Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет200/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Жаһандану теориялары
ХХІ ғасырдың басында теориялық тұрғыда зерттелуі тиіс өзге де мәселелер 
болғанмен, авторлардың көпшілігі жаһандану мәселесіне баса назар аударды 
(W. Robinson, 2007). Жаһанданудың теориялық тұрғыдан қарастырылуы жа-
ңа лық емес. Маркс пен Вебер сияқты классикалық теорияшыларға осы тер-
мин же тіспей тұрды деп айтуға болады, алайда олар жаһанданудың теориялық 
тұр ғыдан негізделуіне үлкен үлес қосты. Сондай-ақ көптеген теориялар (мәсе-
лен, модернизация, тәуелділік және әлем-жүйе теориясы) және теорияшылар 
(мә се лен, Алекс Инкелес, Андре Гундер Фрэнк пен Иммануил Валлерстайн) 
түрлі терминдер мен өзге де теориялық тұжырымдарын ұсынып отырды. Жа-
һанданудың теориялық негізін қалаушылар 1980 жылдардан (тіпті оған дейін 
де [W. Moore, 1966; Nettl and Robertson, 1968]) бастап шықты, 1990 жылдары 
жедел дами бастады (Albrow, 1996; Albrow and King, 1990; Appadurai, 1996; 
Bauman, 1998; Garcia Canclini, 1995; Meyer, Boli, Ramirez, 1997; Robertson, 1992).
ХХІ ғасырдың басына қарай бұл теориялар шарықтау шегіне жетті (Beck, 
2000, 2005b, Giddens, 2000; Hardt and Negri, 2000, 2004; Ritzer, 2004, 2007, 
2010b, J. Rosenau, 2003). Жаһандану теориясын: экономикалық, саяси және 
мәдени деп үш үлкен бөлімге бөлуге болады. Ең белгілісі – экономикалық 
теориялар, өз кезегінде, олар: неолибералды және әлемдік экономикалық на-
рық деп екі категорияға бөлінеді (e.g., T. Friedman, 2000, 2005; see Antonio, 
2007, for a critique of Friedman’s celebration of the neoliberal market) және оған 
сыни көзбен қарайтын марксистік көзқарастағы теориялар (Collier, 2011; 
Hardt and Negri, 2000, 2004; W. Robinson, 2004; Sklair, 2002). Жаһандануды 
теориялық тұрғыдан зерттеу маңызды болғаны соншалық – біз оған тұтас та-
рауды арнадық (16-тарау).
Саяси теориядағы позициялардың бірі (Джон Локктың, Адам Смиттің 
және басқалардың классикалық еңбектерінен туындайды) либералды бағыт-
та айқындалады (MacPherson, 1962), әсіресе еркін нарықты, саяси жүйелер-
ді қолдайтын (әдетте The Washington consensus («Вашингтон консенсусы») 
[Williamson, 1990, 1997] деп аталатын) неолибералды ойлар формасында кө-
рінеді (J. Campbell and Pederson, 2001).


250
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Екінші жағынан, солшыл ойшылдардың көпшілігі (Hardt and Negri, 2000, 
2004; D. Harvey, 2005) бұл көзқарасты сынға алады. Бұл жерде ұлттық мемле-
кеттің өміршеңдігі жайлы әңгіме – саяси теорияның басты проблемаларының 
бірі. Бір жағынан, олар ұлттық мемлекетті жаһандану дәуірінде өлі әрі әлсіз 
деп санайды. Ол ең болмағанда өзгеруі керек (Cerny, 2010). Екінші жағынан, 
ұлттық мемлекет қалайда сақталуы керек деген тұжырымға келеді. Олардың 
бірі (J. Rosenberg, 2005) «жаһандану теориясы келді-кетті, кейбір жағдайда 
ұлттық мемлекетке қайта оралып жатыр» дейді (мәселен, Франция мен Ни-
дерланды ЕО-ның конституциясына 2005 жылы вето жариялады, ЕО-дағы 
кейбір ұлттардың маңыздылығы, әсіресе Германияның; евроның дағдарысқа 
ұшырауы).
Экономикалық және саяси мәселелер үлкен маңызға ие болғанымен, мәдени 
мәселелер мен мәдени теориялар да әлеуметтануда назардан тыс қалған емес. 
Біз мәдени теорияларды ауқымы кең үш үлкен әдістемеге бөлеміз (Pieterse, 
2004). Біріншіден, мәдениеттер арасында өзгертуге болмайтын табиғи айыр-
машылықтар бар, олар тек жаһандану барысында ғана бір-біріне ұқсауы мүм-
кін деген түсінікке бағытталған мәдени дифференциализм (Huntington, 1996). 
Екіншіден, мәдени конвергенция жақтастары «мәдениеттер арасында маңыз ды 
айырмашылықтар бар, конвергенция мәдениеттердің өзара ұқсастығының ар-
туына алып келеді» деген тұжырым айтады (Boli and Lechner, 2005; DiMaggio 
and Powell, 1983; Meyer et al., 1997; Ritzer, 2004, 2007, 2013). Үшіншіден, жаһан-
дық және жергілікті бір-бірімен байланыс «глокализация» (Robertson, 1992, 
2001), «гибридтелу» (Garcia Canclini, 1995) және «креолизация» (Hannerz, 
1987) сынды табиғи үрдіске алып келетін мәдени гибридтелу бар. Жаһандану 
туралы әлеуметтік ойдың басым бөлігі жаһанданудың гомогенизациямен және 
гетерогенизациямен тікелей байланысты екенін алға тартады.
Жаһанданудың түрлі теориялары мен оның соңғы нұсқалары алдағы уа-
қытта алдыңғы қатарға шығып, әлеуметтану теориясының дамуына жаңа сер-
пін берері сөзсіз. Алайда өзге тұжырымдарды да қарастыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет