Алеуметтану тероиясы indb


Этноәдіснама (Ethnomethodology)



Pdf көрінісі
бет189/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Этноәдіснама (Ethnomethodology). Өзара үлкен айырмашылықтарының 
барына қарамастан, этноәдіснама мен феноменология бір-бірімен тығыз бай-
ланысты деп есептеледі (Langsdorf, 1995). Жаңа теориялық көзқарасты ойлап 
табушы Гарольд Гарфинкельдің Альфред Шюцтың шәкірті болуы бұл байла-
ныстың тікелей себептерінің бірі болды. Ең қызығы, Гарфинкель – Толкотт 
Парсонстан білім алған, сол себепті парсонсшылдар мен шюцшылдардың бі-
рігуі этноәдіснама саласының ерекше бағытта өрістеуіне айрықша ықпал етті.
Негізінде, этноәдіснама – «қарапайым қоғам мүшелері өз жолдарын тауып
жағдайға қарай әрекет ететін үрдістер мен түсініктер (әдістерді) тобы мен 
саналы білімді» зерттеу (Heritage, 1984:4). Бұл дәстүрді сипаттаушылар күн-
делікті өмірді зерттеу бағытына ерекше көңіл бөледі (Sharrock, 2001). Фено-
менологиялық әлеуметтанушылар адамдардың не туралы ойлайтынына назар 
аударса, этноәдіснама саласының мамандары адамдардың шын мәнісінде не-
мен айналысатыны туралы ізденеді. Осылайша, этноәдіснамашылар қарым-
қатынастарды тереңірек зерттеуге баса көңіл бөледі. Ондай мәселелер көпте-
ген маңызды әлеуметтанушылардың бюрократия, капитализм, еңбек бө лінісі 
мен әлеуметтік жүйе сынды абстракциялардағы қызығушылықтарымен қара-
ма-қайшы келеді. Этноәдіснамашылар ол құрылымдардың өздігінен пайда бо-
луына емес, күнделікті өмірде қалай пайда болатынына назар аударды.
Кітабымыздың соңғы беттерінде біз айырбас теориясы, феноменологиялық 
әлеуметтану және этноәдіснама сынды бірнеше микротеорияларды қарастыр-
дық. Соңғы екі теория шығармашылық және ойластырылған көзқарасқа табан 
тірегенмен, айырбас теорияшылары бұл бағытпен келіспейді. Дегенмен бағыт-
тардың барлығы қатысушыларға, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары-
на қатысты микробағыт ұстанады. 1970 жылдары әлеуметтануда бұл теориялар 
күшейіп, әсіресе макробағыттағы (құрылымдық функционализм, конфликт 
теориясы, неомарксистік теория сияқты) теорияларды ығыстырып шығару 
қаупін туғызды (Knorr-Cetina, 1981; Ritzer, 1985). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет