа сөзінің орнында көзге түйсік туғызбайтын басқа бір зат не
ұғым атауы тұрса, онда
көр көзінің мағынасында өзгеріс болады.
Салыстырыңыз:
Балалық өлді, білдің бе? Жігіттікке келдің бе?
Достарыңызбен бөлісу: