243
6-тарау
•
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
Постструктурализм тек өз алдына маңызды емес, өзінің постмодерндік
әлеу меттік теорияның алғышарты болуымен де (келесі бөлімдерде аталып
өтетін болады) ерекшеленеді. Расында, постструктурализм мен постмо дер-
нистік әлеу меттік теорияның аражігін ажырату қиын, тіпті мүмкін емес деуге
болады. Осылайша, Фуко постструктуралист, көбінесе постмодернист ретінде
бағаланады, ал постмодернист атауы берілген Жан Бодрийяр ([1972] 1981) өз
қызметінің басында-ақ постструктуралист деген атаққа ие болған.
Достарыңызбен бөлісу: