234
II
бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
консерватизмге ұрынды деп айыптады, әлеуметтік өзгеріс туындата алмайды
деп те сынады.
Мұндай сындардың бір пайдасы – кейбір әлеуметтанушыларды құры лым-
дық
функционализм мәселелерін құрылым мен конфликтіге қатысты қызы-
ғушылықты біріктіру арқылы шешуге құлшындырды. Бұл жұмыс
конфликт
теориясының құрылымдық-функционалдық теорияға
балама ретінде дамуына
жол ашты. Өкінішке орай, бұл теория болмашы ғана интеллектуалды ерекше-
ліктеріне қарамастан, көбіне құрылымдық теорияның айнадағы елесі сияқты
әсер қалдыратын.
Бұл теорияның алғаш аталуын Льюис Козердің (1956)
әлеуметтік конф-
ликт функциясына қатысты (Delaney, 2005 a; Jworski, 1991) кітабынан кездес-
тіруге болады. Ол еңбекте әлеуметтік конфликтіні құрылымдық-функционал-
ды көзқарас шеңберінде зерттеуге тырысқан. Дегенмен конфликт теориясы-
ның по зитивті функцияларын зерттегеннен гөрі,
конфликтінің өзін қарастыру
арқылы көбірек дерекке қол жеткізуге болады.
Конфликт теориясының ең басты мәселесі – оның Маркс теориясынан оқ-
шаулануы. Өйткені марксистік теория әлеуметтанудан тыс пайда болып да-
мығандықтан, күрделі әлеуметтік конфликт теориясының өрістеуіне қажетті
шарттарды қамтамасыз ете алатын еді. Тек бұл тарапта Ральф Дарендорфтың
(1929–2009) жұмысы ерекше жағдай ретінде қарастырылады.
Дарендорф – Маркс теориясымен жете таныс еуропалық ғалым. Ол өзінің
конфликт теориясын марксистік дәстүрде
ұсынуға тырысқанымен, нәтижесін-
де Дарендорфтың ең басты еңбегі «
Class and Class conflict in Industrial Society»
(«Индустриялы қоғамдағы топтар тартысы») (1959) конфликт теориясы жө-
ніндегі ең беделді шығарманың бірі болды, көбіне
жетекші бағытты ұстанған
әлеуметтанушылары оны құрылымдық функционализмнің бір көрінісіне көбі-
рек ұқсатты және өте құнды еңбек ре тінде бағаланды. Бұл Дарендорфтың құ-
рылымдық функционалистермен бір деңгейде талдау жасап (құрылымдар мен
институттар), бірдей мәселелерді қарастырғанын білдіреді (басқаша айқанда,
құрылымдық функционализм мен конфликт теориясы бір парадигманың әр-
түрлі бөлшектері). Дарендорф әлеуметтік жүйелердің аспектілері бір-біріне
сәйкес
келгенімен, олардың араларында елеулі конфликтілер мен шиеленіс-
тердің болуы ықтимал екенін мойындады.
Ақырында, конфликт теориясы әлеуметтану теориясының тарихындағы
өтпелі оқиға ретінде қарастырылуы тиіс. Ол марксистік теорияға бағытталма-
ған дық тан құлдырады. 1950–1960 жылдары америкалық қоғамға толық марк-
систік бағытты қабылдау әлі ерте еді. Бірақ 1960 жылдардың
аяғына қарай ол
бағыттың мойындалуына конфликт теориясы айрықша ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: