217
6-тарау
•
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
«Егер адамдар жағдайды шынайы қалпында айқындаса, онда оның салдары да
шынайы болады» (Thomas and Thomas, 1928:572).
Басымдық адамдардың не ойлайтыны және ол ой олардың істеген әрекет-
теріне қалай әсер етулеріне байланысты болды. Бұл микроскопиялық, әлеу-
меттік-психологиялық көзқарас Маркс, Вебер мен Дюркгейм сияқты макрос-
копиялық, әлеуметтік-құрылымдық және әлеуметтік-мәдени көзқарастарға
қарама-қайшы келді. Ол Чикаго мектебінің теориялық жемісі – символикалық
интеракционизмнің ерекше белгілерінің бірі болды (Rock, 1979:5).
Роберт Парк (1864–1944). Чикагодағы тағы бір ерекше тұлғалардың бірі –
Парк 1914 жылы Чикаго университетіне жарты жұмыс күніне оқытушы болып
орналасты. Көп ұзамай әлеуметтану бөліміндегі ең озық ғалымдардың санаты-
на қосылды.
Парктың әлеуметтанудың дамуындағы маңыздылығын даралайтын бір-
неше ерекшеліктері бар. Біріншіден, ол 1930 жылдарға дейін әлеуметтануда
басымдық танытып келген Чикаго университетінде ең мықты тұлғалардың
бірі болды. Екіншіден, Парк Еуропада оқыды және Чикаго әлеуметтанушы-
ларының назарын сол құрлықтың ойшылдарына аударуға ықпал етті. Парк
Зиммельдің шәкірті болды, осылайша, Зиммельдің идеялары, әсіресе оның
іс-әрекет пен өзара ықпалдасуға берген басымдығы Чикаго мектебінің теория-
лық бағдарының қалыптасуына зор әсерін тигізді (Rock, 1979:36–48). Үшін-
шіден, Парк әлеумет танушы болудан бұрын репортер болды, бұл тәжірибесі
оған қала өмірі мәсе лелерінің маңыздылығын түсінуге және бақылау арқылы
эмпирикалық мәліметтерді жинау қажеттігін үйретті (Lindner, 1996; Strauss,
1996). Чикаго мек тебінің қала экологиясына айрықша ден қоюы дәл осы жер-
ден туындады (Gaziano, 1996; Maines, Bridger and Ulmer, 1996; Perry, Abbott,
and Hutter, 1997). Ең соңында, 1921 жылы Парк пен Эрнест У. Берджесстің
әлеуметтану саласында шын мәнісінде маңызды
Introduction to the Science of
Достарыңызбен бөлісу: