Алеуметтану тероиясы indb


Күнделікті өмір әлеуметтануының дамуы



Pdf көрінісі
бет188/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Күнделікті өмір әлеуметтануының дамуы 
1960–1970 жылдар күнделікті әлеуметтану деген бір ұғымға біріктіруге келе-
тін бірнеше теориялық перспективалардағы (Ritzer, 1975a, 1975b) серпілістің 
куәгері болды (J. Douglas, 1980; Fontana, 2005; Schutte, 2007; Weigert, 1981).
Феноменологиялық әлеуметтану және Альфред Щюцтың еңбегі (1899–
1959). Феноменология теориясы философиясының (Srubar, 2005) санаға 
бағытталуының ұзақ тарихы бар, ал феноменологиялық әлеуметтану нұсқа-
сын жасақтау үшін 1932 жылы Германияда жарық көрген Альфред Шюцтың 
The Phenomenology of the Social World («Әлеуметтік әлемнің феноменоло-
гиясы»)(Ferguson, 2001) атты еңбегі арқылы танысуға болады (Dreher, 2011;


237
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
J. Hall, 2007; Prendergast, 2005; Rogers, 2000). Шюц адам өз санасының толқы-
нында өмір сүрген кезде өзгелердің санасын қалай түсінетінін зерттеді. Сон-
дай-ақ Шюц әлеуметтік әлемді, білімнің әлеуметтік табиғатының мәнін түсіну 
үшін интерсубъективтілікті қолданды. 
Шюц еңбектерінің үлкен бөлігі өмір -әлемі немесе күнделікті өмір-әлемі деп 
аталатын әлеуметтік әлем аспектісіне негізделген. Бұл адамдар өздерінен бұ-
рынғылар құрған әлеуметтік және мәдени құрылымдарды ұстанатын әлеу мет-
тік шындықты қалыптастыратын интерсубъективті әлем деп аталады. Өмір- 
әлемнің үлкен бөлігі бөлінгенімен, бұл әлемнің жеке (биографиялық қалып-
тасқан) аспектілері бар. Шюцтың өмір-әлемінде жеке (интимдік) қатынастар-
ды (біз қатынастар) және алыстатылған жеке емес (олар қатынастары) қаты-
настарды бөліп көрсетті. Жеке қатынастар өмір-әлемде үлкен маңызды лыққа 
ие болғанымен, әлеуметтанушыға жеке емес қатынастарды ғылыми тұрғыдан 
зерттеу оңай болды. Шюц санадан өмірдің интерсубъективтілі өмір-әлеміне 
ауысқанымен, ол шын мәнісінде сананы, адамдардың мотивтері мен мәні тура-
лы ойларын түсінуді ұсынды.
Жалпы алғанда, Шюц әлеуметтік әлемде оларға дейін өмір сүргендерден 
мұраға қалған әлеуметтік, нақты бағытталған әлеуметтік және мәдени шын-
дықты тудыратын диалектикалық қатынастардың маңыздылығына баса көңіл 
бөлді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет