Постмодернді жақтаушылар ХХ ғасырдың соңы постмодернизмнің шарықтап тұрған кезеңі болды (Crook,
2001; Kellner, 1989a; Ritzer, 1997; Ritzer and Goodman, 2001). Өзін постмодер-
нист деп санайтындардың қатары бірте-бірте көбейіп, постмодернизм әлеу-
меттік теорияларға айрықша ықпал ете бастады. Біз постмодернизм мен пост-
модернистік әлеуметтік теориялар арасындағы айырмашылықты парықтай
білуіміз керек (Best and Kellner, 1991). Постмодерн дегеніміз – тарихи дәуір,
модерн кезеңінің орнын басқан уақыт.
Постмодерндік әлеуметтік теория – ол постмодерн туралы ойлаудың
жолы, әлем өзгергені соншалықты – ол ойлаудың мүлде басқа әдістерін, әлем-
нің сантүрлілігі ойлаудың жаңа әдістерін талап етеді. Постмодернистер жо-
ғары бөлімдерде айтылған теориялық перспективалардан және ХХ ғасырда
ойшылдар өз теорияларында көрсеткен әдістерден бас тартуға бейім болды.
Мүмкін, постмодерннің көрінісі әлеуметтік теорияшылар қанша болса,
соншалықты шығар. Осы жұмысты жеңілдету үшін біз постмодернистердің
ішінде айрықша дараланатын Фредрик Джеймисон (1984, 1991) сипат тамала-
рының кейбір негізгі элементтеріне сүйене отырып, түсіндіріп көрейік. Бірін-
шіден, постмодерн – сырты жоқ тек жеңіл әлем, онда әлем жасанды (мысалы,
Диснейлендтегі джунглилер арасындағы круизді біз оқиға деп атай алмай-
мыз). Екіншіден, бұл әлем эмоция мен аффектілерінде көптеген кемшіліктер
бар. Үшіншіден, тарихта өзінің нақты орнын жоғалтқан: өткен, қазіргі уақыт
пен болашақ арасындағы нақты аражікті ажырату қиын. Төртіншіден, жылдам
дамушы өндірістік технологиялардың (мысалы, автомобильді құрастырушы
контейнерлер) орнына постмодерн қоғамында ақылсыз ететін технологиялар
қолданады (мысалы, теледидар). Қалай айтсақ та, постмодернистік қоғам мо-
дерн қоғамынан қатты ерекшеленеді.
Мұндай әлем ойлаудың мүлдем басқа үлгісін қажет етеді. Розено (1992;
Ritzer, 1997) постмодернистік ойлау жолын зерттеу барысында заманауи ой-
лау сипатына тән келетін қағидаларды қолданған. Біріншіден, постмодернис-
тер көптеген әлеуметтік теорияшылардың ұсынған бағытты, яғни әр елде жүр-
гізілетін үгіт-насихатты дұрыс емес деді. Оның орнына постмодернис тер тү-
сіндіру жұмыстарын шектеуді немесе мүлде алып тастауды дұрыс деп санады.
Екіншіден, пәндер арасындағы шекараны анықтау қажеттілігі бар: әлеуметта-
ну (әлеуметтік) теориясы деп аталатын белгілі бір іспен айналысқан жөн, ол
философиялық тұжырымдамадан немесе беллетристикалық хабарламадан өз-
геше болуы керек деді. Үшіншіден, постмодернистер өз оқырманын таңғалды-
руға бейім келеді, академиялық нақты дискурс өткізумен қызықпайды. Ақы-
рында, қоғамның болмысына назар аударудың орнына (мысалы, капи талистік
не рационалды эксплуатацияны зерттеумен), постмодернистер қоғам ның пе-
рифериялық аспектілеріне тоқталғанды жөн көреді.
Постмодерн теориясы өркендеудің жоғары нүктесіне жетіп, қазір құлдырап
248 II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
бара жатса да, ол әлі де теорияға ықпал етіп отыр. Бір жағынан қарағанда, осы
теорияға үлкен үлес қосылып жатыр (Powell and Owen, 2008). Екінші жағы-
нан қарасақ, бүгінгі таңда постмодерн теориясын қазіргі әлемнің талдауынсыз
және оның модерн теориясына сыни пікірлерін ескермей отырып жүйелеу өте
қиын.