271
7-тарау
•
Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы
Жалпылама айырбас құралдары моделі – бұл экономикада белгілі бір орта
ретінде әрекет ететін
ақша. Бірақ ақша сияқты маңызды құбылысқа көңіл ауда-
рудың орнына Парсонс символикалық айырбас құралдарына ден қояды. Тіпті
Парсонс ақшаны әлеуметтік жүйедегі айырбас құралы ретінде талқылаған уа-
қытта да материалдық емес символикалық сапаларға мән береді.
Ақшаға қосымша және анағұрлым символикалық басқа жалпылама ақпарат
алмасу құралдары – саяси билік, ықпал ету және құндылық туралы міндеттеме-
лер. Парсонс өзінің символикалық айырбас құралдарына неліктен назар аудар-
ғанын нақты түсіндіреді: «Медиа теориясын белгілі бір құры лымдық тұрғыда
ұсыну, құрылымдық талдаудың бұл түрі түбірімен қате түсінікке ұрындырады,
сондықтан «құбылмалы мәселелерді дөп басып, әділетті кесім айту қиын» дей-
тін жалпылама мәлімдемелерді жоққа шығарады» (1975:98–99). Символикалық
айырбас құралдарының, ақша сияқты, қоғамда кеңінен таралуға мүмкіндігі бар.
Осылайша, әлеуметтік жүйе шегінде адамдар саяси жүйеде саяси билікті жүзеге
асыра алады. Маңыздысы, олар бұл билікті қолдану арқылы оның еркін тара-
луына және әлеуметтік жүйеге әсер етуіне жол ашады. Биліктің бұлай қолданы-
луына орай көсемдер, бәлкім, саяси жүйені, сонымен қатар тұтас қоғамды да ор-
нықтыратын болар. Кеңінен алғанда, жалпыландырылған медиа бұл төрт әрекет
етуші жүйе арасында және олардың әрқайсысының құрылымы ішінде таралады.
Осылар және осылардың қозғалысы Парсонстың негізгі құрылымдық талдауы-
на серпін береді.
Александердің тұжырымдауы бойынша (1983:115), жалпылама айырбас құ-
ралдары Парсонс теориясының династиясын басқа мағынада қалыптастырды.
Олар айырбас жүйесін өз мәнінде қабылдай алмайтын «медиа-кәсіп керлердің»
(мысалы, саясаткерлер) бар екенін жоққа шығармайды.
Демек, олар шығармашыл және тапқыр болуы мүмкін, сөйтіп, қосымша тара-
тушылардың санын ғана өзгертіп қоймай, сонымен қатар медиа ағымның тәсіл-
дері мен бағытын да өзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: