273
7-тарау
•
Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы
Мені барлық нәрсеге үйреткен басты ұстаздарымды
анықтау қиын емес. Білім алуда П.А. Сорокин мені еу-
ропалық әлеуметтік ойларға көбірек бағыттады және
де сол уақыттағы басқа студенттермен салыстырғанда,
мен оның 1930 жылдардың аяғынан бастап жүргізген
зерттеу бағытымен келіспесем де, қарсы шыға алмадым;
магистрлік жұмысында өзінің шарықтау шегіне жеткен
әлеуметтік әрекет құрылымына қатысты ойларымен
әсер еткен сол уақыттағы жас Толкотт Парсонс; бірінші
кезекте, қызықты идея ретінде қабылданатын, қандай
да бір ұйымдастырылған зерттеуге мені үйреткен био-
химик әрі әлеуметтанушы да болған Л.Дж. Хендерсон;
архивтік құжаттардан көтерілген мәліметтер арқылы
экономиканың даму жағдайларымен мені таныстырған
экономикалық тарихшы Э.Ф. Гей; шын мәнінде, Гарвард-
тың Widener кітапханасындағы өзінің атақты шеберха-
насында (қастер тұтылғанын айтпағанда) бірнеше жыл
бойы басшылық етіп, жұмыс істеуге мүмкіндік берген
сол уақыттағы тарих ғылымдарының профессоры Джордж Сартон. Мені тікелей оқытқан осы
ұстаздардан басқа, екі әлеуметтанушыны: өздері қалдырып кеткен жұмыстары арқылы мені
көп нәрсеге үйреткен бірінші кезекте Эмиль Дюркгейм мен Георг Зиммель және әлеуметтану
тұрғысынан сезімтал гуманист Гилберт Мюррей туралы көбірек білдім. Ғасырдың үштен бір
бөлігінен астам уақыт бойы сан жетпес әңгімелер мен серіктестік арқылы мені көп нәрсеге
үйреткені туралы, мүмкін, ойламаған да шығар, менің әріптесім Поль Ф. Лазарсфельдтен біраз
мәліметтер алдым.
Көп жылдар бойғы өзімнің атқарған жұмысыма қарайлай отырып, мен ол жақтан өзімді емес,
үлгілерді көп табамын. Аспирант ретінде үш жылдық оқуымды бітіргеннен кейін, өзімнің жеке
жұмысымды бастаған уақыттан бері мен алдын ала бүкіл өміріме арналған жоспармен жүр-
мей, қалыптасып даму реті бойынша өзімнің интеллектуалдық қызығушылығыма мән беріппін.
Өзіме жақын маңдағы шебер Сартонның тәжірибесін емес, шалғайдағы шебер Дюркгеймнің
тәжірибесін қабылдаймын деп шештім. Дюркгейм өзі зерттегісі келген жақтарды бірнеше рет
өзгертті. Қоғамдық еңбек бөлінісін зерттеуден бастап ол әлеуметтану зерттеулерінің әдістерін,
содан соң біртіндеп тығыз байланысты емес сияқты көрінген өз жанын өзі қиюдың субъек-
тілеріне, дінге, адамгершілік тәрбиеге және социализмге көңіл бөлді. Мүмкін, ол қоғамның
түрлі аспектілерін зерттеу арқылы теориялық бағытты тиімді жетілдіруге болады деп есептеген
шығар. Сартон басқа жолды таңдады: тым ерте уақыттан бастап, ол ғалым болып,
Introduction
to the History of Science («Ғылым тарихына кіріспе») (түпнұсқада) (тарихты XIV ғасырдың аяғына
дейін әкелген) деп аталатын бес томдық үлкен еңбегінің шарықтау шегі болуға тиісті тарих
ғылымын зерттеудің бағдарламасын жасады.
Бұл үлгілердің алғашқысы маған сәйкес келетіндей болып көрінді. Мен әлеуметтік институттар
мен қоғамдағы өмірдің сипаты, өздерінің қалай орын алуға болатынын түсіндіретін әлеумет-
тік құрылым мен мәдени өзгерістердің әлеуметтану теорияларын дамытуды көздедім, әлі де
болса осыны ойлаймын. Теориялық әлеуметтануға байланысты бұл алаңдаушылық мені әлеу-
меттануда және басқа да дамып келе жатқан ғылымдарда орын алған пәндік маманданудан
(және, менің ойымша, көп жағдайда әділ) айналып өтуге алып келді. Менің мақсатым түрлі
әлеуметтану пәндерін оқытудың маңызды екенін дәлелдеді.
Бұл әрқилылықтың ішінде тұрақты түрде қызықтырған арнайы бір өрісті арна – әлеуметтану
ғылымы. 1930 жылдары мен өзімді ғылым мен техниканың әлеуметтік аясына, оның ішінде
XVII ғасырдағы Англияға толық арнап, мақсатты түрде бағытталған әлеуметтік әрекеттердің
Достарыңызбен бөлісу: