262
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
кет жүйелері тәртіп мәселесін шешуге арналған (Schwanenberg, 1971). Парсонс-
тың (1937) пікірінше, тәртіп мәселесі әлеуметтік соғыстың алдын алу немесе
бәріне қарсы тұру философтар тарапынан қанағаттанарлық деңгейде шешілме-
ді. Парсонс өзінің құрылымдық функционализм теориясында тәртіп мәселесіне
қатысты нақты жауабын берді. Бұл, оның көзқарасы бойынша, төмендегідей жо-
рамалдар жиынтығымен байланысты:
1. Жүйелер бөліктердің тәртібіне тәуелді және бәрі бір-бірімен өзара тәуелді.
2. Жүйелер өзі қалыптастыратын тәртіпке немесе тепе-теңдікке бейім.
3
3. Жүйе статикалық (тұрақты) болуы мүмкін немесе реттелген өзгерістер
процесіне қатысады.
4. Жүйенің бір бөлігінің сипаты басқа бөліктерінің қалыптасу пішініне әсер
етеді.
5. Жүйелер қоршаған ортамен шекараны қолдайды.
6. Бөлу және интеграция – жүйенің тепе-теңдік күйі үшін қажетті екі іргелі
процесс.
Достарыңызбен бөлісу: