245
6-тарау
•
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
сындағы мәселелерді жүйелеген жетекші мамандар (әсіресе Бурдье, Гидденс
пен Хабермас) ғана емес, бүгінгі күннің танымал теорияшыларына айналды.
Бурдье қайтыс болғанмен, Гидденс пен Хабермас әлі де жаһандану мен қорша-
ған орта секілді тақырыптарға қатысты еңбектер жазып, түрлі пікірталастарға
қатысуда. Ең ықпалды теорияшы – француз Мишель Фуко (алдыңғы бөлім-
дерде талқыланады). Америкалық теорияшылардың (Мид, Парсонс, Хоманс
және т.б.) ұзақ мерзімге созылған үстемдік дәуірінен кейін әлеуметтік теория
орталығы қайтадан өз отаны – Еуропаға ауысты. Одан бөлек Недельманн мен
Штомпка қырғи-қабақ соғыстан кейін және коммунизмнің құлдырауынан
соң біздің «Еуропадағы әлеуметтанудың алтын ғасыры куәгерлеріне» айнал-
ғанымызды дәлелдеді (1993:1). Осы түсініктің дұрыстығына бүгінгі таңдағы
теориялық еңбектердің түп негізін еуропалықтардың жазғаны дәлел бола ала-
ды. Оған қоса 1998 жылы әлеуметтік теория саласындағы ықпалды журнал
European Journal of Social Theory жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: