ХХ ғасыр соңындағы әлеуметтану теориясындағы зерттеулер Осыған дейін біз XX ғасырдың соңына дейін өзектілігін жоғалтпаған тақы-
рыптарды қозғадық, бұл бөлімде сол кезде де және осы күнге дейін маңызын
жоймаған ірі үш бөліммен: микро- және макроинтеграциямен, агенттік-құры-
лым интеграциясы және теориялық синтезбен танысамыз.
Микро- және макроинтеграция Соңғы жылдардағы еңбектерде көптеген әлеуметтік теориялар микро- және
мак родеңгейдегі талдау арасындағы тәуелділікті зерттеуге бағытталды (Bar-
nes, 2001; Berk, 2006; J. Ryan, 2005a). Ритцер микро- және макроинтеграция
америкалық әлеуметтануда 1980 жылдары пайда болып, 1990 жылдары ең ма-
ңызды мә селелердің қатарында қала берді дейді (Ritzer, 1990). Микро- және
макроинте грацияның заманауи америкалық білімге әсерін еуропалық әлеу-
меттанушы Норберт Элиастың шығармашылығы айқындай түсті, ол макро-
деңгейдегі қалып пен микродеңгейдегі әрекет түрлері арасындағы қатынасты
анықтауға тырысты (Kilminister and Mennell, 2011; Van Krieken, 2001).
Макро-микродеңгейлі талдаулар арасындағы байланысты анықтауға ар-
налған бірқатар еңбектер мен теориялар бар. Өз жұмысында Ритцер (1979, 1981)
интеграцияланған әлеуметтік парадигманы жасап шығаруға тырысқанын, ол
макро-микродеңгейлерді объективті де, субъективті де формада байланыс ты-
ру қажеттігін жазды. Осылайша, әлеуметтік анализдің бірден төрт сатысымен
жұмыс істеу керек: микросубъективтілік, макросубъективтілік, мик рообъек-
тивтілік пен макрообъективтілік. Джеффри Александер (1982–1983) «көп өл-
шемді әлеуметтануды» ойлап тапты, оның нысаны талдау деңгейлері болды
және Ритцердің үлгісіне ұқсас келеді.
Джеймс Коулман (1986) микродан макроға өту мәселелерін қарастырса,
Аллен Лиска (1990) Коулманның түсінігін кеңейткен, сонымен қатар микро-
дан макроға өту мәселелерін зерттеген. Кейінірек Коулман өзінің «микродан –
макроға» моделін кеңейтіп, экономикадан алынған рационалды таңдау көзқа-
расына негізделген микро- және макроқатынастарды зерттеумен айналысты
(келесі агенттік-құрылым интеграциясы бөлімін қараңыз).