221 6-тарау •
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
Чикаго мектебінің құлдырауы. Чикаго мектебі 1920 жылдары өркендеу
шыңына жеткенімен, Парктың кетуі, Мидтің қайтыс болуына орай, 1930 жыл-
дардың басына таман америкалық әлеуметтану ілімінің орталығы ретінде ма-
ңы зын жоғалта бастады (Cortese, 1995). Фред Мэтьюз (1977; see also Bulmer,
1984). Чикаго мектебінің құлдырауына бірнеше фактор себеп болған, оның
ішінде екеуі аса маңызды.
Біріншіден, әлеуметтану басты назарды ғылыми-зерттеуге аударды, яғни
күрделі әдістер мен статистикалық талдауды қолдану міндеті қойылды. Алай-
да Чикаго мектебі жеке субъектілердің көзқарасына (Томастың терминология-
сында, олардың «жағдайларына») негізделген сипаттамалық, этнографиялық
зерттеулерге мән берді (Prus, 1996). Парк статистиканы ұнатпайтын (ол оны
«бөлме сиқыры» деп атайтын), себебі ол субъективті, ерекшені және өзгешені
талдауға жол бермейтіндей көрінетін. Сандық әдістермен байланысты маңыз-
ды жұмыстар Чикагода жүргізілгені жайлы факт оның сапалық әдістермен ба-
сым байланысы алдында елене бермейді (Bulmer, 1984:151–189).
Екіншіден, Чикагоға басқа жақтан келген адамдар тарапынан Чикаго мек-
те бінің Америкалық әлеуметтану қоғамына, American Journal of Sociology жур-
налына жүргізген үстемдігіне деген наразылық күн санап күшейе түсті. 1930
жы лы Шығыс әлеуметтану қоғамы құрылып, ондағы зерттеушілер Орталық
Батыстың, әсіресе Чикагоның үстемдігіне қарсы жиі наразылық білдіре баста-
ды (Wiley, 1979:63). 1935 жылы Чикаго мектебіне қарсылық өршіп бара жатқан
соң, ассоциацияның жетекшісі болып чикаголық емес өкіл тағайындалды және
жаңадан ресми American Sociological Review журналы ашылды (Lengermann,
1979). Уайлидің пікірінше, «Чикаго мектебі құлаған кәрі емен секілді» (Wiley,
1979:63). Бұл Гарвард пен Шырмауық лигасы сияқты қуатты орталықтардың
пайда болуына әсер етті. Символикалық интеракционизм елеулі деңгейде
анықталмаған, ауызша дәстүр болды және соңында Ivy League-мен байланыс-
тыратын құрылымдық функционализм сияқты анағұрлым анық және дәйек-
телген теориялық жүйелерге орын берді (Rock, 1979:12).
Чикаго мектебі ешқашан америкалық әлеуметтанудың орталығы бола ал-
майтынына қарамастан, 1950 жылдары қайтадан аяққа тұрды. Герберт Блумер
(1900–1987) 1952 жылы Берклиге кеткенінше Чикагодағы бөлімнің маңызды
тұлғасы болды (Blumer, 1969a; Maines, 2005). Ол Мид, Кули, Зиммель, Парк,
Томас және басқа да ғалымдар негізін қалаған, Чикаго мектебінде қалыптасқан
теориялық көзқарастың насихатшысы еді. 1937 жылы символикалық интерак- ционизм фразасын ойлап тапқан Блумер болатын. Блумер бұл дәстүрді дамы-
туда маңызды рөл атқарды, Чикагода оқытушылықпен айналысып жүргенде
көптеген мақалалар жазып, 1950 жылдары символикалық интеракционизмнің
сақталып қалуына үлкен ықпал жасады. Осылайша, Чикаго мектебінің мүшкіл
халіне қарамастан, Чикаго дәстүрі елдің әр тарабына, сондай-ақ бүкіл әлемге
таралды (Sandstrom, Martin and Fine, 2001).