Алеуметтану тероиясы indb


II бөлім • Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер Қорытынды



Pdf көрінісі
бет202/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

252
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Қорытынды
Бұл тарау 1-тараудың жалғасы іспеттес және ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтану 
теориясының тарихына арналған. Біз америкалық әлеуметтану теориясының ертедегі та-
рихынан бастап зерттедік, бұл ілімнің әлеуметтік дарвинизмге еліктеп, әрі Герберт Спенсер 
еңбектерінен нәр алып, негізінен, либералистік сипатта қалыптасқаны белгілі. Бұл мәтінде 
ерте кезеңгі екі әлеуметтану теорияшысы – Самнер мен Уордтың шығармашылығы тал-
қыланды. Алайда олар америкалық әлеуметтану теориясында терең із қалдыра алмады. 
Оған, керісінше, Смолл, Парк, Томас, Кули, Мид сынды ғалымдардың шығармашылығын 
қамтыған Чикаго мектебі әлеуметтану теориясына, әсіресе символикалық интеракционизм 
бағытына көп ықпал етті. Осы уақытта Шарлотта Перкинс Гилман сынды әйел әлеуметта-
нушылар жыныс пен әлеуметтік теңсіздік арасындағы байланысты теориялық тұрғыдан қа-
растырды. Атланта университетінде афро-америкалық әлеуметтанушы Дюбуа әлеуметта-
нудың ерекше әдісіне сүйенген өз мектебін құрды. Дюбуа-Атланта мектебі көптеген зерттеу 
әдістерін қолданған бірінші мектеп болды. Оның нәсілге қатысты қызығушылығы қазіргі 
кезге дейін өзектілігін жойған жоқ.
Чикаго мектебі көшбасшы болып тұрған кездің өзінде Гарвардта әлеуметтану теориясы-
ның түрлі формалары дамыды. Гарвардтағы әлеуметтанудың тууына Питирим Сорокиннің 
қосқан үлесі зор болды, алайда Гарвардтың әлеуметтануын Толкотт Парсонс Амери кадағы 
ең үлкен мектепке айналдырып, Чикагодағы символикалық интеракционизмді ығыстырды. 
Парсонс Құрама Штаттарда «ұлы теорияны» легитимизациялағаны үшін ғана емес, Еуропа 
теорияшыларын Америка қауымдастығына таныстырғаны үшін, соны мен қатар іс-әрекет 
теориясының дамуына қосқан үлесі, әсіресе құрылымдық функцио нализм теориясы үшін 
де әлеуметтану тарихында айрықша орын алады. 1940–1950 жылдары құрылымдық функ-
ционализмнің дамуына 1930 жылдары басталып, 1950 жылдары қарқын ды дамыған Чикаго 
университетінің дезинтеграциясы ықпал етті.
ХХ ғасырдың басында марксистік теорияның негізгі жетістігі – Франкфурт, яғни сыни 
мектепті құруы. Марксизмнің гегельдік үлгісі әлеуметтанушы Вебер мен психоана литик
З. Фрейдке ықпал етті. Алайда марксизм ХХ ғасырдың бірінші жартысында әлеу меттану-
шылар арасында кең қолдау таппады.
Құрылымдық функционализмнің ғасыр ортасында америкалық теориядағы басымдық 
дәуірі қысқа болды. Феноменологиялық мектеп, әсіресе Альфред Шюцтың шығармашы-
лығында 1960 жылдары ғана назарға іліне бастады, бірақ ол одан ерте кезеңде қалыптасқан 
еді. Марксистік теория америкалық теориядан шеттетіліп тасталды, алайда Ч. Райт Миллс 
радикалды позиция ұстанды. Ол құрылымдық функционализм сыншыларының ішіндегі 
көшбасшысы болды, оның қарқыны 1950–1960 жылдары үдей түсті. Осы сыни пікірлер-
дің нәтижесінде құрылымдық функционализмге балама болатын конфликт тео риясы пайда 
болды. Ол марксистік теорияның ықпалында болғанымен, конфликт теориясы марксизм-
нің теріс тұжырымдауынан зардап шекті. Оған қоса 1950 жылы пайда болған тағы бір ба-
лама айырбас теориясы болды, оның аз, бірақ тұрақты ізінен ерушілері қазір де бар. Сим-
воликалық интеракционизм өзінің әуелгі қуат-күшін жоғалтқанмен, Эрвинг Гоффманның 
драматургиялық талдауға арналған шығармашылығы осы кезде өз қолдаушыларын тапты.
1960–1970 жылдары күнделікті өмір әлеуметтануының өзге де теорияларында маңыз ды 
оқиғалар болды (мұнда символикалық интеракционизмді жатқызуға болады), фено меноло-
гиялық теорияға деген қызығушылықтың аздап артуы, ең маңыздысы, этноәдіснама өзінің 
шарықтау шегіне жетті. Бұл кезеңде түрлі марксистік теорияларға 1980 жылдардың соңы 
мен 1990 жылдардың басында Кеңес Одағының құлауы және өзге де коммунистік елдердегі 
шиеленістер әсер етсе де, олар әлеуметтанудағы өз орнын тапты. Сондай-ақ осы кезеңді зерт-
тей келе, феминистік теориялар, нәсіл және отаршылдық теориялары дамыды. Осы кезеңдегі 
маңызы өсіп келе жатқан тағы бір теория структурализм және кейінірек постструктурализм 
болды, оны әсіресе Мишель Фуконың шығармашылығынан көруге болады.


253
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
Жоғарыда көрсетілгендерге қосымша ретінде 1980 жылдары басталып, 1990 жылда-
ры жалғасын тапқан басқа үш ірі оқиға болды. Біріншісі – Құрама Штаттарда микро- 
және макробайланысқа деген қызығушылықтың артуы. Екіншісі – Еуропадағы осы кезде 
агенттік пен құрылымның арасындағы байланысқа назар аударылуы. Үшіншісі – 1990 
жылдардағы синтездік талпыныстардың кең ауқымды дамуы. ХХ ға сырдың соңы мен 
ХХІ ғасырдың басындағы модерн және постмодерн теориялары едәуір қызығушылық 
тудырды.
Бұл тарау ХХІ ғасырдағы әлеуметтік теорияшыларды қызықтырған бірнеше саланы 
талдаумен аяқталады. Біз өндіріп-тұтынуға және оны теориялауға қатысты қызығушы-
лықтың арта түскенін көреміз. Оған постмодерн теориясы мысал бола алады (тұтынушы 
қоғамы постмодерн қоғамымен тығыз байланыста), ол қоғамдағы өндірістің тұтынуға 
бағытталған өзгерістерін, сондай-ақ әлеуметтану теорияларының пайда болғаннан бері 
басымдыққа ие болып келе жатқан өндірістік екі мәнділікке қарсы әсерін қамтиды. Жа-
һандану теориялары әлеуметтану теориясы дамуының осы фазасында маңызды рөл ат-
қарды. Заманауи теория ғылым, технология мен техноғылымның қоғамды қалып тастыру-
дағы атқаратын қызметіне назар аударады. Бұл саладағы негізгі теориялар – актор-жүйе 
теориясы және аффект теориясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет