Алеуметтану тероиясы indb


Феминистік теорияның қиындықтары



Pdf көрінісі
бет191/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Феминистік теорияның қиындықтары
1970 жылдары америкалық ғалымдар марксистік теорияны мойындай баста-
ған кезде әлеуметтану саласынан тыс жаңа теориялық ағым пайда болды, ол 
марксизм бағытындағы ғалымдарға, тіпті Маркс теориясының өзіне бәсекелес 
бола бастады. Бұл радикалды әлеуметтік ойлардың ең кейінгісі – заманауи 
феминистік теория (Rogers, 2001). Батыс қоғамдарында 500 жыл бұрын жа-
зылған феминистік шығармаларды көруге болады және 150 жыл бұрын әйел-
дердің ұйымдасқан саяси қозғалысы болғаны да тарихтан белгілі. Америкада 
1920 жылы әйелдер еркектерден кейін 55 жылдан соң дауыс беру құқығына ие 
болды. Осы ерекше жеңістен кейінгі 30 жыл ішінде америкалық әйелдер қоз-
ғалысы ауқымы жағынан да, қуаты жағынан да біршама әлсіреп қалды да, 1960 
жылы қайтадан күшейді.
Феминистік белсенділіктің жаңа формасының пайда болуына үш фактор 
әсер етті: сол тұстағы сыни ойлаудың жалпы атмосферасы; соғысқа қарсы және 
студенттік, азаматтық құқық қозғалыстарға қосылған, бірақ сол қозғалыстарда 
либералдар мен радикал ерлердің әйелдердің белсенділігіне деген қатынасы-
нан туындаған сексизмге байланысты әйелдер қозғалыстары көшбасшылары-
ның ашу-ызасы (Densimore, 1973; Evans, 1980; R. Morgan, 1970; Shreve, 1989), 
сондай-ақ әйелдердің жұмысқа орналасу, жоғары білім алу барысында сезіле-
тін дискриминация мен кемсітушілік (Bookman and Morgen, 1988; Garl and, 
1988). Осы себептер үшін, әсіресе соңғысының салдарынан, әйелдер қозғалы-
сы 1960 жылдары басқа ағымдардың бәсеңдеп қалғанына қарамастан, ХХІ ға-
сырда да жалғасын тапты. Осы жылдар ішінде әйелдердің белсенділігі көпте-
ген қоғамдарды қамтитын халықаралық құбылысқа айналды.
Бұл халықаралық әйелдер қозғалысының ең басты объектісі – әйелдерге 
арналған жаңа әдебиеттің пайда болуы, ол, өз кезегінде, әйел өмірі мен ба-
сынан кешкен қиындықтарын ашық түрде көруге және талқылауға мүмкін-
дік берді. Ол әдебиетті әйелдерді зерттеу немесе әйелдер туралы ғылым деп 


240
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
атауға болады, олар түрлі мемлекеттер жазушыларының шығармашылық өрі-
сін кеңейтті, университет қабырғасында пайда болып, тек қоғам алдына емес, 
арнайы академиялық аудиторияға да ұсынылды. 1990 жылдары бұл теория 
интерсекциялық әдісті қамтыды (P. Collins, 1990). Интерсекциялық теория-
шылар «қысым көрсету мен дискриминация қоғамдық фактімен емес, гендер, 
нәсіл, тап, сексуалдыққа және икемділікке байланысты» дейді.
Феминистік теория гендерлік аспектілер мен сексуалдықты кең мағынада 
зерттеген еңбектерді қамтыды. Бұл ілімнің үлкен бөлігі квир теория деп ата-
латын теориялық перспективасынан туындады. Квир теориялар 1990 жыл-
дардың басында түрлі ғылыми конференциялар, саяси ұйымдар мен мақала-
лар жарияланымдарынан туындады. Оның теориялық тамыры феминистік 
зерттеулер, әдеби сын, әсіресе әлеуметтік конструктивизм мен постструкту-
рализмді қамтитын түрлі салалардан бастау алды. Сондай-ақ квир теориясы 
саясатты да қамтиды, олардың ішінде ACT UP және Queer Nation атты топтар 
мен квир саясаттың үлкен жобасы бар. Академиялық тұрғыдан квир теория 
Мишель Фуконың, Джудит Батлердің, Ева Кософски Седвиктің, Тереза де 
Лоуретистің ертеректегі еңбектерінен бастау алады.
Квир теориясы нақты интеллектуалды идеяларды қамтиды, біздің кім еке-
німізді анықтамайтын, тұрақты және белгіленген бірегейлік тұжырымдарына 
негізделген. Дұрысы, бірегейлік тарихи және әлеуметтік тұрғыда қалыптасқан 
ағымдық әрі даулы процесс ретінде де қарастырылады. Бұл тұлғалар дың гей 
немесе лесбиян болуы міндет емес. Квир теориясы гомосексуалды немесе ге-
теросексуалды бірегейлікті түсіндіруге тырыспайды, ол гомосексуалды және 
гетеросексуалды ерекшелікке еріктілік, мінез-құлық, әлеуметтік институттар 
мен әлеуметтік қатынастар тұрғысындағы білім мен билік феномені ретінде 
қарайды. Осылайша, квир теориясы сексуалдықты басты мәселе ретінде қа-
растырса да, оны зерттеу гейлер мен лесбияндарды зерттеуге қарағанда әл-
деқайда интеллектуалдықты қажет етеді. Расында, квир теориясы әлеумет тік 
өмірді тұтастай қарастырады: барлық әлеуметтік институттар мен тұлғалар 
жыныстық жекелік және жыныстық көрініс арқылы қалыптасады.
Феминистік мектеп көп жобалы еңбектермен және квир теориясымен те-
ңесе тұрып, адамдарды жыныс пен сексуалдылығына қарай жіктейтін жүйе-
нің күр делілігін сипаттайтын көп деңгейлі бейнені ұсынады. Ол әлемге ген-
дер мен сексуалдылық тұрғысынан қарайды, әлемімізді құру барысында тап, 
жас, жыныс, нәсіл, міндетті гетеросексуалдық пен геоәлеуметтік теңсіздіктің 
қатынасын анықтайды. Бұл көзқарас толықтай қоғамдық өмір түсінігін өз гер-
теді. Бұл тұрғыда, феминистік теорияшылар әлеуметтану теорияларына қар сы 
шыға бастады, әсіресе оның классикалық үлгісі мен ерте кезеңдегі зерттеулер-
ге қарсылық білдірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет